Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы



Кіріспе
Түргеш қағанаты ( 704 . 756ж )

1.1. Түргеш қағандығының территориясы, орталығы

1.2. Саяси . әкмшілік құрылысы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ғұндардың ордасы Тарбағатай тауларының бөктерінде орналасты да , негізінен Жетісу мен Тянь – Шань аймағын алып жатты. Ал Сарыарқа мен Сыр бойында Теле халқының, немесе Түркі тілдес ру – тайпалардың Қаңлы патшалығының негізіне біріккен мемлекеті Гаогюй империясы болды. Сонымен бірге Тянь Шань мен Жетісу маңайында тағы екі халық болатын. Бірі « Абар » деген атаумен белгілі. Бұл тарихтағы Еуропа жеріне Гундерден кейін еніп, тағы бір көшпенді империя құратын Аварлар емес, басқа халық. Еуропалық «Авар қағанатының» тарихын кейін кезегінде бандайтын боламыз. Бұл жерде Аварлардан басқа «мекрин» деген халық бар. Оның не жұрт екенін тарихшылар шеше алмаған. Біреулер Сәнбилер десе, біреулер оның Ухуань тармағы дейді. « Мекрин» деген халықты кейде «хабардин» деп те атайды екен. Осы сөз мәселенің анығын шешетін шығар. Ондай халық қазір Кавказда бар. Осы Аварлар мен мекриндердің Жетісудағы тайпалары ұласып бірлесіп, II ғасырда «Түргештер» деген халық пайда болды. Олардың Ұлы Түрік қағандығынан кейін құрған мемелекеті тарихқа «Түргеш қағандығы» деген атпен таныс.
1.Байбосынов К. Тас мүсіндер тарихымыздың тамыры. / Егемен Қазақстан.
2002 ж.
2.Гумилев Л.Н. Көне түркілер. Алматы, 1994ж.
3.Досымбаева А.М. Түркілік тарихи – мәдени кешендер. Қазақ тарихы. 2004ж.
4.Марғұлан Ә.Х. Шығармалар. Т 3 – 4. Алматы, 2003ж.
5.Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті. Алматы,2002ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті

Жылуэнергетика факультеті

Әлеуметтік
пәндер кафедрасы

Қ а з а қ с т а н т а р и х ы

№1 с е м е с т р л і к ж ұ м ы с

Тақырып: Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы.

Орындаған:
Қосанова А.Л
Топ.
БАУк-11-1
Сынақ
кітапшысының № 28

Тексерген: Раджапов А.Ө.

Алматы, 2012

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Түргеш қағанаты ( 704 – 756ж
) ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..

1.1. Түргеш қағандығының территориясы ,
орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Саяси - әкмшілік
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

2
Кіріспе

Ғұндардың ордасы Тарбағатай тауларының бөктерінде орналасты да ,
негізінен Жетісу мен Тянь – Шань аймағын алып жатты. Ал Сарыарқа мен
Сыр бойында Теле халқының, немесе Түркі тілдес ру – тайпалардың
Қаңлы патшалығының негізіне біріккен мемлекеті Гаогюй империясы болды.
Сонымен бірге Тянь Шань мен Жетісу маңайында тағы екі халық болатын.
Бірі Абар деген атаумен белгілі. Бұл тарихтағы Еуропа жеріне Гундерден
кейін еніп, тағы бір көшпенді империя құратын Аварлар емес, басқа халық.
Еуропалық Авар қағанатының тарихын кейін кезегінде бандайтын боламыз. Бұл
жерде Аварлардан басқа мекрин деген халық бар. Оның не жұрт екенін
тарихшылар шеше алмаған. Біреулер Сәнбилер десе, біреулер оның Ухуань
тармағы дейді. Мекрин деген халықты кейде хабардин деп те атайды екен.
Осы сөз мәселенің анығын шешетін шығар. Ондай халық қазір Кавказда бар. Осы
Аварлар мен мекриндердің Жетісудағы тайпалары ұласып бірлесіп, II ғасырда
Түргештер деген халық пайда болды. Олардың Ұлы Түрік қағандығынан кейін
құрған мемелекеті тарихқа Түргеш қағандығы деген атпен таныс.
Гумилев осы Түргештерді қазіргі Карақалпақ халқының атасы деп санайды,
бірақ дәлелдер келтірмейді, сондықтан тарихшылар бұл сөздер жеткіліксіз деп
санайды. Қарақалпақ халқының үлкен аймаққа шашырай таралған көп жұрт
болғанын сөзсіз мойындайтындықтан, мен ғалымның бұл болжамына қарсы
шықпаймын. Себебі, Черные клубоки деген атпен IX-X ғасырларда Алғашқы
Русь мемлекетіне танымал болған, сосын олардың бір бөлігі, сол жаққа
сіңісіп кеткен. Кавказ халықтарында Карапапахи деп аталатын ру тайпалар
бар. Оның ең көп тұратын жері қазіргі Әзірбайжан елі. Яғни, ол жердегі
қарақалпақтар өздерінде Әзірбайжандықпыз деп санайды. Ал Қалпақ деген ру
Қазақ ,Башқұрт, Қырғыз, Татар халықтарында бар. Өздерін тиісінше Қазақпыз,
Башқұртпыз т.б деп осылай санайды. Осылайша Түркі

3

халықтарының ішіне және көршілес мемлекеттерге ертеден оғыз-қыпшақ заманына
бұрында кең таралған Қарақалпақ ру тайпаларын көре отырып, қазіргі
қарақалпақ халқының тарихы тереңде екеніне, олардың аталары б.з.б.-ақ Оғыз
тайпаларының (Улкен Хуннулардың) арасына сіңіп кеткен Сәнбиліктер екеніне
келісемін.

Түргеш қағандығы
( 704 – 756 )

Түргештер – үйсіндер басқарған одаққа ежелгі уақыттардан бері кіретін
Дулаттар тайпасының ірі рулық бірлестігінің бірі.Батыс Түрік қағанаты
кезінде ( 603 – 704 ж.ж. ) қуаттанған бұрынғы үйсндер орта ғасырда дулаттар
деп атала бастады.Белгілі тарихшы – ғалым Нығмет Мыңжан ежелгі қытай жылны
жылнамалары негізінде Қазақтардың қысқаша тарихы деген өзінің кітабында
былай деп жазады:
Дулат тайпасының бес негізгі бөлімдері былайша бөлінеді:
1.Түргештер – Алаш – Ұлыс ( ел ) Шор
2.Қойлау – Құлық – Ұлыс Шора
3.Шимойын –( Чимучин ) – Луй – Ұлыс Шора
4.Ысты – Тоң – Ұлыс Шора
5.Жаныс – Шопан – Ұлыс Шора .
Дулаттар арасында ең ірі рулық бірлестік (тайпа), саны мен алып жатқан
жері жөнінде ең үлкені Түргештер болды. Олар шежіре деректерде сары үйсін
деп те аталады. Міне, сол себепті де Батыс Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін
ие болған жерлерінде түргештер Он оқ халқымен бірге Түргеш қағанатын
құрады.
Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде

4
және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық
болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты
халқының этникалық құрамы негізінен манағы жоғарыда айтып өткендей сары
және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары деп
аталған, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанатының басты қалалары Батыс пен Шығыс арасындағы сауда
жолының бойында орналасуына байланысты керуен саудасы және онымен бірге
қағанат халықтарының өмір деңгейі де шапшаң өсті. Сауданың гүлденуі
қағанаттың өзінің мемлекеттік ақшасының пайда болуына ықпал етті. Түргештер
қағаны ақшаны металдан тиын құюға бұйырды. Ертедегі түргештер қалаларының
орнын қаза отырып, археологтер төрт бүрышты, ортасында тесігі бар түргештер
қағанатының ақшаларын тапты. Тиындарда жазулар бар, бүл біздер үшін ерекше
бағалы; оның бір жағына: "Түргештер қағаны Бай Баға", екінші жағына: "Құны
он жебе" деп жазылған. Жазулар Орхон-Енисей жазулары тілінде түсірілген.
Теңгелердегі "Он жебе" туралы бүл жазулар он түргеш рулық бірлестіктерінің
қүрметіне түсірілгенін білдіреді, өйткені түргештер халқының өздері осылай
аталды. Егер теңгелерде бейнеленген "Т" таңбасын жеке алып қарасақ, онда
Орхон-Енисей жазуларында "Т" таңба-белгісі "жебе - оқ" дегенді білдіреді,
ал белгінің үстіндегі қос дефис "-" "10" цифрын білдіреді. Және мынаны еске
түсіре кету керек. Батыс Түрік қағанатының ыдырау кезеңінде халық он үлысқа
(аумаққа) бөлінді және үлыс басшыларының әрқайсысы бір жебе алады,
сондықтан
бұрынғы қалыптасқан үрдіс бойынша түргештер құрған мемлекеті “он оқ елін”,
“он тайпа”, “он жебе қағандығы”, деп те атай берді.Бұл этнонимдердің
қалыптасу тарихы тым әріден басталады.VI – VIII ғасыр аралығында оның
құрамы әлденеше рет жаңарып,толығып отырған.Ол өзгерістер дәуірін шартты
түрде былайша қарастыруға болады.
Алғашқы пайда болу кезеңі: Яғни Естеми Ябғудың батысқа жорығына
қатынасқан ру-ұлыстардың жортуыл кезеңі. Таң патшалығы тарихнамаларын-

5
да алғаш рет: “Естемидің қол астында бағындырған соң “он оқ бұдұн” деп
аталады ” деп жазылған.Алайда,одан әрі “он оқ бұдұнға” қандай тайпалар
жататыны атап көрсетілмеген.Бұны бірінші кезең деуге болады.
Екінші кезеңі: Ол “он оқ бұдұнның” Естеми қаған мұрагерлері Батыс
Түрік қағанаты шекарасын барынша кеңейтіп,халқын молайтқан тұсындағы
құрамын атауға болады.Бұл кезеңде “он оқ бұдұнды” дулат пен нушбелер билеп
– төстей бастады.Олар Батыс Түрік қағанаты аумағын екі аймаққа бөліп
басқарды. “Жаңа таңнамада” Шұбара Елтеріш қаған тұсында (634-636) оның
бұйрығымен “Бес дулатты Суябтың шығысына,ал бес нушбені Суябтың батыс
жағына бөліп орналастырды ” деп жазылған.
Үшінші кезеңге Батыс Түрік қағанаты аумағында бес дулаттың
белгілі тайпасы түркештер күшейген VII ғасырдың соңғы ширегі жатады.Бұл
кезеңде бес дулат пен бес нушбені негіз еткен ру-ұлыстар ара қатынасы
едәуір өзгергені байқалады.Әйтсе де,тарихи қалыптасқан “он оқ бұдұнның”
этникалық құрамы бүтіндей өзгеріп кетті деуге болмайды.
Тарихи жазбаларда Түркеш қағандығы “он оқ бұдұн,он жебе халқы”
немесе “он тайпа қағандығы” деп аталып кеткенімен қағандық құрамында,басқа
да тайпалар болған.Қытай тарихшысы Лин Ган “он жебе тайпаларына” тағы да 11
тайпаның аты мен мекен-жайын көрсетіп жазған.Олар мыналар:
1.Түркеш – Суөго – Мұһы (Сақал Баға) ұлысы – Іле өзенінің орта
және
төменгі сағасының терістік жағасында.
2.Қарлық – мұрын (муло) ұлысы –(Зайсанның шығысы мен Ертіс

өзенінің Оңтүстік жағалауында).
3.Қарлық Чи –Еркін ұлысы (мұрындардың Шығыс оңтүстігінде).
4.Қарлық – тасты (Ге лолу Та ши(мұрындардың Батыс оңтүстігінде)

Оңтүстігі шимойындармен шектеседі.
5.Яғма ұлысы.
6.Мұқы Тархан (Мохэ Даган) ұлысы

6
7.Ду Можы ұлысы.
8.Чуми ұлысы.
9.Чу йо ұлысы (Үрімжінің Батыс оңтүстігінде).
10.Шато ұлысы (Баркөлдің шығысында).
11.Хеса ұлысы (Каспий теңізі маңында).
Түркеш этнонимінің этимологиясына тоқталар болсақ тарихшы Сы
Магуаң құрастырған “Билік ғибратнамасынан” кездестіреміз,онда: “Ту ши шы”
деген Батыс түріктің Бес Дулат тайпасының бірі.Іле өзенінің орта және
төменгі жағасында,Оңтүстіктен Солтүстікке қарай жайылып қоныстанған деп
жазылған.
Ал, Күлтегін ескерткіш тасындағы – “Түргеш қағаны түркіміз,өз
халқымнан еді және он оқ ұлым,түргіс қаған ” деген жолдардың авторы Иоллуғ
Тегін өзінің ата жауы саналған тұңғыстар мен аваларды “өз халқым,өз ұлым”
деп жазбаған болар еді.
Араб тарихшысы Эль – Идриси түргешті – нағыз түрік, шын түрік
деген мағынаны білдіретін түрік сөзі деп түсіндірген болатын.
Қытай жазба деректеріне негізге алсақ,түркештің түрік екенін
“нағыз түрік” екенін,дулаттың белді тайпасының бірі ретінде Жетісу мен Ерен
қабырғаны мекендеп келген ежелгі халық екендігі толық дәлелденді.Сондықтан
да VI ғасырдың алды – артында Жетіуға келіп қоныстанды делінген
мұқырлардың (мохэ – мүкрилер) VII ғасырдың басында Жетісудың “байырғы
тұрғыны” ретінде сарылар – ақсүйектер қатарына жатқызылатын Л.Гумилевтің
тұжырымына қосыла алмаймыз.Кейбір шетелдік зерттеушілер қазақ мемлекеттігі
мен қазақ халқы өзінің бастауында Түргеш қағанаты сияқты ірі бірлестікке ие
болды, Сырдария мен Әмудария және Жетісу өзендерінің далаларында қазақ
этносы негізінде қалыптасқан түргештер ең басты халықтардың бірі болды және
"Он оқ халықтары" қазақ халқының қүрамына енген рулар мен тайпалардың ең
бастысы болып табылады деп заңды күші бар қорытындылар жасайды.Алайда жер
бетінде

7
мәңгі ештеңе жоқ. Түргештер қағанатын іштен іріткен көптеген қарама-
қайшылықтың, өзара қақтығыстар мен шайқастардың салдарынан 766 жылы Түргеш
қағанатының әскерін бүл уақытқа дейін күшейіп кеткен қарлүқтар быт-шыт
етті. Солай бола түрса да, Түргеш қағанатының ғасырға жуық тарихының үлы
дала мен далалық мемлекет тарихы үшін зор маңызы бар. Түргеш қағанатының
тарихында ең маңызды оқиға қытай әскерлерін жеңген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі
Қытай тарихнамасы
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Алғашқы түркі мемлекеттері
Түргеш қағанаты туралы
Түркеш қағандығы
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Түргеш қағандығының территориясы, орталығы
Пәндер