Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері



Кіріспе 2
1. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері 3
1.2 Зейін туралы психофизиологиялық теориялар 5
2. Зейіннің негізгі түрлері 7
2.1 Зейін қасиеттерінің сипаттары 11
3. Зейінің бұзылуы 13
3.1 Зейінді дамыту 14
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 18
Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.
Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі т.с.с.) арқылы зерттеуге болады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс. Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
1. Жарықбаев Қ. « Психология » Алматы 1993.
2. Сәбет Бап-баба. «Жалпы психология» Алматы 2004

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері 3
1.2 Зейін туралы психофизиологиялық теориялар 5
2. Зейіннің негізгі түрлері 7
2.1 Зейін қасиеттерінің сипаттары 11
3. Зейінің бұзылуы 13
3.1 Зейінді дамыту 14
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе
Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқыруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.
Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақтылығы, көлемі, бөлінуі т.с.с.) арқылы зерттеуге болады. Зейін - сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс. Зейін деп -- адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

1. Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың Қозудың оптимальдык, алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды оптимальдық жағдай жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап -- ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді. Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.

1.2 Зейін туралы психофизиологиялық теориялар

Зейіннің қасиеттерін зерттеуді жалғастырған Челпанов Г. И. (1914), Ланге Н. Н. ал, психофизиологиялық бағытта доминанта туралы ілімді Ухтомский А. А. еңбектерінде терең, әрі жан-жақты қарастырылған
Ухтомский А. А. доминанта принципін дамытудың әдіснамалық негізі ретінде Н. Е. Веденскийдің идеясын, Шеррингтонның жалпы жолымен, конвергенция принципін және қозудың шоғырлануы деген ғылыми бағыттарға (Бехтеревтің) сүйенген.
Психология тарихында зейіннің моторлық теориясына үлкен орын беріп, құрастырған Н.Н.Ланге. Ол өзінің Психологиялық зерттеулер еңбегінде ос мәселе туралы жазды. Н.Н.Ланге зейіннің моторлық теориясын тек қана оның бейімделуге қозғалысы деп есептемейді, еріктік зейін ол моторлық және апперцепциялық үрдіс түйсіктің қозғалыстық және еске түсірудің арасындағы байланыстарды дәлелдейді.
Д.Е. Бродбент зейінді сүзгімен теңестірді, өзінің зерттеулерінде зейіннің моделін физикалық шамалардың негізінде барлығы немесе ештеңе деген қағидамен іріктеуді ұсынды. Ол адамды пассивті қабылдағыш деп түсінді, бірақ онымен келісуге болмайды.
Адамға тән әрекеттің кез - келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Ушинский К. Д. зейіннің маңызын былайшы көрсеткен еді: Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды. Зейінді психикалық үрдістердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір сәттерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды.
Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке үрдістерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу үрдісі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу үрдістері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа жөнінде ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу үрдісі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу үрдісі болады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А Ухтомскийдің (1875-1942 ж.) доминанта теориясы жақсы түсіндіреді. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алабты доминанта деп атайды. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алабтардағы әлсіз қозу үрдістерін өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан ары күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың адамның ойының күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады.
А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың қозудың оптималдық алабы дейтін теориясы одан әрі толықтыра түседі. И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу үрдісі ешқашанда ми қабығына біркелкі тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды оптималдық жағдай жасалып отырады. Оптималдық қозуы бар осы алап - ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл күйді И. П. Павлов былайша сипаттаған: Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында түрі және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді.
Ұлы физиолог оптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді.Мидағы тежелулерінің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптималдық қозу алабының жұмысы болады. Оптималдық қозу алабы бар алаб мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерде байқалмайтын болады

2. Зейіннің негізгі түрлері
Ырықсыз зейін кейбір зерттеулерде пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл ескі түрлі атау, да мәні ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.
Пассивті зейін объектіге бағытталған санын шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді.
Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіш ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады.
Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды.
Оқушыларды байқаудың көрсеткіштері бойынша, зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу оқуды жақсы үлгеріміне әсер ететін фактор ретінде болды. Сонымен бірге үлгерімінің зейін қасиеттерін дамытуға ықпалы да болады.
Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда оқуда жақсы үлгере алатындары көрінді.
Зейіндерінің қасиеттері төмен дамыған оқушылардың үлгерімдері және қылықтары жайлы әңгіме ерекше зерттеуді талап етеді.
Негізгісі оқушының өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Ондай болу үшін, өзін, тұлғалығын, білімдері, икемділіктері және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процессуалдық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиісті. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.
Осылай өзін-өзі бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның - өзінің даралығына, қылығына тұлғалық ерекшеліктеріне зейінінің дамуы негізінде ғана болады. Өзін-өзі бақылауды ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.
Өзін-өзі бақылау үрдісін ұйымдастыруда таным әрекеттерінің ішінде зейіннің қасиеттері ерекше әрі маңызды орында. Әсіресе бақыланатын объектіге сананы бағыштап шоғырландыру және қажет уақыт аралығында мақсатқа сәйкес тұрақтатып нысананы түзету мәселесі зейіннің жоғарыда аталған қасиеттерімен дәнекерленеді.
Дегенмен зейін туралы жалпы айту мүмкін емес. Оның көрінісінің көпжақтылығы мен салыстырмалы тәуелсіздігі біржағының жақсы басқаларының нашар дамығанын көрсетеді.
Бірақта, бірін-бірі алмастыратын және толықтыратын жайлар кездеседі.
Зейіннің күшті жақтары оқу - тәрбие үрдісінде т. б. іс-әрекеттің түрлерін орындауда өзін-өзі бақылауды алғы жоспарға жетелеп негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады.
Зейіннің іс-әрекеттегі бақылаушы функциясы зерттеп талдаған ғалым П. Я. Гальперин өзінің тұжырымдарында жеке адамның еріктік сферасын дамытудың ерекше маңызды рөл атқаратынын атаған. Оның пайымдауынша ерікті әрекеттер мен амалдар - мәнісі құрылымы жағынан өте күрделі үрдіс.
Ерікті амал - мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.
Ондай әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады:
- мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі);
- мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну (мақсат қою);
- ниет-тілектердің пайда болуы;
- ниеттер тартысы және оның бірін қалау;
- тоқтамға келу үшін мүмкіндіктерінің бірін қалау;
- тоқтамға келген шешімді орындау.
Еріктің осы аталған кезеңдері зейіннің келесі сапалық жақтарымен тығыз байланыста болған көптеген зерттеулерден белгілі.
Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне тартып алады. Кез келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіштердің жаңалылығы да еріксіз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетіне көңіл-күйге қатты әсерлер ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер, т.б. Адамды таңдандырып, сүсіндіретін құбылыстар да зейінді өзіне ырықсыз аударады. Көркемөнер туындыларының да адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықты зейін, ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бірі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеті белгілі бір шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші, есепші, тәжірибе жүргізуші, ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығару мүмкін емес.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу іс-әрекеті балалардың шама шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті. Талпыныстың нәтижелі болуы баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі іс-әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.
Жұмыс орнының қолайлы болуы - ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында баланың көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпау керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.
Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психологиялық күйі. Шаршап шалдығып отырған адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Психология тарихы
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Ресейде және Қазақстанда этнопсихологиялық ойлдардың қалыптасып дамуы
Пәндер