Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау –бұлақтары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.7.беттер

Негізгі бөлім
I тарау. Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау .бұлақтары

1.1. Жазушы шығармашылығына туған жер мен елінің әсері ... ... ..8.11. беттер
1.2.Ұлттық шығармашылық орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.19. беттер
1.3. Ә.Нұрпейісов шығармашылығынан орыс және батыс классикасының көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.27. беттер

II тарау. Ә. Нұрпейісов шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері
2.1. Ә. Нұрпейісов публицистикасындағы ұлттық сарын ... ... ... ... .28.35.беттер
2.2. Ә.Нұрпейісов публицистикасындағы планетарлық проблемалар ... .36.41.беттер
2.3.Мәтінді ұйыстыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42.45. беттер


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46.48. беттер


Сілтемелер тізбесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49.51.беттер

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52.бет
Сөз өнері сияқты киелі өнердің үдесінен шығу- қалам ұстағанның бәрінің бірдей қолынан келе бермейтіні, мұндай ұлы бейнет тек ірілердің ірілерінің үлесіне ғана тиетіні ақиқат.
Сөз өнерін ой азабын көп кешкен, қалам машақатын көп шеккен жан ғана жете игермек.Он ойланып, жүз толғана отырып, ой тереңіне сүңгитін, көкірегінен шыққан әрбір сөзіне жанын салатын, сонысымен әулие өнердің өрісін кеңейтер талғампаз қаламгерлер некен- саяқ туады. Бұл жолда тер төгіп, еңбек еткен халқымыздың біртуар перзенттері қаншама?! Бүгінгі күні дүниенің төрт бұрышы есімін түгел білетін, аты әлемге мәшһүр жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов- осындай біртуарлар санатынан, әдебиетіміздің деңгейін әлемдік биікке көтеруге үлес қосқандар қатарынан.
Қазақтың шын мәніндегі ұлы жазушысы- Мұхтар Әуезов кейінгі ұрпақтың ішінен иығы көрініп келе жатқан ірі талантты әрқашан аңсап күткен. Әбдіжәміл Нұрпейісов- жазушы үлкен үміт артқан жастардың бірі.Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық дүниелерін алғаш таныған, оған қуана қол соққан да осы ұлы адам болатын. Мұхтар Әуезовтің Кунцево ауруханасында жатқан кезінде Тахауи Ахтановқа жазған: «Қадірлі дос-іні Тахауи!» деп басталатын хатында : «Мен сені, Әбдіжәмілді, Зейнолла, Тәкенді, Сафуанды- көптен бастан бөлек санайтұғым. Енді әдебиет болашағын ойламай болмайды. Сендерді сол болашағымыз дейім.
1. Шериаздан Елеукенов. Ғасырмен сырласу.- Астана:Елорда, 2004 ж.-482-бет
2. Николай Анастасьев. Небо в чашечке цветка. Абдижамил Нурпеисов и его книги в мировом литературном пейзаже.- Алматы: Өлке, 2004 г.- 304 стр
3. Шериаздан Елеукенов. Әдебиет және ұлт тағдыры.- Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 1997 ж.- 368 бет
4. Зейнолла Қабдолов. Көзқарас: талдаулар мен толғаныстар.- Алматы: Рауан, 1996 ж.-256 бет
5. Герольд Бельгер. Кемелденудің өрелі биігі, Түркістан,2000 ж, 21-27 қаңтар
6. Тауман Амандосов. Публицистика- дәуір үні.- Алматы: Жазушы, 1974.- 120 бет
7. Жанқара Дадебаев. Шымырлап бойға жайылған: Мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1988.- 192 бет
8. Қалтай Мұхамеджанов. Көш көлікті болсын // Егемен Қазақстан, 1994 ж, 29-желтоқсан
9. Герольд Бельгер. Күнделік дәптердің беттерінен // Егемен Қазақстан, 1994 ж, 29- желтоқсан
10. Қадыр Мырза Әли. Иірім.- Алматы: Атамұра, 2004.- 360бет
11. Ербол Шаймерденұлы. Әбдіжәміл әлемі // Нұр- Астана, 2006 ж, 25- қазан, 6-бет
12. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі.- Алматы: Ғылым, 1997.- 768бет
13.Қажығали Мұхамедұлы. Халықаралық ПЕН- клубтың Берлинде өткен конгресінде...// Ана тілі, 2006 ж, 26- маусым
Әбдіжәміл Нұрпейісов. Толғау. Раздумье.- Алматы: жазушы, 1972.- 217 бет
14. Жақып Бауыржан. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Генезис, эволюция, поэтика.- Алматы: Білім, 2004.-368 бет
15. Әбдіжәміл Нұрпейісов. Жүрегі тола жыр еді.- Алматы: Жазушы, 1982.-525 бет
16. Әбдіжәміл Нұрпейісов. Ақ бидай туралы аңыз.Очерктер.- Алматы: Жазушы, 1985.- 160бет
17.Герольд Бельгер. Возвышая наши святыни: ст, очерки, эссе.- Алматы: Өнер, 1996.- 432 стр
18.Әбдіжәміл Нұрпейісов. Соңғы парыз.- Алматы: жазушы, 1999 ж.-446 бет

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе
Сөз өнері сияқты киелі өнердің үдесінен шығу- қалам ұстағанның бәрінің бірдей қолынан келе бермейтіні, мұндай ұлы бейнет тек ірілердің ірілерінің үлесіне ғана тиетіні ақиқат.
Сөз өнерін ой азабын көп кешкен, қалам машақатын көп шеккен жан ғана жете игермек.Он ойланып, жүз толғана отырып, ой тереңіне сүңгитін, көкірегінен шыққан әрбір сөзіне жанын салатын, сонысымен әулие өнердің өрісін кеңейтер талғампаз қаламгерлер некен- саяқ туады. Бұл жолда тер төгіп, еңбек еткен халқымыздың біртуар перзенттері қаншама?! Бүгінгі күні дүниенің төрт бұрышы есімін түгел білетін, аты әлемге мәшһүр жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов- осындай біртуарлар санатынан, әдебиетіміздің деңгейін әлемдік биікке көтеруге үлес қосқандар қатарынан.
Қазақтың шын мәніндегі ұлы жазушысы- Мұхтар Әуезов кейінгі ұрпақтың ішінен иығы көрініп келе жатқан ірі талантты әрқашан аңсап күткен. Әбдіжәміл Нұрпейісов- жазушы үлкен үміт артқан жастардың бірі.Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық дүниелерін алғаш таныған, оған қуана қол соққан да осы ұлы адам болатын. Мұхтар Әуезовтің Кунцево ауруханасында жатқан кезінде Тахауи Ахтановқа жазған: Қадірлі дос-іні Тахауи! деп басталатын хатында : Мен сені, Әбдіжәмілді, Зейнолла, Тәкенді, Сафуанды- көптен бастан бөлек санайтұғым. Енді әдебиет болашағын ойламай болмайды. Сендерді сол болашағымыз дейім. Сондықтан анау бір жылдардан- ақ саған, сендерге мен безразлично қарай алған емеспін.Алдарыңнан жауапты, ойлы жаңалықтарды өзге бір қазақтан молырақ күткен күйдемін[1],- деп аға қолынан сусып түскен қаламды қағып алып, оның ой- арманын жалғастыратын жастарды өз шығармашылығының заңды жалғасы ретінде қарайтынын байқаймыз.Бұл туралы Герольд Бельгер Жас Алашта жарияланған Қазақ дәптері атты эссесінде былай дейді: Менің әрдайым есімнен кетпейтіні- қазақтың үлкен жазушысының мәңгілік сапар алдындағы келер ұрпаққа қалдырған өсиеті, аманаты. Бұл, сөз жоқ, ерлік, азаматтық, өресі кең, тұғыры биік тұлғаға тән қасиет.
Хаттарында Мұқаң атаған заңғар жазушыларын да жақсы білемін, араластым, біразының шығармаларын орысшаладым. Бұл да бақыт. Әттең, түгелдей дерлік о дүниелік болып кетті. Арамызда бұл күндері Әбекең (Нұрпейісов) ғана жүр[2].
Бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан жазушы шығармашылық қайсарлығымен талайды таңғалтып келеді.Есімі қалың оқырманға кеңінен танымал қуатты қалам иесі тозбайтын мұрасымен қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты.
Әбдіжәміл Нұрпейісов – шын мәніндегі, толық мағынасындағы суреткер. Жұмыр басты пенде ретінде оның маңдайына ХХ ғасырдағы ең бір сүргін де сұрқылтай оқиғалардың куәгері болу жазылды.. Жо– жоқ, сыбай– сылтаң сырт куәгер емес, ата– жұртын шарпи өткен планеталық ауқымдағы алапат оқиғаларды басынан өткеріп, белшесінен кешті. Заманасының кейіпкеріне айналды.
Суреткер ретінде Ә.Нұрпейісов ғасырдың осынау алапат та асқақ болмысын, өзінің кіндік жұртын мысал ете отырып, нағыз өмір тілімен жырлап бере алды. Бұл ретте, Әбдіжәмілдің өмір бойы жазғаны біртұтас, бір ғана эпопея десе лайық. Ол эпопеяны ХХ ғасыр және қазақ әлемі деп атауға да болар еді. Ғасыр басындағы сергелдең (Қан мен тер), ғасыр ортасындағы сұрапыл (Курляндия), ғасыр соңындағы сүргін (Соңғы парыз)[3].
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің публицистикалық мұралары да сапасы жоғары, татымды, талғамды дүниелер.
Дарынды қаламгердің Ақ бидай туралы аңыз, Толғау.Раздумье, Возвышая наши святыни деп аталатын публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрді. Публицистика- ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы шындық[4].Публицистика- замандас келбеті, публицистің өзі өмір сүріп отырған кезеңінің бет- бедері.Сондықтан да Әбдіжәміл Нұрпейісовттің шығармалары туған халқының тағдырымен тығыз байланысты.
Ә.Нұрпейісовтің публицистикалық мұрасы өзінің бірегей ерекшелігімен, көркемдік шеберлігімен публицистика саласында айшықты орын алады. Көпшілік Әбдіжәміл Нұрпейісовті жазушы ретінде таниды. Ол- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер: Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алғанын ескерсек, әдебиетіміздің, әдебиет арқылы тұтастай сөз өнеріне жүйрік қазақ халқы абыройының төрткүл дүние алдында арта түскеніне алдымен кімдерге борышты екеніміз өзіннен- өзі айғақталады [5]. Жазушы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс болғанымен, біз Ә.Нұрпейісовтің публицистік қырын толық танып- білдік деп айта алмаймыз.
Тақырыптың өзектілігі публицистің өзгелерге ұқсай бермейтін өзіндік өрнектерінен туындап отыр. Бұған оның өз тақырыбының білікті кейіпкері болуы, көкейкесті мәселелерді көтере білуі алғышарт болды.Өз дәуірінің суреткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің публицистік мұраларын саралап- салмақтау кейінгіге үлгі- өнеге, берері мол дәріс болмақ. Өйткені, әр дәуірдің ақиқаты мен шындығын бүгінгі күн талабы тұрғысынан таразылау- ұрпақ парызы.
Әбдіжәміл Нұрпейісов- жазушы, публицист. Сондықтан, оның шеберлік тәжірибесін үйрену, тілі мен стилін, өзіндік ерекшеліктерін оқып- білудің маңызы зор.
Зерттеу нысаны.Зерттеудің нысаны- Әбдіжәміл Нұрпейісовтің публицистік шығармашылығы. Диплом жұмысының қайнар көзі ретінде жазушы- публицисттің әр жылдары баспадан жарық көрген кітаптары мен көптеген баспасөз материалдарының түпнұсқалары қарастырылды.
Зерттеудің жаңалығы. Публицистика- жазушы мен журналисттің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық құбылыстарға кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз-саяси- көркем проза, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы[6]. Осы тұжырымға орай, біз публицистика зерттеуші ғалымдардың пайымдары мен ғылыми негіздеріне сүйене отырып, уақыт шындығын жазудағы публицистің кемеңгерлігі мен көрегендігін көрсетуді мақсат еттік. Диплом жұмысында жазушының публицистикалық мұраларына талдау жасап, суреткердің шығармашылық шеберлігінің даму ерекшеліктері қарастырылды.Публицистикалық шығармаларын зерттеу арқылы автордың болмыс- бітімі айқындалып, оның жазушы- публицист ретіндегі ой- пікірлері жан- жақты ашылды..
Зерттеудің әдістемесі. Дипломдық жұмыс материалдарды талдау, фактілер мен деректерді тексеру әдісіне негізделді.Дипломдық жұмыстың негізгі әдісі талдауға арналған.
Зерттелу деңгейі. Ізденіс барысында Николай Анастасьевтің 2004 жылы Өлке баспасынан жарық көрген, жазушының өмірі мен шығармашылығы хақындағы Небо в чашечке цветка атты монографиясы игі әсерін тигізді. Автор бұл еңбегінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің прозасын жан- жақты зерттеп, талдаған, ал публицистік шығармаларына көп тоқталмайды. Ә.Нұрпейісовтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын, эссе, очерктерін, хаттарын, құттықтау сөздерін топтастырған Герольд Бельгердің Возвышая наши святыни атты жинағы да айтарлықтай көмегін тигізді.Диплом жұмысында З.Қабдоловтың, Т.Амандосовтың, Қ.Мұхамеджановтың, Ж.Дадебаевтың, Ә.Кекілбаевтің, Ш.Елеукеновтің, С. Әшімбаевтің, Т. Ахтановтың, Р. Бердібаевтің т.б. сол сияқты көптеген ақын- жазушылар мен ғалымдардың естеліктері мен шығармашылығына қатысты әдеби- сын пікірлері де пайдаланылды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жоғары оқу орындарының студенттеріне, Нұрпейісовтану бағытындағы зерттеулерге айқын бағдар болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығының бастау-бұлақтары және Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері атты екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I- тарау. Ә. Нұрпейісов шығармашылығының бастау - бұлақтары
1.1.Жазушы шығармашылығына туған жері мен елінің әсері
Адам баласы үшін ең әуелі қашан да туып- өскен елі мен жері қымбат. Осы бір қасиетті сөздің қадірі мен парқын шыр етіп дүниеге келген, кіндік қаны тамған, мынау жарық дүниемен қауыштырған өлкені сүйе білгенде ғана түсінесің. Ыстығы табаныңнан өтіп, бүкіл тәніңді аралап, қаныңа жылу тарататын туған өлкеге деген махаббат ешбір жанда салқын тартпақ емес.Қолына қалам алып, сөз өнерінің дертін арқалалауға мойын ұсынған адам өзінің туып- өскен жеріне, оның тағдырына, болашағына айрықша ықылас, алаңдаушылық танытпайынша, дүниеге келелі де кесек шығарма әкеле алмасы даусыз. Сондықтан, жазушының шығармашылығын оның туған жерінен бөліп алып, жеке- дара қарастыруға болмайды.
Туған Арал Әбдіжәміл Нұрпейісов үшін оның мәңгі махаббатына айналған. Туған жерің- туған анаңдай өзіңе ыстық. Тасы мен топырағына дейін жүрегіңді шоқтай күйдіріп тұрғасын, сен өзгелердің де осы даланы жаны үзіле жақсы көріп,бар өлкеден шоқтығын асырып, Арқадағы сол анау Көкшетаудай,не әлде Қарқаралыдай жер жаннаты болғанын қалайсың..
Туған жеріңді мақтаса, тап бір өзіңді мақтағандай төбең көкке жетеді. Көңілің өсіп, аруақтанып қаласың.Өйткені, ол шыр етіп жарық дүниеге келгенде алғаш рет жауырының тиген, кіндік қаның тамған жер. Баяғы бала кезіңде осы даланың май топырағын жалаң аяғымен бұрқылдатып басып, зырлап жүгіріп жүріп, қозы, лақ қуып өстің. Табаныңа осы даланың шөңгесі кірді.
Сенің көңіліңе салса, туған жердің топырағы да алтын. Оның қайнап тұрған қапырық ыссы желі де торғын орамал желпіп өткендей, жұпардай тиіп, жаның жай тауып қоя береді [7]. Жазушы өзінің туған жері туралы осылайша тебірене толғанады. Толғаныс болғанда да, шын жүректен төгіліп түскен, атамекенге деген іңкәрліктің шексіз ынтызар моншағы [8].
Былайша қарағанда, бәз біреу үшін жаныңды қоярға жер таптырмайтын ыстық күн, қалқа болар көлеңкесі жоқ құмды дала, суы ішуге жарамайтын Аралдың туып- өскен перзентті үшін жұмақтай көрінері сөзсіз. Біле білген адамға оның бүгінгі және одан кейінгі талай ұрпаққа үлгі боларлық, өнеге берерлік тағылымды тарихы бар. Сол себепті де, жазушының шығармашылығы оның туып- өскен жеріне деген сүйіспеншілігімен тығыз байланысты. Бұл ретте Арал мен Арал балықшыларының тағдыры Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бүкіл шығармашылығының үзілмес арқауы десек қателеспейміз. Успенский: Нағыз суреткердің тұрақты тақырыбы болуы керек деген болатын. Ә.Нұрпейісов осы талап үдесінен шыққан жазушы. Әбіш Кекілбаевтың айтуынша, Арал төңірегінен тағы бір кесек суреткер туып, ол да Арал туралы жазса, бәрібір Нұрпейісовтің Аралстанын оқырман көз алдынан қалтарысқа әкете алмас еді. Нұрпейісовтің Аралы кесек мінездер мен кескекті тартыстардың қорығы сияқты [9].
Жазушы жүрек елжіретерлік сезіммен туған жері туралы ой- толғанысын одан әрі былай өрбітеді: Жаз айындағы Алатаудың қойнауын білесің ғой, жер жаннаты. Мәуесінде бұлбұл сайраған жасыл ағаш саясында, таудан аққан мөп- мөлдір суға аяғыңды малып, рахаттанып отырғанда, шыныңды айтшы, айдай әлемде осыдан асқан жер бар деп ойлайсың ба? Дәм- тұз айдап кең дүниенің қай қиырында жүрсем де, Арал теңізі мен Арал даласы бір сәт есімнен шығып көрген емес [10].
Тіптен, көргеннің көзін жаулап, естігеннің құлағын елеңдететін, Қазақстанның Швейцариясы атанған сұлу өлке- Көкшетаудың әсем табиғатына тамсана отырып та, жазушы Арал туралы ерекше мейіріммен сөз қозғайды.
Жаз бойы жұрттың зықын алып бітетін есірік жынды жел сәл уф етсе де ала тағанақ жердің ақшаңдағы бұрқырай жөнелетін рақаты шамалы өңірдің, әсіресе шілде айында шыжғырған ыстығы шекеңді шағып, ал қаңтардың ақ түтек бораны жан біткенді бүгежектетіп жіберетін қытымыр қаталдығына қарамастан, сен үшін сол шіркіннің жүзі неге шоқтай ыстық.Сыбағаңа тиген азғантай тірлікте тағдыр айдап, сен қай жерде, қай ел, қай қырдың астында күнделікті тірлік қамын жеп, күйбең- күйбең жүрсең де, өзгесі өзге, сіңірін созып, шаршап талықсыған жалғыз атты жолаушыға таңдайын жібітер сыңар тамшы берместен безеріп жататын сол шаңдағы бұрқыраған сары бұйратты дала сәл есіңе түссе де құдды сен ана дидарын елестеткендей жүзің жылып, жаның жадырап қоя беретінін айт!Иә, қалайда, әйтеуір туған жерің түндігіне түтін исі сіңген ыстық ұяң сияқты ет бауырыңды елжіретіп тұратын бір қасиеті бар. Әбдіжәміл Нұрпейісов табиғат барын үйіп- төгіп бере салған Көкшенің сұлулығына қанша сұқтанса да, перзенттік сүйіспеншілікпен Арал жайында сөз етеді. Көкшетаудың сұлулығына сұқтана отырып, Арал туралы еріксіз салыстырып кеткенін өзі де байқамайды. Жөн білетін кісілер: жаман жер дейді. Тек қай жердің де жақсылығын көре білу үшін кісі дәл сол арада туып- өскен перзенттің көзімен қарау керек дейді. Әрине, солайы солай.Ал, біз әңгіме еткелі отырған Көкшетаудың жөні басқа.Иә, маңдайында көзі бар кісі әсте таңданбай, тамашалап қарамай сүлесоқ өте алмайды. Мен де осы өлкеге келген сайын ана жақтағы ақ соры бетіне шығып жататын алатағанақ Арал өңірін әрқашан есіме алып, адам мінезі сияқты табиғат мінезінің де бауырынан шыққанның бәріне бірдейлігі жоқ екен- ау деп ойлаймын [11].
Туған топырағының, атамекенінің асыл қазынасы- даналық тағылымы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің тұла бойына ана сүтімен дарыған. Ол туған халқымен, туған жерімен бірге адымдап, бірге тыныстап келе жатқан ел азаматы.Ол бірде: Иә, мына тусыраған тұл даланың үстінен ту-ту бағзы заманнан бермен қарай сансыз ұрпақ көші өтті. Осы дала біздің де талай ұл мен қызға атамекен болыпты. Олар да өзіміз сияқты осы дүниеге әр қилы асқақ арманмен құлшынып келіп, бірақ бірде- бірі дегеніне жете алмай, опасыз сұм жалғаннан күңіреніп өтіпті. Және ізсіз өтіпті.Біз сияқты, олардың тағдыры талқыға түсіп, тірлік үшін тайталасқан, жағаласа бірде жау қолында шалғайы кетіп, дар- дар етіп жағасы жыртылып жатса да ел намысы үшін арпалысқан ерлері арын бермепті, күші басым жаудың бірде астына түссе, бірде үстіне шығып, алыс- жұлыспен өмір кешкен азғантай халық осы далада бағзы заманнан бермен қарай мал бағып, егін егіп, балық аулап күн кешті.Олар да өзіміз сияқты түндік астында түтін түтетіп, осы даланың бір аруына ғашық болған. Жар құшқан, перзент сүйген. Осы мына өрттей ыстық күн астында қаназасы кеуіп жатқан қу медиен дала бізге мекен болғалы қаншама қасіретті ананың, қаралы жесірдің, қорғансыз жетімнің көз жасы көлдей ақты. Осы даланың келешегі үшін қиғылық қуған қаншама асыл боздақтарымыз қанын, терін төкті[12],- деп туған халқының, өскен өлкенің өткеніне терең философиялық мағынада көз жүгіртеді. Осы тебіреніс пен толғанысқа толы жолдардан жүрек елжіретерлік сезімді көре аламыз.
Әбдіжәміл Нұрпейісов қай очеркте болсын, кім туралы жазса да, ретін тауып, сынасын келтіріп, Арал жөнінде айтып қалады. Туған жерінің әсерін жазушы шығармашылығынан анық аңғаруға болады. Өйткені, құдіретті мекеннің қадір- қасиетін айтпау мүмкін емес. Себебі, сол жерде тудың, кіндігің кесілді,сол жерде ана тәрбиесі мен әке қамқорлығын көрдің. Жазушы үшін жазы ыстық, қысы ызғарлы Аралдан артық Жерұйық жоқтай сезіледі.

1.2.Ұлттық шығармашылық орта

1963 жылдың ақпан айында Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстан Жазушылар Одағының органы- Жұлдыз журналының редакторлық қызметіне тағайындалады. Оның редакторлық қыры жеке тақырыптың желісі болуға әбден лайық. Журналға жаңа басшының келуімен көптеген тың идеялар да қоса келді. Жұлдыз жаңаша қырынан таныла бастады. Бұрын мемлекет қаражат бөліп, сол арқылы арнайы ұйымдастырылған шығармашылық топ әр жерлерге барып, концерттер қойып, халықты журналға жазылуға үндейтін еді. Ал, Әбдіжәміл Нұрпейісов болса, осы қаржыны басқа мақсатта пайдалану туралы ұсыныс жасады. Жұлдыз журналының бетінде бәйге ұйымдастырып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындады. Кейбіреулері бұл қалай болар екен деп күдіктенгенімен, Ә.Нұрпейісов редактор болған кезде Жұлдыздың таралымы 38835- тен 60975- ке жетті, яғни бұдан біз журнал таралымының арта түскенін анық байқай аламыз. Жұлдыз журналы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің басшылығымен жастарға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық өрлеуіне мүмкіндік туғызды. Өйткені, кезінде жас Әбдіжәмілге де қазақтың бетке ұстар қалам қайраткерлері қолдан келген көмегін жасап, ақыл- кеңестерімен бөлісті. Жастардың өсуінен уақыт аямайтын екі жазушы болса, бірі, ал жалғыз болса, сол жалғыз-Сәбит Мұқанов.Талай қаламгерді қашан қанаты қатайғанша, қамқорлығына алып, көзінен таса етпейтін [13].Ол Әбдіжәміл Нұрпейісовке бағыт сілтеп, шығармасын аяқтауға бар мүмкіндікті жасады. Әбдіжәміл болса, алаңсыз жазуға кірісті. 1948 жылы роман аяқталып, әр жерде талқылана бастады.
Сәбең мәз. Әдебиетке қаламының қарымы бар жастың қосылғанына шәк келтірмейді. Тіпті зор үміт артады.
Сәбең орысша да айтқыш. Жас авторға әдеттен тыс баға берді.
-В литературу пришел писатель, которого я ждал в течение последних двадцати лет,- деп салмасы бар ма? [14]
Жазуды жаңадан бастап, енді- енді көріне бастаған жас ақын- жазушыларды бауырға тартып баулу, яғни рухани- шығармашылық көңілмен оқи отырып, жетістік- кемшілігін әділ түрде көрсетіп, дер кезінде қажетті бағыт- бағдар сілтеу, қысқасы қаламгерлік аяқ алыстарын көзден таса қалдырмай ақыл- кеңес беріп, қолдап, құптап отыру- бүгінгі әдебиеттің болашағын жан- жақты ойлау.Бір ғана Мұхтар Әуезовты алайықшы. Оның сапарға аттанар алдында, 1961 жылы қазақтың сол кездегі біраз жас жазушыларына жазған әйгілі хатында парасатты жүректің лүпілі, әкелік қамқорлықтың айғағы жатқан жоқ па? Айталық, сол атын атаған жандардың ішінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің де творчестволық дүниелерін алғаш таныған, оған қуана қол соққан да осы ұлы кісі [15]. Әбдіжәміл Нұрпейісов Мұхтар Әуезов сынды заңғар жазушыдан көп көмек көрді.Бұл жөнінде жазушы өз естелігінде былай дейді: Осы кісі 1949 жылдың көктем айының бір күні түс ауа бергенде мені қасына ертіп опера театрына апарды. Бұнда Москвада болатын қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсететін үлкен концертті комиссия мүшелерінің назарынан өткізеді екен. Зәулім театрдың кең залында он бес- жиырмадай адам бар. Атақты ақын, жазушылар, белгілі артистер.
Сахнаға қарағанда романшының көзіне бейтаныс нәрселер түсті. Шоғырлана қалған бір топ кісі домбыра және бұның бұрын көрмеген музыка аспаптарын бауырына баладай қысып отыр.Әлден уақта бір бұйра шаш, қаншырдай қатқан таяқшаны көтерген күйі екі қолын жайып кеп қалып еді, айнала бәрі тына қалды. Сәл кідірістен соң жаңағы таяқшасын сілтеп кеп жіберіп еді, сахна дүр сілкінгендей болды. Әбдіжәміл үшін бұл құлақ естіп, көз көрмеген құбылыс болды. Аузы аңқиып ашылып қалыпты. Мұхаңа көзі түсіп кетіп еді, ол бұған таңдана қарап қалыпты. Жас романшы қапы соққан жерін енді сезді. Аузын жауып үлгергенше, Мұхаң бетін бұрып:
- Сен оркестрді бұрын тыңдамап па ең ?-деді.
Әбдіжәміл сасып қалып: жоқ!-деді.
Сол-ақ екен Әуезов тыжырынып, бетін әрмен бұрып:
-Жә, пәлі...роман жазып жүр, ал өзі нетронутый мальчишка,- деді қалды [16]. Мұхтар Әуезов, әрине, Әбдіжәмілдің жастығын айтқан жоқ. Роман жазған адам білімді, көргені көп, түйгені мол, талғамы терең адам болу керектігін меңзеген еді.Дегенмен,талантты жастардың артық- тұртық мінездеріне кешірімді Мұхаң, Әбдіжәмілдің болашағына қатты сенді. Кейінгі толқын інілерінен жылы сөзін аяған жоқ [17]. Аға қамқорлығының нәтижесінде тиісті бағыт- бағдар алған Нұрпейісов жастарды әдебиетке тартуға өз үлесін қосты. Сол себепті Жұлдыз журналының 1963 жылғы алтыншы саны жастар шығармашылығына арналды. Осыған қатысты жаңа редактор Армысың, бейтаныс жас ұрпақ деген А.Пушкиннің сөзін негізге ала отырып, журналдың кіріспесінде:
Сіз ай сайын Жұлдыздың жаңа номерін алып, әр бетін ашқан сайын өмірдің айнасы, халықтың ары саналатын әдебиетінен әлдебір жаңалық іздейсіз. Заңды нәрсе!
Міне, қолыңызда Жұлдыз. Ашып, оқып отырсыз.Әрине, бәрі әдеттегідей шығар: мұқабаны аударсаңыз алғашқы бетте журналдың мазмұны- авторлар есімі, шығармалар аты...
Ал, жаңалық қайсы?
Жаңалық та сол- авторлар, шығармалар: дәл осы алтыншы номер түгелімен жастарға арналды. Мұндағы шығармалар ғана емес, соларды жазған авторлар есімінің де көпшілігін сіз бірінші рет көріп отырсыз.
Бүгін ертеңмен қымбат.
Сізбен бірге, әлгі айтқанымыздай осы жас қалам иелерінің бүгінінен ертеңі қымбат. Сондықтан да Жұлдыз оларға өз бетінен қуана орын беріп отыр [18],- дей келе, олардың арасынан Ерғали Ахметовтың Ақ бантик атты тұңғыш әңгімесіндегі автордың сыршылдығын, Оразбай Байбақовтың өлең мінезін кәдімгідей ұғып, біліп қалған жас екендігін, Мұқағали Мақатаевтың өршіл өжеттігін, қайсар жігерлілігін, өлеңінің өн бойынан нажағайдай жарқ- жұрқ еткен ер Махамбет лебізінің ап- анық есіліп тұрғандығын ерекше атап өткен.
Әбдіжәміл Нұрпейісов осы ісі арқылы ғажайып мұрасы бар қазақ әдебиетінің тағдырына- бүгінгі халі мен ертеңгі жайына енжар қарамайтынын дәлелдеді.
Халқымыздың дана ақылы мен сұлу сезімінен пайда болған асыл қазына- қазақ әдебиетінің ертеңі деп аға буын үміт артқан жастардың арасынан бұл күнде халқымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналған ақын- жазушылардың да есімдерін кезіктірдік.Мәселен, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Шерхан Мұртаза, Үмбетбай Уайдин, Төлеген Айбергенов сынды қазақтың біртуар перзенттерінің есімдерін атауға болады.
Журналдың бетін белгілейтін ірі тарауларының бірі- әдеби сын. Бұл салада журнал өз алдына бір ғана мақсат қойды: не туралы болса да бұлтақсыз тура, қалтқысыз ашық айту. Сондықтан, Жұлдыз бетінде әдебиеттің әр жанрындағы, тіпті әдеби сынның өзіндегі сұрқайлықты тайсақтамай айтатын ойлы, пікірлі мақалаларды жариялау.Осы мақсатты басшылыққа алған редактор журналдың 1964 жылғы ақпан айындағы екінші санының ішкі мұқабасында Жұлдыздың жүлдесін алғандар деген айдармен әдебиет сыны туралы келелі пікір айтып жүргендерді марапаттаған.Жоқтан бар жасай білген Әбдіжәміл Нұрпейісов өзіне сеніп тапсырылған қаржыны тиімді пайдаланды. Бұл игі шаралар оқырманның журналға деген қызығушылығын арттырды.
Қазақ әдебиеті сынында жақсы бетбұрыс байқалып келе жатқандығын, жазушы- сыншыларымыздың әдебиеттің күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселелерге байыппен көңіл бөліп, нақты проблемаларды қозғап, белсене араласа бастағанын айрықша атап өткен.
Әдебиет сынындағы бұл ізгі құбылысқа әдебиетшілеріміз бен оқушы жұртшылықтың назарын аудару мақсатымен Жұлдыз журналы 1963 жылы өз бетінде жарияланған сын мақалалары үшін Ысқақ Дүйсенбаев (Сұлтанмахмұт Торайғыров, № 10), Әбіш Кекілбаев (Ой биігіне, № 8), Мұхамеджан Қаратаев (Кеткен жыл мен келген жыл,№ 1), Айқын Нұрқатов (Дәуір және суреткер,№ 7), Зейнолла Серікқалиев (Сын және жауапкершілік,№ 2), Олжас Сүлейменов (Қаһармандар қақында,№ 6) жолдастарға көтерме сыйлықтар беруді ұйғардық [19],- дей отырып, Жұлдыз журналы көрнекті туындылары үшін жазушылар мен сыншыларға бұдан былай да көтерме сыйлық беруді дәстүрге айналдыратытын ескертеді. Сонымен қатар, жоғарыда аты аталған алтаудың суреттері де журнал мұқабасында берілген. Бұл шара Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бастамасымен ұйымдастырылған еді. Осыдан- ақ оның қазақ әдебиетінің тағдырына атүсті қарамайтын жан екенін аңғару қиын емес.
Жазушыны туған елдің әдебиеті мен мәдениетінің қамы қатты тебіренткен. Алдыңғы толқын- ағалар, кейінгі толқын- інілер деп Абай атамыз айтпақшы, Әбдіжәміл Нұрпейісов жас қаламгерлерге бей- жай қарауға болмайтынын ісімен көрсетті. Бұл ретте, Жұлдыз журналы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің басшылығымен жастар шығармашылығына көп көңіл бөлді. Журналдың алтыншы санының түп- түгелімен жас әдебиетшілерге арналғандығын жоғарыда айтып өткен едік. Басқа номеріндегі авторлардың да көпшілігі- жастар. Бұл туралы Жұлдыздың 1963 жылғы он екінші санында: Жас есім, жаңа есім бізді қатты қызықтырады, олардың сәтті адымы шын пейілден қуантады. Бұл кейбіреулердің қолдан жасап, оңай айта салып жүргендері секілді жастарды қарттарға қарсы қою емес, туған әдебиетіміздің келешегін, ертеңгі күнін ойлаудан туған іс- әрекет деп түсінген жөн. Бұл игі жұмыс алдағы уақытта да дәл осы ізбен жүргізіле бермек ,- деп түсіндірме жасаған. Шындығында да кейінгі сандарын парақтай отырып, жазылған жайттың ақиқатына көз жеткізе алдық. Жұлдыз журналының 1964 жылғы үшінші санында Сіңлілері Сараның айдары бойынша Қ.Бұғыбаеваның, А.Бақтыгерееваның, Ф.Оңғарсынованың, Г.Сейілжанованың, Н.Арынованың, М.Молдағазинаның, Қ.Бейсеналинаның өлеңдері жарияланса, сол жылдың сәуір айындағы саны түгелімен жастарға арналған. Сәуір- адамзат үшін аса бір ыстық ай. Көктем, жастық, сәуір- бұлар бауырлас, ұғымдас сөздер. Әбдіжәміл Нұрпейісов осы санын жастар шығармашылығына арнауды мақсат еткенде де осы қағиданы негізге алған.
Көктем мен жастық- екеуі де болашақ басы. Көктемге қарап, жылдың берер азығын мөлшерлесек, жас буынға қарап, әдебиеттің болашағын барлауға болады [20].
Журнал басшылығы еңбекте де, өнерде де, ғылымда да, әдебиетте де ең жақсы табыс, соны жаңалық жастармен бірге келетінін есепке алған. Украиндық публицист- жазушы Александр Михайлович бірде: Жас ұрпақ, сендер бізден де жақсы бола түсіңдер, бізден артық болыңдар, ақылды да әдемі болыңдар!деп жазған екен. Бұл- табиғат заңы. Жасқа үміт артқан зая кетпейді [21].
Жұлдыз журналы 1963 жылғы алтыншы санында жастардың, көбінесе аты беймәлім жастардың, талпынған таланттардың шығармашылығына арнаған дәстүрін 1964 жылы да бұзбаған. Өйткені, жастардан жаңаның, жақсының дидар- келбетін, елдің ертеңін көруге болады. Еңлік- Кебек трагедиясы тұңғыш қазақ сахнасына шыққан кезде Мұхтар Әуезовтің жиырмада болғанын еске алсақ, Әбдіжәміл Нұрпейісов басшылық жасаған Жұлдыз журналының жастардан зор үміт күткендегі себебінің мәніне анық үңіле түскендей боламыз. Сондай- ақ журналдың арнаулы санында өзінің барлық шығармаларын Н.А.Добролюбов жиырма алты жасына дейін, ал Д.И.Писарев жиырма сегіз жасына дейін жазған, А.С.Пушкин жиырма жасында Руслан мен Людмилапоэмасын аяқтады, М.Шолохов жиырма үш жасында атақты Тынық Дон романының бірінші кітабын жазып бітірді т.б. цитаталар келтірілген. Бұл сөздер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жастарға зор сенім артуының негізсіз емес екенін тағы да дәлелдей түскендей. Осының нәтижесінде тырнақалды туындыларымен тұңғыш рет журналда бой көрсеткен жас таланттар толқыны әдебиетке қосылды. Бұлардың арасынан Зейнолла Серікқалиевтың, Дүкенбай Досжановтың, Оспанхан Әубәкіровтің, Бек Тоғысбаевтың, Мұхтар Мағауиннің, Алтыншаш Жағанованың, Оразақын Асқардың есімдерін ерекше атауға болады.
Алғашқы бастамасында алпыстан астам жас таланттарды тапқан журналдың олжасына қуанғандар да, осының өзінен не шыға қояр екен, бос дабыра емес пе, соншама жазушыны жерден теріп алатын болғанымыз ба деп ренжіген, күдіктенген кісілер де болды. Бұл туралы Әбіш Кекілбаев былай дейді: Сырт көзге сыздап суық шырайлы көрінетін Нұрпейісовтің шығармашылық, азаматтық тұрғысында да сырбаздық барын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Бірақ ондай салқын қандылық ештеңеге елікпейтін енжарлықтан емес, жоқтан өзгеге желп ете қалмайтын естияр санадан, үлкен жауапкершіліктен, тіпті рухани қайсарлықтан туындап жатса керек. Ол үшін аз құқай көрмеген де сияқты. Алпысыншы жылдардағы Жұлдыз әлі есімізде. Тұсында Әуезов жанын жадыратқан Жыл келгендей жаңалық лебі, сол лепті әкелген жастар легі әдебиет табалдырығынан аттай алмай, қанша жүрді. Әр басылымның әр пұшпағына бір жылт еткеннің өзіне төбелері көкке жеткендей қуанды. Әдебиет сахнасына шыға алмай, іркіліп тұрған иінтірескен лектің алдынан қақпаны айқара ашып салған да сол Жұлдыз еді.
Оның бас редакторы Әбдіжәміл Нұрпейісов еді. Сол үшін бір жылға жетер- жетпесте орнынан алынды. Жас ұрпақты аға ұрпаққа қарсы қойдың,-деп сөгіс алды. Жамандап айтылмаса, жақсылап айтылмайтындай, анафемаға да ұшырады.Ол заманда жылт етері бар жақсы көрінсе, өз бауырына тартып, өз сөзін сөйлетуге тырысатын үстем саясат ол ыңғайға көне қоймағандардың құйрығына қоңырау байлап бағатын. Нұрпейісовте ондай қоңырау аз болған жоқ[22].
Сонау алпысыншы жылдардағы әдеби таластардың көздегені көркем ойды өзінің төл арнасына көшіру еді. Шет ел әдебиетінен шеберлік мәселесін үйрену керек дегендер болашақ синявскийлер саналып, ақын олжас Сүлейменовтың тілімен айтқанда, не таза солдатщинаға, не киностудияның қара жұмысына айдалды.Дәстүрлі буын ырғағын бұзып, ақ өлең жазумен әуестенушілер жаңалықшылдар емес, жаңа былықшылар атанды. Бұндай солақайлықпен оңай келісуге болмайтын еді. Таластар әдебиетшілер үйінен Орталық комитеттің қабырғасына көшіп қонды. Сол таласқа білек сыбанып кеп кіріскен және көзге түскен екі қалың журналдың редакторлары Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Иван Шухов болды. Сөйтіп, Қазақстанда Дудинцев пен Солженицын табылмағанымен, Твардовский мен Симонов табылды. Әдебиеттің аузындағы тұмылдырықты босатуға күш салған редакторлардың соңынан Мәскеуде қиқу көбейе бастады. Гәптің шын астарын ішке бүккен ресми билік бұл жазаға қарабайыр түсініктеме беруге тырысты. Аға ұрпақ пен жас ұрпақты қарсы қою, топшылдық, жікшілдік, бақталастық деген айыптаулар солай шықты [23].
Мұхтар Әуезов: Талант мені таны деп ешкімді деп ешкімді жағадан алмайды, талантты танып алады ,-деген еді. Өмірінің кейінгі жылдарында бүкіл одақ оқырмандарының алдына Әуезов қаншама жас талантты алып шықты. Әбдіжәміл Нұрпейісов те ұстазының осы ұлы ісін жалғастырды.

1.3.Ә.Нұрпейісов шығармашылығынан орыс және батыс классикасының көрініс табуы
Әдебиет босағасынан аттаған әрбір жазушы өзінің алдындағы дүниежүзілік әдеби өнегелі озық үлгілерден жастайынан тағылым- тәрбие алып, ерте ауызданғаны қажет [24].
Нұрпейісовтер отбасы Әбдіжәміл он жаста болғанда Белараннан Шалқар аудан орталығына көшіп барады. Аштықтың ауыр да азапты жылдары артта қалғанымен, балықшы ауылының жғдайы бұрынғысынша мүшкіл халде болатын. Азық- түлік жоқ, азын- аулақ аулаған балықты да сатып алатын ешбір жан табылмайтын еді. Сол себепті Кәрім отбасын қалаға алып келеді.Әбдіжәміл ауылдағы білімін Шалқарға келіп жалғастырады. Бұндағы кітапхана қоры өте аз еді. Сол себепті, жас Әбдіжәміл санаулы айдың ішінде барлық кітапты оқып бітірді. Абайдан бастап Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтің шығармаларымен танысты. Ол қолына түскен кітаптың қандайы болса да, талғамай оқыды. Дегенмен, бағына қарай оған қазақтың біртуар ақын- жазушыларының туындылары кезікті. 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров шығармашылығымен сусындап үлгерді. Ал Ахмет байтұрсынов пен Блокты тамаша аударған Мағжан Жұмабаевтың еңбектерімен танысуға мүмкіндік болмады. Әбдіжәміл Нұрпейісов бұлар туралы көп жыл өткен соң, хрущевтік жылымық кезінде ғана білді.Орыс жазушыларынан А.С.Пушкиннің қазақ тіліне аударылған Капитан қызы романын, Гогольдің Өлі жандар пьесасын, ал еуропалық жазушылардан Дефо мен Стивенсонды оқыды.Бұл ауыл кітапханасынан Әбдіжәмілдің көзіне іліккен кітаптар болатын.
1942 жылы орта мектепті аяқтаған, он сегізге де толмаған өрімдей жас әкесімен және бес ағасымен бірге майданға аттанады. Ол Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасына көшірілген әскери- саяси училищеге жолдама алады. 1943 жылдың мамыр айында училищеден лейтенант атағын алып шыққан Нұрпейісов Ново- Шахтинскідегі әскери штабқа жіберіледі. Сол жерде жас офицер бір қарияның үйінде тұрады. Үй иесінде сыртқы мұқабасы жоқ, беттері жыртылған жалғыз ғана кітап бар еді. Ол Л.Н.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік романы болатын. Жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін Нұрпейісов күн ұзақ Толстойды оқи бастайды. Дегенмен, орысша жөнді білмейтін оған көп нәрсе түсініксіз еді.
1944 жылы Әбдіжәміл Латвияға жіберіледі. Сол кезде Василий Яннның Шыңғыс хан, Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік, Эмиль Золяның Күйреу романдарын оқиды. Бұл туралы Әбдіжәміл Нұрпейісов: 1944 жылдың мамыр айында Кеңес әскерлері Латвияға кіріп, Риганы алды. Біздің артилериялық топтың штабы күзге дейін осы жерде аялдады. Мен тұрған үйдің көршісінің үлкен кітапханасында ригалық баспагер Гудковтың көптеген революцияға дейінгі кітаптары, әр түрлі тілдегі философия, тарих жөніндегі еңбектер бар еді.Бірде менің көзіме Эмиль Золяның Седан түбіндегі Эльзас- Лотарингияда болған соғыс туралы жазылған Күйреу романы түсті. Бұл мен түсінген орыс тіліндегі алғашқы кітап болатын [25],- дейді.
Соғыстан кейін елге оралған, көп ұзамай танымал болып үлгерген жас жазушы Қазақ Университетінің студенті атанады. Курстастарынан бірнеше жас үлкен, соғыс ерте есейткен студентке оқу бағдарламасын меңгеру қиынға соқпады. Ол күні бойы кітапханадан шықпады. Нұрпейісов өз білімін жетілдіру мақсатында Гомерден бастап оқуды ұйғарды. Бірақ қалың кітаптың сырт көрінісінен- ақ көңіліне күдік орнаған еді.
Келесі күні Радищевті қолға алды. Бірақ, ХVIII ғасырдағы орыс тілін түсіну өте қиын болатын. Осыған қарамастан ол күні- түні оқудан бас көтермеді. Соның нәтижесінде Чеховтың, Гончаровтың, Островскийдің, Мамин- Сибиряктің шығармаларын оқып, түсінетін дәрежеге жетті.
Нұрпейісовке қамқорлық көрсеткен әдебиет қайраткерлері университеттің бірінші курсын аяқтап, роман шыққаннан кейін Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтына барып, оқуын жалғастыруға кеңес береді. Сәбит Мұқанов институт ректорына Алматыдағы болашағынан көп үміт күтетін жас қалам иесі туралы мақтанышпен айтты. Осылайша, 1950 жылы туған жерінен жырақтап, білім жолын таңдаған жазушы Мәскеуге барады. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді. Осы жылдары ол батыс және орыс әдебиетімен мейлінше сусындады. Бұлардың жазушыға тигізген әсері шығармаларынан анық аңғарылады. Автор ұлттық шеңберде тұйықталмай, қолтығын жазып, еркін сөйлейді. Суреткер интуициясы мен білімі өзара бәйгеге түскен бесті жүйріктей тынысы ашылған үстіне ашыла түседі. Талмайды. Әлем әдебиетінде кездесер неше түрлі ұқсас парадокстарды ауыздықтай отырып, жалынан тарайды [26].
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің Лев Толстой, Федор Достоевский, Иван Тургенев, Максим Горький, Леонид Леонов, Жамбыл Жабаеав, Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Давид Кугультинов, Герольд Бельгер т.б. туралы очерк, эсселері оқырманға кеңінен танымал. Әрине, жұртшылық атақты ақын- жазушылардың, өнер саңлақтарының өмірбаянынан бастап шығармашылығына дейін біледі. Сондықтан Әбдіжәміл Нұрпейісов одақтық, республикалық басылымдарда, түрлі мерейтой мінберлерінен сөйлеген кезде аудиторияны игеру керектігін есінен шығармайды.
Міне, мұндайда Нұрпейісов әрқашан бабында. Томағасын сыпырған бүркіттей аспанға тіктеп бір- ақ шығады да, самғап береді. Содан көз жазбай қадала қалатын тыңдарман сілтідей тынады, баяндамашының бір сөзін қалт жібермейді [27].
Мұның сыры неде? Әр жазушы әдебиет пен өнер тарихында айтарлықтай із қалдырды. Нұрпейісов сол ізге үңіліп, қаламгердің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне баса назар аударады. Шығармашылық және өмір жолын зерттеп жүйелейді. Талдау- топшылауын заман талаптарымен ұштастырады.
Достоевский туралы сөз атты мақаласына көз жүгіртіп көрелік. Әбдіжәміл Нұрпейісов ұлы орыс жазушысының шығармашылық тегіне үңіліп, көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі рөлі хақында ой тербейді. Оның ойынша, ұлтың ұлылығы халқының санымен, тұрғындардың сауатылығымен, ірі қалалары мен көптеген зауыт- фабрикаларымен анықталмайды. Ұлттың ұлылығы оны шексіз сүйетін ұлдарының ұлы жеңістерімен өлшенеді. Рухани тұрғыда елінің даңқын әлем алдында асыруға үлес қосқан таңдаулылар ғана халықтың құрмет тұтатын тұлғасына айналады. Ресейдің атағын арттырған таңдаулылардың бірі- Достоевский. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің осы мақаласын оқи отырып, оның әлем әдебиетінен хабары мол екенін аңғару қиынға соқпайды. Бұл бір ғана мақаланы оқығаннан туындаған әсер. Тургенев, Горький, Леонов, Толстой хақындағы сөздерін оқығанда да дәл осы пікірдің ойға оралары шүбәсіз. Ол орыс әдебиетінің Пушкин мен Гоголь тұсында биік беделге ие, болғандығын атап көрсетеді. Достоевскийдің қиында күрделі тағдырын, қиыншылыққа қажымайтын қайратын, оның адам- жұмбақ, оны шешу керек деген философиялық концепциясын, өмірге деген махаббатын оқырман жүрегіне жеткізе білген.
Достоевский және Қазақстан тақырыбын толғауға келгенде Нұрпейісов білім көкжиегінің кеңдігін тағы да дәлелдей түседі. Қазақтың дархан даласын Сібірден кейінгі екінші орында тұрған саяси тұтқындардың мекеніне айналдырғанын сөз етеді. Жазушы Ертіс өзенінің жағасында бірінші батальонның солдаты Достоевскийдің өмірдің барлық ауырпалықтарына қыңқ етпестен жүргенін, сол мезетте, оңтүстікте, Аралдың аптап ыстығында Тарас Шевченко азап шеккенін жазады.
Достоевский мен Шоқан Уалиханов достығының зерттелмеген қырынан сөз толғайды. Екі парасатты адамның бір- біріне деген ілтипатының психологиялық дәнекерлеріне баса назар бөледі. Әшейінде қабағы салыңқы, тұнжыраған тұйық, сөзге сараң Достоевский Шоқанға келгенде жадырап қоя беретіні, шын достық құшағын айқара ашатыны қайран қалдырады,- дейді де, осының себептеріне ден қояды. Қысқасы, қазақ прозасындағы психологизм арнасын күркіреткен Нұрпейісов жан әлемін зерттеудегі Достоевскийдің жаңалығын өтімді де қонымды талдап шыққан [28].
Достоевский орыс әдебиетінің қазынасын өзінің қайталанбас туындыларымен толықтырды. Туған халқы, ана тілі тұрғанда ұлтым деп еміренген ерлерді елі ұмытпақ емес. Әбдіжәміл Нұрпейісов шыр етіп дүние есігін аттаған шағынан-ақ жер үсті ауырпалығы мен қиянатын, адамзат ақыл- ойының тақсыретін өле-өлгенше көтерген Достоевский жайында толымды пікірлер айтады.
Достоевский туралы айтар толғақты сөзінің соңғы беттеріне көңіл аударсаңыздар: ...Ақкөз ажал алмай тынбас, әйткенмен еліміздің ұлы перзенттерін осынау тіршіліктің ақтық сызығының ар жағынан олардың нағыз өмірі- мәңгілік өмірі күтері хақ деген сөйлемдерді оқыр едіңіз. Бұл ұлы шермендешінің болмысын дақпыртпен емес, күллі жан дүниесімен сезінген адамның айтары [29].
Тургенев туралы сөзінде Әбдіжәміл Нұрпейісов Еуропаның тәлім- тәрбиесін алған, өзінің бар дарыны мен жан жылуын халқына арнаған орыстың ұлы тұлғаларының бірі- Тургенев жайында толғанады.Ол бірнеше тілді еркін меңгерсе де, өз шығармаларын тек орыс тілінде жазған. Әбдіжәміл Нұрпейісов осыған басты ерекшелік реттінде назар аударған. Тургеневті Еуропа құшақ жая қарсы алады. Қысқа мерзім ішінде Стендаль, Флобер, ағайынды Гонкурлер, Мериме сынды жазушылармен теңесіп, Париждегі жоғары элитаның атақты бестігінің құрамына енеді. Жорж Сандтың Тургеневке жазған хатында: Біз бәріміз түгелдей сізден тәлім алуымыз керек,- деген болатын. Бұны жай ғана қаламдас достың мақтауы деп түсінбеген жөн. Осы мәселеге қатысты Нұрпейісов орынды пікірлер айтқан.
Ұлы жазушының туындылары өміршеңдігін жоймақ емес. Өйткені, Тургеневтен кейінгі жас жазушылар оның әдеби тәжірибесін белгілі бір дәрежеде қолданды. Тургеневтің ықпалымен лирикалық проза Ресейде, бізде және батыста өз жалғасын тапты. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің айтуынша, лирикалық прозаның бастаушысы Тургенев болып есептеледі.
Лирика мен шеберлік- егіз ұғымдар.Тургеневтің ерекшелігі – оның өз шығармаларында ақыл ммен сезімді шебер сабақтастыратындығы. Автор Тургенев туындыларының тілі туралы сөз қозғай отырып, Горькийдің пікіріне жүгінеді. Горькийдің айтуынша, орыс тілін Пушкин, Тургенев, Чехов жасаған. Шындығында да, Пушкин сынды Тургенев те орыс тілінің бай сөздік қорының қайнарынан еркін сусындады. Тургеневтің сөз қолданысындағы ерекшеліктерді байқау үшін оның шығармаларының бірнеше бетін оқу жеткілікті екендігін автор алға тартады. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің орыс жазушылары туралы жазған мақалаларынан оның орыс тарихынан мол хабары бар екендігін аңғару қиын емес. Мәселен, Тургенев өмір сүрген кезеңде елде репрессияның күшейгендігін, Александр I мен Александр II патшалардың саясатының көлеңке жақтарын айта отырып, Пушкин, Гоголь, Чехов, Тургеневке шындықты айтудың оңайға түспегендігіне дәлел келтіреді. Автор сөз соңында жалпы адамзаттық биік мұраттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Әуезов және Абай
Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Н. Кузанский, Ф. Ницше, Ф. М. Достоевский, Кьеркегор философиясы және модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің байланысы (ғылыми шолу)
Қан мен тер
Т.Ахтановтың шығармашылық өмірбаяны
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Қазақ прозасының зерттелуі
Пәндер