Сөзжасамның жалпы түсініктері. Морфемдік талдау және орфография



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Сөздің морфологиялық құрылымы
Сөзжасам.тіл білімінің жеке саласы
Сөзжасамдық тәсілдер
Сөзжасамдық талдау
Грамматика және орфография
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Сөз орыс. Слово, ағылш. Word – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:
1. Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;
2. Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;
3. Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;
4. Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
3. М.А.Ахметов. Медициналық терминдер сөздігі. Орысша – қазақша – ағылшынша. Алматы: Дайк – Пресс, 2009 ж.
4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

Тақырыбы: Сөзжасамның жалпы түсініктері . Морфемдік талдау және
орфография

Орындаған: Жанкозин Н.Ж.
Тобы: 102 Б ФК
Қабылдаған: Құдайбергенова М.Р.

Шымкент - 2015 ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Сөздің морфологиялық құрылымы
Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы
Сөзжасамдық тәсілдер
Сөзжасамдық талдау
Грамматика және орфография
III. Қорытынды

Кіріспе
Сөз орыс. Слово, ағылш. Word – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін,
сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-
құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына
тұтастығынан тұрады. Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі
мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты
болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы
айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай,
шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің
негізгі белгілері:
1. Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып,
дайын күйінде жұмсалады;
2. Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына
қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;
3. Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай
грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде
түрленеді;
4. Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным
негізінде анықталады.
Қішкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау және көмекші
сөздер болып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның ерекше
белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздерде мұндай атауыштық қабілет жоқ,
олар қызметтік-грамматикалық мәнге ие. Сөздің лексикалық және грамматикалық
мағыналары болады. Тілді жүйелі құрылым ретінде зерттеу сөзді анықтаудың
төмендегідей міндеттерін көрсетеді: сөзді тілдік бірлік ретінде тану; оны
анықтаудың негізгі шарттарын айқындау; сөздің мағыналық жағын зерделеу;
лексиканың жүйелілігін зерттеу; сөздің лебіз бен мәтіндік бірлік ретіндегі
ерекшелігін тану. Сөз жүйелі құрылым ретінде түрлі бағыттағы зерттеу нысаны
болып табылады. Сөздер семантикалық-грамматикалық белгілері (сөз таптары),
сөзжасамдық байланыстары (сөзжасамдық ұя), семантикалық қатынастары,
мағыналық, концептік өрістері арқылы өзіндік тілдік жүйелерді құрайды.[2]
Сөз -
1. Таңба ретінде пайдаланылатын бедербелгі тізбегі;
2. Абстрактылық алфавиттегі символдар тізбегі;
3. Грамматиканы тудырушы негізгі алфавиттегі символдар тізбегі; кейбір
алфавиттегі мағыналық мәні бар символдар тізбекшесі; табиғи тілдің
сөзін өзінің формасымен ұқсататын лексема;
4. Табиғи тіл сөзі;
5. Жадтың бір ұяшығына ғана орналастырылатын және біртұтас қарастырылатын
биттер немесе символдар жинағы. Сөз командакомандаларды және
алфавиттік-цифрлық ақпаратты өрнектеуге пайдаланылады, ал ұзындығы
тұрақты да, айнымалы да болады.
Сөздің морфологиялық құрылымы

Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық
бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі
дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы
қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру
үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді
қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.
Сөздердің грамматикалық құрылымын қарастырмас бұрын, сөз дегеніміз
не және ол қандай тұлғаларға бөлінеді деген мәселеге тоқталады. Сөзге
анықтама берудің әртүрлілігі қай ғалымның қандай тілді зерттеп, қай
тұрғыдан айтқан пікіріне байланысты әртүрлі болып келе береді. Сол сияқты
түркі тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалар
ішінде де айырмашылықтар кездесіп отырады. Оған Н.А.Баскаков (1963),
Э.В.Севортян (1971) берген анықтамаларды, сондай-ақ белгілі қазақ ғалымы
Н.Сауранбаев дәлелдемелерін келтіруге болады. Тілші-ғалым Ы.Мамановтың
сөз, морфема туралы пікірі жоғарыда айтылған анықтамалардан басқаша.
Қазіргі қазақ тілі еңбегі мен Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік атты
мақаласында түбір сөз бен түбір морфеманың өзіндік айырмашылықтарын ғылыми
негізде сипаттап көрсетеді.
Белгілі лингвист ғалымдардың морфема тілде дербес қолданылмайтын,
тек сөз құрамында қолданылатын сөз бөлігі дейтін анықтаманың флективті
тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады.
Орыс тілі – флектив (жүйелі) тіл, ал қазақ тілі – аглютинативтік
(жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-
грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз
және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді.
Ы.Е.Мамановтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді, орыс
тілінің үлгісімен механикалық түрде, морфемаға жатқызу дұрыс емес. Орыс
тілінде түбір сөз (корень) дербес сөз емес, ол – сөз мұқылы ғана. Орыс
тілінде сөз бөлшектеріне бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер
ғана. Олар грамматикалық формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір
сөздер тәрізді өзінің бастапқы қалпын сақтайды. Бірақ бұлар зат есімнің
мужской родын білдіретін грамматикалық форма болып саналады. Ал, қазақ
тіліндегі түбір сөздер грамматикалық форма емес, олар сөз таптарының форма
тудырушы қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді.
Грамматикалық құбылыстар жөнінде пікір алалығы түркі тілдерін
зерттеушілер арасында жиі кездеседі. Осымен байланысты форма тудырушы
қосымшалар мен жалғауларға берілген түсініктемелер әлі де жеткіліксіз бе
деген ойға саяды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға
сәйкес, тілдің аглютинативті табиғатына сүйенген ғалым Ы.Е.Маманов сөз
тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің
морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға
Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік
зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін,
сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-
тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды
сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр
сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты
мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам
жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы
толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске
қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері
қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі
қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай
болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге
асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы
нақтылы ғылыми деректер береді.

Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі
басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс
тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов
бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді
дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны
жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін
жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала
ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.

Сөзжасамдық тәсілдер

Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан
өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері
қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша
жасалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай
қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда
негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі
қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде
туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы
туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық
мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік
бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің
мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық
мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор
сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің
негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз
сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің
мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының
туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз
сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалган туынды
сөздің мағынасы байланысты болатындыктан, туынды түбірдің қай сөзден, не
арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің
лексикалык мағынасы - өну әрекеті арқылы шыққан заттың аты. Өн, өнім
сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол
дәлелденеді.
Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына
байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау
болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам,
аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы
байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады.
Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда
әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші түлға, екінші тілдік
бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше
болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ
жасайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп
аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады.
Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана,
ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.
Сонымен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан
түрады. Мысалы, өнерпазөнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы
сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни
лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан тұрады.
Синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы
тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады,
жүрнақ екінші орында тұрады.
Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл
заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі.
Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына
жатпайды.
Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сездің лексикалық мағынасын мүлдем
өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы,
апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботакан, бірінші, біреу, ондаған
т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің
лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.
Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде
мұндай туынды түбірлердің мағынасын модифицирующие значения деп атаған.
Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,
2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық
жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар.
Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы,
саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқгы
туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты.
Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді,
көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар
сындық белгі мағынасын жасаған.
Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл -
тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі
сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын
алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы,
ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.
Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық
мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет,
Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш
сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.
Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан
орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер
деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі
лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрьдайсысы өзінің жеке
түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде
аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей
бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту
сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар.
Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады,
олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық
тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен
басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің
төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, крс сөздер, тіркескен күрделі
сөздер, қысқарған сөздер.
Сөзжасамның лексика-семантикалык, тәсілі. Лексика-семантикалық
тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген,
ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында
терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі),
қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл,
қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне
байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда
конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп
тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде
сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз
табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей
айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі,
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының
құрамында қалуы.
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі.
Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып,
мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс,
бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда
тілде баска мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға
жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан
есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік.
Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен
мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын
есімге көшкен мағынасы келтірілді.
Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі
түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-
тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына
байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген
тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық
мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста
түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда
жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған.
Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте
заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге,
кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа,
текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта,
алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан,
төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі
көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен
қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына
карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет
аткарған.
Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық
парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық
тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына жатады.

Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-
бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын,
білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш,
әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Туынды
сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі,
өйткені туьінды сөздер-сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам бірліктері
арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа кұбылыстарды атау үшін
жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның кажетіне
қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі
ең көп сөздерге жатады.
Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген
терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы
кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада
қодданылғанына түсінік беру қажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей
тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы,
жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде
белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына,
құрамдарының түрлілігіңе карамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар,
белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады. Түбір сөздер екі үлкен топқа
бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір
морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып
лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.
Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің
нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде
сөзжасамдық тәсілдер түрлі болғандықтан, олардың нәтижесінде жасалған
туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз
деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көмірқышқылы, ұзын, сонар деген
туындылар бір емес. Сол сияқты АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де
айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені
олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер
мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды
сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны
көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға қатысты, сөзжасамнын
мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.
Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық
кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып
отырған.
Туынды сөздер қүрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен
топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың
синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалык
тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы,
зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым,
пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара
туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден түрады.
Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы,
кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта,
сөйлесім, жалақор, тілші т.б.
Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды
сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық,
баға т.б. Бүл сөздердің күнделік өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар,
солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында
бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге
қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер
қүрайды.
Туынды түбір
Туынды. түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер
аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан,
кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.
Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды
сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің
арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бүл екі термин кейде орынсыз бірінің
орнына бірі колданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде
қолдану керек.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз
табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнактары бар. Туынды түбір қай сөз табының
жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз
табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол
сөз табының сөзін жасайды. Сондықган туынды түбір сөздің бәрі де белгілі
бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табының
сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнің сөзжасамы,
етістіктің сөзжасамы т.б.
Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:
1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық
жұрнақ;
2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық
жүрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы
байланысты болады;
4) туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге
сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.
Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-
жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын
сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің
мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын
айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”,
“Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды
сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-
өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме,
бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды
сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы
сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.
Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын
ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал.
Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық
тұлға қатысып тұрады.
Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына.
Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не
қосарлануы арқылы жасалатын мағына. Сөзжасамдық мағына өзінің белгісі мен
реңі жағынан грамматикалық және лексикалық мағыналардан ерекшеленеді. Ол
жекелеген тұлғаның немесе сөздің дара мағынасы емес. Сөзжасамдық мағына
сөздің тұлғалық және семантикалық күрделі құрылымына тән, кемінде екі
сөзжасамдық тұлғаның қатысуы арқылы немесе сөздің семантикалық дамуы арқылы
пайда болады.
Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы
жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-
сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың
бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына
қосуынан жасалған туынды түбірлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық тәсілдер
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Тілдің сөзжасамдылық жүйесі
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
Қазақ тілінің сөзжасамы
Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер
Пәндер