Қара металлургия ғаламдық нарықта



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Қара металлургия ғаламдық нарықта
2.2 Қарағанды облысындағы қара металлургия
2.3 Шикізат қалдықтары
2.4 Металл өндіретін кәсіпорындар
2.5 Қара металлургияның экологиялық әсерлері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен
бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала.
Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі. Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабілеттілігін құруға бағытталған бірқатар бағдарламалар әзірленді.
«Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
• елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ; машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
• ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
• балансы аяғына дейін есептелмеген, металдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.
1. http\\www.Google.ru www.Wikipedia.org
2. http\\www.Google.ru www.inform.kz
3. http\\www.Google.kz www.inform2.kz
4. http\\www.Google.kz www.Egemen.kz
5. http\\www.mail@.ru www.id4.ru\promishlennost\
6. Дәрібаев Ж. Е. Өндірістік экология. – Түркістан – 200, - 19 б
7. А. Ж. Ақбасова, Г. И. Саинова. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. - Алматы: Бастау баспасы, 2003. – 163- 187 б.
8. http\\www.Google.kz www.zakon-online.com

Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Қара металлургия ғаламдық нарықта
2.2 Қарағанды облысындағы қара металлургия
2.3 Шикізат қалдықтары
2.4 Металл өндіретін кәсіпорындар
2.5 Қара металлургияның экологиялық әсерлері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Мазмұны

Мазмұны

Қысқартылған
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..6

2.1 Қара металлургия ғаламдық
нарықта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2 Қарағанды облысындағы қара
металлургия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3 Шикізат
қалдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .10
2.4 Металл өндіретін
кәсіпорындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .13
2.5 Қара металлургияның экологиялық
әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен web
сайттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қысқартылған сөздер

ЖҰӨ – жалпы ұлттық өнім

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

РГТО – тау – кен құрылыс заттарын өңдеу зауыты

ИСО 9000 – өндірістік өнімдерінің сапасын жоғарылатуға арналған
менеджменттік стандарт

БКМК – құрылыстарға арналған көп қабатты кран

Миттал Стил Теміртау АҚ - Миттал Стил Теміртау акционерлік қоғамы

І. Кіріспе

Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта
өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен
бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті
болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік
соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы
түрдегі жас сала.
Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа
өндіріледі. Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің
экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан,
Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және
экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық
дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін
бәсекеге қабілеттілігін құруға бағытталған бірқатар бағдарламалар
әзірленді.
Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен
металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық
басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Республикалық мақсатты
ғылыми-техникалық бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен
ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге
қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған
металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін
құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық бағдарламасы әзірленген, мұны
іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны
негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру
импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік
қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі
қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы
металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
• елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін,
жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының
өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ; машина жасау, мұнай газ, таулы-
металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс
индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және
металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
• ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия,
электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық
технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының
өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
• балансы аяғына дейін есептелмеген, металдардың екінші ресурстары
жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз
жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді
жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан
бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен
еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы
индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясында да қойылған.
Темір кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орынды алады.
Оның әлемдегі қордағы үлесі 6 %-ды құрайды. Маңызды қордан басқа Қазақстан
темір кенінің артықшылығы оның жоғары сапасы. 8,7 млрд тонна темір
рудасының 73,3 % қоры жеңіл өндірілетінге жатады. Қазылатын темір
рудасының 70 %-ы  экспортталады. Қара металл рудасының хром мен маргенец
рудаларын қосқанда 1999 жылы елдің жалпы экспортында 4 % - ды құрады.
Қазақстанның қара металлургия өндірісі Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің
көлемінің  12,5 %-ын өндіреді. Республиканың индустрия флагманы болып
келедi [1].
  "Испат-Кармет" Қарағанды металлургия комбинаты болып табылады.
Кәсіпорынның толық металлургиялық циклы бар және қара металл қақтамасының
бірнеше түрлері-қаңылтыр, сортты ақ қалайы мен құбырларды жасауға
мамандандырылған. Бұл комбинаттың металы ТМД елдеріне және алыс шет
елдеріне экспортталады. Қазақстанда хромиттік кеннің үлкен қоры бар, оның
негізінде республиканың ферроқорытпа зауыттары жұмыс жасайды [2].
Қазіргі таңда Қазақстан қара металлургия саласы бойынша ғаламдық
нарықта алғы орындардан көрініп жүр.
Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етуі бойынша,
қара металургияда өткен жылдың қазанымен салыстырғанда өндірістің өсімі
байқалады. Мәселен, есепті кезеңде жалпақ прокат өндірісі - 3,1 % - ға (2,5
млн тонна), мырыш прокаты - 2 % - ға (480,7 мың тонна) өскен. 2009 жылдың
10 айының ішінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үлкен
диаметрлі құбырлар өндірісінің  34,8 % - ға өсімі байқалады, деді министр.
Сонымен қатар көрсетілген кезеңде түрлі-түсті металдар
өндірісінде де өндірістің өсімі білініп отыр. Мәселен, өңделмеген күміс -
3,2 % - ға (554 тонна өндірілген), аффинирленген күміс - 5,6 % - ға (550
тонна), өңделмеген алтын - 9,8 % - ға (18,6 тонна), аффинирленген алтын 
33,5 % - ға (8,743 тонна) өскен. Ресми статистиканың келтірілген деректері
ағымдағы жылдың қазан айында өткен жылдың қазанымен салыстырғанда жоғарыда
айтылған тауарлар бойынша жағдайдың жақсарғанын көрсетеді, деді министр.

Қара металлургия мен қоса түсті металлургия салалары еліміздің
экономикасының тірегі десек те жаңылмаймыз. Болашақтың ғылымы және
адамдардың өмір сүруі осы саланың үдемелі дамуына байланысты болуы да
мүмкін деуге болады [2].
ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Қара металлургия ғаламдық нарықта

ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық
қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде
толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халықаралық
шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және
өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік
металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді:
• дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін
көтеруге;
• өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне
және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына;
• металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын
активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз
мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым
арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге
ауысады.
2000-2001 жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзілік экономикасында оң
тенденциялары байқалады. Ғаламатты ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 % - ды, 2003 ж.
-3,6 % - ды құрады, ал 2004 ж. 4,2 % - ға өсуі болжанды. Дүние жүзілік
экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе,
барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда
(2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 % - ға, ал болатты тұтыну 34 %-ға
өсті), сондай-ақ Индияда және басқа Азия елдерінде металл салалары үшін,
болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді.
Мысалға, АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249
доллар, 2004 ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда -550-600
доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 % - ға
көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100
доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті.
Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз
тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік
жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен
болды.
Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара
металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл
ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы
бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір
рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл
сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды.
Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік
металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста
соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 % - ға жуығы күйдіріледі
(Ресейде әзірше тек үштен жуығы).
Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының
көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар
үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-тың ішкі өндірушілері
бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен
қалпына келтіруге тырысады. Шойын мен болат халықаралық институттың
статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 % - ға
көтерілді және 1,05 млрд тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты
өсу жылдамдығы - 2-3 %. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда
2004 ж. 2 %-дан 112,7 млн тонна, АҚШ – 5,2 % - дан 98,5 млн тонна, Ресей –
2,5 % - дан 65,3 млн тонна, Оңтүстік Корея – 2,6 %-дан 47,5 млн тонна,
Германия – 3,6 % - дан 46,4 млн тонна, Украина – 4,9 %-
дан 38,7 млн тоннаға дейін, Бразилия – 5,7 %-дан 32,9 млн тоннаға
дейін, Индия – 2,7 %-дан 32,6 млн тонна, Италия - 5,6 %-дан 28,3 млн
тоннаға көтерілді.
Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда
13,2 %-дан 499,3 млн тоннаға өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші
3 %-ды құрады. Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5
млн тонна болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 % - ға көтерілген)
балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы
25,8 %-ды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен
қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті.
Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы
бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті.

Қазіргі кездегі жағдай

Ішкі технологиялық байланыстардың түрлері бойынша қара
металлургияның ірі кәсіпорындары металлургия-энергохимиялық комбинаттарын
ұсынады.
Қазіргі кездегі жағдай бойынша, Қара металлургияның ірі
кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-
энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі
кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны
пайдалану өндірістік үрдісті айырықша жеңілдетеді және құю үрдісінде толық
механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.
Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-
ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш
конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн тоннаға жуық болатты
балқытатын Миттал Стил Теміртау АҚ - ы (бұрынғы Қарағанды металлургиялық
комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет
көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын
талап етеді. Электрэнергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ
темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды
көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және
Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді
талап етеді.
Бірақ, Миттал Стил Теміртау АҚ-ның барлық өнімдері түр жиыны
бойынша бір типті - табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық
дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным
конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің
сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет.
Біршама көлемде және шектелген түр жиында сұрыптап прокаттауды Павлодар
қаласындағы трактор зауытының базасында құрылған Кастинг фирмасы
жүргізеді. Кәсіпорында өнімнің мынадай түрлерін өндіру меңгерілген: 125х125
және 150х150, ұзындығы 11,7 м болаттан құйылған қима дайындау; диаметрі
40,60 және 11 мм ұсақтайтын шар; диаметрі 100 мм, ұзындығы 4200, 5300 м
ұсақтайтын стержендер; А-3 класындағы, диаметрі 12,16 және 20 мм
арматуралық болат.
Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау
импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы
кедендік статистика бойынша 766 мың тоннаға жетті.
Болат құбырларын өндіру көлемі республикада, сондай-ақ, айырықша емес. 1988
жылы Теміртау қаласы Кармет АҚ-мен РД 20-86 электро балқыту қондырғысының
жұмысы іске қосылған болатын, мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін 15-86
мм диаметріндегі құбырлар дайындалады және желінің өнімділігі жылына 20 мың
тоннаға дейін. 1991 жылы РГТО зауытында (Қарағандыкөмір АҚ - ы)
өнімділігі жылына 15 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы
дайындалған, шығарылған құбырлардың диаметрі – 114, 127, 159 мм. 1999 жылы
Алматы қ. Меридиан фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі
құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды, шығарылған құбырлардың диаметрі 114
мм. Осы өндірістің қуаттылығы құбырларды шетелге экспорттау туралы
айтпағанда, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету жағдайы
жоқ.
Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200
мың тоннаға көтерілді және 459 мың тоннаға жетті, сонымен бірге, 2002-2004
жылы мұнай газ түр жиыны құбырларын импорттау 260 мың тонна деңгейіне
тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз, салаларда болат
құбырларына сұранымының өсуін құрастыру айқын көрінеді.
Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте
және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар.
Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық және энергетикалық кешені
және сақталған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып
өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте
болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді – доғалық пештерде
болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы
шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей
қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін.
Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа
технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, таттанбайтын және
болаттың басқа маркаларынан жоғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды
алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару
сұрыптап қақтау импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта
оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін.
Қазақстанның Инвестициялық қоры АҚ – ы болатты қақтауды – тік жікті
құбырларды, орта сортты қақтау, металды конструкциялау, метиздер, жабынды
бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін жартылай өнімдер, сондай-ақ, жоғары
деңгей дайындығындағы өнімнің басқа түрлерін шығару және қайта өндіру
кластерлерін дамыту бойынша жобаларды қолдайды [4].

2.2 Қарағанды облысындағы түсті және қара металлургия

   Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-
полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның
аумағында Республиканың 100 %- ы марганецті рудалардың балансты қорлары, 80
%-дан астам – триоксид вольфрам, 63,9 % - молибден, 54,2 % - қорғасын, 38,8
% - мырыш, 36 % - мыс, 31,9 % - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық
100% қоры), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70%-дан астым барит
және т.с.с. топталған.
  Испат-Кармет ААҚ - ның кәсіпорны қара металл және шойын илектің
барлық республикалық көлемін өндіреді.
Испат-Кармет АҚ ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-
76 мм, жылына 80 мың тонна жобалық қуатты, 175 млн теңге тұратын
электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім
коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу
рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер.
Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру
нәтижесінде техникалық-экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің
өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі
2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн
теңгені құраған.
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын
енгізілуде. 2003 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000
сериялы куәлігі берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен Қазақмыс
Корпорациясы АҚ - ы жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК
– да зергерлік-сәнді цехы іске қосылған.Бұйымдар толығынан экспортқа
жіберіледі.
  БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті
құрғақ электрсүзгі іске қосылған.
Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты Қазақмыс
Корпорациясы АҚ-ы, іске қосылған. Зауытта канада Дайнатек фирмасының
қоршаған ортаны ластамайтын-жаңа технология қолданған.
 Бұдан басқа зауыт рыноктың жаңа сегменті – құрамында 50 % мырыш бар
мырыш қойыртпасын қайта өңдеуге бағытталған, әлемдегі басқа мырыш зауыттары
50 % - дан артық мырыш қойыртпаларын қайта өңдейді. 
2004  жылы ПВ-2 (Ванюков пеші) жұмысын бастады, бұл құрамындағы
мыс көлемі төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік берді  (0,14 %-дан 0,18 %
-ға дейін) [2].

2.3 Шикізат қалдықтары

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген
проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан
колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны
үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді
шешуге жол ашады.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға
жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа
өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев
"Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп
айтқан. Сонымен катар, ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан
пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан
ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен
тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға
болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың
көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде
жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд тонна шамасында. Оның
ішінде 5,2 млрд тонна түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4
млрд тонна — тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд тонна байыту фабрикаларыныкі
және 105 млн тонна металлургиялық өндеу үрдістерінен шыққан қалдыктар).
Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының
түндырғыштарында көп мөлшерде сұйык қалдыктар жинақталған. Қалдықтардың 70-
75 %-ы тау-кен өндірістерінен, 20 %-ы байыту және қалғандары металлургия
кәсіпорындарынан пайда болады.
Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия,
химия, мұнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс материалдарын өндіретін
өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып
отырады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды
дүрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру
мәселесі шешілетін болса, ауылшаруашылығында пайдалануға жататын біраз
жерлерді босатуға мүмкіншілік туады.
Егер де қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған
ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат корын да үнемдейтіні сөзсіз.
Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат корының күрт елеулі азаюына
әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған
жағдайда, мұнай мен газдың коры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100
жылға, көмір кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи
ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде
пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе
калдықсыз технологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі
салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану арқылы көбейту
қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элементтердіц 2-3 % ғана
алынып, 97-98 %-ы пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қоқысты жатқызуға
болады. Осы күнды материалдың казіргі кезде 20 %-дан аспайтын бөлігі ғана
өңделінеді. Күл негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы
Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Халықаралық қатынастардың басты формалары
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Түсті металлургияның салалық құрамы
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы
Қазақстанның инвестициялық саясатын талдау
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Пәндер