Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюжет құрылымы



Кіріспе
1.Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық
мәні, қызметі, рөлі
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
1.3 Бюджеттің құрылымы
1.4 Бюджет жүйесінің принцптері
1.5 Қазақстан Республикасы Парламентінің республикалық бюджет жобасының қарау және бекіту процесі
1.6 Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын
қарау және бекіту процесі
2. тарау Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің мінездемесі
2.1 Біріңғай бюджеттік сыныптама
2.2 Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
3 . Тарау. Бюджет саясатының негізгі перспективалары мен бағыттары
3.1 Онтүстік Қазақстан облыс бюджетінің
2006 жылғы орындалуы.
3.2 Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы
бюджетінің 2005 жылғы қорытындысы.
3.3 Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік
қатынастары реттеу саласындағы құзырет.
3.4 Мелмекеттік бюджет есебінен берілетін несие саясаты
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;
1) мемлекеттік бюджет –экономикалық категория ретінде қарастырылады.
2) мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
3) мемлекеттік бюджет-қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы.
Айта кетететін жайт, қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде мемлекеттік бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық –заттық түрінде болады; бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.
1. Вахрин П.И., Нешитой А.С., Финансы: Учебник для Ввузов.-Информационно-внедрический центр «Маркетинг» 2000 г. 502 с.
2. Дробозина Л.А Финансы. Учебник для Ввузов.-М.:ЮНИТИ, 2000г. 527 с.
3. Кажикаримов Б.К., Омирбаев С.А. Теория финансов. Учебное пособие. –Караганда.КарГУ 1996-80 с.
4. Құлыпыбаев С. Қаржы. Оқу құралдары-Алматы; Мерей 2000 ж.-154 б.
5. Құлыпыбаев С., Баязитова Ш., қаржы теориясы. Оқұ құралы-Алматы: Мерей, 2001ж-176 б.
6. Мельников В.Д., Ильясов К.К., Финансы Учебник для вузов.-алматы: 2001 г. 512 с.
7. Мельников В.Д., Ли В.Д., общий курс финансов. Учебник для вузов-Алматы: институт развития Казахстана, 2001г – 285с.
8. Мамыров Н.К., Сахова А.Н., Ахметова Ш.С., Брузати Л.Н., М22 Госудаство и бизнес. Менежмет государственного сектора. Книга 3: Учебник –Алматы: Экономика, 2002 г. 736 с.
9. Омирбаев С.М. Финансы: Учебное пособье для вузов.-Астана: 2003 г. -385
10. Райзберг Б.А., Лозоковский Л.Ш., Стародубцева Е.Б. Современный экономический словарь. – М: ИНФРА-М, 1997-496с.
11. Родионова В. М. Государственный бюджет и его роль в сбаланстрованности развития экономики. –М., Финансы и статистика 1992 год -143с.
12. Айматова Г. Өтпелі кезеңнің пробелемалары және жүзеге асыру перспективалары. Ақша-кредит саясаты. /// Егемен Қазақстан: -2004 ж. №127-19 мамыр.
13. Әжібеков Қ. Бюджеттің жүгі зіл батпан. /// Қаражы-қаражат; 7/2003 жыл.
14. Ережепов С. Бюджте реального развития. /// Қаражы-қаражат; 1/2001 жыл.
15. Құрмашева Қ. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы /// Егемен Қазақстан: -2004 ж. №115-14 маусым.
16. Сапаралиев Ж. Жаңа бюджет жаланаң жаңалығы көп /// Қаражы-қаражат; 3/1999 жыл.
17. Сахова А. Структура бюджетного планирование Қаражы-қаражат; 6/2003 жыл.
18.Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасының « Бюджет кодексі» 2004 жыл 24 сәуір, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы №110 қаулысы

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жалпы бюджет термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның
аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен
шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал мемлекеттік дегеніміз-ол, сол
есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен
тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-
экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады.
Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси
мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды.
Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен
экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде
қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі
түсініктемесі бар;
1) мемлекеттік бюджет –экономикалық категория ретінде қарастырылады.
2) мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
3) мемлекеттік бюджет-қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы.
Айта кетететін жайт, қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы
және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде мемлекеттік бюджет өз
кезегінде экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық
–заттық түрінде болады; бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып
жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын
және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процесстер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары- салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар тағы сол
секілді өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерінің, шығыстарының, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджеттің
негізгі жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлінедегі маңызды
орнын, жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай ақ қоғамдық
ұдайы айрықша рөлін анықтайды.

1.Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық
мәні, қызметі, рөлі
Қаржылық байланыстардың орасаң зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық жүргізушісі субьектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары өнімді құндық бөлудің ерекше
саласын құрайды және қлғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты
болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мелекеттік бюджет ұғымының
экономикалық мазмұнан құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетін
обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі обьективті
қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндірістің қажетіліктерімен, мелекеттің
табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған
ресурстарды қажет етеді. Ақаша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық
шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы
әкономиканың жұмыс етуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үлесін
қамтамасыз етуге, оның салық және аумақтық құрылымын жетілдіруге,
экономиканың салдарын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, әрі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Қаржыны орталандырудың арқасында ақша қаражаттары
мемлекеттің экономикалық және әлуметтік саясатын табысты іске асыру үшін
жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші
учаскелеріне шоғырландырылды.
Сөйтіп обьективті обьективті бөлгіштік қатынастырдың экономикалық
нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік
бюджет айрықшылықты қоғамдық арналымды орындайды-жалпы мемелекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде
мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын
өзгеше бегілер тән; бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан
ақша нысанында жүзеге асырылды, мақсаты ақша қорларын қалыптастырумен және
пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі
бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшылықыты сферасы ретінде
мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
а) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқушылармен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
б) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сферасы
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған.
в) қоғамдық өнімнің тауар нысандағы қозғалысымен тікелей байланысты емес
құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге
асырылды, ал қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада
да тауар –ақша қатынастарымен тығыз тойқаласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық заттық түрінде болады; бюджет қатанастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында-бюжеттік қорында затталынды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизімдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жыйынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономика реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы процесінде
қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырады. Ақырында мемлекеттік
бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызынан ескере отырып, оны осы
жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. (Қосымша 1)
Мемлекеттік бюджет-ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекеттік бюджет (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30 пайыз жалпы ішкі өнімнің 20 пайыз жалпы қоғамдық 10 пайыз
бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым
ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере
отырып сала аралық аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланып келеді. Нарықтық
механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен
экономиканың құрылымын қайта құруды кешенді мақсаты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға,
әлеуметтік дамытуды тездетуге және халықтың ең аз қамтыған жігін әлеуметтік
қорғауға бағыталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
әлеуметтік саясаттағы басымдықтар- халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от басыларын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау бөлімі, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп
тұруы.
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді.Қазақстан Республикасы бюджет заңдары
қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады
және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше
республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша
бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы
ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған
жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске
асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізіледі.Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе,
онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының орындалуы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, Заң шығарушы билік, басқару
аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмсалуды қамтамасыз ететін бюджеттік тармақтарының желісі
құралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды процесінде заңмен отыратын белгілі қаржылық өзара
–қатынастар пайда болады. Осы элеметтердің барлығы-бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттарры, оның буындарының өзара қатынастары
мен байланыстарының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы-бюджет
құрылысын қарайды. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы
мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму
денгейіне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеледі. Бюджет құрылысында басты
орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқытық
нормаларға негізделген түрлі деңгейлерді бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген
түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық
құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет үш буынан тұрады; мемлекеттік бюджет
немесе федералдық бюджет орталық мемлекеттің бюджеті, федерация мүшелерінің
(АҚШ-та штаттардың , ГФР да жерлердің (ландраттардың) Канада
провинциялардың Ресейде федерация субьектілердің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер:
Унитарлық (бірліктер) мемлекеттерде екі буынды жүйесі қолданылады;
орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да
бюджеттердің оқшалануы мен дербестігін түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ
әдеттегідей, әлеуметтік –экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру
деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатысы бойынша белгілі бір
реттеуші роль орталық бюджетке сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюжет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық есем, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға тиісті
құқытық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлерді бюджетті қамтиды.
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық
бюджеттер дербес жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік
бюджеті, басқа одақтас республикаларының мемлекеттік бюджеттері сияқты,
КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кіреді, онда ел аумағының барлық бюжеттері,
соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттерде қамтылып көрсетіледі. Ол
одақтық бюджеттен 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақты бюджетке 1970-
1990 жылы мелекеттік бюжет ресурыстарының жалпы ауқымының 52-50 пайыз
тийді, оның 35 пайызы республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15
пайыз жергілікті қарамағында болады. (Қосымша 2)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің басты республикалық
бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет-бұл түсімдер мен бюджет
тапшылығын қаржыландыру (профециті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын
және өзіне Қазақстан Республикасының Конситетуциясы мен заңнамалық
актілерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру Үкімет анықтайтын
республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан
Республикасының заңмен бекітілген орталықтандылырған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)
–облыстық бюджттер, қалаларрдың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандардың қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына
арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңмен, жергілікті
бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджет жүйесінің жұмыс
істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді.

1.3 Бюджеттің құрылымы
Бюджеттің түсімдері мен шығыстары
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің
түсімдері болып табылады.Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін
сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып
табылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджет кірістері Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми
трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта
болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес
бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.
Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге
жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да
заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын
төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде
берілетін ақша.
Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып
табылады:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті
сатудан түсетін ақша;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе
оларды т±раќты немесе уаќытша жер пайдалануға беруден не Ќазаќстан
Республикасыныњ зањдарында немесе халыќаралыќ шарттарда кµзделген
жаѓдайларда жер учаскелерін µзге ќ±ќыќтыќ нысандарда өткізуден түсетін
ақша;
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін
ақша.
Ресми трансферттер түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер
түсімдері. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін
жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе
толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы ресми
трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

Бюджет шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты
бюджет шығындары болып табылады.Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін
шыѓындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты
шыѓындар;
3) мемлекеттік тапсырысќа арналѓан шыѓындар – мемлекеттік саясатты
іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына
арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге)
мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін
ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының зањ актілеріне сєйкес
жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңды тұлғаларға субсидиялар –мемлекеттік мекемелер және қоғамдық
бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын
негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттіњ міндеттемелерін орындауѓа арналѓан шыѓындардыњ µзге де
т‰рлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын
әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым
тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия
берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы
мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың
резервтері. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы
органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу
кезінде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы
жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды
қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында
құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы
органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті:
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана
бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті қамтиды.
Төтенше резерв Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің
аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою
мақсатында ғана пайдаланылады.
Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның
әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін
жағдайларды жою, соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы
Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы
органдардың міндеттемелерін орындау мақсатында ғана пайдаланылады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің
кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда
болған жағдайда облыс бюджетіне, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджетіне кредит беру үшін тиісті ќаржы жылына арналѓан республикалық
бюджетте көзделеді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық
алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған
жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне кредит беру үшін
облыстық бюджетте көзделеді.
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегінде алты айға
дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергілікті
бюджетті нақтылауды талап етпейді.Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің
және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет
түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.Қазақстан Республикасы
Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде
бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяќталѓаннан кейін
күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.Резерв құрамында көзделген
ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының
Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан
Республикасының Парламентіне немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен
толыќтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе
жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар
енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның
резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаѓан немесе ішінара
пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның
пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке
қайтаруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және
жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма
ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен
сомасы теріс операциялық сальдо болып табылады.Бюджет кірістерінің бюджет
шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.Бюджет
шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда теріс
операциялық сальдоға жол беріледі.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің
көлемінен асып түспеуге тиіс. Теріс операциялық сальдоның жол берілетін
шекті мөлшері орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік
кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қамтиды.
Қаржы активтерін сатып алу – заңды тұлғалардың, соныњ ішінде
халықаралық ұйымдардыњ қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік
меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары. Мемлекеттің
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – мемлекеттік меншіктегі заңды
тұлғалардың, соныњ ішінде халықаралық ұйымдардыњ, мүліктік кешен түріндегі
мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы
қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы
немесе шаруашылық жүргізуіндегі µзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі
операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қаржы активтерімен
жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма
ретінде айқындалады. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заң
актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына
сәйкес жүзеге асырылады.
1.4 Бюджет жүйесінің принцптері
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірлік принципі –
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай
бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік
сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды
қамтамасыз ету;
2) толықтық принципі – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан
шегінуге жол бермеу;
3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет
көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді
жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;
4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді,
бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы
туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да
ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік
қаржы бақылауын жүргізу;
5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында бұрын
қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
6) тиімділік және нәтижелілік принципі – бюджеттерді бюджеттік
бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу
қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу
үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе
бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені
қамтамасыз ету;
7) басымдық принципі – бюджеттік процесті республиканың немесе
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге
асыру;
8) жауапкершілік принципі – бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;
9) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер
арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы
Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге
асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған
кірістерді, осы Кодекстің 40-бабының 6-тармағында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған
бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.
1.5 Қазақстан Республикасы Парламентінің республикалық бюджет
жобасының қарау және бекіту процесі
Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде
қарау
1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы
отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген
адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзімді әлеуметтік-
экономикалық даму жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша
баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары
уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары жалпы отырыстарда
алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы
бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының
сөздерін тыңдауға құқылы.
3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен
отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.
Талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның
(адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты
жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары
уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды.
Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының,
операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен
жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профициттің),
тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) жалпы көлемдері
бекітіледі.
Келесі оқылымдарда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы
заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту Қазақстан
Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау
арқылы жүзеге асырылады.
1.6 Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын
қарау және бекіту процесі
Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қарау.Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің
арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы
органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті
негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті
мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.
Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың
жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте
жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана
енгізіледі.
Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді
фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің
жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген
адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса
баяндамаларын қамтиды.
Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет
бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін
тыңдауға құқылы.
Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылауы бюджетке түсімдердің түсуін,
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет
тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін
орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы
қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.Осы
Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық
негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық
бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.Жергілікті атқарушы органдар
жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекске сәйкес жергілікті
бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылу прициптері бюджет қаражатын нысаналы пайдалану
приципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік
мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық
актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге
асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану. Уақтылылық принципі –
бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет қаражатын белгіленген мерзімдерде
пайдалану.Бюджеттің бірқалыпты атқарылу приципі – қаржы жылының аяғына
қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет
қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.
Кассаның бірыңғайлық принципі – түсімдердің барлығын бірыңғай
қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай
қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық
деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы приципі негізінде атқарылады.
Бірыңғай қазынашылық шот бірыңғай қазынашылық шот – аударым
операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу
үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай
қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын,
мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол
ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен
төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған. Мемлекеттік
мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң
актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел
валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру
және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел
валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.

2- тарау Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің мінездемесі
2.1 Біріңғай бюджеттік сыныптама
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама
объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық
және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай
бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері
көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.Бюджет процесі бірыңғай
бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама
бюджеттердің барлық деңгейлері үшін бірыңғай және міндетті болып
табылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы заң
актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан
Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде әзірленеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы бюджет түсімдерінің
сыныптамасын, бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын, бюджет
шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейдегі бюджеттер
түсімдерінің белгілі бір сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының
бюджет заңдарына негізделген топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы
болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан,
сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді
экономикалық белгілер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі
сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады.
Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы мемлекет функцияларының
орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды бейнелейтін
функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың
жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының
топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай
деңгейлерден:
функционалдық топтардан;
функционалдық ішкі топтардан;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен;
бюджеттік бағдарламалардан және ішкі бағдарламалардан тұрады.
3. Функционалдық топ – бюджет шығыстарын салалық белгілер мен
функционалдық бағыт бойынша біріктіру.
Функционалдық ішкі топ бюджет қаражатының функционалдық топ ішінде
жұмсалу бағытын нақтылайды.Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функционалдық топтар мен
бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы
жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы
мүмкін. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің анықтамасы бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға,
негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге
сәйкес айқындалады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджет қаражатын
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген
(нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде дербес пайдаланады, олардың
тиімді, нәтижелі және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады. Мемлекеттік
органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері бола алмайды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы
және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына
отырып айқындалады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала,
астана бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың
жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар
қалалар, астана әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, облыстар,
республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері мен мәслихаттарының
аппараттары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып
табылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын
жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы
органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының
аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып
табылады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық
(селолық) округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің
бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
2.2 Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық
актілер
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды
немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдары
жобаларының ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы
болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып
жасалады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды
немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобаларының
ережелерін Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына
жатады.Осы баптың 1-тармағында көрсетілген актілер жобаларының ережелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Республикалық бюджет комиссиясының)
қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілген жағдайда қолданысқа
келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды. Қорытынды ағымдағы жылдың
екінші жартысында берілген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып
отырған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін
қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары
әкімдіктің оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына
енгізілуі мүмкін. Әкімдіктің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының
ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін
қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының
ережелерін тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер әкімдіктің (тиісті бюджет
комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа келесі қаржы
жылынан ерте енгізіле алмайды.Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген
ережелер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске
асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі,
сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі
активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және, материалдық емес
активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат
секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын
төмендетуге арналған.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және
тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық
активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат
ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің
тәуелділігін төмендетуге арналған.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы
рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық
жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары
ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері
сақтала отырып айқындалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі
мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі
ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2.4 Бюджет тапшылығы (профициті)
Бюджет тапшылығы (профициті)) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы
активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы
операциялық сальдоға тең.
Теріс белгімен алынған шама – бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған
шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берілетін
шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен
белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– қарыз алу және
бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды
қамтамасыз ету.Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар
сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі
борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.Бюджет тапшылығын
қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына
сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге
бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын
жұмсау.Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының
қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.Бюджет профицитін
пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына
сай келеді.

3 - Тарау. Бюджет саясатының негізгі перспективалары мен бағыттары
3.1 Онтүстік Қазақстан облыс бюджетінің
2006 жылғы орындалуы.
Кірістер, 2005 жылы облыс бюджетіне 23,9 млрд.теңге кірістер түсіп,
жоспар 102,4 % немесе 553,5 млн теңгеге артығымен орындалды. Бұл 2004 жыл
көрсеткішімен салыстырғанда 2,5 млрд.теңгеге көп. Оның ішінде салық
түсімдер 22,7 млрд.тенгені немесе 95 % құрады (жоспар 102,2 4 % немесе
479,6 млн теңгеге артығымен орындалды). 2004 жылмен салыстырғанда 2,2 млрд
теңгеге көп.
Бұл орайда үлес салмағын көп мөлшері әлеуметтік салықа 42,3 пайыз жеке
табыс салығында 19,8 пайыз акцизде 23 пайыз болды.
2005 жылы бюджетке мүлік салығынан 1,5 млрд теңге, жер салығынан 507,0
млн теңге қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдерден 394 млн
теңге және акцизден 5,2 млрд теңге түсті. Акциз жоспары 9,7 пайызға
орындалмауы аталған салық сомасының нөлдік ставкасы бойынша өсіміне
байланысты болды. Салық емес түсімдер 212,0 млн теңгені немесе түсімнің 0,8
пайызды құрады (жоспар 90,3 пайызға орындалды) 2004 жылмен салыстырғанда
29,6 млн теңгеге аз. Бұл жөніндегі көрсеткіштің 2004 жылдан төмен болу
себебі қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін айыппұлдардан алынатын
түсімдердің Бюджет кодексіне сәйкес 2005 жылдан бастап республикалық
бюджетке аударылуына байланысты болды.
Негізгі капиталмен сатудан түсетін түсімдер 928,2 млн теңгені немесе
кірістің 3,8 пайызы құрады (жоспар 111,6 пайызға немесе 96,6 млн теңгеге
артығымен орындалды). 2004 жылмен салыстырғанда 279 млн теңгеге көп.
Шығыстар, тұтастай облыс бюджеті бойынша 2005 жылы шығыстардың көлемі
70,1 млрд теңгені құрап жоспар 99,7 пайызға орындалды, бұл 2004 жылғы қол
жеткен деңгейден 14,5 млрд теңгеге немесе 27 пайыз артық. 2006 жылы обылыс
бюджетінің көлемі 81,2 млрд теңгені құрайды. 2005 жылғы облыс бюджеті
шығыстарының жалпы көлемінің 74 пайызы немесе 52 млрд теңге әлеуметтік сала
шығыстарды құрайды және 2004 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге көп, атап
айытқанда; білім беру саласы (41 пайыз) денсеулық саласы 25 пайыз
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы 4 пайыз
мәдениет спорт туризм және ақпарат кеңестік 3 пайыз дамудың инвестициялық
басым бағытында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы 13 пайыз.
Еңбекақы қоры, 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс
бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелерге жарнамаларды қоса
есептегенде 27,6 млрд. теңге мөлшеерінде еңбек ақы төленді. Сонымен
қатар мемлекеттік кәсіпорындардың жалақысына 5,2 млрд .теңге бөлінді.
Оның ішінде: мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік қызметкер емес
мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорындар жұмысшылары
еңбекақысының 32 пайыз артуына байланысты 4,1 млрд. теңге бөлінді,
оның ішінде аудандар мен қалалар бюджетінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша 2,6 млрд. теңге және
облыстық бюджеттен қаржыландырылатындар –1,5 млрд . теңге жұмсалды.
Әлеуметтік сала, 2005 жылы халықты әлеуметтік қорғау шығыстары 2,4
млрд. теңге құрады. Бұл қаржылардан түрлі әлеуметтік қолдаулар
көрсететін,атап айтқанда 10 мекеме: 4 жүйке аурулары интернаты, қарттар
мен мүгедектер және ардагерлер үйі , мүгедек балаларға арналған 2
интернат, мүгедектер үшін кәсіби мектеп және 2005 жыла ашылған “Мейір”
ардагерлер үйі қаржыландырылды.
Халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін облыста бірқатар
бағдарламалар бекітілді. Олар негізінен кедейлік пен жұмыссыздықты
төмендетуге, азаматтардың жекеленген санаттарын әлеуметтік қорғауға
бағытталған. “Облыс халқын әлеуметтік қорғау жөніндегі 2002-2005
жылдарға арналған облыстың кешенді бағдарламасын” жүзеге асырудың басты
мақсаты халықтың әлеуметтік деңгейін жақсарту болып табылады.
2005 жылы бюджет есебінен 76 мыңнан аса адамға мемлекеттік
атаулы жәрдемақы төленіп, 580 млн. теңге жұмсалды. Ұлы Отан соғысының
3825 мүгедегі мен қатысушыларына материалдық көмек көрсетілді. Соңғы
2002-2005 жылдар кезеңінде денсаулық сақтау департаментінің жолдамасымен
арнайы орталықтарға, Сарыағаш, Манкент және Біркөлік санаторилеріне
немесе ғылыми –зерттеу институттарына барып емдеу үшін Ұлы Отан соғысының
мүгедектері мен еңбек мүгедектеріне жеңілдікпен қаржы төленді. 2005 жылы
бұл шығыстарға 14,6 млн. теңге бөлінді.
Өткен 2005 жылы облыс бюджеті мен республикалық бюджет есебінен
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына 150 млн. теңге
мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар
мүгедектер 97 млн. теңге сомасына әртүрлі деңгейде әлеуметтік қолдаумен
қамтамасыз етілді және азаматтардың жекеленген топтарына мәслихаттардың
шешімі бойынша 22 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
Егер 2001 жылы облыс бойынша 500 мүгедек орындық орындық-арбамен
қамтамасыз ету қажет болса, 2004-2005 жылдары бұл техникалық құралмен 954
мүгедек қамтамасыз етілді, 2005 жылы бұл мақсатқа 8,2 млн. теңге
бөлінді. 2005 жылы 381 мүгедек 22,7 млн. теңге сомасына сурдо және 1494
тифлотехникасымен қамтамасыз етілді.
2005 жылы облыстық бюджет есебінен мүгедектерді протезді-
ортепедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету шығыстары 33,6 млн. теңгені
құрады, протезді- ортепедиялық бұйыммен 1392 мың мүгедек қамтамасыз
етілді. Мүгедектерді қайта оңалтуға 2005 жылы 9,2 млн. теңге көзделіп
жаратылды.
2006 жылғы бюджетке табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі
балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 510 млн. теңге қаралды.
Сонымен қатар, 2006 жылы бюджетте: мұқтаж мүгедектердіә арнайы гигиеналық
құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес ымдау тілі мамандарымен жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне
–56343 мың теңге; қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып
табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшін
абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге –754 мың теңге көзделген.

Денсаулық сақтау, саласы бойынша 2005 жылғы шығыстар 17,7 млрд.
теңге құрады. Соңғы үш жыл көлемінде денсаулық сақтау шығыстарын
Қазақстанның түрлі өңірі бойынша теңестіру саясатының жүргізілуіне орай
1 тұрғынға шаққандағы шығыстар 2000 жылдан бері 3,5 есеге көбейтіліп, 2005
жылы 8080 теңгені құрады. Әр науқасқа берілетін тамаққа шығыстар 2005
жылы орта есеппен 220 теңгені құрады және 2004 жылмен салыстырғанда
50,2% артты, дәрі дәрмек шығыстары тиісінше 676,1 теңгені құрады және
75,2 % артты. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
бойынша облыста 232 мемлекеттік мекеме мен 127 мемлекеттік қазыналық
коммуналдық кәсіпорны медициналық қызмет көрсетеді.

2003 жылдан 2005 жыл аралығында медициналық қызмет көрсету шығыстары
едәір өсті. ҚР Үкіметі белгілеген басым бағыттарға сәйкес жыл сайын
денсаулық сақтау ұйымдары аурудың әр түрін емдеуге толық көлемде
қаржымен қамтамасыз етілуде. 2003 жылдан 2005 жыл аралығында қазіргі
заманның медициналық жабдықтар мен снитарлық сатып алуға бюджеттен 1,6
млрд. теңге бөлінген. 2005 жылы 57 медициналық ұйымға 873 млн. теңгенің
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Балалар мен жүкті әйелдерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде
облыста нақтылы шаралар жүзеге асырылып келеді. 2005 жылдың 1 шілдесінен
бастап 5 жасқа дейінгі балалар үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Мемлекеттің ақша – несие саясаты жайлы ақпарат
Біріңғай бюджеттік сыныптама
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері туралы ақпарат
Қазақстандағы кәсіпкерлік сферасындағы салықтық жүктеменің жағдайы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Мемлкееттік бюджет
Пәндер