Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары



Кіріспе 3
І.тарау. 13
1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі.” 13
ІІ.тарау. 21
1.2. «Б.Сүлейменов . ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі». 21
ІІІ.тарау. «Қазақ халқының мәдениеті тарихы 32
3.1. Б.Сүлейменовтің еңбектерінде». 32
Қорытынды. 36
Сілтемелер тізімі: 38
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 41
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор.
Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды.
1. Б.Сүлейменов «Революционное движения в Казахстане в 1905-1905\7 годах» Алматы 1997.
2. Б.Сүлейменов, В.Басин «Восстание 1916 года в Казахстане» Алматы1977.
3. Сүлейменов Б. «Аграрный вопрос в Казахстане последней
третий ХІХ-начале ХХ века» Алматы 1966.
4. Б.Сүлейменов, В.Басин «Казахстан в составе Росии в
XVIII век начале ХХ в» Алматы 1981.
5.Ы.Алтынсарин Таңдамалы шығармалар. Алматы 1957.
1-2б.
6. Есқалиев Самат, Асылбеков Мәлік-Айдар
«Б.Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы» Алматы 2003.
7. Тореханов Т. «Қанмен жазылған тағдырлар» Алматы
1999.
8. Әсіп.С. «Қазақ қасіреті» Алматы 1994.
9. «Қазақ совет энциклопедиасы» Алматы 1977. 10 том.
10. Ж. Қасымбаев «Вопросы историографий и
источниковедения Казахстана» Алматы 1988.
11. Жарықбаев Қ, Қалиев С. «Ы.Алтынсариннің тәлім-
тәрбиелік мұралары» Алматы 1991.
12. И.Б.Қашқынқызы академик Р.БСүлейменов Қазақстан
тарихын зерттеудегі үлесі және ғылыми ұйымдастырушылық
қызметі. Автореферат Алматы 1999.
13. Библиография обществоведов Казахстана. Алма-Ата,
1986.
14. Ахметова Л. Патриотизм в ракурсе историй.
Алматы. Санат, 1996.
15. Дулатова Д.И. Историография до революционного
Казахстана. Алматы.
16. Таштахметова Р.К. К проблеме изучения истории
переселенческого движения в казахстанской историографии.
Проблемы историй и источниковедения классовой борьбы в
Казахстане (XVIII нач ХХ в). Алматы 1994.
17. Мұхатова О. Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы
онжылдықтарындағы аграрлық реформалар
тарихнамасы.(1900-1929жж) Алматы 1998.

Пайдаланған мерзімді басылымдар тізімі:
18.Асылбеков М.А. «Тарихшы—ғалым. ұстаз» Оңтүстік Қазақстан. 1982, 29 декабрь.
19. Есқалиев Самат, Асылбеков Мәлік-Айдар
«Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы» Қазақ тарихы журналы. 1999. №1, №2.
20. «Б.Сүлейменов және Алтынсаринтану мәселесі» Қазақстан жоғары мектебі 1999. №5.
21. «Б.Сүлейменов және оның ғылыми мұрасы». Саясат журналы. 1998. №12.
22. М.Қозыбаев «Время меняет взгляды» Мысль 1996. №2.
23. Ә.Ламашев «Ы.Алтынсарин мұраларын зерттеу тарихынан» Қазақстан мұғалімі. 1991. 30 тамыз.
24. Ділмұхамедов Е. Б.Сүлейменов тарих ғылымдарының
докторы. «Социалистік Қазақстан» 1964 ж. 18 июнь
25. Маликов Ф, Б.Сүлейменов тарих ғылымының докторы.
Лениншіл жас 1964 ж. 11 июль.
26. Басин В, Қобыландин К. Дело всей жизни. Вечерняя Алма
Ата, 1982 . 16 декабря.
27. Тәженов Ә. «50-жылдардың басында қазақ тарихы қалай
қыспаққа алынды?» Қазақ тарихы, 1994ж. №1.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. 13
1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық
және қоғамдық қызметі.” 13
ІІ-тарау. 21
1.2. Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық
қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі. 21
ІІІ-тарау. Қазақ халқының мәдениеті тарихы 32
3.1. Б.Сүлейменовтің еңбектерінде. 32
Қорытынды. 36
Сілтемелер тізімі: 38
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 41

Кіріспе

Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында,
демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың
басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын
беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар,
жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол
күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі
түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер
жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген
қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай
Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының
идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта
қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті
болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып,
зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере
білудің де өзектілігі және маңызы зор.

Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына
көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып
табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз
бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі
Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және
қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды.
Тарихшы – ғылымның қоғамдық, ғылыми – шығармашылық қызметін талдап
сараптап баға беру, оның маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. С.
Сүлейменов сияқты зерттеуші – тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары
Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болады, сондай-ақ, мұндай
еңбектер көш бастаушы ғалымдардың тәжірбиесін және үлкен нақты деректі
мағлұматтарды зерттеу негізінде өткенді танудың маңызды тұжырымдамаларын
атап көрсетеді. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық
қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы. Осы орайда бүгінгі
күнге дейін кеңес дәуіріндегі үш тарихшының ғана өмірі мен шығармашылық
қызметі кандидаттық дисcертация деңгейінде зерттелді. Отандық тарих ғылымы
үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды.
Өйткені, кең тараған проблеманың тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар
туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды.
Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби тарихшылардың
шығармашылық тәжірбиесі бұл ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болды.
Егеменді даму жағдайында республикада ұлттық психологияның қалыптасуы,
даму және өзгеру тарихының мәселелерін танып білуге қызығушылықтық артуы
түсінікті. Осы тұста Б. Сүлейменовтің тоталитарлық режимнің күшіне еніп,
қуғын-сүргін саясаты жүріп жатқан кезінде, азаматтық бағыты күшті ғылым
ретінде өзінің көзқарастарымен ресми идеологияның негіздеріне сыйыспай,
жүргізіліп отырған саясатқа белгілі дәрежеде қарсы шыққанына оның тұлғасына
ерекше назар аудартады.
Ғалымның өмірін және тарихи көзқарастарын зерттеу арнайы зерттеу нысаны
болуға тұрарлық еңбек. Б. Сүлейменовтің ғылыми мұрасын тарихилық, жан-
жақтылық, объективтілік ұстанымдарына сәйкес талдап, әділ баға беріп, дұрыс
пайдалана білуіміз қажет.
Мәселенің тарихнамасы. Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми-шығармашылық
қызметі жөнінде жарық көрген еңбектерді екі топқа бөліп қарастыруға болады.
Бұл орайда бірінші топтағы әдебиеттер қатарына Б. Сүлейменовтің ғылымға
келу жолы мен ғылыми қызметі туралы шағын мақалаларды, ал екінші топқа
ғалымның еңбектеріне берілген пікірлерді жатқызамыз. Б. Сүлейменовтің
өмірі, ғылыми-шығармашылық қызметі жайлы алғашқы мақалалар ғалымның 1964 ж.
ғылым докторы дәрежесін алуына байланысты сол кезде “Социалистік Қазақстан”
және “Лениншіл жас”газеттерінде жарық көрді.2 Бұдан кейінгі кезеңде
ғалымның 60 жасқа және 70 жасқа толуына байланысты республикалық ғылыми
басылымдарда бірқатар мақалалар жарық көрді. “Қазақ Совет
энциклопедиясында” да Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми-шығармашылық
қызметіне көңіл бөлінді.3
1980 ж. Б. Сүлейменовтің өз өмірінің түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін
мақаласында студенттік кезеңінен бастап, өз өмірін халқының қаһармандық
тарихын зерттеуге арнағандығы, айналысқан негізгі мәселелері, оның
нәтижелері жайлы айтады. Осы мақаланың соңын ала, араға көп уақыт салмай
ғалымның әріптестері мен шәкірттері болып табылатын М. Асылбеков, В. Басин,
К. Қобыландиннің мақалалары жарияланды. М. Х. Асылбеков “Тарихшы – ғалым
ұстаз” атты мақаласында Б. Сүлейменовтің тарих ғылымына қосқан үлесіне,
еңбектерінің құндылығына былай деп көңіл бөледі: “Бекежан Сүлейменұлының
ғылыми және қоғамдық қызметі республикаға да, Одаққа да белгілі. Қазақ СССР
Ғылым академиясының байырғы қызметкері тарих ғылымының дамуына, ғылыми
мамандар даярлауға көп үлес қосты. Оның қаламынан 130 ғылыми еңбек туды,
оның бесеуі күрделі монографиялық еңбек. Бұлар аграрлық қатынастардың
тарихын, революциялық және ұлт-азаттық қозғалысты, мәдениет пен қоғамдық ой-
пікір тарихын зерттеп түйіндеген еңбектер Ғылым Қазақстанның революцияға
дейінгі тарихи кезеңнің тарихи деректер базасын жасауға да тікелей ат
салысты. Ол 5 томдық Қазақ СССР тарихының бас редакциясының мүшесі және
белгілі авторы. Оның басшылығымен Ы.Алтынсариннің үш томдық еңбегі баспадан
шықты. Б.Сүлейменовтың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз,
сонымен қатар ғалымды біз жаңашыл деп білеміз.”5 Б.Сүлейменовтың ғылыми
өмірі жолындағы жетістіктері В.Басин мен М.Қобыландиннің мақаласында да
жоғары бағаға ие болды.6 Ғалымның өмірбаяны мен ғылыми еңбектері туралы
мақала 1986 жылы “Библиография общества ведов Казахстана” атты жинақта да
жарық көрді.
Осы жоғарыда аталған еңбектерде Б.Сүлейменовтің өмір жолы мен ғылыми
қызметіне жоғары бағалар берілгенмен, оның өмір жолындағы қиын сәттері,
кеңестік жүйе тарапынан көрген қысымшылықтары сол тарихи кезеңнің
идеологиялық талаптарына сай айтылмады.
80-жылдардың соңына қарай және еліміздің егемендік алғаннан кейінгі
кезеңде Б.Сүлейменовтің өмірінің “ақтаңдақ” беттерінен мәліметтер беретін
еңбектер жарық көре бастады.8 “Мысль” журналының 1996 ж. №2 санында сөз
қозғаған М.Қ.Қозыбаев “40-50 жылдардың басында ғылым мен мәдениеттің
идеологияландырылуы аса күшті жүріп жатты. Атап айтатын болсақ “Правда”
газетінің беттерінде қоғамға қарсы әрекет жасады деген айыппен институттың
ғылыми қызметкері Б.Сүлейменов әшкерленді. Ол да Б.Бекмаханов сияқты қуғын-
сүргінге ұшырады”,- деп аталмыш мәселенің өзектілігіне ерекше мән береді.9
Л.Ахметованың еңбегінде Б.Сүлейменов кеңестік жүйе кезінде қазақ
патриотизмін насихаттаған ғалымдар қатарында аталады. Р.Нұржановтың
мақаласында Б.Сүлейменовтің саяси қысым көріп, жазықсыз жазаланғанына көңіл
бөлінген.10 Б.Сүлейменовтің өміріне қатысты тың мәліметтер Т.Төрехановтың
“Қанмен жазылған тағдырлар” атты тарихи – эссесінде, М.Мырзағұлдың “Арғы
атасы би еді” атты еңбегінде келтірілген.11
Ғалымның еңбектеріне берілген пікірлер де мәселенің тарихнамасы
жүйесінде ерекше орынға ие. Б. Сүлейменовтің 1949 жылы жарық көрген “1905-
1907 жылдардағы Қазақстан” атты еңбегіне алғаш Т.Елеуов, А.Якунин сияқты
ғалымдар тарапынан сол заманның талабына сай пікірлер білдірілген еді. Оның
бұл еңбегі сол кезеңде “Вопросы историй” журналында сынға да ұшыраған
болатын. Б. Сүлейменовтің 1963 жылғы “ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе” деген еңбегі жарық көрісімен
аталмыш еңбек В.Басин, А.Еренов, Т.Айтиев сынды ғалымдардың жоғарғы
бағалауына ие болды. Олар оның революцияға дейінгі Қазақстанның аграрлық
мәселесін зерттеуге қосылған еңбек болып табылатындығын ерекше атап
көрсетті. Ғалымның жоғарыда аталған еңбектері жайлы зерттеуші Ө.Озғанбай өз
пікірін былайша орынды білдіреді: “Мемлекеттік дума туралы Қазақстан
тарихындағы мәселеге алғаш көңіл бөлген Б. Сүлейменов болды. Ол еңбегінің
бір тарауын толығымен Қазақстан депутаттарының қызметіне арналған. Автор
Ресейдің аграрлық саясатын мемлекеттік думадағы партиялық күреспен
байланыстырып сипаттайды.”12
1977 ж. Б. Сүлейменовтің “1905-1907 жылдарындағы Қазақстандағы
революциялық қозғалыстар” атты монографиясына пікір жазған Ж.Қасымбаев
еңбекте қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді басылымдар және архив деректері
кең қолданғандығын көрсете келе, онда сол тарихи кезеңдегі қазақ өлкесінің
қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына тән кейбір ерекшеліктер нақты
мағлұматтар негізінде егжей-тегжейлі тиянақты зерттелген дейді. Пікір
білдіруші еңбекті қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихын зерттеуге
қосылған маңызды үлес деп санайды. Осы жылы ғалымның В.Я.Басинмен бірігіп
шығарған “Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс” атты еңбегі де жоғары ғылыми
бағаға ие болды. Мұны 1916 ж. көтеріліс мәселесін зерттеген ғылым
Х.Тұрсыновтың еңбегіндегі тұжырымдардан да аңғаруға болады. Ж.Қасымбаев пен
Н.Кенжебаевтың зерттеулерінде 1916 ж. көтеріліс мәселелері бұл еңбекте
кеңінен қамтылғанын ерекше атап көрсетеді.
Б. Сүлейменовтің В.Басинмен бірлесіп шығарған “Қазақстан Ресейдің
құрамында” (1981 ж.) атты еңбегі де ғылыми ортада көптеген сын-пікрлермен
аталып өтті.
Ы.Алтынсариннің шығармалары тікелей Б. Сүлейменовтің атсалысуымен 1955
ж. қазақ тілінде, 1957 ж. орыс тілінде бір томдық болып, кейіннен 1975-
1978 жылдары “Толық шығармалар жинағы” болып басылып шықты. Осыған орай
баспасөз беттерінде, Б. Сүлейменовтің ағартушының шығармаларын шығарудағы
еңбегіне жоғары бағалар берілді.
Тарихнамалық тақырыптағы зерттеулерден белгілі тарихшы Д.И.Дулатова
“Историография дореволюционного Казахстана” 13 атты еңбегінде Б.
Сүлейменовтің айналысқан негізгі мәселелерін шолып, талдап өтеді; оның 1867-
1868 жылдары Қазақстанда өткізілген реформалар тақырыбына жазған алғашқы
мақалаларын және кандидаттық диссертациясына оңды баға береді.
П.Г.Галузо өзінің тарихнамалық еңбегінде аграрлық мәселе бойынша Б.
Сүлейменовтің кейбір пікірлерімен келісе бермейтіндігін білдіріп, балама
тұжырым айтады. Қоныс аудару саясатының тарихнамасы мәселесін қарастырған
Р.Таштемханова Б. Сүлейменовтің қоныс аудару саясатын зерттеуге қомақты
үлес қосқандығына тоқталған.14 С.Әсіп “Қазақ қасіреті” еңбегінде
Б. Сүлейменовті патша өкіметінің отарлық саясатының бетпердесін ашып
талдайды деп атап көрсетеді.14 О.Мұхатова “Қазақстандағы ХХ ғасырдың
алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы” атты еңбегінде
15 Б. Сүлейменовтің бұл селодағы зерттеулеріне жеткілікті назар аударып
талдамайды.
Г.Ф.Дахмлейгер, В.Шахматов, А.Нүсіпбеков, М.Ахынжанов, Е.Бекмаханов,
Д.И.Дулатова, К.Жұмағұлов, Ж.Мақашева, С.Сүндетов сияқты белгілі
зерттеушілерінің тарихнамалық сипатта жазған еңбектерінде тарихшы-ғалымның
есімі аталып, Қазақстан тарихының әртүрлі өзекті мәселелерін зерттеуге
қатысқаны, кейбіреулерінде қол жеткен жетістіктері туралы айтылады.
Жарық көрген әдебиеттерді талдау тарихшы Б. Сүлейменовтің ғылыми-
шығармашылық, қоғамдық қызметінің, жалпы оның ғылыми өмірбаянының
жеткіліксіз зерттелгендігін көрсетеді. Соның ішінде, әсіресе, ғалым
өміріндегі қуғын-сүргінге ұшырау фактісі атап өтілгенмен, оның себептері
ашылып көрсетілмеген. Сонымен қатар, тарихшының қалдырған ғылыми мұрасын
толық, жан-жақты талдау жасап, баға берген арнаулы зерттеулер шықпаған.
Сондықтан да тарихнамалық шолудан көрініп тұрғандай, тарихшы-ғалым Б.
Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасына жүйелі, жан-жақты талдау жүргізе
отыра зерттеу қажеттілігі өз кезегін күтіп тұрған тың мәселе болып
табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты –
белгілі тарихшы, ғалым Б. Сүлейменовтің өмірін, отандық тарих ғылымын
дамытудағы қызметін, одан қалған мол мұраны тарих ғылымының қазіргі
көтерілген денгейі тұрғысынан талдап, салалап, шынайы баға беру. Соған орай
зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Ғалымның өмір жолын, тарихшы маман ретінде қалыптасуын баяндау;
- Б.Сүлейменовтің ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық
қызметін ашып көрсетіп, ғалымның отандық тарих ғылымында алатын орнын
айқындау;
- 1905-1907 ж. бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық
саяси өмірдің Б. Сүлейменов еңбектерінде көрініс табуын бағалау;
- Ғалымның 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс мәселесіне арналған
зерттеулерін тарихнамалық тұрғыдан талдап, қосқан үлесін анықтау;
- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы аграрлық мәселеге арналған Б.
Сүлейменовтің еңбектерін тарихнамалық тұрғыда талдау;
- Қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, тілі, салт-дәстүрлері мәселелері
туралы, оларды зерттеген оқымыстылар туралы Б. Сүлейменов
еңбектерінің мазмұны мен маңызын белгілеу.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Б. Сүлейменовтің қызметін зерттеуде
маңызды дерек – ғалымның қаламынан туған еңбектер. Сонымен бірге жұмыстың
деректемелік негізін құрайтын материалдар бірнеше архивтерде сақтаулы. Атап
айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы архивінің
2,74 қорлары, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінің 1142,
1993, 1352, 1871, 1831 қорлары, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің
708 қоры.
Ғалымға қатысты мағлұматтар бірнеше архивтерде орналасқан, сондықтан
аталған қорлардағы деректерді былай топтастырғанды жөн көрдік:
- ғылыми еңбектері, мақалалары, олардың қолжазба нұсқалары, оларға
арналған еңбектер, деректер;
- өмірбаяндық сипаттағы деректер, (өзі жазған жеке құжаттары, ғылыми
қызметі туралы пікірлер, құрмет қағаздары, естеліктер);
- ғылыми – ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы
деректер, оларға жататындар Қазақ КСР Ғылым Академиясы Ш.Ш.Уалиханов
атындағы тарих, археология және этнография институтындағы, әр түрлі
комиссиялар мен қоғамдардағы, Алматы шет тілдер инстутындағы және тағы
басқа жерлердегі педагогикалық қызметі туралы деректер, дайындаған
баяндамалары мен дәрістері, телевидение мен радиода сөйлеген сөздері;
- Б. Сүлейменовтің жазған хаттары мен оған жазылған хаттар. Тарихшы –
ғалымның тұлға ретінде бейнесін жасау үшін А.М.Панкратова,
Н.М.Дружинин, Қ.Ү.Үсенбаев, М.Қ.Қозыбаев, С.Қ.Жақыпбеков,
Ж.Қ.Қасымбаев, Р.Н.Нұржанов және тағыда басқа тарихшылармен алысқан
хаттар және олардың естеліктері бірегей дерек болып табылады. Б.
Сүлейменовтің ғылыми қызметкер ретінде “ұлтшылдық” ұстанымын түсіну
үшін аталған архив қорларында бар, ғылыми кеңестер, пікірталастар
материалдары, сонымен қатар ғалымның жеке архивінде сақтаулы П.
Понамаренко, С. Руденко, М. Шкириятовке жазылған хаттардың маңызы зор.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі. Зерттеудің методологиялық
негізін тарих ғылымына сондай-ақ, оның негізгі бағыттарының бірі
тарихнамаға тән осы замандағы дәстүрлі принципі тарихилық, жан-жақтылық,
объективтілік және басқа ғылыми зерттеуде диалектикалық, тарихи
салыстырмалық және тағы басқа әдістер қолданылды. Бұл жағдай Б.
Сүлейменовтің және замандастарының еңбектерін жүйелілік тұрғысынан талдау
олардың орны және мәні жөнінде қалыптасқан нақты тұжырымдар жасауға
мүмкіндік берді. Қазақстан тарихы ғылымының жалпы үдемелі дамуы мен
проблемалық – хронологиялық байланыста қаралды. Нақты проблемалар бойынша
ғылыми ізденістер жүргізуде міндетті маңызы зор аспекті объективтілік
принципін қолдану, яғни қоғам тарихындағы жеке тұлғаның орны және қызметі,
ғылымының және мемлекеттің өзара қатынасы, белгілі бір нақтылы әлеуметтік
жағдайлардағы тарих ғылымының келешектегі даму жолдарын іздестіру сияқты
мәселелері болып табылады.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Тоталитаризмнен кейінгі уақытта
Отандық тарих ғылымында қалыптасып келе жатқан бағыт тарихтың субъективті
факторына ерекше назар аударылып, тарихымыздағы жеке тұлғалардың ролі мен
тағдыры туралы ізденістер жандануда. Нақты деректер негізінде көпке дейін
белгісіз болып келген Б. Сүлейменовтің өмір белестерінің кейбір тұстары
нақтыланып, ретке келтірілді. Зерттеу тақырыбынан туындайтын проблемалар
кешенді түрде зерттелініп, алдындағы уақыттағы ғылыми ойдың дамуы мен
байланысы да ескерілді.
Зерттеудің осы негізігі ғылыми жаңалығының нәтижелері:
- Б. Сүлейменовтің өмірі, маман тарихшы ретінде қалыптасуы анықталды;
- Ғалымның ғылыми – ұйымдастырушылық педагогикалық және қоғамдық қызметі
баяндалды;
- Оның 1905-1907 ж.ж. бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы
жұмысын аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыстарының дамуы, ерекшеліктері
мен нәтижелерін, зерттеу деңгейін айқындайды,
- Б. Сүлейменовтің 1916 ж. көтеріліс мәселелеріне арналған еңбектері
талданды;
- Ғалымның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстанды
қалыптасқан аграрлық қатынастар туралы шығармалары сұрыпталды;
- Б. Сүлейменовтің Ыбырай Алтынсарин өмірі, ағартушылық қызметі мен
мұрасы туралы жазған еңбектері, оның маңызы анықталды;
- Ғалымның қазақ мәдениеті, тілі, салт-дәстүрлері және оларды
зерттеушілер туралы шығармалары талданды.
Жұмыстың басты нәтижелерінің бірі тарихшы-ғалымның сталиндік қуғын-
сүргінге ұшырауының әділетсіз екенін және әкімшіл-әміршіл жүйе
идеологиясының тарих ғылымына ықпалын көрсете отыра, оның біртуар күшті
бейнесіне, ғылыми мұрасына жалпы адамзаттың, объективтілік тұрғысынан баға
берілді.

І-тарау.

1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және
қоғамдық қызметі.”

Б. Сүлейменов 1912 жылдың қараша айында Ақтөбе облысы Шалқар ауданының №13
ауылында дүниеге келген. Оның арғы аталары Шонан, Оатаралы, Нияз елді
аузына қаратқан беделді би болған адамдар. Сүлейменнің әкесі Нияз Үлкен
және Кіші Борсық құмдарын жайлаған Қабақ руының бетке ұстар атақты биі, әрі
старшыны болған еді. Сол кезеңде Арал өңірін өз қоластына қосып алуға
ұмтылған Хиуа хандығына қарсы күреске халықты көтерген ел мүддесін қорғаған
тұлғалардың бірі.
Ата-анасынан ерте айырылған жетім, 8 жасар бала екі жылдай әуелі
ағайындардың қолында жүріп, кейін көрші ауылға көшіп барып, бастауыш
мектепте үш жыл мұғалім М.Низамуддиновтен білім алады. Жас Б. Сүлейменов
білімге деген талаптылығымен, ұмтылысымен көзге түседі. Сонан соң Ақтөбе
облысы, Шалқар ауданы орталығындағы жетіжылдық мектепте оқуын
жалғастырады. Өз естеліктерінде ғалым “Менің еңбек жолым 1929 жылы Алматы
қаласындағы Еңбек орталық институтының құрылыс базасына жалданғаннан
басталды. 1929 жылдан 1934 жылға дейін мен Алматы қаласында еңбек етіп,
алғашқы кезде ұста, аға жұмысшы өндіріс ұйымдастырушы, құрылыс
корпорациясының қазақ өлкелік кеңесінің ұйымдастыру бюросының төраға
орынбасары және сол уақыттары кешке қарай жұмысшы жастар мектебінде,
техникумның дайындық топтарында, жоғарғы оқу орнының дайындық курстарында
білім жетілдірдім ”, - деп көрсетеді. Б. Сүлейменов 1934 ж. К.Либкхнет
атындағы Молсква мемлекеттік педагогика институтының тарих факультетіне
түсіп, студенттік жаңа өмірін бастайды. Онда үлкен зеректігімен көзге
түсті. Әсіресе, отар және тәуелді елдер тарихы, КСРО тарихы және жаңа кезең
тарихы пәндері қатты қызықтырып, диплом қосымшасынан өте жақсы болғандығы
көрініс тапқан.
Оның революцияға дейінгі тарихқа қызығушылығы, терең зерттеуге
құштарлығы сол кезде-ақ қалыптасқан болатын.
1938 ж. институтты ойдағыдай бітіргеннен кейін ол Ресей
Федерациясының және Қазақ КСР білім министрлігінің жолдамасымен Абай
атындағы Қазақ педагогикалық институтына аға оқытушы қызметіне орналасты.
Бұл институт қабырғасында Б. Сүлейменов шет тілдер институтына 1942 ж.
директор болып тағайындалғанға дейін қосымша жұмыс жасайды.
Ғылым академисының Алматыдағы шет тілдер институтындағы қызметі
кезінде француз тілі кафедрасын ашуды ұйымдастырып, маман мәселесін
біршама орнықтырды. Қазақ жастарын институтқа көбірек тартып, оларға
қамқорлық жасады. 1943 ж. қараша айында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ
филиалының президиумы Б. Сүлейменовті тіл, әдебиет және тарих институтының
директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары етіп тағайындайды. Бұл
қызметте ол біріккен институттың 1945 ж. екі Тіл мен әдебиет және тарих,
археология, этнография институттары болып қайта құрылғанға дейін атқарды.
Осы кезеңдегі институттағы ғылыми басшылық жұмысымен қатар, қазақ халқының
тарихының күрделі, тың мәселелері бойынша жемісті ғылыми зерттеумен
айналысты. Оның басшылығымен “Қарағанды көмір кенінің тарихы”, “Қазақ
батырлары” атты еңбектер баспаға дайындалады. Сол кезде КСРО Ғылым
Академиясының корреспондент – мүшесі, КСРО ҒА-ның Қазақстан филиалы
президиумының төрағасы Қ.И.Сәтбаев ешқандай ғылыми дәрежесә жоқ Б.
Сүлейменовтің ғылыми ізденіске деген зор құлшыныс қабілетін жоғары бағалап,
“Бекежан Сүлейменов Қазақстан жас тарихшыларының ішіндегі ең
қабілеттілерінің бірі және болашағы бар”, - деп, одан белгілі ғалым –
тарихшы шығатынын көрегендікпен айтты. Абай атындағы педагогикалық
институтының аспирантурасының жұмыстан қол үзбей жүріп бітірген соң, КСРО
Кеңес Халық Комиссариаты жанындағы жоғарғы мектеп ісі бойынша Бүкілодақтық
комитеттің рұқсатымен, 1945 жылдың 9 сәуірінде ҚазМУ-дың ғылыми кеңесінде
“Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа” атты тақырыпта Бекежан
Сүлейменұлы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 1945 ж. маусым
айынан Бекежан Сүлейменұлы қайта құрылған тарих, археология және этнография
институтында “Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы” секторының
меңгерушісі қызметін атқарып, қазақ халқының революцияға дейінгі тарихының
күрделі проблемаларын зерттеуге белсенді ат салысты, өмірінің аяғына дейін
150-ге жуық еңбек жазды. Өмір жолы, ғылыми қызметі осы институттың тарихы
мен тығыз байланысты болды. 1964 ж. Ташкент қаласында докторлық
диссертациясын қорғаған уақытында Б.Сүлейменов “неге мал шаруашылығымен
салыстырғанда жер мәселесіне көп көңіл бөлдіңіз”, - деген сұраққа былай деп
жауап берді: “Мен патриотпын, одан қалса өзімнің проблемаларымның дәйекті
патриотымын. Көшпелі мал шаруашылығын көп ғалымдар қарады, ал аграрлық
мәселе деген берілгендімнің белгісі.”
Б. Сүлейменов кеңестік қоғамның күрделі және қарама-қайшылығы мол
кезеңінде тарих ғылымына келген еді. Бұл кезең қоғамдық өмірдің құқықтық
емес, әкімшіл-әміршіл биліктің еркіне бағындырылған, заңсыз, авторитарлық –
деспоттық режимнің қалыптасуы және дамуы жүріп жатқан уақыт еді. Ұлы Отан
соғысы кезінде оның алғашқы ғылыми еңбектері шыға бастады.
Б. Сүлейменов фашисттерге қарсы шайқастарда асқан ерлік көрсеткен қазақ
халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қысқаша өмірі және соғыстағы
ерліктері жөнінде 1944 ж. наурыз айында мақала жазып, отанымыздың батыр
қызын бүкіл елге алғаш танытушы болды.
Б. Сүлейменов алғашқы кезде Кенесары Қасымов көтерілісі және қазақ
әдебиетінің кейбір мәселелері жөнінде “идеологияланған” мақалалар
жариялап, онда Е.Бекмахановпен Қ.Жұмалиевтің еңбектерін сынға алған да
болатын, ал 1948 ж. Е.Бекмахановтың еңбегіне байланысты өткен пікірталаста
К.Қасымов көтерілісінің осалдысы қырғыздармен болған қақтығыс деп атап
көрсеткен еді. Бірақ 1951-1952 ж.ж. ғылыми сын, айтыс-тартыстар өз мәнін
өзгертіп, саяси қуғындауға көшіп бара жатқанын байқаған Б. Сүлейменов Қазақ
КСР Ғылым Академиясында өткен жиналыстарда, мәжілістерде азаматтық бағыты
күшті ғалым ретінде Е.Бекмаханов, М.Әуезов және басқа оқымыстыларды жақтап,
батыл сөз сөйледі. Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовке қарсы науқанның
ұйымдастырылуы қазақ халқының ұлттық мәдениетін, оның өкілдерін жоққа
шығаруға бағытталған еді. Б. Сүлейменов “Абайдың әдеби мектебін” жоққа
шығарушыларға және осы мектепті зерттеуші М.Әуезовті қаралаушыларға қарсы
тұрып, Абайдың ізін басқан қазақ халқының көрнекті ақындарын буржуазиялық –
ұлтшылдарға айналдырып, жоққа шығарудың, яғни олардың өмірін және
шығармаларын ақтаңдаққа айналдыруға болмайтынын ашық айтып, өз пікірлерін
батыл қорғады. Сонымен бірге, Б. Сүлейменов ілгеріде көрсетілгендей,
Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысындағы қайшылықтырды (қырғыз еліне
қарсы соғысы, бағынбаған қазақ руларын шабуы т.б.) сынағанымен, бұл
қозғалысты мүлдем “сызып тастамақшы” болған асыра сынаушыларға қарсы күрес
жүргізгендермен келіспейді. Бұл кезде Б. Сүлейменовтің Қазақ КСР Ғылым
Академиясының қоғамдық ғалымдар бөлімінің ғылыми хатшысы болып қызмет
атқаруы да бұл пікір талас-тартысты нақ ортасынан бөліп, белсенділік
көрсетуге мүмкіндік берді.
ВКПб қысқаша курс тарихы жарық көргеннен соң, көптеген
концептуалдық еңбектері теріске шығарылып, 50-жылдардың басында қуғын-
сүргіннің жаңа толқынының басталуына себепші болды да, республика
зиялыларына қауіп-қатер төнді. Бұл Кеңес Одағындағы көптеген жазықсыз зиялы
азаматтардықайтадан Сталиндік жүйенің елегінен өткізудің жаңа кезеңінің
басталған сәті болатын. Қазақстан тарихы мәселелері Маркстік-Лениндік
тұрғыдан зерттелсін, саяси кемшіліктер жойылсын деген ұрандар үстем
болып, әдебиет және тарих салаларында ішкі жауларды әшкерелеу науқаны
басталды. Осыған орай тарихшы Е.Бекмаханов пен Б.Сүлейменовке қауіп-қатер
төнді. Сол уақыттағы айтыс-тартыстарда әшкереленіп жатқан Е.Бекмахановты
отырғызу, көзін жою үшін идиологтарға ең алдымен Б.Сүлейменов болып жатқан
құбылыстарға өзіндік ой-пікірі бар және азамат ретінде сол ойларын ашық
түрде тура айта алатын тұлға еді. Ғалымның белсенді қоғамдық қызметі оған
шындықты айтуға мүмкіндік берді. Елдің басына қиындық түскенде ол бұғып,
жалтарып қалған жоқ, қайта табаандылық таныта білді. Ал саяси жүйе болса,
ондай тұлғалардан қауіптенген болатын. Екінші жағынан, осындай жағдайларға
орай, ғалымның еңбектері мен қолжазбалары турасында буржуазиялық-ұлтшылдық
сипаттағы бірқатар елеулі бұрмалаулар және ескі заманды көксеуші ғылыми
қызметкер деген дауыстар жиі естіліп, заманды көксеуші, баспа беттерінде
әшкерелене бастап еді. Көп ұзамай 1952 жылдың шілде айының 17 жұлдызында
Б.Сүлейменов және сол жылғы қыркүйектің 5күні Ермұхан Бекмахановты
қауіпсіздік комитет қызметкерлері тұтқынға алды. Мұның артынша
Б.Сүлейменовтың бірқатар еңбектері қолданудан алнып тасталды. Соттың
шығарған үкіміне: Сүлейменов өзін кінәлімін деп смойындамады. Бірақ
тексеру материалдарының көрсетуі бойынша сот алқасы Сүлейменовты барлық
уақытта, яғни 1941жылдан 1952 жылға дейін кеңестік жүйеге қарсы ұлттық
буржуазиялық пиғылда болған деп есептейді,--делінген. Осылайша
Б.Сүлейменов 25 жылға сотталып, Иркутск облысындағы Бодайбы еңбекпен түзету
лагеріне жер аударылды. 1954 жылы 3 мамырда ақталып, осы жылдың 24
шілдесінде өзінің байырғы жұмысына орналасты. Дегенмен оың ғылыми жолына
толық оралуы бірден жүзеге асқан жоқ. Ол алғашында Қазақ КСР ҒА-ның Тарих,
этнография және археология институтына ғылыми қызметкер ретінде жарты
ставкаға қабылданды. Тек 1957 жылы институттың бөлім меңгерушісі болып
бекітілді.
1972 жылы 30 наурыз айында Б.Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым Академиясының
корреспондент мүшесі болып сайланды.
Бекежан Сүлейменовтың ғылыми және қоғамдық қызметі республикаға да,
Одаққа да белгілі болды. Ол Қазақ КСР ғылым академиясының байырғы
қызметтері ретінде тарих ғылымының дамуына ғылыми маман даярлауға көп үлес
қосқан еді.
Б.Сүлейменұлы 1980 жылы, 1905-1907 жылдардағы қазақстандағы
революциялық қозғалыс және 1916 жылғы Қазақстандағы көтеріліс атты
күрделі монографиялары үшін Қазақ КСР ғылым академиясының Ш.Ш.Уалиханов
атындағы сыйлығына ие болды.
Б.Сүлейменовтің ғылыми-зерттеу жұмысы оның педагогикалық, оқытушылық
қызметі мен тығыз байланысты. 1938 жылдан бастап ол Абай атындағы қазақ
педагогикалық институтында аға оқытушы, содан соң Алматы шет тілдер
институтының директоры(ректор), 1943 жылы Ғылым Академиясына тұрақты
жұмысқа көшкеннен кейін, қосымша қыздар педагогикалық институтының КСРО
тарихы кафедрасының меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік университетінің доценті
ретінде жұмыс жасап, Республикадағы ғылыми мамандарды даярлауға көп үлес
қосты .
Бекежан Сүлейменов суденттерін: ғылыми танымның негізі оптимистік,
сарқылмас күш-жігерлік, шыдамдылық және қажырлы еңбектің белгілі бір
нәтижелерінен тұрады,-деп тәрбиеледі.17
1953 жылы –23-қазанда болған Қазақ КСР-нің жоғарғы сотының алқасы жабық
отырысында мынадай үкім шығарады: Өзінің антисоветтік іс әрекетін
Сүлейменов саяси екіжүзділік әдісімен жүргізді. 1948 жылы ол ХІХ
ғасырдағы Кенесары Қасымовтың феодалдық-монархиялық көтерілісін ұлтшылдық
деп айыптаса, 1951-1952 жылы Қаз КСР ғылым академиясының отырысында және
мәжілістерінде өзі антисоветтік және ұлтшылдық тұрғыдан Қазақстан
тарихының бірқатар мәселелерін қарастырған және айыпталған буржуазиялық
ұйымдарды жоқ деп сөздер сөйледі. Өзінің еңбектерінде, қолжазбаларында және
баяндамаларында буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттады. Екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде партияның және совет үкіметінің КСРО-ғы ұлттық
саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді, халықтар көсемі жөнінде келеңсіз
сындар айтқан. Осы айтылған айыптар негізінде Б.Сүлейменов 25 жылға бас
бостандығынан, 5 жылға сайлау құқынан айырылады және дүние мүлкі
тәркіленеді. Бай кітапханасы, сирек кездесетін кітаптары талан-таражға
салынады. Әйелі Вагонова Лидия Александрқызы консерваториялық оқытушылық
қызметінен босатылады. Ол аздай-ақ саяси қылмыскердің әйелі болғандықтан
үйінен, дүние-мүлкінен айырылып, қаңғыбастық күйге түседі. Жұмыссыз
қалғаннан кейін Талдықорғанға бас сауғалап барғанымен, ағайындарынан жылы
лебіз ести алмайды. Таныстары мен туыстары одан теріс айналады.Қазақстанда
қалу мүмкіндігі болмағандықтан 1953 жылы Алматыдан Новосібір қаласына
кетуге мәжбүр болады. Бірақ онда да осы жағдай алдынан шығады.
Ол Сүлейменовке жазған хаттарында Мәскеуге КОКП Орталық Комитетіне
кінәсізекендігін білдіріп, арыз жазу жөнінде ақыл қосады. Тіпті
Сүлейменовтің 1953 жылы 4-наурызда КОКП Орталық Комитетінің жанындағы
Партиялық Бақылау комиссиясының басшысы М.Ф Шкирятове жазған хатынан
кейінде, Лидия Алеквсандрқызы КОКП Орталық Комимтетіне хат жолдап,
жұбайының жазықсыз отырғанын, оның құқықтары аяққа тапталып жатқанын
жазады. Ақыры оған жарымен кездесуге тыйым салынады. Алматыда тұруға ешбір
мүмкіндігі болмаған, қуғындалған әйел Новсібірде жүріп, қасіретке төзе
алмай, сол 1953 жылы 18 қазанда пойыздың астына түсіп, апат болады.
Ал Б.Сүлейменовтың сағының сынбауы оның кішкентайынан жоқшылықпен
жетімдікті көп көргендігінен еді. Билік басында Сталин тұрған кезінде
репрессияланғандардыңкөпшілігі үшін сот процедуралары сақталынбайды, ал
қамауға алыну, тергеуден өту жүйесі жабайылық сипатта жүріп,
қуғындалушылардың басым көпшілігі ұрып-соғуға және азаптауларға ұшырайды.
Тергеу үстінде ең көп таралған айла –ұйқыдан айыру еді. Түрмеде жатқан
адамды бірнеше күн бойы тергейді де, ал күндіз түрме басшылары оны
ұйықтатпайтын. Сөйтіп тәулік пен тәулік өткенше деп жазды прпофессор
Я.Ропопорт өзінің еңбектерінде. Ол да 1952 жылы Ленинград дәрігерлер ісі
бойынша қамалған болатын. Кімде-кім ұйқысыздыққа төзіп, әлде де өзіне қарсы
немесе басқаларға қарсы жала құжатқа қол қоймаса, оны аяусыз ұрып-соғуға
ұшырататын еді.
Б.Сүлейменовте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы П.КПономоренкоға жазған хатында былай дейді:
За то, что я отказывался ставить свою подпись по исхожению
состовленными капитаном Соловьевым моими ответами на вопрос в протоколах
допросов, он прибегал против меня к чуждому советскому государственному
строю физическому воздействю, нытке, побоя и
меня сна и отдыха, систематически задержали меня до 5 часов утра,
до отчаяния до упадка сил и потерии сознания, искожел
мой показания, под нажимой и угрозами вынуждал меня подписывать
состряпонные им протоколы допроса, постоянно подтасовывал фольсифицировал
факты.
Б.Сүлейменов бұл ауыр сынға төзіп, зорлық-зомбылықты да бастан
кешіреді, аштықпен ұйқыға да шыдайды, бірақ тағылған жаланы мойындамайды.
Соттың шығарған үкімінде: Сүлейменов виновным себя не признал, однако,
анализируя все материалы предварительного и судебного следствия, коллеги
считает, что антисоветские буржуазия – националистические выступление
Сулейменова имели место и чтение всего периода, то есть с 1941 года до 1952
года.
Сібірде жүргенде Бекең Партия басшылығына, Кеңес құқық қорғау
органдарына өзінің күнәсіз екенін айтып, арыздарды бірінен соң бірін
жазады. Атап айтсақ, сақталған бірнеше арыздары бар. Мысалы, 1953жылы 24-
наурызда КОКП Партиялық бақылау комитетінің басшысы М.Ф.Шкриятовке, сол
жылдың 16-шілдесінде КОКП-ның Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Хрущевке,
1954 жылдың 19-наурыз күні Қазақстан Компартииясының Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Пономоренкоға және Кеңестер Одағының бас прокуроры
Руденкоға жазған хатында былай дейді: В своих жалобах,приводя
многочисленные примеры и факты, я высказывал, что исключительно
субъективно, шаблонно тенденциазно подходили к решению вопроса о моей
судьбе. Как о судьбе члена партии,советского человека,великое правокоторого
не только законодательно закреплено, но и гарантировано в советской
конститутции. Бұл хаттардың көпшілігі аяқсыз қалады. Б.Сүлейменовтің
Е.Бекмахановтың мәселелерін тигізген адам—орыстың әйгілі ғалым тарихшысы,
академик А.М.Понкратова. Өзінің зор беделін және КОКП Орталық Комитетінің
мүшесі екендігін пайдаланып, қазақтың қуғынға ұшыраған тарихшыларын жете
тани білетіндігін, олардың халыққа жау жау екендігіне сенбейтіндігін, істің
қате жүргізілуі мүмкін екендігін ескртіп, қайта қаралуын өтініп, Партиялық
бақылау орнына ашық та батыл пікірін түсіреді. Бұл ұсынысының аяқсыз
қалмауын талап етеді.Сөйтіп жолдастарының және өзінің күресі нәтижесінде
қылмысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
Таңдамалы шығармалар
Шоқан Уәлиханов подполковник
Ж.Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми - педагогикалық қызметі
Алтынсарин әңгімелері
Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері зерттеген ғалым еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеу
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Пәндер