Әлеуметтік өзгерістер: мағынасы мен түрлері



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
а) Әлеуметтік өзгерістер: мағынасы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
б) Әлеуметтік өзгерістердің негізгі макросоциологиялық теориялары ... ..6
в) Әлеуметтік өзгеріс пен әлеуметтік тұрақтылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Әлеуметтану - қызықты және іс жүзінде пайдалы ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістердің қалай жүзеге асырылатынын және өмірдегі сан алуан трансформацияның нәтижесі қандай болатынын білуге мүмкіндік береді. Әлеуметтану ғылымы қоғамның қараңғыда қармаламай, мақсаттары мен мүддесін, болжам нәтижелерін айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуына жәрдемдеседі. Таза ой-тұжырым ғылымы болмағанымен әлеуметтану, біріншіден, басқа қоғамдық ғылымдарда сәтті пайдаланылатын мықты тәжірибелік базаға сүйенеді, екіншіден, оның өзі әлеуметтік практиканың сенімді теориялық негізі болып табылады.
Жалпы, қоғамдағы болып жатқан барлық жағдайлар әлеуметтік өзгеріске алып келеді. Әлеуметтану ғылымының негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру – бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. “Әлеуметтік өзгеру” түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму – бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.
Осы тақырып барысында біз социолог ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып әлеуметтік өзгерістердің мағынасы және түрлері туралы мәлімет береміз. Әлеуметтік өзгерістің қоғамға әсері және қоғамдағы әрбір тұлғаның әлеуметтік өзгерісті туындататын факторларын қарастырамыз. Әлеуметтік өзгерістердің қоғамға пайдалы болуы әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі кепілі болып табылады. Әлеуметтану ғылымының негізгі тенденцияларын жіктейміз.
1. Социология // Тұрғынбаев Ә. Х., Алматы- 2001
2. Қоғамның - әлеуметтік шындық// Тұрғынбаев Ә. Х., Алматы – 2000
3. Социология, Алматы – 1999
4. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 2010
5. Гофман А.Б. 7 лекции по истории социологии. М: 1999
6. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М.М.Тәжин. – Астана, 2004
7. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік өзгерістер: М.С.Әженов, Қ.Г.Ғабдуллина А.И.Икенов, М.М.Тәжин, М.Р.Хамитова, Е.Р.Раисов, З.А.Нагайбаева, М.С.Садырова, А.Әбжалиева, Л.Т.Қожамқұлова, З.Х.Валитова, Л.Әйтімбет
8. https://kk.wikipedia.org/wiki/Әлеуметтік_өзгеріс

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
а) Әлеуметтік өзгерістер: мағынасы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
б) Әлеуметтік өзгерістердің негізгі макросоциологиялық теориялары ... ..6
в) Әлеуметтік өзгеріс пен әлеуметтік тұрақтылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .12

Кіріспе
Әлеуметтану - қызықты және іс жүзінде пайдалы ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістердің қалай жүзеге асырылатынын және өмірдегі сан алуан трансформацияның нәтижесі қандай болатынын білуге мүмкіндік береді. Әлеуметтану ғылымы қоғамның қараңғыда қармаламай, мақсаттары мен мүддесін, болжам нәтижелерін айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуына жәрдемдеседі. Таза ой-тұжырым ғылымы болмағанымен әлеуметтану, біріншіден, басқа қоғамдық ғылымдарда сәтті пайдаланылатын мықты тәжірибелік базаға сүйенеді, екіншіден, оның өзі әлеуметтік практиканың сенімді теориялық негізі болып табылады.
Жалпы, қоғамдағы болып жатқан барлық жағдайлар әлеуметтік өзгеріске алып келеді. Әлеуметтану ғылымының негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру - бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. "Әлеуметтік өзгеру" түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму - бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.
Осы тақырып барысында біз социолог ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып әлеуметтік өзгерістердің мағынасы және түрлері туралы мәлімет береміз. Әлеуметтік өзгерістің қоғамға әсері және қоғамдағы әрбір тұлғаның әлеуметтік өзгерісті туындататын факторларын қарастырамыз. Әлеуметтік өзгерістердің қоғамға пайдалы болуы әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі кепілі болып табылады. Әлеуметтану ғылымының негізгі тенденцияларын жіктейміз.

Негізгі бөлім

a) Әлеуметтік өзгерістер
Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауысу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде тек XIX ғасырда пайда болған деп есептелінеді. Огюст Конт (1798-1857) әлеуметтанудың негізін қалаушы болып табылады. Оның Позитивтік философия курсы атты еңбегі бар.
Конттың пікірінше әлеуметтану әлеуметтік статиканы және әлеуметтік динамиканы зерттеуі тиіс.
Әлеуметтік статика - қоғамдағы өмір сүріп тұрған құрылымдар. Әлеуметтік динамика - әлеуметтік өзгерістер үрдісі. О.Конттың пікірінше әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен өзгертетін ғылым болуы тиіс.
Қоғамның нақты құрылымын зерттеуде Конт оның негізгі элементі ретінде отбасын алады. Адам отбасында жаратылыстық жағдайда болады. Осы жағдай барлық қоғамдық қатынастардың жаратылыстық негізі болып табылады.
Әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен өзгертуде адам ақылына (интеллектуальдық эволюция) сүйенеді. Адам ақылы өз дамуында үш сатыдан өтті; 1) теологиялық, қоғамдағы өзгерістер қасиетті күштер әсерінен деп түсіндіріледі; 2) метафизикалық қоғамдағы өзгерістер абстрактылы-философиялық ұстанымдар көмегімен түсіндіріледі; 3) позитивті-ғылыми, бұл кезеңде адам ақылы реалды-шыншыл фактілерді зерттеуге тоқталады. Осылайша адам ақылының үш кезеңді дамуы туралы О.Конт заңы жалпы әлеуметтік даму теориясы болып табылады.
Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яғни прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.

б) Әлеуметтік өзгерістердің негізгі макросоциологиялық теориялары
Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Микросоциология - адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынастарын, өзара әрекеттерін зерттейді. Әлеуметтік көріністі тек адамдар сол көрініске өзара қарым-қатынас нәтижесінде берген мәнде сұрыптау арқылы ғана тануға болады. Микросоциологиялық зерттеудің басты тақырыбы - даралықтар мінез-құлқы, мәні, мағынасы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Бұлардың бәрі өз кезегінде қоғамның тұрақты болуына не онда өзгерістер болуына шешуші әсер етеді.
Макросоциология кез-келген қоғам мазмұнын танып-білуге көмектесетін мінез-құлық моделдеріне көңіл бөледі. Қоғам құрылымы деп аталатын бұл моделдер өзіне мынадай қоғамдық институттарды қосады: жанұя, білім, дін, саяси және экономикалық құрылым. Дүниеге келгеннен бастап әлеуметтік құрылымның осы жүйесіне тартылған адамдар бұл моделдерден өте терең әсер алады. Макросоциологиялық зерттеудің басты тақырыбы - қоғамның әртүрлі бөліктерінің арасындағы байланыс және осы өзара байланыстың қалай өзгеріске ұшырайтындығы.
Микросоциологиялық деңгейде негізгі теория символикалық интеракционизм теориясы болып табылады. Бұл теория өкілдерінің пікірінше адамдар сыртқы дүние әсеріне белгілі бір мән береді.
Сөйтіп негізінен әсердің өзіне емес, оған берілген мәнге басты назар аударады.
Макросоциологиялық деңгейде негізгі екі теория бар: функционализм және конфликтология (дау-жанжал) теориясы. Функционалистер пікірінше қоғам бір-бірімен өзара байланысқан және әрқайсысы жалпыға өз әсерін тигізетін бөліктерден тұрады. Конфликтология теориясының өкілдері қоғамдағы билік бөлінісіне басты назар аударады.
Социологтар әлеуметтік өзгерістер мен дамудың эволюциялық және революциялық түрлерін бөледі, көбінесе, оларды қарама - қарсы процесс ретінде қарастырады. Эволюциялық процестер біртіндеп, баяу, жұмсақ, сандық өзгерістер, ал революциялық процестер жылдам, түбегейлі, сапалы өзгерістер.
Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады.
Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған - қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы.
Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты.
Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән:
- басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі;
- тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру;
- басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау;
- ғылыми-техникалық революция.
XX ғасырдың 60 - жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 - жылдарда постиндустриялды қоғам теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы - ауыл шараушылығы, екінші кезеңде - өндіріс, үшінші кезеңде - қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты - билік, индустриялды кезеңде - ақша, постиндустриялдыда - білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда - шіркеу мен әскер, индустриялдыда - корпорация, постиндустриялдыда - университет.
Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар - К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Құқықтық нормалар құқықтық
Дипломатиялық терминдер
Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну: әлеуметтанулық пікірталастар
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Құқықтың қайнар көзі
Әлем туралы философиялық түсінік, оның негізгі түрлері мен әдістері
Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы
Құндылық жүйе
Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері
Пәндер