Экология ғылымы және оның міндеттері



І. Кіріспе

ІІ. Негізігі бөлім
1. Экология ғылымы және оның міндеттері
2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы
3. Ғылыми техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері
4. Қазақстанның экологиялық проблемалары
5. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
6. Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
6.1. Өндіріс экологиясы
6.2. Агроэкология
6.3. Қала экологиясы
7. Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Мен бұл рефератымның тақырыбын «Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері» деп алдым. Яғни, мен қазіргі кезде дүниежүзілік бүкіл адамзатты толғандырып отырған ғаламдық проблема экологиялық мәселелер деп айтар едім. Біз бүкіл дүниежүзінің проблемасын қозғамағанның өзінде, өз еліміз Қазақстанның да экологиялық жағдайы адам қызығарлықтай мәз емес. Сондықтан мен бұл жұмысымда Қазақстанның экологиялық проблемаларын, апат аймақтарын, сонымен қатар оны экологиялық жүйеде шешу жолдарын басты назарға ала отырып жаздым.
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, ауыл шаруашылығын индустрияландыру мен химияландыру, химия өнекәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде. Қазақстанның экологиялық апат аймақтарына келетін болсақ, республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады. Олардың қатарына Семей полигоны, Арал теңізінің жағдайы, Каспий теңізі суының көтерілуі мен теңіз суының ластануы, Батыс Қазақстандағы Азғыр, Капустин Яр ядролық сынақтар алаңдары, Байқоңыр жатады.
1. Ж.Ж.Жатқанбаев. «Экология негіздері» Оқулық. Алматы, 2003жыл
2. Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2008жыл
3. Мұқаұлы. «Табиғатты пайдалану экономикасы» Алматы, 1999жыл
4. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев. «Экология» Алматы, 2005жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізігі бөлім
1. Экология ғылымы және оның міндеттері
2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы
3. Ғылыми техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері
4. Қазақстанның экологиялық проблемалары
5. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
6. Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
6.1. Өндіріс экологиясы
6.2. Агроэкология
6.3. Қала экологиясы
7. Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:

Мен бұл рефератымның тақырыбын Экологиялық проблемалардың экономикалық
аспектілері деп алдым. Яғни, мен қазіргі кезде дүниежүзілік бүкіл
адамзатты толғандырып отырған ғаламдық проблема экологиялық мәселелер деп
айтар едім. Біз бүкіл дүниежүзінің проблемасын қозғамағанның өзінде, өз
еліміз Қазақстанның да экологиялық жағдайы адам қызығарлықтай мәз емес.
Сондықтан мен бұл жұмысымда Қазақстанның экологиялық проблемаларын, апат
аймақтарын, сонымен қатар оны экологиялық жүйеде шешу жолдарын басты
назарға ала отырып жаздым.
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту,
оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі маңызды
мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі
қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, ауыл шаруашылығын индустрияландыру мен
химияландыру, химия өнекәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін
тигізуде. Қазақстанның экологиялық апат аймақтарына келетін болсақ,
республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және
тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен
өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда
табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар
орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға
болады. Олардың қатарына Семей полигоны, Арал теңізінің жағдайы, Каспий
теңізі суының көтерілуі мен теңіз суының ластануы, Батыс Қазақстандағы
Азғыр, Капустин Яр ядролық сынақтар алаңдары, Байқоңыр жатады.
Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдарына
келетін болсақ, жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе
түсуде. Бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік, экономикалық даму
үрдістерінен қоғам өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығырықтан шығу жолын
іздестіруде. Тіпті қалыптасқан мәселелерді шешудің негізгі ғылыми бағыттары
мен оны жетілдіру жолдары айқындалып та үлгерді.
Олардың негізгілері:
-экологиялық білімді жетілдіру;
-экологиялық сараптама;
-экологиялық мониторинг;
-экологиялық маркетинг;
-экологиялық бизнес;
-экологиялық нарық;
-экологиялық менеджмент.

Экология ғылымы және оның міндеттері

Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ уақыттарды
қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері
тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар өзара және
айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз
байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе тепе-теңдік
құбылысы деп атайды.
Экология тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен
байланыстырып зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Бұл анықтама қазір
ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла
айтылып, оның аясы кеңейе түсуде. Экология деген терминді ғылымға 1866
жылы неміс биологі Э.Геккель(1834-1919) енгізді. Ал дербес ғылым ретінде
экология ХХғасырдың басында қалыптасты. Экология гректің oicos-“мекен,
үй”, logos-“ілім, ғылым” деген сөзінен шыққан. Шынында да экология қоршаған
ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып
табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен
бірге, экология табиғатта болып жатырған барлық өзгерістердің себебін
анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерән
қарастырады.
Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған
мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің
тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде
қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен
білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат
байлықтарын (орман, су, топырақ, қазба байлықтар, т.б.) барынша игеруге
тырысты. Елді мекендер өркендеп, қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып,
ғылыми-техникалық прогрес қарқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған
мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-
түлік жетіспеушлігі, жер үшін күрес, т.б. Әлеуметтік-экономикалық
проблемелар туды. Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі
2000 жылдың ішінде Жердің “бет-бейнесін”-табиғатын мүлдем өзгертіп жіберді.
Осы жағдайларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған
ортаның өзгертуін зерттейтін, биосферадағы барлық тіршіліктің тұрақтылығын
сақтайтын ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының
мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады.
Ендігі экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағытына тоқталайық.
Олар:
-тірі организмдер тіршілігіндегі тұрақтылықтың сан және сапа жағынан
өзгерту себептері;
-табиғи бірлестіктер, популяциялар және экожүйелер;
-тіршілік ортасындағы өзгерістер және оған әсер етуші факторлар;
-антропогендік факторлардың зардабы және оны тұрақтандыру шаралары;
-жергілікті және аймақтық экологиялық проблемалар;
-дүниежүзілік экологиялық проблемалардың туу себептері;
-қоршаған ортаның ластану факторлары және оны болдырмау;
-адам-қоғам-табиғат арасындаға үйлесімділікті тұрақтандыру;
-қоршаған орта мен адам денсаулығы, т.б. мәселелер ---
Экология ғылымының мақсаты барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын
тұрақтандыру, бүлінуге,ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді
пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың
басқа түрлер популяциялармен қарым қатынысын, дамуы мен алмасуына
айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеуде экологиялық
міндеттердің бірі.
Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін өзі реттейтін жүйе
болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу бағыттары да
үнемі өзгеріп отырады. Мұны анықтау да экология міндеттеріне кіреді. Тірі
ағзалардың өздері тіршілік ететін орта жағдайларына геологиялық дәуірлерде
бірте-бірте бейімделгендігін эволюциялық тұрғыдан анықтау да-экологиялық
міндеттерге тиісті мәселе.
Қазіргі таңда шаруашылықтың кез-келген салаларын дамыту үшін экологиялық
білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуда,
өнеркәсіпті өркендетуге және табиғат байлықтарын пайдалану мен табиғатты
көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер көмегі орасан
зор. Сондықтан да экология шаруашылықтың барлық салаларын дамытуда әрі
ғылыми, әрі іс жүзінде негіз болып саналады.

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы
Экология биология ғылымының бір саласы ретінде ғасырдың орта шенінде
айқындалғанымен, жеке ғылым ретінде сол ғасырдың соңында ғана қалыптаса
бастады. Әйтсе де, алғашқы экологиялық зерттеудің элементтерін біз көне
дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен
көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігіндегі морфологиялық бейімделушіліктерді, олардың табиғи ортаға
тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырған.
Экология ғылымының қалыптасуы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
І кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі. Бұл кезең
ХVIIғасырдың басынан XVIIIғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Мәселен,
К.Линней (1707-1778), Ж.Ламарк (1744-1829), А.Гумбольдт (1769-1859),
А.Н.Бекетов (1825-1902), Ш.Уалиханов (1835-1865), В.В.Докучаев (1846-1903),
т.б. табиғат зерттеуші биологтер, систематиктер, географтар экологиялық
сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз
үлестерін қосты.
ІІ кезең. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл
кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус сияқты шетелдік және Ресей табиғат
зерттеушілерінің есімдерімен байланысты. Бұл кезең ХІХғасырдың басы мен
ХХғасырдың 70-80жылдарын қамтиды. Атап айтқанда, Мәскеу университетінің
ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Л.С.Берг жан-жақты
экологиялық зерттеулер жүргізсе, Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский
өсімдіктер экологиясын зерттеумен айналысты.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл
ғаламдық ғылым мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтитын деңгейге
жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы бағыты дами түсуде.
Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер
жүргізілуде. Олардың қатарына А.Гиляровтың Популяциялық экология
(1990ж.), М.Захарченконың Экологияның қазіргі проблемалары (1995ж.),
Н.Реймерстн Экология (1994ж.), т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Экология ғылымының қалыптасуына Қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі де
мол. Шын мәнінде, бүкіл тіршілік-тынысы табиғатпен етене байланысты болған,
табиғат аясында көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқы табиғатты тиімді
пайдалана да, қорғай да білген. Оны біз аты аңызға айналған Асан Қайғы мен
Қорқыттың өсиеттері мен табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы сөздерінен
көреміз. Ата-бабаларымыздың жер-су аттарын қадірлеуге, орман-тоғай, өзен-
көлдерін қастерлеуге аң мен құстарын қорғауға бағытталған жырларынан, мақал-
мәтелдерінен және нақыл сөздерінен туған жерге деген сезімдері күшті
болғанын білеміз. Қазақ халқының төрт-түлік малды өсірудегі жайылымды
(қыстау мен жайлау) экологиялық жағынан сауатты пайдалануы-осының айғағы.
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа деген
көзқарастың ғылыми-теориялық негіздері жатқандығын байқау қиын емес.
Олардың экономикалық тұрғыда жазылған ғылыми тұжырымы бар еңбектері де жоқ
емес.
Қазақ жеріндегі экологиялық бағыттағы зерттеулер ХХғасырдың орта тұсында
Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуымен байланысты түбегейлі ғылыми жолға
қойылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының география, зоология,
ботаника, геология, т.б. ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары экология
ғылымының осы тәжірибелерін меңгере отырып, Қазақстан табиғаты туралы
іргелі зерттеулер жүргізді. Олар: Қ.Сәтпаев, А.Машанов, Д.Қонаев, А.Голузо,
И.Байтулин, т.б.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында 1970жылдан бастап “Экология және
табиғатты қорғау” курстары оқытылса, ал 1991жылдан бастап эколог мамандарын
арнайы дайындау үшін факультеттер ашыла бастады. Қазақстанда тұңғыш Абай
атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінде “Үздіксіз экологиялық білім мен
тәрбие беру тұжырымдамасы” жазылып, 1991жылы география-экология факультеті
ашылды. 1991жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бағытында
жаратылыстану пәндерінде экологиялық тәрбиені қалыптастыру іске асты.
Сонымен бірге оқу құралдары, сөздіктер, журналдар мен газеттер жарық көре
бастады. Мәселен, Г.Сағымбаевтың Экология негіздері, Экология және
экономика, сваА.Биғалиев пен Е.Жамалбековтың Қазақстан топырағының
экологиясы және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.

Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері
Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің
қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын
күрделендіріп жіберді.
Пайдалы қазба қорларының тиімсіз пайдалануы, жер бетіндегі өсімдіктер
әлемі мен жануарлар дүниесінің көп түрлілігінің азаюы және табиғи ортаның
шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудыруда. Кейбір
өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған
орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда.
Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және
қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді
пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру, орманды
қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу,
топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстары
қарқынды түрде жүргізілуде.
Табиғаттағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Ал ондағы өзін-өзі реттеу
мен қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де
бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткесін ғана байқайды
да, түзету жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.
Өткен кезеңдердің нәтижесін бақылап, болашақта апатқа айналмауын ескере
отыру керек.
Табиғаттың заңдылығына селқос қараудың зардапты мысалдары қазіргі кезде
баршаға белгілі.
ХХғасырдың ортасында Қарабұғазкөл Каспий теңізімен бөгет арқылы жалғасқан
болатын. Ол теңіз деңгейінің бірқалыптылығын сақтау үшін істелген еді.
Көптеген ғалымдар бұғаз суын бөлу теңіз деңгейінің уақытша төмендеуін
тоқтатады деп есептеді.
Кейін Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі бұғазбен байланысты еместігі,
оның жердің эволюциялық даму заңына бағынышты екендігі анықталды. Мұндай
құбылыс 1929, 1933, 1941жылдары байқалған. Сөйтіп, бұғазды теңізден бөлуге
байланысты ағат шешім үлкен экологиялық-экономикалық зиян келтірді.
Егістердің және мал шаруашылығының өнімділігі азайып, халық арасында өлім-
жітім мен ауру көбейіп кетті.
Кезекті геологиялық ырғақтың қайталануына байланысты 1978жылдан бастап
Каспий теңізі деңгейі көтеріліп, жағаларды су баса бастады. Енді бөгетті
тосқауылды алып тастап, теңіз суын қайтадан бұғазға жіберу туралы шешім
қабылданды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос
шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және ортаның нашарлауына алып
келеді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына да тән. Мақта мен басқа
егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің
суын пайдалану мақсатымен, көптеген су қоймалары мен суару каналдары
салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде, оның
көлемінің шұғыл тартылуына алып келді.
Қазір теңі деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер әлемі мен жануарлар
дүниесінің жұтаңдануын, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отыр.
Еліміздегі Арал апаты ғаламдық сипат алып, оның зиянды әсерін қазірдің
өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б.
мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін
беріп отыр.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың
ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін Аралды құтқаратын
күн де алыс емес шығар.
Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын
дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекеттерінің
салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді.
Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен
дағдарыстар көп-ақ.
ХХғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының
жаңа бір саласы-алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады.
Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол
пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды
игерілуіне алып келді.
Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су
тасқыны, жанартаулар, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың
зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті.
Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия
мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.
Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлардың тууына
алып келді. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялды даму
жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан
зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы
табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындрының ашылуына
және игерілуіне үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары
халқының саны тез өсіп, 1700жылы 620 млн адам болса, 1850жылы оның саны
1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950жылы жер шарындағы халық саны
2500млн-ға жетсе 1986жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд өсті.
БҰҰ–ның есебі бойынша, 2050жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд болады
деген болжам бар.
Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген сұранысты тудырды.
Қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін өзі қайта қалпына келтіре
алмайтындай пайдаланылды. Бұл табиғаттын тозып бүлүнуіне соқтырады.
Үшіншіден қалалар мен тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы
қалаларда 300 млн адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980
жылы 1800 млнға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млнға жетті. Соңғы 100 жылдың
ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5 %-ға
жетті.
Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді
ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болады.
Әрине, адамзат қоғамының дамуы табиғат қорлары есебінен болуы әбден мүмкін.
Алайда бұл процестер ғылыми тұрғыда реттеліп, зиянсыз болуы керек.
Адамзат әр уақытта бағынышты болып , оның ресурстарын өз қажеттілігіне
жұмсап келген. Сонымен бірге адамдар да үнемі табиғатқа қожайындық ету
арманы болған.
Адамзат табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі
үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен қатар жүруі қажет.
Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз
уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдармен
барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.
ғылыми-техникалық прогрес адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды
мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге
бұл ортаны сақтаумен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп
береді.
Ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен
оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:
- ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу;
- ортаның ластануын барынша азайту;
- су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірістік суды
тазартып, қайта пайдалану;
- жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру;
- жаңа технологияны пайдалану.
Адам баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолдаған жағдайда жер шарының тыныштығы
мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Ендігі жерде өндіріс көлемін ұлғайтуда қалдықты аз бөлетін және қалдықсыз
технологияға көшу, кен орнын кешенді түрде өндіру, өндіріс қалдықтарын
қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алу, энергиямен
шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы экологиялық таза түрге
ауыстыру қажет.
Мамандар арасында да экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық
проблемаларға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау
кезінде қарама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе,
техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған,
ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде-
құлық жоқ. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп
жатқан процестерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса,
табиғатпен ең жақсы қарым-қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.

Қазақстанның экологиялық проблемалары
Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп
отырады. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту оның табиғи байлықтарын тиімді
пайдалану қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу
жыл сайын қиындай түсуде. Себебі, қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр
қуатының қарқынды өндірілуі, ауыл шаруашылығының индустрияландыру мен
химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін
тигізуде.
Адамның қоршаған ортаға әсері табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына себепші
болды. Әр түрлі улы қосылыстар, химиялық ластаушылар азық-түлікті, ішетін
суды атмосфералық ауаны ластады. Мысалы, жер шарында жылына 20млрд т көмір,
2,5млрд т мұнай жағылып, 800млн т дан астам түрлі металдар қорытылады екен.
Соның нәтижесінде ауаға 23млрд т көмірқышқыл газы, 17млн т бензиннің буы
мен түрлі газ тәрізді зиянды заттар бөлінеді. Қоршаған ортаға 50млн т мұнай
мен мұнай өнімдері түсіп, су көздеріне 600млрд м3 өте ластанған сулар
құйылады. Қоршаған ортаға 500млн т түрлі синтетикалық қосылыстар
шығарылады.
Ауыл шаруашылығында жыл сайын 400000км топырақ өңделіп, 320млн т әр түрлі
тыңайтқыштар, 5млн ға жуық улы химикаттар қолданылады.
Қалалардың саны да жыл санап өсуде. Сондықтан қоршаған ортаға тасталатын
қалдықтардың мөлшері де өсе түсуде.
Өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор мөлшерде әр түрлі газдар мен өте майда
бөлшектен тұратын қоспаларды шығарады. Олар ауамен бірге адам мен жануардың
денесіне сіңеді және топырақ бетіне шөгеді. Кейде оларды жел мыңдаған
шақырым жерге айдап апарады.
Ауаның әр түрлі жолмен ластануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті
өзгерістер туғызады. Мысалы, қалалардың үстін 1500-2500м биіктік шамасында
әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын кора қышқыл шаң басып тұрады.
Осы себептен қалаға күн сәулесінің өтуі өте нашарлайды. Ғалымдардың
зерттеуі бойынша, жаз кезінде жарықтың күші 20%-ға дейін ал қыста 50%-ға
дейін кемиді. Сонымен қатар күн сәулесінің спектрлік құрамы өзгереді. Қала
үстіндегі түтін мен шаң, әсіресе организмдерге ең пайдалы ультркүлгін
сәулені тұтып қалады.
Өнеркәсіп орындары қала атмосферасын әр түрлі газдар мен ұсақ қалқып
жүретін майда шаңдармен де ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен
мұнайдың жануынан пайда болатын көмірқышқыл газының мөлшері аса үлкен.
Халықаралық зерттеулер бойынша бұл газдың көлемі жылына 0,2%-ға өсетіні
анықталды. Көмір мен жанармайларды жағу кезінде денсаулыққа зиянды қосымша
улы газдар түзіледі. Сұйық отынмен, соның ішінде мазутпен жқмыс істейтін
электр станциялары да ауаны күкіртті газбен ластайды. Мазутты жаққанда,
оның құрамындағы күкірт күкіртті газға айналады.
Автокөліктер ауаны қорғасын буымен және резеңке үгінділерімен ластайды.
Қала көшелерінің әрбір шаршы метріне 2,5-3,0га ға дейін қорғасын шөгеді. Әр
машина жыл сайын 10кг резеңке үгінділерін шашады. Кейбір өндіріс орындары
ауаға адам мен малда қатерлі ісік тудыратын улы заттар-бензаперин шығарады.

Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына
зиянды әсерін тигізеді. Бұл әсіресе, метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа
сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі. Оны тұмша(смог) деп атайды. Күн
сәулесі жиналған газдарды ыдыратып, әр түрлі улы қоспалар түзеді. Ол кезде
адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, жөтеледі.
Қала суының ластануына, әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса
қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына байланысты,
олардың тигізетін әсері де әр түрлі. Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су
бетін үлкен қабықпен жауып, оттек алмасуын қиындатады. Тұрмыста және
өнеркәсіпте қолданылатын синтетикалық жуғыш заттардың әсері де мұнай
қалдықтарымен бір бағыттас. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп
қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді
кокстеу кезінде түзілетін фенол, цианидтер нағыз у ретінде әсер етеді.
Ауылдық жерлерде де су ластануда. Соңғы жылдары егіс далаларында химиялық
тыңайтқыштарды көп пайдалануға байланысты пестецидтер судың ластануына
себепші болып отыр. Пестецидтер суға араласқаннан кейін биологиялық жағынан
ажырамай ұзақ сақталып, балықтың денесіне шөгіп, биологиялық тізбек арқылы
адам организміне өтеді. Әсіресе, өзен, көлдер бойында шошқа фермаларын
орналастыру суды қатты ластайды. Бір шошқа фермасының өзі суды ластау
дәрежесі жөнінен 2-3 өндіріс орнына тең.
Лас суларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың да үлкен зияны бар. Осының
әсерінен топырақтың тұздылығы артып, онда биохимиялық процестердің жүруі
төмендейді.
Қазіргі қаланың экологиялық жағдайы адамның денсаулығына үлкен әсерін
тигізуде. Жүрек, жүйке, қатерлі ісік ауруларының себебін анықтау үшін
олардың атмосфера ауасының ластануымен, көше шуымен және қаланың басқа да
зиянды факторларымен байланысын анықтау керек.
Қалалық көлік ең күшті және көп таралған шудың көзі болып табылады.
Халықтың мазасын алатын шу көзінің бірі-өнеркәсіптің шуы. 50-60 децибелден
асқан шу жүйке ауруын туғызады. Шуы көп өнекәсіптегі жұмысшылардың қан
қысымының көтерілуінің негізгі себебі шудан екендігі анықталған.
Міне, осы зерттеулер қаладағы ластанған ауа мен судың және әр түрлі шудың
адам денсаулығына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.
Ауылдық жердің экологиялық жағдайы қалалық жермен салыстырғанда едәуір
жақсы. Дегенмен ауыз су тапшылығы сияқты басқа да проблемалар толып жатыр.
Мысалы, Арал өңіріндегі ауыз су тапшылығы, түрлі зымырандар мен әскери
техника сынақтан өткізілуге байланысты Байқоңыр өңірінің ауасы мен
топырағының ластануы, т.б.

Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және
тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен
өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда
табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар
орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға
болады.
Республикамыздағы экологиялық апатты аймақтарға Семей полигоны, Арал
теңізінің жағдайы, Каспий теңізінің суының көтерілуі мен теңіз суының
ластануы, Батыс Қазақстан облысындағы Азғыр, Капустин Яр ядролық сынақ
полигондары және Байқоңыр жатады.
Арал теңізінің экологиялық жағдайы. Арал теңізінің экологиялық апат
аймағында қазір 4млн-ға жуық халық аса ауыр жағдайда тіршілік етіп жатыр.
Арал аймағының дағдарысы, ең алдымен тұрғындардың денсаулығына әсер етті.
Соңғы 10жылдың ішінде адамдардың, соның ішінде балалардың өлімі 20%-ға
өсті. Жұқпалы аурулар, өкпе, қатерлі ісік ауруларымен ауыратын адамдар саны
арта түсуде. Теңіз суының таязданып кетуінің салдарынан Арал маңайында
шаңды борандар болып тұрады. Арал теңізінің кеуіп кеткен түбінен мыңдаған
тұз жел арқылы көтеріліп, бірнеше шақырымға таралады. Арал маңының
тұрғындарының 3%-ы ғана ауыз су ретінде су құбырының суын пайдаланады.
Қалғаны ластанған құдықтардың, арналардың және өзендердің суын пайдалануға
мәжбүр болып отыр. Кей жерлерге су тіптен су таситын машиналармен
жеткізіледі. Сырдария өзенінің суы түрлі тыңайтқыштармен және өндіріс
қалдықтарымен ластанғаны соншалықты, оны тіптен ішуге болмайды.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуіне байланысты Каспий теңізінің
эколгиялық жағдайы нашарлап отыр. 1977 жылдан бастап теңіз деңгейі
көтеріліп, 70 км жерді бсып алған. 1995 жылы 35 мың тұрғыны бар 7 кент,
 127 мұнай құбыры су астында қалған. Теңіз суы мұнай өнімдерімен
ластанған. Пустынное кен орнының апаты кезінде теңізге 1,12 т шикі
мұнай түскен. Теңіз суының мұнаймен ластануы онда тіршілік ететін құстарға,
балықтарға кері әсер етуде. Құстардың қанаттары майланып, жабысып қалады
да, өледі. Теңіз суының мұнай қалдықтарымен ластануынан итбалықтар мен
балықтар да көптеп қырылуда.
Міне, қарап отырсан, адамның іс әрекеті мен табиғи апат салдарынан қоршаған
ортаға қаншама зиян келтіріп жатыр. Қоршаған ортаның ластануы экологиялық
жағдайды нашарлатып, адамға, жануарларға, өсімдіктерге әсер етіп, ауаны,
суды және топырақты орны толмас өзгерістерге ұшыратып отыр. Ядролық
сынақтар жүргізілген жерлердің бірі Азғыр полигоны. Батыс Қазақстан
облысының тұрғындары техногендік және табиғи сипаттағы экологиялық
проблемаларды бастан кешіріп отыр. Азғыр кентінің ауданында 1979, 1980
жылдары 17 жер асты жарлысы болған. Соның салдарынан бұл аумақта бүлінген
жердің ауданы артып, демографиялық жағдай ауырлап кетті. Тайсойған
полигоны облыстың солтүстік шығысында орналасқан. Онда бұрынғы Кеңес
әскерінің ауыр және орташа зымырандарының сынақтары өткізілген.
Осындай мәселелер Байқоңыр маңайында да орын алуда. Қарағанды облысының
далалық жерлері зымыранның қалдықтарымен ластанған. Осы радиациялық
қалдықтар ауаны, топырақты, суды ластауда. Мұның бәрі сол жерде тұратын
адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Семей ядролық полигоны
Семейдегі полигон 1949 жылы құрылып, 1989 жылға дейін ядролық сынақ әуеде,
жер бетінде жүргізіліп келгені ешкімге құпия емес. Полигон аймағы Абай,
Май, Жаңасемей аудандарының аумағында жатыр. Ядролық сынақ, негізінен,
полигонның Абай ауданына қарасты бөлігінде жүргізілген. Полигон құрыларда
аудан таратылып, оның халқы қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Ғалым М. Тәтімов еңбектерінде ядролық полигонның зардабын төрт радиусқа
бөлініп қарастырған. Бірінші шеңбер радиусы 150 шақырым аймақты қамтиды.
Мұнда  200 мың халық тұрады. Оған полигонды қоршай жатқан 5-6 аудан
кіреді. Екінші шеңбер радиусы 300 шақырым жерді қамтытып, онда 1млн халық
тұрады. Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан, Алтайдың бір шеті, Қарағанды, Ақмола,
Павлодар облыстарының кейбір аудандары жатады. Үшінші шеңбердің радиусы  50
шақырым. Бұл аймақта 5млн халық қоныстынған. Бұған Павлодар, Өскемен,
Астана сияқты қалалар кіреді. Ал төртінші шеңбердің радиусы 775 шақырымға
дейін жетіп, Алматы, Омбы, Новосібір қалаларын, сондайақ Монғолия мен
Қытайдың аумағын қамтиды. Ядролық полигон адамға, біріншіден,
психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Оны ғылым тілінде радиофобия деп атайды.
Екіншіден, адамдардың денсаулығына әсер етеді. Полигон маңайында тұрған
адамдарда қатерлі ісік аурулары, балалардың кемтар болып туылуы көптеп
кездеседі.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын
сынау біржолата тоқтатылады. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана
қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім Невада Семей қоғамдық
қозғалысының жұмысының жемісі болды. Полигондар зардабын шешу проблемасы
күн тәртібінде тұрды. Осы тұрғыда Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың
денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру туралы маңызды
құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізетін
зардабын және радиактивті қалдықтарды жою проблемасы халықаралық,
мемлекеттік деңгейде жүргізілуде.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6млн га жері әскери полигондардың
кесірінен бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аймағында 16млрд т
радиактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының 800га ға,
нблысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының зерттеу объектісі мен міндеттері
Экология ғылым ретінде
Экология ғылымы туралы
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экология даму тарихы
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы экология ғылымының даму тарихы
Экология ғылымы
Экология түрлері
Пәндер