Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі туралы



1 Кіріспе
2 Ойынның даму тарихы
3 Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
4 ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын жіктеуі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да (балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т.б.), бүгінгі тәрбие саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды.
1. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу – тәрбие процесінде пайдалану.- Алматы: Рауан, 1993 – 76 бет
2. Сухомлинский В.А. О воспитании. – М: Политиздат, 1973 – 125
3. Толыбаев Қ. Кел, ойнайық, - Алматы: Өнер, 1990 – 62
4. Ұзақбаева С.А., Айтпаева А.К Воспитательные возможности казахских народных детских игр. – Алматы, 1996 – 35
5. Ұзақбаева С.А., Сарбасова Қ.А Бастауыш сыныптардағы сабақтарда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану. – Алматы, 1997 – 32
6. http://info-tses.kz/red/article.php?article=49730
7. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
8. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1 Кіріспе
2 Ойынның даму тарихы
3 Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
4 ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық
ойындарын жіктеуі

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-
экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы
жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының
рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам
талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады.
Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз арды бағалайтын,
белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы
керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық
ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық
дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген
Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани
мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге өз Отанына
сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу мақсатында
пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да
жетекші міндеттердің бірі болып отыр.

Кейінгі жылдары қоғамда көрініс алып отырған келеңсіз жағдайлар да
(балалардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, жеткіншектердің мінез-құлқындағы
дөрекі қылықтар, қатыгездік, жауыздық және т.б.), бүгінгі тәрбие
саласындағы жаңаша көзқарасты ғылыми педагогикада жүйелі түрде пайдалануға
байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиесін, соның ішінде
бүгінгі таңда балаларға жасына қарай кезеңге бөліп тәлім-тәрбие және білім
беруде қолдану қажеттілігін туғызып, тәрбие мәселесін дағдарысқа әкелуде.

Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін
жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге
байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінен іздестіру
қажет. Өйткені, қазақ халқының озық салт-дәстүрлерінің негізі болып
қаланған гуманистік идеялар адамгершіліктің басты құндылықтарымен
байланысты болады және адамгершілік қасиеттерінің негіздерін мағыналы түрде
жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты
тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық дәстүрлерді
халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру
жүйесі үшін аса маңызды.

ТМД елдерінде XX ғасырдың соңғы ширегінен басталған ұлттық
тағылымдардың білімдік және тәрбиелік әлеуетін зерттеу 90-жылдары қарқынды
жүргізіле бастады. Сол зерттеулерде этнопедагогика пәнінің мазмұнын
негіздейтін шығыс ғұламаларының ой-пікірлері, түрік ойшылдарының
көзқарастары, қазақ ағартушыларының, зиялыларының, жеке тарихи тұлғалардың,
қайраткерлердің шығармалары, ақын-жыраулардың өлеңдері, би-шешендердің
даналық сөздері, жерін, халқын жауынан қорғаған батырлардың ерлік өнегелері
ғылыми, тағылымдық тұрғыдан сараланып, талданып, ғалымдардың еңбектеріндегі
этнопедагогикалық ойлар мен тұжырымдар жүйеленді.

Педагогиканың жеке бір бөлігі болып табылатын этнопедагогиканы жеке
ғылым саласы ретінде құрудың негізгі қағидалары Қазақстаболашақ ұрпақты
халық педагогикасы мен қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелеуге
қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегенімен қатар оқу-тәрбие
процесінде баланың жасына қарай адамгершілік қасиетін, сезімін қалыптастыру
қажеттілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиедегі озық дәстүрлердің жүйелі түрде
зерттелмеуі арасында; бүгінгі таңда баланың жасына қарай адамгершілік
тәрбиесі тұрғысында қазақ халқының озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі
мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-
әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық
байқалады.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу
проблемамызды анықтауға және тақырыпты Қазақ этнопедагогикасындағы бала
жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері, - деп
таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі - қазақ халық педагогикасы.

Зерттеу пәні - қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай
адамгершілікке тәрбиелеу тәжірибесі.

Зерттеудің мақсаты - қазақ халық педагогикасында бала жасына қарай
тәрбие берудегі озық дәстүрлерді ғылыми тұрғыда жүйеге келтіру және оларды
білім беру жүйесінде пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, қазақ халық педагогикасында бала
жасына қарай кезеңге бөліп, тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
айқындалып, оны білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты нұсқаулармен
қамтамасыздандырылса онда білім қызметкерлерінің халықтық педагогика және
қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімі анағұрлым арта түседі. Ал бұл
болса, олардың жады мен бойында ізгілік қасиеттерін, адамгершілік
көзқарастарын қалыптастырады, өйткені халықтық педагогикадағы салт-
дәстүрлер ұлттық ділдің тірегі мен алтын діңгегі болып саналады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Қазақ халық педагогикасында баланы тәрбиелеудің теориялық алғы
шарттарын анықтау.

2. Қазақ этнопедагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудің
мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, мүмкіндіктерін анықтау.

3. Қазақ этнопедагогикасындағы баланың жас кезеңдері жіктемесінің
өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

4. Қазақ халық салт-дәстүрлерінің баланы жасына қарай тәрбиелеудегі
әлеуетін айқындау.

5. Қазақ халық педагогикасында бала тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін
пайдалану тұжырымдамасын жасау (бала жасына қарай кезеңге бөлу негізінде)
және оны жүзеге асыру жолдарын анықтау.

6. Қазақ халық педагогикасында баланы жасына қарай тәрбиелеудегі озық
дәстүрлерді білім беру жүйесінде тиімді пайдалануға байланысты ғылыми-
әдістемелік нұсқаулар жасау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен
тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының
тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық,
логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ
халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс
алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.

Зерттеудің көздері болып зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген
отандық (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, психологтар мен
педагогтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі
шығармашылығы, қазақ халқының мәдени дәстүрлер: озық тәжірибелер,

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге
этнопедагогикалық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, қазақ
халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық
тәжірибелерге талдау жасау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде (2005-2006 жж.)
қарастырылып отырған мәселенің тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу
мәселесі бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен
оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді.

Екінші кезеңде (2007-2008 жж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар
жинау жалғастырылды, тұжырымдама дайындалды, оқу-әдістемелік құралдар
жүйеленіп, озық тәжірибелер қорытындыланды.

Үшінші кезеңде (2008-2009 жж.) зерттеу материалдары құрылым бойынша
жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, тұжырымдама, оқу-әдістемелік
кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп,
диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-
әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу кешенді
әдістерді пайдалануымен, алынған нәтижелерді практикаға ендірумен
қамтамасыз етіледі.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар беріледі.

Тәрбиенің табиғилық принципі – кез келген тәрбие әрекеті мен
педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен
ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және
әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің
негізінде танылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың адамгершілік тәрбиесі ұлттық сана-
сезім арақатынасына байланысты айқындалады. Сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдардың тәрбиеші-педагогтарының ұлттық тәлім-тәрбие жөніндегі білімдерін
дамыту, мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты
ескеру қажет, себебі баланың келесі жасайтын қадамы – мектеп табалдырығын
аттау болып табылады.

Мектепте дайындық сыныптарына (6-7 жас), 1-4, 5-11 сыныптарының
оқушыларына және жоғары оқу орындарының студенттеріне этнопедагогикалық
білім беру жөніндегі оқу бағдарламалары әзірленді.

Баланың жас кезеңдеріне байланысты тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін жүзеге
асыру нақты жұмыс формаларымен, атап айтсақ, Наурыз мейрамы, дәстүрлі той-
жиындарды (шілдехана, баланы бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу,
сүндетке отырғызу, тоқым қағу, қыз ұзату тойы, үйлену тойы және т.б.), өнер
адамдарымен кездесулер (жыршы-жыраулар, әнші-күйшілер, ақындар), ұлттық
ойындарда (асық ойнау, көкпар, қыз қуу, алтыбақан және т.б.) шешімін
тапқан.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға
жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып
нәрсе.Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, -
дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік
маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық
секілді  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын
емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану
керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр баланың  еңбегін
бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол
баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына
деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа,
өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы
сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Баланың  сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі,
аса көрнекті жазушы М.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім
ше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес,
ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған, - деп тегіннен тегін айтпаса
керек.
Аламан бәйге, Алтыбақан, Арқан тарту, Ақ сүйек, Теңге алу,
Аударыспақ, Қыз қуу, Жамбы ату... Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық
ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға
тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес. Керісінше, ата-бабаларымыз
бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын
түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша
пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ
басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр.  Этнограф-ғалымдардың
зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты,
алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке,
батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар
қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады.
Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды һәм білімді болғанының
дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім
балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен өрнектеліп те отырған. Өлең-жыр
арқылы ата-бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып қана қоймай,
бүлдіршіндердің өлең-жырға деген ықылысын оятып, дүниетанымын арттыра
білген. Тіпті қайсыбір ойын арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шынықтыруды
мұрат еткен. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге
дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге
машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, Аламан бәйге, Аударыспақ,
Арқан тарту ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере
білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір
ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға
баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып
қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде
қабылдаған.
      Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және
әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан
ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар
арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына
келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы
ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге
бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді.
Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал
енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба
білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие
айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің
таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, қазіргі күні біз
маңызы зор ұлттық ойындарымыздың тек бірен-саранын (Аламан бәйге,
Көкпар, Алтыбақан) ғана игере алдық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың
ұлттық ойындарының ішінде Тоғызқұмалақ, Жамбы ату, Аударыспақ,
Көкпар, Хан дойбысы секілді түрлерін спартакиада, олимпиада ойындарына
қысылмай-ақ қосуға болады. Мысалы, қазақтың ұлттық ойыны Жамбы ату
бүгінгі күні олимпиада құрамындағы биатлоннан еш кем емес. Тек біздің Спорт
және туризм министрлігі дәл осы Жамбы ату тәрізді ұлттық ойынымыздың мән-
мағынасын терең түсініп, оны шетелдіктерге жеткізе білсе болғаны. Әйтпесе,
біздің қаншама ұлттық ойындарымыз әлемдік додалы жарыстар өткізуге сұранып-
ақ тұр. Ең бастысы, өзге ұлттың ойындарына өзеуремей, өзіміздің ұлттық төл
ойындарымыздың беделін көтере білсек болғаны. Амал не? Бұл тұста әлі күнге
қимылымыз шабан. Бізді бәрінен бұрын мәселенің осы жағы толғандырады, -
дейді тарихшы - этнограф ғалым Бабақұмар Ғинаят.
    Жастардың ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының
алатын орны айрықша. Оның ішінде қазақтың ұлттық спорт түрлерiнiң қатарына
жақында қосылған қазақтың хан дойбысы ойынын атап өтуге болады. Хан
дойбысы - мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең
тараған ойын түрi. Хан, би секiлдi лауазымды билікте болған бабаларымыз
өздері өмір сүрген кезеңде бұл ойынды тек ойын тұрғысынан емес, ел
басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдалана білген. Табылғанына көп уақыт
болмаса да, Хан дойбысы ойыны қазақы мiнезiмен бiраз жанның жүрегiн
жаулап алды. Қазақ халқы ежелден жылқы малын айрықша қастерлей білген. Ал
олардың сәйгүліктерге деген ынта-ықыласы ат ойындарына сүйіспеншілікті
арттыра түскені даусыз. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде ат ойындарының
ерекшелігі мен маңызын айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес. Бір
таңданарлығы, ертеректе әр жігіт, тым болмағанда, ат сайыстарының бір
түріне қатысып, жүзден жүйрік шығуды аңсаған. Халқымыздың жер тарпыған
сәйгүліктерді жақсы көргені соншалық, оларға тіл-көз тиеді деп қорыққан.
Сондықтан бәле-жаладан сақтану үшін бәйгеге қосатын тұлпарларды ешкімге
көрсетпей, үстіне жабу жауып, жануардың құйрық-жалын өріп, әр жеріне үкінің
қауырсындары мен тіл-көзден сақтайтын тұмар таққан. Әдетте, шабандоздыққа 8-
14 жас аралығындағы жасөспірім балаларды дайындаған. Тіпті қазақ қыздары да
жорға жарыстарына қатысып, шабандоздықты өздеріне серік еткен. Өкініштісі,
әзірге той-томалақтарда ат шаптырып, бәйге ұйымдастырып, жеңімпаздарға сый-
сияпат жасағанға, Ұлттық банктің 2008 жылы 6 қыркүйекте номиналы 500
теңгелік Қыз қуу теңгесін айналысқа енгізгеніне мәзбіз. Сонда ежелден
халқымыздың қанына сіңген, сонау ғасырлар қойнауынан жаңа заманға жеткен
ұлттық ойындарымызды өзіміз түгендемесек, кім түгендейді? Тәрбиелік мәні
зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына неліктен сіңірмеске?!
Ұрпағының ұлт болып қалыптасуын ұмытпаған елдің ғана көсегесі көгеретінін
ұмытпайық, ағайын!
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие
беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Балада  жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке
тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан)
тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің
озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен
байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік,
т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа
тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп
таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге,
өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу
құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың
қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның
нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық
педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-
мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін
педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы
байланысты көрсетеді.Ол тарихи даму барысындағы  әлеуметтік мәні бар
ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең
алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің
негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық
педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан
еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады.
Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші  роль атқарады.
Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек
тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді
құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз
бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып,
қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.Соның нәтижесінде өзі көрген
жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен,
қазақтың ұлттық ойындары: Бәйге, Көкпар, Алтын сақа, Хан талапай,
Қыз қуу, Тоғызқұмалақ т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен
қабілеттерін арттырады. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай
этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының
тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский,
Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский,
П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров,
Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.Е.Сағындықов өз еңбегінде:
Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады, - дей
келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.Ә.Диваев Игры
киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық
ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына
тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и
воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей (Орынбор, 1891)
атты еңбегіңн атауға болады.М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау
алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру
тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды
зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев,
Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық
ойындардың  маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым
Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ
ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік
мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық
ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты
мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан
халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер
және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
           Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи
қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу
тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы
мәселеге байланысты зерделеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
            1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери
шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
            2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан
халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
            3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу
әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген
жинақтар.
            4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге
дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
            Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың
еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты
еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде
өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс
ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші
этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары  балалардың іс-әрекетін, қимыл-
қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін
атқарады. Ә.Диваев: Как киргизы развлекают детей деген мақаласында: бала
бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді  деп көк аспанға қарап,
құдай тәңірінен рұқсат сұраған, - дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ
атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық
философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың
дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-
қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене
мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын
ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен  іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы
түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән
берілуі – халық данышпандығының белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын
былайша жіктейді:
1.      Жалпы ойындар;
2.      Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3.      Ашық алаңқайдағы ойындар;
4.      Қыс мезгіліндегі ойындар;
5.      Демалыс ойындары;
6.      Ат үстіндегі ойындар;
7.      Аттракциондық-көрініс ойындар.
            Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан
ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына
топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға
ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық
Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген
Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта атты еңбегі
М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді
халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы
этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы –
халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді
Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға
жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында
Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық
ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден
келе жатқан дәстүрлі Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт
балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек
халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері
уақытында Құстар ойынын (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын
түрлері, тәртібі зерттеледі.Кеңес дәуірі  жылдарында қазақтың ұлттық
дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына
қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген
авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және
дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі
еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең
бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті
мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы
туынды Казахские национальные виды спорта и игры (Алматы, 1957). Бұл
зерттеуінде ізденуші қазақтың Тоғызқұмалақ ойынының ереже тәтіптерін
таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да
ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп,
құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады.
Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене
тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене
мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп
көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан
қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери  қолданбалы маңызы бар
кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық
өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде
таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай
зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми
тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан
басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды.  Кеңестік кезеңдегі
ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым
Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты еңбегінде
дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар
үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.Аталған автор қаламынан
халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және
ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да
қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың  авторлығымен жазылған
ғылыми монография Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану (Алматы,
1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ
халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және
сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық
ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану
қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған
Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні жинағында ұлт
спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының  балалардың күнделікті
өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық
ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың Қазақтың ұлттық спорт
ойыны түрлері (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені
бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс
түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және
спорттық  қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны
үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен
салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету
екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың
дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет
етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың
аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз
өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам
тәрізді өз күшін сынап көреді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев,
Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы басқалар ерекше назар
аударған. И.Давыдов  ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана
сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты
түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде
дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның
қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту,
қабілетіне қажетті организм  деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге
заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну
қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған
сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі,
сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың,
шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне
сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға
арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы
берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация
жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде Қояндар (2-3
жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін), Торғай мен
мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа
түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в детском
саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін
қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б.
мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен
бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың
қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз
балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға
тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы
баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар
мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары
біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми
еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене
шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының
тәжірибелік жағымен біртұтас алып қалыптастырады.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың
ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің
ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір
сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани
жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын
үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін
балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық
дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы
баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың
бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік
қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге
әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт
Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын
үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық
байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс,
дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-
бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады,
оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін
еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-
әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың
бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай
кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады,
көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін
пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу
өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған
заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның
ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын
өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та
болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген
ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы
қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік
тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да
оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән
салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін
және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің
біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы
деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң
береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің
түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі
мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін
қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық
тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін
еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну,
қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік
пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын
үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне
өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын
немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол
арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын,
бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін
жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-
жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып,
еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің
тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-
ғалымдар жақсы ойын — жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс
сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды.
Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат
жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын,
жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа
толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың  ұқсастығы
байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай
жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың
ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай
игілікті  өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың
психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды,
белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі
баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне
бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды.
Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды
ойын деп түсінуінде жатыр.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай  т ұ ж ы р ы м   ж а с а л а д ы :
а) ойын — тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,
өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і  к   ж ә н е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
 жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ   с е з і м  әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ   т ә р б и е    б е р у -  өнерді, көркемдікті
түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к    т ә р б и е с і н   б е р у  мақсаттарын шешуге мүмкіндік
 береді.
д)  д е н е   к ү ш і н і ң   ж е т і л у і н е   к ө м е к т е с е д і —
ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне
тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра
беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен
бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-
жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен
білімділік, тәрбиелік маңызы бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген
тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін
заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы
Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: Біздің заманымыздың өмір
кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің
түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана
емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған. Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ
қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия
философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас
бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы
келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде
қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі
ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік
шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы,
көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша
тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық
мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы
педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің
ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.
Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде
адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен бастап жеті
жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен
жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде қазақтың ұлттық
ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға
лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ
серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ,
тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз
қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды
жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Мысалы, Соқыр теке ойыны (Ақ сандық, көк сандық Құраст. Ш.Ибраев.А.,
1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші Тентек
текені ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған Соқыр текені айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,
Міне, келе жатырмын!
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал Соқыр теке олардың бірін
ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса
береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны
күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға
тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс,
ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір
дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін
ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт
ойындары еді.
Халық арасында Денсаулық – зор байлық деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы
халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы
ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек,
кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас
организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын
ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет
етуге бағыт алады.
Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы
болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі
мақсаты, сондықтан да халықтың бар байлығы малда болды. Қазақ халқының
тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған.
Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму
ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты
болды.
Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың
тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен
қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі
деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін
шабыттана жырлаған.
Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ
ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның
ішінде ұлт ойындарының дамуының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері
Дене тәрбиесі және спорт
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Ұлттық ойындарға анықтама
Казақ спорт және туризм академиясы
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Пәндер