Туризм саласындағы маркетингтің ерекшелігі



Туризм әлемдік экономикалық маңызды, тез қарқынмен дамып келе жатқан саланың бірі болғандықтан, туризм саласын зерттеу, оның өзекті мәселелерін анықтау және шешу жолдарын іздестіріп, ұсынысты ортаға салып талдаудың маңызы зор.
Туризм қызметіндегі маркетинг ең алдымен ғылым емес, өнер болып табылады. Ол тәжірибеде қолданушылардың шығармашылық бағытын және кез-келген кездескен мәселе тәжірибелік тапсырманың стандарттық емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдердің қайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері мол.
Бүгінгі таңда туристік сала қарқынды дамып келе жатқан секторлардың бірі болып саналады және де халықаралық туризмнің табысы 10-15 пайызды құрайды. Демек, туризм әлемдік нарықта елеулі орынды иеленіп, кейбір мемлекеттердің халқын асыраушы саласы ретінде дамып отыр.
Туризм индустриясы – саяхаттаушы тұлғалар үшін тауарлар мен қызметтерді құруға бағытталған өндірістік және өндірістік емес қызмет түрлерінің жиынтығы немесе белгілі бір белгілері бойынша құрылған туристік кәсіпорындардың жиынтығы деп қабылдауға болады. Туризм индустриясын құраушы субьектілерді жеке – дара қарастыру туризмдегі маркетингтің дамуына ықпал ететін ортасын зерделеуге көмектеседі. Өйткені, маркетинг осы субьектілер арасында әрқалай дамуда

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Туризм саласындағы маркетингтің ерекшелігі
Туризм әлемдік экономикалық маңызды, тез қарқынмен дамып келе жатқан
саланың бірі болғандықтан, туризм саласын зерттеу, оның өзекті мәселелерін
анықтау және шешу жолдарын іздестіріп, ұсынысты ортаға салып талдаудың
маңызы зор.
Туризм қызметіндегі маркетинг ең алдымен ғылым емес, өнер болып табылады.
Ол тәжірибеде қолданушылардың шығармашылық бағытын және кез-келген
кездескен мәселе тәжірибелік тапсырманың стандарттық емес шешімін талап
етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдердің
қайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика
секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген
туризм түрлерін және формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері
мол.
Бүгінгі таңда туристік сала қарқынды дамып келе жатқан секторлардың
бірі болып саналады және де халықаралық туризмнің табысы 10-15 пайызды
құрайды. Демек, туризм әлемдік нарықта елеулі орынды иеленіп, кейбір
мемлекеттердің халқын асыраушы саласы ретінде дамып отыр.
Туризм индустриясы – саяхаттаушы тұлғалар үшін тауарлар мен қызметтерді
құруға бағытталған өндірістік және өндірістік емес қызмет түрлерінің
жиынтығы немесе белгілі бір белгілері бойынша құрылған туристік
кәсіпорындардың жиынтығы деп қабылдауға болады. Туризм индустриясын құраушы
субьектілерді жеке – дара қарастыру туризмдегі маркетингтің дамуына ықпал
ететін ортасын зерделеуге көмектеседі. Өйткені, маркетинг осы субьектілер
арасында әрқалай дамуда [1, Б.3].
Алғаш рет туризмде маркетинг терминологиясын, принципін, концепциясын
қолдануды 1971 жылы Криппендорф ұсынған. Бұрынғы әдебиеттерде туризм
қызметінің феномендері және анықтамалары сипатталады. Туризм 1950 жылдан
бастап тез дамып келеді. Бұл кезеңде, сатушылар рыногын жасау үшін,
туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе қолжетімділік
мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған, және бұл жағдай рынокқа
бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін
қолайсыз болды.
Туризм индустриясы көптеген шағын және орташа кәсіпорындармен
сипатталады. Олардың қазіргі кездегі маркетингтік құралдарды қолданатын не
ноу-хауы, не тәжірибесі жоқ және осы жұмыстарды атқаруға адам жалдайтын
қаражаты жоқ. Олар тек қана жоспарсыз жарнама, өткізуді және рынокты
зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап жатады. Бәсекенің күшеюі және
клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің
маркетингке бас ұруына алып келеді.
Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің
талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингті
қолданылуына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету
және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделу үшін стратегиялық маркетингтік
жоспар құрады [1, Б.4].
Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда
болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты
қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуынан көруге болады.
Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:
• рынокты зерттеу және болжау;
• рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;
• тиімді баға саясатын анықтау;
• ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі
• маркетинг жоспарын өңдеу.
Туристік маркетинг дегеніміз — ірі туристік ұйымның туристік
экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу
арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға
бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі,[2].
Туристік маркетингтің негізгі қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты,
сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді
қалыптастыруға бағытталған әрекет. Сонымен қатар, туристік кәсіпорындардың
маркетингтік қызметі мыналар болып табылады:
– нарықтық мүмкіншіліктерді талдай отырып, келешекте мақсатты нарықты
таңдау;
– таңдалған нарық сегементтеріне сәйкес стратегияларды дайындау;
– туристік өнімдерді дайындау, оларды тарату, жылжыту [1, Б.6].
Кейбір авторлар туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді.
Мысалы, швейцариялық маман Е. Криппендорф: Туристік маркетинг-туристік
кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халықаралық
жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі
түрде өзгерту және координациялау.
Мұндай өзгертулердің мақсаты — тұтынушылардың белгілі бір топтарының
қажеттіліктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыру.
Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік маркетинг
осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын қызметтерден
тұруы керек. Осыған орай, туризмдегі маркетингтің ойға сиятын және
негізделген анықтамасы келесі деп айтуға болады.
Туристік маркетинг дегеніміз — ұсынылатын қызметтерді, нарықтағы
сұранысы бар және оны фирма осы қызметті өндіре отырып, өзіне пайда алатын
және бәсекелестерден тиімдірек жасайтын қызметтермен үздіксіз ұқсату
жүйесі.
Отандық кәсіпорындарды басқару жүйесіне маркетингті енгізу
ерекшеліктері 1990 – шы жылдар басында пайда болып, бүгінгі күні сыртқы
орта факторлармен байланысады. Маркетингтің де деңгейі мен сипатты
ерекшеліктері осы қатынастар мен жаңа экономика және жекелей ішкі
жүйелерінің даму деңгейлеріне тәуелді
Бүгінгі маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның
пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Маркетинг бұл
тауарларды итермелеу емес, тұтынушының талаптарын, нарықтың нақты
сегменттерінің талаптарын ескеретін, жаңа тауардың анықталған талаптарына
сәйкес өңделген ғылыми зерттелген тұжырымдама.
Еліміздегі көптеген өндірістік және қызмет көрсетуші кәсіпорындар,
соның ішінде туризм саласындағы кәсіпорындары да өздерінің шаруашылық
қызметтерін маркетинг жүйесімен байланыстыра отырып, нарық талаптарына
икемделуде. Дұрыс ұйымдастырылған маркетингтік жүйе өзінің нәтижесін еселеп
қайтаратынын туризм саласы да түсіне бастады. Кәсіпорындағы маркетингтің
негізгі орны, бағалық есептің бәсекеде, өндірушінің нарықтағы
бәсекелестерінен өнімдерін тиімді өткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Туристік өнім
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару
Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы туралы
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
Туризм индустрия құрылымы
Туризм мамандығы жайлы
Туризм кәсіпорынында маркетингтік зерттеу
Пәндер