Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама



Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1 Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама

2.2 Маскүнемдікке (алкоголизм) қарсы күрес

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Адам баласының шынайы бишігі, қорқынышты, миллиондаған өмірлерді алып кеткен, көптеген жанұяларды және тағдырларды қиратқан ауру. Оның зияндылығын ауырғандардың көбі басында шындап қабылдамайды. Достармен немесе мерекелерде ішудің ешбір жамандығы мен ұяты жоқ. Содан кейін тағы бір рет. Тағы. Одан тағы бір рет. Сөйтіп, денсаулығы нашар, иммунитеті әлсіз немесе рух пен сенім күшінің жетіспеушілігінен, адам сұмдық ауруға салынып, маскүнем болады.
Бүгінгі мақалада біз сізге көмектесе алатын, қажет болған жағдайда басқаға немесе өзіңізге осы жаман аурудан арылуға көмектесетін бірнеше әдістерді береміз. Маскүнемдікке белсенділік, қабылдаған спирттің мөлшерімен және сапасымен анықталмайды, ол адам денсаулығының бастапқы жағдайымен, тұқым қуалаушылықпен адамның өмір сүру жағдайларымен анықталады. Бірақ, бұл себептерді жеке-жеке қарастыру дұрыс емес. Әдетте, маскүнемдік ауруының барлық себептері бір- бірімен өзара байланысты болады. Жөнсіз пайдалануға- стресстер, өмiрдiң жайғаспағандығы, денсаулық мәселелері әкелу мүмкін. Ең басында адам осы әдістерді уақытша жұбатқыш зат ретінде қолданады. Одан кейін, процесс айналымдарды жинай бастайды да, бір кезде оны тоқтату қиын болады.
Жүйкені жарақаттайтын күшті себеп кезінде, еліткіштің әсері стресстерден уақытша кетуді ғана береді, кейін адам бәрі бір мәскүнемдік кезінде кеткен сол жағдайға қайта оралады. Осылай мәселелерден кетуге үміттеніп, әрдайым мөлшерін жоғарлатып, бұл еліткішті қайта- қайта қабылдауды қажет етеді.
1. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі Қалжігітов Қ. , Төлемісова А. 2004 ж.
2.«Төтенше жағдайларға байланысты жарақаттар, қатты аурулар және улану» Л.А. Суровцев, А.Я. Бойко 2004 ж.
3. ЖОО студенттеріне арналған "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша оқу құралы
4. Л. К. Мартене М. Б. Вольфсон и др. «Техническая
энциклопедия т.14, т.15 Москва, 1931г.»
5. Айыпов А.К. «Тіршілік қаупсіздігі» пәнінен оқыту-әдістемелік комплекс, 2005ж.
6. Айыпов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі: Оқу құралы.- Астана, 2009 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1 Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама

2.2 Маскүнемдікке (алкоголизм) қарсы күрес

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адам баласының шынайы бишігі, қорқынышты, миллиондаған өмірлерді алып кеткен, көптеген жанұяларды және тағдырларды қиратқан ауру. Оның зияндылығын ауырғандардың көбі басында шындап қабылдамайды. Достармен немесе мерекелерде ішудің ешбір жамандығы мен ұяты жоқ. Содан кейін тағы бір рет. Тағы. Одан тағы бір рет. Сөйтіп, денсаулығы нашар, иммунитеті әлсіз немесе рух пен сенім күшінің жетіспеушілігінен, адам сұмдық ауруға салынып, маскүнем болады.
Бүгінгі мақалада біз сізге көмектесе алатын, қажет болған жағдайда басқаға немесе өзіңізге осы жаман аурудан арылуға көмектесетін бірнеше әдістерді береміз. Маскүнемдікке белсенділік, қабылдаған спирттің мөлшерімен және сапасымен анықталмайды, ол адам денсаулығының бастапқы жағдайымен, тұқым қуалаушылықпен адамның өмір сүру жағдайларымен анықталады. Бірақ, бұл себептерді жеке-жеке қарастыру дұрыс емес. Әдетте, маскүнемдік ауруының барлық себептері бір- бірімен өзара байланысты болады. Жөнсіз пайдалануға- стресстер, өмiрдiң жайғаспағандығы, денсаулық мәселелері әкелу мүмкін. Ең басында адам осы әдістерді уақытша жұбатқыш зат ретінде қолданады. Одан кейін, процесс айналымдарды жинай бастайды да, бір кезде оны тоқтату қиын болады.
Жүйкені жарақаттайтын күшті себеп кезінде, еліткіштің әсері стресстерден уақытша кетуді ғана береді, кейін адам бәрі бір мәскүнемдік кезінде кеткен сол жағдайға қайта оралады. Осылай мәселелерден кетуге үміттеніп, әрдайым мөлшерін жоғарлатып, бұл еліткішті қайта- қайта қабылдауды қажет етеді.
Еліткіштің негізгі әсеріне сәйкес эмоционалды кернеуді алу және көңілдің жоғары фонын тудыру. Спиртті ішімдіктерді- мінездің психопатикалық қасиеттері бар, жан жарақатына қарсы туру мүмкіндіктері жетіспейтін, аса күмәншіл, көңілі үнемі төмен және үрейлі, жабысқақ күмән мен қорқыныш мейілмен адамдар жақсы қабылдайды.
Осындай адамдар маскүнемдiк тәуелдiлiкке өте қатты ұшырайды.
Сонымен қатар, мас жағдайда ұрықтандырылған балалар, әдетте, маскүнем және эпилепсиктер болады, ой және физикалық ауытқулар, Св. Витт биі байқалады.
Маскүнемдіктің симптомдары: бақылауды жоғалту, толеранттылықтың өзгеруі, абстинентті синдром, салынып iшулер, маскүнемдiк сана, ішкі ағзалар мен жүйкенің зақымдалуы, әлеуметтік деградация және т.б.
Маскүнемдік те қауіпті дерттің бірі. Оған қарсы алдын алу шараларының бірнеше бағытта жүргізілуі тектен-тек емес.

Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама

Қазіргі кезде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге душар етуі жағынан бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі дерт - рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда. Маскүнемдік - денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке салынған адамның рухани байлығы азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түріл қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар). Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады. Қалада болсын, ауылда болсын спирттік ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде. Осыншама дүкен, кафе, барлардың қажеттіліг бар ма? Олар кімге пайда, кімге зиян келтіруде. Олар біздің қоғамымызға соншалықты қажет пе? Мереке той жиындарда бірін-бірі ішімдік ішуге қинау, маскүнемдікке итермелеу деген сөз. Сөйтіп қуанышқа деп ішкен арақ ақырында қайғыға әкеп соқтырады. Ол біздің қазақ мұсылмандарына жат қылық. Сондықтан ішкілікке қарсы көпшілік болып бітіспес күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана өміріміз сәнді де мәнді бола түседі.
Бүгін ұлттық салауаттылық орталығының хабарлауынша өткен 10 жыл ішінде Қазақстанда маскүнемдер саны 5 есе өскен. Балалар арасында 10 есе өскен. Бүгінде Қазақстанда маскүнемдер саны 463 мың адам. Яғни жарты миллионға жуық. Жыл сайын арақтан 25-28 мың кісі өледі. Бір маскүнем белгілі болғандай 10 адамның өмірін улайды. Оны сан тіліне аударсақ, республикада бүгінгі таңда жақын жанының маскүнемдігінен зардап шегіп отырған 4 млн. кісі бар көрінеді.
Ішімдіктің зияныАрақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.Алкоголь нерв уы деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді.
Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды дәстүр халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.
Салауаттылық -- денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі -- арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен бо-лар едік. Бұл күндері сәнге айналып жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі план-тациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы -- осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру дәстүріне жол бермеу.
Өмір өлшемі -- салауаттық, салауаттық -- өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады.
Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу -- адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде
Маскүнемдіктін алдын алу шаралары
Ішімдік ішу және денсаулық
Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Маскүнемдік (алкоголизм) туралы
Ішімдік ол биологиялық у
Ішімдік
Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы
Алкогольдің адам ағзасына асері
Пәндер