Қазақ хандығы туралы ақпарат



Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Казак хандыгы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі
алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1
мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар
негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ
ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы
бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан
бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним)
бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ
территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген
ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон,
Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың
(сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар
антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге
жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және
антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі
процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі
аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап
айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық-
прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-
манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен
Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар.
Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің
қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар,
башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан
қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші
кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық
топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды
қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың
Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының
жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға
түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі
тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық
бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші
толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың
тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір
сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында
сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске
асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына
әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды.
Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда
сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды.
Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі
жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6
ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан
көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде ,
оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының
басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек,
қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына
енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды.
Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты
тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты
(756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.),
Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы
мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі
мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс
пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екінші мемлекет - ол оңтүстік,
оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл
мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі
халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның
қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған
наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі
әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың
(қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы
нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда
мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс
Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды.
Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі
15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың
арасындағы байланыс бұзылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды.
Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге
көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Қайта монғолдар түркіленіп кетті.
Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін
қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі
қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде)
бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде
сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім
хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты
шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың
құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда,
Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға
қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері
барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің
тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи
қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен
бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш
жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу,
оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс
Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына
үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан
мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында
қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың
төменгі жағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы.
Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете,
төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы- адай, алшын, жаппас, алаша,
байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама,
кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы
түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту
керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар
үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу
айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ"
атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" ,
кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы
Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз
басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ"
терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата
шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери
жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың
атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ"
деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында
"...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында
әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және
осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы
қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі
кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ
тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы
қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың
этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ"
атауы, этникалық маңызға ие болды.

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының
пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және
этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы,
көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың
тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2
жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы
хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында
Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен,
солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір
орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың
басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың
билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен
соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды
талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен
Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары
мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы -
Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457
ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан
өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз
жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға
кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті.
Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына
және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны
Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың
күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол
астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж.
Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас
өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі,
оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып
келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және
экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын
тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына
айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің
солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид
қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы
келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы,
ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың
дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің
жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының
құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан
кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында
Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы
тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты.
Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын
күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар
Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты
билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен
кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың
мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен
Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне
ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың
маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз
құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық
сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны
(Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып
алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы
Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-
ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары
үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын
билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс
Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ,
Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы
өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті
Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге
мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана
отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және
этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол
астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп,
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы.
Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп,
үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана
бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз
тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында
қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік
құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра
қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас,
Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы,
Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс
болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шейбани ханмен қақтығыс
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) - Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
XV – XVI ғғ Қазақ хандығы
ХYI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы және көрші мемлекеттер
Қазақ хандығының пайда болуы
Қадырғали би Жалайыри
Пәндер