Корпорацияны қаржыландырудың қарыз капиталы



Қарыз капиталы - корпорация капиталын қаржыланырудың қарыз көзі арқылы калыптасқан бөлігі. Корпорацияның карыз капиталының құрамына:
1) қысқа мерзімді кредит пен қарыз;
2) ұзак мерзімді кредит пен карыз;
3) кредиторлық берешек (тартылған қаражат нысанында) кіреді.
Қысқа мерзімді кредит пен қарыз айналым активтің ор-нын толтыратын көз болып табылады.
Алдын ала төлем жеткізушілерге берілетін пайызсыз кре-дит ретінде қарастырылады және көбінесе шаруашылықта төлемеу себебіне айналады.
Қарыз алушы компаниядан алынған кредит пен қарыз бойынша қарыз берушіге берешегі бухгалтерлік есепте қысқа мерзімдіге және ұзак мерзімді болып бөлінеді. Берешек мерзімді және мерзімі өтіп кеткен болады.
Алынған қарыз бен кредит бойынша берешекті өтеу мер-зімі шарт ережесі бойынша 12 айдан аспайтын берешек қысқа мерзімді болып саналады.
Алынған қарыз бен кредит бойынша берешектің өтеу мерзімі шарт ережесі бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді берешекке жатады.
Алынған кредит пен қарыз бойынша берешектің өтеу мерзімі әлі келмесе немесе белгіленген тәртіппен ұзартылса (мерзімі ұзартылса) берешек мерзімді деп саналады.
Алынған кредит пен карыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі өтіп кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Корпорацияны қаржыландырудың қарыз капиталы
Жоспар:

1. Қарыз капиталының құрамы және банк капиталын тарту құнын бағалау

2. Қарыз капиталды облигациялық қарыз нысанында қалыптастыру, оны тарту
құнын бағалау

3. Қаржы тұтқасының әсері, кредит пайызының шекті ставкасы және қарыз
капиталын басқару кезінде оны пайдалану және қарыз алушыны кредиттеу
процесін ұйымдастыру

1. Қарыз капиталының құрамы және банк капиталын тарту құнын бағалау

Қарыз капиталы - корпорация капиталын қаржыланырудың қарыз көзі
арқылы калыптасқан бөлігі. Корпорацияның карыз капиталының құрамына:

1) қысқа мерзімді кредит пен қарыз;
2) ұзак мерзімді кредит пен карыз;
3) кредиторлық берешек (тартылған қаражат нысанында) кіреді.
Қысқа мерзімді кредит пен қарыз айналым активтің ор-нын толтыратын көз
болып табылады.
Алдын ала төлем жеткізушілерге берілетін пайызсыз кре-дит ретінде
қарастырылады және көбінесе шаруашылықта төлемеу себебіне айналады.
Қарыз алушы компаниядан алынған кредит пен қарыз бойынша қарыз берушіге
берешегі бухгалтерлік есепте қысқа мерзімдіге және ұзак мерзімді болып
бөлінеді. Берешек мерзімді және мерзімі өтіп кеткен болады.
Алынған қарыз бен кредит бойынша берешекті өтеу мер-зімі шарт ережесі
бойынша 12 айдан аспайтын берешек қысқа мерзімді болып саналады.
Алынған қарыз бен кредит бойынша берешектің өтеу мерзімі шарт ережесі
бойынша 12 айдан асатын берешек ұзақ мерзімді берешекке жатады.
Алынған кредит пен қарыз бойынша берешектің өтеу мерзімі әлі келмесе
немесе белгіленген тәртіппен ұзартылса (мерзімі ұзартылса) берешек мерзімді
деп саналады.
Алынған кредит пен карыз бойынша қарызды өтеудің шартты мерзімі өтіп
кеткен берешек мерзімі өтіп кеткен деп аталады.
Қарыз алушы есептік саясатка сәйкес ұзақ мерзімді берешекті қысқа
мерзімдіге ауыстыруға немесе өзінің иелігіндегі карыз немесе кредит шарты
бойынша өтеу мерзімі 12 айдан асатын қарыз каражатты көрсетілген мерзім
аяқталғанға дейін ұзак мерзімді берешек қүрамында есептеуге кұкылы.
Қарыз алушы шетел валютасында (шартты ақша бірлігін-де) берілген немесе
көрсетілген қарыз немесе кредиттің берешегін кредиттік операция нақты
жасалған күні ҚР Ұлттық банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептейді.
Қарыз алушының банкіден алынған кредитін кайтаруы бухгалтерлік есепте оның
кредиторлык берешегінің азаюы (өтеуі) ретінде көрсетіледі. Кредит алумен
және оның пайдаланумен байланысты шығынға кредитор -банкіге теленуі тиіс
пайыз кіреді. Алынған кредит бойынша жұмсалған шығын осы шығынға жұмсалған
кезеңнің шығысы ретінде саналады. Қарыз алушы оны операциялык шығыс
құрамында есептейді.
Қысқа мерзімді кредит пен карыз бухгалтерлік баланста карыз алушының
айналым активін қалыптастыратын кыска мерзімді міндеттеме ретінде
көрсетіледі. Алынған кредит пен қарыз бойынша берешек сомасына есепті
кезеңнің соңында төленуі тиіс пайыз есептеліп көрсетіледі.
Есептелген пайыз сомасы бөлек есептеледі. Қыска мерзімді кредит пен
қарыздың түрлері бойынша талдамалы есепті кредиттік ұйым мен карыз қаражат
беретін өзге де қарыз беруші жасайды.
Сырттан тартылған ұзақ мерзімді капитал (кредит пен карыз нысанында),
әдетге, айналымнан тыс активті қаржыландыруға жұмсалады.
Айналымнан тыс (инвестициялык) активке негізгі құрал-жабдық объектісі,
мүліктік кешен және сатып алуға және (немесе) салуға комакты шығынды қажет
ететін осындай актив жатады.
Корпорацияның есептік саясаты женіндегі ақпараттың кұрамына:

* ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімдіге ауыстыру;
* қосымша шығынның құрамы мен оны есептен шығару;
* қарыз міндеттеме бойынша тиесілі кірісті есептеу және оны бөлу
тәсілін таңдау;
* қарыз қаражатты уақытша салудан алынған кірістің есебін жүргізу
тәртібі жөніндегі ақпаратты енгізу қажет.
Корпорацияның бухгалтерлік есеп-қисабында:

• кредит пен қарыздың негізгі түрі бойынша берешектің болуы және оның
мөлшерінің өзгеруі;

* қарыз қаражаттың негізін түрін өтеу мерзімі;
* операциялық шығынға және инвестициялық активтін құнына енгізілген
кредит пен карызға жұмсалған шығынның сомасы;
* кредит пен карыздың орташа өлшенген ставкасының (ол қолданылатын
жағдайда) мөлшері жөніндегі деректер көрсетіледі.
Қор биржасынан тартылатын қарыз арқылы қаржыландырумен салыстырғанда
(корпоративтік облигация эмиссі ясы) ұзақ мерзімді кредит қарыз алушыга
мынадай арты шылық береді:

1) эмиссиялық құжатгамалық бағалы қағаз басып шығаруға, оны
орналастыруға, қаржы делдалының қыметін төлеуге шығын жұмсалмайды

2) қарыз алушымен банк (кредитор) арасындағы құқықтық қатынас жөнінде
шамалы ғана адам хабардар болады;
3) қор биржасынан қаражат түсумен салыстырғанда өтініш беру және банкіден
кредит алу арасындағы мерзім азаяды.
Қарыз капиталын банк кредиті нысанында алатын көздің және оны алу
ережесі әр түрлі болады, сол себептен қарыз каражатты қалыптастырудың
тиімділігін салыстырып бағалау қажет. Аталмыш есеп сырттан тартылатын қарыз
қаражаттың құнын элементтерге бөліп есептеуге негізделеді.

Қарыз қаражаттың кұнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар, олардың ең
бастылары мыналар болып табылады:

- қарыз қаражаттың құнын базалық бағасын калыптастырудың біршама
қарапайымдылығы.

- қарыз капиталының құнын бағалау процесінде салық түзетушіні ескеру.
Бұл жағдай борышқа кызмет көрсету төлемі, әдетте, операциялық шығыстың

( кредитке қойылатын пайыз) құрамына енгізілуімен байланысты.

- қарыз қаражат сырттан тартылған жағдайда пайыз төлеуден ғана емес,
сонымен бірге борыштың негізгі сомасын өтеуден де әруақытта кері ақша ағыны
түседі.Кері ақша ағыны кредиттік және пайыздық тәуекелді тудырады.

- қарыз капиталын сырттан тарту құны банкіден қарыз алушының кредит төлеу
қабілетін бағалаумен өзара байланысты.

Банк кредитін тарту саясатына мына негізгі кезең кіреді:

1. Тартылатын банк кредитін пайдалану мақсатын анықтау.
2. Қыска мерзімді және ұзақ мерзімді кредит арасындағы арақатынасты
бағалау (карыз капиталын тартудың коммерциялық кредит, банкіге
жатпайтын кредит және т.б. балама нысандарын ескере отырып).
3. Қарыз алушының ықтимал кредиторы – коммерциялық банкіні зерделеу және
бағалау. Бағалау қарыз алушы үшін банкінің кредит саясатының
тартымдылығы бойынша жүргізіледі.
4. Түрлі банкілерден жекелеген кредит түрін тарту мүмкіндігінің
ережесін салыстыру.
Кредитор-банкіні таңдау мәселесін шешу үшін мына факторларды ескеру
қажет:

* банкінің жалпы сипаттамасын: кұрылтайшылардың құрамын, ұйымдастыру-
құқықгық нысанын, банкінің қарыз капиталы нарығындағы мақсаты мен
саясатын, оның клиенттерінің құрамын және т.б.;
* банкінің соңғы жылдағы кызмет нәтижесін: оның меншікті капиталының
мөлшерін, қаржы нарығындағы жайғасымын, қаржысының тұрақтылығын және
т.б.;
* банк көрсететін қызметтердің сапасы мен түрлерін.
Қарыз алушы үшін келесі параметрлердің де маңызы зор:

* есептік операциялардың жылдам жасалуы;
* қымбат емес кредит алу мүмкіндігі;
* есеп айырысу, валюталық және арнайы шот ашуға жұмсалатын шығынды
барынша төмендету және оған қызмет көрсету сапасы;
• өзінің капиталын пайдалы салу мүмкіндігі жэне т.б.

2. Қарыз капиталды облигациялық қарыз нысанында қалыптастыру, оны тарту
құнын бағалау

Облигациялық қарыз орналастыру ұзақ мерзімді қарыз капиталын тартудыңі
бір нысаны болып табылады.
Облигация -өзінің иесінің оны белгіленген мерзімде өтеуді талап ету
құқығын растайды.
Облигация эмиссиясы туралы шешімде оны орналастыру нысаны, мерзімі
мен басқа да ереже анықталуы тиіс.Корпоративтік облигацияны орналастыру
–бірқатар жүйелі тәртіптемелерден тұратын ұзақ және күрделі процес.
Жазылыс арқылы орналастырылатын облигация эмиссиясы мына негізгі
сатылардан тұрады;

- эмитенттің облигация шығару жөнінде шешім қабылдауды және оны
бекітуді;
- эмиссияның проспектісін дайындау;
- облигацияның шығарылымы мен эмиссияның проспектісін мемлекеттік
тіркеу;
- облигацияның сертификатын жасау;
- эмиссияның проспектісін тіркеу жөніндегі ақпаратты жариялау;
- облигацияға жазылу;
- облигация шығарылымының қорытындысы жөніндегі есепті тіркеу;
- облигация шығарылымының қорытындысы жөніндегі есепке енгізілген
ақпаратты жариялау.
Корпоративтік облигация қаржы құралы ретінде;

- капиталды шоғырландыруға және шаруашылықтың түрлі салалары арасында
оны ақшалай нысанда қайта бөлуге;
- инвесторлардың пайыздық кірісті алдын ала белгіленген нысанда алуға
және қарыздың негізгі сомасын қайтаруды қамтамасыз етуге;
- инвесторларға қосымша құқық пен кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Қарыз капиталын облигация шығару арқылы тарту акционерлік қоғамға мына
артықшылықтарды береді:

- облигация эмиссиясы қоғамды басқаруды бақылауды жоғарлатуға әкеп
соқтырмайды.
- Облигация қоғамның мүлкімен қамтамасыз етіледі және пайыз төлеуде
басымдығы болады, сондықтан облигация пайыз бойынша біршама жоғары
емес қаржы міндеттемелерімен шығарылуы мүмкін
- Облигация қоғамның мүлкімен қамтамасыз етілген , сондықтан акиямен
салыстырғанда инвестор үшін оның тәуекл деңгейі төмен, сол себептен
облигацияны тарту мүмкіндігі мол.
- Корпоративтік облигация, ұзақ мерзімге капитал тартуды қамтамасыз
етеді, бұл ірі ауқымды инвестициялық жобан іске асыру үшін қомақты
қаржы ресурсын жұмылдыруға мүмкіндік береді.
- Корпоративтік акция құнды қағаздың басқа түрімен салыстырғанда қор
биржасында тұрақтылау. Облигация бағамы қаржы нарығында іскерлік
жағдай нашарлағанда акция сияқты төмендемейді.
- Эмиссия проспектісін дайындау және облигацияны айналысқа шығару
процесінде ықтимал инвестор үшін оның сапасы мен сенімділігіне басты
назар аударылады; облигацияның жоғары инвестициялық тартымдылығы ол
бойынша төлемнің төмен пайызын және тиісінше; эмитент-корпорацимя
үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Корпорациялардың айналым капиталы
Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
Пәндер