Ж.Тәшеновтың өмір жолы



Жұмабек Ахметұлы Тәшенов 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Александровка селосында дүниеге келген (бұрынғы Целиноград облысы, Вишнев ауданы, Бабатай ауылы (Танакөл). 1940 жылдан КОКП-ның мүшесі, жоғары білімді, экономика ғалымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1934 жылдан бастады. 1934-1939 жылдар аралығында аудандық атқару комитетінің хатшысы болып қызмет атқарады. 1939-1943 жылдары осы облыстың жер бөлімі бастығының орынбасары Қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі кызметіне ауыстырылды.
1947—1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948-1951 жылдар аралығыңца осы облыстық атқыру комитетінің төрағасы болып бекіді.
1952 жылы Ақгөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне келді. Бұл қызметтен 1955 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайланды. 1960 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды.
1.Ж.Тәшенов туралы естелік.-Алматы,2005.
2.Қабалдин.Е.Ұрпақтары Жұмекенді ұмытпайды.-Егемен, Қазақстан,2006,18наурыз.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Ж.Тәшеновтың өмір жолы.
2.Ұмытылмас тұлға.
3.Халықтың қайсар перзенті.
ІІІ.Қорытынды.

Кіріспе.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы
ауданындағы Александровка селосында дүниеге келген (бұрынғы Целиноград
облысы, Вишнев ауданы, Бабатай ауылы (Танакөл). 1940 жылдан КОКП-ның
мүшесі, жоғары білімді, экономика ғалымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1934
жылдан бастады. 1934-1939 жылдар аралығында аудандық атқару комитетінің
хатшысы болып қызмет атқарады. 1939-1943 жылдары осы облыстың жер бөлімі
бастығының орынбасары Қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан
облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің
меңгерушісі кызметіне ауыстырылды.
1947—1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының
орынбасары, 1948-1951 жылдар аралығыңца осы облыстық атқыру комитетінің
төрағасы болып бекіді.
1952 жылы Ақгөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне
келді. Бұл қызметтен 1955 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
төрағасы қызметіне сайланды. 1960 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің
төрағалығына тағайындалды.
1961 жылы Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының катардағы
орынбасары қызметіне қитұрқы саясаттың кесірінен төмендетілді. 1956-1961
жылдары КОКП ОК мүшелігіне кандидат және төртінші сайланған КСРО Жоғарғы
Кеңесінің депутаты, төртінші-бесінші сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің
депутаты, 1949-1961 жылдары Қазақстан КП ОК мүшесі, 1955—1961 жылдары оның
бюро мүшесі болды. 1975 жылдан одақтық дөрежедегі дербес зейнеткер. Ленин,
Еңбек Қызыл Ту, "Қүрмет белгісі" ордендерімен марапатгалған.
Мақсатымыз, дара тұлғалы азаматтың кісілік келбетін, өмірі мен қызметін
қалың жұртшылықтың санасында қайта жаңғырту, еске алу.

XX ғасырдың елуінші жылдары Қазақстан басшыларының арасынан шоқтығы биік,
ерекше көз тартатын тұлға Жұмабек Тәшенов еді. Олай деп айтуға оның өмір
жолы, халыққа деген адал қызметі, Қазақстан мемлекетінің территориясы үшін
кезіндегі КСРО басшыларымен батыл да дәлелді күрестері толық айғақ бола
алады. ьұл жерде Жүмебек Ташенов мемлекетіміздің жері үшін жасаған
еңбектерін тәптіштеп айтуды қажет деп санамаймын. Ол өзін қазақпын деп
санайтын әр азаматқа белгілі. Әрине, бүгінгі жасанды "Прихватизацияның"
арқасында уақытша байыған, санасыз "жаңа қазақтар", яғни "мәңгүрттер" үшін
"жер — ұлттық байлығымыз" екені түсініксіз де және оларға Тәшеновтың жанын
шүберекке түйіп жер үшін жасаған кескілескен күрестері тіпті мағынасыз
дүние болып көрінуі де мүмкін.
Жалпы Жұмебек Ташенов қоғам ісіне өте берілген, өзіне тапсырылған жұмысқа
жауапкершілігі күшті адам еді. Елім, жерім деп өмір сүрді, халқына
жақсылықтан жанын аямады. Қандай мәселеде болсын әдіддікпен қарап, белсеніп
шығып, қызына сөйлеп, көзқарасын батыл қорғайтын. Ең үлкен дәрежедегі
жиындарда өзі де пікірін ашық айтатын, өзгенің де жасқанбай сөйлеуін
қалайтын. Өзбекстанға жер бермеу жөніндегі комиссияны басқарғанында жете
ұғынысып жұмыс істедік, ауызбірлік танытып, жеріміздің тұтастығы сақталуын
талап еттік Қарым-қатынастағы адамдармен әлдебір мәселені шешерде шыдамы
таусыла, қызбаланып кететін кездері болып.жүрді. Ал халықтың жағдайын,
әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған шараларды қабылдауға
және ол шаралардың орындалуын кадағалауға өте жауапты қарайтын. Министрлер
Кеңесінің Төрағасы болып істеген кезінде жұртшылықкд жасаған жақсылығы мол
болды.
Жұмабек Ташенов жерге қатысты күрестерінің бірін оның өзі тікелей
қатысқан көрші Өзбекстан республикасы арасында болған жағдайдан байқауға
болады. Осыған орай: "Жалпы, Бостандық ауданынан біз қалай айрылып қалдық?"
- деген сұрақтың тууы орынды. Ол былай болды. Әуелгіде өзбектер Бостандықты
сұрап Мәскеу жаққа хат жіберген. Ол кезде Өзбек ССР-інің бірінші хатшысы
Мұхитдинов болатын. Ол мынадай себептерді алға тартты: "Біріншіден,
Казақстан бұл ауданға Ташкент арқылы қатынайды. (Жол жоғы растұғын. Тауды
айналып, Өзбекстан арқылы баратынбыз). Екіншіден, мақта саламыз, мал
көбейтеміз, экономиканы көтереміз, т.б..." Қысқасы, өзбектер осынау шұрайлы
өлкемізді әйтеуір бір сылтаумен қолға түсіргенше асықты.
Содан кейін Кдзақстан Орталық Комитеті құрған арнайы комиссиядағы жеті
адам — Ж.Тәшенов (комиссия төрағасы), М.Бейсебаев, С.Дәуленов, мен
(Х.М.Арыстанбеков), А.Морозов, В.Голосов, В.Шереметьев қол қойып, 1955
жылдың 1 маусымында: "Өзбек ССР-не Мақтаарал ауданының кейбір бөліктерін
беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін
негізсіз деп санаймыз" деп атап көрсетіп, хат жазды.
Осы жерде айта кететін бір жай, біздің мұндай шешім қабылдауымыздың өзі
өкіметтің саясатына қарсы екенін біз бәріміз де білдік. Бірақ осы шешімге
Ж.Тәшеновтың батылдығы көп әсер етті. Оған дәлел, арамыздағы А.Морозов хат
соңында: "Согласен с пунктом 1, 2 и 4, что касается Бостандыкского района
считаю целесообразным еще раз обсудить этот вопрос его в составе Узбекской
ССР", - деп жазып, бізбен толықкеліспейтінін, өкімет саясатын түсінетінін,
Мәскеудің ғана ыңғайымен жүретінін білдірді.
Бұл хатта сол қалпында біраз уақыт жауапсыз жатты. Содан кейін өзінен өзі
жоғарғы жақтан "звонок" келді де... Бұл өзі Никита Хрущевтің бастап жүрген
мәселесі ғой. Сөйтіп, Бостандық ауданы ең құнарлы да ұланғайыр территория-
сымен, 360—370 мыңдай қойымен қоса Өзбекстанға берілді, ал ар жағындағы
Бағыс пен Түркістан ауылына қарасты 20 миллион гектардай жайылымдарды
"берілсін" деп біз айтқанымыз жоқ. Карта жасағанда ол Қазақстанда қалды.
Сол қалпында Жоғарғы Кеңестің сессиясында қаралып, біраз жер өзбектің
пайдасына шешіліп кете барады... Ол кезде сессия төрағасы Қонаев болатын.
Артынша Мұхитдинов саяси бюроға мүше боп Мәскеуге ауысты. Оның орнын Ниязов
басты. Осы жерде бір нәрсеге мән беру керек: Ниязов өндіріс академиясында
Хрущевпен бірге оқыған. Бұл - бір. Ал Жоғарғы Кеңеске төрағалыққа
Насреддинова келе қалды. Хрущев Насреддинова не айтса да қарсы болмайтын.
Ел аралауға шыққанда екеуі машинаға бірге мініп, бірге түсіп жүретін еді.
Содан олар: "Мынау Мақтаарал, Киров, Ильичевкий - мақталы аудандар,
қазақтар мұның бәріне Ташкент арқылы келеді. Осы жерлерді бізге беріндер",
- деп тағы сұраныс жасады. Сөзсіз тағы да ауыз жаласқан шешім бойынша
комиссияға ілігіп кеттік. Бірақ біздің азаматтардың, атап айтсақ
Ж.Тәшеновтың күшімен со жолы бір қатерден аман алып қалды. Көп ұзамай
Тәшенов кеткен соң ол аудаңдардан да айрылып тындық. Бірақ кейін көп нәрсе
өзгерді. Брежнев кезінде Мақтаарал, Жетісай аудандарының кейбір бөліктерін
бізге қайтарып берді. Әйтсе де өзбектер жарты жерді алып қалды.
Ал Бағыс пен Түркістан қазақтың жері екені рас. Баяғыда Түркістан каналы
салынғанда ол республикамыздың мақта өндірісін қалыптастыруға жол ашқан
үлкен қадам болатын. Өзбек ағайын шетінен кіріп, күрек салып, атыздап ала
берді. Сарыағаш, Келес аудандарында қарбыз өсіріп, тіпті "Сарыағаш"
шипажайына бар-жоғы 500—600 метр жерге дейін шекарасын жылжытып алған. Ал
біз үндемейміз. Тіпті бертін келе Сарыағаш ауданы әкімінің бір май қүю
стансасы да Өзбекстан территориясында тұрған болып шықты.
Жоғарьщағы басшылар қандай саясат үстанып отырғанын мен білмеймін. Тек
айтарым, Бостандықгың кезінде берілген 418 мың гектардан артық мал
жайылымдық жерлері -қазақтікі. Оны өзбектердің иемденіп алғаны, оны сол
құжаттармен негіздей білгені болып тұр. Бірақ оны олар жетістіріп шипажайлы
аймақжасай алған жок, Ал Бостандықгы білесіз, нағыз Жерұйық! Мұнда шай
плантациялары да болатын.
Бұрынғы патшалық Ресей де, кейінгі Кеңестер Одағы да отаршылық саясатгы
жүргізіп, казақ халқының зиялы азаматтарын орынсыз кінәлап, қажет болса
жала жауып, түрмеге қамап, Сібірге жер аударып, қуғын-сүргінге салғаны
баршаға мәлім. Ондағы мақсат: беделі бар, сөзі өтімді, ел намысын қорғай
алатындарды елден аластап, көзін жою, калғандарын қорадағы қой сияқты
айдауына жүретін, дегеніне көнетін, қарсы сөйлемейтін, бас сауғалап күн
көретін күйге түсіру болатын, Өйткені көлеңкесінен қорқып, бұғып отырған
жұрт, әрине, жалпы елдің қамын ойлаудың орнына тек отбасының амандығын
тілейтіні ерте заманнан белгілі ғой. Сонда ғана қазақтарды орыстандыру
саясаты тез іске асатынын, олардың ұлан-байтақ жері мен өлшеусіз
байлықтарын сүліктей соруға толық жағдай жасалатынын отаршылар жақсы
білетін.
Қазір сол жазықсыз жазаланған, өз өмірлеріы тәуелсіздік жолына құрбан
еткен алаштың аяулы азаматгарының есімдері кайта оралып, олардың басынан
кешкендері кеңінен айтылып, дұрыс және әділ бағаларын алуда. Мұны өте
орынды және келешек ұрпақ үшін үлкен маңызы бар шаруа деп есептеген жөн.
Жеке адамға табынған тоталитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмабек Тәшеневтің ерлігі
Жұмабек Ташеновтің қайраткерлігі
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің салдары
Соғыстан кейінгі экономиканың қалыптасуы
Нұрмағанбетов Тәшенев жайында
КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА ЖАЗЫЛУЫ
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
«Айқын» басылымы: тақырып және талғам
ҚАЗАҚ КІТАП БАСУ ІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары
Пәндер