Мүлікті сенімгерлікпен басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

1. Мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы жалпы ережелер ... ... ... 6
2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Мүлікті сенімгерлікпен басқару түсінігі тікелей заңнамадан туындайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары әрекет етуші азаматтық заңнамда ҚР АК 44 –тарауының нормаларымен реттеледі. Ол «мүлікті сенімгерлікпен басқару» 883- 894 – баптар.
Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты жекелеген нормалар бар. Мәселен, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы. Бұл заң ақшамен сенімгерлік трасталық операцияларды жасау мүмкіндігін көздейді Қазақстан Республикасының 17 сәуір 1995 жылғы Заңы аталған қызметті лицензиялауды көздейді.
Жергілікті нормалар Қазақстан Республикасының 20 маусым 1997 жылғы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасызету туралы» Заңында бар. Зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі қызмет те лицензиялауға жатады. Қазақстан Республикасының 21 қаңтар 1997 жылғы «Банкроттық туралы» Заңы да мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты. Сенімгерлікпен басқару туралы нормалар Қазақстан Республикасының өзге де заңды актілерінде бар.
Заңға сәйкес нормативтік актілер де бар. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекелендіру Департаментінің 22 қазан 1998 жылғы қаулысымен бекітілген, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлікпен басқаруға беру ережелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 қаңтр 2000 жылғы 99 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беру тәртібі туралы ережелер және т.б. әрекет етеді.
1. Жанайдарова С. Метод правового управления регулирования института доверительного правления имуществом // Юридическая газета – 19 января 2000 года
2. Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть). Комментарий / Отв. Ред. М.К.Сулейменов., Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті Жарғы 2000 – 47 б.
3.Жанайдаров И.У. Доверительное управление имуществом в проекте гражданского кодекса // Актуальное вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан Практика его применения. Материалы семинаров – Алматы : Әділет пресс, 1996 – 118.
4.Жанайдаров И.У. Аталған жұмыс. 118-119 б
5.Жанайдарова С. Метол правого управления регулирования института доверительного управления имуществом // Юридическая газета 19 января 2000 г.
6. Гражданское право. Учебник Часть 2 // Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого – М: Проспект, 1997 – С.583.
7.Гражданское право. Учебник // Под ред. А.С.Сергеева, Ю.К.Толстого – М. Проспект 1997 – С. 583 , 584.
8.Гражданский кодекс Республики Казахстан (особенная часть) Комментарий . Отв ред. М.К. Сулейменов., Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті Жарғы 2000
9.Вещные права в Республике Казахстан / Отв. Ред. Член корреспондент Академии наук Республики Казахстан. д.ю.н. М.К. Сулейменов. Алматы : Жеті Жарғы 1999
10.КР Гражданское право. Жайлин Г.А.
11.Советское гражданское право. Учебник –М.Юрид. лит. 1980 .Т 2. Стр 349
12.Ашулов А.Т., Жайлин Г.А. Аталған жұмыс 105 бет
13.Гражданский кодекс Республики Казахстан. Толкование и комментирование. Общая часть. Вып. 2 –Алматы: Баспа 1997 – Стр 95
14.Гражданское право Республики Казахстан. (под ред. Тулеуғалиева Г.и., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Алматы 1999 г
15.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық. Алматы
16.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж, Ерекше бөлім 1999 ж 1 шілде

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі.

Кафедра : Заң пәндер.

Тақырыбы: Мүлікті сенімгерлікпен басқару.

Орындаған:
Қабылдаған:

Шымкент қаласы.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім

1. Мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы жалпы ережелер ... ... ... 6

2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28

Кіріспе.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару түсінігі тікелей заңнамадан
туындайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары әрекет етуші
азаматтық заңнамда ҚР АК 44 –тарауының нормаларымен реттеледі. Ол мүлікті
сенімгерлікпен басқару 883- 894 – баптар.
Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты
жекелеген нормалар бар. Мәселен, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы. Бұл
заң ақшамен сенімгерлік трасталық операцияларды жасау мүмкіндігін көздейді
Қазақстан Республикасының 17 сәуір 1995 жылғы Заңы аталған қызметті
лицензиялауды көздейді.
Жергілікті нормалар Қазақстан Республикасының 20 маусым 1997 жылғы
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасызету туралы Заңында бар.
Зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі қызмет те лицензиялауға жатады.
Қазақстан Республикасының 21 қаңтар 1997 жылғы Банкроттық туралы Заңы да
мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты. Сенімгерлікпен басқару туралы
нормалар Қазақстан Республикасының өзге де заңды актілерінде бар.
Заңға сәйкес нормативтік актілер де бар. Мәселен, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекелендіру
Департаментінің 22 қазан 1998 жылғы қаулысымен бекітілген, кәсіпорындар мен
акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлікпен
басқаруға беру ережелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 қаңтр 2000
жылғы 99 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мүлкін
сенімгерлікпен басқаруға беру тәртібі туралы ережелер және т.б. әрекет
етеді.
Сенімгерлікпен басқару міндеттемелік құқықтық қатынастарының аясында
сенімгер басқарушы, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе.
Өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мүлікті пайда
алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Заңнамалық анықтама сенімгерлікпен басқарудың мазмұнын толық қамтымаған.
Сенімгер басқарушының өкілеттігі мүлікті иелену, пайдалану және билеу
жөніндегі құқықтарды жүзеге асыруға әкелмейді. Басқаша айтсақ, сенімгер
басқарушы сенімгерлікпен басқару осы құқықтарды оның иесі үшін жүзеге
асыруды білдіреді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі үшін оның құқықтарын,
сондай – ақ мүліктің осы түрімен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды
білдіретін жағдайлар орын алуы мүмкін.
Сенімгерлікпен басқарудың тағы бір ерекшелігі болып мүлікті қолайлы
түрде жүзеге асыру үшін сенімгер басқарушының бар күш – жігерін салуы
табылады. Бұл, сенімгерлікпен басқару негізінен құқық иеленушісінде мүлікті
тиімді түрде пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімдердің жетіспеушілігі
немесе болмауының орнын толтыру мақсатында құрылатындығымен түсіндіріледі.
Сенімгерлікпен басқару кезінде жалпы алғанда қандай да бір іс - әрекеттерді
жасауға нақты тапсырма болмайды. Меншік иесі немесе өзгенің құқығын
иеленуші сенімгерлікаен басқаруды құрудың жалпы мақсаттарын ғана белгілей
алады. Дәл солар сенімгер басқарушы үшін белгілі бір сомада басшылыққа
алатын нұсқау болады.
Жалпы, сенімгерлікпен басқаруды шарттан немесе заңнамамен көзделген
өзге де негізден туындайтын құқықтық қатынастардың кешені ретінде анықтауға
болады. Аталған құқықтық қатынастар бір субъектінің құқықтарын басқа
субъектімен өз атынан, бірақ біріншіснің мүдделері үшін жүзеге асыруға
бағытталған.
Әрекет етуші заңнамаға сәйкес сенімгерлікпен басқару мыналардың негізінде
пайда болады:
1)мәміле, сенімгерлікпен басқару, бұл туралы екі және одан да көп
тұлғалардың келісімі болатын, шарт бойынша және біржақты мәміле мәселен,
өсеитті орындаушы тағайындалған өсиет бойынша пайда болады.
2)сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар ошарсыз кеткен
немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне қорғаншылық
белгіленген кезде және заң актілерінде көделген басқа да жағдайларда);
3)әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне
қорғаншылық белгіленген, кәсіпкер мемлекеттік қызметке кірген кезде және
заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда).

1.Мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы жалпы ережелер.
Сенімгерлік пен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың
тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды.
Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзалар мен
ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың
мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған. Фараондардың мүлкін
және олардың балаларын көне египеттік шіркеулердің абыздары, яғни монархқа
жақын адамдар басқарған.
Сенімгерлікпен басқару идеясы, құқықтың бір затқа бөлуіне байланысты
(мысалы, супервация мен энфитевзис кезінде) рим құқығында нақтырақ көрініс
табады. Бертін келе ол англо – американдық құқық жүйесімен қабылданған
болатын.
Қазақстан Республикасының Жаңа Азаматтық кодексін қабылданғанға дейін
мүлікті сенімгерлік негізінде басқару қатынастарына аталас қатынастар да
болған. Мысалы, бұл хабарошарсыз кеткен деп танылған тұлғаның мүлкіне,
мұралық мүлікке белгіленетін қамқоршылық жағдайларына қатысты. Сонымен
бірге, оларды құқықтық реттеу тәжірибе жүзінде болмады. Осы және осыған
ұқсас кейбір басқа қатысушылардың құқықтық мәнісі нақтыланбаған болатын.
Мүлікті оның меншік иесімен басқа тұлғаның беруді қамтамасыз ете
алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажеттілігі жеке меншіктің,
сондай – ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттікке қарама – қайшы жеке
нысанының қалыптасуымен пайда болды.
Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің,
комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне
қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген
потенциалды қажеттілікті анықтады.
Меншіктің жеке және мемлекеттік нысандарын бекіту, мемлекеттік
экономиканың ішкі тұйық жүйесіндегі қатынастарға қолданылатын оралымды
басқару мен шаруашылық жүргізу, мемлекеттік меншік жеке тұлғалардың қолына
берілуге тиіс болатын қатынастарды бірдей реттей алмайтындыққа алып келеді.
Оларды беру қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болар еді. Ол мүлікті
жеке меншікке түпкілікті және қайтарусыз беру туралы шешім қабылдау кезінде
аралық кезең рөлін атқара алады. Сенімгерлікпен басқару меншіктің
мемлекеттік нысанына негізделген шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі
кезінде сөзсіз туындайтын шығындарды өтеуге қабілетті. Мәселен, ол
кәсіпорын қызметін оңтайлы және өтеуге қабілетті. Мәселен, ол кәсіпорын
қызметін оңтайлы және сауатты басқару үшін құрылуы мүмкін.
Аталған себептердің салдарынан базалық жүйелерді – сенімгерлікпен
басқарудың римдік құқықтық түп тұлғаларын және англо – американдық
трастсенімгерлік меншік институтын талдаудан алынған элементтерді құрастыру
жүріп жатты.
И.У.Жанайдаров біздің заңнамада сенімгерлік меншік институтының пайда
болуын кездейсоқтық дейді. Сенімгерлікпен басқару ұзақ мерзімді ғылыми
ізденулермен дайындалмады, лоббирленген жоқ. Алайда азаматтық құқықтың
осындай институтына деген объективті қажеттіліктердің болуы күмән
келтірмейді. Реттелуі сенімгерлікпен басқару құқығынсыз мүмкін емес болатын
салалар да тез айқындала түсті.
И.У.Жанайдаров біздің заңнамамызда мүлікті менімгерлікпен басқару
институтының пайда болуын үш жағдаймен түсіндіреді. Біріншісі, нарықтық
экономикаға өтеумен оралымды басқару құқығы және КСРО – ның құлау кезеңіне
жақын шаруашылық жүргізу құқығының бұрынғы құрылымы нарықтық ережелерге
сыйыспайтын, біршама ескерген боп көріне бастауына қатысты. Соның
салдарынан, сол кездегі кеңестік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін басқа
елдердің мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтық мәртебелерімен салыстырмалы
құқықтық зерттеу жүргізілген болатын. Назарға англо – американдық траст
ілінді, бірақ таза күйінде ол Қазақстан Республикасы мен кейбір ТМД
елдерінің, соның ішінде Ресейдің, жағдайларына қолайлы емес болып көрінеді.
Басқа бір себеп болып жоғарыда аталған шарттық институттарға тиесілі
бірқатар қатынастардың реттелмегендігі табылады. Нәтижесінде,
сенімгерлікпен басқарудың әрекет етуші құқығының мазмұнына бара – бар
экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді іздеудің катализаторы болып
белгілі бір шамада Ресей Федерациясының заңнамасының дамуы және ресейлік
авторлардың тиісті теориялық ізденістері табиғатын атап өткен жөн.
Сенімгерлікпен басқару құқығы жоғарыда атап өткеніміздей, Ресейді
сондай – ақ Қырғызстан мен кейбір басқа елдерді қоспағанда басқа
мемлекеттерде тікелей аналогтарға ие емес. Яғни, ол жаңа және сонымен қатар
құқықтық қатынастардың мүлдем ерекше түрі болып табылады. Оған кеңестік
азаматтық құқықтың дәстүрлері мен орлымды басқару мен шаруашылық жүргізуі
құқығының сол кездегі түсініктері ықпал еткені сөзсіз. Пост кеңестік
мемлекеттер бас тартқан сенімгерлік меншігінің құрылымы континентальдық
жүйеге қайшы келмейді, алайда мұндай қарама қайшылық сенімгерлік меншігін
жоққа шығарудың негізгі себебі ретінде жиі айтылатын болған. Рим құқығында
меншік құқығын беретін және бермейтін сенімгерлік мәмілелері ажыратылатын.
Сірә, нарықтық қалыптасуы, қоғамда жеке құқықтық категорияларды
қабылдаудың төмен деңгейі, азаматтардың заңға бағыныштылығы жағдайларында
сенімгерлік меншік институтын енгізу асығыстық, уақыт талабына сай
келмейтін шешім болары айқын еді. Болашақта, әрине, егер назар аударуға
тұрарлық сенімгерлікпен басқару құрылымымен қатар сенімгерлік меншік
құрылымы да өмір сүрсе, құқықтық палитра елеулі түрде молая түседі. Бұл
орайда оның қолданылу аялары, сенімгерлікпен басқару мен сенімгерлік
меншікті ажырату белгілері және т.б. нақты белгіленуге тиіс. Мәселен,
сенімгерлікпен басқарудың объектісі болып тек заттар ғана табылмайды, ал
сенімгерлік меншік деген термин оның объектілері ретінде логикалық түрде
заттарды анықтайтын болады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік
– оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық
қатынастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса,
сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның құрамында шартқа негізделген
сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен
басқару элементтерінің болуымен күрделендірілген.
Оның құрылымының (ала – құлалығы бұл институттың тәжіриюелік маңыздылығын
әсте жоққа шығармайды. Ол мәнісі бойынша жақын, бірақ өмірдің әртүрлі
аясында және әртүрлі объектілер бойынша пайда болмаған қатынастардың кең
ауқымды спектрін біріктіре алды.
Сенімгерлікпен басқару қатынастарының түріне ерекшелік туралы айтқанда
біз мұны белгілі бір шамада шартты түрде жасаймыз. Жоғарыда айтқанымыздай
шарттан бір уақытта заттық та міндеттемелік те, авторлық та құқықтық
қатынастар пайда болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сол бір немесе өзге
жағдайларда мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттеменің
біртұтас, яғни объективтік құқық мағынасындағы мазмұнын ескермеуге
болмайды.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару және мүлікті сенімгерлікпен басқару
шарты деген түсініктер бар. Біріншісі екнішісіне қарағанда кең ауқымды,
өтйкені ол сенімгерлікпен басқарудың шарттан басқа, өзге де негіздер
бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды.
Сенімгерлікпен басқрау қатыгнастары заң нұсқауына орай, яғни сот шешімі
немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес
көрінеді. Бұл субъективизацияның есебінен құқықтық қатынастардың
қатысушыларына, сол бір немесе өзге құқықтық қатынастарға тұсе отырып
өздерігің алдына қойған мақсаттарында қол еткізуге барынша мүмкіндік
беретін жеке құқықтық реттеудің мүмкіндіуктерін елеулі түрде төмендетеді.
Сенімгерлікпен басқару қатынастарының пайда ьолуының құқықтық
негізінің болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары
субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару
бойынша ауырпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құқықтық жағдайда
бірдей қалыптаса алатындығы тұрғысынан қарағанда заға сүйену онша сенімді
емес. Мысалы егер тиісті қатынастар бастапқыда шарттан туындамайтын болса
да, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарын бекітудің тәжірибелік
механизмі қажет.
Қалай болғанда да заңнамада жалпылама талаптардың болуы пайдасына
сенімгерлікпен басқару құрылатын меншік иесі мен субъект мүдделерінің
белгілі бір кепілдігі болып табылады. Белгілі бір сәттерде сенімгерлікпен
басқару қатынастарын реттейтін нормалар сенімгерлікпен басқаруды жүзеге
асыратын тұлғаның да мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Жалпы, сенімгерлікпен басқару не мәміледен , не әкімшілік акт пен сот
шешімін және мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын қамтитын аралас негізден
туындайды деп бекіткен жөн.

2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына қатысатындар:
мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы, мүлікті басқаратын сенімгер
басқарушы және пайдаланушы.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ретінде заттардың
меншік иесі, сондай – ақ оларға деген өзге де заттық құқықтарды иеленуші,
мысалы жер пайдаланушы, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті
құзыретті орган бола алады.
Сенімгер басқарушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе
құқықтарына қатысты сенімгерлікпен басқару құрылған өзге де субъектінің
құқықтарын жүзеге асыратын субъект болып табылады.Егер заң пктілерінде
өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенімгер басқарушы бола алады. Яғни,
кәсіпкер де кәсіпкер емес те жеке тұлғалар, коммерциялық және коммерциялық
емес заңды тұлғалар. Егер мүлікті басқару кәсіпкерлік қызметі жүзеге
асыруды талап етсе, онда аталған субъектілер кәсіпкерліктің көзделген
режимін сақтауға міндетті болады. Сенімгер басқарушысының тағайындау қалай
жүзеге асатынына қарамастан оның келісімі талап етіледі. Сенімгер
басқарушысының келісімінсіз одан талап етілетін іс - әрекеттерді жасауға
әрқашан да бір жақты емес екенін атап өткіміз келіп отыр.
Кейбір жағдайларда сенімгер басқарушы өзінің және сенімгерлікпен
басқару құрылтайшысының арасында ерекше жеке сенімгерлік қатынастардың
болуына байланысты тағайындалады. Бұл мысалға, өсиет алушыны тағайындау
кезінде орын алуы мүмкін. Мұндай мотивация мүлікті сенімгерлікпен басқару
шартында да болуы мүмкін. Бірақ, шарт бойынша сенімгерлікпен басқау
құрылтайшысы мүлікті сенімгер басқарушының іскерлік қасиеттеріне арқа
сүйетіні жоққа шығарылмайды, сол кезде оның таңдауы осы субъектілер
арасында жеке сенімгерлік қатынастардың болуымен шартталмайды.
Пайда алушы – мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын субъект.
Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам. Соның ішінде мемлекет
немесе әкімшілік аумақтық бөлініс пайда бола алады. Жалпы ереже бойынша
мүлікті сенімгерлікпен басқару құқықтарды иеленуші де болып табылатындығы
білдіреді. Заң актілерімен немесе шартпен көзделген жағдайларда пайда алушы
болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысынан басқа да тұлға табылады. Бұл
әрекетке қабілетсіз, бірқатар жағдайларда қорғаншылық пен қамқорлық
органымен сенімгерлікпен басқаруды құру кезінде орын алады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері. Кез келген мүлік мүлікті
сенімгерлікпен басқару объектісі бола алады. Яғни ол жылжымалы және
жылжымайтын мүлікке тарала алады. Сенімгерлікпен басқару объектілері –
заттар бір тектес және анықталған бола алады.
Сенімгерлікпен басқарудың объектісі ретінде мүліктік құқықтар туралы
сөз қозғайтын болсақ, онда олар әдетте, интелектуалдық меншік объектілері
жөнінде туындайтын абсолютті мүліктік құқықтар, жер пайдалану құқығы және
т.б. болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруға өзге де мүліктік құқықтарды,
соның ішінде жалған алу құқығын беру жоққа шығарылмайды. Салыстырмалы
мүліктік құқықтарды беру іс жүзінде қиындатылған, өйткені салыстырмалы
құқықтың өтуі борышта аудару мен талап етуді беру ережелері бойынша
міндеттемелік қатынастар аясында жүзеге асырылуға тиіс және борышқор бір
уақытта салыстырмалы мүліктік құқықты сенімгерлікпен басқаруға беруге
ниеттенген тұлғанң несие берушісі де болып табылуы мүмкін. Бірақ
салыстырмалы мүліктік құқықтар кәсіпорынның – мүліктік кшенінің құрамында
да өтуі мүмкін.
Сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүлік өз алдына жеке есепке
алынады. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті өзіне меншік құқығы
шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде тиесілі мүліктен
бөліп қоюға міндетті.
Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында кіріс, өнім, өсім
және т.б. түрінде сенімгер басқарушы иеленген және алынғандар сенім
тапсырылған мүлік құрамына енгізіледі.
Заңнама сенімгерлікпен басқару объектілерінің ерекше режимін белгілей
отырып мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарын белгілі бір шамада
тұрақтандырады. Мәселен, мұра қалдырушының борыштарын несие берушілермен
өндіріп алу, сондай – ақ осы тұлғаның төлеуге шамасы жоқ жағдайларын
қоспағанда. Құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруға берген мүлкіне оның
борыштары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді. Құрылтайшының банкроттығы
орын алған кезде оның мүлкін сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және ол
конкурстық массаға енгізіледі. Яғни бұл ерекшеліктер кәсіпкерлердің, жеке
және заңды тұлғалардың мүліктерін сенімгерлікпен басқаруға беру
жағдайларына қатысты болып шығады. Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен
басқаруға беру де кепілге ұстаушыны осы мүлікті өндіріп алу құқығынан
айырмайды.

3.Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап екінші тарапқа
мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған
тұлғаның мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Жоғарыда айтылғанға сүйенетін болсақ, сенімгерлікпен басқару шарты бұл
сенімгер басқарушы құқықтарының өзіне тән жиынтығын белгілеуге және сонымен
қатар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының еркін ескеруге бағытталған
салыстырмалы құқықтық қатынас. Сенімгерлікпен басқарудың мақсаты мүліктен
кіріс, алу, мүлікті ұлғайту немесе мүлікті тиісті күйінде ұстап тұру ғана
болуы мүмкін.
Шарт әрине, сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі
болып табылады. Ол құқықұқа қайшыларын қоспағанда, кез келген талап тілекке
сүйене отырып құрыла алады және іс жүзінде меншік меншік иесінің нмесе өзге
құұқық иесі құқықтарының барлық көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол
аралас шарттық институттар - тапсырма шарттары мен коммисия шартынан
осыған ұатысты ерекшеленеді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі құқықтарын
жүзеге асыруды әрқашан да көздемейтінін ескерген жөн. Мысалы, мүлікті
қамқоршыға беру кезінде, оған қамқорға алынғандар кәмелеттік жасқа толғанға
дейін мүлікті сақтау міндеті жүктеледі.
Осы тұста Ресей Федерациясының азаматтық құқық бойынша оқулық
әдебиетінде сенімгерлікпен басқару қатынастарының оралымды басқару мен
шаруашылық жүргізудің заттық құқықтық қатынастарынан ерекшелігі туралы да
айтылатындығын ескерте кеткен жөн сияқты. Ресейлік авторлар мүлікті
оралымды басқару мен шаруашылық табиғатын мойындайотырып, мүлікті
сенімгерлікпен басқару құқығы негізінде иеленуде мойындай отырып, мүлікті
сенімгерлікпен басқару құқығы негізінде иеленуде мұны жоққа шығарады. Бірақ
бұл орай Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында
сенімгерлікпен басқару құқығының заттық құқықтарға жатқызылатындығы туралы
пікір тұрақтанған. Осы көзқарас негіздірек боп көрінеді. Мұндай түсінік өз
кезегінде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын бекіту сәтінде тараптар
еркінің мазмұны туралы көзқарасты және міндеттеменің мәнісіне сүйене отырып
анықталатын шартта тікелей көзделмеген, олардың құқықтары мен міндеттерін,
одан әрі бөлуді біршама өзгертеді.
Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен міндеттер мүлікті
сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып
табылады.
Сенімгерлікпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын
түрлендіруге мүмкіндік береді. Сенімгер басқарушы мүлікке деген құқықтарды
иеленушінің атынан шығатын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын, сондай –
ақ сенімгер басқарушы өз атынан іс - әрекет ететін шартты бекітуге болады.
Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының атынан іс
- әрекет ететін кезде, әрине, мүлікті сенімгерлікпен басқару
құрылтайшысының атынан іс - әрекет ететін кезде, әрине, онда мүлікке деген
заттық құқықтардың пайда болуы туралы айтуға болмайды.
Оны бекітудің жағдайы мен тараптардың ішкі өзара қарым қатынастарына
қарай сенімгерлікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін.
Сыйақы мөлшері бұл орайда шарттың өзімен анықталуға тиіс. Өтйкені мүлікті
сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайлары сенімгер басқарушы қызметінің
әсері және оны анықтау белгілері әрбір жеке жағдайда әртүрлі болады. Алайда
егер сыйақы мөлшері мысалы сонда да шартпен анықталмаған болса, онда олар
назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделеріне сүйене отырып анықталтын
болады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады,
өйткені онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі
міндеттері көзделген болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз
шарты әдеттегідей бір жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер
бьасқарушыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ШАРТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау туралы
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теориялық негіздері
Мүлікті сенімгерлікпен басқару ұғымы
Қаржы дағдарысы жағдайында коммерциялық банк сенімділігін бағалау және басқару
Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Көлік құралдар салығы
Корпоративтік табыс салығын төлеушілер
Пәндер