Мәдени дақылдар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мәдени өсімдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Н.Н. Вавилов классификациясы бойынша мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Жүгері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3.1. Қонақ жүгері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте-сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шы- ғарумен шұғылданады. Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым-селекңионер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекңиясын зерттеуді өркендетті.[6]
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы адамзат қажетін өтеу үшін жабайы өсімдіктерді қолда өсіріп, мәдени дақылдарға айналдырды. Мәдени өсімдіктер саны 25 мыңнан асып түседі. Бұлар – шамамен 50 тұқымдасқа жататын өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің тағамдық, дәрілік, талшықты, бояу өндірілетін, эфир-май алынатын түрлері бар. Малазықтық және сәндік түрлері де өсіріледі. Адамзат үшін ең алдымен астық тұқымдас дақылдардың маңызы зор. Даражарнақтыларға жататын бидай, сұлы, қарабидай, арпа, жүгері, тары – нағыз қажетті дақылдар. Бұлардың ішінде бидай – негізгі қоректік дақыл. Көрнекті ғалым Н. И. Вавилов ғаламшарда диқаншылық негізі бидай, күріш, жүгері екеніне ерекше назар аударды.
1. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серікпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов : / Өсімдік шаруашылығы/- Алматы,2011
2. http://www.itest.kz/
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Өсімдік_шаруашылығы
4. Қазақ Энциклопедиясы" Қазақ Энциклопедиясы", 10 том
5. http://1referat.kz/biologiya-valeologiya-zoologiya-anatomiya-medicina/madeni-osimdikter.html
6. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
7. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: МӘДЕНИ ДАҚЫЛДАР

Орындаған: Жерге орналастыру мамандығының
2 курс студенті Калиева Д.
Қабылдаған:Мылқайдаров А.Т

Алматы
2015
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мәдени өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Н.Н. Вавилов классификациясы бойынша мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Жүгері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3.1. Қонақ жүгері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 13

КІРІСПЕ
Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте-сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шы- ғарумен шұғылданады. Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым-селекңионер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекңиясын зерттеуді өркендетті.[6]
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы адамзат қажетін өтеу үшін жабайы өсімдіктерді қолда өсіріп, мәдени дақылдарға айналдырды. Мәдени өсімдіктер саны 25 мыңнан асып түседі. Бұлар - шамамен 50 тұқымдасқа жататын өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің тағамдық, дәрілік, талшықты, бояу өндірілетін, эфир-май алынатын түрлері бар. Малазықтық және сәндік түрлері де өсіріледі. Адамзат үшін ең алдымен астық тұқымдас дақылдардың маңызы зор. Даражарнақтыларға жататын бидай, сұлы, қарабидай, арпа, жүгері, тары - нағыз қажетті дақылдар. Бұлардың ішінде бидай - негізгі қоректік дақыл. Көрнекті ғалым Н. И. Вавилов ғаламшарда диқаншылық негізі бидай, күріш, жүгері екеніне ерекше назар аударды.[2]
Мәдени өсімдіктер азық-түлік, малазықтық (батат) және техникалық дақылдар түрінде де өсіріледі. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н.И.Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.[7]

ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Мәдени өсімдіктерге, олардың шығу тарихы мен орталықтарын басты назарға ала отырып, мәдени дақыл өкілі болып табылатын жүгері дақылына, оның түрлеріне сипаттама бері.

1. МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕР
Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамадар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн өлтiргенде, суғарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң тарихы еретеден басталады, бiрақ олардың бiрқатары кейiнгi кезде себiле бастады. Мысалы, бидай бiздiң эрамызға дейiнгi VII мыңжылдықта, картоп, қызанақ , күнбағыс XVI ғасырда, ал қант қызлшасы XIX ғасырдың бас кезiнен өсiрiледi. Табиғи өсiмдiктердi мәденилендiру қазiр де жүрiп жатыр. Ғалымдар жабайы өсiмдiктердiң құндыларын зерттеп, ең жақсыларын таңдап алады.Оларды өсiрудiң агротехникасын жолға қояды. Өсiмдiктердi өсiрудiң тәжiрибесi ұрпақтан ұрпаққа берiлiп келедi. Адам қай кезде де өз қажетi үшiн, сапасы ең жоғары өсiмдiктердi таңдай бiлген.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң көп өзгергенi сондай, олар өздерiнiң жабайы туыстарына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан көп жағдайда мәдени өсiмдiктердiң шығу тегiн анықтау оңайға түспейдi.
Агрономия ғылымының дамуына байланысты адамның өсiмдiкке әсер ету қабiлетi өсiп келедi. Мәдени өсiмдiктердiң әр түрлi сорттары шығарылады. Сорт дегенiмiз- өзiне тән белгiлерi мен қасиеттерi бар бiртектес өсiмдiктердiң тобы. Егiн шаруашылығында дәндi - дақылдар мен көкөнiстiк өсiмдiктер негiзiнен тұқымдары арқылы өндiрiледi. Бұл жағдайда сорттың белгiлерi мен қасиеттерi сақталып отырады.
Жемiс-жидек өсiмдiктерiн өсiру шаруашылығында сорт деп айқын байқалатын белгiлерi (бөрiкбасының пiшiнi, жемiсiнiң үлкендiгi, түсi, дәмi, т.б.) мен қасиеттерi (түсiмдiлiгi, ұзақ өмiр сүруi, суыққа төзiмдiлiгi, әртүрлi зиянкес жәндiктер мен ауруларға төзiмдiлiгi, т.б.) бар вегетативтiк жолмен көбейетiн өсiмдiктi айтады. Тұқымнан өсiрiлген жемiс- жидектi өсiмдiктер, аналық өсiмдiктiң қасиетiн қайталамайды. Сортты ұзақ жылдар бойы әр түрлi жағдайда өсiру (олардың көпшiлiгi жүздеген жылдар бойы өсiрiледi) жаңа белгiлер мен қасиеттердiң пайда болуына әкелiп соқтырады. Бiр сорттан оның бiрнеше түрi шығады. Егер өсiмдiктiң белгiлерi мен қасиеттерiнiң аналық өсiмдiктен айырмашылығы көп болса, жеке сорт ретiнде бөлiп шығарады.
Өсiмдiктiң сорттарын шығарудың жаңа жолдары мен тәсiлдерiн ойлап табумен селекция ғылымы (латынша селекцио -- таңдау, сұрыптау) айналысады. Селекционерлер адамға қажеттi қасиеттерi мол (өнiмдiлiгi жоғары, ауруға көп шалдықпайтын, әр түрлi ортада өсуге бейiмделгiш) жаңа сорттарды шығарумен шұғылданады.[5]

2. Н.И.ВАВИЛОВ БОЙЫНША МӘДЕНИ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ШЫҚҚАН ОРТАЛЫҚТАРЫ

Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүниежүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі. [4]
Н. И. Вавилов алғашқыда 8 орталық бар деп есептеді. Кейінгі еңбектерінде негізгі 7 орталықты ажыратып жазды. Олар мыналар:
1. Оңтүстік азиялық тропиктік орталық. Бұл - күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдағы жатады.
2. Шығысазиялық орталық. Бұл - сояның, тарының бірнеше түрінің, көптеген жемістік және көкөністік дақылдардың отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады;
3. Оңтүстік-батысазиялық орталық. Бұл - бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан жатады;
4. Жерортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің 11%-ға жуығын берді. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөністік (орамжапырақ) және малазықтық дақылдар өскен;
5. Абиссиналық орталық. Бұл - дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны. Бұған мәдени өсімдіктердің өте ерекше флорасы бар Африка материгінің шағын ауданы жатады;
6. Орталық америкалық орталық. Бұл - жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ, үрмебұршақ - 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады;
7. Андылық (Оңтүстік америкалық) орталық. Бұл - көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің (кокаинды бұта, хинин ағашы) отаны. Бұған Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.[4]

1. ЖҮГЕРІ
Дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде қолданылады, соның өзінде ол, осымақсатта ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және глютамин қышқылдарын алуға қолданылады. Оны техникалық дақыл ретінде де кеңінен пайдаланады. Сүттеніп піскен кезінде жиналған жүгері собықтары консервіленген (қантты жүгері), мұздатылған түрде қолданылады. Ұнның сапасын көтеру үшін, тартар алдында бөлініп алынған дәннің ұрығынан тағамдық және дәрілік май өндіріледі. Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа ферменттер мен витаминдер бар. Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В1, В2, РР, В6) және А провитамині. Жүгері егісін табиғи - экономикалық аудандарға дұрыс орналастырғанда және жоғары агротехника қолданып өсіргенде одан өте жоғары, тұрақты дән және көк балауса өнімі алынады. Малазықтық дақыл ретінде де жүгерінің маңызы зор. 100 кг жүгері дәнінің қоректік құндылығы 134 малазық өлшеміне тең болса, ондағы қорытылатын ақуыздың мөлшері 7,9 кг, 1 кг дәнде 2-3,4 г лизин, 1-2 -метионин, 0,5-1 г триптофан болады. Демек, жүгері дақылының дәні барлық мал түрлеріне бағалы құнарландырылған жемазық. Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезеңінде жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ тамаша мал азығы. Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады. Дәнінен спирт, крахмал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан, собық өзегі мен орамынан - линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар жасайды. Жүгерінің агротехникалық мақызы да зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арамшөптерден тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себеді. Жүгерінің шыққан тегі - Орталық Америка. Бұл дақыл XV ғасырда Америкадан Испанияға әкелінген. Россияда, Қавказда, Молдавияда және Украинада екпе дақыл ретінде XVII ғасырдан бастап егіле бастаса, қазір басқа да солтүстік аудандарға тараған. Жүгері дуниежүзінде кең тараған дақыл, егіс ауданы жөнінен (140,1млн га) бидай мен күріштен кейін үшінші орында. Егістік ауданы бойынша алдыңғы қатарда Солтүстік және Орталық Америка, Азия. Жүгері, сүрлемге өсіріле бастағаннан бері көптеген солтүстік аймақтарда орналасқан мемлекеттерде де өсіріле бастады. Кеңестер Одағы кезінде Қазақстанда жүгерінің жалпы егіс ауданы 2,5 млн гектар болатын, оның 134,2 мың гектарына (1985 ж) дәндік жүгері себілетін. Қазіргі уақытта егіс ауданы күрт азайды, республика бойынша жүгері 170 мың гектарға өсіріледі, оның 100 мың гектары дәнді, 70 мың гектары сүрлемдік жүгері. Жүгеріні астыққа өндіруде бірінші орынды АҚШ-28,8 млнга, екінші орынды Қытай 23,5 млнга , үшінші орынды Бразилия елі иеленеді 12,0 млнга. Жоғары өнімді будандар өндіріске ендірілгенінің арқасында көптеген елдер жүгерінің потенциалды өнімділігін алуға қол жеткізіп отыр. Еліміздегі әр гектар жүгері егістігінен орта есеппен 44,6 ц астық алынып жүр. Республикамыздың мемлекеттік жүгері будандарын сынау учаскелерінде әр гектардан алынған жүгері астығы Алматы облысында - 94,4, Жамбыл облысында - 101,8 ц жетті. [1]
Түр тармақтары. Жүгері қазіргі жіктеу бойынша төмендегідей түр тармақтарына немесе топтарға (дәннің сыртқы және ішкі құрылысы бойынша) бөлінеді. Жүгері. Пісіп жетілген жүгері түр тармақтарының собықтары, бүтін дәндері және олардың көлденең кескіндері: 1-тіс тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-қанттық; 5-жарылмалы
Тіс тәрізді (Z.m. indentata Sturt). Дәні ірі, ұзынша, үстіңгі жағы жаншылған. Оның ақуызы 8-20,0%, крахмалы -68-75%. Өсімдігі мықты, собығы ірі. Түр тармақ кең таралған, негізінен малазықтық мақсатқа арналған.
Кремнийлі (Z.m. indurata Sturt.). Дәні ірі және ұсақ, домалақ, беті тегіс, шыны тәрізді, ақуыз мөлшері 8-18,0%, крахмалы - 65-83%. Осы кең таралған түр тармақтың ұсақ собықты ерте пісетін сорттары көп. Кремнийлі жүгерінің азық-түліктік және малазықтық маңызы зор.
Қанттық (Z.m. saccharata Sturt.). Дәні ірі және орташа, бұрыштылау, беткі жағы қатпар-қатпар. Ақуыз мөлшері 12,8%, крахмал - 65-83%, май - 8,1%, қант пен полисахаридтер 30% дейін. Бұл түр тармаққа жүгерінің консерві өндірісінде пайдаланылатын көкөністі ерте пісетін сорттары жатады.
Крахмалды (Z.m. amylacea Sturt.). Дәні ірі, беті тегіс, домалақ, ақуыз мөлшері 6,9-12,1%, крахмал 71,5-82,6%. Дәні тез ұнтақталып, ақтүсті жоғары сапалы ұн береді. Крахмал-сірне өнеркәсібінде пайдаланылады. Крахмалды-қантты (Z.m. amyle-saccharata Sturt.). Дәнінің қантты жүгеріге тән қатпары болады. Эндоспермі төменгі жағында ұнды, жоғары бөлігінде мөлдір болып келеді.
Жарылмалы немесе күріш тәрізді (Z.m. everta). Дәні ұсақ, төбе жағы дөңгелек үшкірлеу болып келеді. Ақуызы 10-12,5%, крахмалы - 62-72%. Жарма мен бадынақ жасауға пайдаланылады. Балауызды (Z.m.сегаtіпа Kulesch.). Дәнінің эндоспермі балауыз тәрізді. Эндосперм сыртының қаттылығы жарылмалы жүгерінікінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық тұқымдастар
Мәдени өсімдіктер
Ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестері
Жер өңдеу мен егін шаруашылығы ошақтарының қалыптасуы және дамуы
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Қантты дақылдар
Жерге орналастыруды жобалаудың жалпы принциптері
Пәндер