Ежелгі шығыс мәдениеті туралы



Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз; кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — кұдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып ашылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен кұдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.
Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп атады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі шығыс мәдениеті
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге
дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі
болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші
тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және
түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз; кезегінде бұл
принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның
толық билеушілері — перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке
айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да
фараон өзін Раның (Ра күн деген мағына береді. Ол — кұдайлардың құдайы
және алтын ұғымымен қосылып ашылады. — Алтын нұр шашқан күн) ұлымын деп
жариялады.
Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет
халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе
түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір
шексіз билік пен мансап, байлық пен кұдірет кенеттен жоқ болады. Оны
өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің
мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи
қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл
діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда
айрықша рөл атқарды.
Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен
қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға
айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау
қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні санх, яғни
өмірді жасаушы деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды
тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті.
Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке
айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына егер дене сақталса немесе толық
бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады деген түсінікті
сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып,
жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты
аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз
таңбасын салды.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды құдай
деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың)
құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің
жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған
мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән-
салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа
созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті
өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды.
Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшашылығының басты себепкері
болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет
халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және
т.б.) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған
болар еді деген ой еріксіз келеді
Құдіретті құдай — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа
баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де,
көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, әлемнің жеті кереметі
аталған өнер туындыла-рының бірінен саналады. Ерекше атап өтетін бір жай,
Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап
жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз
даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ
шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр
бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын,
шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғима-раттарды салған
сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін
белгісіз күйінде қалды Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын
тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын
жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шындықтың айғағы болса керек Оның
сәулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз
заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы
балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы
кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен
астасып жатқан.
Әйтеуір, қалай болғанда да Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында
салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең
құдіретті ғимарат болып_қала береді.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып,
гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақыттың сынына
шыдай алмаған кереметтер (Әлемнің жеті кереметі) бірінен соң бірі жоғала
бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары
ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар
әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде
қала бермек.
Б.з.б. бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды.
Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал
мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай
саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек
перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде
басты орын алды. Египетте құдайлар оте көп болған, тіпті әрбір қаланың
бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы — Күн
құдайы Ра болды. Одан кейінгі басты орынға — өлім құдайы Осирис шықты
Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты
патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген.

Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз қүдай Атон деген ат
берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп қүдайға табынушылық
жойылып, осыған байланысты олар-дың ғибадатханалары жабылып, олардың
иелігіндегі дүние-мүліктер төркіленді. Бүл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде
перғауын IV Аменхотеп өз атын қүдай атына сәйкестендіріп Эх-натон деп
(Атан рухы деген мағына береді) өзгертіп, Египеггің астанасын ежелгі
Фивыдан өзі салдырған Атон көкжиегі де-ген мағынаны білдіретін Ахетотон
қаласына көшірді. (Бүл қала-ның орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын
қыстақ түр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты бар-лық
кезеңі Амарндық деп аталады)_.
ІЭхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар та-рапынан жойқын
қарсылыққа үшырап, өмірінің қысқа болуы-на қарамастан сол дәуірдің
мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ.
Ең бастысы — өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушы-
лық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмүнына мән
беру қүбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда,
Амарн өнері деген атауға ие болған бүл дәуір мәдениетінде бейнелердің
нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Еуропа мәдениетінің қалыптасуы
Орыс мәдениеті
Азияның ортағасырлық мәдениеті
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Ежелгі Түркі тайпалар одағының құрылуы «Түркі» этнонимі
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Ежелгі Қытай өркениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Пәндер