Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы



Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау
Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы

ІІ тарау
Жергілікті диалектілерді зерттеудегі қазақ диалегтологтарының еңбектері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Тіл халықтың өшпес мұрасы, ұлттың жаны, өмір сүруінің негізгі кілті.
Әр халықтың өзінің тілі бар, ділі бар. Тіл өзінің жасалуымен, дамуымен,
қарыштауымен ерекшеленеді.
Тіл уақыттар бойы дәуірлеп, өзінің кемеліне келген халықтың пікір алысу,
өмір сүруінің негізгі ортақ құралы, асыл қазынасы.
Қазақ тілінің пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жалпы түркі тектес тілдердің даму қалыптасу дәуірімен тікелей байланысты.
«Қылышынан қан тамғандай»-демекші қазақы тіліміздің өн бойынан май
тамады. Шұрайлы да шуақты тіліміздің қоры ол біздің байлығымыз, асыл
сөзіміз.
Тіл халықтың тарихы, шежіресі, кешегісі мен бүгінгісі, халықтың күллі
өмірінің жиынтығы, жасаушысы.
Қазақ тілінің құдіретілігі мен байлығында шек жоқ. Халық тілінің
ортақ формасы – әдеби тіл екені белгілі.
Әдеби тіл дегеніміз – өзіндік белгілі бір жүйеге түсіп, орныққан,
жалпыхалыққа түсінікті, халықтың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тіл.
Ал халық тілі деп атап отырған тіл де бұл сияқты ел-жұрттың бәріне бірдей
міндетті норма болмайды. Ендеше біз бұларды тілде жергілікті ерекшеліктер
деп атаймыз. Ол жалпы халықтық тіліміздің бір ғана аймағына тән тілдік
көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл арнасымен
жалғасып жатады да, кейбір лексикалық, фонетикалық, грамматикалық
ерекшеліктері жағынан ажырап тұрады. Өзінің аймақтық қолданылу
шекарасы мен сол жергілікті халықтарының сөйлеу ерекшеліктері бар түрлі
кәсібі мен шаруашылық атауларына байланысты әдеби тілден басқаша
айтылатын жергілікті сөздері бар, өзінің ерекше грамматикалық
формаларынан құралған сөздер.
Сонымен диалект – жалпыхалықтық сипаты жоқ белглілі бір аймақта
қолданылатын жергілікті тілдік ерекшеліктері бар территория.
Жалпы тіл ғылымында диалектологияның орны, тіліміздегі қызметі, әдеби
асыл қазыеалы тілімізді байытудағы ролі өте ерекше деп айтуға әбден
болады. Қандай тілдің болмасын өзінің жергілікті ерекшеліктерінен бастап,
тілдің ең жетілген, сұрыпталған жоғары түрі жалпыхалықтық әдеби тілге
дейін дамып, қалыптасып отырды.
Тіліміздегі диалектизмдер арқылы халықтардың тарихын, тұрмыс-
тіршілігін, тілдік ерекшеліктерін т.б.толық байқаймыз.
Тілімізде диалектизмдердің болуы да бұл заңды құбылыс, кез-келген
тілдің диалектизмдері сол тілдің тарихына, салт-дәстүріне, халықтардың
мәдени-табиғи өмір сүру заңдылықтарына, кәсіби-шаруашылық тұрмысына,
жалпы қоғамдық даму жайына байланысты болады.
1.Диалектологиялық сөздік. Ғ. Әнес, А. Үдербаев. Алматы, «Арыс» - 2007 жыл. 800 бет
2.Ә. Нұрмағамбетов. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. Алматы, «Мектеп» - 1985 жыл
3.Қазақ тілі. Энциклопедия. Қазақстан даму институты.
4.Қазақ тілінің диалектологиясы. Ж. Мұхамбетов. Алматы, «Қазақ университеті» - 2006 жыл
5.Ж. Досқараев. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері туралы. Қазақстан мұғалімі, 1958, 27 ақпан, №9
6.Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясының кейбір мәселелері. Алматы, 1974, 48 б.
7. Т. Айдаров. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы, 1975 жыл
8. Қ. Қалабаева. Қазақ тілінің диалектілік фразеологиялық сөздігі. Алматы, 2001
9. Ж. Досқараев. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. ІІ бөлім. Алматы, 1955 жыл
10. Ә. Ермеков. Қазақ тіліндегі «диалектілер» деген мәселе жөнінде. – халық мұғалімі, 1952 жыл, №4
11. Н. Сауранбаев. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері.Мақалалар жинағы. Алматы, 1960 жыл
12. Ғ. Қалиев. Қазақ диалектологиясын зерттеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1975 жыл

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Р Е Ф Е Р А Т

Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау

Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы

ІІ тарау

Жергілікті диалектілерді зерттеудегі қазақ диалегтологтарының еңбектері

Қорытынды

Кіріспе

Тіл халықтың өшпес мұрасы, ұлттың жаны, өмір сүруінің негізгі кілті.
Әр халықтың өзінің тілі бар, ділі бар. Тіл өзінің жасалуымен, дамуымен,
қарыштауымен ерекшеленеді.
Тіл уақыттар бойы дәуірлеп, өзінің кемеліне келген халықтың пікір
алысу,
өмір сүруінің негізгі ортақ құралы, асыл қазынасы.
Қазақ тілінің пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жалпы түркі тектес
тілдердің даму қалыптасу дәуірімен тікелей байланысты.
Қылышынан қан тамғандай-демекші қазақы тіліміздің өн бойынан май
тамады. Шұрайлы да шуақты тіліміздің қоры ол біздің байлығымыз, асыл
сөзіміз.
Тіл халықтың тарихы, шежіресі, кешегісі мен бүгінгісі, халықтың күллі
өмірінің жиынтығы, жасаушысы.
Қазақ тілінің құдіретілігі мен байлығында шек жоқ. Халық тілінің
ортақ формасы – әдеби тіл екені белгілі.
Әдеби тіл дегеніміз – өзіндік белгілі бір жүйеге түсіп, орныққан,
жалпыхалыққа түсінікті, халықтың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тіл.
Ал халық тілі деп атап отырған тіл де бұл сияқты ел-жұрттың бәріне бірдей
міндетті норма болмайды. Ендеше біз бұларды тілде жергілікті ерекшеліктер
деп атаймыз. Ол жалпы халықтық тіліміздің бір ғана аймағына тән тілдік
көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл арнасымен
жалғасып жатады да, кейбір лексикалық, фонетикалық, грамматикалық
ерекшеліктері жағынан ажырап тұрады. Өзінің аймақтық қолданылу
шекарасы мен сол жергілікті халықтарының сөйлеу ерекшеліктері бар түрлі
кәсібі мен шаруашылық атауларына байланысты әдеби тілден басқаша
айтылатын жергілікті сөздері бар, өзінің ерекше грамматикалық
формаларынан құралған сөздер.
Сонымен диалект – жалпыхалықтық сипаты жоқ белглілі бір аймақта
қолданылатын жергілікті тілдік ерекшеліктері бар территория.
Жалпы тіл ғылымында диалектологияның орны, тіліміздегі қызметі, әдеби
асыл қазыеалы тілімізді байытудағы ролі өте ерекше деп айтуға әбден
болады. Қандай тілдің болмасын өзінің жергілікті ерекшеліктерінен бастап,
тілдің ең жетілген, сұрыпталған жоғары түрі жалпыхалықтық әдеби тілге
дейін дамып, қалыптасып отырды.
Тіліміздегі диалектизмдер арқылы халықтардың тарихын, тұрмыс-
тіршілігін, тілдік ерекшеліктерін т.б.толық байқаймыз.
Тілімізде диалектизмдердің болуы да бұл заңды құбылыс, кез-келген
тілдің диалектизмдері сол тілдің тарихына, салт-дәстүріне, халықтардың
мәдени-табиғи өмір сүру заңдылықтарына, кәсіби-шаруашылық тұрмысына,
жалпы қоғамдық даму жайына байланысты болады.

І тарау

Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы

Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан,
жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар
түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері
көптеп ұшырасады. Мұндай сөз жергілікті ерекшеліктер деп аталады. Оны тіл
білімінің арнаулы саласы – диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-
жақты зертейді.
Диалектология – қазақ тілінің неше алуан сан-сырлы байлығын сараптап,
дамытуда және тілдің даму тарихынан қажеті деректер беруде, әдеби тілімізді
көркейтіп, байытуда сарқылмас арна екендігі ғылыми түрде
дәлелденген ілім.
Әлемдік ғылым тәжірибесіне көз салсақ, қай-қай тіл білімі үшін
болмасын жазба мәдениетке елеулі үлес қосып отырған ондаған іргелі елдің
жазу-сызуы, олардың кемелденген әдеби тілі, толымды саналатын нормалық
қағидаттары әрі дегенде осыдан 200-300 жыл бұрын ғана қалыптасқан. Оған
дейін аталмыш елдердің жер-суы жеке-жеке қожалық, иеліктерге бөлініп,
тамыры бір туыстас тілдері де айырым-өзгешелегі мол диалектілерге жіктеліп
жатты. Территориялық тұтасу, орталықтанған мемлекеттіліктің болуы ғана
олардың тілдік бірегейленуіне, ұлт болып ұйысуларына, ортақ әдеби
тілдерінің қалыптасуына аса маңызды түрткіжайт. Көптеген диалектілердің
арасынан біреуі көсем шығып, бүгінгі әлемді қаратқан әдеби тілдерге негіз,
іргетас бола алады. Бүгінгі орыс әдеби тілі мәскеу диалектісінің негізінде
қалыптасса, қазіргі ағылшын тілінде – лондон, француз тіліне – париж, неміс
тіліне – батыс герман тайпалары тілі диалектілері, ал қытай тіліне –
солтүстік байхуа, жапон тіліне – токио ауызекі тілі тірек болған. Сол
сияқты әзірбайжан тілі төрт үлкен топқа, говорға бірлескен ондаған құранды
жергілікті ерекшеліктерге жіктеледі, оның қазіргі әдеби тіліне шемақа-бақы
диалектісі, ал өзбек әдеби тіліне тәшкен-ферғана ауызекі тілі негіз болды.
Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлаған халқымыздың
тілі біртұтас, монолитті екеніне барша саяхатшылар мен зерттеушілер ХVІІ
ғасырдан бері көңіл аударып, айрықша атап көрсетті. Көптеген түркітанушы
барша туыстас түркі тілдерін біртұтас тіл санап, оның бүгінгі жеке-жеке
отау құрып отырған ұлт-ұлыстарын бір тілдің түрлі диалектісі ретінде
қарастырған болатын. Бүгінгі орныққан түсінік бойынша, қазақ тілінің
бірегейлігі ең алдымен қала, қорған салып оңашаланбауынан, көшпелі тұрмыс
кеш-кенінен және жеті атаға дейін қан араластырмай, алыстан қыз алысу
дәстүрінен делінеді.
Диалектологияны толық білмейінше тілдің тарихи даму жолын, даму
заңдылықтарын толық түсіну мүмкін емес.
Диалектологияның қарастыратын негізгі мәселесі – жергілікті тіл
ерекшеліктері. Барлық тілдердің де өзіндік жергілікті тіл ерекшелігі
болады.
Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен диалектілерді
зерттейді. Диалект, сөйленіс деп халықтық немесе ұлттық тілдің өзіндік
ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін атаймыз. Олар жалпы
тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.
Диалект – халық тіліне тән нәрсе. Сондықтан диалектілерді халықтық тілдің
құрамында қарастыру қажет.
Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір
жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік
ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада
диалект халық немесе ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Диалектология ғылымы – белгілі бір тілдегі диалектілік немесе
жергілікті ерекшіліктерді зерттейтін тіл ғылымының сүбелі бір саласы.
Қандай да тілдің өз ішіндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап, қарастырып,
зерттеудің маңызы зор болады. Әр жергілікті тіл ерекшеліктерінің ішінде,
құрамында неше алуан сөз байлықтары, тарихи тіл сарқыншақтары, тіптен
көнедегі тайпалық тілдердің де іздері болады. Көрші халықтардың да кірме
сөздері, басқа да уақыттардағы тілдің түрлі элементтерінен болады.
Тілімізде
әр өңірлерде әр түрлі айтылатын, бір жерлерде айтылып, екінші бір жерде
айтылмайтын сөздер, тілдік тұлғалар бар. Тіліміздің қалыптасып, дамуы,
әдеби тіліміздің негізінің салынуы да осы диалектілермен тығыз байланысты.
Ендеше диалектілердің қоғамда да, ғылымда да орны ерекше екені даусыз.
Диалект – жалпы халықтық сипаты жоқ белгілі бір өңірлерде,
аудандарда ғана қолданылатын тілдік ерекшіліктері бар территория.
Ғылыми негізі қалыптасқан тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді

зерттейтін саласы диалектология деп аталады.
Диалект деген ұғым тілімізде термин ретінде қалыптасып, белгілі бір
өңірлерде, жерлерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын,
белгілі аймақтарды білдіреді.
Ал тілдегі сөйленістер жергілікті ерекшеліктердің бір шағын ғана
аймағын қамтитын бөлігі.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің белгілі бір шағын аймақтарын
қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс
көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей
жерді ғана қамтуы мүмкін. Негізгі тілдік белгілері – бірыңғай сөйленітер
ғана диалект ұғымын тудырады.
Диалектілік ерекшеліктері бірыңғай сөйленістердің жиынтығы,
түркологтардың еңбектерінде наречие деп аталған.
Тілдегі сөздер диалекті болуы үшін жалпыхалыққа түсінікті әдеби
тілден өзгеше болуы керек. Көбіне диалектизмдер тіліміздің лексикалық
ерекшелігіне байланысты болып келеді. Диалект сөздердің дыбыстық
жақтарынан түрленісі фонетикаға және тілдік тұлғаларға, қосымшаларға
түрленуі, морфологияға байланысты болады.
Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл
ерекшеліктері. диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытку
түрінде орын алады.[1]
Диалектизмнің бірнеше түрі бар:
Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б
орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ —
бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);
Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенін әдеби -голы-гелі тұлғасының
-гайы-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрык райлы етістіктің көпше Ы жағы
-лы-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік
орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы
айтылуы: атпынан, пойызбынақ;
Лексикалық диалектизмдер: бойлай (унемі д. м.), бейсаубет (бет алды),
жарын (келер жыл), рабайда (анда-санда), кун баю (кун бату), таға
(нағашы), ашық-машық (топса),
Лексикалык диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:
Нағыз лексикалық диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ
дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ
түрінде айтылады. Лексика-семантикалық диалектизм олардың ерекшелігі
дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нусқау, әд. сым — шалбар
мәнінде айтылады.
Этнографиялық диалектизм белгілі бір жерге тән тұрмыс-салттық мәні
барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөнгелек үстел, әттік —
қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем
шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын
арттыру үшін қызмет етеді.[2]
Тіліміздегі диалектілік мәні бар сөздерге мысалдар келтірер болсақ,
белгілі бір сөз диалектіде әдеби тілден басқаша айтылады, ол сол өңірдің
жергілікті ерекшелігі болып табылады.
Тілімізде диалектология пәнінің алар орны ерекше, бұл диалектология
ғылымын игеру арқылы түрлі жергілікті ерекшеліктердің қыры мен сырын
ашып, әдеби тілімізге жатпайтын жергілікті сан алуан кәсіпке, құбылысқа,
ауызекі сөйлеу тіліне байланысты көптеген сөздерді танып біле аламыз.
Түрлі сөздердің мағыналық, тарихи жақтарынан қыр-сырын ашып, әр
аймақтың жергілікті ерекшеліктерін меңгеріп, диалектілік мәні бар сөздерді
тілдік тұрғыда талдап, танып біле аламыз.
Зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай диалектология – сипаттама
диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді.
Сипаттама диалектологияның міндеті – тілдегі диалектілер мен сөйленістердің
дыбыстық, грамматикалық және лексикалық құрылывсын сипаттау, сол
жайындажүйелі түсінік беру. Тарихи диалектологияның міндеті – тілдегі
диалектілер мен сөйленістерлдің, диалектілік ерекшеліктердің пайда болу
сырын, тарихын зерттеу. Мұның өзі халық я ұлт тілдерінің ру тілінен тайпа
тіліне, тайпа тілінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне ауысып
отырудағы даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Диалектологияның бұл
екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты.
Тіл біліміндегі диалект, сөйленіс деген терминдердің қызметтік мағыналары
бір-біріне ұқсас, бір-біріне жуық тілдік элементтер. Бұлардың бәріне де
негіз болатын жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер.
Диалект, сөйленісті зерттейтін тіл білімінің саласы диалектология деп

атап өттік. Дегенмен әдеби тіліміздің, көркем бейнелі, образды дамуына
диалектология ғылымы да өзінің үлкен үлес салмағын қосып келеді.
Жергілікті халықтың тілінде қолданылып келген, басқа аймақтың халқына
бейтаныс түрлі жергілікті сөздерді баспасөз хабарларда, радио,
теледидарларда, әдейілеп мақсат қойып қолданудың арқасында ол сөздердің
әдеби тіліміздің сөздік қорының игілігіне айналып отырғаны белгілі.
Халқымыздың ауызекі тілі, халық диалектілері мен сөйленістері әдеби
тілімізді байытудың және терминдік сөз қорларымызды көбейтудің қайнар
көздері болады. Тіліміздегі диалектизмдердің еебінен де әдеби асыл тіліміз
байып, қордаланып отырады.

ІІ тарау

Жергілікті диалектілерді зерттеудегі қазақ диалегтологтарының еңбектері

Жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Жергілікті жердегі диалект сөздер
Диалектология ғылымының зерттелуі
Пәндер