Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім:
1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан
қысқаша тарихи мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде
қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2.1. Рельф ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.2.2. Климат (ауа.райы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2.3. Су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және
жануарлар әлемі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарын туризмде пайдалану
2.1. Табиғи ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы
облысындағы көрнекті жерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.3. Алматы облысының қорықшалары ... ... ... ... ... ... ..36
2.4. Алматы қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ... ... ... ... ... ..38
3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары ... ... .44
3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары
ұсынатын табиғи. танымдық турлар ... ... ... ... ... ...46
3.2. «Алматы облысына саяхат» турының
бағдарламасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер ... ... .69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
А қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
Б қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып келе
жатқан саласы ретінде кеңінен танылып отыр. Соңғы бірнеше жылда кейбір елдер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де болады. Егер сандық мәліметтерге жүгінер болсақ табысы қомақты басқа салалармен салыстырғанда туризм саласының салмағы басым екендігін байқаймыз. Мамандардың зерттеуінше туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып, кіріс кіру жағынан бірінші орынға шыққан. Көп жағдайда туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешіп береді.
Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Алматы облысы бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі саяхаттауды ұнататындардың белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шоу-бизнестен өткізілетін мәдени іс-шараларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші кезекке қоятындығы анықталды.
1. Ердавлетов С. Р. География туризма: теория, методы, практика. Алматы,
2000 - 356 с.
2. Поздеев-Башта А. Горные тропы Алматы. Туристско-информационный
справочник Алматы: «Гылым», 1998 - 207 с.
3. Энциклопедия "Алма-Ата". - Алма-Ата: Гл. ред. Каз. Сов. Энциклопедия, 1983-605 с.
4. О туризме в Республике Казахстан в 2000 году Статистический справоч¬ник. Агентство по статистике. Алматы, 2001 - 74 с.
5. Ердавлетов С. Р. География туризма Казахстана. Алма-Ата: "Гылым", 1992-256 с.
6. Ердавлетов С. Р. Казахстан туристский. Алма-Ата: Кайнар, 1989-236 с.
7. Аубакиров Ж. А. Алматинская область. Алма-Ата, 1959 - 128 с.
8. Иванов. И.С. Река Или - главная артерия туризма // Тезисы докладов Меж-дународного экологического форума по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш - 2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.21
9. Айтжанов А.А. Водные ресурсы Алматинской области и пути решения экологических проблем // Тезисы докладов Международного экологического форума по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш - 2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.38

10. Казакова Ю.И., Нусипов Е.Н. Геологическое наследие бассейна озера Балхаш // Тезисы докладов Международного Экологического форума по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш -2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.7
11. Кораблев В. Перспективы освоения туристско-рекреационных ресурсов Прибалхашья // Тезисы докладов Международного Экологического форума по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш -2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.31
12. Попов В.И. Рекреационные ресурсы Балхашского региона и проблемы их освоения // Тезисы докладов Международного Экологического форума по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Балхаш -2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.25
13. Курорты Казахстана.- Алма-Ата: Казахстан, 1973 - 125с.
14. Курорты. Энциклопедический словарь / гл. ред. Е. И. Чазов. - М.: Совет¬ская энциклопедия, 1983 - 420 с.
15. Дублицкий Н., Степанова В. Путешествие по Казахстану. - Москва, 1978 -65 с.
16. Биржаков М.Б. Введение в туризм. М. - С-Пб: торговый дом "Герда", 1999 - 264 с.
17. Карта природно-заповедный фонд Казахстана. Масштаб 1: 3 500 000.-ТОО "Экопроект". Алматы, 1998.
18. Нусипов Е.Н. Возможности развития экологического туризма в ИлиБал-хашском регионе // Тезисы докладов Международного Экологического фо-рума по проблемам устойчивого развития Или-Балхашского бассейна «Бал¬хаш - 2000» - Алматы, ноябрь 2000 - с.42
19. Дроздов Н.Н., Макеев А.К. Жемчужины природы - заповедники. М.: Просвещение, 1985 - 230 с.
20. Берггрин А. П. К поющему бархану. Алматы, Казгосиздат, 1986 - 120 с.
21. Мариковский П. И Заповеди поющего бархана. Алматы: "Гылым", 1996 — 251 с.
22. Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. Алма-Ата, 1980 - С. 143
23. Путеводитель по памятным и достопримечательным местам Алма-
Атинской области. Областное управление народного образования Алма-
Атинская областная станция юных туристов. Иссык, 1992 - 95 с.
24. Ковалев Ю. П., Маркович М.М. По горным окрестностям Алма-Аты. Ал¬ма-Ата: Казгосиздат, 1972-95 с.
25. Актуальные вопросы теории и практики туризма: Сборник материалов Республиканской научно- теоретической конференции /под ред. С. Р. Ердав-летова. - Алматы, Казак университету 1999. - 188 с.
26. О развитии туризма как доходной отрасли экономики Республики Казах-стан: Официальные материалы. - Алматы: ИК "Раритет", 2 001. - 48 с.
27. Назарчук М.К., Гировка Н. Н. Карта туристско-рекреационных ресурсов Семиречья. Масштаб 1:1000000.- Алматы, ТОО "Экопроект". 1997.
28. Поздеев А. Г. Горные тропы Алма-Аты. - Алма-Ата: Білім, 1995 - 205 с.
29. Жунусов Д. М Пути развития туризма в Талды-Курганской области. -Талды-Курган, 1996 - 97 с.
30. Чигаркин А. В. Охрана природы Казахстана. Учеб. Пособие для студен¬тов университета. - Алма-Ата, 1973 - 230 с.
31. Шварцбах М. Великие памятники природы (известные места геологиче¬ских исследований). Перевод с немецкого. - М.: "Мир", 1973 - 200 с.
32. Ковалёв Ю., Маркович М. По горным окрестностям Алма-Аты. - Алма-Ата: Казахское Государственное Издательство, 1963.- 82 с.
33. Мариковский П. Камни рассказывают. - Алматы, 1999.-70 с.
34. Грудзинский М. Дорога ведёт в горы. Алма-Ата: Казахстан, 1965.-184 с.
35. Степанова В.И. По Замлийскому Алатау. - Алма-Ата: Казахстан, 1981.-172 с.
36. Зайцев А., Сергиев Ф. Алматинский высокогорный каток.Алма-Ата, Каз-госиздат, 1955 - 112 с.
37. Пальгов Н. Н. Природа Казахстана в очерках и картинах. Алма-Ата, 1958 - 230 с.
38. Чупахин В. М. Физическая география Тянь-Шаня. Алматы, 1964 - 246 с.
39. Горбунов В. Путеводитель по Казахстану. Алма-Ата, 1965 - 113 с.
40. Дублицкий Н.Н. К озеру Иссык. Алма-Ата, 1956 - 89 с. 41.Бссчетнов П.П., Мальцев С.Н. По лесам Казахстана. Алма-Ата, 1976 -326с
42. Вуколов В.Н. По северному Тянь-Шаню. М.1991 - 123 с
43. Жандаев М.Ж. Природа Заилийского Алатау. Алма-Ата, 1978 - 124 с
44. Лазарев Л.И. Дары щедрого лета. Алма-Ата, 1990 - 97 с.
45. Мальцев С.Н. Альпийская роза. Алма-Ата, 1977 - 210 с.
46. Мацкевич Э.И. Календарь пестрых гор. Алма-Ата, 1987 - 115 с
47. Чупахин В. От пустынь до снежных вершин. Алма-Ата, 1996 - 225 с
48. Караманов У.К., Деговец А.С. Внимание сель! Алма-Ата, 1992 - 46 с

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикалық Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Жаратылыстану-география факультеті
Туризм кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысының туристік рекреациялық
географиясы

Қорғауға жіберілді Орындаған:

Географиялық –туризм мамандығының
_____ ________2008 ж. 5 курс студенті
Әлімжанова Б.А.

Ғылыми жетекшісі:
Кафедра меңгерушісі: аға оқытушы
Әтейбеков Б.Н.
профессор Мазбаев О.Б.

Алматы – 2009
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3
Негізгі бөлім:
1. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 8
1.1. Алматы облысы туризмінің дамуынан
қысқаша тарихи
мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Табиғи ресурстар және олардың туризмде

қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..10
1.2.1. Рельф ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.2.2. Климат (ауа-райы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2.3. Су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.2.4. Флора және фауна (өсімдіктер әлемі және
жануарлар әлемі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2. Алматы облысының айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарын туризмде пайдалану
2.1. Табиғи
ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2. Болашақтағы маңызды болып табылатын Алматы

облысындағы көрнекті
жерлер ... ... ... ... ... ... ... . ... ..35
2.3. Алматы облысының қорықшалары
... ... ... ... ... ... ..36
2.4. Алматы
қорығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.5 Мемлекеттік ұлттық табиғи
саябақтар ... ... ... ... ... ..38
3. Алматы облысының негізгі туристік маршруттары ... ... .44
3.1. Алматы қаласының туристік фирмалары
ұсынатын табиғи- танымдық
турлар ... ... ... ... ... ...46
3.2. Алматы облысына саяхат турының
бағдарламасын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
4. Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттар мен мәселелер ... ... .69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 70
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 2

А
қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...73
Б
қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...74

Кіріспе

Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып
келе
жатқан саласы ретінде кеңінен танылып отыр. Соңғы бірнеше жылда кейбір
елдер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді
тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың
арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де
болады. Егер сандық мәліметтерге жүгінер болсақ табысы қомақты басқа
салалармен салыстырғанда туризм саласының салмағы басым екендігін
байқаймыз. Мамандардың зерттеуінше туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл
автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып, кіріс кіру жағынан
бірінші орынға шыққан. Көп жағдайда туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету
мәселесін шешіп береді.
Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған
Алматы облысы бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі
сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік
потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық
зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі саяхаттауды ұнататындардың
белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шоу-бизнестен
өткізілетін мәдени іс-шараларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін
зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші
кезекке қоятындығы анықталды. Жақын арада, дәлірек айтсақ 1989 жылы Алматы
облысы рекреациялық аймақ бола тұрса да және жақсы деңгейдегі қызмет
көрсету инфрақұрылымы болмаса да жыл сайын 1,5 миллион туристі қабылдап
отырғандығы кездейсоқ нәрсе емес. Әрине, мұндай жағдайда Алматы облысына
туризмнен жүздеген миллион доллар қаржы көлемінде кіріс кіруі анық нәрсе.
Саяхатшылардың саяхаттау мен демалыс өткізу аудандарын таңдауында
табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады. Бұл жағынан алғанда туристер өздері
таңдау жасаған туристік аудандардың ландштафты мен климатына, өсімдіктер
және жануарлар әлемінің бай болуына, спортпен айналысуға, аң аулауға, балық
аулауға жайлы болуына көп көңіл аударады. Туристік аймақтың ресурстары
қандай болса, рекреациялық әрекеттер мен түрлерді ұйымдастыру соған
байланысты болады.
Қазақстанның сарқылмас әрі қайталанбас табиғи сұлулығы Жетісу деп
аталатын өзіндік ерекшелігі мол географиялық аймақта көрініс береді.
Жетісу-жер жаннаты деген сөз бекер айтылмаса керек. Жетісу өңірі көп
уақыттан бері өзінің өсімдіктер және жануарлар әлемінің саналуандығымен,
ыңғайлы табиғи контрастарымен және табиғи ландштафтарымен туризм
саласындағылардың қызығушылығын тудырып отыр. Саяхат жасаудың азапты жолын
артқа тастап әрі өміріне қауіп-қатер тудыра отырса да көптеген ғалымдар мен
саяхатшылардың бұл өңірге асқан қызығушылықпен сапар шеккілері келетіні
тегін емес.
Жетісуды зерттеп жүрген танымал зерттеуші Р.И. Аболин сібір
қазақтарының Жетісу жеріне қоныстанғанын қарай отырып, мына жағдайды
байқаған. Көшіп келген казактарға Жоңғар Алатауының етегіндегі жерді
суландыратын су көздерінің көптігі таң қалдырған. Осы есепте Жоңғар Алатауы
Сібір мен Орта Азия тауларын байланыстыратын ерекше көпір болып
табылады.[1]
Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы, рельфтің
әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің археологиялық,
спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына айналуына ықпал
етті.
Құм шөлейттер мен қарлы шыңдар, құмды бархандар мен мұздықтар,
сексеуіл мен эдельвейстер қатарынан бірге орналасатын аймақтар болады. Дәл
осындай көршілестік Алматы облысында бар. Бұл жерде алты түрлі климаттық
белдеулермен танысуға болады. Сіз бұл аймаққа саяхаттау мақсатында сапар
шеккен болсаңыз жолда шөл даланың аптап ыстығына тап боласыз, дархан
даланың ғажап көркіне тоймай көз тіге аласыз, тау етегіндегі алып
ағаштардың саясында тыныға аласыз. Одан жоғарыға көтерілер болсаңыз
алдыңыздан қылқан жапырақты орман құшақ жаяды. Ал одан сәл жоғарыда яғни
тау-тастың арасында тундраны еске түсіріп, танау жаратын хош иісті арша
өседі. Қарлы шыңдардың ұшар басына аяғыңыз тиген сәтте сіз бейнебір
Арктикада тұрғандай әсер аласыз.
Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар секілді шетелдік туристерге де
Аламаты қаласының туристік фирмалары жасаған табиғи – танымдық турлардың
бағдарламаларын таңдау ұсынылады. Мұндай табиғи-танымдық турларды құру
кезінде Алматы облысының барплық табиғи ескерткіштері мен көрнекті жерлері
қамтылады.
Бірақ, өкінішке орай көптеген турлар қазақстандық туристік қызмет
көрсету нарығында өте қымбат жіне қолайсыз болып отыр.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі төрт тараудан және қортындыдан
тұрады.
Бірінші тарауда біз Алматы облысы туризмін дамыту мен оны
пайдаланудың табиғи алғышарттарын қарнастырамыз.
Екінші тарауда табиғи-танымдық турларды құру барысындағы айырықша
қорғауға алынған аймақтар жөнінде сөз қозғаймыз.
Үшінші тарауда Алматы қаласында жұмыс жасайтын табиғи-танымдық
турларға сипаттама беріледі және Алматы облысына саяхат туры құрылады.
Төртінші тарауда біз Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы
алға қойған мақсаттары мен мәселелерін қарастырмақпыз
74 беттік мәтін көлеміндегі жұмыс 5 кесте мен 3 қосымшадан тұрады.
Бұл жұмысты орындау барысында 48-ге жуық әдебиет көздері пайдаланылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылған шешуші сөздер: табиғи
ресурстар, айырықша қорғауға алынған аймақтар, қорық, ұлттық саяжай,
табиғат ескерткіштері, табиғи-танымдық тур.

Жұмыстың мақсаты – табиғи-танымдық туризмнің қазіргі хал-жағдайын
сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына ғана емес Қазақстанның
да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, одан қала берді ТМД елдерінің
де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық турларды құру.
Жұмыстың міндеттері:
. Алматы облысының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық
турларды ұйымдастыру барысында қолдану;
. Табиғи-танымдық турларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған табиғи
аймақтарды (ООПТ) пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
. Аталған аймақтағы табиғи-танымдық турларды құрумен айналысатын туристік
фирмалар жүргізген маркетингтік зерттеулердегі жинақталған тәжірибелермен
танысу;
. Табиғи – танымдық турлар құру;
. Алматы облысының келешекте туризмді дамытудағы алға

қойған мақсаттары мен мәселелерін анықтау;
Дипломдық жұмысты қорғауға дайындау барысында төмендегідей әдіс-
тәсілдер жиынтығы қолданылды, атап айтар болсақ: материал жинау
( әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде жарық
көріп отыратын материалдар, энциклопедиялық баспалар), қолға түскен
ақпараттарды сараптау және талдау, сонымен қатар бақылау. салыстыру және
картографиялық тәсілдер де пайдаланылды.

1 – тарау. Алматы облысы туризмінің дамуындағы
табиғи алғышарттар.

Туризм өзіндік ресурстық бағыт- бағдары бар салалардың қатарына
жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде
ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі
қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына
орасан зор мүмкіндік алады.
Рекреациялық мамандану деңгейіне байланысты жерді рекреациялық
пайдаланудың негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады:

1.Рекреациялық белсенділіктің жоғары деңгейі сақталған территориялар.
Бұл жерде басқа жер тұтынушылар екінші орынға ығысады және мәнін
жояды.Олардың қатарына мыналар жатады:
( саяжайлар, жағажайлар және басқа да көпшілік демалатын орындар).

2. Экологиялық және өндірістік қызметтерді біруақытта атқаратын
рекреациялық белсенділіктің ортаңғы деңгейіндегі территориялар.
Олардың қатарына жататындар: (қала сыртында отырғызылған жасыл
көшеттер, эрозияға қарсы отырғызылған ормандар т.б.).
3. Рекреациялық мөлшері аз деңгейдегі территориялар.

Алматы облысы республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін алып
жатқан Жетісу деп аталатын аймақта орналасқан. Солтүстігінде ол Шығыс
және Орталық Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр әрі бұл шекаралық
аймақты ащы-тұщы сулы Балхаш көлі, суы ащы Алакөл, Жалаңаш көл және суы
тұщы Сасықкөл мен Ұялы көлдері бөліп жатыр. Шығысында Жоңғар Алатауы
арқылы Қытай мемлекетімен көршілес жатыр. Ал, оңтүстігінде Іле
Алатауы, Күнгей және Теріскей Алатау жоталары созылып жатыр. Бұл
Солтүстік Және Орталық Тянь-Шань таулары. Батысында Жамбыл облысымен
шектеседі.
Облысты Жетісудағы ең ірі су көзі Іле өзені кесіп өтеді. Оның
қайнар көзі Алматы облысынан бастау алып, сосын Қытайға бет алады, ол
жақтан қайтадан Қазақстанға ағып келіп жасанды Қапшағай су қоймасын
түзген соң шөл арқылы өтеді де Балқаш өзеніне келіп құяды. Оның ұзындығы
1001 шақырым. Қапшағайдан Іле Алатауының аңғарына дейін 1000 шақырымға
жуық, бірақ мұндай ара қашықтықта бір сағаттың ішінде қаңсыған шөл
даладан бастап арктикалық мұзға дейінгі 4 климаттық белдеуді жүріп
өтуге болады [3].
Облыста альпинизм мен тау туризмі кеңінен танымал. Биік шыңдар
мен асуларды бағындыру сонау 30-шы жылдарда-ақ қолға алына бастаған және
мұнымен айналысушылар әлемнің әр түрлі елдерінен келіп жататын туристер
болды. Қазақстанның ең биік нүктесі (6695м) болып саналатын және жаз
мезгілінде 2000-ға жуық адам өрмелейтін Хантәңірі шыңының етегінде
халықаралық алпинистер лагері (МАЛ) орналасқан.
Ауа-райының тұрақтылығы, асулар мен жазықтардың көп болуы,
рельфтің әр алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматының туризмнің
археологиялық, спорттық, танымдық т.б. түрлеріне ыңғайлы демалыс орнына
айналуына ықпал етті [2].

Алматы облысы туризмінің дамуынан қысқаша тарихи мәлімет.

Алматы – салыстырмалы түрде алғанда жас қала болғандықтан туризм
саласындағы үлкен тәжірибе жайында сөз қозғау қажет емес. Алайда, туризм
мен экскурия тарихы Верный қаласынан, сосын Алма-Ата, кейіннен Алматы
қаласында басталғаны белгілі.
Сонымен, отандық туризмнің пайда болуы Верный қаласында Орыс
географиялық қоғамы құрылған 20 ғасырдың басында-ақ бастау алады. Қоғам
бөлімі 1927 жылға дейін жұмыс жасап келді.
20 жылдардың соңында энтузиасттар саяхаттаудың барынша белсендірек
түрлерін ұйымдастыра бастады. Олардың қатарында Іле Алатауына жаяу саяхат
жасаған тау туризмінің танымал тұлғалары Г.И. Белоглазова, Ф.Л. Савина және
В.М. Зиминдер бар еді. [4,5].
Сәл кейінірек 1931 жылы туризмді ұйымдастыру барынша биік деңгейге
қойылды: сол кездегі Алма-Ата қаласындағы Жетісу Губерниялық музейінде
туризм мен экскурсияның пролетарлық қоғамының бүкілодақтық мүшелері болып
табылатын он адамнан құралған топ ұйымдастырылды. Осыған байланысты Алма-
Атада Қазақтың Алматылық өлкетану кеңесі құрылды. Оның бірінші төрағасы
болып Әліби Жангелдин тағайындалды. Ал, 1932 жылы Алматы қаласы және оның
айналасындағы жерлер бойынша туристік маршруттар көрсетілген жол сілтегіш
жасалып, басылып шықты. Қазақстандағы туризмнің дамуына турбаздардың,
приюттердің және демалыс орындарының ашылуы көп ықпал етті. Мысалы, 1936
жылы Алма-Атаға жақын жердегі Горельник рощасында 50 адамға арналған
туристік база ашылды. Алматы мен оның айналасында туристер слеті өткізіле
бастады мұндай ( алғашқы слет 1939 жылы Көкжайлау асуында өткізілді,
оған 200-ге жуық адам қатысты), сонымен қатар, 1935 жылы Комсомол шыңында
бірінші рет альпиниада өткізілді [6].
Осыдан соң, сәл кейінірек 1943 жылы Горельник турбазасы уақытша Кеңес
әскерлерінің солдаттар мен офицерлерден құралған тау–атқыштар
инструкторларын дайындайтын Бүкілодақтық мектепке айналды. 2 жылдың ішінде
мектеп 1500-ға жуық адам дайындап шығарды. Мектептің көптеген түлектері Ұлы
Отан Соғысы жылдарында майданға араласты. Олар Кавказ, Карпат, Судет
тауларында, Трансильвандық Альпі, Хингане, Норвегияда әскери істерге
араласты. Соғыстан соңғы 10 жылдықта, яғни 1953 жылы Горельник турбазасы
өз жұмысын қайта жаңғыртып, туристерді қабылдай бастады.
1955 жылы Есік турбазасы құрылды, бірақ Бұл турбаза Горельник
турбазасымен бірге сел жүру қаупі салдарынан жабылып қалды.1952 жылы
Қазақстанда туристік- экскурсиялық басқарма құрылды. Ал, 1959 жылы Алма-
Атинская турбазасы құрылды. 1962 жылы туристік-экскурсиялық басқарма
туризм бойынша кеңес ұйымдастырды. 1965 жылы Қазақтың туризм және экскурсия
Кеңесі, сондай – ақ Алматы облыстық туризм кеңесі және Алматылық экскурсия
бюросы құрылып, жұмыс жасай бастады. 1968 жылы Алматау деген атаумен жаңа
турбаза ашылды. Ал, 1970 жылдан бастап Алма-Ата автобазасы мен бақылау-
құтқару қызметі іске кірісті.
1980 жылға аяқ басқанда Алма-Ата қаласында туристік және
экскурсиялық жұмыс барынша биік деңгейге көтеріліп, үнемі даму үстінде
болды. Ел үкіметінің тарапынан туристік инфрақұрылымды дамытуға көп
мөлшерде қаражат бөлінді. Атап айтқанда, сол қаржыға елімізге келетін
туристер қатарының көбеюіне байланысты жаңа қонақ үйлер мен турбазалар
салынды. Сонымен, 1982 жылы санақ бойынша 231 мың турист пен 1193 мың
экскурсантқа қызмет көрсетілген. Оларды қабылдап алу, орналастыружәне
қызмет көрсетуді Алматы туризм кеңесі мен оның қарамағындағы ұйымдар өз
мойындарына алды. Сол кездің өзінде-ақ Қазақ Республикасына қонаққа келген
туристерге тауға жаяу саяхаттау маршруты, қалалық маршрут, табиғи маршрут
секілді туристік маршруттардің тұтастай кешені ұсынылды.Қала ішіндегі және
қала сыртындағы экскурсиялар 88 тақырып бойынша өткізілді, олардың ішінде
Асқақ Тянь-Шаньға бетпе-бет, Медеу спорт кешені, Жамбыл Жабаев қазақтың
ұлы ақыны, Жер мен адамдар Іле жазығынан шыққандар, Отан неден
басталады т.б. танымал тақырыптар кеңінен қолданылды. Экскурсияларды 309
экскурсовод тіркелген Туристік Экскурсиялық бюроның мамандандырылған
қызметкерлері жұмысшылары жүргізді. 1983 жылы Мәскеу, Ленинград, Киев,
Брест, Минск, Баку, Ереван, Тбилиси, Прибалтика, Кавказдың Қаратеңіз
жағалауы, Архангельск- Соловки, Светлогорск бағыттары бойынша 3 күннен 20
күнге дейінгі ұзақтыққа 87 әуе маршруттары жасалып, ұсынылды. 1982 жылы
Алматылықтарға 9 теплоход және 4 автобус маршруттары берілді. Алматы
қаласындағы мекемелерде, кәсіпорындарда, құрылыс нысандарында, ғылыми-
зерттеу институттарында және жоғарғы оқу орындарында туризмнің түрлері
бойынша 4 клуб пен 310 дене шынықтыру ұжымдарының секциялары құрылды. 1962
жылдан бастап қалалық тіристік клуб өз жұмысын бастады. Атқарылған
істердің арқасында бұл клубтар мен ұжымдар 49 мыңға жуық туризмді
ұнатушыларды айналасына шоғырландырды. 1982 жылы Алма-Атада туристік
клубтар мен секциялар 241,1 мың адам қатысқан 9060 саяхат ұйымдастырды,
сонымен қатар спорттық туризмнің түрлерінен әр түрлі жарыстар мен слеттар
өткізіліп отырды. Осының әсерінен бүкілодақтық спорттық квалификацияға ие
болғандардың саны артты, 1982 жылы 3,5 мыңнан астам адам спорттық
разрядттарға қол жеткізсе, 22 адам туризм бойынша СССР-дің спорт шебері
атағын иеленді. Спорттық туризмнің нормативтері СССР-ді қорғау мен оған
еңбек етуге дайынмын деп аталатын физкультуралық кешенге енгізілді [3].
Кеңес Одағы құлағанна кейін қаржылық қамтамасыз ету жағы
жетіспегенннен және бұрынғы одақ республикаларымен арадағы байланысты үзіп
алу салдарынан барлық туристік клубтар, секциялар, ұйымдар өз жұмыстарын
тоқтатуға мәжбүр болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Қазақстан
Республикасы үкіметі туризм саласы бойынша агенттік құруға қаржы бөлді. Бұл
агенттік кейіннен туризм және спорт агенттігімен бірлесіп қызмет атқарды.
Нарықтық экономика жағдайы орын алған кезде туристік сала
тұтынушыларға сапалы қызмет көрсете алмайтын және нарықтық жағдайға әлі
бейімделмеген, тәжірибесі жоқ жеке кәсіпорындар мен фирмалардың қолына
өтті.
Қазіргі таңда Қазақстанда 600-ден астам туристік фирмалар бар,
олардың 400-ге жуығы алматы қаласында орналасқан [4]. Бірте –бірте туристік
қызмет көрсетудің қазақсандық нарығы клиенттердің назарын дәстүрлі туризмге
аударумен ғана шектеліп қалмай, олардың қалтасының қалыңдығына, таңдауына,
талғамына сай сан түрлі эксклюзивті турларды ұйымдастыруды жолға қойды.
Алайда, Алматы облысы туризмінің дамуында жоғарғы деңгейде шешімін табуға
тиісті көптеген мәселелер әлі де бар. Бұл мәселелер 2001 жылдың 13
маусымында Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңды
қабылдаған сәтте жеке-жеке қарсытырылып, талқыланған болатын.
Алматы облысының табиғи ресурстары және олардың туризм саласында
қолданылуы.
Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың
тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен
өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің
болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол
ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің
саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей
критериилерді бөліп қарастыруға болады:
- демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;
- аймақтың рельфі;
- климаттық жағдайлары;
- сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;
- су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;
- сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы; [5].

Алматы облысында бұл табиғи ресурстардың жиынтьығы басым.
Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылыға жағынан Қазақстан
аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Алматы облысының аймағы
болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей
сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі жылылықтың ұзақ
сақталуы, жер беті суларының болуы, орманға оранып, көз тартатын көрікті
таулардың көп болуы, экскурсиялық нысандардың болуы. Сөз жоқ мұндай
сұлулықты дархан табиғат ана Алматының маңайына асқан жомарттықпен тарту
еткен [5].

1.2.1. Рельф.

Алматы облысы - ғаламшарымыздағы тропикалық және экваторлық
зоналардан басқа барлық ландштафты зоналарды бірнеше сағат ішінде жүріп
өтуге болатын жерлердің бірі. Орналасуына, жер бедеріне қарай облыс әр
түрлі екі бөлікке бөлінеді, олар: оңтүстік-таулы аймақ және солтүстік
–жазық.Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының
солтүстік сілемдері созылып жатыр. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-
батысы Балхаш шөлімен ұштасып жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай қозғалып келе жатып жаттығып жүрген адам жол бойында шөлге, жартылай
шөлді далаға (500-ден 1000 м-ге дейін), орманды дала мен жапырақты
ормандарға ( 1000-1400 м), тянь-шань шыршаларының орманына (1400-2700),
альпілік және субальпілік алқаптарға, қарлы шыңдар мен мәңгілік мұздықтара
тап болады.

1.2.2. Климат

Табиғи ортаның екінші бір маңызды элементі климат болып табылады.
Оның жалпы сипаттамасы жайлы сөз етсек сол аймақтың рекреациялық
мақсаттарда жарамдылығын бағалауда топо-климаттық және микроклиматтық
ерекшеліктері анықталады. Ауаның тазалығы, инсоляцияның жағымды жағдайлары,
ауа температурасының аз мөлшерде ауытқуы және ауаның ылғалдылығы, тұманның
сиректігі, желден қорғану барынша үлкен мәнге ие.
Алматы облысының климаты
Облыста барынша суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады.
Жазықтық жерде қаңтар айындағы ауа температурасы минус 12,0-тан минус
градустан 14,1градусқа дейін ауытқиды. Балхаш маңайындағы суық маусымның
ұзақтығы 5 айға жуық (қарашадан наурызға дейін). Тау етектерінде қаңтардағы
орташа температура минус 5,6-дан минус 6,6 градусқа дейін ауытқиды. Бұл
жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.
Облыстың жазық және таулы жерлерінде өте ыстық. Шілде айындағы орташа
температура плюс 20 градустан плюс 25,1 градусқа дейін ауытқып отырады.
Алматы облысының климатына белсенді күн радияциясы тән. Мұнда вегетациялық
кезең 4000 градусқа дейінгі температура мөлшерінде 205 күннен 225 күнге
дейін созылады.
Биік таулы аудандардағы климат облыстың жазық жерлі аудандарындағы
климаттан ерекшеленіп тұрады. Жаз мезгілінде тауда ауаның температурасы
әрбір 1000 метр сайын орташа есеппен алғанда 0,6 градусқа төмендеп отырады.
4500 метрден жоғары биіктіктерде орташа температура барынша жылы ай
шілденің өзінде құбылып отырады.
Алматы облысының аймақтары бойынша жауын-шашынның түсуін бақылағанда
оның әр жерде біркелкі түсе бермейтіні байқалды. Облыстың жазық жерлі
аудандарына түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 125 мм-ден 300 мм-ге
дейін ауытқиды, ал тау етегінде 400 мм-ден и500 мм-ге дейін өзгерсе, тауда
700 мм-ден 1000-ге дейін өзгеріп отырады. Облыстың ең құрғақ жері Балқаш
маңы болып табылады. Мұндағы климатқа тән шөл іспеттес. Облыста көктемгі
және жазғы кезеңдерде жауын-шашын көп мөлшерде түседі [9].
Облыстың тау жақ бөлігі демалыс үйлері мен санаторийлер, курорттар
салуға аса ыңғайлы болып келеді. Осылайша, Алматы облысы туризмнің қысқы
түрлермен қатар жазғы түрлерін де дамытуға жайлы жағдай туғызатын климаттық
ресурстарға ие. Қыс мезгілінде ауа-райы ыңғайлы және жауған қар шаңғышылар
мен коньки тебушілердің ғана емес қыс қызықтарын ұнататындардың да әр
түрлі қысқы ойындар ұйымдастыруына ықпал етеді. Ал, жаз кезінде шомылуға,
күн көзіне қыздырынуға, қаланы аралап қыдыруға керемет жағдай туады.

1.2.3. Су ресурстары

Іле өзені - Қазақстанның ірі өзендерінің бірі (1439 шақырым). Біздің
еліміздің территориясында бұл өзен Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Қаскелең
өзендерінің арнасын өзіне құяды. Оның ағысы өте тез, судың орташа жылдық
ағыны секундына 460 куб метрді құрайды. Іле өзені қайық жүзуге ыңғайлы
болғанымен жүк тасымалдаушы кемелердің қозғалысына қиындау болады.
Өзендердің арнасы мен бастауларын еріген мұздықтар толықтыратындықтан тауда
еріген қар суының Ілеге келіп құйылуы сәуір айынан бастап тамыз айына дейін
созылады.
Іле өзені жайлы ертеден бір аңыз қалған. Бағзы заманда бұл өлкені
Балхаш есімді қатігез сиқыршы мекендеген екен. Оның Іле есімді сұлу қызы
болыпты. Сол сұлу Қаратал атты бір кедей жігітке ғашық болады. Бірақ оның
қатал әкесі қызына сүйгенімен кездесуге тыйым салады. Сол кезде Іле сұлу өз
жүрегінің қалауы Қараталмен қашып кетеді. Мұны біліп қойған әкесі Балхаш
қашқандардың жолын кесу үшін көлге айналып қос ғашық Қаратал мен Ілені екі
арнасы екі бөлек екі өзенге айналдырып жібереді. Қатал әке айырып жіберген
екі ғашықты тағдыр қосылуға жазбаса да екеуі Балхашқа келіп құйғанда
бәрібір табысады екен деседі. [11].
Іле өзені құмды жағалаулардың арасымен емін-еркін аққанымен өзеннен
200 м биіктікке көтеріліп жатқан Қапшағай қыраты мен Қапшағай ГЭС-і қысып
тастайды. Сонымен бірге мұнда Алматы қаласының демалыс зонасы болып
табылатын биіктігі 40 метрлік қолдан жасалған Қапшағай көлі бар.
Жабайы табиғаттың таң қалдырарлық сұлулығы жан тебірентеді. Қарлы
шыңдардан бастап құмды бархандарға дейінгі ғажап крініс көзді арбайды.
Өркениетті Европада мұндайды көру үшін мәңгілік мұз құрсанған Шпицбергеннан
Африканың шөліне дейінгі 4000 шақырымға жуық жерді саяхаттауды бастауға
тура келер еді.
Іле өзенінің атауы айнадай жалтыраған деген мағына беретін моңғол
сөзінен шыққан. Іле өзені бассейінін бір-бірімен өзара байланысты бірнеше
туристік зоналарға бөлуге болады[12]:
1. ҚХР-дың шекарасынан Қапшағай су қоймасына дейінгі Іле
өзенінің бастауы
2. Қапшағай су қоймасы
3. Қапшағай ГЭС су бөгетінен бастап Ақкөл
поселакасына дейінгі ортаңғы бөлігі.
4. Ақкөл поселкасынан басталатын төменгі бөлігі.
5. Балхаш көлі.
Іле өзенінің басы Алтын Емел Ұлттық табиғи саябағының, Әнші құмның,
Бесшатыр қорғанының сұлулығымен көз тартады. Бұл ауданның жарты бөлігі
шегаралық зонада орналасқандықтан атақты жа ажарлы Алтын Емелдің сұлулығын
тамашалау үшін арнайы рұхсат қағазы болу керек. Басында саябақтың басшылары
тек шетелдік туристерге ғана қызмет көрсететін. Алайда, бүкіл әлемде
қоршаған ортаны қорғау ең маңызды іс болып отыр [12].
Қапшағай су қоймасы орналасқан аймақ барынша игерілген, бірақ бұл
жерді ыстықкөл секілді жасау үшін біраз жұмыстар атқару қажет.
Өзеннің Қапшағай ГЭС су бөгетінен төменде орналасқан ортаңғы бөлігі
алматылық турфирмалардың талпыныстарының арқасында 1998-2000 жылдары
қайтадан жандана бастады. Өзенді жағалай 1-2 күндік маршруттар өткізіліп,
жартасқа жазылған таңбалы жазулар Тамғалы – Тас жазуларын көруге автобуспен
саяхаттар ұйымдастырылып отырады. Осының бәрі қалалықтардың арсында өзеннің
танымал болуына ықпал етті. Оның үстіне жеке жеңіл автокөліктердің көбеюі
өзен айналасына серуендеп, саяхаттап келушілердің санын көбейтті. Соған
байланысты өзеннің маңайын тез арада ретке келтіру жұмыстарын қолға алу
керек және жергілікті туристер мен вандалдар яғни мәдени ескерткіштерді
жоюшылар жойып жоқ қылуға айналған тастағы Тамғалы тас жазуларын қорғауға
алу керек.
Өзінің бастапқы жаралғандағы сұлулуығын сақтап қала алған өзеннің
төменгі ағысы болып табылады. Мұны сом балықтарды аулауға келетін шетелдік
туристерге қызмет көрсетуші турфирмалар жақсы біледі. Өзеннің сағасы жабайы
табиғаттағы құстарды, жан-жануарларды бақылауға және экзотиканы жақсы
көретіндерге арналған нағыз жұмақтың өзі. Табиғаттың аясында демалғанды
жаны сүйетін шетелдік туристердің арасында ең танымал әрі сүйікті істері
бердинг (ағылшын сөзінен алғанда берд - құс деген мағынаныф білдіреді)
болып саналады. Құстарды бақылау барысында оларды суретке түсіруден алдына
жан салмау басты нәрсе болғандықтан туризмнің бұл түрі өз алдына спорт
ретінде танылады. Туризмнің бұл түрі бүкіл әлемсде белгілі болғандықтан
шетелдік туристерді бізге де тартудың мүмкіншілігі туады деген сөз.
Туристік көзқарас тұрғысынан қарастырғанда азырақ игерілген
Балхаш көлі болып табылады. Бұл көл Іле өзеніне жасалған саяхаттың шешуші
тұсы ретінде өзінің көлемімен және қайталанбас сұлулығымен ерекшеленеді.
Онда жайланып демалуға болатын орманды аралдар өте көп [14].
Сонымен қатар тау суларын игеру су туризмін дамытуға мүмкіндік
береді. Су туризмі – туризм түрлерінің ішіндегі барынша экологиялық түрі
болып табылады. Тәжірибелі су-спортсмендері үшін шетелдік туристерге әлі
таныла қоймаған Шарын, Шелек, Коксу, Лепсі, Қаратал өзендері аса ыңғайлы.
Бұл өзекндердің жоғарғы сағасы табиғи ландштафтарға аса бай әріадам аяғы
баспаған зоналарда орналасқан[8].
2. Алматы облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи
территориялардың табиғи-танымдық турларды ұйымдастырудағы қолдану.
Территориялардың игерілуіне қарай, соның ішінде туристік игеруде
табиғаттың алғашқы кейпінің кем дегенде бір бөлігінің қорғанысын
қамтамасыз ету проблема туғызады. Сонымен қатар бөлек қолдан жасалған
объектілерді, олар өз алдына берілген мемлекетте, қоғамда немесе
адамзат баласына мәдени тарихи құндылыққа ие болатын жерлерді қорғау
және сақтау көзделеді. Осы үшін әлемдегі әр мемлекетте құрлыққа
немесе су кеңестігінің бөлігі бір жерлерде адам шаруашылықты қатаң
шектеулі, немесе мүлдем тиым салынған. Солардың ішінде мысал ретінде
Алматы болысындағы келесі түрлерді ООПТ (16):
-Ғылыми қорық, қорғалатын территория, бұл жерлер тек ғылыми негізде
ғана қолданылады, мысалы Алматы қорығы, ол жерде жануар әлемінің
ерекше түрлері сақталған;
-Ұлттық парк, ол ерекше табиғи және ландшафты территория өз
кезегінде ұлттық немесе халықаралық мәні бар жерлердің сақатлуы үшін
құрылады, 300-ден артық ірі ұлттық парктер әлемде таралған. Алматы
облысында Іле-Алатау және Алтын-Емел (16 )деген екі табиғи парктер бар.
-Табиғат ескерткіші, табиғи немесе қолдан жасалған мәдени-тарихи
көрікті жерлер, ол қолдан жасалған жерлер мен объектілерді сақтау үшін
ұйымдастырлады. Оларға Шыңтүрген шыршалары және реликтовая-ясеневая
роща.
-Жабайы жануарлар қорығы, жекелеген жануарлардың популяциясын,
биологиялық қауымдастық таптарын сақтау үшін адамның жоспарлы
бағытталған араласуы қажет болады. Алматы облысында олар 8-Алматылық
(кешенді), жоғарғы Көксу зоологиялық, Кукан зоологиялық, Лепсі зоологиялық
Тоқты зоологиялық, Балхаш зоологиялық, Іле дельтасы зоологиялық, Қараой
зоологиялық арнаулы (17).
-Қорғалатын ландшафт, ол табиғи ландшафтың ерекше элементтері мен
ғажайып құбылыстарды сақтау үшін ұйымдастырылған. Бұл жердің
ландшафтында жол салумен, өндірістік объектілер мен ғимараттар, электро
тасымалдаушы линиялар салуға тиым салынған. Қоғамдық қолданысқа туризм
және дем алысқа әдеттегі өмір шеңберінде және сол район (аумақ)
экономикалық қызметі аясында ұсынылады. Мысалы, табиғи ескеркіш-
Шарын каньоны.
Одан басқа, адам қолымен жасалған жасанды жерлер, ерекше
немесе жоғалуға жақын жануралар мен өсімдіктер түрік табиғи
ландшафта сақтау үшін бөлінеді. Оларға Алматы қаласындағы басты
ботаникалық бақты жатқызуға болады. Және де Іле боаникалық бағым мен
Алматы зоологиялық паркі мысал болады (17).
Туризм Қазақстанның шаруашылық қызметінің маңызды бөлігі болып
қалыптасып жатыр және ол белгілі бір қорғалатын территрияларда жоспарлы
және бақылау арқылы жүзеге асырылады. Көптеген әлем елдерінде ұлттық
паркте, басқа резервация және объектілерде өзін өзі қаражаттайтын және
табиғат қорғанысының құралы ретінде белгілі. Бірақ көбіне аталған
территориялар сол елдің бюджетінен, халықаралық ұйымдар көмегі арқылы
әсіресе егер олар ұлттық юрисдикция шеңберінде орналасқан жағдайда
қарастырылады. Бұл үшін туризмнің реттелуі және жоспарлығы және
территорияның немесе объектінің өткізу мүмкнідігінің деңгейін
қадағалау көзделеді. (26,27).
Қазақстандағы парктер экожүйесі елеулі ықпалға берілмеген және
адам шаруашылығы нәтижесінде өзгеріске ұшырамаған, өсімдік пен
жануарлар әлемі алғашқы қалпында сақталып, геоморфология мен қоршаған
орта ерекше қызығушылық тудыратын соған қоса өте әдемі ландшафты
жерлер құрайды. Осындай практер мемлкеттің жоғарғы органдарының
шешімі немесе халықаралық ұйымдардың ақылдасқан шешімі арқылы
құрылады, мысалы ЮНЕСКО (19) (Қосымша А).
Жоғарыда аталған ерекше қорғалатын территорияларды қарастырайық.
Табиғи ескерткіштер.
Ясеневая роща. Сртоғай шатқалында орналасқан. Ясень- реликті
ағаш. Палеонтологиялық олжаларға қарағанда, бұл ағаш палеоген
дәуірінде өскен. Ясень мұздық қатаң дәуірден аман шығып төрттік
дәуірге дейін жеткен. Көптеген миллион жылдар өтті. Тау қыраттар,
климат, жер кедбеті, жануралар жаңа түрі пайда болып қайта жоғалып
жатты, өсімдіктер -барлығы өзгеруіне ұшырады, тек бұл ағаш қана
өзгермеді. Бұл территорияда негізінде солдат ясень өседі.
Ботаниктер оны өзен сүйкіш деп атаған, себебі сол тек өзен
жағасында ғана өседі. Ясеннің бұл түрі тек осы жерде сақталған,
Шарын өзенінің төменінде, каньонда Темірлік өзені боында. 1964 жылдан
бастап бұл жер табиғат ескеркіші атағына ие болды. Ағаш кесуге
тиым салынған. Бұл жерді көптеген күтушілер қарайылдайды. Аумағы
4855 га, бірақ ағаштың алатын жері тек 800 га. Бұл ағаштан бөлек
қара туранта, лох, үлкен жемісті терек кезедседі. Ясень жапырағы ең
қою жасылы, сұр жапырақты. Э.К. Бердин ботанигі ясеньді зерттеуші,
назар аударарлық тұжырым жасады; гидрологиялықрежим өзгергендіктен,
топырақ құрамы өзгері, осының нәтижесінде ясеневая рощаның табиғи
қалпына келуі кідіріп қалды. Осы ясеневая роща бойымен көптеген
километрге ежелгі қорғандар тізілін жатыр. Олар өте көп, жүздеген ірі
тастардан қаланған үлкен емес. Сартоғайдың үлкен қорғандары
Жетіөзен ауданының қорғандарынан өзгеше ерекшеленеді. Бәлкім, бұл
ерекше тайпаның тұрғындарының өзгешілігі шығар. Қорғандар ірі
шеңбермен немесе шаршы болып тастармен қоршалған. (22).
Шынтүрген шыршалары. Алматы облысының оңтүстігінде, Іле
Алатауының Бозгүл шатқалында Шынтүрген шыршалары бар. Бұл солтүстік
қара қылқан жапырақты тайга мұз дәуірінен сақталып қалған, үлкен
ғылыми құндылыққа ие. 1968 жылдан бастап Шынтүрген шыршалары
Қазақстанның табиғи ескеркіші болып жарияланды.
Болашағы бар табиғи ескеркіштері және көрікті жерлер.
Ерекше қорғалатын территориялардан басқа да мемлекет көңіл
бөлуге тиіс табиғи объектілер көп. А.В. Чигаркин: . . . Қазақ ССР
территориясында ресми түрде 3 табиғи ескеркіш бар. Дегенмен мемлекет
қорғанысын күтіп отырған табиғи жерлер өте көп. Қоғамның қызметін
міндеті-табиғаттың жаратқан құндылықты анықтау және сақтау. (22).
Қазіргі кезде республикалық мәні бар 25 табиғи ескеркіші бар, бірақ
мемлекет қолдауысыз 65 объект бар. Олар ресми ақпартқа болашағы бар
табиғи ескеркіш болып танылды.
Алматы облысында алатауы орналасқан:
1) Шарын каньоны (ландшафты-палеонтология ескеркіші)
2) Жабартау (палеонтологиялық).
3) Құрты (палеонтологиялық)
4) Шыпталы (палеонтологиялық)
5) Қарағашты роща (ботаникалық)
6) Жаңғақ рощасы (ботаникалық).
Шарын өзені каньоны. Немесе Долина Замков. Шарын өзені
каньондары Алматы облысының шығысында, Алматыдан 193 км қашықтықта
орналасқан. Терең каньон ішімен өзен өтеді. Басында жан жаққа
кең тарап, тұнығында Ақтобай шатқалы құрайды. Тоғай орманы, бұл
жерде түрлі аң мен өсімдіктер кездседі. Кейін каньонның қатаң
жағалауы тарылып, жазықтықты кесіп өтеді де, биік тасты
Торайғыр жотасының қоршауынан өтеді. Жотадан өте сала, өзен
терең каньоны суын апарады, ол жерде адам тұрмайды және тасты
шөл жер. Келесіде каньон қабырғасы жан жаққа таралып, Шарын
кең жазықтыққа, Сартоғай шатқалына төгедіканьонның жалпы ұзақтығы
154 км.
Кезінде, 25 миллион жыл бұрын, бұл жерде үлкен көл болған,
түбіне ашық су мен ұсақ щебень. Кейін кқл суы тартылып, 200-300
метр болатын туб қалындығында, күшті сулар көптеген үңгір мен саңылаулар
кескіңдеді. Шарын өзені каньоны керемет тектоникалық және геологиялық
полиогн. Кайнозой таулы породасы сарғышыл ақтас-саз тунбасымен
магмалық және тұнбалық породасы Торайғыр жотасында білінеді.
Биіктігі 300 м-ге дейін жетеді, төменгі карбон (300 мың жыл
бұрын) дәуіріне сәйкес көптеген қазба фаунаны кездстіруге болады.
Көптеген миллиондаған жылдар бойы су, күннің көзі және жел
осы каньонға алуан түрлі бейне берді. Кейде олар үлкен қаланың
қираған бөліктері, немесе құбықтарға, не болмаса жануар, колонна,
мұнара, андарға ұқсатуға болады. Долина Замков, Ущелье ведьм
атты жерлер өзінің ерекшеліктерін белгісі, мысалы жол бір
шынтақтыққа дейін таралып кетуі, Чертово ущельесі жол тіптен жарға
тіреледі. әдемі, көрікті, ежелгі, кескіндеулі- бұл каньон қатаң
келбеті мен қатты әсер бероеді. (23). Каньон танында қоян, жылан,
келтіргімтерді, түрлі құстарды кездестіруге болады.
Алматы облысының қорықшалары.
Алматы кіші қорығы. Кіші қорық 1953 жылы табиғи ландшафтың,
сирек және жоғалып кетуге жақын жануралар түрлерін Іле Алатауы
зонасында қорғау үшін ұйымдастырылған. Теңіз деңгейімен 100-3400 метр
биіктікте орналасқан. Ауданы 427 мың гектар Кіші қорық
территориясында 590-нан астам жоғарғы және төменгі белгілі. Ал,
аркар, қар барсы, Тянь-Шань аюы, сияқты жануралар ССР Қызыл
Кітабына енген.
Қарағай мемлекеттік кіші қорық. Республикалық мәні бар осы
кіші ұорық 1979 жылы құрылды. Ауданы 509 мың га, Алматы облысы, Балхаш
районы Ақкөл, Көктал совхоздарының жерінде орналасқан. Кіші қорық
территориясы Оңтүстік Ақкөл ауылы, Батыстан- Жиделі өзенінің саласы,
Солтүстіктен Балхаш көлінің жағалауы, Шығыстан Бақанас-Қараой
автожолымен шектеледі. Шөлді жерлер сексеуіл, шенгел және Іле өзенінің
жайылым батпақты жерлеріне ұласады, уақытша суқоймалар кездеседі.
Жағатайында қабан, елік, ондатра, қырғауыл және басқа аңшылық-өнім
аңдары кездеседі. Шөлді жерлерде-жайрап, өтек, Қарабөкті шілдер,
саксаульная сойка, түлкі, қарсақ, құлақты кірпі, саршұнақ және
қосаяқтардың бірнеше түрлері.
Кіші қорықта аңшылыққа және өсімдік өртеуге тиым салынған,
өндірістік мақсатқа ондатр ұстауға болады, және оның дұшпандарына
(қасқыр, түлкі, қарсақ, ит) аңшылық Бақанас ондатрыверопромхоздың
штаттық аңшыларына рұқсат етілген. (30,35).
Қапшағай мемлекеттік аңшы-қорықшылық шаруашылық.
Бұл шаруашылық 1982 жылы архар, жайран, құлан, қарабок шіл
саның сақтау және ұлғайту, және эфедра хвощевой, Іле феруласы,
Закавказ каракасын қорғау үшін құрылған. Қапшағай су қоймасының
солтүстік жағында орналасқан. Жоңғар Алатауының оңтүстік бөлігін
қамтиды. Аумағы 521,6 мың га. өсімдік әлемі шөлдаладай: турата, лох
узколистый, шенгел, ақ және қара сексеуіл. Бұл территорияда 40 тан
астам жандар және 80 нен астам құсі түрі бар. (10).
Жоғары Көксу мемлекеттік зоологиялық кіші қорық.
Қорық КСРО министрлер одағы қаулысымен №1 16.03.1981ж., аумағы 240
мың га құрылды. Уақыты Совмин КСРО №69 17.02.1986 созылып, кіші қорық
Республикалық мәні бар уақыты шектеусіз болды. Бұл кіші қорық Жоңғар
Алатау оңтүстік-батыс жағында екі әкімшілік райондарында Панфилов
және Гвардейский орналасқан.
Лепсі мемлекеттік кіші қорық.
Талдықорған облысының исполкомының Халық депутаттар кеңесі
шешімімен 150 мың ға жерде құрылды. Кйін 27.07.1982ж. №263 жарғы,
территориясы 258 мың га-ға үлкейтіп және 10 жылға ұзартады шекарасы
шығыстан Глиновка ауылы Үйгентас (Андреевка) районы бойымен Тастау
өзеніне дейін. Оңтүстікке Тасату өзенінен Тентек өзеніне дейін,
батыстан Тентек өзенінен Герасимовка ауылына дейін, солтүстігінен
Держинск және Глиновка ауылы.
Қоқан мемлекеттік кіші қорық. Талдықорған облисполком №454 шешімі,
30.12.1971ж. аумағы 48600 га 1974ж. 28 маусым облисполком №232 шешімімен
аумағы 49100 га-ға дейін ұлғайтты. 27.07.1982ж. №264 облисполком шешімі
бойынша кішіқ орық мерзімі бұрыңғы шекарамен 10 жылға ұзартылды. Қоқан
кіші қорығы Балхаш көлі жағалауында, Бурлитобинкс районы
территориясында орналасқан.
Реликтовая чайка мемлекеттік кіші қорығы.
05.09.1978ж. КССР министр кеңсесінің №348 қаулысы бойынша кіші
қорық республикалық мәні бар жер болды. Ұзақтығы-тұрақты. Аумағы 3300
га. Алакөл районы жерінде орналасқан, оның ішінде Үлкен Аралтөбе,
Кішкене Аралтөбе, Орта, Бузымянный, Урочище, Шұбар түбек
аралдарында орналасқан.
Тоқты мемлекеттік кіші қорығы. 26.01.1981ж. КССР.
Министр кеңесінің №29 қаулы бойынша 10 жылға, аумағы 187 мың га,
шекараларына ст.Достықтан оңтүстікке қарай Сары қора шатқалына
дейін, мемлекеттік шекара бойымен батысқа қарай Көксуат өзенінің
бастауына дейінгі жер. Солтүстік шегі Көксуат өзен бастауынан
Қызылтал өзені бастауына дейін, солтүстік-батыс шегі Қызылтал өзеніне
Көктума ауылына дейін тура жер. Шығыс шегі Көктулға ауылынан
темір жол бойымен достық станциясы дейінгі жер. (10).
Алматы қорығы.
Іле Алатау бөктерінде, Алматы қаласының жанында деңгейінің және
Есік өзендерінің бассейндерінде, теңіз деңгейінің 140-4974 м
биіктікте, территориясының ауданы 90,0 мың га болатын. Алматы қорығы
орналасқан. Бұл қорық 1931 жылы құрылды. өсімдіктер және жануар әлемі
алуан түрлі жабайы алма қопалары, өрік, долана ағаштары және де
басқа жеміс ағаштары Тянь-Шань шыршалары орманына ұласып, ал
Нивальді белдеуде жалаң тастар, мұздықтар және фирновый алаңдармен
ұштасады. (18).
Бұл қорық Іле Алатауының солтүстік бөлігінің флора мен фаунасын
сақтау және зерттеу мақсатында құрылған. Осы территоияда өсімдіктің
961 түрі, соның іінде сирек кездесетін 26, жануардың 38 түрі,
негізгісі морал кабан, сібір тау ешкісі, қасқыр, елік. Сирек
кездесетін жануарларға ТяньШань аюы, қар барсы, Түркістан
сілеусіні. Құстар саны 200-ге жуық, соның ішінде кекілік, ұлар,
қырғауыл, құр, сиректері-бүркіт, көк құс, күшіген.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
Қазақстанның ұлттық паркілері қазіргі кезде ғылыми негізде
қалыптсауының алғашқы сатысында. Зерттеу жұмыстарының шектеулігі
арнайы қарытландыру мен мамандырылған кадрлардың жетіспеушілгінен.
Соған қарамастан, Іле Алатау ұлттық паркі 1993 жылы ҚР Ғылым
Академиясының ғылыми мекемелерін өз күшімен тарту нәтижесінде жұмысын
бастады. (19). Жаңа құрылған ұлттық парктің ғылыми бағдарламасы
ұлттық парктің табиғаттың инвентаризацияға болғаны мінсіз. (29).
Ұлттық парк территориясында бірнеше кішігірм шатқал бар, бөлек
сирек зоологиялық жерлер, минералды көздер, кескіндеме тастар,
мұздықтар, көлдер мен құлама сулардан тұрады. Олар 1981 жылы одақтас
оргадармен бекітілген табиғат ескеркіш ретінде танылған. Барлығы 22.
солардың ішінде 1-уі ғана мемлекеттік мәңгі ие, 01.1986ж. 14 ақпан
КазССР Мнистр қаулысымен №69 болып бекітілген, ол Шынтүрген шыршалары.
Қалғандары жергілікті құны бар табиғат ескеркішке жатады.
Алтын Емел ұлттық паркі. Үлкен және кіші Қалқан мен бірге
Әнші бархан Каз ССр Мнистрлер кеңесінің 1966ж. 12 қантардан
бекітілген, Алматы қорығына бағытанытн 17 мың гектар жерді алады,
Іле Алатау тауларының бөктерінде Алматыға жақын орналасқан. Бұл
территорияның басты қорықтан алыс орналсады. әнші Барханның сақтығын
қамтамасыз етуін қиындатты. Кейін он бес жылдан соң оны Алматы
қорығынан бөлек шығарады. Қорық мәртебесін сақтап қалдырып, Қапшағай
аңшылық шаруашылығына өткізілді, ал Шолақ, Матай, мыңбұлақ таулар
территриясында орналасты. Ол өте көрікті көірінске ие.
Бархан, яғни құм тау ұзындығы 1,5 км және биіктігі 120м.
Бархан Қалқандардың қырынан құралған өзгеше бір коридор тәріздес
аралықта орналасқан. Бұл құмтау желдің нәтижесінде Іленің бойындағы
құмды ұшырып осы жерде үю барысында пайда болған.
Құрғақ ауа райында құм бархан басынан себелеп түсіп, өзен
пайда болады. Күші ұлғая беріп ысқырығына тең болады. Ұқсас
жағдайлар жер шарының әрбір бөлігінде кездеседі. Арабия шқлінде,
Гавайи аралында, Америкада, Қытай, ТМД елдерінде (Қара, Балтық, Ақ
теңіз, жағалауында, Ока, Днепр, байкал жағасында) (30).
Ұзақ уақыт б ойы құм әуені құпия болды. 1962 жылы Арабаджи
лениграф физигі әнші барханға біршама бақылау жүргізіп, құм әуенін
ұнтаспаға түсіріп, температураны өлшеп, желдің күшімен бағытын
бағдарлап, құм фракциясын аннықтады.
Көптеген туристер Әнші барханға барғанды ұнатады, және оның 3
тыңының біріне шығып Іленің және Іле Алатау қыратының әдемі
көрінісін тамашалайды. Егер бархан әуендетпесе, шыдамсыз саяхатшылар
ән айтуға мәжбүрлетеді ол үшін оңтүстік беткейінен тез сырғып
жүгіріп өту керек, сол мезетте аяқ астынан құм төгіліп, барханның
түбінен гүбірлеу естіледі. Кейде бархан дәлелдей де бастайды, жер
сілкінуге өте ұқсас.
Осы аңшылық шаруашылық директоры қорықшы санын ұлғайтты.
Қазақстан тәуелсіздігін жария ете салысымен, бұл жер аумағын ұлттық
табиғи паркке айналдырды. Сонда не өзгеріс болды? Ұлттық парк
арнайы белгілерімен шекарасы белгілендеген, тек бір жерде ғана,
осның өзі аңшылық шаруашылық жайлы жазылған. (19). Ол бұл жерде
практің тіптен бар екендігіне күмән келтіреді.

Шарын өзені. Ұзындығы 350км жететін Іле, Шарын өзендерінің негізігі
бір саласын, басы солтүстіктегі беткей Терек-Алатау және Кеген жоталарынан
басталатын, Кетмен таулы лобириндті жотасынан ағып жатқан, Қарқараның екі
қуатты таулы тасқынын құрайды. Көл деңгейі 3500-3600м биіктігінен
басталып, Шарын 400м төмендейді. Өзен Алматы облысының оңтүстік-шығыс
бөлігіндегі қорық зонасында орналасқан және бұл жерге келген туристерге тау-
теке ешкі, елік, ақбөкен сияқты осы жердің жабайы мекендеушілерімен
кездесуге тура келеді. Қауырсындылардан тау күркетауық-оралдары, тау құр-
кекіліктері, әр түрлі үйрек тұқымдастар кездесуі мүмкін.
Орындары кең жайылған, жағалары төмен, өсіп кеткен шөптермен, түбі
құм мен саздан тұратын 280-нен 255км дейін айналмалы арна саласын құрайды.
Өзен 255км бастап тез айналмалы болып келеді, жағалаудың биіктігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Қызылорда облысында туризмді дамыту
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы
Қаратау таулы жотасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Пәндер