Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы



Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі лингвист Н.Хомский: «Когнитивті төңкеріс ақыл-ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивті немесе когниция деп аталады. Оларға «интеллектуалды», «менталды», «талдамалы» терминдері синоним бола алады.
Адам интеллектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, философия, физиология, психология айналысып келеді. Философияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Бірақ когнитивистика аясында байырғы мәселелер жаңаша түсіндіріле бастады. Когнитивистикада адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бақылауға алынған іс-әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды репрезентациясы (ішкі қабылдау, модель), символы, даму стратегиясы(білім негізінде жүзеге асатын іс әрекет), адамның когнитивтік әлемі, тілдің белсенділік әрекетімен ілгерілеп отыратын мінез құлқы мен іс әрекеті бойынша зерттеліп, мотивтері мен қалыптасу нәтижесі қатар қаралады.
1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивті зерттеудің алғашқы орталығын құрды. Когнитивті лингвистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм базасында пайда болды. XX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Когниция – когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлаудың тіл арқылы танылуын қарастырады. Сондықтан да когнитивизм тіл білімімен тығыз байланысты. Тіл мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады.
Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады. Когнитивті лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды. Лингвистика тілдің жалпы құрылымын зерттейтін ғылымнан адам ойлауы мен танымына байланысты қарастыратын гуманизацияланған ғылымға айналды.
Когнитивті лингвистиканың негізгі құралдары: есте сақтау бірліктері – фреймдер, концептілер, гештальт және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін модельдеуге (тұрпаттауға), тілдік сананы модельдеуге бағытталады. Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдаудықалыптастыру деңгейі(жалпыландыру, дерексіздену), сөйлеу-ойлау(регемыслительный) процес деңгейі.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
3. ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН (ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСІ, ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ)

1-тақырып Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы

Сабақтың мақсаты: Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты
менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған
ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында
когнитивті төңкеріс туралы сөз болу

Негізгі түсініктер: Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына
қатысты процесс когнитивті немесе когниция

Лекция жоспары:
1. Когнитивті лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен
дамуы, өзіндік ерекшеліктері.
2. Ой мен сана әрекеттері, олардың тіл арқылы көрінісі.
3. Когнитивті лингвистикадағы сананың ролі мен маңызы.

Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді
зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым
салаларында когнитивті төңкеріс туралы сөз болуда. Американдық белгілі
лингвист Н.Хомский: Когнитивті төңкеріс ақыл-ой мен мыйдың жағдайын,
олардың адамның когнитивті болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен
сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді деп жазды. Адамның білімі мен
түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивті немесе когниция
деп аталады. Оларға интеллектуалды, менталды, талдамалы терминдері
синоним бола алады.
Адам интеллектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері
логика, философия, физиология, психология айналысып келеді. Философияда
таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Бірақ когнитивистика
аясында байырғы мәселелер жаңаша түсіндіріле бастады. Когнитивистикада
адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бақылауға алынған іс-әрекет
деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды репрезентациясы (ішкі қабылдау,
модель), символы, даму стратегиясы(білім негізінде жүзеге асатын іс
әрекет), адамның когнитивтік әлемі, тілдің белсенділік әрекетімен ілгерілеп
отыратын мінез құлқы мен іс әрекеті бойынша зерттеліп, мотивтері мен
қалыптасу нәтижесі қатар қаралады.
1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард
университетінде когнитивті зерттеудің алғашқы орталығын құрды. Когнитивті
лингвистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм базасында пайда
болды. XX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі
тұрғысынан қарала бастады. Когниция – когнитивті лингвистиканың негізгі
ұғымы. Ол білім мен ойлаудың тіл арқылы танылуын қарастырады. Сондықтан да
когнитивизм тіл білімімен тығыз байланысты. Тіл мәдениет пен қоғамнан да
жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады.
Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана
белгілі болады. Когнитивті лингвистика сияқты психолингвистика,
этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде
үлкен өзгеріс тудырды. Лингвистика тілдің жалпы құрылымын зерттейтін
ғылымнан адам ойлауы мен танымына байланысты қарастыратын гуманизацияланған
ғылымға айналды.
Когнитивті лингвистиканың негізгі құралдары: есте сақтау бірліктері –
фреймдер, концептілер, гештальт және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние
бейнесін модельдеуге (тұрпаттауға), тілдік сананы модельдеуге бағытталады.
Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық
сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік
қабылдау деңгейі, қабылдаудықалыптастыру деңгейі(жалпыландыру,
дерексіздену), сөйлеу-ойлау(регемыслительный) процес деңгейі.
Когнитивті лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық-семантикалық
лингвистика бір- мен альтернативті қйлаудың ағымы емес, олар лингвистикалық
ақиқатты танудың әртүрлі қырлары. Когнитивті лингистикада тілдің таным
құралы мен танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады.
В.Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын
адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім,
концептуализациялау, концептуалды жүйе, когниция, дүниені тілдік көру,
когнитивтік база, ментальды репрезентация, когнитивтік модель,
категоризация, вербализация, менталдылық, мәдени константтар, концепт,
дүние бейнесі,концептосфера, ұлттық мәдени кеңістік т.б.
Когнитивті лингвистиканың қалыптасу тарихы: қалыптасу көздері,
қалыптасу сатысы, міндеттері туралы көзқарастар
Когнитивті лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы
негізінде пайда болды:
Когнитивті ғылымдар (когнитология, когиотология). Оның зерттеу
обьектісі – адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі инженерлік
пәндердің негізінде қалыптасқан. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан
ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан
қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды
таратып түсіндіру(репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам
санасы қалай ұйымдастыылрған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы
қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген
сұрақтарға жауап табуға ұмтылады. Когнитивті психологияның көрсетуінше,
айналадағы заттар мен құбылыстарды категоризациялау мен классификациялау
адам миының маңызды қабілетінен саналады. Категоризациялаудың нәтижелері
адамның когнитивті аппаратының негізін құрайды, ұзақ уақытқа арналған
жадыда сақталатын менталды концептілер болып табылады. Адамның
интеллектуалды процесіне қатысты мәселелер, белгілі бір образдар мен
мәтіндерді тану бұрыннан қалыптасқан білімдер негізінде анықталады.
Когнитология пәнаралық қана емес, синтетикалық та ғылымдар қатарына жатады,
адмның когнитивті процестерін зерттей отырып, математика, философия,
лингвистика, психология, ақпарат теориясы ғылымдарын біріктіреді
Когнитивті психология пәнін де когнитивті лингвистиканың қалыптасу
көзіне(источнигіне) жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті
психологиядан концепт және когнитивті моделдер туралы ұғымды алады.
Шындығында да тілдің қызмет етуі психологиялық механизмдерге сүйенеді, тіл
адамның дүниемен, біліммен қарым-қатынас тәжірибесінің қалыптасуы мен
жинақталуының маңызды бөлігі болып табылады. Лингвистика да , психология да
гуманитарлық пәндер қатарына жатады, бірақ біреуі пәндердің семиотикалық
циклі, екіншісі ғылымның физикалық саласына біршама жақын. Лингвистика
өзінің даму тарихында үш рет психологиямен түйісіп, толығуды бастан
өткізді: XIX ғасырдың 80жылдары(жасграмматистер), XX ғасырдың
ортасында(психолингвистиканың пайда болуы), XX ғасырдың 80
жылдары(когнитивті лингвистиканың пайда болуы).
Лингвистикалық семантика когнитивтік лингвистиканың даму көзі болып
табылады. Кейбір зерттеушілер когнитивті лингвистиканы аса тереңдетілген
семантика деп есептейді, оны семантикалық семантиканың табиғи даму
нәтижесі ретінде қарастырады. Олар тілдік семантиканың категориясын адам
танымы арқылы дүниені меңгерудің нәтижесін көрсететін жалпылама ұғымдық
категория ретінде түсінеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нәтижелері
тек семантикада ғана қолданылып қоймайды, мәселен прототип ұғымы сонымен
бірге фонологияда, морфологияда, диалектологияда қолданылады және т.с.с.
Когнитивті лингвистиканың семантикалық проблематикамен табиғи тепе-теңдікте
болуы және оның лингвистикалық семантикамен методологиялық жақындықта
болуы, әсіресе, Ресей ғалымдарының когнитивті лингвистика немесе когнитивті
грамматика туралы емес, когнитивті семантика туралы сөз қозғауына жол ашты.
Когнититі лингвистиканың бірден-бір зерттеушілері Н.Д.Арутюнова,
А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия дәл осы семантикалық
зерттеулер арқылы когтивті лингвистикаға келді.
Жоғарыда аталған даму көздерінен басқа когнитивті лингвистиканың дамуында
белгілі деңгейде роль атқарған:
Лингвистикалық типология мен этнолингвистика, нейролингвистика (тілді
адам миының тұтас менталды қызметінің ұғымдық негіздемесі ретінде
түсіндіреді), психолингвистика, култорология, тарихи-салыстырмалы тіл
білімі. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуының төмендегідей
кезеңдерін көрсетуге болады. Когнитивті грамматика термині 1975 жылы Дж
Лакофф пен Г.Томпсонның Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз атты
мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р.Ланкагердің Когнитивті лингвистиканың
негіздемесі еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа
арналған Дж Лакоффтың Әйелдер, от және қатерлі заттар атты еңбегі,
М.Джонсонның Ойлаудағы дене аталатын кітабы жарияланды.
XX ғасырдың 80 жылдарындағы Л.Тальми, Ч.Филмор, У.Чейфтің мақалалары
когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды.XX ғасырдың 90
жылдарының басына дейін бір-бірімен байланысы жоқ жеке зерттеулермен
толықты. Бұл –Дж.Лакофтың, Р.Ленкагердің, Т.ван Дейктің(Нидерландтық),
Дж.Хэйманның (Канадалық) зерттеу бағдарламалары.
90 жылдардың ортасында Европада когнитивті лингвистикаға арналған
алғашқы оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф.Укегер, Х-Й.Шмид. Когнитивті
лингвистикаға кіріспе (1996) және Б.Хайне Грамматиканың когнитивті
негіздемесі.(1997) Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика
В.И.Герасимовтың шолулары арқылы таныс болды(1985). Орыс тіл білімінде
когнитивті лингвистика сексенінші жылдары дами бастады. Оның қалыптасуында
табиғи тілді түсінуді моделдеуге арналған мына ғылыми жарияланымдардың ролі
болды: Табиғи тілді түсінетін бағдарлама (1976, түпнұсқа 1972) атты
Т.Виноградтың кітабының орысша аудармасы және Р.Шенкидің өзге
әріптестерімен бірлесіп шығарған Концептуалды ақпаратты өңдеу(1980,
түпнұсқа1975), осы тақырыпқа арналған Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар
жинағының XII томы. 1988 жылы Кеңес Одағында тілдің когнитивтік аспектісіне
арналған Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар жинағының XXIII томы, 1995
жылы Тіл және интеллект жинағы жарық көрді.
Н.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және
басқа да ғалымдардығ күшімен жарыққа шыққан зерттеу еңбектерде тілдегі
адамдық фактор, тіл мен философияның, тіл мен психологияның тығыз
байланыстылығы сөз болды.
Когнитивті лингвистиканың дамуына ерекше үлесі болды деп
Ю.С.Степановтың Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі кітабын айтуға
болады. Бұнда бірінші рет мәдениет константы мен концептілеріндегі мәдени
құндылықтар талданады. Мәселен: Шындық, Заң, Махаббат, Сөз, Жан,
Күнә, Ғылым, Интеллегенция, От, Су, Нан т.б.
Е.С.Кубрякованың Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі еңбегінің де
айтарлықтай маңызы болды.
Когнитивті ғылымдардың басты объектілерінің бірі тіл болып табылады.
Тілді зерттемейінше адамның қабылдау, тілдік өңдеулерді қабылдау,меңгеру,
білімді қолдану, талдау, жоспарлау, мәселелерді шешу мүмкін емес.
Е.С.Кубрякованың пікірінше, когнитивті лингвистика тек тілді зарттеп
қоймайды, сонымен бірге когницияны(таным, ойлау, познование) да
категоризациялаудың базистік деңгейінде зерттейді.
Дамудың қазіргі деңгейінде когнитивті лингвистиканың алдында үш
негізгі мәселе тұр: тілдік білімнің табиғаты жөнінде, оны игеруге қатысты,
қолдануға байланысты. Сондықтан зерттеу мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
а) таңбалар арқылы берілген білім түрлері мен табиғаты (гносеология=таным
теориясы), таңбадан білімді айырып танудың механизмі, яғни интерпретациялау
тәртібі(когнитивті семантика және прагматика);
б) таңбалар мен олардың қызметін бағыттап отыратын заңдылықтардың қалыптасу
алғы шарттары;
в) тілдік таңбалар мен онда көрініс тапқан мәдени реалилердің арақатынасы.
Когнитивті лингвистикада бәріне бірдей ортақ мәселе ақыл-ой – тіл –
репрезентациялау – концептуализациялау – категоризациялау – қабылдау
ұғымдарының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым-қатынасын анықтау мәселесі
болып отыр.
Бүгінгі таңда тілді зерттеудің күрделенгендігі соншалықты тілдік
коммуникацияның ішкі құрылымын түсіну үшін лингвистердің, философтардың,
психологтардың, мәдениеттанушылардың, өнертану саласындағы өзге де
интеллектінің бірлескен күші қажет.
Когнитивті лингвистиканың алдына қойған міндеттері:
1. Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;
2. Дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру(тасымалдау), қайта
өңдеу;
3. Білімді концептуализациялау, категоризациялау, мәдени константтарды
тілдік категоризациялау және концептуализациялау;
4. Концептосфераны жасайтын әмбебап концептілердің жүесін жасау;
5. Тілдік дүние бейнесі проблемасы.
Когнитивті лингвистика тілдік талдауларды сөйлеу түрлерін, белгілі бір
лексемалар қолданылып тұрған контекстерді, мәтін деңгейінде концептілердің
танылуын, концепт көрініс беретін фразеологизмдерді, мақал мәтел,
афоризмдерді, олардың сөздіктердегі мағыналарын талдаумен толықтырады.

Бақылау сұрақтары
Ой мен сана түсінігі
Когнитивті лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы
Когнитивті лингвистикадағы сананың ролі мен маңызы

Әдебиет
1. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. М.: Наука,1988.
-212с.
2. Бахтин М.М. К эстетике слова.М.,1974 – 278с
3. Ахмедьяров К.К. Формирование и развитие метаязыка русской
лингвистической поэтики. Диссертация доктора фил. наук.А., 2003. – 250с.
4. Жуминова А.Б. Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова.
Диссертация кандидата фил. наук.А., 2003. – 254с.
5. Қожахметова Ф.Б. Тұрмағанбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық
сипаты. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін
дайындаған диссертация жұмысы. А.,2004. – 121.
6. Қ.Жаманбаева. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері:эмоция, символ,
тілдік сана. Алматы:Ғылым,1998
7. В.Виноградов. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика.

2- тақырып Когнитивтік лингвистиканың зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаты: Когнитивті ғылымдар (когнитология, когиотология).
Оның зерттеу обьектісі – адами білімнің құрылымы мен
қызметі, оның өзі инженерлік пәндердің негізінде
қалыптасқан

Негізгі түсініктер: Когнитивті психология пәнін де когнитивті
лингвистиканың қалыптасу

Лекция жоспары :
1. Когнитивті лингвистиканың тіл білімінің жан-жақты, терең дамуына
байланысты заман, уақыт талабынан пайда болуы.
2. XX ғасырдағы тіл біліміндегі жаңа бағыттар, салалар, олардың ғылыми
негіздері.
3. Когнитивті лингвистика туралы ғалымдардың пікірлері, тұжырымдары,
көзқарастары.
4. Тіл білімінде бұл саланың зерттелу тарихы, оның пайда болуының алғы
шарттары, даму кезеңдері.

Когнитивті лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы
негізінде пайда болды:
Когнитивті ғылымдар(когнитология, когиотология). Оның зерттеу
обьектісі – адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі инженерлік
пәндердің негізінде қалыптасқан. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан
ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан
қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды
таратып түсіндіру(репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам
санасы қалай ұйымдастыылрған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы
қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген
сұрақтарға жауап табуға ұмтылады. Когнитивті психологияның көрсетуінше,
айналадағы заттар мен құбылыстарды категоризациялау мен классификациялау
адам миының маңызды қабілетінен саналады. Категоризациялаудың нәтижелері
адамның когнитивті аппаратының негізін құрайды, ұзақ уақытқа арналған
жадыда сақталатын менталды концептілер болып табылады. Адамның
интеллектуалды процесіне қатысты мәселелер, белгілі бір образдар мен
мәтіндерді тану бұрыннан қалыптасқан білімдер негізінде анықталады.
Когнитология пәнаралық қана емес, синтетикалық та ғылымдар қатарына жатады,
адмның когнитивті процестерін зерттей отырып, математика, философия,
лингвистика, психология, ақпарат теориясы ғылымдарын біріктіреді
Когнитивті психология пәнін де когнитивті лингвистиканың қалыптасу
көзіне(источнигіне) жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті
психологиядан концепт және когнитивті моделдер туралы ұғымды алады.
Шындығында да тілдің қызмет етуі психологиялық механизмдерге сүйенеді, тіл
адамның дүниемен, біліммен қарым-қатынас тәжірибесінің қалыптасуы мен
жинақталуының маңызды бөлігі болып табылады. Лингвистика да , психология да
гуманитарлық пәндер қатарына жатады, бірақ біреуі пәндердің семиотикалық
циклі, екіншісі ғылымның физикалық саласына біршама жақын. Лингвистика
өзінің даму тарихында үш рет психологиямен түйісіп, толығуды бастан
өткізді: XIX ғасырдың 80жылдары(жасграмматистер), XX ғасырдың
ортасында(психолингвистиканың пайда болуы), XX ғасырдың 80
жылдары(когнитивті лингвистиканың пайда болуы).
Лингвистикалық семантика когнитивтік лингвистиканың даму көзі болып
табылады. Кейбір зерттеушілер когнитивті лингвистиканы аса тереңдетілген
семантика деп есептейді, оны семантикалық семантиканың табиғи даму
нәтижесі ретінде қарастырады. Олар тілдік семантиканың категориясын адам
танымы арқылы дүниені меңгерудің нәтижесін көрсететін жалпылама ұғымдық
категория ретінде түсінеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нәтижелері
тек семантикада ғана қолданылып қоймайды, мәселен прототип ұғымы сонымен
бірге фонологияда, морфологияда, диалектологияда қолданылады және т.с.с.
Когнитивті лингвистиканың семантикалық проблематикамен табиғи тепе-теңдікте
болуы және оның лингвистикалық семантикамен методологиялық жақындықта
болуы, әсіресе, Ресей ғалымдарының когнитивті лингвистика немесе когнитивті
грамматика туралы емес, когнитивті семантика туралы сөз қозғауына жол ашты.
Когнититі лингвистиканың бірден-бір зерттеушілері Н.Д.Арутюнова,
А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия дәл осы семантикалық
зерттеулер арқылы когтивті лингвистикаға келді.

Бақылау сұрақтары
1. Когнитивті психология
2. Лингвистикалық семантика

Әдебиет
1. Арутюнова Н.Д. Типы языковых значении. – М.: Наука, 1988. – 339.
2. Арутюнова Н.Д. Типы языковых значении: оценка, событие, факт.
Москва,1988.
3. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц. – М.:
Наука, 1986. – 141.
4. Телия В.Н. Типы языковых значении. Связанное значение слова в языке. М.:
Наука, 1981. – 268.
3 – тақырып Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі

Сабақтың мақсаты: Тілді когнитивті(танымдық) тұрғыдан қарастырған
еңбектерде тіл адамға және дүниеге бағытталған екі жақты
субстанция ретінде көрсетіледі

Негізгі түсініктер: Тілтаным теориясындағы тіл – ойлау – дүние бейнесі
арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары;

Лекция жоспары:
1. Ахмет Байтұрсыновтың таным негіздеріне қатысты ой-тұжырымдары мен
көзқарастары.
2. Ғалымның дүниениетаным мен ойлау, сөйлеу процестерінің арақатысы
туралы пікірлері, оның мәні мен маңызы.
3. Мағжан Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму процесін
сипаттауы.
4. Құдайберген Жұбановтың тіл адамды, өмірді зерттеп-танудың
көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері, оның ғылыми негіздері.

А.Байтұрсынұлының тіл табиғатының ерекшелігін, тіл қызметінің жан-
жақтылығын танытуға арналған ғылыми пайымдауларын саралай келіп, оларды
мазмұны мен көтерген мәселесінің бағыт-бағдарына қарай бірнеше топқа жіктеп
көрсеттік. 1) Тілтаным теориясындағы тіл – ойлау – дүние бейнесі
арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары; 2) Поэтикалық
тіл табиғатын қарапайым тілден айыра танытуға арналған ғылыми
тұжырымдары.
А.Байтұрсынұлы сөз өнеріне тірек болатын адам санасының үш негізін
атап көрсетеді: Ақыл, Қиял, Көңіл. Әрі қарай: ақылдың ісі – аңдау, қиялдың
ісі – меңзеу, көңілдің ісі – түю, талғау деп, сана негіздерінің
әрқайсысына тән қызметін талдайды. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын
аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше
айтуға жарау.(141-бет) Тіл мен сана арақатынасына байланысты теорияларға
сүйенсек, тіл – дүниенің адам санасында сәулеленген сұлбасын сыртқа шығару,
белгілі бір формаға түсіріп бейнелеу құралы. Тілді танудың
антропоцентристік парадигмасы бойынша, адам санасы мен ойлау процесіндегі
құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады.(Маслова. Когн.лингв.)
А.Байтұрсынұлы ойлаудың екі түрін көрсетеді: тиісінше ойлау, түйісінше
ойлау. Тиісінше ойлау: заттың бойына біткен сипатын ғана ойлап, сол
тұрғыда сөзбен беру, яғни қазіргі ғылыми тілмен айтсақ, нақты шындық
болмыстың тіл арқылы баяндалуы, түйісінше ойлау: зат туралы адамның
қосқан, таңған сипаттары, яғни зат, құбылыс туралы сөйлеушінің көзқарасы,
танымы, ұғып-қабылдауы тұрғысынан сөз етуі. Ойлау мен сөйлеудің бұл түрінде
тілдің коммуникативтік, информативтік қызметімен қоса мағыналық
реңкі(модальділігі), эмоциясы, эстетикалық қызметі, бір сөзбен, поэтикалық
табиғаты көрініс береді. Сондай-ақ ғалым тілдің (ойлаудың)тиіс жағына көрік
керек емес, нақты шындық керек, түйіс жағына көріктеу, әдемілеу қажет, ол
қиял шығаратын сөз дейді. Тіл біліміндегі логикалық-эстетикалық бағыт
өкілдері тілдің табиғатын логикалық және эстетикалық таным нәтижесі ретінде
түсіндіреді. Осы бағытты жалғастырушы Бенедетто Кроченің пайымдауынша,
танымның екі түрі бар: индуктивтік және логикалық. Индуктивтік танымның
құралы – фантазия, нәтижесі образ, логикалық танымның құралы интеллект,
интеллект арқылы түсінік қалыптасады. Логикалық бағыт өкілдері ойлауды
тілден жоғары қою арқылы оның бір жақты идеялық жағын ғана сөз етіп,
материалдық, яғни таңбалық болмысын жоққа шығарды, сол арқылы басқа
лингвистикалық ағымдардың сынына ұшырағаны белгілі. А.Байтұрсынұлы тіл
арқылы танылатын ойлаудың қиял(эстетикалық), ақыл(логикалық) негізімен
қатар көңіл(қабылдау) негізінің де бар екендігін дәлелдейді.
Тілді когнитивті(танымдық) тұрғыдан қарастырған еңбектерде тіл адамға
және дүниеге бағытталған екі жақты субстанция ретінде көрсетіледі.
(Колшанский) Тіл – адам – ғалам арақатынасынан адамның дүние туралы
танымының тілде бейнеленуі туралы мәселе келіп шығады. Дүниенің тілде
бейнеленуі А.Байтұрсынұлының пайымдауында даналық деп аталатын ұғымдық
жүйе арқылы түсіндіріледі: Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып,
дүниедегі бар нәрсенің барлығын, яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-
жоқтығын танып, белгілі бір қарарға келгенде адамға бір үлкен ұғым пайда
болады. Сол ұлы ұғым жүйесі даналық деп аталады. Даналықтың мақсаты бүтін
ғаламды танып, бүтін ғалам атанған дүниенің жұмбағын(дүние мәселесін)
шешпек(...)(А.Б. Шығармалары.211-бет) Автордың даналық, ұлы ұғым
жүйесі туралы ойлары тілтаным тарихындағы тіл арқылы берілетін абсолютті
шындық, дүниенің тілдік бейнесі идеяларымен үндеседі. Шындықты
қабылдауда тек тіл ғана жетекші рөл атқарады деген концепцияны ұстанушы
Л.Вайсгербердің пікірінше де кез келген тіл шындық өмір мен адам арасында
делдалдық қызмет атқара отырып, өзінің ұғымдық әлемін жасайды. Бірақ
аталған ілім өкілдерінің(тілдің қатысымдылық теориясы) қателігі олар адам
қабылдаған әлемді сана емес, алдымен тіл қорытады деп, ойлау мен сананың
рөлін жоққа шығарды(Колшанский)
Поэтиканы сөз өнері туралы ғылым деп танитын болсақ, А.Байтұрсынұлының
сөз өнерінің табиғатын жан жақты сипаттаған пайымдауларын поэтикалық
тілдің зерттелуіне арналған бірден бір ғылыми талдама, сараптама ретінде
қарастыруға болады.
А.Байтұрсынұлы: Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я
кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп,
сүгіреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді -деп, сөз
өнерінің ерекше болмысын сипаттайды. Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз. Сөз
шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалатын сөз шумағы да тіл я лұғат
деп аталады дей келіп, тілді табиғатына қарай ақын тілі, әншейін тіл
түрінде жіктейді. Ақын тілі көрнекті лебізге құрылса, әншейін тіл жалаң
лебізге құрылады. Ақын тілі, біздіңше поэтикалық тіл, мінсіз болу үшін оған
қойылатын талаптар ретінде, ғалым тілді таңдап қолдану(тіл қисыны) және
тілді талғап қолдануды атайды. ...әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің
тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет өнерпазы қиялға
бай болса, соғұрлым үй де сәулетті әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым
жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі,
әсерлі, әдемі боп шықпақ Тілді таңдап қолдану туралы тұжырымды мәтінтану
теориясындағы сөйлеуші – мәтін – қабылдаушы арақатынасынан алып түсіндіруге
болады. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады деген ғалым
пайымдауы ойдың әсерлі болуы тыңдаушының(реципиент) қаншалықты түсініп,
қабылдауына, оның өзі ой арқылы берілген ақпараттың реципиентке қаншалықты
таныстығына да байланысты деген пікірлермен қабысады.
Тілді таңдап қолдану сөздің ішкі мәнінің тереңдігін, қиялдың кеңдігін,
пікір байлығын танытатын шешендік сөйлеуді білдірсе(тілдің логикалық
сипаты), тілді талғап қолдану тілдің сыртқы формасын(лексикалық құрамы,
сөйлем құрылысы, фонологиясы) орнымен жұмсауды көрсетеді. Оның өзін сөз
дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнекілігі деп
жіктейді. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық
танитын болуы керек. Адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі
танитын нәрсесін көмескі күңгірт атайды деп тағы да тілдің таным
әрекетінің нәтижесі екендігі жөніндегі көзқарасты бекіте түседі.
Ғалымның сөз өнері туралы ғылыми пайымдауларында тіл білімінде
қолданылатын тіл, сөз, сөйлеу(речь) ұғымдарының ара жігі анықтала түседі.
Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз, яғни сөз өнерінің(поэтиканың) негізгі
бірлігі сөз, ал сөздің шумағы тіл болып табылады. Сөздің белгілі бір
жүйеде келуін тіл дейміз. ...әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы
көруінше тұтынады. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз
сол адамның тілі болып табылады дейді. Сондай-ақ өзінің табиғатында сөз
сөйлеуден де іргесін ажыратады. Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөздің
ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болуып естілуін айтамыз. Сөйлеу
турасында айтсақ, сөйлеу ішіндегі сөйлемдердің үндері құлаққа жағымды болып
естілуін айтамыз. Сонда сөз дыбыстардан тұратын тілдік категория болса,
сөйлеу сөйлемдерден тұратын тілдік-ойлау категориясы.
Жоғарыда сөз болған тіл қисыны(тілдің логикалық қызметі) тілдің
танымдық, шешендік қыры болса поэтикалық тілдің ендігі бір маңызды жағы
ырғақпен байланысты. Қазіргі тіл ғылымындағы интология мәселесі
А.Байтұрсыновта тіл әуезділігі деген атаумен алынып талданады. Тіл
әуезділігі сөз әуезділігі, сөйлеу әуезділігі түрінде келеді. Екеуі де дауыс
ағымына байланысты. Қазіргі дәстүрлі зерттеу нәтижесімен салыстыра
қарастырсақ, сөз әуезділігі дыбыстар үндесуіне қатысты болса, сөйлеу
әуезділігі сөз және бунақ екпініне сәйкеседі.
Сөздің өнер болуы оның ұнасымына байланысты. Ұнасымдылықтың бір шарты
ырғақ: Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк еткенінің арасы қандай
бірдей болса,сөз сөйлегендегі дауыс ырғақ – ырғағының арасы да сондай
бірдей болады.(189.) Жалпы сөйлеудегі ырғақпен өлеңде болатын ырғақты
ажырата тану үшін өлең ырғағын жорғақты ырғақ деп атайды. Ғалымның
түсіндіруінше өлең ырғағы сөйлем ішіндегі буын сандарының бірдейлігімен
ғана емес, сөз кестелерінің реттілігімен, сөздердің әуездес ұқсастығымен
ерекшеленеді.
Лебіздің жалаң түрің А.Байтұрсынұлы қара сөз, көрнекі түрін дарынды
сөз деп атай отырып, екеуінің де өлеңдісі, өлеңсізі болады дейді.
Поэтикалық тілдің тек өлеңге ғана емес қара сөзге(проза) қатысты да
қолданылатынын(Р.Сыздық) ескерсек, автордың дарынды сөз терминін поэтикалық
тілге қатысты қолданып отырғаны сөзсіз. Сөздің асылдығы ұнауымен. Сөз
көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен жағады.
Сөз көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады.
Әуез әдемілігі сөзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп тізуден болады.
Күштілігі сөздің қалыпты мағынасының үстіне күш қосатын әдістерді істеуден
болады.(208.) Ғалымның дарынды сөз, көрнекті лебіз, асыл сөз атап
отырғаны поэтикалық тілдің әр қырынан көрінуі, танылуы деп түсінеміз.
Жалаң сөзді зейінді, ақыл мен білім иесі айта алса, дарынды сөзді
шығаруға ақылдың өзі аздық етеді. Ол үшін терең пайым, күшті пікірмен бірге
қиялдың шарықтайтын ерекше шабыты қажет. Ол – кез-келген адамның пешенесіне
жазылмаған, жаратылыспен біткен дарынның, қарым-қабілеттің жемісі.
Қазақ тіл білімінде поэтикалық лингвистика негізінен жеке сөз
зергерлерінің тілін зерттеумен байланысты ғана көрініс тапты. Қазақ тілі
материалдары негізінде поэтикалық тілдің теориялық табиғатын жан-жақты
тұтас жүйе ретінде талдаған еңбектер жоқтың қасында болды(Р.Сыздық,
Қ.Өмірәлиевтің еңбектерінен басқа).
Қ.Жұбановтың Абай – қазақ әдебиетінің классигі және Қ.Иассауи
Хикметтерінің тіліне арналған Түрки әдебиеттер тілінің танымы атты
еңбектерін қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму тарихының сүбелі екі
кезеңінің (XI ғасырдағы түркі жазба әдеби тілі және XIX ғасырдың
II жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі) басты өкілдерін
талдау объектісі ете отырып, қазақтың поэтикалық тілінің бастау алған
қайнарлы бұлағын танытуға арналған алғашқы зерттеу үлгісі деуге болады.
Алдымен зерттеуші поэзия тілін жалаң құрылымдық, лексикалық талдаумен
шектелмейді. Кез келген шығарманың тілі оның шығу тарихымен, сол шығарма
дүниеге келген дәуірдің қоғамдық, әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста
талдануы керек деғен принципті басты ұстаным етіп алған Қ.Жұбанов Хожа
Ахметтің тіліңдегі жеке қолданыстарды, шығарма мазмұнындағы кейбір
фактілерді тарихи этнографиялық, мәдени таныммен сабақтастыра қарастырады.
Яғни, ол әдебиет сол қауымның саяси құрылысын, мәдениет халін, шаруашылық
күйін, дүниетану көзқарасы дәрежесін, әдет ғұрпын, қысқасы нені жақсы, нені
жек көретінін бізден жасыра алмайды. Өйткені, біз қандай адам болмасын ол
сол бір кездегі өзінің туған, өскен орталығының, әлеумет пен қоғам
орталығының жемісі еді деп білеміз. Сол адамның сөйлеген сөзі, істеген ісі,
қылуасы сол қауымның бір бөлігінің болса да мүддесін елестетпей қоймайды
деп білеміз(300-бет) - деп жазады.
Хикмет тілінің танымдық, философиялық құндылығына асыл сөз,
Ақлият сөз деп баға бере отырып, қазақ әдеби тілінің асыл қайнары – Хожа
Ахмет Иассауи үлгі еткен түркі жазба поэзиясында жатқанын үлкен патриоттық
сезіммен сөз етеді. ...түркінің сахрауй тілінен гөрі басқалау, әдеби
қолданыстармен будандасқан мәдени формаларды көбірек қолданады... Сонымен
бірге атай кететін бір ерекше жайт – Хикметтің кейбір толғауларының
құрылысы да, буын өлшеуі де басқалардан гөрі қазақ тіліндегі өлең жырлардың
буындық өлшеуіне ұқсас келеді(321-бет) - дей отырып хикметтің лексикалық
құрамына, өлең құрылысына талдаулар, салыстырулар жасайды.
Қазіргі қазақ тіл білімінде лингвистикалық поэтиканың когнитивтік
бағытта зерттелуі
Соңғы кезеңдерде қазақ тіл білімінде тілді танымдық тұрғыда зерттеу
басым бағытқа айналып отырғанын байқаймыз. Лингвистикалық поэтиканың
дәстүрлі ғылыми базасы – тіл білімі қазіргі таңда ерекше қарқынмен дамуда.
Оның негізгі қаруы гуманитарлық білімнің ғылыми парагматикасындағы
интеграциялау принципі, соның ішінде адами ғылымның жетістіктерін белсенді
құру және шығармашылықпен синтездеу – XX ғасыр мен XXI ғасыр басындағы
лингвистиканың өзіндік дамуы мен концептуалды-конструктивті девизі, яғни,
антропологиялық лингвистиканың қайта тууы. – деп жазған Қ.Ахмедьяровтың
пікірінің дұрыстығын мойындай отырып, қазақ көркем сөзінің тілі когнитивті
лингвистиканың теориялық базасында жан-жақты дамып отырғанын біз де сөз
етеміз.
Қазақ тілі білімінде танымдық лингвистикалық зерттеулер негізінен
тілдік тұлға мәселесіне қатысты, көркем шығармадағы концептілік құрылымды
танытумен байланысты, дүниенің тілдік бейнесі мәселесін талдау арқылы, тіл
мен ойлау, тіл мен мәдениет қарым-қатынасын сипаттау бағытында көрініс
береді. Осы орайда соңғы зерттеу еңбектерге шолу жасап өтуді жөн санаймыз.
Алдымен жеке қаламгердің тілін зерттеуге арналған жұмыстардың көпшілігі
шығарма арқылы танылатын автордың көркем бейнесін, яғни тіл арқылы
берілетін тұлғасын айқындаудың түрлі қырларын сөз етеді.
Г.Снасапова Ғ.Мүсіреповтің Ұлпан повесіндегі лингвомәдени бірліктер
тақырыбындағы кандидаттық жұмысында аталған шығарманың мәтініне
контексуалдық талдау жасай отырып, автор қолданған лингвомәдени бірліктер
арқылы ұлттық мінез, ұлттық менталитет мәселелерін сипаттайтын салт-дәстүр,
ырым-жоралғы, наным-сенімдегі эталон, стеоротип, образ, этикеттік норма,
коннотация түріндегі мәдени компоненттерді айқындау арқылы дүниенің тілдік
бейнесін талдап көрсетеді. Нәтижесінде тіл – мәдениет – өркениет үштігінің
ұлттық дүние бейнесін жасаудағы негізгі константа бола алатынын
дәлелдейді.
Ф.Қожахметова Тұрмағанбет Ізтілеуов тілдік тұлғасын дискурс деңгейінде
талдайды. Жалпы дискурс терминінің өзі қазақ тіл білімінде әлі де орныға
қоймаған ұғым. Көптеген зерттеулерде дискурс мәтін ұғымымен қатар алынып
қарастырылатынын байқаймыз. Ф.Қожахметова дискурсқа берген анықтамасында:
Егер 60-70 жылдарда дискурс ұғымы бір-бірімен үйлесе байланысқан сөйлемдер
не сөйлеу актілерінің тізбегі болып түсінілсе, ал бүгінгі таң ұстанымдарына
назар аударсақ, онда ол мәтін және мәтінді түсінуге қажетті
экстралингвистикалық факторларды (адресаттың ақиқат туралы білім қоры, ол
жөнінде оның пікірі мен мақсат-бағдары) қамтитын күрделі коммуникативтік
құбылыс(58-бет) – деп баяндалады. Сондай-ақ зерттеушінің көрсетуінше,
дискурсқа динамикалылық пен үрдістілік тән. Тілдік тұлғаны танытуда дискурс
қаншалықты рөл атқарады десек, тағы да зерттеушінің өз уәжіне жүгінеміз:
Көркем мәтіннің тілдік құралдары арқылы автор әрбір оқырманды өзінің ішкі
дүниесіне үңілуіне, өз тереңіне бойлауына, өзінің ішкі мүмкіндіктерін
ашуына және оны санасына сіңіруіне, оқырманның уәждік жүйесін вербалдық
сипатта жаңғыртуға, сөйтіп оқырманға өзінің менін танытуға бағыттайды.
Көркем шығарма көркемдік әлем (таным) мен көркем тілі арқылы айтушы мен
оқырманды бір-бірімен байланыстырады. Яғни, оқырман автордың таным әлемі
мен тіл әлеміне енеді... Соның нәтижесінде оқырманды қызықтыратын,
автордың көркемдік әлемін бейнелейтін қайталанбас ерекше тіл әлемі пайда
болады (60-бет) Т.Ізтілеуовтің ерекше дискурсқа құрылған шығармалары
арқылы оқырман тек мәтін арқылы түсінілетін мәліметтерді қабылдап қоймайды,
тілдік тұлғалардың мәтіннен тыс мазмұнын да ұғып түсіне алады. Ол үшін
Т.Ізтілеуов өмір сүрген ақындық орта, оның ұлттық дүниетанымы, көзқарасы
жете таныс болуы тиіс. Онсыз автор ұсынған танымдық әлемге ену қиын.
Көркем шығарма әлемінің құндылығы автор құрастырған тілдік бейне арқылы өз
жан-дүниесінің шындығын қалыптастыру. Ең жоғарғы дәрежедегі тілдік тұлға
(мысалы Т.Ізтілеуов) жеке санасы негізінде өзіндік танымын оқырман немесе
тыңдаушы санасында қайта жасайды, өзінше жоспарлайды. Ш. Ниятованың
Махамбет ақын тілдік тұлғасының концептосферасы зерттеуінде тілдік тұлға
когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы – концепт арқылы талданады. Жалпы
концепт ұғымы когнитивтік бағытта алынған зерттеулердің барлығында дерлік
сөз етіледі. Әр зерттеуші өз зерттеу нысанына, бағыт, бағдарына қарай
концептілерді тілдік тұлғаға, дүниенің тілдік бейнесіне, тіл мен мәдениет
сабақтастығына, жеке тілдік құралдардың когнитивтік сипатын беру үшін де
талдайды. Кең мағынасындағы алғанда, концепті ғалам туралы білімдер
жүйесінің (ғаламның концептуалдық бейнесінің) бір үзіндісі ретінде
түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар
мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының,
қиялындағы көріністерінің бәрін қамтиды(10-б) Ш.Ниятова концепт көп
компонентті, күрделі когнитивті құбылыс дей келіп, оны ортаңғы өзегі және
өзек маңында топтасқан білім, түсінік, ұғым, ассоциациялары бар тұтас өріс
түрінде қарауды ұсынады. Сондай-ақ зерттеуші концептінің табиғатын
танытатын кілт сөздер, макроконцепт, микроконцепт концептілер, әмбебап,
бірегей концептілер тәрізді терминдер қолданады. Осы талдаулар арқылы қазақ
тіл білімінде поэтикалық тілді когнитивтік бағытта зерттеудің күрделеніп,
ілгерілеушілік сипат алып бара жатқанын байқаймыз.
А.Жуминова Ақын О.Сүлейменов тілдік тұлғасының тезаурусы атты
диссертациялық жұмысында тілдік тұлғаны оның қолданған сөздік әлемі арқылы
талдаудың үлгісін ұсынады. Отандық лингвистикада тезаурус сөзін Л.В.Щерба
тілдегі барлық сөздердің қоймасы ұғымында, өзінің түп мағынасында
қолданған. Қазіргі таңда тезаурус терминінің мағынасы кеңейіп, сөздіктер
мен зерттеулерде оның әлем (балалар әлемі, жасөспірімдер әлемі деген
сияқты) мағынасы жиі қолданысқа ие болуда. Тезаурус сөзінің әлем ұғымына
балама ретінде алынуы оның бір жағынан сөздіктегі материалдық болмысын
(нақты сөздердің жиынтығы), екінші жақтан идеялық болмысын (сөз арқылы
берілетін ұғымдар, дүниенің тілдік бейнесі) танытатын мағынасына байланысты
болып отыр. Сондай-ақ әдебиеттануда тезаурус жазушының көркемдік әлемін
сипаттайтын жиілік сөздігі ретінде қолданылады. Сөз болып отырған сөздік-
тезаурус пен идеалды тезаурус-әлем бір-бірімен тығыз байланысты.(38-бет)
Зерттеу жұмысында қазіргі тіл біліміндегі тілдік тұлға мәселесі, тілдік
тұлғаның автор бейнесі категориясымен қатар талдануы сөз болып, мәтін,
шығармашылық контекст, дискурс туралы зерттеу еңбектерге шолу жасалады.
Концепт, концептуалдық талдау принциптеріне қатысты көзқарастар мен
пікірлерге талдау жасалады.
Г.Снасапова жоғарыда біз сөз еткен еңбегінде тілдегі когнитивтік
құрылым түрлеріне тоқталады. Қазақ тіліндегі негізгі концепт табиғатын
бастан-аяқ талдауға құрылған Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен
лингвомәдени мазмұны аталатын диссертациялық жұмысында М.Г. Күштаева
концептіні адамзаттың, халықтың, ұлттың ойлау өрісі мен дүниетанымын танып
түсінуге мүмкіндік беретін мағыналарға ие сөздер тобы ретінде бағалайды.
Сонымен бірге концепт белгілі бірмәдениетті танудың да кілті екендігін
тілдік деректермен дәлеледейді (тіліміздегі тары сөзіне қатысты
концептілік ұғымдар). Зерттеуші концептілерге талдау жасай отырып, әр ұлт
тіліндегі концептілердің өзіндік ерешелігі болады, яғни концептіге ұлттық
сипат тән деген қорытынды жасайды.
Біз сөз етіп отырған зерттеулердің қай-қайсысында да тілдік тұлғаны
талдау барысында дүниенің тілдік бейнесі басты нысанаға алынып, бірақ
түрліше қырынан сипатталады.

Бақылау сұрақтары
1. Лебіз түрлерін А.Байтұрсынұлы қалай көрсетеді?
2. А.Байтұрсынұлы дарынды сөз терминімен тілдің қандай категориясын
меңзейді?
3. А.Байтұрсынұлы қолданған тіл әуезділігі қазіргі тіл ғылымында қандай
ғылымдармен сәйкеседі?
4. А.Байтұрсынұлы қолданған тіл әуезділігі қазіргі тіл ғылымында қандай
ғылымдармен сәйкеседі?
5. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі зерттеулерде когнитивтік лингвистиканың
қандай мәселелері талданған?
Әдебиет
1. Саткенова Ж.Б. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі. Филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындаған диссертация
жұмысы. А.,2005. – 127.
2. Зайсанбаева Г.Ж. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі(біріккен
зат атаулары негізінде) . Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын
алу үшін дайындаған диссертация жұмысы. А.,2004 – 136
3. Қайырбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні.
4. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындаған
диссертация жұмысы. А.,2004. – 136.
5. Қайшығұлова Ж.Т. Қазақ мәтінінің күрделі фразалық тұтасым абзац
деңгейінде мүшеленуі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу
үшін дайындаған диссертация жұмысы. А.,2001. – 109.
6. Ахмедьяров К.К. Формирование и развитие метаязыка русской
лингвистической поэтики. Диссертация доктора фил. наук.А., 2003. – 250с.
7. Жуминова А.Б. Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова.
Диссертация кандидата фил. наук.А., 2003. – 254с.
8. Елемесова Ш.М. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің ұлттық релеванттары.
9. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындаған
диссертация жұмысы. А.,2003. – 109.

4-тақырып Когнитивті лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы және
алатын орны

Сабақтың мақсаты: Когнитивті ғылымдардың басты объектілерінің бірі
тіл болып табылады. Тілді зерттемейінше адамның қабылдау,
тілдік өңдеулерді қабылдау,меңгеру, білімді қолдану,
талдау, жоспарлау, мәселелерді шешу

Негізгі түсініктер: Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;

Лекция жоспары:
1. Когнитивті лингвистиканың өзге лингвистикалық сипаттагы пәндер
арасындағы статусы.
2. Психолингвистика және когнитивті лингвистика.
3. Адамның сыртқы әсерді қабылдауы, ол туралы өзіндік пайымы, ой-түйіні,
оның қоршаған ортамен байланысы.
4. Лингвомәдениет танымның когнитивті лингвистикамен байланысы.

Когнитивті лингвистиканың қалыптасуының төмендегідей кезеңдерін
көрсетуге болады.
Когнитивті грамматика термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г.Томпсонның
Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз атты мақаласында қолданылды. 1987
жылы Р.Ланкагердің Когнитивті лингвистиканың негіздемесі еңбегінің
бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың
Әйелдер, от және қатерлі заттар атты еңбегі, М.Джонсонның Ойлаудағы
дене аталатын кітабы жарияланды.
XX ғасырдың 80 жылдарындағы Л.Тальми, Ч.Филмор, У.Чейфтің мақалалары
когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды.XX ғасырдың 90
жылдарының басына дейін бір-бірімен байланысы жоқ жеке зерттеулермен
толықты. Бұл – Дж.Лакофтың, Р.Ленкагердің, Т.ван Дейктің(Нидерландтық),
Дж.Хэйманның(Канадалық) зерттеу бағдарламалары.
90 жылдардың ортасында Европада когнитивті лингвистикаға арналған алғашқы
оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф.Укегер, Х-Й.Шмид. Когнитивті
лингвистикаға кіріспе (1996) және Б.Хайне Грамматиканың когнитивті
негіздемесі.(1997) Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика
В.И.Герасимовтың шолулары арқылы таныс болды(1985). Орыс тіл білімінде
когнитивті лингвистика сексенінші жылдары дами бастады. Оның қалыптасуында
табиғи тілді түсінуді моделдеуге арналған мына ғылыми жарияланымдардың ролі
болды: Табиғи тілді түсінетін бағдарлама (1976, түпнұсқа 1972) атты
Т.Виноградтың кітабының орысша аудармасы және Р.Шенкидің өзге
әріптестерімен бірлесіп шығарған Концептуалды ақпаратты өңдеу(1980,
түпнұсқа1975), осы тақырыпқа арналған Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар
жинағының XII томы.
1988 жылы Кеңес Одағында тілдің когнитивтік аспектісіне арналған Шетел
лингвистикасындағы жаңалықтар жинағының XXIII томы, 1995 жылы Тіл және
интеллект жинағы жарық көрді.
Н.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және
басқа да ғалымдардығ күшімен жарыққа шыққан зерттеу еңбектерде тілдегі
адамдық фактор, тіл мен философияның, тіл мен психологияның тығыз
байланыстылығы сқз болды.
Когнитивті лингвистиканың дамуына ерекше үлесі болды деп
Ю.С.Степановтың Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі кітабын айтуға
болады. Бұнда бірінші рет мәдениет константы мен концептілеріндегі мәдени
құндылықтар талданады. Мәселен: Шындық, Заң, Махаббат, Сөз, Жан,
Күнә, Ғылым, Интеллегенция, От, Су, Нан т.б.
Е.С.Кубрякованың Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі еңбегінің де
айтарлықтай маңызы болды.
Когнитивті ғылымдардың басты объектілерінің бірі тіл болып табылады.
Тілді зерттемейінше адамның қабылдау, тілдік өңдеулерді қабылдау,меңгеру,
білімді қолдану, талдау, жоспарлау, мәселелерді шешу мүмкін емес.
Е.С.Кубрякованың пікірінше, когнитивті лингвистика тек тілді зарттеп
қоймайды, сонымен бірге когницияны(таным, ойлау, познование) да
категоризациялаудың базистік деңгейінде зерттейді.
Дамудың қазіргі деңгейінде когнитивті лингвистиканың алдында үш
негізгі мәселе тұр: тілдік білімнің табиғаты жөнінде, оны игеруге қатысты,
қолдануға байланысты. Сондықтан зерттеу мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
а) таңбалар арқылы берілген білім түрлері мен табиғаты(гносеология=таным
теориясы), таңбадан білімді айырып танудың механизмі, яғни интерпретациялау
тәртібі(когнитивті семантика және прагматика);
б) табалар мен олардың қызметін бағыттап отыратын заңдылықтардың қалыптасу
алғы шарттары;
в) тілдік таңбалар мен онда көрініс тапқан мәдени реалилердің арақатынасы.
Когнитивті лингвистикада бәріне бірдей ортақ мәселе ақыл-ой – тіл –
репрезентациялау – концептуализациялау – категоризациялау – қабылдау
ұғымдарының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым-қатынасын анықтау мәселесі
болып отыр.
Бүгінгі таңда тілді зерттеудің күрделенгендігі соншалықты тілдік
коммуникацияның ішкі құрылымын түсіну үшін лингвистердің, философтардың,
психологтардың, мәдениеттанушылардың, өнертану саласындағы өзге де
интеллектінің бірлескен күші қажет.
Когнитивті лингвистиканың алдына қойған міндеттері:
1. Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;
2. Дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру(тасымалдау), қайта өңдеу;
3. Білімді концептуализациялау, категоризациялау, мәдени константтарды
тілдік категоризациялау және концептуализациялау;
4. Концептосфераны жасайтын әмбебап концептілердің жүесін жасау;
5. Тілдік дүние бейнесі проблемасы.
Когнитивті лингвистика тілдік талдауларды сөйлеу түрлерін, белгілі бір
лексемалар қолданылып тұрған контекстерді, мәтін деңгейінде концептілердің
танылуын, концепт көрініс беретін фразеологизмдерді, мақал мәтел,
афоризмдерді, олардың сөздіктердегі мағыналарын талдаумен толықтырады.

Бақылау сұрақтары
1. Адамның сыртқы әсерді қабылдауы, ол туралы өзіндік пайымы, ой-түйіні,
оның қоршаған ортамен байланысы.
2. Когнитивті лингвистиканың өзге лингвистикалық сипаттагы пәндер
арасындағы статусы.
3. Психолингвистика және когнитивті лингвистика.
4. Лингвомәдениет танымның когнитивті лингвистикамен байланысы.
Әдебиет
1. Арутюнова Н.Д. Типы языковых значении. – М.: Наука, 1988. – 339.
2. Арутюнова Н.Д. Типы языковых значении: оценка, событие, факт.
Москва,1988.
3. Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики номинативных единиц. – М.:
Наука, 1986. – 141.
4. Телия В.Н. Типы языковых значении. Связанное значение слова в языке. М.:
Наука, 1981. – 268.

5-тақырып Когнитивті лингвистика және терминология

Сабақтың мақсаты: Тілдік тұлғаны зерттеудің лингводидактикалық
аспектісі ең ежелгі және тамыры тереңдегі мәселе болып
табылады

Негізгі түсініктер: Тілдік тұлғаны зерттеудің лингводидактикалық
аспектісі

Лекция жоспары:
1. Когнитивті лингвистика мәселесіне байланысты терминдерді саралау
және сараптау, оларға түсініктеме беру.
2. Терминдерді қолдану және сараптау принциптері.
3. Когнитивті лингвистикаға байланысты терминтанудың тіл білімінде
алатын орны, оған қатысты әр түрлі көзқарастар мен пікірлер.

Тілді жеке тұлға аспектісінен қарастыру соңғы жылдары тек лингвистика
ғана емес, психология, философия, лингводидактика тәрізді пәндерде де зор
қызығушылық тудыруда. Бұндай аралас контекстегі қызығушылықтың басты
нысаны жай адам емес, жеке тұлға. Яғни өзіндік күрделі де қайшылықты ішкі
әлемі бар, дүниедегі (материалдық, идеялық) зат, құбылыстарға өзіндік
көзқарасы, қарым-қатынас межесі қалыптасқан, өзін-өзі, өзі және өзге, өзі
және жаратылыс атаулымен ерекше диолог орната білетін үлкен сана мен тіл
иесі, шын мәніндегі Адам болуы қажет. Лингвистикалық аспектдегі жеке
тұлғаны зерттеу тек тіл арқылы жүзеге асырылады. Яғни бізді қызықтыратын
жалпы адам емес, тілдегі адам: ... язык единственные средство спосовные
помочь нам проникнуть в скритою от нас сферу ментальности, оба он
определяет способ членнения мира в той или иной культуре. Он рассказывает
нам о человеке такие вещи, о которых сам человек и не догодывается(Маслова
Лингвокульт.). Тілдік тұлға мәселесін орыс тіл білімінің аясында зерттей
отырып, Ю.Н.Караулов сөз болып отырған мәселені лингвистикалық деңгейде
қарастырудың 3 түрлі жолын көрсетеді: Біріншіден, сөйлеу мен тілдің
психологиялық ерекшелігі тұрғысынан, бұл психолингвистикалық жол;
Екіншіден, тілді оқып-үйрету әдістемесі тұрғысынан, бұл лингводидактикалық
жол; Үшінші, көркем әдебиет тұрғысынан зерттеу. Бірінші әдіс Б.Куртенэнің
зерттеулерінде қолданылды. Ол әдеби тілге тарихи талдау жасауда, тарихи
танымды дүниеге көзқараспен қатар қойды. Ол тілдік тұлғаны түрлі әлеуметтік-
тілдік категориялардың бірлігі ретінде қарастырды. Оны жазушының дара
стилінен гөрі көркем шығармадағы әлеуметтік-топтық, ұжымдық дағдымен
ұстанған бағыты қызықтырды.
Қазіргі психолингвистикада тілдік тұлға тіл мен ойлаудың қарым-
қатынасына байланысты немесе тілдік онтогенезге қатысты қаралады.
Тілдік тұлғаны зерттеудің лингводидактикалық аспектісі ең ежелгі және
тамыры тереңдегі мәселе болып табылады. Тілдік тұлғаны лингводидактика
тұрғысынан түсіну екі ерекшелігімен ажыратылады: біріншіден, тілдік тұлға
жалпы тілді қолданушы, ал тілді қолдану адамға тән тума қабілет ретінде
қаралды, мұндай жағдайда тілдік тұлғаның құрылымы мен мазмұны оны қолданушы
тұлғаның ұлттық ерекшелігіне қатысты бола алмайды. Екіншіден,
лингводидактика тілдік тұлғаның генезисіне меже жасай отырып, жинақтық баға
береді, сол арқылы көркем шығарманың тілін зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Когнитивті лингвистика және терминалогия
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Тілдің танымдық қасиеті
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Пәндер