Емдік туризмнің қалыптасуы мен дамуы



Емдік-сауықтыру мақсатындағы саяхаттардың тамыры өте тереңде жатыр. Сонау заманда ежелгі гректер мен римдіктер өздерінің денсаулықтарын жақсарту үшін ауа райы жайлы орындар мен сауықтыру көздерін пайдаланған. Курортты жерлерге тек қана науқас адамдар емес, сонымен бірге физфкалық күштерін қалпына келтіру мақсатында сау адамдар да келген. Ежелгі Грецияда Эпидавр және Кос, ал Римде Байи деп аталатын теңіз жағалауындағы курорттар әйгілі болған.
Уақыт өтіп жатты, бірақ саяхаттардың мақсаты өзгермей қала берді. Емдік қасиеті бар табиғат факторлары өзінің сұранысын жоғалтқан жоқ. Бірақ дем алу және көңіл көтеру мақсатындағы туризм түрімен салыстырғанда емдік туризммен айналысатын туристтер легі азшылықты құрады.
Емдік–сауықтыру туризмінің ерекшеліктері. Емдік–сауықтыру туризмі бірқатар айырмашылықтарға ие. Біріншіден, туристің курортта болу ұзақтығы, белгілі бір себептерге байланыссыз, 3 аптадан кем болмауы тиіс. Тек осы уақыт аралығында ғана емделу мақсатымен келген тұлға қажет сауықтыру шараларын алады. Екіншіден, курорттарда емделу бағасы қымбат тұрады. Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы түрде арзан туристік курорттар ұйымдастырылуда. Туристер арнайы емдеу үшін маманданған және денсаулықты нығайтуға арналған курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың жеке мақсаттарына тікелей байланысты.
Соңғы кездері емдік-сауықтыру туризмінің экономикасы бірнеше өзгерістерді бастан кешуде. Дәстүрлі санаторий-курорттар емдеу орталықтарынан көпфункционалды сауықтыру орталықтарына айналуда.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті

Экономикалық факультеті

Туризм кафедрасы

Халықаралық туризм тарихы пәні бойынша

Баяндама

СРСП №4

Тақырыбы: Емдік туризмнің қалыптасуы мен дамуы

Орындаған: Молдакова Н.Ф.

Тексерген: Акишева Е.Қ.

Астана

2010 жыл

Емдік туризмнің қалыптасуы мен дамуы
Емдік-сауықтыру мақсатындағы саяхаттардың тамыры өте тереңде жатыр.
Сонау заманда ежелгі гректер мен римдіктер өздерінің денсаулықтарын
жақсарту үшін ауа райы жайлы орындар мен сауықтыру көздерін пайдаланған.
Курортты жерлерге тек қана науқас адамдар емес, сонымен бірге физфкалық
күштерін қалпына келтіру мақсатында сау адамдар да келген. Ежелгі Грецияда
Эпидавр және Кос, ал Римде Байи деп аталатын теңіз жағалауындағы курорттар
әйгілі болған.
Уақыт өтіп жатты, бірақ саяхаттардың мақсаты өзгермей қала берді.
Емдік қасиеті бар табиғат факторлары өзінің сұранысын жоғалтқан жоқ. Бірақ
дем алу және көңіл көтеру мақсатындағы туризм түрімен салыстырғанда емдік
туризммен айналысатын туристтер легі азшылықты құрады.
Емдік–сауықтыру туризмінің ерекшеліктері. Емдік–сауықтыру туризмі
бірқатар айырмашылықтарға ие. Біріншіден, туристің курортта болу ұзақтығы,
белгілі бір себептерге байланыссыз, 3 аптадан кем болмауы тиіс. Тек осы
уақыт аралығында ғана емделу мақсатымен келген тұлға қажет сауықтыру
шараларын алады. Екіншіден, курорттарда емделу бағасы қымбат тұрады.
Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы түрде арзан туристік курорттар
ұйымдастырылуда. Туристер арнайы емдеу үшін маманданған және денсаулықты
нығайтуға арналған курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың
жеке мақсаттарына тікелей байланысты.
Соңғы кездері емдік-сауықтыру туризмінің экономикасы бірнеше
өзгерістерді бастан кешуде. Дәстүрлі санаторий-курорттар емдеу
орталықтарынан көпфункционалды сауықтыру орталықтарына айналуда.
Қазіргі кездегі курорттық орталықтардың көбі екі түрлі жағдаймен
ұштасады. Ең бірінші, емдеу-сауықтыру қызметтеріне сұраныстың өзгеруі.
Әлемдегі адамдардың көбі салауатты өмір салтына ұмтылу арқылы өздерінің
физикалық нормасын жақсартуға ұмтылыс жасайды. Негізінен, сол адамдарлың
көпшілігі белсенді туризммен айналысатын және уақыттары шектеулі орта
жастағы адамдар. Курорттардың екінші жағдайдағы типі мемлекет қолдауын аз
көріп жатыр. Себебі, бұл курорттардың сервисі бірінші жағдайдағы курорт
типінен нашарлау. Сервисі нашар болғандықтан бұл курорттарға келетін
туристер легі азшылықты құрайды.
Емдік қызметтерін сақтай отыра көптеген курорттар өздеріне
тұтынушыларды тарту үшін дәстүрлі және спорттық шаралар өткізіп тұрады.
Олар жұмсалған күшті қалпына келтіру жолындағы сауықтыру және дем алу
қызметтерінің кең көлемін ұсынады. Соңғы кездері теңіз жағалауындағы қонақ
үйлердің көпшілігінде талассотерапия әдісі кең таралған.
1999 жылы Испанияда өткен Емдік-сауықтыру туризмінің Халықаралық
конгресінде осы туризм түрінің дамуы қоғам үшін өте маңызды екені аталып
өтілген.
Курорттардың басты түрлері. Ғалымдар қазіргі уақытта емдік-сауықтыру
туризмінің бірнеше түрін бөліп қарастырады. Олар: бальнеологиялық, сазды
және климаттық курорттар. Бальнеологиялық курорттарда басты емдеу факторы
болып минералды сулар қолданылады. Олар сыртқы және ішкі қолданыстар үшін
пайдаланылады. Минералды сулар көптеген аурулардан арылу үшін қолданылады.
Бальнеологиялық курорттарда ішек-қарын, жүрек, жүйке жүйесінің және т.б.
ауруларды емдеу жұмыстары жүргізіледі. Өткізілетін медициналық зерттеулер
емдеу шараларының тиімділігін көрсетті.
Емдеу-сауықтыру туризмінің екінші түрі - саз-балшықпен емдеу, оның
орналасуы табиғи жағдайларға байланысты. Саз-балшықпен емдеу әдісі буын
ауруларын, травмологиялық және генекологиялық ауруларды емдеуге арналған.
Заманауи әдістер мен дамыған технологиялар арқасында саз-балшықпен емдеу
тиімді медициналық нәтижелерге ие болды.
Климаттық курорттар климаттың өзі сияқты сан алуан. Таулық, теңіздік,
орманды жерлердің өздеріне тән емдік қасиеттеріне байланысты бұл курорт
түрінің орналасуы әр түрлі болып келеді. Осы факторлардың ұштасуынан
курорттың негізгі емдік қызметі қалыптасады. Егер курорттар орманды
жерлерде орналасса, оларға келетін адамдардың негізгі бөлігі астма, жүйке
жүйесінің бұзылуымен ауыратындар. Ал таулы жерлердегі курорттар туберкулез
және қаназдық ауруларын емдеуге маманданған.
Климаттық курорттардың кең тараған түріне теңіз жағалауында орналасқан
курорттар жатады. Жылдан жылға туристердің көп бөлігі өздерінің бос
уақыттарын теңіз жағалауында өткізеді.Теңіздік климат көптеген ауруларға
қарсы тұруға көмектеседі.Мысалы, қан аурулары мен сүйек ауруларына шипалы
болып келеді. Емдеу процедураларынан кейін емделушілердің жағдайы жақсарып,
олар ұзақ уақытқа дейін дәрі-дәрмексіз, медициналық препараттардың
көмегінсіз жүре алады.
Жоғарыда айтылған емдеу-сауықтыру курорттарының үш түрінен тыс аралық
орында алатын, өтпелі курорттар ажыратылады. Олар бірден емдік қасиеті бар
табиғат факторларының бірнешеуін пайдаланады. Бұндай өтпелі курорттардың
көпшілігі Еуропа континентінде кең тараған.
Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмі. Еуропадағы емдік-сауықтыру
туризмінің негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Халықаралық туризмнің тарихы
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Ақмола облысынның рекреациалық ресурстары
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Пәндер