Тамақтық концентраттардың сапасына, дәмдік заттар мен тамақтық қоспаларға қойылатын гигиеналық талаптар



Тамақ концентраттарын шығаруға арналған негізгі өндірістік үй-жайларды жертөледе орналастыруға жол берілмейді. Шикізаттар мен қосымша материалдар өндіріске тек зертханалық зерттеуден кейін жіберіледі.
Шикізатты өндіріске дайындау жеке үй-жайда жүзеге асырылады.
Шикізаттарды, жартылай фабрикаттар мен қосымша материалдарды ыдысқа салу тек мұқият тексерілгеннен кейін және ыдыстың бетін ластанудан тазартқаннан кейін ашылады.
Майлардан босаған бөшкелер мен бидондар жедел тазартылады, жуылады және буландырылады.
Қызанақ пастасы, ақуыз пастасы және басқа да пасталар салынған ыдыстар ашылу алдында жуылады. Ыдысты ашқаннан кейін ішіндегінің беткі қабаты тазартыла отырып, мұқият тексеріледі.
Қайта өңдеуге түсетін барлық шикізаттар бөгде, механикалық қоспаларды алып тастау арқылы мұқият тексеріледі, тазартылады, ұнтақ тәрізді шикізаттар (ұн, құрғақ сүт, құрғақ кілегей, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, тамақ қышқылдары, көкөніс ұнтақтары, дәмдеуіштер, қоспалар және басқалары) – еленеді, магнит аулағыштардан өткізіледі, дән шикізаты ферроқоспалардан тазарту үшін магнитті қоршаулар арқылы өткізіледі, қос аспирациялы сепараторда тазартылады. Әсіресе бөгде заттардан мұқият тазартылады және жууға жарамайтын ет фаршы және жармалар, ет фаршы магнит аулағыштар арқылы өткізіледі. Қайта өңдеуге түсетін майлар температуралық режимді қатаң сақтай отырып, +55ºС аспайтын температурада ерітіледі. Майды қатты қыздыруға жол берілмейді.
Әрбір технологиялық желі шикізатты елеуге арналған жабдықтармен және металл қоспаларды аулауға арналған магнит аулағыштармен қамтамасыз етіледі.
Технологиялық желілер бойынша елек жүйесі толығымен тиісті нөмірлердегі жарамды електермен жабдықталады. Әрбір ауысым жұмысының алдында електердің жағдайы тексеріледі.
1. Шабдарбаева. М. С. Омаров. С. Қ , Коммуналдық гигиенасы. Алматы – 2011ж
2. Б.К.Торгаутов. М.Ш. Сералиева “ Жалпы гигиена” шымкент- 2009 ж.
3. Р.С.Бектұрғанов, М.Ш.Сералиев “Жалпы гигиена” пәнінен тәжірибелік сабақға арналған нұсқаулық. Шымкент-2010 ж.
4. Ү.И.Кенесариев. Р.М.Балмахаев, Н.Ж.Жақашов, “Гигиена” алматы-2010 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Гигиена –2 кафедрасы.

Баяндама

Тақырыбы: Тамақтық концентраттардың сапасына, дәмдік заттар мен тамақтық
қоспаларға қойылатын гигиеналық талаптар.

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Шымкент-2013-2014

Тағамдық концентраттар және тағамдық қышқылдар 
өндірісіне қойылатын талаптар
Тамақ концентраттарын шығаруға арналған негізгі өндірістік үй-жайларды
жертөледе орналастыруға жол берілмейді. Шикізаттар мен қосымша материалдар
өндіріске тек зертханалық зерттеуден кейін жіберіледі. 
Шикізатты өндіріске дайындау жеке үй-жайда жүзеге асырылады.
Шикізаттарды, жартылай фабрикаттар мен қосымша материалдарды ыдысқа салу
тек мұқият тексерілгеннен кейін және ыдыстың бетін ластанудан тазартқаннан
кейін ашылады. 
Майлардан босаған бөшкелер мен бидондар жедел тазартылады, жуылады және
буландырылады. 
Қызанақ пастасы, ақуыз пастасы және басқа да пасталар салынған ыдыстар
ашылу алдында жуылады. Ыдысты ашқаннан кейін ішіндегінің беткі қабаты
тазартыла отырып, мұқият тексеріледі.
Қайта өңдеуге түсетін барлық шикізаттар бөгде, механикалық қоспаларды
алып тастау арқылы мұқият тексеріледі, тазартылады, ұнтақ тәрізді
шикізаттар (ұн, құрғақ сүт, құрғақ кілегей, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, тамақ
қышқылдары, көкөніс ұнтақтары, дәмдеуіштер, қоспалар және басқалары) –
еленеді, магнит аулағыштардан өткізіледі, дән шикізаты ферроқоспалардан
тазарту үшін магнитті қоршаулар арқылы өткізіледі, қос аспирациялы
сепараторда тазартылады. Әсіресе бөгде заттардан мұқият тазартылады және
жууға жарамайтын ет фаршы және жармалар, ет фаршы магнит аулағыштар арқылы
өткізіледі. Қайта өңдеуге түсетін майлар температуралық режимді қатаң
сақтай отырып, +55ºС аспайтын температурада ерітіледі. Майды қатты
қыздыруға жол берілмейді. 
Әрбір технологиялық желі шикізатты елеуге арналған жабдықтармен және металл
қоспаларды аулауға арналған магнит аулағыштармен қамтамасыз етіледі.
Технологиялық желілер бойынша елек жүйесі толығымен тиісті нөмірлердегі
жарамды електермен жабдықталады. Әрбір ауысым жұмысының алдында електердің
жағдайы тексеріледі.
Магниттерді тазарту бір ауысымда 1 реттен сирек емес жүргізіледі.
Магниттен түскен жиынтықтар зертханаға тапсырылады. Магнит аулағыштардың
жүк көтергіштігі кемінде 12 кг және есептік құжаттамада тіркей отырып,
кемінде 10 күнде 1 рет тексеріледі.
Технологиялық жабдықтан алынатын өнім қалдықтары қайтару деген жазбасы
бар арнайы бакқа жиналады және мұқият тазартылған соң және технологиялық
нұсқауларда белгіленген мөлшерде еленгеннен кейін өндірісте пайдалануға
болады. 
Еденге құлаған өнім, жабдықтардың сыпырындысы санитариялық ақау деген
белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады және өндірістік үй-жайлардан шығарылады.
Санитариялық ақауды тағамдық мақсатта пайдалануға жол берілмейді. 
Объектіде айына 2 реттен сирек емес технологиялық үдерісті толығымен
тоқтата отырып, аппаратура мен жабдықтарға санитариялық өңдеу жүргізу
арқылы санитариялық күндер белгіленеді. 
Жұмыс барысында беті май қабатымен жабылатын жабдықты, аппаратура мен
мүкәммалды тез арада ыстық сумен жуады, дезинфекциялайды. 
Мүкәммал мен жабдықтарда пайда болған қақтар және күюден қалған дақтар,
сондай-ақ жуғаннан кейін қалған май және ақуыз бөлшектері +50ºС
температурада 0,5% кальцийленген сода ертіндісімен суланады. 
Экстрактыларды тот баспайтын болаттан жасалған арнайы пломбаланған
цистерналарда, таза ағаш бөшкелерде, зауыт қаптамасындағы қаңылтыр және
шыны ыдыста тасымалдауға жол беріледі. 
Меласса мен сірнені тек таза металл резервуарларда, цистерналарда сақтауға,
тасымалдауға жол беріледі. 
Меласса мен сірнені төгу үшін су өткізбейтін қатты жабыны бар, шаруашылық
ауласының аумағында, топырақ пен ауаны ластайтын жерлерден алыста және жел
жағында орналасқан алаңдар жабдықталады. 
Меласса мен сірнені ағызатын науалар металдан жасалған, жабық
пайдаланылады, таза күйінде ұсталады. Қабылдағыштардағы люктерді тығыз
қақпақтармен жабдықтайды, ал қабылдағыштардың өздерін металлдан жасайды.
Меласса мен сірне беретін құбырлар механикалық қоспаларды аулауға арналған
торлармен жарақталады, кезең-кезеңмен ыстық сумен жуылады және кейіннен
сумен мұқият шаю арқылы дезинфекцияланады. 
Тамақ қышқылдарын өндірген кезде спора бөлімшесінің үй-жайлары құрғақ және
жақсы желдетілетін үй-жайын пайдаланады. Үй-жайға күнделікті ылғалды жинау
жүргізіледі. Тұқымдалу жүргізілетін үй-жайлардың едені мен қабырғалары
кейіннен осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бактерицидті шамдармен
сәулелендіру арқылы дезинфекцияланады. 
Ашыту бөлімшесіндегі дәліздер мен қосалқы үй-жайлардың едені мен
қабырғалары күнделікті рұқсат етілген құралдармен дезинфекцияланады.
Аптасына 1 реттен сиретпей аппаратура мен құбырлар антисептик ерітіндісімен
жуылады. Камераға кіру үшін стерильденген халаттар мен үшкіл орамалдар қоры
көзделеді. 
Ашыту камерасына кіру алдында қолға және кіргізілетін заттарға спиртпен,
арнайы аяқ киімге дезинфекциялық ерітіндімен дезинфекциялау жүргізіледі,
ауаны камераға кіру алдында форсунканың суымен тазалайды. 
Терең ашыту камерасы учаскесіндегі еденге, қабырғаларға, аппаратураның
беттеріне, сыйымдылықтарға, құбырларға күнделікті дезинфекциялау
жүргізіледі. 
Сүт қышқылын өндіру кезінде ашыту кеспектері әрбір ашыту алдында өңделеді.
Шыны және полиэтилен ыдысты зауытқа қабылдау алдында және жуу бөлімінен
қышқылды құю учаскесіне берген кезде бракераж жүргізіледі. Сүт қышқылын
құюға арналған ыдыс пайдалану алдында жуылады. 
Сүт қышқылы бар шыны ыдыс бөтен қоспалардың жоқтығына тексеріледі.
Шарап қышқылын өндіру кезінде аппаратураны айына 2 реттен сирек емес
шөгінділерден щеткамен тазалайды және сумен жуады. Көгеру белгілері пайда
болған жағдайда, жабдық 2-3 сағ бойы қайнаған сумен өңделеді. Жабдықтың
сыртқы беті ауысымына 1 реттен сиретпей 4% кальцийленген сода ерітіндісімен
сүртіледі және сумен жуылады.
Лимон және шарап қышқылдарының дайын кристаллдары өлшеп-орағанға дейін
таза, қақпақтары бар жарамды бункерлерде сақталады. Сүт қышқылы қолдануға
рұқсат етілген материалдардан дайындалған сыйымдылықтарда сақталады. 
Лимон және шарап қышқылдарын тасымалдаған кезде оларды ылғалдан сақтау үшін
шаралар қолданылады. 

Ашытқылар, желатин өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын
талаптар 

Ашытқы өсіретін аппараттар ашытқылардың көбею үдерісінің негізгі
параметрлерін автоматты өлшеуге арналған құралдармен, оған су және
дезинфекциялық ерітінділер беретін жуу қалпақшаларымен жабдықталады. 
Дезинфекциялау ерітіндісін дайындау станциясы жұмысшы ерітіндінің
бактарынан, ерітіндіні қайтару багынан, су және жуу қалпақшаларына ерітінді
беруге арналған және қолданылған ерітіндіні қайтаруға арналған сорғылардан
тұрады. 
Өнім өткізгіштерді жуу және булау үшін су мен бу жүргізіледі. 
Ашытқының таза өсірінділерін өсіруге арналған цех басқа цехтардан
оқшауланады, тазалықта ұсталады. 
Ашытқылардың таза өсірінділерін әрбір рет дайындау алдында өсіруге
арналған жабдықты, шыны ыдысты, сүзгіні және басқа да пайдаланатын
мүкәммалды стерилдеу жүргізіледі. 
Кептіргіштер мен басқа да жабдықтар вакуумдық қондырғылармен тазартылады. 
Жабдықтар мен аппараттарды жөндеуден және реконструкциялаудан кейін
пайдалануға қосуға жуғаннан, дезинфекциялағаннан кейін және зертханалық
бақылаудан кейін жол беріледі. 
Желатин өндіру кезінде сүйек шикізатын бастапқы өңдеуге арналған жабдық
(майдың сулы экстракциясына арналған аппараттар, жуу барабандары мен
калибрлеу машиналары) одан шикізаттың әрбір партиясын түсірген соң +60-
+70ºС температурадағы ыстық сумен жуылады. 
Қайнату қазандары оған тиелген шикізат партиясын қайнату үдерісі
аяқталғаннан кейін өңделеді. Пісірілген қалдықтар тазартылған соң қазандар
щеткаларды пайдалана отырып, ыстық жуу ерітіндісімен өңделеді, ыстық сумен
шайылады.
Сүзгілерді қалыптауға арналған жабдық пен мүкәммал (гидравликалық престер,
науалар) әрбір ауысымнан кейін щеткамен сүзгі массалардың қалдықтарынан
тазартылады және 10-15 мин бойы ыстық сумен жуылады. Жабдық апта сайын
ыстық жуу ерітіндісімен, содан кейін сумен жуылады және дезинфекцияланады.
Дезинфекциядан соң 30-40 мин кейін жабдық сумен жуылады. 
Істен шыққан сүзгілердің брикеттерін жұмсартуға қолданылатын машиналар
әрбір ауысымның соңында кейіннен сумен шаю және дезинфекциялау арқылы,
щетканың көмегімен ыстық жуу ерітінділерімен жуылады. Дезинфекция аяқталған
соң 30-40 мин кейін сумен шайылады. 
Желінің желатинді барабандары әрбір ауысым аяқталғаннан кейін ыстық сумен
жуылады және айналатын барабанның үстіңгі қабатына 3% сутегі тотығы
ерітіндісін екі немесе үш рет жаға отырып (шашырату) дезинфекциялайды. 
Нығыздағыштың киіз төсемелерін қолданар алдында еріген парафинге 5 мин
батыру жолымен ас парафинімен дымқылдайды.
Сілікпені салуға арналған жаңа торлар, сондай-ақ жөндеуден кейін торлар
щетка қолдана отырып 0,5% жуу құралының ерітіндісімен жуылады, содан кейін
ыстық сумен шайылады және арнайы камерада 10-15 мин бойы дезинфекцияланады
немесе 15-20 мин бойы (+90 – +95ºС температурада) ыстық сумен өңделеді. 
Айналымдағы торлар желатин плиткаларынан босағаннан кейін ыстық сумен
жуылады. 
Ас желатинін өндіру кезінде вакуум-аппараттарын өңдеу апта сайын,
технологиялық желатинді өндіру кезінде булау үдерісі аяқталған соң жүзеге
асырылады. 
Шнектер мен жинауыштар галертадан босағаннан кейін алдымен салқын, содан
соң ыстық сумен 10-15 мин бойы жуылады және 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен
шашырату жолымен дезинфекцияланады.
Кептіргіш барабандар ас желатинін үнемі кептіру кезінде 10 күн сайын
өңделуге жатады. Ас және техникалық желатинін бір жабдықта кептірген кезде
өңдеуді ас желатинін әрбір кептіру алдында жүргізеді. Өнімді түсірген соң
барабандар желатин қалдықтарынан толығымен тазартылғанға дейін жылы сумен
жуылады, содан соң 25-30 мин бойы ыстық сумен өңделеді. 
Кептіргіш каналдар сілікпені кептіру кезінде ауысымына кемінде 2 рет 15 мин
бойы күкіртті ангидридпен өңделеді. 
Желатинді ұсақтауға арналған балға тәрізді ұнтағыштар әрбір ауысым соңында
желатин шаңының қалдықтарынан щеткалармен механикалық тазаланады. Ай сайын
ұнтағыштар мен құбырлар механикалық тазалау, жуу және 3 % сутегі тотығы
ерітіндісімен дезинфекциялау жүргізе отырып, өңделеді. 
Сілікпенің лентасын кесуге арналған мусаттар, пышақтар стерилизаторларда
әрбір 2 сағ сайын дезинфекцияланады. 
Технологиялық жабдықты механикалық тазалауға арналған щеткалар жуу
ерітіндісімен жуылады және рұқсат етілген құралдармен дезинфекцияланады. 
Сүзгі материалы сорпаның әрбір партиясын құйған соң ауыстырылады. Бұрын
қолданыста болған дәке сүзгілер ыстық сумен жуылады және
дезинфекцияланады. 
Меласса таза, пломбаланған сыйымдылықтарда тасымалданады. Меласса мен басқа
да сұйықтықтарды жер асты сыйымдылықтарына құю жабылатын қақпағы бар
қабылдау ұралары арқылы жүргізіледі. 
Мелассадағы механикалық қоспаларды аулау үшін оның қоймаға және қоймадан
өндіріске түсуі алдында металл торлар орнатылады. 
Биіктігі 3 метр меласса қоймасында үстіңгі люктерінен басқа (бак
қақпағында) қойманы тазалау, жуу және жөндеу үшін төменгі люктер
жабдықталады. 
Мелассаны және басқа да сұйық материалдарды +25ºС температураға дейін
цистерналарда жылытуға жол берілмейді. 
Меласса қоймасында және аммиакты суды, күкірт қышқылы мен басқа да сұйық
материалдарды сақтауға арналған сыйымдылықтарда атмосфераға газдарды бөлу
құрылғылары, жоғарғы деңгейді автоматты блоктау немесе құю қондырғылары
көзделеді. 
Қышқылдарды, сілтілер мен басқа да улы сұйықтықтарды сақтауға арналған
сыйымдылықтарда ескертпе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұшаны алғашқы өңдеу процестері
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу
Азық- түлік қоспалары
Спортпен айналысатын адамдардың тамақтану ерекшелігі
Тағамдарды консервілеу әдістері
Консервілеудің әдістері
Құрғақ крем дайындау технологиясы
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Консервілеуде асептикалық әдіс
Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау
Пәндер