Бахай ілімінің негізін қалаушы – «Баб» лақап атымен танымал Сейид Әли Мұхаммед



Кіріспе
1. Бахай ілімінің негізін қалаушы . «Баб» лақап атымен танымал Сейид Әли Мұхаммед
2. Бахаизмнің іс жүзіндегі негізін қалаушы Баха.Улла және оның ізбасарлары
2.1. Мирза Хусейн Әлидің Баха.Улла атануы
2.2. Баха.Улланың ұстанымдары мен еңбектері
2.3. Баха.Улла ізбасарлары . Абдул.Баха мен Шоги Әпенді
3. Діни ілімдері
4. Культтік тәжірибе
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бахаи ілімі - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін. Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817—1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің жалғастырушысы болып саналады.
Бахаи ілімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан, әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып, әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Баһаи сенімін ұстануда. Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.
Бахаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген. Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Құдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.
1. Артемьев А.И. Дінтану: жалпы дінтану негіздері, діндер тарихы, Қазақстандағы діндер. Оқулық. – Алматы: «Бастау», 2008. – 569 б.
2. https://kk.wikipedia.org
3. Ғ. Есім. Дінтану негіздері. - Алматы: Білім, 2010. – 312 б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Бахай ілімінің негізін қалаушы - Баб лақап атымен танымал Сейид Әли Мұхаммед
2. Бахаизмнің іс жүзіндегі негізін қалаушы Баха-Улла және оның ізбасарлары
2.1. Мирза Хусейн Әлидің Баха-Улла атануы
2.2. Баха-Улланың ұстанымдары мен еңбектері
2.3. Баха-Улла ізбасарлары - Абдул-Баха мен Шоги Әпенді
3. Діни ілімдері
4. Культтік тәжірибе
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бахаи ілімі - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін. Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817 -- 1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің жалғастырушысы болып саналады.
Бахаи ілімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан, әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып, әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Баһаи сенімін ұстануда. Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.
Бахаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген. Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Құдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.
Бахаи ілімі, өзінің жеке жазбаларымен, заңдарымен және сенушілер қауымдастығымен, ғибадат ету және өмір сүрудің ерекше үлгісімен, жер шарының барлық бөліктерінде тәуелсіз дін ретінде танылды. Діннің сипаты, тәуелсіз дін ретінде, көптеген ұлттардың жоғарғы азаматтық және діни билік орындарымен батыста да, шығыста да мойындалған. Тарих, әлеуметтану мен салыстырмалы дінтану көзқарасынан да бұл шешімді академиктер мен ғалымдар растады. 180-нен аса елдің азаматтық билік орындары Баһаи институттарының діни сипатын мойындап, олардың заңды тіркелуіне рұқсат етті. Халықаралық ұйымдар, ұлттық және жергілікті үкіметтер, дінаралық топтар мен азаматтық қоғамның ұйымдары бүкіл әлем бойынша Сенімнің тәуелсіз мәртебесін мойындап және оның қоғамдық дамуға қосқан үлесін, әсіресе, халықтар арасындағы бірлікті орнатуға, әділеттілікті уағыздауда, адам құқықтарының теңдігіне, адамгершілік, білім мен тұрақты дамып отыруға ықпал етуін бағалады.

Бахай ілімінің негізін қалаушы - Баб лақап атымен танымал Сейид Әли Мұхаммед

ХІХ жүзжылдық ортасында ислам мәдениеті мен өркениетінің аясында пайда болып, Бахаи ілімі 160 жылдан аз мерзім ішінде шейіттер сектасынан, - бір қозғалыстан екіншісіне өте отырып, - дербес дін аталуға жетіп, әдемдік дін дәрежесіне дейін жақындап келді. Оған қоса, Бахаи ілімі шіркеуінің өзі де, Батыстағы және Ресейдегі көптеген ғалымдар бүгінгі күні-ақ оны ең жас әлемдік дін деп атап отыр. Бахаистер сол кездегі әлемдік діндер ішінде ислам дінін синкретті және ең соңғы діндердің ішіндегі жаңа ашылу деп санайды. Арнольда Тойнбидің пікірне тоқталар болсақ: Бахаизм ислам христиан және әлемдік мойындаған барлық діндермен тең дәрежедегі тәуелсіз дін болғанын мақсат тұтты.Бахаизм бұл-секта емес, ол басқа әлемдік діндер сияқты өзіндік дәрежесі бар жеке үстемдік ететін дін.
Бахаи ілімінің негізін салған - арабшадан аударғанда Әлемге жаңа Мәсіх келіп кіретін қақпа деген мағына беретін Баб лақап атымен танымал Сейид Әли Мұхаммед (1819-1850).
Ол Парсы елінде 1819 жығы қазанның 20-да дүниеге келген және кейбір дереккөздер бойынша Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы саналады. Оның әкесі, ірі шираздық саудагер ұлы дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай қайтыс болған, ал Әли Мұхаммед нағашы ағасының отбасында тәрбиеленуге берілген. Оның балалық және жастық шағысол отбасында өткен. Мұнда ол кітап оқуға үйреніп, сол өзі өмір сүрген заманға сай білім алған.
Бозбала шағынан бастап Әли Мұхаммед нағашы ағасының сауда-саттық жасайтын кеңесінде жұмыс істеп, оның Шираздағы және Бушир портындағы істерімен айналысады. Дерекөздер куәлік еткендей, ол қарапайымдылығы және іс жүогізудегі әділдігі, құдайшылдығы және діндарлығы, таным білімге деген терең құштарлығы мен білімдарлығы, тектілігі және жақсы мінезі арқылы жұрттың құрметіне бөленеді. Ол анасының немере сіңілісіне үйленеді. Олардың жалғыз ұлдары бір жасқа келгенде қайтыс болады.
1844 жылғы мамырдың 22-де Ширазда (Парсы) күн ұясына батқаннан кейін екі сағат он бір минут өткенде , Сейид Әли Мұхаммед шын мәнінде Серт етілген (аңсаған, арман етілген) менмін деген ұйғарымын жариялады:
Уа, алғашқы болып маған сенген сенсің, - Хұсейн молдаға ол дәл осы сөздерді айтты, - Мен шын айтып тұрмын, Мен Баппын, басқаша айтғанда, Құдай тағала Қақпасымын!. Он сегіз адам, - деді Баб, - алдымен мені өздіктерінен, өз жүректерінін німен танып, мойындауға тиіс. Менің үндеуімсіз, шақыруымсыз, бір-біріне байланыссыз олар маған келетін жолды өздері табады.
Баб өзін мәһди деп жариялады, ал оның келетінін Мұхаммед жорамалдаған (шейіттер болса мәһдиді б.з.д. мың жыл бұрын ғайып болған он екінші имаммен теңестіреді және Иса заманында Мәсіхтің келуіне айтылған сондай сәуегейліктерді түсіндергендей. Оның әлі тірі екеніне және дәл солай бұрынғы кейпінде пайда болатынына сенеді. Шейіттердің түсініктері бойынша, мәһди сансыз көп әскерімен келіп, өзін өлілерді тірілтетін жоғарғы билеуші деп жариялауға тиіс. Алайда бұның бәрі іс жүзінде болмағандықтан, енді Баб біреудің атағын иеленуші деп айыпталып, өз кезіндегі Иса Мәсіх сияқты жаза тартады).
Баб деген аттың өзі кездейсоқ емес-тін, өйткені, біріншіден, ол өзін әлемнін жаңа дәірінің және дүниежүзілік бауырластықтың қақпасы ретінде жария етті, ал, екіншіден, ол өзінің миссиясын басқа, өзінен кейін келуге тиіс маңыздырақ Елшінің пайда болуын алдын ала болжау және соған ертерек қам жасау деп санады. Оны ол Сол, Құдпй ашқан Ол деген сөздермен бедгіледі. Баб болашақ Елшінің барлық халықтарды біріктірудің және жер бетінде мәңгі және әділетті бейбітшілік орнатудың ұлы миссиясын орындайтынын айтумен болды.
Осындай тамаша идеялар, әлбетте, оған назар аудартпай қоймады.
Оның үстін, Баб, француз зерттеушілері Колетт Гувьен иен Филип Жувьен Құдай тағаланың бақшашылары деген еңбектерінде айтқандай, бастапқыда өзінің көзқарастары мен ислам арасындағы алшақтықтарды байқамады және өзін тек осы сенімнің ілімдерін уағыздап жүрген адам деп санады. Ол тіпті Меккеге де барып, сол жерде жоғарғы мұсылман беделділеріне өз миссиясының Аллаһ тағаладан түскен мәнін түсіндіргісі келді.
Оның алғашқы шәкірттері мен жолын қуушылар пайда бола бастады. Оларға Баб:
Мен сендерді күндердің ішіндегі Ұлы күннің келуіне дайындап жатырмын. Келешек өмірлеріңе тәлім беріп жүрген Мен қайырымды Аллаһ тағаланың Тағы алдында сендердің істеріңе шаттансын, сендердің табыстарыңды мақтан тұтсын десеңдер, барлық күш-жігерлеріңді салып еңбектеніңдер. Келе жатқан Күннің құпиясы әзірге ашылмайды. Оны шешу де, бағалау да мүмкін емес. Сол Күні дүниеге келген сәби біздің заманымыздың ғұлама, құрметті данышпандарынан асып түсетін болады; сол дәуірдегі ең төмен және надан адам да сол уақыттың ғалымдары мен дінбасыларынан ақылымен озып тұрады. Елдің түкпір-түкпірін қалдырмастан шарлаңдар, шаршамастан ел кезіп, жүректеріңнің жарығымен Оның келетін жолын дайын етіңдер.
Өздеріңнің осалдықтартарыңа, дүниенің жалғандығына көңіл бөлмеңдер, бар назарларыңды бәрін де істей алатын Құдайларыңның құдіретті күшіне бағыттаңдар. Құдай тағала атымен рухтарыңды көтеріңдер, оған толықтай сеніңдер, ақыр соңында бар сенімдерің ақталып, жеңіске жетесіңдер, - дегенді айтты.
Бабтың қауымы жылдам өсе берді, ал бұл Иран билігінің өте-мөте мазасын кетірді. Оның үстіне, ел ішін жолған тайғандарды жазалауды талап еткен жаппай толқу жайлады. Сол себепті билік тарапынан бабшыларды қудалау басталды: олардың сақалдарына от қойды, танауларын тесіп жіп өткізіп, адамдардың улап-шулаған ортасымен өгіздерді жетектегендей алып жүрді.
Бабтың өзі алдымен үйқамаққа алынды, содан кейін елдің солтүстік шекарасына жақын Ма-Ку түрмесіне жабылды да, ал біраз уақыт өткен соң Әзірбайжанға айдалып, өте алыс жердегі Чихриг бекінісіне қамалды. Бекініс түрмесінде отырып, Баб өзімен түрмеге қамалған шәкіртіне тарихқа Беян деген атпен енген аяндарының көлемді бөлегін айтып жазғызды. Оның бұл еңбегінде Бабтың әлеуметтік-саяси және діни көзқарастары баяндалған. Онда ол қайтадан өзінің басты мақсатын - Аллаһ тағала еркінің келесі бір көрінуі - Құдай тағала атынан Көрінушінің келуіне дайындық жасайтыны туралы айтады және Беянды Құран орнына келетін жаңа Қасиетті Жазу деп жариялайды. Баб бес реттік намазды оқымайтын етіп, неке, ажырасу, мұрагерлік мәселелеріне қатысты шейіттік салттарды жеңілдетті, әйелдердің құқын кеңейтетін тұрмыстық жаңа нормаларды бекітті. Бабтың өсім алушылыққа және пайыз өндіріп алуға, сауда-саттыққа, жібек матадан тігілген киімдер киюге және қымбат тас бұйымдарын тағуға қойылған шектеуді алып тастағаны - туып келе жатқан буржуазия өкілдерінің, қоғамның әйелдер бөлігінің және басқадай әлеуметтік топтардың соның жағына шығуына үлкен септігін тигізді.
Баб жаңа аяндардың пайда болуына байланысты бұрынғы діндерге қажеттілік жойылатынына сендіріп, үйретті (Бабтың жолын ұстанушылар, атап айтқанда, Баха-Улла, бұл тезисті қабыл алмады. Олар барлық діндерді сақтай отырып, олардың бірлігі идеясын алға тартты).
Баб ілімінің Парсы елінде ғана емес, сонымен қатар Кавказда және Ресейде таралуы жалғаса берді, ал билік қудалаудың қатаң шараларын қолдана бастады. Сөйтіп, Бабтың алғашқы шәкірттері, оның нағашы ағасы мен жүздеген ада өздерінің рухани ұстаздарының миссиясына сенгендері үшін-ақ аяусыз қорлық көріп, ақыры, ажал тапты.
Бірақ тақуалықты түп-тамырымен жоя алмаған ирандық билік 1850 жылы Бабтың өзін жазаға тартуға шешім қабылдайды.
Бабты соңғы түнін өткізген Тербизге ауыстырды. Таңертең ол өзінің соңғы нұсқауларын айтып жазғызып жатқанда, оны алып кетуге әскерлер келді. Олар Бабты жазаланатын орынға дейін Тебри көшелерімен алып жүрді, ал ол жерде Бабтың жазалауын көруге келген он мыңдаған адам жиналып қалған еді. Бабты және оның хатшысы міндетін атқарған және юаюшыларға ұстаздарының баға жетпес еңбегі Беянды жеткізген шәкіртін казарма қабырғасына жақындатып, арқанға асып қойып, жеті жүзден астам әскер оларға оқ жаудырды. Дүркіндете атылған оқтардың түтіні сейілген кезде, жиналған жұрттың таңқалған айқайынан құлақ тұнды: Баб жоқ, ал оның қасына байланған шәкірті түрегелеген куйі дін аман тұрды. Бабты жанталасқан іздеу басталды. Оны тауып, алып кетуге камераға әскерлер келгенде, алдында шәкіртіне айтқан соңғы нұсқауларын аяқтап қалып еді. Енді мен әңгімемді бітірдім, ойларыңа алған істеріңді орындай берулеріңе болады, - деді Баб өзін тапқан әскерге.
Оларды атуға басқа полк келтірілді. Бұл жолы Бабтың және оның серігінің денелері тас-талқан болып бөлшектенді, тек беттері ғана бүлінбеген қалпында қалды.
Баб 1850 жылғы шілденің 9-да жазаға тартылды. Сол кезде ол 32 жаста ғана еді.
Тірі қалған, айдауда болған және жат елге қоныс аударған бабшыдар қаумдастығы екі топқа бөлінді. Олардың бір-бөлігі Бабтың ілімін уағыздаған шәкірттерінің бірі Субх-и-Азалемнің артынан ерсе, екінші бөлігі Баха-Улла жолына түсті. Бабшылардың қауымы аз ғана адамдармен осы күнге дейін жетіп отыр.

Бахаизмнің іс жүзіндегі негізін қалаушы Баха-Улла және оның ізбасарлары

Баха-Улла миссиясы ол тұтқындалғаннан кейін қолына кісен салынып, Тегеран түрмесіне тасталған 1852 жылғы тамыздан бастау алады.
Оның шын есімі - Мирза Хусейн Әли, ол 1817 жылғы қарашаның 12-де Тегеранда ұлы империялық парсы әулеттерінен шыққан отбасында дүниеге келген. Оның әкесі шах сарайының бас министрі болған. Мирза Хусейн Әли сол уақыттың өлшемі бойынша тамаша білім алады, оны жастайынан-ақ шенеунік қызмет күтіп тұрған-ды. Алайда Мирза Хусейн Әли өзінің күш-қуатын әр түрлі қайырымдылық қызметтеріне арнауды жөн көрді, сол арқылы халық арасында орасан зор бедел мен құрметке ие болды. Оны жастығына қарамастан, кедейлердің Әкесі деп атайтын-ды.
1844 жылы жаз Мирза Хусейн Әли өмірінде айтулы уақыт болды. Осы жылы оның Баб іліміне әуестігі байқалды. Бабтың өзімен ол ешқашан да кездеспеген, бірақ Хусейн молда арқылы ұстаздың жолдаулары жинақталған бума қағаз қолына тиді. Мирза Хусейн Әли оның қозғалысының мүшелерімен бірлесе жұмыс істей бастады, сөйтіп оларға материалдық көмек беріп қана қоймай, оларды қудалаудан да сақтап қалып отырды.
Бабшылардың біреуінің Парсы елі шахына жасаған сәтсіз қастандығынан кейін, Баб жолын қуушылардың барлығы сол іске қатысты деп әділетсіздікпен айыпталып, оларды жаппай қудалау басталды. 20000-нан астам бабшылар азап шекті. Баб ісін қорғаушылардың арасында сол уақытта көрнекті орын алып, беделді саналатын Мирза Хусейн Әли де тұтқынға алынды.
Бүлікке Мирза Хусейн Әлидің қатысы жоқтығы Ресей императоры Александр ІІ (оның кінәсіздігіне тікелей куәлік еткен елші Долгоруков арқылы) араласуымен дәлелдеді.
Түрмеде Мирза Хусейн Әли қатты ауырып қалып, көпшілік жұрт ол ұзаққа бармас деген ойға келді. Бұл жағдай шахтың шешіміне ықпал етіп, ол Мирза Хусейн Әлиді отбасымен бірге Иракқа, Мессопотамияға жіберуге бұйырды. Ол дүние-мүліктен жұрдай болып айырылған-ды. Қыс кезі еді, алайда отбасы мүшелері қыстық киімдері жоқтығы себепті, өте жұқа киімдер киген, ал әйелі Наууабтың жеті айлық балаға аяғы ауыр. Бағдадқа дейінгі жолға олардың үш ай уқыты кетті.
Ауру діңкелетіп қажыған Мирза Хусейн Әли Бағдатқа 1853 жылғы сәуірдің 8-і жетіп жығылды.
Иракта ол 10 жыл өмір сүрді. Бұл жерде де оның атақ-даңқы күннен-күнге арта берді.
Бұған қобалжыған Иранның Бағдадтағы елшісі Иран билігі алдында Мирза Хусейн Әлиді Бағдадтан қууды талап ете бастады.
Алдымен оны Константинопольға, содан кейін Андрианопольға, кеінірек Аккаға (Палестина) ауыстырып көшіруге шеім қабылданды.
Бағдадта, 1863 жылы, ұзақ саяхатқа керуен дайндалып жатқанда, Мирза Хусейн Әли өзін: Бабтың күн ілгері сәуегейлік айтқан адамы Менмін, - деп жария етіп, сол күннен бастап өзін Баха-Улла (арабшадан аударғанда Құдайдың сөздері деген мағына береді және бұл лауазымды айтқан Бабтың өзі болатын) деп атауды бұйырды.
Андрианопольдан, ал кейіннен Аккадан Баха-Улла сол уақыттағы билеушілерге жолдау жазды. Олар тарихқа Патшаларға арналған ізгі мазмұнды мәтін деген жалпы атауымен енді. Оның бұл жазбалары түрік сұлтанына, парсы шахына, Напалеон ІІІ, Франция императорына арналды. Кейінне королева Викторияға, орыс императоры Александр ІІ, папа Пий ІХ, германдық кайзер Вильгельмге және Австрия-Венгрия императоры Франц-Иосифке де жолданды. Бұл жолдаулар діндер тарихында бұрын-соңды болмаған құжаттардан тұрады. Оларда адамзаттың келе жатқан бірлігі және жаңа әлемдік өркениет таңы жария етілген. ХІХ жүзжылдықтың корольдары, императорлары мен президенттері қарулануды қысқартуға, халықаралық қысқартуға, халықаралық кикілжіңдерді бейбіт жолмен шешуге және барлық күш-жігерді бүкіл дүние жүзінде бейбітшілік орнатуға жұмсауға шақырылған. Бұл құжаттар қоғамдық санаға біздің заманымызда жаңа саяси ой-толғау ұстанымдары деп аталатын рух енгізеді.
Бабтан айырмашылығы, Баха-Улла: Жиынтық діни шындық әрбір жеке діннің салыстырмалы шындықтар сомасынан шығады, - деп есептейді. Баха-Улла діннің тарихи дамуын әртүрлі жағдайларда қандай да бір өзгеше мұқтаждықтарды қанағаттандыратын бір ғана діннің дамуы ретінде қарастырады. Ибраһим мен Мұса, Будда мен Заратуштра, Кришна мен Иса, Мұхаммед пен Баб - бұлардың барлығы да, Баха-Улланың пікірінше, Құдайдың адамдарға ақиқатты жеткізу үшін таңдағандары. Әртүрлі діндерді ұстанушылар өзара пікір таластырулары мүмкін, бірақ пікір қате емес адамның барлық жоғарғы ұстаздардардың ілімдерінен келісім мен ары қарай даму үшін қажетті негіз таба алмауы мүмкін емес. Сол себепті Баха-Улла барлық діндерді сақтауды және олардың бірлігіне қол жеткізуді үндейді.
Өзінің әйгілі Париж сұхбаттарында Баха-Улланың ұлы Абдул-Баха әкесінің іліміндегі негізге алынатын он екі ұстанымды айрықша бөліп көрсетеді:
Бірінші ұстаным - ақиқатты іздеп табу.
Адам өзінің барлық қате рекірлерінен және өзінің ой-қиялынан туған нәтижелерден арылуға тиіс, сонда ғана ол ақиқатты кедергісіз іздей алады. Барлық діндерде бір ғана, жалғыз-ақ ақиқат бар, тек соның көмегімен әлемнің бірлігі нақтылыққа айнала алады.
Барлық халықтар үшін діннің қайнар көзі - ортақ және біртұтас. Ақиқат біртұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ұлттар арасындағы айырмашылықтар тек олардың соқыр сенім-нанымдарға құлықтылығынан туған. Егер адамдар ақиқатты іздеген болса, олар бірлікке келтіретін жолды табатын еді.
Екінші ұстаным - адамзаттың бірлігі.
Барлығы да - тіршілік иелерінің бәріне өзінің қайырымдылығын, мейірімін және шапағатын беретін Жаратушы Аллаһ тағаланың құлдары.
Барлық адамдар Адам деген ағаштың бұтақтары және барлығына де - жарасылыс ортақ. Бәрін де бір жаңбыр шомылдырады, бр Күн бәріне күш береді олдарды самалымен сергітетін де - бір жел. Бір нәрседен ғана оларды бір-бірінен ажырататын мәселе - басшылықты қажет ететін балалардың бар екендігі, күтім мен емдеуді қажетсінетін ауру-сырқаулардың бар екендігі. Қасиетті Жазуда: Аллаһ тағаланың алдында барлық адамдар тең. Ол үшін адамдардың бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ,- делінген.
Үшінші ұстаным - дін сүйіспеншілік пен достықтың қайнар көзі болуға тиіс.
Дін жүректерді жақындастырып, жер бетіндегі соғыстар мен кикіілжіңдерді жоюға, руханилықтың дамуына себепші болуға және әрбір адамның жанына нұр және тіршілік нәрін сылайға тиіс. Егер дін адамдардың бір-біріне жаратпаушылық, жеккөрушілік сезімін немесе алауыздықар тудыратын болса, онда оның мүлдемболмағаны жақсы және ондай діннен іргені аулақ салу нағыз діни қадам болар еді. Себебі, дәрінің көздегені - емдеп жазу, егер ол адамның азабын өршітетін болса, онда оны қабылдаудың қажеті жоқ. Сүйіспеншілік пен келісімге жеткізбейтін кез келген дін - дін болып есептелмейді. Барлық қасиетті пайғамбарларды адам жанының емшісі деуге болады, өйткені олар адамның жан дүниесін қалай емдеуге болатынына нұсқау берді. Сол себепті ауруды өршітетін дәрінің қай-қайсысы да Ұлы және Даңқы асқан Емшіден шығуы мүмкін емес.
Төртінші ұстаным - дін мен ғылымның біртұтастығы.
Дін мен ғылымды құстың қанаттарымен салыстырып көрелік. Құстың ұшуы үшін оған бір қанат пайдасыз болар еді. Діннің ғылымға қайшы келетін немесе қарсы тұратын кез келген түрі надандықты білдіреді, өйткені надандық білімге қарсы тұр.
Салт-жора және кертартпалыққа негізделген әдет-ғұраптардан ғана тұратын дін - нағыз дін емес. Адам ақылымен түсіне алмаған нәрсені дін де қабылдай алмайды. Дін ғылыммен қоян-қолтық, үзеңгілесіп жүреді, ал ғылымға қарсы шығатын дін - шынайы дін емес.
Бесінші ұстаным - соқыр наным-сенімдерден бас тарту.
Діни, нәсілдік және саяси соқыр сенімдер адамзаттық негіздерді бұзады.
Әлемдегі алауыздықтардың барлығы да - жеккөрушілік, соғыстар, қантөгіс - қандай да бір соқыр сенім-нанымдардың кесірінен болып жатады.
Бүгін әлемді бір ғана, жалғыз ғана ел, ал барлық халықтарды жалғыз ғана халық, ал барлық адамдарды бір ғана ұлттың өкілдері деп қарастыру керек. Нәсілдікке бөлу ұғымын адам ойлап тапты және соның ғана миында пайда болады. Аллаһ тағаланың алдында парсылар, арабтар, француздар, ағылшындар жоқ өйткені Құдай - барлықтары үшін біреу ғана, оның алдында барлық тіршілік иелері біртұтас. Біз Құдайға құлақ асуға және соның жолымен жүруге, кез келген оқыр сенім-нанымдардан арылуға және жер бетінде бейбітшілік орнатуға тиіспіз.
Алтыншы ұстаным - тіршілік ету мүмкіндігін теңестіру.
Барлық адамдар өмір сүруге, демалуға және белгілі бір дәрежеде әл-ауқаты болуға құқылы, егер біреудің тіршілік етуге қаражаты жоқ болса, басқа ешкім де артықшылық жағдайда өмір сүруге тиіс емес.
Жетінші ұстаным - адамдардың заң алдындағы теңдігі.
Жеке тұлға емес, заң ғана қоғамды билеуге тиіс. Соның нәтижесінде ғана біздің жеріміз ғаламат сұлулық орнына айналады және нағыз бауырластық сонда пайда болады. Өздерінің топтасқандық сезімдері арқылы адамдар ақиқатты танып-біледі.
Сегізінші ұстаным - жалпыға ортақ бейбітшілік.
Барлық елдердің халықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бахаизмнің пайда болу тарихы
Бахаи сенiмi жайлы
Терминдер қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция
Бахаи сенiмi
Қазақстандағы бахаилік ағымы
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал: қатынастар мен үрдістер. Ислам діні
Діни басқарма тұсында
Қазақстандағы ислам жайлы
Дін тану жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық
Пәндер