Ұлттық саясаттың мақсаты мен мiндеттерi



КІРІСПЕ

1. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
2. ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
4. ҚАЗАҚСТАН . ТІЛІ ОРЫСТАНҒАН ҚОҒАМ
ҰЛТ САЯСАТЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛА . ЕГІЗ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ұлттық саясат туралы айтқанда, әр адамның ойына өзінің тәуелсіз елі, сол тәуелсіздік жолындағы ұлы тұлғалардың істеген еңбектері мен ерліктері, толеранттылықтың қайталанбас үлгісін көрсетуі көз алдымызға келеді. Сондықтан да, Ұлттық саясатты қалыптастыру жолындағы, сол аумалы-төкпелі замандағы зиялылар туралы айтпай кеткен дұрыс болмас.
Қазақ халқы қай ғасырда болмасын, әрқашанда ақкөңіл, қонақжай, төзімді болғаны бәрімізге белгілі. Ұлы Отан соғысы жылдарында, сонау ашаршылық кезінде қазақ халқы зобалаңды басынан өткерді.1931-1932 жылдары Қазақстан ауылдарын аштық жайлады. Осының салдарынан 2 млн-дай қазақ, 250 мыңдай басқа ұлт өкілдері аштан қырылды. Зорлық пен әділетсіздікке шыдамаған қарапайым халық, көрші елдер мен республикаларға (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан т.б) көшіп кетті. Міне, қазақ санының төмен болуы да осыдан.
1937-1938 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе аштықтан миллиондардың өмірін қиған, қылмыстан кем түспейтін қанды қырғын ұйымдастырды. Коммунистер «халық жауларын» әшкерелей бастады. «Халық жауларының» тізіміне ең алдымен өз елі үшін аянбай тер төккен ойлы да, білімді Алаш белсенділері енгізілді. Олардың арасында Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейханов, тарихи еңбектерімен танымал инженер М.Тынышбаев, С.Сейфуллин сияқты көптеген коммунистер мен парасатты адамдар да тоталитаризм құрбаны болды. 1938 жылдың ақпан-наурыз айларының 15 күні ішінде ғана 631 адам атылды. Осылайша, қазақ зиялыларының қаймағы жойылды.
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: Оқу құралы. 2 бас. – Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 240 бет.
2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. – Астана: “Елорда”, 2000 – 192 б.
3. Сәрсенбаева Ж. Г. Қазақстандағы ұлттық саясаттың кейбір маселелері // Саясат-Policy. – 2011. - № 10. – Б. 23-26.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ұлттық саясат туралы айтқанда, әр адамның ойына өзінің тәуелсіз елі, сол тәуелсіздік жолындағы ұлы тұлғалардың істеген еңбектері мен ерліктері, толеранттылықтың қайталанбас үлгісін көрсетуі көз алдымызға келеді. Сондықтан да, Ұлттық саясатты қалыптастыру жолындағы, сол аумалы-төкпелі замандағы зиялылар туралы айтпай кеткен дұрыс болмас.
Қазақ халқы қай ғасырда болмасын, әрқашанда ақкөңіл, қонақжай, төзімді болғаны бәрімізге белгілі. Ұлы Отан соғысы жылдарында, сонау ашаршылық кезінде қазақ халқы зобалаңды басынан өткерді.1931-1932 жылдары Қазақстан ауылдарын аштық жайлады. Осының салдарынан 2 млн-дай қазақ, 250 мыңдай басқа ұлт өкілдері аштан қырылды. Зорлық пен әділетсіздікке шыдамаған қарапайым халық, көрші елдер мен республикаларға (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан т.б) көшіп кетті. Міне, қазақ санының төмен болуы да осыдан.
1937-1938 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе аштықтан миллиондардың өмірін қиған, қылмыстан кем түспейтін қанды қырғын ұйымдастырды. Коммунистер халық жауларын әшкерелей бастады. Халық жауларының тізіміне ең алдымен өз елі үшін аянбай тер төккен ойлы да, білімді Алаш белсенділері енгізілді. Олардың арасында Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы мүшесі Ә.Бөкейханов, тарихи еңбектерімен танымал инженер М.Тынышбаев, С.Сейфуллин сияқты көптеген коммунистер мен парасатты адамдар да тоталитаризм құрбаны болды. 1938 жылдың ақпан-наурыз айларының 15 күні ішінде ғана 631 адам атылды. Осылайша, қазақ зиялыларының қаймағы жойылды.
Міне, осыдан тоталитарлық жүйесінің қазақ халқына арналған миссиясының орындағандығын көрсетті. Бірақ та, халқымыз қанша зорлық-зомбылықты көрсе де, оған төтеп берді. Толеранттылықтың қайталанбас үлгісін көрсетіп, сол уақыттағы жас ұрпақтың тез есеюіне әкелді. Содан былай 70 жыл бойы арбауда болып, қазіргі уақытта тәуелсіздіктің тәтті дәмін біздер, жас ұрпақ татудамыз. Осы үшін ата-бабамызға алғысымыз шексіз.
Тәуелсіз мемлекет деген қандай жақсы. Қазақстандықтардың ең басты мақсаты білімін жетілдіріп, нұрлы болашаққа қадам басу болып табылады. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей дегендей, қазіргі заман біліміңді ерінбей еңбектеніп жетілдірсең, жолың әрқашанда ашық болады. Сондай-ақ, біздің Ұлттық саясатымыз да соған бағытталған. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім - біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттермен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған.

ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерiнде құрылған ұлттық мемлекеттi сақтау және нығайту.
Осы мақсатта: барша азаматтарды қазақ ұлтының маңында топ­тастыру, тәуелсiздiгiмiз бен егемендiгiмiздiң баянды болуын қамтамасыз ету; қазақ ұлтының тарихи жадын, тiлiн, дiлiн сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманын­дағы өзiндiк ұлттық-мәдени ерекшелiгiн қалыптастыру және әлемге паш ету; елiмiзде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тiлi мен мәдениетiнiң дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етiп, оған деген сенiмiн арттыру қажет.
Бұл үшiн мемлекет пен қоғам өздерiнiң ерiк-жiгерiн төмендегi негiзгi мiндеттердi атқару үшiн жұмылдыруы керек:
Қазақстан Республикасы қо­ға­мының негiзгi ұлттық құнды­лықтарын қалыптастыру және дамыту; қазақ тiлiн шын мәнiндегi мемлекеттiк тiл деңгейiне жеткiзiп, оны барша Қазақстан азаматтарын бiрiктiретiн факторға айналдыру; этносаралық және дiнаралық саладағы мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институт­тарының өзара тиiмдi және пәрмендi қарым-қатынастарын қамтамасыз ететiн жүйенi қалыптастыру.

ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ

Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрi­не бiрдей жауаптылық болмайынша ел iшiн­де дұрыс түсiнiстiк болмайды.
Қазақстан Республикасы жалпыға бiрдей ортақ территория, бiр ғана азаматтық, жалпыға бiрдей жоғары билiк, жалпыға бiрдей құқық жүйесi мен жалпыға бiрдей бiр ғана мемлекеттiк тiл негiзiнде дамитын болады.
Қазақ халқы қашанда қазақ жерiнде өмiр сүрiп жатқан орыс, украин, өзбек, ұйғыр, немiс, татар, қырғыз, түрiкмен, әзiрбай­жан, тәжiк, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтар­дың тiлiне, дiнiне, мәдениетi мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзiмдiлiкпен қараған. Бүгiнгi күнi де өз елiнде басым көпшiлiкке айналған қазақ ұлты елдегi этносаралық және дiнаралық бiрлiктi сақтауды, олардың тiлiн, рухани құндылықтарын дамытуды өзiнiң басты мiндетi санайды. Мемлекет пен оның негiзi болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiнiң қамтамасыз етiуiнiң кепiлi болып табылады. Қазақ жерiнде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттiң және бiртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлiгi болып саналады.
Мемлекеттiк тiлдi бiлу - әрбiр азаматтың мiндетi. Мемлекеттiң басты мiндетi - азаматтарға мемлекеттiк тiлдiң маңызын жан-жақты түсiндiре отырып, оның қоғамдық өмiрдiң барлық саласында қолданылуына қажеттiлiк тудыру.
Осы ұстанымдарды iске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет: ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және бiлiм беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз бай­ла­ныста кешендi түрде жүзеге асыруды; нәсiлiне, этникалық тобына, тiлiне, дiни сенiмiне, сондай-ақ әлеуметтiк топтар мен қоғамдық бiрлестiктерге қатысты­лығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгiн қамтамасыз етудi; ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiруге, бiртұтас мемлекет пен қоғамды жiкке бөлуге, этносаралық және дiни ала­уыздықты, өшпендiлiк пен араздықты өршiтуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды; мемлекет пен қоғамның ақпа­раттық тәуелсiздiгiне қол жеткiзу, елiмiздiң өзiндiк ақпараттық-мәдени кеңiстiгiн құру, өзге елдердiң елiмiздегi қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруына жол бермеудi; елiмiздiң басқа да түрiк мемлекеттерiмен бiрдей болашақта латын әлiпбиiне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргiзiп, осыған қажеттi да­йындықтарды жасауды; этностық немесе дiни ерекшелiктерге негiзделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақ­сатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және дiни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды; Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды; Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының құқық­тары мен мүдделерiн қорғау, қазақ тiлiн, мәдениетiн, ұлттық дәстүрлерiн сақтау мен дамытудағы iстерiне қолдау көрсе­тудi қолға алады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Көп этносты Қазақстан үшін ұлттык саясат мәселесі өте маңызды және күрделі. Оның стратегиялық бағдарламасын дұрыс айқындап, жүзеге асыру ісі әлі де болса жан жақты кешенді түрде ғылыми зерттеуді қажет етеді. Бұл ретте ұлттық саясат мәселелеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген. Олар теориялық-методикалык және қолданбалы жағынан маңызды. Н.Ә.Назарбаевтың Алдымен экономика, сосын саясат принципін басшылыққа ала отырып, Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізді . Қазақ ұлтының толеранттылығы негізінде ұлтаралық татулық пен келісім қамтамасыз етіліп отыр.
Дегенмен ұлттық қатынастарды демократияландыру, қоғамды жаңарту, әлеуметтік әділеттілік принциптерін іске асыру, іс пен сөздің бірлігі және тағы басқа көптеген шараларды жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Әсіресе қазір қазақ ұлтын ұлт ретінде тұтастығына қол жеткізіп, оның бүкіл қоғамды топтастырушы ролін одан әрі дамыту міндеті түр. Бұл салада алаңдататын жағдайлар баршылык. Олардың өзектілері: елдегі тіл мәселесінің толық шешімін таппауы, этнодіни қатынастардағы кайшылықтар мен сектантизмнің, ұлттық мәдениет саласында батыстық экспансияның күшеюі жэне т.б. Осыған байланысты ұлттық саясаттың стратегиялық бағдарламасында шешілмеген проблемаларды жете зерттеу қажет.
Ұлт саясатын дүрыс түсіндіру алдымен ұлт анықтамасына байланысты. Ұлт өз ерекшелігімен дамитын әлеуметтік-этникалық қауымдастық. Оған - ортақ экономикалык байланыстар, территория, тіл, мемлекет жататыны белгілі. Ал ұлттық сипат ұлттың мәдениеті, тұрмыс ерекшелігінен көрініс тауып отырады. Міне, тек кана осы белгілердің берік жиынтығы, бірлігі мен ажырағысыздығы ұлттық сипатты айқындайды. Бірақ бұны бұрмалап түсіндіретіндер де бар. Мысалы, ұлт ұғымын түсіндірудегі кайнатулы қазан тұжырымдамасы. Бұл идеяны іске асырушы ретінде АҚШ-ты алуға болады. Америка ұлтының өкіліне оның этникалық шығу тегі маңызды емес, оның Америка азаматы болуы маңызды. Яғни, азаматтық қоғамда ол адам, содан кейін ғана белгілі бір этностың мүшесі дейді. Бұл түжырым адамдардың өздеріне тән ұлттық ерекшеліктеріне ешқандай мән бермейді.
Ол мемлекеттегі көп этностың бір үлт болғанын қалайды. Сол сияқты Францияда елге келген мигранттар өздерінің этникалық тектерінен бас тар- тып, французға айналуға міндетті. Мүндай елдерде аз санды этникалық топтар өте жылдам ассимиляцияланып кетеді. Бүл жерде мәселе осы айтылған теория мен тәжірибе каншалықты универсалды екендігінде болып отыр. Бұны барлык мемлекеттер сөзсіз қабылдауы керек пе? Әлемдік тәжірибе мен ғылым оған теріс жауап береді. Бірақ соған қарамастан бізде Қазақстан ұлты деген ұғым пайда болып, пікір-талас тудырды. Билік ұсынған Ел бірлігі доктринасы мен оған қарсы құжат түрінде ұлт патриоттары ұсынған Қазақстан Республикасының Ұлттық саясат тұжырымдамасы бойынша пікірталас орын алғаны белгілі.
Ұлт мәселесін шешудің келесі бағдарламалық ұсынылған жолы: мәдени-үлттық автономия тұжырымдамасы. Ол XIX ғасырдағы австриялық- венгриялық социалистердің идеяларынан шыкты. Ол бойынша әрбір этностың жеке мемлекет құруға ұмтылуы мүмкін емес. Сондықтан олардың тілдік, мәдени талаптарының орындалуына жағдай жасау қажет. Бұл идеяның осал тұсы өздерінің этномәдениеттерін, тілдерін дамыта алатын мүмкіндігі болғанымен ұлттардың бірігу идеясына бағындырылады.
Қазіргі Қазақстандағы ұлтаралық катынастар Кеңес Одағы кезеңімен тікелей байланысты, дәлірек айтар болсақ, тоталитарлық жүйенің негізгі принциптерінің жалғасы. Осының салдарынан ұлттық тілдің қолдану аясы кысқарып, оның жоғалу қаупі төнді. Сонымен қатар, ұлттық тарих ұмытылып, орнына ресми идеологияға сәйкес шектелген тарих ұсынылды. Белсенді түрде ұлттарды бір орыннан екінші орынға қоныс аудару саясаты жүргізілді.
Ұлттық саясатта жіберілген қателіктер нәтижесінде ұлтаралық катынастар шиеленісе түсіп, 1986 жылғы Алматыдағы, 1989 жылғы Жаңа- өзендегі кақтығыстарға әкелді. Қазақ халкына қатысты кемсітушіліктер болып, оларға өздерінің этникалық отанында ұлттық мәдениетін дамытуға жол берілмеді. Халықтың ертеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлері қауіпті деп есептелді. ұлттық саясатты түсіндіру барысында мұны ашып көрсете білу кажет.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген сәттен бастап президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылыгымен демократиялық қогам құру, әлеуметтік әріптестік пен азаматтық келісім, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге сенімді бағыт-бағдар алды. Өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлтаралык және дінаралық келісімді нығайту шарасын мемлекеттік даму мен оның территориясындағы ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі сыйлауы мен кұрметтеуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде карастырды. Бұл жолда киыншылыктар да аз болған жоқ. Тәуелсіздіктің бас кезінде Президент Н.Э.Назарбаев айткандай, ... Аса өткір пікірталастар ұлттык мәселе дегеннің маңайында өрістеді. Конституциялық комиссияның өздерін казак халкының мүддесін корғаушылармыз деп көрсеткен кейбір мүшелері, әртүрлі ұлттар азаматтарының мүдделері мен құқықтарын есепке алмай, казақ мемлекетін құру бағытын жариялауды ұсынды. Естеріңізге салайын, ол уақытта қазактар еліміздегі халыктың 50 пайызына да жетпейтін. Ал қазір Қазақстанда қазақтың саны 67 пай-ыздан асты, он миллион сегіз жүз мыңға жетті деген ресми дерек жарияланды. Әрине, Қазакстанда қазақтың саны артып, мемлекет құрушы ұлт ретінде дамығаны қуантарлық жайт. Сонымен бірге басқа ұлттардың ұлес салмағы азаюда. 1999-2005 жылдар аралығында түрліше себептерге байланысты еліміздегі орыс, украиндардың, немістердің саны 4,86 пайызға кеміген, ал казактар мен түркі тілді этностардың саны 5,55 пайызға өскен. Бұларды мемлекет құрушы қазак ұлтының төңірегіне топ- тастыруда. 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы үлкен. Қазіргі танда, Ассамблея этносаралық және конфессия-аралык қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға ай- налып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлык этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуге өз үлесін косуда. Сонымен Президент Н.Ә.Назарбаевтың Саналуандық арқылы бірлікке деген интернационалды саясатының арқасында дамыған этносаралық қатынастың қазақстандық үлгісі қалыптасты. Бұдан, әрине, ешкандай кемшілік пен шешілмеген мәселе жоқ деген ұғым тумауы тиіс.
Турасын айту керек, ұлттык мүддені корғаудың екі үлгісі болуы ыктимал. Біріншісі, мүдделер теңдігін түбегейлі және тездетіп өз ұлтының пайдасына бұруға негізделеді. Бұл мәселе қақтығысты топтардың ұстанатын жолы, яғни Қазакстан - қазақтардың әлемдегі жалғыз мемлекеті екендігін мойындата отырып, халықаралық келісімдерде жергілікті ұлт мүддесінің ерекше қаралатынына көз жеткізуге негізделген. Президент Н.Ә.Назарбаев дамудың екінші жолын таңдап алды. Осы стратегияға сәйкес әрбір ұлт пен этникалык топтың еркін өркендеуіне жағдай карастырылған. Ал енді осындай жағдайда қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болғанымен Қазакстандағы баска этностармен салыстырғандағы жагдайы жоғары деуге, біздіңше, келе бермейді. Қазак халқының ұлттық дамуы жолында әлі де болса проблемалар аз емес. Ал Әуезхан Қодардың Аргументы и факты газетінде берген сұхбатында бұған керісінше пікір айткан. Оның пікірінше, тәуелсіздік алған жылдарда қазақтар көптеген артықшылықтарға ие болды, қазақтар өзге ұлт өкілдерін ақырын ғана саяси коғамдық және мәдени өмірдің түкпіріне шеттетіп тастады, деген пікірін және оның мемлекеттік тілге тиісіп, оған кырын қарағаны үшін Жанболат Мамай, біздіңше, өте орынды сынға алды . Бізде ұлттык мүддеге немқұрайлы қарайтын антипатриоттық пікірлер әлі де тоқталар емес.
Бұларды айтып отырғандағы себеп: қазақ ұлтының қоғамдағы орны мен мәртебесін терең түсінбейінше тиімді ұлт саясатын айқындау мүмкін емес. Айта кетейік, бұдан мемлекет құрушы қазақ ұлтының мүддесін басқалардан жоғары тұруы керек деген ұғым тумауы тиіс. Әрине, төмен де болмай, тең болғаны дұрыс. Ол теңдік, біздіңше, қазақ ұлтының топтастырушылық ролі мен мәртебесін төмендетпейтін болуы тиіс. Диаспоралардың мүдделеріне үстіртін қарауға да болмайды. Президент Н.Ә.Назарбаев айткандай, біздің мемлекетке сыйластық пен келісімнен басқа жол жок. Бірсыпыра әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қазақ халкының 15 пайызы ғана ұлттың жағдайына қанағат ететінін білдірсе, қалғандарының әр түрлі деңгейде ұлттың жағдайына қөңілі толмайды екен. Олардың ішінен 30-33 пайызы ұлт мәселесін шешуге белсенді араласуға дайын көрінеді. Олар- ды ойландыратын мәселе: кедейшілік, тілінің, мәдениетінің жағдайы және т.б. Міне, осының бәрі ішкі саясатты ұлттык тұрғыдан саралау маңызды.
Қазакстанның ұлттык құрамына әсер етіп отырған факторлардың бірі - көші-көн мәселесі. Сарапшылардың болжамы бойынша Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болғаннан кейін Қазакстанға шетелдік тауарлар ғана емес, шетелдік жүмыс күшінің елге келуін реттеп келсек, енді оларды сан жағынан шектей алмаймыз. Алдымыздағы 10-15 жыл ішінде шетелдік жұмыс күшінің санын, алдын ала болжамдар бойынша, біреулер тіпті 40-50 млн. десе, екіншілері бір казақстандыққа бір шетелдік келеді деп жорамалдайды. Келушілердің көбі негізінен қытай, түрік, өзбек, арабтар. Қазактың өз елінде аз халыкка айналуы мүмкін дейтін де болжамдар бар.
Көп қорлық көрген қазақ ұлтының көркеюі ең алдымен экономикалық, әлеуметтік жетістіктерімізге байланысты. Бұл ретте қол жеткізген жетістіктеріміз айтарлыктай. Бір ғана мысал: ресми мәліметтерге карағанда жүмыссыздық деңгей 2010 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның қазіргі кезеңде Қазақстанда іске асыру мәселелері
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты Фискалдық саясаттың міндеттері
Қазақстан экономикасындағы фискалдық саясат
Дінаралық салада
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Аймақтық даму проблемасы
Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Пәндер