Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін аудандар



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін аудандар
2. Тау.кен металлургия саласы
3. Қазақстан аймағында өндірілетін түсті металдарға сипаттама
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның аумағында Республиканың 100 % марганецті рудалардың балансты қорлары, 80 %-дан астым – триоксид вольфрам, 63,9 % - молибден, 54,2 % - қорғасын, 38,8 % - мырыш, 36 % - мыс, 31,9 % - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық 100 % қоры), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70 %-дан астым барит және т.с.с. топталған.
«Испат-Кармет» ААҚ-ы кәсіпорны қара металл және шойын илектің барлық республикалық көлемін өндіреді.
«Испат-Кармет» АҚ-ы ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-76 мм, жылына 80 мың тонна жобалық қуатты, 175 млн теңге тұратын электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер.
Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі 2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн. теңгені құраған.
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын енгізілуде. 2003 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000 сериялы куәлігі берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК – да зергерлік-сәнді цехы іске қосылған. Бұйымдар толығынан экспортқа жіберіледі.
БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті құрғақ электрсүзгі іске қосылған.
Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ «Балқаштүстімет» ХМК ӨБ мырыш зауыты іске қосылған. Зауытта канада «Дайнатек» фирмасының қоршаған ортаны ластамайтын - жаңа технология қолданған.
1.www.google.kz
2.www.rambler.ru
3. Ақбасова А.Ж. «Экология», Алматы, Бастау баспасы, 2003, 188-192 беттер
4. Бакенов М. «Қазақстанның минералды ресурстары», Алматы, Қазақстан, 1967, 60 бет

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін
аудандар
2. Тау-кен металлургия саласы
3. Қазақстан аймағында өндірілетін түсті металдарға сипаттама
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

І 4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
ІІ Негізгі 6
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..12
... ... ... ... ... ... .. 21
1. Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды 24
түрлерін өндіретін
аудандар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2. Тау-кен металлургия
саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
3. Қазақстан аймағында өндірілетін түсті металдарға
сипаттама
ІІІ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

І. Кіріспе
Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-
полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның
аумағында Республиканың 100 % марганецті рудалардың балансты қорлары, 80 %-
дан астым – триоксид вольфрам, 63,9 % - молибден, 54,2 % - қорғасын, 38,8 %
- мырыш, 36 % - мыс, 31,9 % - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық 100 %
қоры), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70 %-дан астым барит және
т.с.с. топталған.
 Испат-Кармет ААҚ-ы кәсіпорны қара металл және шойын илектің барлық
республикалық көлемін өндіреді.
Испат-Кармет АҚ-ы ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-76
мм, жылына 80 мың тонна жобалық қуатты, 175 млн теңге тұратын
электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім
коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу
рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер.
Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру
нәтижесінде техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің
өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі
2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн. теңгені
құраған.
 ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын енгізілуде.
2003 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000 сериялы куәлігі
берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен Қазақмыс
Корпорациясы АҚ жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК – да
зергерлік-сәнді цехы іске қосылған. Бұйымдар толығынан экспортқа
жіберіледі.
 БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті
құрғақ электрсүзгі іске қосылған.
Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты Қазақмыс Корпорациясы
АҚ Балқаштүстімет ХМК ӨБ мырыш зауыты іске қосылған. Зауытта канада
Дайнатек фирмасының қоршаған ортаны ластамайтын - жаңа технология
қолданған.
 Бұдан басқа зауыт рыноктың жаңа сегменті – құрамында 50 % мырыш бар
мырыш қорытпасын қайта өңдеуге бағытталған, әлемдегі басқа мырыш зауыттары
50 % дан артық мырыш қойыртпаларын қайта өңдейді. 
2004  жылы ПВ-2 (Ванюков пеші) жұмысын бастады, бұл құрамындағы мыс
көлемі төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік берді  (0,14 %-дан 0,18 % -ға
дейін).

ІІ. Негізгі бөлім

Орталық Қазақстанның географиялық орны. Орталық Қазақстан
республиканың шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып
жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан
және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан. Бұл ауданның
географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын
кокстелетін көмірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын
арттырады, ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының
Қуаншылықты және тұщы су тапшылығы сезінуіне себепші болды.
Табиғат байлықтары. Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері,
полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді
балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар.
Табиғат жағдайлары. Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл
шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес. Жердің
климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым
континентті, жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз, күшті жел соғып
тұрады. Жауын-шашын аз жауады. Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы
ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын
егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.
Осы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке
алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл
қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды,
күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде
пайдаланылады .
  Жер суаруға қажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен
батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ. Сондықтан Орталық
Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық
маңызы бар. Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда
осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі. Ауданның сумен жабдықталуын
жақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған.
Мысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында
ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды. Ол Павлодар
облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады.
Шаруашылық географиясы. Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен
өндіру өнеркәсібі мен металлургия құрайды, сонымен бірге машина жасау мен
химия өнеркәсібі дамып келеді. Өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда, өзара тығыз
байланысты ірі кен өндіруші және өндеуші өнеркәсіптің дамуы Орталық
Қазақстанда бірыңғай аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына себепші
болды. Оны, негізінен 2 өнеркәсіп торап    (Қарағанды-Теміртау, Балқаш-
Жезқазған) құрайды. Орталық Қазақстандағы өнеркәсіпторабының ең қуаттысы
әрі дамығаны  –  Қарағанды-Теміртау торабы.
Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандық-тан
металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша
дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз
кезегінде өнім сапасын жоғарлатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті
деңгейін қамтамасыз етеді.
Металлургия пилоттық кластерін жасау және дамыту жоспарында
ұсынылған іс-шаралар металлургияның 4-5 қайта бөліс өнімдерінің, машина
жасау өнімдерінің экспорты өсімін ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы
секторына ірі металлургия корпорацияларымен бірігу қағидаты бойынша шағын
және орта кәсіпорындардың мүмкіндігінше көбін тартуға бағытталған шойын,
болат қорытып , прокат шығаратын Қарағанды-Теміртау комбинаты.
Түсті металлургия: Балқаш-Жезқазған кен металлургия комбинаты,
вольфрам мен молибден өндіретін Қайрақты-Көктемкөл кен байыту комбинаты.
Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының
нәтижесі.
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы
ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты
неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен
тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама
берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология
мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары,
зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете
түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың
жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете
сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы
олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының
тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық,
эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр.
Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан
аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен
ауыратындар көп.
Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом
құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері
ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде,
Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам
денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық
сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-
флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с.
туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына
400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173
мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен
шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын
ерекше зат бөліп шығарады. Медицинада алатын орны ұшан-теңіз. Сондықтан
өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.
1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас
Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт
өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от
шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде       
білмейтін адам жоқ.
1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті     Н. Ә.   Назарбаев Семей
полигонын   жабу   туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі   таңда  
Қазақстандағы экологиялық   жағдайдың  ушығып тұрған ошақтары Арал мен
Балқаш. Бұл  көлдер   тек      қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып
отыр. Аралды  құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін
барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан
экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында Арал-Балқаш қоры
құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.
ЮНЕСКО тарапынан халықаралық кеңес болып өтті. Оған Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан танымал эколог
ғалымдар қатысты. Егер нақты шара қолданылмаса барынан, байлығынан
айырылған өлі көлге айналмақ деген дабыл қағылды.
Қоршаған ортаның зиянды заттармен, техногенді қалдықтарымен ластауда
Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше зиян тигізуде: Батыс Қазақстан мұнай
газ конденсат кен орындары, Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Зыряновск
полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы,
Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий
заводы, Екібастуз энергетикалық комплексі, Қарағанды металлургия заводы,
"Фосфор" Шымкент өндірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы т.б.
Республикадағы жұмыс істеп турған кәсіпорындарды тазалау
қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30 %-дан аспайды. Өндіріс сарқынды
суларының әсерінен Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы зияндылығы жөнінен
нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі.
Пайдалы қазбалардың ішінен республикаға ең максимальды экономикалық,
экологиялық, және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері,
түсті металлургия, ал микроэлементтерден қорғасын, хром оксиді, марганец
және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде, басқа елдерге жө-
нелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұйымның тиімділігін солар көріп отыр.
Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны шикізат өндіретін орындардың зиянды
қалдықтары мен бүлінген су, ауа, топырақ.
Қоршаған   ортаның   республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер
әсері 60 % шамасында. Ол әсіресе тау-кен өнеркәсіп орналасқан қалаларда
жоғары. Қалаларда экологиялык, ахуал соматикалық ауру түрлерінің өршуіне
ықпал етуде. Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан
асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында
Орталық Азиядағы бес мемлекет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Түркіменстан Президенттері бірнеше рет     кездесті. Мемлекет басшылары
шешімімен Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы
шаралар айқындалды.
Арал   теңізіне   негізгі   суды   әкеліп  жатқан Амудария, Сырдария
өзендері 60 жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап
жылына орта   есеппен   4   текше   шақырым   су беріп келеді. Ал теңізге
қажетті ылғалды беру үшін кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек.
Аралдың бұрынғы 66000 шаршы шақырым су айдынынан, қазір   не   бары,
шамамен   25   шаршы шақырымға   жуық   су   айдыны   қалып отыр. Бір
кездері арнасынан асып - тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады.
Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны
туралы суық хабарлар барған сайын қатерлі де қорқынышты сипат алып барады.
Экологиялық апат аймағында отырған ел ең алдымен ауыз су тапшылығын
көріп отыр. Теңізбен қоса Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да
құтқару керек. Өйткені елді мекендердің тек 15-20 %-ы ғана таза су ішіп
отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз
суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде су бір адамға бір шелектен
келеді, ал өркениетті елдерде оның шамамен 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның
өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері
әсерін тигізуде. Олар бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның
астында жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан
өткізуде. Соның салдарынан тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы,
бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикада жоғары
болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір
ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамдардың жалпы саны 19,5 мың.  
Осыған  байланысты кейінге ысыруға болмайтын нақты шара  осы өңірдің
тұрғындарының   қал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын  кеңінен  пайдалану
арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырларына  құрылыс жүргізу,    "Көкарал"
бөгеті   құрылысын   аяқтап, кіші Аралды сумен толтыру. Теңіздің тартылу
салдарынан  ауаның  орташа ылғалдылығы 18 %-ға төмендесе, ауа-райының жылы
кезеңі бір айға дейін қысқарды. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден
қазіргі таңда 85-і қалды. Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы үлкен
теңіз тереңдіктеріне ағып барып үлкен айдынға жайылып бостан босқа буланып,
ауаға ұшатын еді. Кіші теңізге Сырдария суын көбірек жеткізу мәселесін
түбегейлі шешу қажет.
Экологиялық зардап аймағына айналған тағы бір өлке ол - "Байқоңыр"
ғарыш аймағы. Байқоңырмен шектес Ұлытау даласының қай түкпіріне үңілсеңіз
де, әртүрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып жүру қиын. Бұлар зымырандардың
бірінші ұшу сатысынан айырылып, жерге құлаған бөлшектері. Зымырандардың
отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан от жалынға оранып
түскен қалдықтар 3-4 гектар аумақты улап, өртеп, тып-типыл етіп
кететіндіктен, ұзақ жылға дейін, қу тақырларға айналған бұл жерлерде ештеңе
өспейді. Байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын 39
аудан белгілі және ол 105 мың шаршы км-ден асады. Олар төмен құлдилап келе
жатқанда, сұйық отын ретінде қолданылатын дептил төгіліп, шашылып ауаны,
жер мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді
мекеннің үстін себелеп өтеді. Зерттеулер анықтағандай зымыран ұшырылған
кезде ауаның ластануы 100 мың автомобильден будақтаған түтінге тең. Белгілі
мәліметтер бойынша бір зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын
зиянды зат мөлшері 300 тоннаға жетеді. Мұның бәрі ең алдымен адамдар
денсаулығына әсер етеді. Осының салдарынан соңғы жылдары әсіресе Ұлытау
ауданының тұрғындары арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан
қысымының көтерілуі, кеміс бала туу, нәрестелердің шетінеуі көбейіп кетті.
Мұнай өнеркәсібін тиімді дамытпау әсерінен табиғи ортаға орасан зор зиян
келіп отыр. Ең қарапайымы, "Теңіз-мұнайгаз" АҚ мұнайшылары бір орнынан
екінші орынға бұрғылау қондырғысын көшіру кезінде 100 га жер бөлініп,
кезінде ауаға 18 мың тоннадан артық улы зат жібермейміз" деген "Шеврон"
фирмасы Үкімет енжарлығын пайдаланып, ауаға 80 мың тонна улы зат таралуына
жол беріп отыр. Бұл көрсеткіш халық арасында түрлі аурулардың көбеюінің
басты себебі болып отыр. Табиғи ортаның ластанбауына адамдардың терең
түсінігі керек. Елімізде тұрақты экономикалық қатынас орнамай, айналаға
дұрыс көзқарас болмайды. Халыққа керекті заттарды мүмкіндігінше өзімізде
өндірсек, біріншіден, елге жұмыс табылады, екіншіден, экологиялық таза өнім
жасауға ұмтыламыз және табиғи ортаға зиян келмейтін мүмкіндіктер іздеген
болар едік.
Ағымдағы жылдың 2-3 қазанында Орал қаласында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің
қатысуымен шекараға жақын орналасқан өңірлердің басшыларымен Форум
өткізіледі.
Осы Форум шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясының
шекараға жақын орналасқан кәсіпорындары тауар өндірішілерінің қатысуымен
өңіраралық көрме өткізу жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан облысын Қазмырыш, Үлбі металлургиялық заводы және
Азия-Авто акционерлік қоғамдары ұсынатын болады.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті ағымдағы жылдың 14
қыркүйегінде облыстың ірі түсті металлургия кәсіпорындары басшыларының
қайта өңдеу техникаларын өндіруші болып табылатын және қызмет көрсетудің
толық көлемін қамтамасыз ететін: тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына
сәйкес кешенді өңдейтін, жабдықтарды жеткізетін, қосу-баптау жұмыстарын
жүргізетін, жеке құрамды оқытатын, кепілдік және кепілдік өткеннен кейінгі
қызмет көрсететін, шығарылатын техникалар:
• қатты табиғи материалдарды ұсақтау үшін жабдықтар, құрылыс сынықтары,
темірқұйматасы, тозған жол жабындары;
• сусымалы табиғи материалдарды сұрыптайтын жабдықтар, топырақтың жоғарғы
қабатын рекультивациялайтын жабдықтар;
• құм мен малта тастарды жуатын кешендер;
• тұрмыстық қатты қалдықтарды екінші рет қайта өңдейтін кешендер, тығыздық
сепараторларын жинақтаушыларды және қосалқы бөлшектерді жеткізетін LATC
компаниясының өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды[1].
Металлургия саласындағы қызметтер мен жұмыстарды құрамында түсті және
асыл металдары бар түрлі шикізаттарды өңдеуге арналған автогендік
үрдістерді ендіру мен жетілдіруді; металлургия өндірісінің қалдықтары мен
өндірістік өнім қалдықтарынан бағалы компоненттерді алудың жаңа тәсілдерін
жасауды: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металдар металлургиясы
Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Түсті металлургия
ТМД Елдері
Еркін экономикалық аймақтар мәні
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы - мыс өнеркәсібі
Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама
Пәндер