Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы



I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II Негізгі бөлім
1.Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
1.1 Негізгі құралдардың мәні, құрамы және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Материалдық емес активтердің экономикалық мазмұны және олардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2. Кәсіпорынның негізгіқұралдары мен материялдық емес активтердің құрамы мен құрылымын талдау «ҚАЗТЕМІР ҚҰРЫЛЫС» ЖШС мысалында
2.1. «КазТемір құрылыс» ЖШС . нің өндірістік . шаруашылық қызметінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2.Кәсіпорынның негізгі құралдарын қалыптастыру және құрамын талдау 16
2.3.Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу және аудиттеу тәртіптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

IV Пайдалынған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көзжеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтын бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологиямен жасалған негізгі құралдарды тиімді пайдалану керек.
Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Кез-келген кәсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені кез келген уақытта негізгі құралдардың құрамын, жағдайын біліп отыру арқылы оның тиімділігін арттырудың жолдарын табуға болады және де егер де кез-келген оқыс жағдай болса, оның кәсіпорынның жұмысына кері әсерін тигізбестен бұрын алдын алуға болады. Сол себептен де кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды және сол кезекте кіріс азаяды, әрине ол табысқа кері әсерін тигізеді.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есеп беру” 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар Жарлығы (өзгертулер және толықтырулармен бірге 28.02.2013).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” 1998 жылғы 20 қарашадағы №20 заң күші бар Жарлығы (2013 жылғы 25 наурыздағы өзгертулер мен толықтырулармен).
3. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II Қазақстан Республикасының Салық кодексі. 2013жыл.
4. Қазақстан Республикасынң аудиторлық қызмет туралы заңы, 2013 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
5. Ілиясов Қ.К Құлпыбаев С. "Қаржы"Алматы, 2012ж
6. Әжібаева З.Н, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит, Оқулық, А. 2012.
7. Байдәулетов М, Байдәулетов С.М. Аудит, А., Қазақ университеті.2007-226 бет.
8. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, А. 2011
9. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами,А., Экономика. 2000ж-320 бет.
10. Мейірбеков А.Қ Әлімбетов К, "Қаржы нарығы". Оқу құралы -Алматы. 2003ж
11. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Жантаева Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400 бет.
12. Ержанов М.С., Аудит-1. (Базовый учебник). Алматы, Бастау. 2011г.
13. Коволев В.В, Волкова О.Н, Анализ хозяиственной деятельности предпрятия, М., Сервис. 2000г-450с.
14. Кеулімжаев Қ.К Әжібаева З.Н "Қаржылық есеп"А: Экономика, 2001
15. Масалимова С.Ж Зиядин С.Т "Қаржылық менеджмент" Семей 2007
16. Назарова В.Л, Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. Алматы. Экономика 2011ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II Негізгі бөлім
1. Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
1.1 Негізгі құралдардың мәні, құрамы және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Материалдық емес активтердің экономикалық мазмұны және олардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Кәсіпорынның негізгі құралдары мен материялдық емес активтердің құрамы мен құрылымын талдау ҚАЗТЕМІР ҚҰРЫЛЫС ЖШС мысалында
2.1. КазТемір құрылыс ЖШС - нің өндірістік - шаруашылық қызметінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2.Кәсіпорынның негізгі құралдарын қалыптастыру және құрамын талдау 16
2.3.Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу және аудиттеу тәртіптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

IV Пайдалынған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтын бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологиямен жасалған негізгі құралдарды тиімді пайдалану керек.
Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Кез-келген кәсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені кез келген уақытта негізгі құралдардың құрамын, жағдайын біліп отыру арқылы оның тиімділігін арттырудың жолдарын табуға болады және де егер де кез-келген оқыс жағдай болса, оның кәсіпорынның жұмысына кері әсерін тигізбестен бұрын алдын алуға болады. Сол себептен де кәсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір кәсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды және сол кезекте кіріс азаяды, әрине ол табысқа кері әсерін тигізеді.
Нарық қатынастары жағдайында технологияның қарқынды барыcында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-экономикалық қызмет процесінде ақшалай, материалдық ресурстардың орын алуымен қатар, материалдық емес активтердің атқаратын қызметі және олардың маңыздылығы күн санап жоғарылауда. Материалдық емес активтер тек ұйымдар мен меншік иелерінің ұзақ мерзімді активтері ғана болып қоймайды, олар меншік иелеріне қызмет ете отырып, белгілі бір табыс көзін қалыптастыратын құндылығы жоғары зат болып саналады. Ұйымдар ғылыми немесе техникалық білімдер, жаңа процестер мен жүйелерді әзірлеу немесе енгізу, лицензиялар, интеллектуалдық меншік, нарық білімі және тауар белгілері (тауар маркалары мен баспа құқықтарын қосқанда) сияқты материалдық емес активтерді сатып алу, дайындау, қызмет көрсету немесе нығайту кезінде ресурстарды жиі жұмсайды. Осындай ауқымды санаттар қамтитын баптардың кеңінен тараған үлгілері болып компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, авторлық құқықтар, кинофильмдер, клиенттердің тізімі, ипотекаға қызмет көрсету құқығы, балық аулау лицензиялары, импорттық квоталар, франшизалар, клиенттермен немесе жеткізіп берушілермен қарым-қатынастар, клиенттердің икемділігі, нарықтың үлесі және өткізу құқықтары болып табылады.
Болашақтағы экономикалық табыстар сатып алынған бірегейлендірілетін активтер арасында жеке өзі қаржы есептілігінде тану талаптарына жауап бермейтін, бірақ кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алушы ақысын төлеуге даяр активтерден туындауы ықтимал.
Материалдық емес активтерден туындайтын болашақ экономикалық тиімділіктер тауарларды сату немесе қызмет көрсетуден алынған табыстарды, шығындардың үнемделуін немесе ұйымның активті қолдануының нәтижесі болып табылатын басқа табыстардан құралуы мүмкін.
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс нақты осы өндірістік кәсіпорындарының негізгі құралдарының тиімділігін талдау жайлы болмақ. Себебі олар - өндірістік кәсіпорынның тиімділігіне тура әсерін тигізеді және оның жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттақ құндылықтар ( ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал, және тағы басқалар).
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады).
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеліп соғады.
Курстық жұмыстың мақсаты жалпы негізгі құралдарды талдау, негізгі құралдардың кәсіпорындағы рөлін бағалау және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жетілдіру болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның негізгі құралдарын талдауға негізделген және соның негізінде кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін анықтау болып табылады.
Негізгі міндеттеріне:
негізгі құралдардың аспектілерін қарастыру;
материалдық емес активтердің экономикалық мазмұны мен олардың жіктелуі анықтау;
кәсіпорын мысалында негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін зерттеу;
негізгі құралдарды жетілдіру жайлы және кәсіпорынның тиімді қызмет етуін арттыру жолдарын ұсыну.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ҚҰРАМЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Негізгі құралдардың мәні, құрамы және жіктелуі

Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі құралдар-ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.
Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.
Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі құралдар-бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)-өндірістік емес құралдарға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін-тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі құралдар төмендегідей болып бөлінеді:
жер;
ғимараттар - негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
қондырғылар - бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
тарату жүйелері - бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
машиналар мен құрал - жабдықтар - оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал - жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр(, есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;

транспорттық құралдар - бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
жұмыс және аналық мал;
- көп жылдық өсімдіктер - гүлдер, ағаштар, алма бақтар және т.б. Халықаралық қаржы есебінің стандарттарыны сай негізгі құралдардың мынандай үш белгісі бар:
материалдық формасының болуы;
міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек;
кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс.
Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектігі тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.

Мүліктік емес
Мүліктік емес
Мүліктік
Мүліктік
Өндірістік емес
Өндірістік емес
Өндірістік
Өндірістік

Пайдалану
сипатына
қарай
Пайдалану
сипатына
қарай


Істемей тұрған
Істемей тұрған
Істеп тұрған
Істеп тұрған

Қор ретінде тұрған
Қор ретінде тұрған

1.1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы

Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар,өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал - жабдықтар, көлік құралдары және т.б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал - жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал - жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:
1) өндірістік құрылымы
2) технологиялық құрылымы
3) тұтыну уақытына байланысты құрылымы
Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай - натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.
Негізгі құралдардың физикалық тозуын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады.
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті
К ф.т. = ТБқ*100

Т- негізгі құралдарды тозу сомасы
Бқ - негізгі құралдардың бастапқы сомасы
Негізгі құралдардың физикалық тозу коэффициенті жекелеген инвентарлы объектілері бойынша және олардың нақты қызмет ету мерзімі туралы мәліметтерге сүйене отырып та есептелінеді.
Нақты қызмет ету мерзімі нормативтіден төмен болған объектілер үшін ол келесі формуламен есептелінеді

Кф.т. = ТнТнор*100

Тн мен Тнор - берілген инвентарлы объектінің нақты және нормативті қызмет ету мерзімі
Ал нақтылы қызмет ету мерзімі нормативтіге тең, немесе одан асып түсетін объектілер үшін физикалық тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады
Кф.т. = Тн Тн+Тм*100

Тм - мүмкін болған берілген объектінің қызмет ету мерзімінің қалдығы. Әдетте ол сарапшылық жолмен анықталады.
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті - негізгі құралдардың берілген датаға жалпы физикалық жағдайын көрсетеді және келесі формула арқылы есептелнеді
Кж = Бқ-ТБқ*100

Сонымен қатар негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті физикалық тозу негізінде де анықталуы мүмкін
Кж = 100 - Кф.т.

Осы формулалардың барлығы негізгі құралдардың біркелкі тозуын қарастырады, біріақ ол шындықпен тура келе бермейді. Осы оның ең басты кемшілігі болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы. Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсатырылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
1.2 Материалдық емес активтердің экономикалық мазмұны және олардың құрылымы
Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі болып олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі (материалдық емес деген сөз латын тілінен шыққан, тигізу, сезіну мағынасын білдіреді). Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуде қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экокномикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әкімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.
Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндегі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.
Материалды емес активтер - матриалды заттық мазмұны жоқ белгілі бір құнға ие иелнушіге белгілі бір табыс пен басқа да пайданы қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді құқық.(материалды емес активтер құрамына:ғылыми шығармалар,әдебиеттер,өнер мен аралас объекттер құқығы,ЭВМ программалары.,көрсеткіштер базасы және т.б. өнертабысқа патенттер,өнеркәсіптік үлгілер,селекциондық жетістік,пайдалы модельдер мен лицензиялық келісімшартты қолдануға куәлктер, ноу-хау құқығы,жер учаскесі мен табиғат ресурстарын пайдалану,ұйымдық шығындардан туындайтын жиынтық құқықтар)
Материалды емес активтер құқығы -- өнеркәсіп құны мен оның материалды емес активтерінің құнының айырмасы.
Матриалды емес активтердің құны екі бөліктен тұрады:мүліктік құқық объектілерінің құны,соның ішінде нақты бухгалтерлік есеп объекті түрінде жазылған идентифицинделгген интеллектуалды мншік;
Басқа да материалдық емес активтер құны - жалпы өнеркәсіптің нарықтық құңымен идентифицинделген материалды емес активтер айырмасы.
Интеллектуалды меншік - азаматтық құқық (физ.тұлға) немесе интеллектуалды қайраткерлік нәтижесіне заңды тұлға және оған теңестірілген жұмыс немесе қызмет көрсетудегі заңды тұлғаның индивидулануы,өнім индивидуалдығы.
Өнеркәсіптік меншік - мемлекеттік тіркеуден бастап туындайтын қорғалатын құқықтар объектісі
Өнеркәсәптің иелігіндегі ИМО құны - ИМО пайдалылық жиынтығын білдіретін және тауар мен қызмет өндіру комплексі ретінде функционалдық нәтижесіне салымды ұсынатын өлшем бірлік.
Гудвилл - абыроймен,фирма атауының атақтылығымен,тауарлық белгімен анықталатын өнеркәсіптің құнының бөлігі.
Лицензиялық келісімшарт - ИМО ға құқық иеленушішнің өтуі жайлы келісім,оның интеллектуалды меншік объектісін пайдалануға құқық , тек келісімшартпен қарастырылған мөлшерде,келесі тұлға келісімшартта көрсетілгн төлем мен басқа да әрекеттерді құқық иесіне жүргізлі.
Лицензиялық сыйақы-лицензиялық келісім заты болып табылатын интеллектуалды меншікке берілетін құқықа төлем.
Роялти - әр белгіленген уақыт аралығы сайын өнімнің (қызметтің) лицензиялық келісімшарты бша жасалу көлемінен фикстелген мөлшерлеме т.ріндегі ағымдық (периодтағы) аударымдар.
Жай лицензия - лицензия иесінің ИМО қолдану мен өзгеге беру құқығына иелігі жайлы қарастырылған келісімшарт түрі.
Ерекше лицензия - лицензия иесінің ИМОға қолдану иелігі жайлы қарастырылған лицензия,бірақ келісімшартта көрсетілген аймақ,мерзім,әдіс бша басқа тұлғаға лицензия беру құқығының сақтауынсыз.
Толық лицензия - лицензия иесінің ИМОға қолдану құқығына иелігі жоқ жайлы қарастырылған лицензия,келісімшартта көрсетілген аймақ,мерзім,әдіс бша басқа тұлғаға лицензия беру құқығының сақтауынсыз.
Контрафактілік өнім - сатып алушыларды түсінбеушілкке әкелу мақсатында атақты фирмалар мен тауарлардың тауарлық белгілерін,фирма атауларын және т.б. белгілеулерді заңсыз қолданатын өнім.
Дисконттау - болашақтағы барлық кірістер мен шығындарды уақыттың бір кезеңіне келтіру.
Дисконттық мөлшерлеме - интеллектуалды меншіктің объектісінің құнын бағалауда қолданылатын қазіргі құнға немесе болашақта алынатын төлемнің ақшалай сома келісіміне қолданылатын табыстық мөлшерлеме.
Интеллектуалды меншік - әртүрлі салада интеллектуалды меншік нәтижесіне ерекше құқық (өндірістік,ғылыми,әдебиеттік,көрке м өнер) және оларға теңестірілген жеке өнім,жасалатын жұмыс пен қызмет көрсету (тауарлық белгі,тауардың шығарылу орнының атауы және т.б.)
Инвестициялық құқық - берілген инвестициялық мақсатта инвесторлар тобы мен белгілі бір инвестор үшін табыс алуы анықталатын бағалау объектісінің құны.
Бағалаудың оюъектісінің басқа да құны - бағалаудың нарықтық құнынан тыс басқа да құны.
Интеллектуалды меншікті құрамына алатын матралды емес активтер (ары қарай-материалды емес активтер) - идентификация мінездемесі,қолданк мерзімі,қорғау құқығы формалары бша бөлінетін белгілі бір формаға ие емес ұзақ мерзімді активтер.
Материалдық емес активтер басқа жақтан сатып алынуы (патенттер, франчайзинг) немесе ұйымның өз күшімен жасалынуы мүмкін. Материалдық емес активтерді сатып алу тәсілдеріне қарай олардың жекеше есеп бірліктеріне бөлінуі және анықтылығы айқындалады (активтерге жұмсалған шығындар кезең шығындарына апарылуы немесе нақты сезідмейтін активтердің сипатына қарай капиталдандырылуы (қорландырылуы) мүмкін).
Сондықтан, материалдық емес активтер мына жағдайларда анықталуы мүмкін:
- сатып ал арқылы - көп жағдайда заңды құқықтар алу (патент, авторлық құқық және т.б.);
- ұйымның өзі шығаруы немесе ұйымдардың бірігу нәтижесінде сатып алу арқылы - егер активтерді жалға беру, сату және айырбастау кезінде болашақ экономикалық тиімділік осы активке тікелей апарылатын болса.
Материалдық емес активтерді анықтамасы оларды тану кезінде басқа активтерден айқын ажыратып - жеке есеп бірлігіне бөлуді талап етеді. Осындай ерекшеліктің бірі олардың жекелігі (даралығы) саналады. Егер ұйым активтерді жалға беріп, сатып, айырбастап немесе болашақ экономикалық тиімділікті (пайданы) бөле алатын болса, онда ол бөлінетін болып есептеледі. Бөлінетін активтер болып сауда маркалары, патенттер, авторлық құқықтар табылады. Бөлінбейтін активтер болып гудвилл (іскерлік бедел) - ол басқа активтерден бөлектеніп қызмет істей алмайды және ол ұйымды сатып алу кезінде пайда болады.
Айырбастылық - бұл активтердің бөлек сатып алыну немесе сатылу мүмкіндігі (мысалы, патенттер, тауар маркалары). Дегенмен де, кейбір материалдық емес активтер жеке есеп бірлігі болып есептелсе де, жекеше сатылмайды және сатып алынбайды (мысалы, ұйымдастыру шығындары).
Болжамды экономикалық тиімділікті алу кезеңі экономикалық жағдайларға, құқықтық шектеулерге немесе келісім шарттың жағдайларына байланысты анықталады.
Материалдық емес активтердің ең көп кездесетін түрлері: лицензиялық келісімдер, компьютерлік бағдарламалық қамсыздандырулар, патенттер, авторлық құқықтар, сатып алынған тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, материалдық емес активтердің сипатын куәландыратын сынақ-құрастыру жұмыстары болып табылады.
Материалдық емес активтердің түрлері төмендегідей тәртіптер бойынша жіктеледі:
Патент - заңды түрде мойындалған және тіркелген жеке құқық. Патенттік құқық оның иесіне осы патентпен қамтылған затты, процесті немесе қызмет түрін басқа жақтың кедергісінсіз пайдалануға өндіруге, сатуға, бақылауға мүмкіндік береді. Патент ғылыми-техникалық жаңалықты өндірген немесе ендірген ұйымға осы қызмет түрінің нәтижесінде осы мерзім ішінде табыс алу үшін белгілі бір уақытқа беріледі.
Сатып алынған активтің бастапқы құны патентті сатып алуға байланысты жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі. Осы
шығындарға патентті ұстаушы жақтың патент бойынша құқық бұзушылардың үстінен сотқа шағымдану бойынша (ұтып шыққан жағдайда) шығындары да енгізіледі.
Ұйымның ұжымы ойлап шығарған, құрастырған патенттінің бастапқы құны осы жаңалықты тіркеу және оны қорғау шығындары негізінде анықталады. Зерттеу және өңдеу бойынша шығындар пайда болған мерзіміне байланысты ұйымның кезең шығындарына апарылады.
Авторлық құқық - әдебиет, музыка, өнер саласындағы шығармалар үшін авторларға берілген және заңмен қорғалатын құқықтық нысан. Авторлық құқық иелеріне - өздерінің жұмыстарын басып шығаруға, қайтадан басып шығаруға, көбейтуге және сатуға, сондай-ақ өнерлерін орындауға, жазуға ерекше құқық беріледі. Авторлық құқық сату және сатып алудың объектілері болып саналады. Авторлық құқық бухгалтерлік есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың деңгейінде мойындалады. Мысалы, шығарушы (издатель) бірнеше жыл бойы тек өзінің баспасында әдеби кітапты басып шығару құқығын алу үшін, оның авторына 1 млн немесе одан да жоғары теңге төлеуі мүмкін. Авторлық құқықтың бастапқы құны нақты жұмсалған шығындар бойынша анықталады. Авторлық құқықтың амортизациясы оның заңды қызмет ету мерзімімен, не болмаса бухгалтерлік бағалауға сәйкес анықталады.
Тауар таңбалары және (немесе) тауар атаулары - бұл басқа ұйымдардың заңсыз пайдалануынан қорғайтын және олардың біртектес тауарлары мен қызметтерінен айыра алатын қабілеті бар атауларды, таңбаларды немесе басқа да анықтаушы белгілерді атаймыз. Олар иелік етуді негіздеу үшін тіркелуі мүмкін. Тіркелген тауар таңбалары немесе атаулары олардың қызмет ету мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту мақсатында қайтадан жаңартылуы мүмкін. Сатып алынған тауар белгілерінің бастапқы құны оларды сатып алуға байланысты шығындар негізінде, ал ұйымның өз күшімен жасалған болса, онда өңдеу, тарату және оларды қорғау шығындарының негізінде анықталады.
Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандырулар -пайдалануға, сатуға, жалға беруге немесе сатудың басқа түрлері арқылы өткізуге арналған мәліметтерді өңдеу және бағдарламалық құжаттамалар жүйесінің жиынтығы. Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандыру-ларды материалдық емес активтер ретінде мойындау үшін олар айрықша болып, өндірісте не болмаса әкімшілік мақсатта пайдалаланылуы керек немесе басқа тұлғаларға жалға берілуі керек.
Мұндай талаптарға компьютерлер немесе станоктармен бірге сатып алынған бағдарламалық қамсыздандырулар сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда бұл бағдарламалық қамсыздандыру негізгі құралдардың құрамына енгізіледі.
Атап өту керек, техникалық мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған зерттеу және дайындау шығындары пайда болған кезеңінде есепті кезең шығындарына апарылады. Бағдарламалық өінмідерді жазу және тестілеуге байланысты шығындар материалдық емес активтердің құнына қосылады.

2. Кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамы мен құрылымын талдау ҚазТемір құрылыс ЖШС мысалында
2.1 ҚазТемір құрылыс ЖШС - нің өндірістік - шаруашылық қызметінің сипаттамасы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жүргізген экономикалық реформалары, нарықтық экономикаға өту, салааралық баланс пен аймақаралық байланыстардың өзгеруі, өндіріс құрылымы мен өнімді өткізу нарықтарының өзгеруі өнеркәсіп салаларының нәтижелеріне айтарлықтай әсер етті. Осыған байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындарға жаңа талаптар мен жаңа міндеттер қойылды. Мұндай талаптарға жауап беру мен міндеттерді шешуде кәсіпорынның негізгі құралдарын ұтымды пайдалануға назар аудару қажет. Зерттеу объектісі ретінде алынған КазТемір құрылыс ЖШС - нің негізгі құралдарын пайдалану жағдайын талдамас бұрын оның өндірістік - шаруашылық қызметінің сипаттамасына тоқталайық.
КазТемір құрылыс ЖШС Өскемен қаласында орналасқан, құрылыс өнімдерін, соның ішінде бетон және темір бетон өнімдерін өндірумен айналысатын, нарықта өзіндік орны бар кәсіпорын болып табылады. Зауыттың тарихы 1984 жылдан бастау алады. Сол уақыттан бері қазіргі кезге дейін КазТемір құрылыс ЖШС бірнеше қайта құрылымдаудан өтті, бірақ негізінен өзінің профильдік темір-бетон бұйымдарын және конструкцияларын өндірумен айналысып келеді.
КазТемір құрылыс ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады. Сондықтан серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады. Серіктестіктің негізгі қызмет түрлеріне келесілер жатқызылады:
# Темірбетондық және бетондық конструкциялар мен бұйымдарын өндіру;
# Қаржылық, делдалдық, ақпараттық, жарнамалық қызметтер;
# Сыртқы экономикалық қызмет;
# Арнайы темірбетондық конструкцияларды өндіру;
# Көтерме және бөлшек сауданы, коммерциялық дүкендерді ұйымдастыру;
# Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі;
# Автотұрақтарды ұйымдастыру және эксплуатациялау, атомобильдерді сатып алу, автокөліктерді ремонттау және оларға қызмет көрсету;
# Тұрғын үйлерді, басқа да өндірістік-техникаға тағайындалған ғимараттар мен құрылыстарды жалға беру;
# Құрылыс саласында жобалау;
Серіктестік мүлкі негізгі қорлардан, сондай-ақ айналым қаржыларынан, құны серіктестіктің дербес балансында көрсетілген өзге мүліктерден тұрады. Мүлік серіктестіктің меншігіне жатады. Серіктестік мүлкін құрайтын табыс көздері мыналар болып табылады:
# Қатысушылардың жарғы капиталындағы салымдары;
# Серіктестіктін қызметінен алынған табыстар.
# Заңда тыйым салынбаған өзге де табыс көздері.
Кәсіпорын өзінің өндіретін өнімдерін тек облыс көлемінде ғана емес, сондай-ақ, обылыс шегінен тыс аймақтардағы шетелдік және отандық мұнай өңдеуші және құрылыс компанияларға бұйымдарды өткізумен және жеткізумен айналысады. Соңғы жылдардағы кәсіпорынның жеткен жетістігі шығарылатын бұйым сапасы, сонымен қатар зауыт басшылығынның жұмыс тәсіліне және нарықтық қонъюктураға сауатты әдістемесіне байланысты болып келеді.
Кәсіпорын сапа менежджмент жүйесінің ИСО-9001-2001 және экологиялық менеджмент жүйесі ИСО 14000 сертификаттарына ие. Зауытта өнім сапасын бақылау жөнінде өзінің тіркелген лабораториясы жұмыс істейді, ол шығарылған өнімге сапа сертификатын және сәйкестілік паспортын береді.
КазТемір құрылыс ЖШС - де 100-ден астам өнім түрлері шығарылады. Яғни, темірбетон бұйымдарын өндірумен қатар, мәдениет, өндірістік, әлеуметтік объект құрылыстарына арналған конструкцияларды да өндірумен айналысады. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндірудегі шикізат негізі жергілікті инертті және бостық материалдар болып табылады.
Кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайын бағалау және өндірістік - шаруашылық қызметін талдау үшін оның технико - экономикалық көрсеткіштерін есептеп, талдау жасайық. Оны келесі кесте (1-кесте) түрінде көрсетуге болады.
1 - кестеде берілген мәліметтер негізінде КазТемір құрылыс ЖШС-нің жалпы экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттауға болады. Мұндағы көрсеткіштер кәсіпорынның соңғы екі жылдағы нақты мәліметтері негізінде есептелді. Жасалған есептеулерден көріп отырғанымыздай 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кәсіпорын қызменің экономикалық жағдайы мен қызмет тиімділігі біршама жақсарғанын байқап отырмыз. Бірақ кәсіпорынның таза табысының мөлшері 2014 жылы екі есеге жуық төмендеген. Бұл 2014 жылы кезең шығындарының екі еседен астам ұлғаюынан болып отыр. Сондықтан да ол негізгі қызметтен түскен табысқа, салық салынғанға дейінгі табысқа және таза табысқа әсер етіп, кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне айтарлықтай ықпал етіп отыр. Ал таза табыстың азаюы басқа да көрсеткіштерге, әсіресе таза табыс арқылы анықталатын табыстылық немесе рентабельділік көрсеткіштеріне әсер етеді. Мұны төмендегі кестеде берілген рентабельділік көрсеткіштерінің мәні арқылы нақты көрсетуге болады.


Негізгі көрсеткіштері
өлшем бірлігі
2013ж.
2014ж.
Ауытқуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Кәсіпорынды қаржылық – экономикалық талдау (ЖШС Кокшетауский хлебзавод мысалында)
Компания активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру
Жарғылық капиталдың ұлғаюы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және жетілдіру жолдары
Натур Продукт ЖШС-гі мысалында кәсіпорында қаржылық жағдайын және кірістілігін талдау
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің нәтижелігін талдау ( Фирма СейНур ЖШС-гі мысалында)
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Пәндер