Қалдықтар туралы жалпы түсінік



Кіріспе

1.1.Қалдықтар туралы жалпы түсінік.
1.2. Қалдықтарды жіктеу
1.3. Тұрмыстық қалдықтар
1.4 Өңдірістік қалдықты өңдеудің жолдары.
1.5 Өзен суын хром мен бордан тазалау

Негізгі бөлім
2.1. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiндегі экологиялық талаптар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бүкіл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауып-қатер тудырады. Қалдықтардың шығарудың негізгі көздеріне-өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы тұрмыстық болып табылады. Әрине, салыстырмалы түрде өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыстық қалдықтарынан жиырма еседен артық келеді. Жалпы, қалдық дегеніміз-пайдаланылған соңғы өнімдерді айтуға болады. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар, май мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер жатады.
Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі үлкен топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары.Өндіріс қалдықтарына - бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физико-химиялық жолмен өндегенде, пайдалы кендерді шығарғанда немесе байытқанда шыққан бірақта өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді. Оларды шамалы өндегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттарда жатады. Тұтыну қалдықтарына – пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдармен материалдар жатады.
1.Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А.
2.А.Ж.Ақбасова, Г.И.Саинова. Экология:Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы.-Алматы :Бастау баспасы ,2003ж.
3.Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204.
Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
4.Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.
5.Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж. www.google.kz
6.“География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
7. Облыстық экологиялық орталық. 2006 ж. мәліметтер.

Жоспар:

І Бөлім. Кіріспе
1.1.Қалдықтар туралы жалпы түсінік.
1.2. Қалдықтарды жіктеу
1.3. Тұрмыстық қалдықтар
1.4 Өңдірістік қалдықты өңдеудің жолдары.
1.5 Өзен суын хром мен бордан тазалау
ІІ. Бөлім Негізгі бөлім
2.1. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiндегі

экологиялық талаптар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

І Бөлім. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1.1.Қалдықтар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.

1.2. Қалдықтарды
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6
1.3. Тұрмыстық
қалдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 8
1.4 Өңдірістік қалдықты өңдеудің жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

1.5 Өзен суын хром мен бордан
тазалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ. Бөлім Негізгі бөлім
2.1. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiндегі
экологиялық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...14
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

І. Кіріспе

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр түрлі
қалдықтармен биосфераны ластайды, бүкіл халықтың денсаулығы мен өміріне,
флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке
қауып-қатер тудырады. Қалдықтардың шығарудың негізгі көздеріне-өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы тұрмыстық болып табылады. Әрине, салыстырмалы түрде
өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыстық қалдықтарынан
жиырма еседен артық келеді. Жалпы, қалдық дегеніміз-пайдаланылған соңғы
өнімдерді айтуға болады. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы
ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық),
бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға
пайдаланылған шайырлар, май мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер
жатады.
Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі үлкен топқа
бөлінеді - өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары.Өндіріс қалдықтарына -
бұйым алу процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы
тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдың, шала бұйымдардың
қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физико-химиялық жолмен
өндегенде, пайдалы кендерді шығарғанда немесе байытқанда шыққан бірақта
өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын өнімдер кіреді. Оларды
шамалы өндегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа
өндірісте, немесе отынға пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа
тасталынатын технологиялық газдарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан
қатты заттарда жатады. Тұтыну қалдықтарына – пайдалануда болғаны үшін
тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдармен материалдар жатады.

1.1.Қалдықтар туралы жалпы түсінік.
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі
қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне,
флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке
қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды,
қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға
болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен
техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның
жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға
қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз
түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар
шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы
жатады. Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық
маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы
өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің
энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар :
Үш топқа бөлінеді:
1) жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза т.б. 2) жылу
(бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі,
суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі);
3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бен сұйықтықтардың қысымы.
Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор
қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады.
Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды
өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға
қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге
болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды,
желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға
пайдаланылады. [1]

1.2. Қалдықтарды жіктеу
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден
жетілдірілгсн технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер
алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға,
көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып
жатыр.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркөсіп, ауылшаруашылығы, үй-
жай шаруашылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда
тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 1- суретте
қалдықтардың жалпы және өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына қарай жіктелуі
берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен
шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі
және қышқылды сұйық ерітінділер жатса, сусыздарға пайдаланылған шайырлар,
мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өртеуге болатын мен
болмайтындар) жатады.
Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай
қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көше, қоршаған орта ластанудан
қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру
қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтып қалдықсыз өндірістер
емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл
жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде
пайдаланады, қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және
байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын псхиологияларға
байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып
отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп
көлемді сулар ағынға жіберіледі.
Қазіргі уақьтта дүние жүзі бойынша жер қойнынан жыл сайын 100 млрд.
тоннаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд. тонна мұнай және
газ, 2 млрд. тонна көмір) беткі қабатқа шығарылып отырылады, шамамен 92
млн. тонна минералды тыңайтқыштар мен 2 млн. тонна улы химикаттар
пайдаланылып, олар да жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның
үстінде коміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот тотық, 50 млн. т
көмірсутектері, 146 млн. т күкіртгің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді
қалдық ретінде шығарылынылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32
млрд. м3 тазаланбаган су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. т дейін мұнай
тасталынылады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған
қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр.
Қашықтардың мөлшерін азайту үшін әртүрлі халық шаруашылығы салаларының
арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты шиенді түрде пайдалану
моселелеріп шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек.
Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе
өңдеп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса
экономикалық тұрғыдан пайда түсірілумен қатар табиғатқа тиетін қолайсыз
әсер де жойыльш отырады.
Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді -
өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.
Өндіріс калдықтарына бұйым алу- процессінде шыққан және жартылай немесе
түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың,
материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар
шикізатты физикалық-химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда
және байытқанда шыққан, бірақ-та өндірістік про-цестің бағытгалған
мақсатына жатпайтын, өнімдср кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық
шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндіріете, немесе отынға
пайдалануға болады. Өндіріс қалдықтарына сыртқа тасталынатын технологиялық
баздарды немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттар да жатады.
Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну
қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайында
белгілі тәртіппен шығыпта шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға
асырылмайтын болып бөлінеді. [2]
1.3. Тұрмыстық қалдықтар
Ресурстарды тиімді әрі  үнемді  пайдалану адамзаттың
өзіне де  келер  болашақ үшін  ең маңғызды  мәселелерді бірі  болып 
табылады. Сондықтан  да  оны  пайдалану, іске асырудың небір оңтайлы
жолдарын  тауып,  жүзеге  асыру жер бетінде, оның  ішінде  Қазақстаннның
ұлан–ғайыр территориясында  тұрып жатқан Қазақстандық әр  азаматқа  тиіслі
  мәселе  болып табылады.Біздің  өңірде тұрмыстық қатты және өндірістік
қатты қалдықтарды сақтау жөніндегі ағымдағы жағдай проблемалық мәселелердің
бірі болып табылады. Тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтардың жыл
сайынғы өсімі 3% құрайды, ол полигон алаңдарын ұлғайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ТҚҚ полигоны метан, күкіртсутек, көмір қышқыл газын бөліп
шығаратын көздер болып табылады, ол ауаны, топырақты және жер суларын
ластайды. Бұл фактілер қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу қажеттілігін
растайды, қаладағы экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді.
   Тұрмыстық қатты және оған теңестірілген өндірістік қалдықтарды
қайта өңдейтін өндірістік кешен салудың жобасын іске асыру үшін
автоматтандырылған қоқысты іріктейтін және қоқысты өңдейтін TGL-300 кешенін
пайдалану жоспарланды, екінші сортты шикізат тауарларын шығару үшін
пайдаланылатын құнды фракцияларды бөлумен қатты қалдықтар өндірісін
іріктеуді және тұтынуды қамтамасыз етеді.
  Технология  қайта өңдеу және тұрмыстық қоқысты  органикалық тыңайтқышқа,
мал сүйектерін жем-жөп ұнына, құрылыс қоқысын  жолдар жиегі үшін
кірпіштер мен  тастарға, металл сынықтарын металға, өңделген пластмассаны
пластмасалық бұйымдарға, пайдаланылған автомашина шинасын стадионның
жүгіріс жолын жабу үшін, макулатураны картон және целлюлоза шығару үшін
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зауатты іске қосқан күнде 
қауіпті медициналық қалдықтарды жою проблемаларын шешуге мүмкіндік береді,
мал қорымын салу шығындарын болдырмайды. Зауытты жылу насостарының энергия
көздерін пайдалану арқылы жылумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  Осы
кезеңде жобаның бастамшысы Семей-Туған  Жер ӨК дара тұлға ретінде ТҚҚ
жинайды, шығарады және оны көмеді. Жоба Қазына Самұрық Ұлттық Әл-ауқат
Қорының қаражаты есебінен Инжиниринг және технологиялар трансферті
орталығы АҚ арқылы қаржыландырылады. Сонымен қатар, кәсіпкер Өскемен
қаласында ТҚҚ қайта өңдейтін қосымша линия ашуды көздеп отыр. Инвестициялық
саясат бөлімінің қызметкерлерімен осы жобаны іске асыру үшін
қаржыландырудың тетіктері мен тәсілдері бойынша ақпарат ұсынылды. Сонымен,
зауытты қолданысқа енгізудің негізгі  артықшылығы ресурстарды үнемдеу, 100%
өнімдерді пайдалану, кадрларды  даярлау, қалалық жұмыспен қамту  және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім-шарт бойынша жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру, қосымша 435 орын ашу және экологиялық ахуалды
жақсарту.
Екіншілікті ресурстарды  пайдалану  тиімділігіндегі  қайта 
өңдеу технологиясының  алар  орны ерекше.
Біріншіден, қалдықсыз  жұмыс  жасауға қол  жеткіземіз;
Екіншіден, ішкі  ресурстарды үнемдей аламыз;
Үшіншіден, және  ең маңыздысы, экологиялық  жағдайымызды сәл де 
болса  жақсарта  аламыз.
Қайта өңдеу технологиясынсыз өндiрiстiк  қалдықтың қоршаған ортаға
келтiрер  залалы шексiз. Керiсiнше жағдайда ол стратегиялық жағынан маңызды
шикiзат көзi болып табылады. Алдымен сөз зиянды өндiрiске жататын улы
қалдықтар жайында.
       Оны айту үшiн амалсыз қалта телефонның нөмiрiне ұқсайтын цифр
тiлiне жүгiнуге тура келедi. Мәселен, Балқаш металлургия  комбинаты
тәулiгiне 3,7 тонна мышьякты қалдық есебiнде шығарады екен. Бiр жылда бұл
сан шамамен 1100 тоннаға дейiн өседi десек, табиғатқа қаншалықты зиян келiп
жатқанын өзiңiз шамалай берiңiз. Оған елiмiз аумағында 56085,1 мың текше
метрдi құрайтын уран өндiрiсiнiң қалдығы жатқанын қосыңыз. Ол аз болса,
24890, 34 гектар аумақты алып жатқан 21815439,05 мың текше метрдi құрайтын
көмiр қалдығы тағы бар.
       Оны да көпсiнбесеңiз, 9225,73 гектарды алып жатқан 2512240,27
мың текше метр түстi металл қалдығын қосып қойыңыз. Осылайша бүгiнде
Қазақстанда 20 миллиард тонна қатты қалдық қаттаулы тұр десек болады.
Қалдық сұйық, газды және қатты болып бөлiнедi. Оқымыстылардың пiкiрiнше, ең
зиянды улы қалдыққа газды және сұйық қалдықтар жатқызылады.
       Ал  қоршаған ортаны қалдықпен ластауда бiрiншi орынды жылу
энергетика саласы алса, екiншi орында – тау-кен металлургия кешенi тұр.
Елiмiзде айнала қоршаған ортаны улап жатқан өнеркәсiптiк қалалардың
көшбасшысы ретiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды жою ережелері
Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі
Табиғаттың ластануы
Тұрмыстық қатты қалдықтарға сипаттама
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар
Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар
Ластаушы заттардың трансшекаралық ауысуы туралы түсінік
Қалдықтарды қайта өңдеу
Жасыл экономикаға көшу міндеттері
Қазіргі уақыттағы глобальды экологиялық проблемалары
Пәндер