Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілітін әлеуметтік жұмыстардың негізгі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Мемлекеттегі жастар саясаты . жастармен жүргізілітін әлеуметтік жұмыстардың негізгі
1.2. Жастар саясатың моделі
1.3. Қазақстан Республикасындағы. жастар саясаты
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер
Кез-келген тарихи кезеңде жастарға қоғамдағы әлеуметтіне жағдайдың объективтілігінің, маргиналдығына, шекаралығына, байланысты оңай тимейді. Жастардың әрбір ұрпағы күрделі жағдайда болады: БҰҮ Бас Ассамблеясының 1985 жылды Халықаралық жастар жылы деп белгілеуі тегін емес, ал оның мақсаты жастардың проблемалары мен жағдайына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару.
ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық жане арнаулы қорлар) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады.
1. Қанапия Ғабдуллина «Құқық социологисы».
2. Алматы- 2003ж
3. Аристотель.Социология.-М.,1983, т.4,348-бет
4. Аристотель.Социология.-М.,1983, т.4,396-бет
5. Энциклопедический социологический словарь.-М., 1995
6. Дюркгейм Эмиль.Социология.-М., 1995
7. Социология.Под ред.К.Габдулиной.-Алматы,1997.
8. Голосенко И.А.Социология Питирима Сорокина.-Самара,1992.
9. Әпенов С.М.Қылмыстық атқару құқығы .Оқу құралы.
10. Алматы,2001
11. Сорокин.П.А.Симтема социологии.т.Пг.,1920
12. Фролов С.С.Социология.-М.,1996
13. Социология.Под ред.К.Габдулиной-Алматы,1999
14. МирсағатовМ.Н.Иваченко Г.М,Калиева Г.И.Организация социальной реабилитаций несовершеннолетних в учреждениях системы социальной зашиты и психосоциальной коррекционно-реабилитацационной работы-1995.
15. 137 Голубкова Н.Я. Социальное поведение учащейся молодежи.
16. Социальная работа: Словарь-справочник / Филоненко Н. И.
М., 1998.
17. Социальные технологии: Толковый словарь / жауапты ред.
Иванов Н. II. М.,1994.
18. Психология социальной работы: Оқулық / проф. П. К. Холостованың басш.ред. М., 2001.
19. Технология социальной работы: Оқу құралы / И.Г Зайнышевтың б.р, - М., 2000ж.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілітін әлеуметтік
жұмыстардың негізгі
2. Жастар саясатың моделі
3. Қазақстан Республикасындағы- жастар саясаты
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Кіріспе
Кез-келген тарихи кезеңде жастарға қоғамдағы әлеуметтіне жағдайдың
объективтілігінің, маргиналдығына, шекаралығына, байланысты оңай тимейді.
Жастардың әрбір ұрпағы күрделі жағдайда болады: БҰҮ Бас Ассамблеясының 1985
жылды Халықаралық жастар жылы деп белгілеуі тегін емес, ал оның мақсаты
жастардың проблемалары мен жағдайына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару.
ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде
аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге
бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда,
әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді
әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса,
екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз
(қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық жане арнаулы қорлар) арқылы
азаматтық қоғам көмектесе алады.
Осы үш ағымның өзара байланысын, тоғысуы жастар саяси құрайды, ол -
жастар сияқты халықтан шыққан ерекше пән ретінде мемлекеттік және қоғамның
әлеуметтік саясатытының құрамдас бөлігі.

Негізгі бөлім
1.1.Мемлекеттегі жастар саясаты — жастармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың негізі
Әлеуметтік саясат дегеніміз адамдардың қоғамдық әл-ауқатын, олардың
материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруды, адамның қадір-қасиетіне құрметті қалыптастыруды және
қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, әлеуметтік бейбіт өмірді бейнелейтін
саясат. Ішкі табиғаты жағынан әлеуметтік саясат адамның дамуын, қоғамдағы
адам ресурсын дамытуға бағытталған, осыдан оңың мақсатының гуманистік
бағыты сияқты маңызды ерекшелігі анықталады. Басқа бір маңызды ерекшелігі
әлеуметтік саяси қоғамдық байлықты тарату пайдалану механизмі.
Әртүрлі қоғам мен мемлекет өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне байланысты
белгілі-бір қағидаларға сүйене отырып әлеуметтік саясатты жүзеге асырады.
КСРО жағдайында қоғамдық тұтыну қорлары тегін тұрғын үй, денсаулық
сақтау, білім беруді кепілдей отырып, капитализм мен салыстырғанда,
азаматтардың әлеуметтік құқығьн қорғау тиімді нысандары болып есептелді.
Мемлекеттің қамқорлығында болашақ ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің
барлық жүйесі қалған болатын. Мемлекет балаға қамқорлық жасаудың көп
ауыртпалығын өзіне артып, отбасының жағдайын жасау тырысқан. Бірақ,
әрқайсысың бірдей дәрежеде қорғауға ұмтылыс өзгеріске әкеп соқты, содан
кейін — қоғам мен жеке тұлғаның екі жақ субьект және субъектілік
байланлыстарының бұзылуына әкеп соғады, ол жеке адам деңгейінде, отбасы
деңгейінде және әлеуметтік институттар деңгейінде көрінеді. Әлеуметтік
асырау деген түсінік пайда болды. Мұндағы әлеуметтік асырау дегеніміз
адамның санасыз түрдегі бағдары емес, объективті түрде қалыптасқан өмір
жағдайы, яғни оның өз күішіне емес мемлекеттің қамқорлығына сүйенуі, сөйтіп
пассивті обьектіге айналуда. Дегенмен, мемлекет те өзі жариялаған құқығын
сапалы түрде жүзеге асыруға шамасы келмей қалды, оған КСРО халқы мен
дамыған капиталистік елдерінің халықтарымен тұрмыс жағдайы салыстырулар
дәлел бола алады.
Құқықтық әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік саясаты, пост кеңестік
кеңістікте пайда болған барлық елдердің Конституциясында, соның ішінде
Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланғандай, екі шекті
қабылдамайды: жалпы асырауда болу және әлсіздер тағдырына немқұрайлылық пен
қарау. Әлеуметтік мемлекеттің негізгі қызметі адам мен қоғамның бостандық
шегін анықтаудан тұрады, онда азаматтардың мемлекетке қаншалықты және неге
көмекке үміт артуға болатыны, ал қайсысы олардың өз қолдарынан келетіні
көрсетілген. Мұндағы ең қиындығы— экономикалық және әлеуметтік саясат
арасындағы ара қашықтықты табу: көптеген әлеуметтік кепілдіктердің
экономикалық тиімділікке байланысты екіге белгілі.
Нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік мемлекет кейбір жалпы
әлеуметтік стандарттарды (еңбек ақы мен зсйнетақының минимумын, жұмыс
уақытының ұзақтығының максимумын, денсаулықты сақтау, білім алудың белгілі-
бір ақысы деңгейін алудың мүмкіндігін және т.б.) құруға ғана міндетті ұлы
жүз пайызға өз міндетін декларацияланған, ақысыз денсаулық сақтау, білім
беру, тұрғын-үй алу құқығына кепілдік бере амайды. Азаматтардың өздері
бастамашылық танытып (жеті сақтандыруын пайдалану, ақылы білім алу және
т.б.), ме,млкеттің көмегіне сүйенсе, онда үлкен жетістікке жететіні сөзсіз.
Соған қарамастан, әлеуметтік мемлекет өзінің халықтың әлауқатын жақсартуды,
кедейшілікпен, үйсіздікпен күресуді, толықтай еңбекпен қамту амалын
жүргізуге, қиын-қыстау кездерде бағаны реттеп тұруды және т.б. өз
жауапкершігіне алады.
Әлеуметтік мемлекет экономиканы елдің даму қарқыны көтерумен қатар
оның құрылысмен жетілдіру үшін бір жан және қоғамда әлеуметтік
тұрақтылықты сақтау үшін екі жағынан реттеп отырады. Сонымен қатар
әлеуметтік бағдар табыс көздерін халықтың қамтамасыз және қамтамасыз
етілмеген жіктері арасында қажетті түрде, әлеуметтік тиімді түрде,
мемлекеттік және жергілікті бюджетті шоғырландыру түрлі қорлардағы қомақты
қаржыны халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге жұмсау, белгілі-бір әлеуметтік
кепілдіктер беру сияқты істерді жүзсте асырады.
Нарықтық қарым-қатьнастарға өту кезеңінде (бұл кезең қазіргі уақытта
барлық кеңестік дәуірдегі мемлекеттер байып кетіп отыр толықтай қызмет етіп
тұрған мемлекет тура кезеңнің жоғарғы заңдарыныңда бақылуында, ол бір
әлеуметтік-экономикалық жүйенің екіншісіне ауысуының бағаны, экономикалық
маңында нұсқасының әлеуметтік бағасы өте жоғары болуына байланысты. XX
ғасырдағы әлемдік тәжірибеде экономикалық бәсеңдеу мен салық базасының
қысқаруына байланысты мемлекеттік бюджеттің табыс әкелу бөлігі жедел
тексереді де, мемлекеттік орғандарға әлеуметтік-мәдени залалдарды бұрынғы
қалпында сақтау үшін және бюджедті қаржыландыру сақтау үшін салық бағамы
өте жоғары деңгейге көтеруге мәжбүр болды. Салық табыстарын көбейту
мүмкіндіктері экономиканың, өндірістік күрт бәсеңдеуі жағдайында
болғандықтан, әлеуметтік-мәдени салалар — білім беру, денсаулық сақтау,
мәдениет, ғылым толықтау қаржыландырмау проблемасына ұшырады. Әлеуметтік -
моделі салалары өздерін өздері құрау үшін күресуге мәжбүр болды.
Сонымен қатар, социализммен және коммунизммен түрлі толқынында сол
дәуірдегі кейбір әлеуметтік жетістіктегі сыртқа шығарылып тасталды. ТМД-ның
кейбір елдерінде міндетті орта білім алу алынып тасталды (Қазақстанның
халқымен басшылығы осы даналық танытып бұл міндетті сақтап, Конститутцияға
бекітті), жан-жақты есептеусіз мектеп жасына дейінгі мекемелер, оқу
орындары және т.б. қысқартылды, бұл әсіресе ауылдық жерлерде кеңінен
жүзеге асырдым.
Бұл әрине қоғам үшін көтеріліс халықаралық тұрғыдан қабылданған
жағдайын көрсеткіші болып табылатын адамзат дамуының индексіне (АДИ)
қоймады, ол халықаралық қауымдастығы үш мынадай компоненттердің өлшемі
негізіндегі адамзат потенциалын қолдану және деңгейіне кешенді баға беру
ретінде қарастырылған болған шынайы ЖІӨ адам басына шаққандағы өндірістік
көлемі; өмірдің ұзақтығы мен сапалығы; білім алуға және білімді жетілдіру
мүмкіндігі.
Жалпы әлеуметтік саясаттың және әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік
саясатының ерекшеліктері олардың нарықтық қатынастарға өту кезеңінде
деформациялануы болып табылады да, жастар саясатын қоғам мен мемлекеттің
әлеуметтік саясатының бөлігі ретінде қарастырғанда, өзгермелі қоғамның
нақты тарихи жағдайларында жүріс асыру мүмкіндіктері ескеру керек.
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда жастар саясаты туралы бірнеше
анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін келтіріп көрейік:
- Мемлекеттік жастар саясаты мемлекеттің жас азаматтарының әлеуметтік
қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік экономикалық, құқықтық,
ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерін құру және қоғам мүддесі үшін
жастарды шығармашылық әлеуетін барынша толықтай жүзеге асыру әрекеті;
- Жастар саясаты — жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қолдауға,
жастардың (балалардың, жасөспірімдерді бозбалалар мен бойжеткендердің, 10-
25 жас аралығында жас адамдардың) өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызуы
мемлекеттік-қоғамдық жағынан қатысуды білдіретін әлеуметтік саясаттың
саласы. Жастар саясатынша Қазақстандық мамандар өзіндік анықтама береді:
Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің саясаты, ішкі докторы,
концептуальдық бағыт беруіне жас ұрпаққа әлеуметтік-құкықтық қорғанышты
(кепілдікті қамтамасыз ету, оның негізгі мүдделері, қабілеттері, физикалық
мүмкіндіктеріне сәйкес және рсформаланушы қоғамның мүдделері мен оның
ілгерілеуін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға, шығармашылық
басташылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында,оны тұтас әлеуметтік
экономикалық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз ету
қызметі;
Жастар саясатына берілген бұл анықтамалар оның жалпы жобасы мен
мазмұны жағынан дұрыс түсінік бергенімен өзіндік кемшіліктерге де ие.
Оларда біріншіден, мемлекет, оның орғандары мен әдістері жүзеге асыратын
жастар саясаты туралы айтылған, бірақ әлеуметтік жастар саясатының
қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар, қорлар, және т.б. саяси партиялар
әрекеттері арқылы жүзеге асатын қоғамдық кесінді есепке алынбаған.
Екіншіден, жастар саясаты туралы ұсынылған анықтмаларда жастардың өздерінің
жастар ұйымдары, басқа да қоғамдық бірлестіктердің белсенділері арқылы,
сондай-ақ жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда жеке
бастамашылық көрсету арқылы қатысуы онша немесе мүлдем көрсетілмеген.
Үшіншіден, оларда әлеуметтік саясат үшін өте маңызды болып табылатын
өлшемдері негізінде — әлеуметтік қорғаудың қажетті дәрежесіне қажетті
жастар ортасының жіктелуі көрсетілмеген, яғни жастардың мемлекеттік және
басқа да патерналистік көмекті қажет ететін бөлігінің барлығы
көрсетілмеген.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына
мынадай анықтама беруге болады: әлеуметтік жастар саясаты — бұл әлеуметтік
саясат, оны мемлекет және, соның ішінде жастардың, бірлестіктері мен
ұғымдары жүзеге асырады, ол жастардың қоғамның және өздерінің мүдделеріне
сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ба-бағытталған, және осының бәрі
жас адамдардың өз тағдырлары үшін; өз отбасының тағдыры үшін жеке
жауапкершілік пен бастамашылыққа негізделе отырып жастардың әлеуметтік
жағынан әлсіз бөлігіне адресті, мақсатты түрде арнаулы шаралар қолдану
арқылы қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен
оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясатының бір бөлігі ретінде
мойындауынан тұрады. Ол халықтың әртүрлі санаттарының, соның ішінде ерекше
әлеуметтік-демографиялық топ ретіндегі жастардың адрестік және адекваттық
сұраныстары кезінде тиімді болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жастар
саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар,мүгедектер, зейнеткерлер мен басқа
да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына деген
қатысты жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмнен тұрмай, жас
ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған
аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық
ресурстары қатарында; қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
- жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани жене дене дамуына
жәрдемдесу;
- жас азаматтарды жасына байланысты кемсітуге жол бермеу;
- жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және
мәдени өміріне толықтай қатысуына жағдай жасау;
- жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға, жеке жетістіктерге
жетуіне мүмкімдіктерін ашу;
- жастардың жаңаруға деген әлеуетін қоғамның даму мүддесі
мен жастардың өздерінің даму мүдделеріне сәйкес жүзеге
асыру;
- жастардың өз күштерімен проблемаларын шеше алмайтын
санатына (панасыздар, жас нашақорлар және т.б.) мақсатты
түрде әлеуметтік көмек көрсету.

1.2 Жастар саясатының моделі
Жастар саясатының мемлекет пен қоғамның іс-әрекетінің дербес бағыты
ретінде бөлінуі адамзат өркениетінщ қазіргі даму кезеңінің заңдылықтарының
бірін көрсетеді. Бұл процесс қоғамның еңбек және интеллектуалдық
ресурстарының әлемдік экономиканың технологиялық қайта құруының
жағдайларына, және ұрпақты әлеуметтендірудің дәстүрлі институттарының
дағдарысына, қоғамдағы жастардың ролінің өсуіне, көптеген жастардың
маскүнемдік, нашақорлық және т.б. түрде көрінетін өзін-өзі бұзу мінез-
құлқының өсуіне қайта өндірудің күрделігімен байланысты.
БҰҰ, МОТ сияқты халықаралық қауымдастық пен басқа да халықаралық
ұйымдар адамзаттың болашағы үшін жас ұрпақтың саналы әлеуметтенуі,
әлеуметтік дамуының маңызы зор деген шешімге келді. Қоғамдық даму,
ілгерінді қарқынды жылдамдатуға әсер ететін әлеуметтік ииституттарды,
әлеуметтік жіктері мен топтарды іздеуде. БҰҰ әлемдік қауымдастықты
экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдениетінің дамуының субъектісі ретінде
жастарға назар аударуға шақырды. Халықаралық қауымдастық қоғамның жастарды
әлеуметтендіруде және интеграциялауда кездесетін қиындықтары тез өзгермелі
дүниедегі жастардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарының арасындағы
қайшылықтарға, сондай-ақ қоғамның бір жағынан ұсынып, екінші жағынан талап
етуіне байланысты екенін де мойындайды. Осы қайшылықтарды шешу үшін
жастарға өзін-өзі көрсету үшін жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз
үлесін қосуға мүмкіндік беру керек.
Жастарды әлеуметтендіруде білім беру мен тәрбиелеу арқылы ғана емес,
жаңа идеялар мен көзқарастар әкелетін жастар да үлес қосады, олар қоғамды
ілгерінді бағытта өзгеруге және дамуға мәжбүрлейді. Жастардың қоғамның
дамуына, әлеуметтік ілгерінділікке үлес қосуына әсер ету мүмкіндігі олардың
білімділігіне, санасының деңгейіне, құндылықтары мен мінез-құлық
себептеріне, әлеуметтік белсенділігіне және т. б. байланысты. Жастардың
өмір саласына қаншалықты кең және терең енуі жастар мен қоғамның даму
қарқынына да байланысты.
Осы жағдайларды саралай келе халықаралық қауымдастық жастар саясатының
жалпы мемлекеттік және қоғамдық, әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі
екенін анықтады. XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінде жастар
саясатының қалыптасуы шартты түрде бірнеше кезеңнен өтті. 60-шы жылдардың
басында батыстық қоғам жастардың анти әлеуметтік, аморальдық мінез-
құлықтарына алаңдаушылық көрсетті, көптеген мамандар оның себебін қоғамның
жаңғыруы, оның ғылыми-техникалық прогресс әсерінен құрылымдық жағынан
күрделенуі, сондай-ақ дәстүрлі әлеуметтік қатынастар мен институтардың,
діни және отбасылық моральдің бұзылуынан көреді.
Ал, әлеуметтік мінез-құлық қоғамның төменгі жігінен шыққан жастардың
көп бөлігіне ғана тән емес, қоғамның орта жігінен шыққан жастардың көп
бөлігіне де тән болды, ол кейбір жағдайларда қоғамның саяси, экономикалық
және интеллектуалдық элитасының отбасыларынан шыққан жастардан да байқалып
қалған. Нәтижесінде қоғам, әсіресе мемлекет жастарға қатысты ауырлықты
бұған дейін қоғамның тәртібіне сыймаған жастарға көмектесіп келген
әртүрлі әлеуметтік қызметтер, қайырымдылық және басқа да ұйымдардан алды.
1.3 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Шет елдік жастар саясатының жасалуы мен қызмет ету тәжірибесіне талдау
жасау нарықтық экономикадағы ашық қоғам жағдайында, сондай-ақ қолайлы және
тиімді жаңа жағдайларда кеңестік уақытта жүргізілген жастармен жұмыс
тәжірбиесін ТМД елдерінде, соның ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастармен әлеуметтік жұмыс
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың факторы ретінде
Жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың факторы ретіндегі ролі
Қазақстан Республикасындағы жастар мәселелері, жағдайы ,әлеуметтік саясаты
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Деструктивті мінез құлық
Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар
Пәндер