Гальванизация. Электрофорез



I.Кіріспе
Гальванизация деген не ?
Электродтар дегеніміз ?

II.Негізгі бөлім
Дәрі.дәрмектік электрофорез
Электрофорез арқылы емдеу

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Ағзаға күші аз болатын тұрақты токпен әсер етіп, емдеу әдісі гальванизация деп аталады. Бұл тұрақты токтың ескі атымен, яғни гальваникалық ток есімімен байланысты.
Ағза ұлпаларына токтың алғашқы әсері ұлпаларда электролит иондарының және басқа да зарядталған бөлшектердің қозғалысымен байланысты. Иондардың бөлектенуі, соған сәйкес ұлпа кұрылымының әртүрлі элементтерінде иондар концентрациясының өзгеруі иондар қозғалғыштығының бірдей болмауы салдарынан, және де жартылай өткізгішті мембраналарда, ұлпа элементтерінде, жасушаның іші мен сыртында иондардың бөгеліп қалуы мен жинақталуының салдарынан болады. Бұл жасушаның функционалдық қызметінің өзгеруіне және ұлпаларда физиологиялық үрдістердің өзгеруіне әкеліп соғады. Тұрақты токтың терапевтік әсері осы құбылысқа байланысты. Ендеше ұлпа кұрылымдарында иондар концентрациясының өзгеруі адам ағзасына тұрақты токтың алғашқы әсер етуінің негізі болып табылады. Қозғалғыштығының әртүрлі болуынан, жартылай өткізгішті мембраналарда қабықшаның болуы салдарынан иондардың бөлінуі орындалады, соған сәйкес ұлпа кұрылымдарының әр элементтерінде иондар концентрациясы өзгереді.
П.П. Лазаревтің тітіркенудің иондық теориясына сәйкес қабықшаның екі жағындағы иондар концентрацияларының белгілі бір қатынасының бұзылуы жасушада қозу күйін тудырады, осы қозу электр тогының әсеріне жасушаның реакциясы болып табылады. Осы жағдайда бір валентті Na және К иондарының концентрациясының Са және Mg екі валентті иондарының концентрациясына қатынасының мәні зор.
1. Медицинская биофизика. Автор(ы): Н.И. Губанов, А.А. Утепбергенов
1979-2000 жж. медициналық биофизика

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: Гальванизация. Электрофорез

Орындаған:
Факультет:
Топ:
Курс:
Тексерген:

Жоспар:
I.Кіріспе
Гальванизация деген не ?
Электродтар дегеніміз ?
II.Негізгі бөлім
Дәрі-дәрмектік электрофорез
Электрофорез арқылы емдеу
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Гальванизация.
Ағзаға күші аз болатын тұрақты токпен әсер етіп, емдеу әдісі гальванизация деп аталады. Бұл тұрақты токтың ескі атымен, яғни гальваникалық ток есімімен байланысты.
Ағза ұлпаларына токтың алғашқы әсері ұлпаларда электролит иондарының және басқа да зарядталған бөлшектердің қозғалысымен байланысты. Иондардың бөлектенуі, соған сәйкес ұлпа кұрылымының әртүрлі элементтерінде иондар концентрациясының өзгеруі иондар қозғалғыштығының бірдей болмауы салдарынан, және де жартылай өткізгішті мембраналарда, ұлпа элементтерінде, жасушаның іші мен сыртында иондардың бөгеліп қалуы мен жинақталуының салдарынан болады. Бұл жасушаның функционалдық қызметінің өзгеруіне және ұлпаларда физиологиялық үрдістердің өзгеруіне әкеліп соғады. Тұрақты токтың терапевтік әсері осы құбылысқа байланысты. Ендеше ұлпа кұрылымдарында иондар концентрациясының өзгеруі адам ағзасына тұрақты токтың алғашқы әсер етуінің негізі болып табылады. Қозғалғыштығының әртүрлі болуынан, жартылай өткізгішті мембраналарда қабықшаның болуы салдарынан иондардың бөлінуі орындалады, соған сәйкес ұлпа кұрылымдарының әр элементтерінде иондар концентрациясы өзгереді.
П.П. Лазаревтің тітіркенудің иондық теориясына сәйкес қабықшаның екі жағындағы иондар концентрацияларының белгілі бір қатынасының бұзылуы жасушада қозу күйін тудырады, осы қозу электр тогының әсеріне жасушаның реакциясы болып табылады. Осы жағдайда бір валентті Na және К иондарының концентрациясының Са және Mg екі валентті иондарының концентрациясына қатынасының мәні зор.

Осы қатынастың артуы қозу реакциясын тудырады, ал кемуі тежелу реакциясын тудырады.
Токты тұйықтаған кезде, катодтың маңайында әсердің болуы қозғалғыштығы аса жоғары бір валентті иондардың, әсіресе К, Na иондарының концентрациясының артуымен байланысты, ал анод тұсында қозудың артуы нашар қозғалатын иондардың мөлшерімен байланысты,сол себепті анод жанында Са, Mg және т.б. екі валентті иондар мөлшері артық болады.
Гальванизация кезінде кернеуі 60-80 В, күші 5- 15 мА болатын, токтың тығыздығы 0,1 mАсм2 шамасынан артық болмайтын тұрақты ток ұлпаларға электродтардың көмегімен жіберіледі. Электродтар дегеніміз ток көзінің полюстерімен жалғанатын металл өткізгіштер. Электродтарды терінің бетіне тікелей орналастыруға болмайды. Өйткені электродтар бетінде ұлпалар құрамындағы хлорлы натрий, тер құрамындағы ас тұзы ерітінділерінің электролизі кезінде түзілген өнімдер теріні күйдіруі мүмкін. Ол үшін гигроскопиялық материалдан ( байка, фланельден) жасалған қалындығы 1 см-ден кем болмайтын, өлшемдері барлық периметрі бойынша металл пластинканың өлшемдерінен 1,5-2 см-ге артық болатын қалың төсеніштер қолданылады (сурет 6). Төсеніш сумен не әлсіз тұзды ерітіндімен дымқылданады. Ол электродтағы екінші ретті реакция өнімдерін өзіне сіңіреді.
Осы төсеніш электрод (2) астындағы адам терісінің бетіне қойылады. Төсеніш пен электрод дененің керекті жеріне тартқыштардың не созылмалы бинттердің (3) көмегімен нық орнатылады. Төсеніштер қайнату арқылы залалсыздандырылып, қайтадан қолданылады.
Науқас адамның дене бөлігіне тұрақты токпеп әсер ету үшін белгілі бір пішінді және өлшемді электродтар қолданылады. Электрод металл пластинкадан немесе токты жақсы өткізетін материалдан тұрады. Электродтар материалы ретінде қалайыланған қорғасын қолданылады. Бір жағынан ол жұмсақ, екінші жағынан ол ең нашар қозғалатын иондарды құрайды. Өйткені қорғасын иондары токтың пайда болуына қатынаспайды.
Электродтарды аппарат клеммаларына қосу үшін көп тарамды, оқшауланған сымдар колданылады.

Гальванизацияның емдік шарасын жүргізуді дайындау кезінде гидрофильді тесеніштерді ыстық крандағы сумен дымкылдап, оларды бірқалыпты сығып, көп тарамды сымдармен жалғанған ток өткізетін пластинкалармен бірге дененің әсер ететін бөлігіне орналастырады. Барлығын бірге созылмалы бинтпен байлап, құмы бар кішкене қапшықпен бастырып қояды. Төсеніштердің денеге нығыз және бірқалыпты орналасуы және ұлпаға электродтың металл бөлігінің тиіп кетпеу мүмкіндігі тиянақты тексерілу керек, сонымен бірге электрод астында терінің жарақатының, эпидермалы кабаттың басқа да бүлінуінің болмауын тексеру қажет
(терінің кішігірім ақауын мақта түйіршігімен немесе вазелині бар марлімен жауып қою керек).
Дененің бетіне тікелей орналастырылған электродтар арасындағы ағзаның жеке бөліктерінің электр өткізгіштігі тері мен тері асты қабатының кедергілеріне өте байланысты.
Ағза ішінде ток негізінен қантамырлары, лимфа тамырлары, бұлшықеттер, жүйке өзегі арқылы таралады. Терінің кедергісі терінің күйімен анықталады: қалыңдығымен, жасымен, ылғалдығымен және т.б. Электродтарды пациент денесінде көлденең, бойлай немесе қиғаш орналастыру қабылданған. Бір- біріне қарсы қойылған екі электродтардың шеттері арасындағы қашықтық осы электродтардың біреуінің енінен кіші болмау керек. Әдетте бірдей өлшемді электродтар қолданылады. Бірақ кейбір жағдайларда дененің белгілі бір бөлігіне токтың әсерін арттыру қажет болғанда осы бөлікке екінші электродпен салыстырғанда ауданы кіші электрод қойылады. Қолдың саусақтары мен табанның ұсақ буынды аймақтарына әсер ету кезінде жазық ванналар (бір не екі камералы) пайданылады. Осы кезде ваннаға батырылатын дененің металл электродпен кездейсоқ жанасуын болдырмау үшін металл электродты одан алысырақ болатындай етіп, ваннаға түсіреді. Ал екінші электрод науқастың қолына не аяғына, мойын- жауырынды аймаққа не омыртқа жотасының белдеме аймағына орналастырады.
Гальванизацияны жүргізу үшін Поток - 1 аппараты қолданылады. Гальванизация аппараты желіден қоректенетін реттелетін тұрақты ток көзі. Аппараттың меншікті қаңқасы мен алмалы- салмалы түбі бар. Аппараттың қаңқасы соққыға төзімді полистиролдан жасалған.

Миллиамперметр (1) аппарат қаңқасының сол жақ жоғарғы жағында орналасқан. Токты реттегіш тұтқасы (3) амперметрдің оң жағында, әрірек токтың диапазондарын ауыстырғыш пен миллиамперметрдің өлшеу шектерін ауыстырғыштар 5mA - 50mA (4), сигналдық жарық көзі (2), желімен ажыратқыш Вкл-Выкл (5), шығу ұяшықтары (6) + - қызыл тиек, - - қара тиек) орналасқан.
Ем шарасын жүргізер алдында желінің кедергісін қосқыштың дұрыс орнатылғанын тексеру керек. Желіден ажыратқышты Выкл жағдайына, диапазондарды ауыстырғышты 5 mA жағдайына, ал токты реттегіш тұтқасын 0-дік жағдайға ауыстыру керек. Желіге қосқышты қоректендіру желісіне қосу керек. Жалғағыш сымдарды шығу қысқыштарына қосып, осы қысқыштарға таңдап алынған электродтарды бекіту керек. Науқас адамның денесіне сумен не дәрі ерітіндісімен (дәрмектік электрофорезді жүргізу кезінде) дымқылдандырылған төсенішпен электродтар орналастырылады. Желілік кедергіні қосып (осы кезде басқару панеліндегі сигналдық жарық көзі жанады), реттегіштің тұтқасын баяу бұра отырып, токтың қажетті мәнін тағайындау керек. Ем шарасын бастағаннан кейін алғашқы минуттарда дененің кедергісінің біршама төмендейтінін есепке алу керек. Бұл токтың артуына әкеледі. Осы себеппен ем шарасының басында токтың шамасын бақылап отыру керек, қажет болған жағдайда оны реттеу керек.Токтың диапазонын азайту үшін токты реттегіш тұтқаны алдын- ала бастапқы жағдайға қою керек және пациенттен электродтарды алып тастау керек.Жұмыс барысында үзіліс жасағанда желіні ажыратқыш тұтқасын Выкл жағдайына ауыстырып, желілік қоректендіруді өшіру керек. Токты қосу 0-дік жағдайдан басталу керек және ол баяу, біртіндеп, ешбір рывков и толчоксыз арту керек. Өшіру де 0-ге дейін өте баяу орындалу керек. Ем шарасы аяқталған соң аппаратты өшіріп, сымдарды аппараттан ажырату керек.
Жалпы гальванизацияның емдік шарасы кезінде ванналар қолданылады. Олар сумен толтырылады және оларға науқастың аяқ- қолдары түсіріледі.
Егер барлық ағзада бір ионның мөлшерін арттыру керек болатын болса, онда төрт камералы ванна қолданылады.
Науқасқа берілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гальванизация және электрофорез әдістерін емдеуде қолданудың биофизикалық негіздері
Электротерапия
Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
ЖЖ, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтік техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтік техника
Дисперістік жүйелердің электрокинетикалық қасиеті
Физиотерапиялық емшаралардың түрлері
Ерітінділер қасиеттері
Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері
“Аса жоғары жиілікті және жоғары жиілікті токтардың медицинада пайдаланылуы”
Түрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері
Пәндер