Мемлекеттің пайда болуы туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Теологиялық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мемлекеттің пайда болуы туралы патриархалдық теория ... ... ... ... ... .. 5
3. Шарттасу теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
4. Күштеу теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
5. Психологиялық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
6. Нәсілдік теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
7. Гегельдің мемлекет туралы ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
8. Органикалық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
9. Материалистік (таптық) теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Мемлекеттің пайда болу процесін зерттеу тек танымдық қана емес, сонымен қатар саяси-практикалық сипатқа ие. Ол мемлекет пен құқықтың әлеуметтік табиғатын, ерекшеліктері мен белгілерін терең түсінуге, олардың пайда болу және даму себептері мен шарттарына талдау жасауға мүмкіндік береді. Оларға тән барлық функцияларды, қызметінің негізгі бағыттарын дәл айқындауға, қоғам және саяси жүйе өміріндегі орны мен рөлін нақты белгілеуге жағдай жасайды.
Мемлекет теоретиктерінің арасында мемлекеттің пайда болу процесіне қатысты мәселеде ойлары тоқайласып, пікірлері тоғысқандары бұрын болған емес, қазіргі таңда да жоқ. Әлемде мемлекеттің пайда болу және даму процесін түсіндіретін бірнеше теория бар. Олардың түрліше болуы түсінікті де, себебі теориялардың әрқайсысы әр түрлі топтардың, таптардың және ұлттардың аталмыш процеске қатысты түрліше көзқарастары мен пікірлерін немесе бір ғана әлеуметтік топтың осы мемлекеттің пайда болу процесінің түрліше аспектілеріне қатысты көзқарастары мен пікірлерін көрсетеді.
Мемлекеттің пайда болуын зерттеу теориялық жағынан да, саяси-практикалық жағынан да аса маңызды. Адамзаттың даму барысында ондаған теориялар мен доктриналар қалыптасып, бірнеше жүздеген, мыңдаған болжамдар айтылды. Оның үстіне мемлекет пен құқықтың табиғаты туралы даулар әлі күнге жалғасын табуда.
1. Фридрих Энгельс – великий мыслитель и революционер. Материалы научно-теоретической конференции общественных наук вузов и научных сотрудников учреждений АН СССР. Л.,1972ж.
2. Ф.Энгельс. Происхождение семьи, частной собственности и государства. В связи с исследованиями Л.Г.Моргана. М.,1973ж.
3. Советский Энциклопедический словарь - М.: Советская энциклопедия,1989ж.
4. С.С.Алексеев. Государство и право. М.,1993ж.
5. С.С.Алексеев. Общая теория права. 1,2-том. М.,1981-82ж.
6. Л.Гумплович. Общее учение о государстве. СПб.,1910ж.
7. Д.Дидро. Шығ. М.,1939ж.
8. К.Каутский. Материалистическое понимание истории. 2-том: Государство и развитие общества. Л.,1940ж.
9. В.М.Корельский, В.Д.Перевалов. Теория государства и права. М.,1997ж.
10. М.Н.Коркунов. Лекции по общей теории права. СПб.,1894ж.
11. В.В.Лазарев. Общая теория права и государства. М.: Юрист,1994ж.
12. Р.З.Лившиц. Теория права. М.: БЕК,1994ж.
13. К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығ. М., 2-басылым.
14. М.Н.Марченко. Теория государства и права. М.: Зерцало, ТЕИС,1996ж.
15. И.Б.Новицкий. Римское право. М.,1993ж.
16. Ж.-Ж.Руссо. Об общественном договоре. М.,1938ж.
17. Ж.-Ж.Руссо. О причинах неравенства. СПб.,1907ж.
18. Г.Спенсер. Основание социологии. 1,2-том. II. СПб.,1908ж.
19. В.Н.Храпанюк. Теория государства и права. М.,1993ж.
20. З.М.Черниловский. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М.,1996ж.
21. А.Б.Венгеров. теория государства и права. 1,2-том. М.,1996ж.
22. А,Ибраева. Общая теория государства иправа. А.,2000ж.
23. С.А.Комаров. Общая теория государства иправа. Саранск.,1994ж.
24. Теория государства и права. Отв.ред. В.М.Королский. М.,1997ж.
25. А.Ф.Черданцев. Теория государства и права. Курс лекции. Екатеринбург.,2000ж.
26. Теория государства и права. Курс лекции под.ред. М.И.Матузова. М.,1999ж.
27. Курс лекции по теории государства и права. Под.ред. А.В.Малько. Саратов.,1993ж.
28. В.Л.Куланов. Юридический словарь общеобязательных категорий и терминов. Саратов.,1993ж.
29. А.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. А.,1997ж.
30. Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. А.,2005ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің пайда болуы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Теологиялық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мемлекеттің пайда болуы туралы патриархалдық теория ... ... ... ... ... .. 5
3. Шарттасу теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
4. Күштеу теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
5. Психологиялық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
6. Нәсілдік теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
7. Гегельдің мемлекет туралы ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
8. Органикалық теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
9. Материалистік (таптық) теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

Кіріспе

Мемлекеттің пайда болу процесін зерттеу тек танымдық қана емес,
сонымен қатар саяси-практикалық сипатқа ие. Ол мемлекет пен құқықтың
әлеуметтік табиғатын, ерекшеліктері мен белгілерін терең түсінуге, олардың
пайда болу және даму себептері мен шарттарына талдау жасауға мүмкіндік
береді. Оларға тән барлық функцияларды, қызметінің негізгі бағыттарын дәл
айқындауға, қоғам және саяси жүйе өміріндегі орны мен рөлін нақты
белгілеуге жағдай жасайды.
Мемлекет теоретиктерінің арасында мемлекеттің пайда болу процесіне
қатысты мәселеде ойлары тоқайласып, пікірлері тоғысқандары бұрын болған
емес, қазіргі таңда да жоқ. Әлемде мемлекеттің пайда болу және даму
процесін түсіндіретін бірнеше теория бар. Олардың түрліше болуы түсінікті
де, себебі теориялардың әрқайсысы әр түрлі топтардың, таптардың және
ұлттардың аталмыш процеске қатысты түрліше көзқарастары мен пікірлерін
немесе бір ғана әлеуметтік топтың осы мемлекеттің пайда болу процесінің
түрліше аспектілеріне қатысты көзқарастары мен пікірлерін көрсетеді.
Мемлекеттің пайда болуын зерттеу теориялық жағынан да, саяси-
практикалық жағынан да аса маңызды. Адамзаттың даму барысында ондаған
теориялар мен доктриналар қалыптасып, бірнеше жүздеген, мыңдаған болжамдар
айтылды. Оның үстіне мемлекет пен құқықтың табиғаты туралы даулар әлі күнге
жалғасын табуда. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар көп болғандықтан,
олардың барлығын ашып көрсету мүмкін емес, сондықтан біз осы курстық
жұмысымызда бұл теориялардың ең танымал және кең тараған бірнешеуіне ғана
тоқталғымыз келеді. Бұл теориялар мыналар:
- теологиялық,
- патриархалдық,
- шарттасу,
- күштеу,
- психологиялық,
- нәсілдік,
- Гегель теориясы,
- органикалық,
- материалистік (таптық) теория.
Аталған теориялардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ.

1. Теологиялық теория
Бұл теория өз бастауын көне заманнан алады. Ежелгі Египет пен
Вавилонда мемлекет пен құқықтың пайда болуының құдаймен байланыстылық
идеясы болғаны белгілі. Осылайша, Хаммурапи патшаның заңдарында патша
билігі құдайдың құдіретімен пайда болғандығы туралы айтылған: Құдайлар
Хаммурапиді қара бастыларға билік жүргізу үшін жіберген"; "Адам құдайдың
көлеңкесі, құл адамның көлеңкесі болып табылады, ал патша құдаймен тең.
Қоғамның рухани дүниеге ерекше көңіл бөлуі адамзат баласының қоғамдық-саяси
ақыл-ойының бұдан кейінгі қалыптасуына да әсерін тигізбей қоймады.
Теологиялық теорияның таралуы феодализмнің қалыптасу және даму кезеңінде
айрықша қарқын алды.
XII-XIII ғасырларда Батыс Еуропада екі қылыш теориясы дамыды. Бұл
теорияның түпкілікті мәні шіркеудің негізін салушылардың екі қылышы
болуында жатыр. Қылыштардың бірін олар қынабына салып, өз бойларында ұстап
жүрді. Ал екіншісін жердегі істерді тындыру үшін патшаларға сыйлады. Шіркеу
патшаға адамдарға билік жүргізу құқығын береді әрі ол шіркеудің қызметшісі
болып саналады. Аталмыш теорияның негізгі мәні рухани ұйымның (шіркеудің)
мемлекеттен басымдығын нақтылай түсу және құдайдың құдіретінен пайда
болмаған мемлекеттің де, биліктің де жоқтығын дәлелдеу.
Танымал ғалым Фома Аквинскийдің (1225-1274жж.) ілімі де шамамен осы
кезеңде пайда болып, дами бастады. Ол мемлекет пен құқықтың пайда болу және
даму процесі құдайдың әлемді жаратуымен ұқсас процесс деген пікір айтып,
оны өле-өлгенше жақтап өтті.

2. Мемлекеттің пайда болуы туралы патриархалдық теория
Бұл теория өз бастауын Ежелгі Грециядан алады. Оның негізін салушы
Аристотель деп саналады. Аталмыш теорияны жақтаушылардың арасында ерекше
танымалдары ағылшын Филмер (XVIIғ.) және орыс зерттеушісі, мемлекеттанушы
Михайловский (XIXғ.).
Патриархалдық теория мемлекет отбасынан пайда болды, яғни отбасының
ұлғайып, өсуінің нәтижесі деген түсініктен келіп шығады.
Мемлекет, Аристотельдің ойынша, табиғи даму өнімі ғана емес, сонымен
бірге адамзат қарым-қатынасының жоғары түрі болып табылады. Ол қарым-
қатынастың басқа түрлерінің барлығын да (отбасы, ауыл-аймақ) қамтиды. Онда
барлығы да түпкілікті мақсатқа – игілікті өмірге қол жеткізеді.
Орта ғасырларда Ұлыбританиядағы абсолютизмді негіздей отырып, Р.Филмер
Патриархия немесе корольдердің табиғи құқығын қорғау атты еңбегінде
патриархалдық теорияға сілтеме жасап, Құдай бастапқыда король билігін
Адамға сыйлаған деген тұжырым айтты. Сондықтан да Адам адамзат баласының
әкесі ғана емес, билеушісі де.
Мемлекеттік билік, патриархалдық теорияны жақтаушылардың пікірінше,
әке билігінің жалғасы деп есептелді. Патшаның, монархтың билігі – бұл
отбасы иесінің патриархалдық билігі. Патриархалдық теория орта ғасырларда
монархтың абсолюттік (отандық) билігінің негізі ретінде қызмет етті.
Патриархалдық теорияны әр кезеңде түрліше сынға алып, аяусыз
түйрегендер де болды. Атап айтар болсақ, Джон Локк патриархалдық теория
ережелерінен біз ғылыми тұжырым орнына баланың шатпағын табамыз деп
жазды. Бұл теорияны жазба түрлер доктринасы, мемлекет тәрізді күрделі
құбылысты ғылымға қарсы биологияландыру деп атады.

3. Шарттасу теориясы
Бұл теория (мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы келісім-шарт
теориясы) мемлекеттің пайда болуын қоғамдық келісімнің – халықтың ақыл-ой
еріктілігінің нәтижесі деп түсіндіреді, соның негізінде адамдар өз
бостандықтарын қамтамасыз етудегі ортақ мүдде жолында ерікті түрде бірікті
деген тұжырым айтады. Осы теорияның жекелеген қағидаларын б.э.д. V-IV
ғасырларда Ежелгі Грециядағы софистер ойлап шығарды. Эпикур мемлекеттің
түп-төркіні адамдардың өзара келісімге келуінде жатыр... деген екен.
Алайда Ежелгі Греция философтарының көзқарастарынан біз келісім-шарт
теориясының алғашқы бапалдақтарын ғана табамыз, себебі бұл теория ХҮІІ-
ХҮІІІ ғасыр ойшылдары Г.Гроцийдің, Б.Спинозаның, А.Радищевтің, Т.Гоббстың,
Дж.Локктың, Жан-Жак Руссоның және т.б. еңбектерінде өзінің толыққанды даму
сатысына көтерілді.
Бұл теорияның негізі мемлекеттің пайда болуына адам баласының табиғи
жағдайы сеп болды деген қағидада жатыр. Адамдардың өмір сүру жағдайлары
және өзара қарым-қатынас жасау сипаты бір тұрпатты болған жоқ. Т.Гоббс
табиғи жағдайды барлығын барлығына қарсы соғысқа апаратын жеке адам
бостандығының патшалық құруынан көрді; Жан-Жак Руссо алғашқы қауымдық
қоғамдағыдай әлемдік бостандық патшалығы бар деп санады; Дж.Локк адамның
табиғи жағдайы – оның шексіз бостандығында деп жазды.
Табиғи құқық теориясын жақтаушылар мемлекетті құқықтық актінің –
қоғамдық келісімнің нәтижесі деп есептейді, ол – халықтың саналы еркі,
адамзат мекемесі. Сондықтан бұл теория мемлекеттің пайда болуы туралы
механикалық түсінікпен байланыс табады, ал механикалық түсінік бостандық
пен тәртіпті қамтамасыз ету жолында бірлесуге келіскен адамдардың саналы
еріктілігінің жасанды шығармасы іспеттес.
Гольбах, мысалы, қоғамдық келісімді қоғамды ұйымдастыруға және
сақтауға арналған шарттардың жиынтығы ретінде түсінді. Д.Дидро өзінің
қоғамдық келісім туралы түсінігін мынадай мазмұнда ұсынады: Адамдар істің
мән-жайына жылдам қанықты, - деп жазады ол, - егер олар өз бостандықтарын,
өз тәуелсіздіктерін пайдалануды, құштарлықтарына көзсіз еруді осылайша
жалғастыра берсе, әрбір жеке адамның жағдайы бақытсыздық халіне жетеді;
олар әрбір адамның өзінің табиғи тәуелсіздігінің бір бөлігіне
қанағаттанып, еркіне бағынуы қажеттігін терең түсінді, ал бұл ерік бүкіл
қоғамның еркін білдіруі керек, барлық еріктер мен барлық күштердің бірігу
орталығы болуы тиіс. Мемлекеттің шығу тегі осындай.
Шарттасу теориясы классикалық негіздемеге Жан-Жак Руссо еңбектерінде
ие болды. Ол тарихи тәжірибеден тарата келіп, билеушілер мемлекетке өзінің
жеке меншігі ретінде, ал азаматтарға құлдары ретінде қарай бастады деген
тоқтамға келді. Олар деспоттарға, халықты қанаушыларға айналды. Деспотизм,
Жан-Жак Руссоның ойынша, қоғамдық көп түрліліктің шектен шыққан ең сорақы
көрінісі: жеке меншіктегі байлар мен кедейлердің теңсіздігі; биліктегі
күштілер мен әлсіздердің теңсіздігі; патшалар мен құлдардың теңсіздігі. Осы
теңсіздік кері кеткен жаңа теңдіктің себепшісіне айналады: деспоттың
алдында барлығы тең, себебі олардың әрқайсысы нөлге тең. Бірақ бұл алғашқы
қауым адамдарының табиғи теңдігі емес, табиғатты бұзатын теңдік.
Жан-Жак Руссоның пікірінше, құқықтық мемлекеттік құрылым орнатып,
нағыз теңдік пен бостандықты қалпына келтіру мақсатында еркін қоғамдық
келісім жасау керек. Бұл шарттың басты міндеті мынада: әрбір қатысушы
тұлғасы мен мүлкін жалпы жиынтық күшпен сақтап, қорғай алатын және әрбір
қатысушы барлығымен біріксе де, тек өзіне-өзі бас иетін және бұрынғыша
еркін күйінде қалатын ассоциация нысанын табу. Шарт теориясын негіздей
отырып, Жан-Жак Руссо былай деп көрсетеді: Біздің әрқайсымыз өз тұлғасы
мен барлық күш-жігерін ортақ жоғарғы еріктің басшылығына тапсырады да,
қоғамның әрбір мүшесін бүтіннің ажырамас бөлігі ретінде қабылдайды.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуының діни идеяларын сараптай келе
Александр Радищев (1749-1802жж.) мемлекет қандай да бір діни көрегендік
нәтижесінде емес, қоғам мүшелерінің әлсіздер мен қаналғандарды бірлесе
қорғау мақсатында жасаған үнсіз шарт арқылы пайда болды деген қорытынды
ұсынды. Мемлекет, оның ойынша, азаматтардың игілігін мақсат тұтқан ұлы
амал.
Джон Локк (1632-1704жж.) бейбіт жолмен құрылған барлық мемлекеттердің
негізінде халықтың келісімі жатыр деп көрсетеді. Өзінің Басқару туралы екі
трактат атты танымал шығармасында жекелеген адамдар басынан кешкенді
мемлекет те өткереді: олар әдетте өздерінің дүниеге келуі және балалық
шағы туралы ештеңе білмейді деп жазады, Джон Локк сонымен қатар біртұтас
саяси қоғамға бірігуге келісім арқылы ғана қол жеткізуге болады деген
идеяны дамытуға күш салды. Автордың ойынша, тек келісім ғана – мемлекетті
құратын немесе мемлекетке кіретін тұлғалар арасында болатын және болуға
тиіс шарт. Мемлекеттің пайда болуы туралы табиғи құқықтық теорияның
ұстанымдарынан байқалатыны – осы теорияны жақтаушылардың халық Қоғамдық
келісім негізінде өзінің мемлекетке қатысты ажырамас табиғи құқығына ғана
емес, сол мемлекетті қорғау құқығына да ие болады деген тұжырымы.
Келісім-шарт теориясы әр түрлі себептерден сынға ұшырады. Мысалы,
Коркуновтың пікірінше, қоғам және мемлекеттің құрылуындағы шарттық
бастаулар қоғамдық өмір түсінігінде асыра сілтеушілікке алып келеді.
Мұндайда жеке тұлға барлығына билігін жүргізе алады. Жеке тұлға қоғамдық
ортаның себепшісі емес, керісінше, тұтастай қоғамдық тәртіпті жекелеген
адамдар анықтайды.
Шершеневич механикалық түсінікті жақтаушылар тарихи шындыққа
бойламайды, себебі олар үшін қоғамдық келісім жай әдістемелік тәсіл ғана
деп жазады.
Трубецкой да шарттасу теориясына осындай тұрғыдан баға береді. Оның
айтуынша, қоғам адам шығармашылығының өнімі емес, керісінше, адам – тарихи
ортамен анықталып, тарихи қалыптасқан қоғамдық шарттардың жемісі, бүтіннің
заңдылықтарына бағынған әлеуметтік ағзаның бір бөлігі.
Мемлекеттің шығуы туралы материалистік теорияның жақтаушысы
А.И.Денисов шарттасу теориясы тарихқа қарсы, себебі қоғамдық өмірдің
негізі жеке тұлға, адам дегенді алға тартады. Сонымен бірге бұл теория бір
жақты: тарихи даму адам табиғатымен анықталады дей келіп, ол адамның
табиғатқа әсер ететінін, осы арқылы өзіне жаңа тіршілік жағдайларын
қалыптастыратынын байқамайды деп жазды.
Қоғам мен мемлекеттің пайда болуы туралы басқа тұжырымдамалардың
өкілдері күштеу теориясына сыни тұрғыдан қарап, одан көптеген кемшіліктер
табады. Бұл түсінікті де, себебі мемлекеттің шығуы туралы кез келген теория
адам ойының объективті сипаттағы процестерге субъективті көзқарасын
білдіреді. Тарихтың өзі дәлелдегендей, қоғамдық дамудың, мемлекеттің пайда
болу және әрекет ету заңдылықтарын ашып көрсету – аса күрделі міндет.
Шарттасу теориясының ғылымилығы әр түрлі қарама-қайшылықты
бағаланғанына қарамастан, оның тұжырымдамасының кейбір аспектілері
мемлекеттің құрылу практикасында нақты орнын тауып жатты. Бұған мысал
ретінде Америка Құрама Штаттарын атауға болады, ол өз Конституциясында
құрамына кіретін халықтар арасындағы шартты құқықтық тұрғыдан бекітті және
бұл шарттың мақсатын былайша белгіледі: әділ сотты бекіту, ішкі тыныштықты
қорғау, бірлескен қорғанысты ұйымдастыру, ортақ игілікке ықпал ету.

4. Күштеу теориясы
Күштеу теориясы мемлекет пен құқық туралы жаңа теориялардың қатарына
жатады. Бұл теорияның идеялық бастаулары құлиеленушілік дәуірінде пайда
болған. Оны жақтаушылардың пікірінше, мемлекет күштеу және жаулап алу
нәтижесінде қалыптасады. Күштеу теориясының мәнін тереңдете түсу XIX-XX
ғасырлардан бастау алады. Теория бойынша жеке меншіктің, таптар мен
мемлекеттің пайда болуы ішкі және сыртқы күштеудің, яғни тікелей саяси
әрекеттің нәтижесі болып табылады. Тек жеңгендер мен жеңілгендер арасындағы
құқықтық айырма әлі жоғала қоймаған елдерде ғана мемлекет қанау органы
болып қала береді.
Күштеу теориясының сипаттамалары Е.Дюрингтің, Л.Гумпловичтің,
К.Каутскийдің және тағы басқалардың шығармаларында көрініс тапқан. Дюринг
қоғамдық дамудың негізі – саяси қарым-қатынас нысандары, ал экономикалық
құбылыстар – саяси актілердің нәтижесі деп, мемлекеттің пайда болуының
бастапқы факторын тікелей саяси күштерден іздеу керектігін айтты. Дюрингтің
ойынша, қоғам ең кемінде екі адамнан тұрады. Екі адамның еркі тепе-тең
болады да, олардың бірі екіншісіне ешқандай оң талап қоя алмайды. Осындай
жағдайда, яғни қоғам екі тең тұлғадан тұрғанда, теңсіздік пен құлдыққа жол
жоқ. Мемлекеттің шығу тегін түсіндіру үшін Дюринг бейнелі түрде үшінші
адамды қосады, себебі үшінші адамсыз көпшілік дауыспен шешім қабылдау
мүмкін емес, ал мұндай шешімдер болмаса, яғни көпшіліктің азшылыққа билігі
болмаса, мемлекет қалыптаспайды. Осылайша меншік, таптар және мемлекет
қоғамның бір бөлігінің екінші бір бөлігіне күш көрсетуі нәтижесінде пайда
болады.
Австриялық әлеуметтанушы және мемлекеттанушы Л.Гумплович сыртқы күштеу
теориясының өкілі болып табылады. Бұл теорияға сәйкес мемлекет күші басым
тайпаның әлсіз тайпаны басып алуы нәтижесінде құрылады. Сондықтан
Л.Гумплович былай деп жазады: Тарих бізге мемлекеттің күштеу актісінің
көмегінен басқаша жолмен пайда болғаны турасында бірде-бір мысал көрсете
алмайды. Оның үстіне бұл бір тайпаның екінші тайпаға күш көрсетуі болды.
Мұндай күш көрсету күшті тайпаның әлсіз отырықшы халықты басып алуынан және
езіп-жаншуынан көрініс табады. Л.Гумплович жануарлар тіршілігінің
заңдылықтарын адамзат қоғамына ауыстырады да, осы арқылы әлеуметтік
құбылыстарды биологияландырады. Оның сөздерімен айтар болсақ, жабайы
ордалардың, қоғамдардың және мемлекеттердің әрекеттерінде күрделі табиғат
заңдылықтары орын алады.
Жаулап алу нәтижесінде құлдық пайда болады: соғыста жеңіске жеткен
бірінші тайпа билік жүргізуші болады да, жеңіліс тапқан екінші тайпа
бостандығынан айырылып, құлдық күйге түседі. Құлдық өз кезегінде жеке
меншіктің және таптардың шығуына алып келеді. Ал көшпелі тұрмыстан жер
иеленушілік, отырықшылыққа көшу осы жеке мешікпен тығыз байланысты.
Мемлекеттік билік, Л.Гумпловичтің ойынша, физикалық күштен пайда болады:
бастапқыда бір тайпаның екінші тайпадан физикалық басымдығына негізделген
тайпа билігі біртіндеп экономикалық үстемдікке иек артқан таптардың
билігіне ұласады.
Сонымен қатар К.Каутский де мемлекеттің шығу көзін сыртқы күштеуде,
соғыстарда деп ойлайды. Ол күштеу теориясының негізгі ережелерін дамыта
отырып, таптар мен мемлекет соғыс және жаулап алудың өнімі ретінде бір
мезгілде пайда болады деп көрсетеді. Мемлекет және таптар, - деп жазады
ол, - өз тіршіліктерін бір уақытта бастайды. Жеңіске жеткен тайпалар
жеңілгендер тайпасын өздеріне бағындырады, жұмыс жасатқызады, салық
төлетеді және олардың жерлерін иеленеді. Алғашқы таптар мен мемлекет бір-
бірімен жаулап алу нәтижесінде байланысқан тайпалардан құралады. Осындай
жаулап алудан таптарға бөлу пайда болады, ал жеңгендердің жеңілгендерді
басқару үшін ойлап тапқан мәжбүрлеу аппараты мемлекетке айналады. Еуропа
мен Азияның бірқатар елдерінің күштеу жолымен құрылу мысалдарына сілтеме
жасай отырып, Л.Гумплович адамдардың бір табының екінші бір тапқа бағынуы
нәтижесінде мемлекет құрылады деген қорытынды жасады.
Осылайша, күштеу теориясына сәйкес, мемлекеттің пайда болуына негіз
болған, мемлекет пен құқықтың шығуы туралы өзге теориялардан көргеніміздей,
қоғамдық келісім де емес, құдайдың құдіреті де емес, таныс қажеттіліктер
де емес, тек жабайы күш, соғыс, бір тайпаның екінші тайпаны бағындыруы
ғана.
Мұндайда күштеу шектеулі, оқшау құбылыс ретінде емес, жаһандық әрі
мемлекеттің бір-біріне қарама-қайшы элементтері – жеңгендер мен
жеңілгендердің, билеушілер мен бағынушылардың бірлігіне және әлеуметтік-
экономикалық дамуға себепші болатын табиғи құбылыс ретінде қаралады.
Бұл теорияны жақтаушылардың түсінігі бойынша тайпа өзара ұқсас
адамдардан, яғни бір әлеуметтік қоғамда дүниеге келген және тәрбиеленген
тұлғалардан құралған кезде олардың арасында жауластық, соғыс, құлдық
болмайды. Енді бір тайпа екінші тайпаны өзіне бағындырған сәттен бастап
құлдар пайда болады да, құлдық институты қалыптасып, дамиды.
Сонымен күштеу теориясына сәйкес соғыс, бір тайпаның екіншісіне күш
көрсетуі құлдықтың пайда болуының негізгі себептері ретінде қаралады.
Жаулап алумен, езіп-жаншумен байланысты әлеуметтік салдарлардың екінші бір
қыры – жеке меншіктің пайда болуы. Сондықтан теорияның негізін қалаушылар
күштеу құлдықты өмірге әкеледі, жеке меншіктің пайда болуына апарады
дейді. Ал жеке меншіктің пайда болуы мен тайпалардың көшпелі тұрмыстан
отырықшылыққа ауысуы тығыз байланысты. Осындай жағдайда құрылатын
мемлекеттік билік тек физикалық күшке сүйенеді. Бұл – тайпа мемлекеті.
Оның негізі – бір тайпаның екінші тайпадан физикалық жағынан басым болуы.
Қоғамның дамуы барысында тайпа мемлекеті таптар мемлекетіне дейін өседі.
Мұндай мемлекеттің негізі қолында билігі барлардың экономикалық үстемдігі
болып табылады.
Күштеу теориясы қоғамның тек кейбір топтары мен олардың өкілдерінің
ғана мемлекеттің табиғаты және шығу тегі туралы көзқарастарын білдіреді.
Күштеу теориясын толығымен жоққа шығаруға болмайды, себебі тарихи
тұрғыдан алып қарағанда, бір халықтың екінші бір халықты жаулап алуы ұзақ
уақытқа созылған мемлекеттіліктің нақты факторы болған жағдай да кездеседі
(Алтын Орда). Ішкі болсын, сыртқы болсын күштеудің элементтері объективті
түрде кез келген мемлекеттің пайда болу процесінде көрініс табады (римдік,
ежелгі германдық мемлекет, Киев Русі). Одан көп кейін тікелей күш көрсету
американдық мемлекеттің құрылуында шешуші рөл атқарды: Солтүстік және
құлиеленуші Оңтүстік арасындағы күрес ақырында АҚШ-тың құрылуына алып
келді. Әрине, мұндай тарихи шындығы бар нақты деректер күштеу теориясының
өзіндік ақиқатын ішінара ғана растайды да, оның ғылыми ережелеріне құлай
сенуге жол ашпайды.
Тарихтағы күштеудің рөлін абсолютті ақиқат ретінде ұсына отырып,
күштеу теориясы көптеген мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің жаулап алу
немесе күштеу нәтижесінде қалыптаспағанын және дамымағанын ескермейді.
5. Психологиялық теория
Мемлекет пен құқықтың бұл теориясы XIX ғасырдың ортасында пайда болып,
XIX аяғы мен XX ғасырдың алғашқы жартысында айрықша таралымға ие болды. Бұл
теорияның ең ірі өкілі – орыс мемлекеттанушысы және құқықтанушысы
Л.Петражицкий (1867-1931жж.).
Бұл теорияны жақтаушылар қоғам мен мемлекетке адамдар және олардың
түрлі бірлестіктерінің өзара психикалық қарым-қатынастарының жиынтығы деген
анықтама береді. Аталмыш теорияның мәні – адамның ұйымдасқан топ шеңберінде
өмір сүруге деген психологиялық қажеттілікті нақтылауында, сонымен қатар
ұжымдық қарым-қатынастың қажеттілігін терең ұғынуында. Мәселе қоғамның
нақты бір ұйымдағы табиғи қажеттіліктеріне тірелген кезде психологиялық
теория өкілдері қоғам мен мемлекетті адам дамуындағы психологиялық
заңдылықтар нәтижесі деп көрсетеді.
Ақиқатында мемлекеттің пайда болу және өмір сүру себептерін тек
психологиялық көзқарас тұрғысынан түсіндіріп қоя салу мүмкін емес. Барлық
қоғамдық құбылыстардың адамдардың психикалық актілері негізінде шешіліп
жататыны және олардан тыс қоғамдық нәрсе болмайтыны өзінен-өзі түсінікті.
Осы тұрғыдан алғанда психологиялық теория экономикалық, шарттық,
органикалық теориялар назарынан тыс қалып қойған қоғамдық өмірдің көптеген
мәселелерін түсіндіреді. Алайда бүкіл қоғам өмірін адамдардың психологиялық
қарым-қатынасына тоғыстыру, қоғам және мемлекет өмірін психологияның жалпы
заңдарымен түсіндіруге тырысу – қоғам және мемлекет туралы басқа да
көзқарастар сияқты асыра сілтеушілік.
Мемлекет – айырықша көп салалы құбылыс. Оның пайда болу себептері
көптеген объективті факторлармен түсіндіріледі: биологиялық, психологиялық,
экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық және тағы басқалары. Бұлардың жалпы
ғылыми мәнін бір ғана әмбебап теория шеңберіне сиғызу мүмкін емес, бірақ
адамзат ақыл-ойының тарихында осындай талаптар жасалып, олардың ішінде
біршама сәтті шыққандары да болған (Платон, Аристотель, Монтескье, Руссо,
Кант, Гегель, Плеханов, Бердяев және т.б.).
Психологиялық теорияның мәнін мынадан көруге болады: ол мемлекеттік-
құқықтық құбылыстар мен биліктің шығу төркінін адамдардың ерекше
психологиялық толқыныстарымен және қажеттіліктерімен түсіндіріп беруге
тырысады.
Бұл қандай толқыныстар және қажеттіліктер болуы мүмкін? Бұл – бірінің
билік жүргізуге және екіншісінің бағынышты болуға деген қажеттілігі. Бұл –
қоғамдағы белгілі бір тұлғалардың тыңдауға, бағынуға қажеттіліктерін саналы
түрде түсіну. Мемлекет пен құқықтың психологиялық теориясы халықты
бағыныштылық іздеген енжар инертті масса ретінде қарастырды.
Белгілі теориялық күрделілігіне және қоғамдық өмірдегі құқықтық
құбылыстардың психологиялық жағында қалып қойғанына қарамастан, Петражицкий
теориясының көптеген ережелері түсіністікпен қабылданып, қазіргі мемлекет
және құқық теориясында кеңінен қолданыс тауып отыр.

6. Нәсілдік теория
Нәсілдік теория өз бастауын құлиеленушілік дәуірінен алады. Ол кезде
үстемдік етіп отырған құрылысты нығайту мақсатында халықты екі түрге табиғи
бөлу идеясы дамыды, ол: құлиеленушілер және құлдар.
Мемлекет пен құқықтың нәсілдік теориясы XIX ғасырдың аяғы мен XX
ғасырдың бірінші жартысында ерекше қарқынмен дамып, кең таралым тапты. Ол
фашистік саясат пен идеологияның негізіне айналды.
Нәсілдік теорияның мазмұны адамзат нәсілдерінің физикалық және
психологиялық теңсіздігі туралы тезистерден құралды. Олар: нәсілдік
айырмашылықтардың тарихқа, мәдениетке, мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа
шешуші әсері туралы, адамдарды жоғары және төменгі нәсілдерге бөлу туралы
ережелер. Осылардың ішінде алғашқылары өркениетті жасаушылар әрі қоғамда
және мемлекетте билік жүргізушілер болып табылады. Екіншілері – жасау
тұрмақ, қалыптасқан өркениетті игеруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысаны түсінігі
Ақпараттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары
Отандық және шетелдік басылымдардағы Қазақстан Республикасының имиджі
Имидж түсінігі
Қaзiргi қоғaмдaғы журнaлиcтiң рөлi
Пәндер