Ұйым қаржысының қызметтері



I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1 ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1. Ұйымның қаржылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, қағидалары, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қаржылық қызметті талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Ұйымның қаржылық қызметінің даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ «АБДИ» КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
2.1 «АБДИ» компаниясының негізгі қаржы.экономикалық
көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. «АБДИ» компаниясының қаржылық тұрақтылығын, өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3.Ұйымның қаржылық қызметін жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұйымның қаржылық қызметі мен экономикалық жағдайын, ұйым қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан ұйымның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Ұйым қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір ұйым қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі ұйымның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін ұйым қаржысын тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - корпорацияның қаржысын басқаруды талдау және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- ұйым қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздерін анықтау;
- ұйымның қаржысын тиімді пайдалануды талдау;
- ұйым қаржысын басқаруды жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – «АБДИ» АҚ мысалында ұйымның қаржылық қызметі мен экономикалық жағдайын, қаржысын талдау.
Зерттеу пәні - ұйымның қаржылық қызметі мен экономикалық жағдайын басқару.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; ұйымның қаржысын басқарудың қазіргі заманғы әдістері. Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М.И., Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Ковалев В.В., Негашев Е.В. Стоянова Е.С., Дюсенбаев К.Ш. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін ұйымның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, ұйымның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2012 ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2013ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Назарбаев Н.Ә. Жолдауы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2014 ж. 18 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2013ж. 3-4б.
4. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы.─ Алматы: Экономика. 2013 ж.─ 330б.
5. Жуйриков К.К: Финансы предприятий в условиях рынка.─ Алматы, 2011, 353 с.
6. Бараненко С.П., Шеметов В.В. Стратегическая устойчивость предприятия.─ М.: Центрполиграф, 2013.─ 575;
7. Дружинин А.И., Дунаев О.Н. Управление финансовой устойчивостью.─ Екатеренбург: ИПК УГТУ, 2014.─ с. 363;
8. Нестеров В.О., Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.─ М.: Финансы и статистика, 2014.─ с. 341;
9. Шеремет А.Д., Негашев Е.В. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организациий.─ М.: ИНФРА-М, 2014.
10. Козлова Е.П., Галинина Е.Н. Финансовый анализ и аудит.─ М.: Финансы и статистика, 2013.─ с. 285;
11. Ириков В.А., Ириков И.В. Технология финансо*экономического планирования на фирме.─ М.: Финансы и статистика, 2012.─ с. 249;
12. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности.─ М.: Финансы и статистика, 2012.─ с. 512;
13. Ионова А.Ф., Селезнева Н.Н. Финансовый анализ: учебник.─ М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2012.─ 624с.
14. «АБДИ» АҚ-ның 2013-2014 жылдардағы іс-қағаздары мен жылдық қорытынды есептері.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1 ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1. Ұйымның қаржылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, қағидалары,
мақсаты мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
1.2. Қаржылық қызметті талдау әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Ұйымның қаржылық қызметінің даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .11
2 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ АБДИ КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА
ТАЛДАУ
2.1 АБДИ компаниясының негізгі қаржы-экономикалық
көрсеткіштерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..14
2.2. АБДИ компаниясының қаржылық тұрақтылығын, өтімділігі мен төлем
қабілеттілігін талдау және бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
2.3.Ұйымның қаржылық қызметін жақсарту жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25

IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұйымның қаржылық қызметі мен
экономикалық жағдайын, ұйым қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық
экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін
жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі
жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым
қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан ұйымның сәтті
және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға
болады. Ұйым қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану
қазіргі кезде әрбір ұйым қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Берілген жұмыстың өзектілігі ұйымның одан әрі дамуы және бәсеке
қабілеттілігін арттыруы үшін ұйым қаржысын тиімді басқарудың
маңыздылығымен анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - корпорацияның қаржысын басқаруды талдау және
оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- ұйым қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздерін анықтау;
- ұйымның қаржысын тиімді пайдалануды талдау;
- ұйым қаржысын басқаруды жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі – АБДИ АҚ мысалында ұйымның қаржылық қызметі мен
экономикалық жағдайын, қаржысын талдау.
Зерттеу пәні - ұйымның қаржылық қызметі мен экономикалық жағдайын
басқару.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады:
бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді
жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; ұйымның қаржысын басқарудың
қазіргі заманғы әдістері. Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М.И., Шеремет
А.Д., Сайфуллин Р.С., Ковалев В.В., Негашев Е.В. Стоянова Е.С., Дюсенбаев
К.Ш. және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс
тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін ұйымның бухгалтерлік және қаржылық
есептілігінің мәліметтері, ұйымның ішкі нормативті-техникалық құжаттары,
мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы
отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: курстық зерттеудің нәтижелері -
ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметінде ұйымды басқаруға талдау
жүргізу және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдары.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен
алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні,
әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің
тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде шаруашылық субьектілердің экономикалық қызметі мен
қаржылық қызметін басқарудың теориялық негіздері келтірілген; ұйым
қаржысының экономкалық мәні және ұйымдастыру негіздері анықталған; ұйымның
қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары келтірілегн; ұйымдағы қаржы
менеджментінің маңызы ашылған.
Курстық жұмыстың екінші бөлімі ұйымның қаржылық жағдайы мен экономикалық
потенциалын тиімді пайдалануға талдау жүргізуге арналған: АБДИ АҚ -ның
қаржылық тұрақтылығын талдау, капиталды қолдануын талдау, өзін - өзі
қаржыландыру деңгейін талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде ұйымның қаржылық қызметі мен
экономикалық жағдайын жақсарту механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік
ұсыныстар келтірілген.

1 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН РӨЛІ

1.1. Ұйымның қаржылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, қағидалары,
мақсаты мен міндеттері.

Ұйымның қаржылық қызметі және онда өтіп жатқан процестер көптеген
ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро-
және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті
ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің,
экономикалық талдаудың және т.б. Экономика саласының немесе жеке бір
ұйымның нақты жағдайындағы экономикалық процестердің дамуына жалпы, жеке
және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика қаржылық
қызметте жүріп жататын жалпы экономикалық құбылыстар мен процестердің
сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні қаржылық қызмет
процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық
операцияларды, процестерді және сонымен байланысты ұйым қаражатының
қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.
Ұйымның қаржылық қызметін талдау пәні экономикалық құбылыстар мен
процестердің себеп-салдар байланыстары болып табылады. Ұйымның қаржылық
қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп отыру экономикалық құбылыстар
мен процестердің мәнін ашуға жэне соның негізінде жеткен нәтижелерге дұрыс
баға беруге, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді.
Себеп-салдар байланыстарды топтастыру, жүйелендіру, моделдеу, шамалау басты
әдістемелік мәселесі болып табылады.
Ұйымның қаржылық қызметін талдау объектісі қаржылық қызметтің
экономикалық нәтижелері болып табылады. Мысалы, өнеркәсіптік ұйымда талдау
объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны, материалдық, еңбек
және қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, ұйымның
қаржылық жағдайы және т.б. жатады.
Ұйымның қаржылық қызметін талдау принциптері.
Ұйымның қаржылық қызметіне талдау жүргізген кезде ғылым мен
практикадан алынған белгілі бір принциптер мен ережелерді басшылыққа алу
керек.
Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының
ережелеріне негізделуі, өндіріс дамуының экономикалық заңдарының талаптарын
ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы тәжірибенің
жетістіктерін, экономикалык зерттеулердің ең жаңа әдістерін пайдалануы
тиіс;
Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық
тізбегі мен бүкіл тараптарының қамтылуын және ұйым экономикасындағы
себепті байланыстарды жан-жақты зерттеуді талап етеді;
Ұйымның қаржылық қызметін талдау объективті, нақты, дәл болуы тиіс,
нақты шындықты көрсететіндұрыс, тексерілген ақпаратқа негізделуі керек,
ал оның тұжырымдары нақты талданған есептеулерге негізделуі
тиіс. Осы талаптардан есептеулерді ұйымдастыруды, ішкі және сыртқы
аудитті, сондай-ақ талдау әдістемесін оның есептеулерінің дәлдігі
мен дұрыстығын арттыру мақсатында үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі
туындайды;
Ұйымның қаржылық қызметін талдау жарамды болуы керек,
кемшіліктерді, қателіктерді, жұмыстағы жіберіп алған мүмкіндіктерді
уақтылы анықтай отырып, олар туралы ұйым басшыларына хабарлау
керек, өндіріс барысы мен оның нәтижесіне белсенді түрде әсер
етуі тиіс. Осы принциптен талдау материалдарын ұйымды басқару
үшін, нақты шараларды әзірлеу үшін, жоспардың деректерін негіздеу,
түзету және анықтау үшін нақты түрде пайдалану қажеттігі туындайды.
Басқаша жағдайда талдаудың мақсатына жетуі екіталай;
Талдауды анда-санда емес, жоспар бойынша, жүйелі түрде жүргізіп отыру
керек. Бұл талаптан ұйымдағы талдау жұмысын жоспарлау, оны
орындау бойынша міндеттерді орындаушылар арасында бөлу және оны жүргізуді
бақылау қажеттігі туындайды;
Талдау оперативті болуы тиіс. Оперативтілік дегеніміз талдауды жылдам
және нақты жүргізе білуді, басқару шешімдерін кабылдауды және оны жүзеге
асыруды білдіреді;
Талдау экономикалық құбылыстарды, процестерді, шаруашылық
ету нәтижелерін бағалаған кезде мемлекеттік ыңғайға негізделуі тиіс.
Басқаша айтканда, шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалай отырып
олардың мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық
саясат пен заңдарға сәйкестігін ескеру керек;
Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп есе
әсерін тигізуі керек.
Сонымен, талдаудың негізгі принциптері ғылымилылық, кешенділік,
жүйелілік, объективтілік, дәлдік, шындық, әрекеттілік,
оперативтілік, демократизм, тиімділік жэне т.б. болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері(Савицкая Г.В., 2003).
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші ұйымдардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне баға
беру;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- ұйым активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, ұйымның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- ұйым табыстылығын бағалау;
- ұйым табысының салыстырмалы керсеткіштерін, сондай-ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- ұйымның іскерлік белсенділігін анықтау;
- ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау ұйымның қаржылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Ұйымның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі
мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға, меншікті және
қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ
ұйымның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге
бағытталуы тиіс. Ұйым қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық
жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар.
Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату
керсеткіштерімен анықталады. Көсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша
қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды
ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір
қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.
Ұйымның қаржылық қызметі ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс
процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың
талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық
шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды
бөлу және пайдалану үшін қолданылады.
Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық
инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын
шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан
қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар
басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары
қаржылық қызметінің тиімділігне тікелей әсер етеді.
Бұл мәселелер ұйымды басқарудың жалпы жүйесінің негізгі бірден-бір
жүйесі болып табылатын қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың жүйесі
ретінде қаржылық менеджменттің шегінде шешіледі (1.1-сурет).

Ø

Сурет 1.1. Ұйымды басқару жүйесі

Ұйымдардың қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы
табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi
сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән.
Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен,
көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың қаржылық қызметiнiң барлық жағына әсер
ету мүмкiндiгi.

1.2. Қаржылық қызметті талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды, ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық) талдау деп бөлуді қажет
етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық
көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру.
Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін
динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі
жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін
жариялайды.
Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын
өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ
сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей
қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу
орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін
сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады.
Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:
1. Көлденең талдау;
2. Тікелей талдау;
3. Трендтік талдау;
4. Салыстырмалы талдау;
5. Факторлық талдау;
6. Қаржылық коэффициенттерді талдау;
Көлденең (уақытша)талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарындағы абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немес оның өнімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштердегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең тауарлар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуларын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай–ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке
тигізетін әсерін зерттеудің реттелмеген тәсілі көмегімен талдау.
Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның
құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы
қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
талдаудың түрі - қаржылық коэффициенттерді талдау болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың
жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін
алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау
жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың
арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады.
Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы
қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап
етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын
басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені, тек бір ғана
фактор үлкен әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады.
Коэффициенттер (салыстырмалы көрсеткіштердің) талдауы дегеніміз - есеп
берудің жеке деректерінің арасындағы немесе әр түрлі есеп берудің деректері
арасындағы қатынастарды есептеу және көрсеткіштердің өзара байланыстарын
айқындау.
Баланстанудың негізгі қалаушыларының бірі - Н.А.Блатованың
топтастыруына сәйкес, қаржылық көрсеткіштердің салыстырмалы көрсеткіштері
бөлу және үйлестіру коэффициентіне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржылық
жағдайдың абсолюттік көрсеткіші, қорытындының (абсолют көрсеткіштерінің
топтарын кіргізетін) қай бөлігін құрайтынын айқындау үшін пайдаланылады.
Бөлу коэффициенті және оның есеп беру жылындағы өзгерістері субъектінің
қаржылық жағдайымен алдын ала таныстыру жолында үлкен роль атқарады.
Үйлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың мәні бойынша әр түрлі абсолюттік
көрсеткіштерінің немесе олардың әр түрлі экономикалық маңызы бар
үйлесімдерінің арақатынастарын көрсету үшін пайдаланылады. Қаржылық
коэффициенттерді талдау - есеп беру жағына және бірнеше жылғы олардың
мәндерін базалық мөлшерлермен салыстыру және олардың динамикасын зерттеу.
Салыстыру базасы ретінде, теоретикалық негізделген немесе тәжірибелік сұрау
нәтижесінде алынған олардың оптималдық немесе престикалық мәндерін
сипаттайтын мөлшерлер бола алады.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық талдауда
экономикалық, сондай–ақ экономикалық және математикалық статистиканың түрлі
тәсілдері қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз
етеді.

1.3.Ұйымның қаржылық қызметінің даму мәселелері

Ағымдағы және келешек жоспарды ғылыми тұрғыдан негіздеу ұйымның өткен
жылдардағы қызметінің нәтижесіне терең экономикалық талдау жүргізбей және
келешекке негізделген болжауларсыз, ұйым экономикасының даму заңдылықтарын
зерттеп алмай, орын алған кемшіліктер мен қателіктерді анықтамай ғылыми
түрғыдан негізделген жоспарды жасауға, басқару шешімінің ұтымды нұсқасын
таңдап алуға болмайды.
Қорларды үнемді пайдалану жоспары мен басқару шешімінің орындалуын
бақылау керек. Талдау тек фактілерді анықтау мен қол жеткен нәтижелерді
бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерді, қателіктерді
анықтап алу және экономикалық процестерге шұғыл түрде әсер ету мақсатында
да жүргізілуі тиіс. Сондықтан талдаудың шұғылдығы мен әрекеттілігін арттыру
қажет.
Объективті жэне субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың қаржылық
қызметтің нәтижелеріне әсерін зерттеу.
Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді және ғылым мен практиканың
жетістіктерін үйрену негізінде ұйымның жұмыс істеу тиімділігін арттыратын
резервтерді іздестіру.
Ұйым жұмысының жоспарды орындауы, экономикасының дамуының қол жеткен
деңгейі, қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалануы мен оның өнімдер мен қызмет
рыногындағы жағдайын тексеру бойынша нәтижелерін бағалау. Объективті
тексеру бизнес-процестерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал
етеді.
Есепті кезеңнің соңында әрбір басшы өзінің бухгалтериясынан ұйым
жұмысының қорытындысы бойынша қаржылық құжаттарды алып отырады. Оларды
айқын талдау басқару шешімін дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Төменде
ұйым жұмысын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар келтіріледі :
Біріншіден, қандай да болмасын қаржылық талдауды ұйымның қаржылық
мониторигісінен бастаған жөн. Ұйымның өткен белгілі бір кезеңдегі негізгі
қаржылық сипатын, олардың тенденциясын анықтау мақсатымен. Оның үстіне
тенденция көрсеткіштердің мәніне қарағанда маңыздырақ, өйткені бағытты,
қозғалыс жылдамдығын сипаттайды және белгіленген нәтижелерге жету қабілетін
немесе қабілетсіздігін көрсетеді.
Қаржылық мониторингтің міндетіне қаржылық көрсеткіштерді анықтау
кіреді: белгілі бір кезеңдегі тұрақтылық, өтімділік, айналымдылық және т.б.
және олардың тенденциясы. Осы және басқа да көрсеткіштер бизнес пен
инвестиция әлеміндегі қатынас тілі болып табылады, сондықтан оларды білу
және түсіну қажет. Сондай-ақ алынған нәтижелерді, тұжырымдар мен
ұсыныстарды талдау керек.
Тереңірек талдау үшін бухгалтерлік есептің қосымша құжаттары керек
болады. Көптеген жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаларға қарағанда өз
баланстарын жүргізбейді, өйткені бұны қажет деп санамайды, сондықтан
өздерінің нақты жағдайын дұрыс бағалау мүмкіндігінен айырылады. Оны олар,
әдетте, тірі ақшамен, не болмаса өндірілген өнімнің көлемі мен түрлері
бойынша, немесе оны бәскелесінен ерекшелендіре алатын басқа да көрсеткіштер
бойынша бағалайды.
АБДИ компаниясының қаржылық мониторингін жүргізу керек болатын ең аз
мерзім бір жыл, ал талдау кезеңі бір тоқсаннан аспауы тиіс.
Екіншіден, баланс баптарының өзгерісін жалпы бағалау. Баланс
баптарының жалпы тенденциясының кезеңдер бойынша өзгеруі ұйым қызметінің
нақты сипаттамасын бере алады. Қорытынды көрсеткіштерді кезеңдер бойынша
салыстыруды бір графикпен жүргізген дұрыс болады: баланс валютасы;
айналымнан тыс активтер; айналым активтер; қаржыландырудың меншікті
көздері; ұзақ мерзімді міндеттемелер; қысқа мерзімді міндеттемелер.
Үшіншіден, талдауға қарап ұйым қызметінің жалпы сипаттамасын беруге
болады. Жоғарыда айтылған сипаттардың барлығы қалай болса да тек екі
парметрмен ғана: активпен және кредиторлық берешекпен байланысты. Мұнда
актив ретінде баланс активіне кіретін баптардың жай ұлғаюы ғана емес
сонымен қатар, ақша ағымын құруға қабілетті құралдар жиынтығы
түсіндіріледі.
Ұйым үшін ең жақсы ара-қатыс активтің көбейюі, ал кредиторлық
берешектің азаюы болып табылады. Тамаша жағдай, дегенмен әрдайым осылай
бола бермейді. Ұйым тұрақты болып қала беруі мүмкін, егер де актив көбейсе
және осы кездегі оның өсу жылдамдығы кредиторлық берешектің өсу
жылдамдығынан тезірек болса. Ұйымның тұрақты жұмыс істеуі мына вариант
болған жағдайда мүмкін, активтің азаюы кредиторлық берешекке қарағанда
азырақ болса.
Ең нашар вариант - актив азаяды, ал кредиторлық берешек өседі. Егер
де бұл тенденция болса онда, осы екі параметрге - актив пен кредиторлық
берешекке тиімді әсер етуі бойынша басшылардың басқару тұтқалары
жетіспегенін білдіреді. Әдетте, мұндай құбылыс кенеттен пайда болмайды.
Әдетте бұл басшылардың қаржылық талдаудың маңыздылығын түсінбеуі салдарынан
немесе қаржы тұрғысынан білімі таяз болып, соған байланысты назарын басқа
көрсеткіштерге аударуы салдарынан болады. Ұйым актив пен кредиторлық
берешекті басқару тұтқаларын жетілдіру керек.
Төртіншіден, табыс пен шығындар туралы есептің шегіндегі қаржылық
коэффициенттерді талдау өте маңызды. Табыс пен шығындар туралы есепті жалпы
талдау, мысалы түскен ақша мен шығындар динамикасынның қатаң белгіленген
тенденциясы жоқ екендігін және олардың әр кезеңде неше түрлі өзгеріп
отыратынын көрсетіп отыр. Кейбір кезеңдерде өсіп отырады, ал кейде -
төмендеп кететіні байқалады. Алайда қаржылық сипаттың осы кезеңдегі теріс
тенденциясы жалғаса беруі мүмкін. Бұл ұйым басшысының өндірістік және
өткізу қызметтерінің қаржылық сипатын нығайта алмай отырғандығын көрсетеді.
Бесіншіден, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау
–ұйымның инвестициялық саясаты мен ағымдағы қызметі туралы ақпарат бере
алады. Басшылар тірі ақша көбейе бастаған кезде қателіктер жібере
бастайды. Дәл осындай кезеңдерде кэсіпорынның құлдырап қалуына алып келетін
шешімдер қабылданады. Тек ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті
талдау ғана басшылардың ақша ағымын басқаруға қабілеттілігі туралы айқын
көріністі бере алады. Бұндағы кеңінен -таралған қателік - ұзақ мерзімді
жоспардың және ағымдағы жылға жан-жақты зерттелген жоспардың болмауы.
Инвестициялық жоспардың болмауы ұйымды ақшаның жоқтығынан да бетер
құлдыратады. Мұндай құжаттарды жасағысы келмеген басшылар нарық әсерін өз
пайдасына қарай өзгертудің орнына өздерін соған тәуелді етеді. Мұндай
жоспарлар ең болмаса үшеу болуы тиіс. Біріншісі жағымсыз жағдайларға,
екіншісі - оптималды жағдайға, ал үшіншісі - ойдағы ең жақсы мақсаттарды
жүзеге асыруға есептеледі. Және де бірінші жоспар екіншінің құрамдас
бөлігі, ал екінші - үшіншінің құрамдас бөлігі болуы керек. Бұл осындай
жоспарлардың өміршеңдігінің міндетті шарты.
Алтыншыдан, қаржылық талдаулар ұйым басшыларының күнделікті жұмысы
болуы керек. Ұйымға өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін, әртүрлі
тізбектердің тиімділігін дәл анықтау және олардың әрқайсысына жеке әсер
ететін өзінің ағымдағы жұмысындағы тұтқаларды білуі үшін оған бухгалтерлік
есепке қосымша басқару есебіне көшу керек.

2 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ АБДИ КОМПАНИЯСЫ МЫСАЛЫНДА
ТАЛДАУ

2.1 АБДИ компаниясының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін
талдау
Қаржы-қаржылық қызметін талдау үшін ұйымның экономикалық
көрсеткіштерінің және олардың нәтижелерінің сипаттамасы қажет, олар
жоспардың, есеп берудің және басқа ақпарат көздерінің көрсеткіштерінде өз
көрінісін табады.
Экономикалық көрсеткіштерді талдаудың мақсаты біршама ақпаратталған
көрсеткіштердің жеткілікті санын алу болып табылады. Өнімді (жұмыс, қызмет)
шығарудың өсуі құндық формулада өндірістің экономикалық тиімділігін талдап
қорытылынған көрсеткіштерінің бірі.

Ұйым сапа менежджмент жүйесінің ИСО-9001-2001 және экологиялық
менеджмент жүйесі ИСО 14000 сертификаттарына ие. Зауытта өнім сапасын
бақылау жөнінде өзінің тіркелген лабораториясы жұмыс істейді, ол шығарылған
өнімге сапа сертификатын және сәйкестілік паспортын береді.
АБДИ АҚ-да 100-ден астам өнім түрлері шығарылады. Яғни, кеңсе
бұйымдарын өндірумен қатар, мәдениет, өндірістік, әлеуметтік объект
құрылыстарына арналған конструкцияларды да өндірумен айналысады. Құрылыс
материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндірудегі шикізат негізі
жергілікті материалдар және шетелдік жартылай фабрикаттар болып табылады.
Ұйымның жалпы экономикалық жағдайын бағалау және өндірістік – қаржылық
қызметін талдау үшін оның технико – экономикалық көрсеткіштерін есептеп,
талдау жасайық. Оны келесі кесте (2,3,4,5,6-кестелерден) түрінде көрсетуге
болады.
АБДИ АҚ-ң бухгалтерлік балансы және қаржы - қаржылық қызметінің
нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
Активтерінің өсуі (артуы) ұйымның болашақтағы дамуын көрсетеді. Баланс
мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау
үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Ал төмендегі 1 кестеден көретініміз 2014 жылы жалпы табыс 786, 6 мың
тг. құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда -9489, 1 мың тг аз, нәтижесінде
негізгі қызметтен түскен табыстың көлемі де азайды. 2014 жылы берілген
ұйымда негізгі қызметтен түскен қаржы нәтижесі кезеңдік шығындардың аз
болуына байланысты 180, 8 мың тг. пайдаға шықты. Мерзім шығындары 2014 жылы
өткен жылмен салыстырғанда -2109, 9 мың тг азайды. Осыған және негізгі
қызметтен түскен табыстың жоғарылауы есебінен ұйымдағы таза табыс 2014 жылы
180, 8 мың. теңгеге көбейіп, 240, 8 мың. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш
ұйымның өткен жылмен салыстырғанда табыстарының жоғарылап, өсіп отырғанын
көрсетеді.

АБДИ АҚ 2013-2014 жылдағы есеп беру формаларын пайдалана отырып
келесі негізгі аналитикалық кестені құраймыз.

№ Көрсеткіштер Өлшем Нақты Ауытқу
бірлігі (+;-)
2013 ж 2014 ж
1 Өнімді өткізуден түскен табысмың тг 10275, 7 786, 6 -9489, 1
2 Өндірілген өнімнің өзіндік мың тг 7940, 3 380, 0 -7560, 3
құны
3 Жалпы табыс мың тг 2835, 4 2906, 6 -1928, 8
4 Кезең шығындары мың тг 2775, 6 165, 7 -2109, 9
5 Негізгі қызметтен түскен мың тг 559, 8 740, 9 +181, 1
табыс (зиян)
6 Негізгі емес қызметтен түскенмың тг - - -
табыс (зиян)
7 Табыс (зиян), барлығы мың тг 559, 8 740, 9 +181, 1
8 Жұмысшылардың орташа тізімдікадам 737 768 +31
саны
9 Жұмысшылардың еңбек ақы қоры мың тг 4202, 0 3797, 0 -405, 0
10 Бір жұмысшының орташа жылдық мың тг 255, 6 272, 6 +17
еңбек ақысы
11 Негізгі құралдардың орташа мың тг 724, 4 717, 9 -6, 5
жылдық құны
12 Қор қайтарымы мың тг 14, 2 1, 1 -13, 1

Кесте 2.1.
АБДИ АҚ 2013-2014 ж.ж. негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен шығысының теориясы
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
«ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы. Аудит және салықтық есеп
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары
Пәндер