Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, лигизм)



Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Саясаттануға қатысты еңбектері “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т.б. Платонның ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды. Адамдар бірігіп қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, олигархия, демократия, тимократия, тирания.
Аристотель б.з.б. 384-322 ж.ж Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа , молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша , мемлекет –қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен демократияны бұрыс мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
2. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм,
лигизм)
1. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды
дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы
өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды.
Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия
орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына
әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Саясаттануға қатысты еңбектері
“Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т.б. Платонның
ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды. Адамдар бірігіп қажеттіліктерін
өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы
адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3)
өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке қарсы тұрды.
Өйткені қоғамдағы дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп
санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия,
олигархия, демократия, тимократия, тирания.

Аристотель б.з.б. 384-322 ж.ж Саясаттануға қатысты “Саясат”,
“Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар. Саясатты адам
мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы
тұрмысқа , молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша ,
мемлекет –қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі.
Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті
бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны,
аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен
демократияны бұрыс мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда
адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы
болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса
байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.

Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43 ж.ж) атақты шешен, мемлекет
қайраткері және ойшыл. Оның “Мемлекет туралы”, “Заңдар туралы”. “Міндеттер
туралы” деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының
негізгі себебі –адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының
және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке
қол сұғуға болмайды.

2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны
ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғ). Бұл
дәуірде рухани өмірде түгелдей дін үстемдік етті. Христиан діні феодалдық
қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Авреллий Августин (354-
430) еді. Ол христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеп
жетілдірді.Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы” деген еңбегінде
баяндалған.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома
Аквинский (1225-1274) болды.Оның саяси көзқарастары “Билеушілердің
басқаруы туралы”, “Теологияның жиынтығы” деген еңбектерінде
қаралады.Фоманың ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан
патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше,
аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
3. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс
(1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде
жалпыға бірдей жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін
пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құқы
тапсырылды.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи
Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының
айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады.
Францияның ойшыл –ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ
буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең
жоғарғы игілік деп санады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның
(1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат-
Америка Құрама штаттарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды.Мұнда
Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы
барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Декларацияда жаратушы барлық
адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа
тырысуына құқы бар делінген.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн
(1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан
бөлініп шығуға шақырды. Адамдардың табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз,
баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жатқызды.пейн
соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды.
4. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең
өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928)
пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен
үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.
ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі
-элитаризм.элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген,
сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда
жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска
мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған
қабілеті, бейімі жетпейді.
Г.Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында саясат
қарама-қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші азшылықтың және оған бағынышты
көпшіліктің- күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді.
В.Паретто (1848-1923) “Жалпы социология жөніндегі трактат” деген
еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді.
Импералистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа
фашизм жатады. Оның негізгі белгілері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Саяси ілімдер тарихы
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Қазақстанның саяси ойларының тарихы
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы мен өрлеуі
Антика философиясы негізгі ұғымдары
Конфуций діні
Саясаттану ғылым және оқу пәні
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
Пәндер