Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі



Жоспар:

1. Бухгалтерлік есеп пәні;

2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері;

3. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері;

4. Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі
. Бухгалтерлік есеп пәні
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері
Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген. қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.
Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.
Шаруашылық операциялары жеткізушілерден тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алудан, негізгі қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығыңдарды анықтаудан және т.с.с. тұрады.
Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:
- өндірістік корларды дайындау;
- өнім өндіру;
- сату (өткізу).
Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорынның оларды басқа кәсіпорындардан сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.
Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор) рөлін, ал басқасы — несие берушінің рөлін (кредитор) атқарады.
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептері — бұл құндылықтарды алу, қызмет көрсету және т.с.с. мерзімдерінің оларды төлеу мерзімдерімен сәйкес келмеуі.
Өндіріс процесінің мәні - жұмысшылар машиналар мен еңбектің басқа құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер етіп, оларды дайын өнімге айналдырады. Бұл жерде материалдық және еңбектік шығындар ескеріледі. Өнім өндіруге жұмсалып, ақшалай нысанда көрсетілген шығындар оның өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді. Олар натуралды жэне еңбектік өлшеуіштермен де көрсетілуі мүмкін.
Өнімдерді өткізу және сату процесінде кәсіпорындар немесе фирмалар оны сатып алушыларға жөнелтеді және сол үшін ақша қаражаттарын алады. Бұл жерде дайын өнім өсіңкі сомадағы ақшалай нысанға айналады, өйткені өнім сатылатын нарықтық (келісімді) бағалар әдетте осы өнімнің нақты өзіндік құнынан жоғары болады. Сату процесі өнімді өткізу жөніндегі шығындармен (буып-түю, тиеу, түсіру және т.с.с.) байланысты. Сонымен, шаруашылық процестерінде құралдар қозғалады және өзгереді. Бұл орайда ақша материалға, ал материал дайын өнімге айналады, содан кейін өнім қайтадан ақша қаражатына айналады.
Өндіріс процесін жалғастыру үшін ақша қаражатының көмегімен шикізаттар мен материалдардың жаңа топтамасын сатып алу керек, Сөйтіп, құралдардың ауыспалы айналымы, яғни құралдардың бір нысаннан басқа нысанға біртіндеп айналуы және бір процестен басқа процеске ауысуы жүзеге асады.

3. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес: құрамы (функционалдық рөлі) бойынша; олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі. Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді. Өндіріс саласындағы құралдар өз кезегінде еңбек құралдарына, материалдық емес активтерге және еңбек затына бөлінеді.
Еңбек құралы - бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.
Материалдық емес активтер - бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, жер учаскелерін пайдалану құқы, патенттер, лицензиялар, НОУ-ХАУ, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.

4 Қаржылық есеп
Материалдық емес активтер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс шығындарына көшіреді.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Бухгалтерлік есеп пәні;

2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері;

3. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері;

4. Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі

1. Бухгалтерлік есеп пәні
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың
негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық
қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар
жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет
етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары
және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің
пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің
объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан
түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне
және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес
активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу,
өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар,
ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

2. Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері
Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген. қозғалысы мен
өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.
Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана
(баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе
бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де баланстың активі де,
пассиві де) қатысты болуы мүмкін.
Шаруашылық операциялары жеткізушілерден тауарлы-материалдық
құндылықтарды сатып алудан, негізгі қорларды пайдаланудан, жалақы
есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығыңдарды анықтаудан және т.с.с.
тұрады.
Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы шаруашылық процесі деп
аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін
ажыратуға болады:
- өндірістік корларды дайындау;
- өнім өндіру;
- сату (өткізу).
Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорынның оларды басқа
кәсіпорындардан сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек
заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен
оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.
Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде кәсіпорындардың,
компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты
сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор)
рөлін, ал басқасы — несие берушінің рөлін (кредитор) атқарады.
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептері — бұл
құндылықтарды алу, қызмет көрсету және т.с.с. мерзімдерінің оларды төлеу
мерзімдерімен сәйкес келмеуі.
Өндіріс процесінің мәні - жұмысшылар машиналар мен еңбектің басқа
құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер етіп, оларды дайын өнімге
айналдырады. Бұл жерде материалдық және еңбектік шығындар ескеріледі. Өнім
өндіруге жұмсалып, ақшалай нысанда көрсетілген шығындар оның өзіндік құнын
анықтауға мүмкіндік береді. Олар натуралды жэне еңбектік өлшеуіштермен де
көрсетілуі мүмкін.
Өнімдерді өткізу және сату процесінде кәсіпорындар немесе фирмалар оны
сатып алушыларға жөнелтеді және сол үшін ақша қаражаттарын алады. Бұл жерде
дайын өнім өсіңкі сомадағы ақшалай нысанға айналады, өйткені өнім сатылатын
нарықтық (келісімді) бағалар әдетте осы өнімнің нақты өзіндік құнынан
жоғары болады. Сату процесі өнімді өткізу жөніндегі шығындармен (буып-түю,
тиеу, түсіру және т.с.с.) байланысты. Сонымен, шаруашылық процестерінде
құралдар қозғалады және өзгереді. Бұл орайда ақша материалға, ал материал
дайын өнімге айналады, содан кейін өнім қайтадан ақша қаражатына айналады.
Өндіріс процесін жалғастыру үшін ақша қаражатының көмегімен шикізаттар
мен материалдардың жаңа топтамасын сатып алу керек, Сөйтіп, құралдардың
ауыспалы айналымы, яғни құралдардың бір нысаннан басқа нысанға біртіндеп
айналуы және бір процестен басқа процеске ауысуы жүзеге асады.

3. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:
құрамы (функционалдық рөлі) бойынша; олардың пайда болу көздері бойынша
жіктеледі. Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы
құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді. Өндіріс
саласындағы құралдар өз кезегінде еңбек құралдарына, материалдық емес
активтерге және еңбек затына бөлінеді.
Еңбек құралы - бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам
өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер
етеді.
Материалдық емес активтер - бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай
құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның
объектісі. Оған табиғи ресурстарды, жер учаскелерін пайдалану құқы,
патенттер, лицензиялар, НОУ-ХАУ, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.

4 Қаржылық есеп
Материалдық емес активтер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы
құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс
шығындарына көшіреді.
Еңбек заттары - адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен
әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және
өздерінің құнын өнім құнына көшіреді.
Өндірістің бір кезеңінде оған шикізат пен материалдар, жартылай
фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар және т.б. жатады.
Айналым саласындағы құралдар дайын өнімге, ақша қаражатына және есеп
айырысудағы қаражаттарға бөлінеді. Өнделуі толық аяқталған, сынақтан өткен,
стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім қоймаға өткізіледі.
Ақша қаражаты — бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша
қаражаттарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық
шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар,
облигациялар, жинақ ақша ;ертификатгары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге
де ақша қаражаттары.
Есеп айырысудағы қаражат - берілген аванстар бойынша тауарлар,
жұмыстар мен қызметтер үшін, алынған вексельдер бойынша дебиторлық
берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.
Оқшауландырылған қаражат - бюджетке салық түрінде аударылуға тиіс
пайда сомасы мен кәсіпорынның арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.
Алу көздері мен мақсаттық бағытгарына сәйкес шаруашылық құралдары
меншікті және тартылған қаражат көздеріне бөлінеді.
Меншікті қаражат көздері болып табылатындар:
— жарғылық қор — кәсіпорынды құрған кезде оның қызметін қамтамасыз ету
үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде құрылтайшылар (меншік
иелері) мүлік түрінде (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің
құны, ақша қаражаты) енгізген салымдарының ақшалай түрдегі жиынтығы;
- пайда - өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді, материалдық
құндылықтарды, негізгі құралдарды және т.б. сатудан кәсіпорын алған
табыстың шығыстардан асу сомасы;
— резервтік капитал — мақсаттық бағыты бойынша жұмсалмаған
резервтердің сомалары және басқалар.
Банктің несиелері — банктен алынған (өтелмеген) ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді ссудалардың сомалары қарыз қаражатының көзі болып табылады.
Басқадай қарыз қаражаттары – кәсіпорынның еңбек ұжымы шығарған және
сатқан акциялардың сомасы, кәсіпорынның акциялары мен облигациялары, қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар т.б.

4. Бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен
тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама
жасау, екіжақты жазу әдісін қолданып жинақтамалы және талдамалы шоттар
жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен
кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттау — шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар
жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір
шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың
атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның
жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі. Сөйтіп құжаттар
зандық растаушы күшке ие болады.
Түгендеу - мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері
бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп
деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету
мақсатымен жүргізіледі.негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар,
ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорнының тауарлары және
басқалар түгенделуге тиіс.
Түгендеу белгіленген мерзімдерде материалды-жауапты адамдар ауысқан
кезде, аудиторлардың, тергеу органдарының талабы бойынша және т.б.
жағдайларда жүргізіледі. Түгендеудің деректері актімен ресімделеді.
Бағалау — бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көрсеткіштерге
аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері
туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай
көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр.
Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайылығы мен дұрыстығы
бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың
принциптері нормативтік актілермен реттелінеді. Мысалы, қолданыстағы
нормативтік құжаттарда белгіленгені: бухгалтерлік баланста негізгі құралдар
бастапқы құны мен жинақталған тозу сомасын көрсету арқылы қалдық құны
бойынша, материалдық емес активтер - бұлар да бастапқы құны мен жинақталған
тозу сомасын көрсету арқылы қалдық құны бойынша, өндірістік қорлар оларды
сатып алу мен дайындаудың нақты құны бойынша бағаланады және т.с.с.
Калькуляция — шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық
құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын
анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен
реттелінеді.
Шоттар және екіжақты жазу
Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын
топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі
мен олардың көздеріне жеке шот ашылады. Мысалы, 1040 — "¥лттық валютадағы
ағымдағы, корреспонденттік шоттағы ақша", 1010 - "Кассадағы ұлттық
валютамен берілетін қолма-қол ақшалар", 5310 — "Құрылтайшы құжатпен
белгіленген резервтік капитал", 5410 - "Есепті жылғы кіріс" және т.с.с.
Екіжақты жазу — шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің
шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні — әрбір шаруашылық операциясы
екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде
жазылады.
Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу
көздерін ақшалай бағамен белгілі бір күнге, әдетте айдың 1-күніне
экономикалық топтастырудың әдісі.
Кәсіпорынның қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен екі
топтамада көрсетіледі: оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екендігін,
екіншісі — олардың қандай кездерден пайда болғанын көрсетеді, яғни баланс
кесте түрінде жасалады. Ол екіге бөлініп, бір жағы актив, ал екінші жағы —
пассив деп аталынады.
Бухгалтерлік баланстың екі жағы өзара тең, өйткені оларда бір ғана
мүлік көрсетіледі, бірақ бір жағынан құрамы мен орналасуы бойынша, екінші
жағынан оның пайда болу кездері бойынша көрініс табады.
Сонымен, баланстың негізінде кәсіпорындағы шаруашылық қорларының
жағдайы мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады.
Есеп беру дегеніміз кәсіпорынның белгілі бір кезендегі өндірістік-
шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің арнайы
кестелерге топтастырылған жүйесі.
Есеп берудің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау үшін,
кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалау үшін тиісті басқарушылық шешімдерге
негіздеме әзірлеу және қабылдау үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік есептің әдістемесін құрайтын әдістері мен тәсілдері өзара
байланысты және өзара шарттастырылған.
Оларды қолдану нәтижесінде ескеріліп отырған объектілердің
бухгалтерлік есепте ақшалай, еңбектік және натуралды өлшеуіштермен
(көрсеткіштермен) үздіксіз, жалпылама және құжатпен негізделе керсетілуін,
мүліктерді, олардың пайда болу көздерін, шаруашылық операцияларын
бухгалтерлік есептің шоттарында біртектес топтастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл мүліктерді, оның пайда болу көздері мен шаруашылық операцияларын
екі жақты жазу әдісінің көмегімен өзара байланыстырып көрсету, мүліктер
мен міндеттерін,-. нақты қолда барын есеп деректерімен мерзім шынайы,
жиынтық, жүйеленген есептеме мүмкіндік береді

Жоспар:

1. Қаржылық есеп берудің маңызы;

2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі
талаптар;

3. Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі;

4. Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау;

5. Пайда және зиян жайлы есеп беру;

6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

1. Қаржылық есеп берудің маңызы
Қаржылық есеп беру — бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-
шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған
көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы ¥лтгық Комиссиясының 1996 жылғы
12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен
қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына
көшті. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру
нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,
мекеменің қаржылық есеп беруі - есеп процесінің соңғы сатысы болып
табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы
жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы - ресурстардың қолда барын, орналастырылуын
және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың
(яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр құралдардың,
материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті
қаражаттарының, қарыз каражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп
беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша
толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу
дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым
өтімді активтерді, жылдам салатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның
мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді
пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтер-анықтауға
болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес-кәсіпорындардың ортасында
жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін ең маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ.

2. Есеп берудің құрамы. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі
талаптар
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың,
өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да
құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса
алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық
есеп беру.
Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар
бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру
құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы
бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да
есептік деректермен және түсіндірме жазбалармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар мен
31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар,
мекемелер үшін есеп беру жылы болып, олар заңды тұлға құдығын алған күннен
бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін
құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы
мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің
қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайьшығы; жинақтамалы және
талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы
көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есепті көрсеткіштердің өткен жылдың
осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің)
басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап
береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және
пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын
қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп
беруде керсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және
бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге
түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген
немесе олардан алынған құралдардың, материалдық айналым құралдарының
құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз каражаттарының мөлшерін
анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен нышындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп
беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша
толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу
дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым
өтімді активтерді, жылдам салатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның
мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді
пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтер-анықтауға
болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес-кәсіпорындардың ортасында
жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есептің маңызы
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Пәндер