Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Банктік тәуекелдердің түсінігі олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Банктердің нарықтық тәуекелдерді басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Банктердің тәуекелдердің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 «МетроКомбанк» АҚ.ң қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.1«МетроКомбанк» АҚ.ң тәуекелді басқару саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 «МетроКомбанк» АҚ.ң нарықтық тәуекелдерді басқаруда талдау ... .17
2.3 Тәуекел бойынша провизияларын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

3 Банктік тәуекелдерді минималдау және оны жетілдіру ... ... ... ... ... ..23


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі (минималды) деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Сондықтан да курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы (одан әрі ҚР) банктік тәуекелдерді бағалап және талдай отырып, қолданыстағы несиелік тәуекелдерді басақару жолдарын зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздетіру.
Курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
-экономикадағы тәуекелдерді басқару негіздерін қарастыру;
-Қазақстан Республикасында банктік тәуекелдерді талдау және бағалау әдістерін меңгеру;
-несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні нарықтық қатынастардың кез-келген операцияларында орын алып отыратын-тәуекелдер,түрлері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі коммерциялық банктің ерекшелігіне байланысты - несиелік тәуекел. Қазақстан банктерімен жүргізілетін келісім-шарттар ішінде несиелік операциялар тәуекелге көп ұшырайды, себебі несиелеу табыс түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Табыстылықтың жоғары деңгейі тәуекелдің жоғарылаған дәрежесінен көрінеді.
Банк тәуекелдігі -тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
1. Садвакасова А.Б., Хожжиева А.Б. «Управление рисками коммерческих банков», Алматы, 2000.
2. «Положение о пруденциальных нормативах» Национального Банка Республики Казахстан №219 от 23.05.2000 г
3. Челекбай А., Рахманкулов С. «Рейтинговая оценка кредитной деятельности коммерческих банков» // Транзитная экономика №3, 2002.
4. Статистический бюллетень Национального Банка Алматы, 1999-2002 г
5. Киикова Э.Ж. «Кредитные риски, их виды и методы при страхования при синдицированном займе» // Банки Казахстана, №12, 2003.
6. Зиябеков Б. « О развитии банковской системы Республики Казахстан » // Банки Казахстана, №5, 2003.
7. Ауельбаев С. «Экономическая природа финансового риска и его
сущностные характеристики» // Финансы и кредиты, №5-6, 2004.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының «Екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелердің болуына қойылатын талаптар туралы» нұсқаулық, 6 желтоқсан, 2003.
9. Мақыш С.Б. « Коммерциялық банктердің операциялары », Алматы, 2004.
10. Сейітқасымов Ғ.С. « Ақша, несие, банктер », Алматы, 2004.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Банктік тәуекелдердің экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Банктік тәуекелдердің түсінігі олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банктердің нарықтық тәуекелдерді басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Банктердің тәуекелдердің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..12

2 МетроКомбанк АҚ-ң қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..15

2.1МетроКомбанк АҚ-ң тәуекелді басқару
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 МетроКомбанк АҚ-ң нарықтық тәуекелдерді басқаруда талдау ... .17
2.3 Тәуекел бойынша провизияларын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 21

3 Банктік тәуекелдерді минималдау және оны
жетілдіру ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі
операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау
дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі
банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал
түрде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мембанкісінің жоспар-нұсқауы
бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген
түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу
кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем
несиесін ұсынатын.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі банктік нарық
тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік
әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті
мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі (минималды) деңгейге
дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Сондықтан да курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы
(одан әрі ҚР) банктік тәуекелдерді бағалап және талдай отырып, қолданыстағы
несиелік тәуекелдерді басақару жолдарын зерттеп, оны басқарудың жаңа және
жетілдіру жолдарын іздетіру.
Курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
-экономикадағы тәуекелдерді басқару негіздерін қарастыру;
-Қазақстан Республикасында банктік тәуекелдерді талдау және бағалау
әдістерін меңгеру;
-несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні нарықтық қатынастардың кез-келген
операцияларында орын алып отыратын-тәуекелдер,түрлері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі коммерциялық банктің ерекшелігіне
байланысты - несиелік тәуекел. Қазақстан банктерімен жүргізілетін келісім-
шарттар ішінде несиелік операциялар тәуекелге көп ұшырайды, себебі несиелеу
табыс түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Табыстылықтың
жоғары деңгейі тәуекелдің жоғарылаған дәрежесінен көрінеді.
Банк тәуекелдігі -тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ,
банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір
бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік
қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар,
шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде
жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш
өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы
бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз
байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы
сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін
негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл
салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға
алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен,
бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б.
ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге
көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу
нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар
несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық
есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға
ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде
белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез
келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы
мүмкін.
Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын
мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады,
оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз
болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын
болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы
ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап
отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Отандық және ресейлік, шетелдік экономистер тәуекелдердің пайда болу
себептері мен оларды тиімді басқара білу қажеттіліктері, бағыттары туралы
көптеген ірі зерттеулер жүргізуде.
Қазақстандық банктер үшін және барлық елдердегі банктер үшін де,
негізгі тәуекел түрлері банк ресурстарына салынған портфельдің құрылымымен,
қаржы активтерінің жиынтығымен байланысты.
Портфельді тәуекелдерге: несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыз
ставкаларының өзгерісінің тәуекелі, валюталық тәуекелдер жатады. Мұндағы
несиелік тәуекел дегеніміз – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
қарыз сомасын және оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына
байланысты банктің толық немесе жартылай

1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны

1.1 Банктік тәуекелдердің түсінігі олардың жіктелуі

Тәуекел түсінігі нарықтық қатынастардың кең дамуымен және банк
қызметінің түрленуіне байланысты банктер өміріне терең енуде. Әр түрлі
операцияларды жүзеге асыруда банк өзіне алатын тәуекелді дұрыс бағалау аса
маңызды. Банк ісінде тәуекелді мүлдем болдырмау емес, оны минималды
деңгейге дейін төмендету маңызды болып табылады, өйткені тәуекел банк
тәжірибесінде міндетті түрде кездеседі.
Тәуекел түсінігі экономикалық теория және аралас ғылымдарда ешқашан
бірдей түсіндірілмейді. Ол күтілетін тенденциялардан ауытқулар әкелетін
жағдайлардың болу мүмкіндігі де, бастапқы жағдайды өзгертетін оқиғадан
шығынның болуы да. Тәуекел экономикалық категория ретінде өзінің пайда
болуының кездейсоқ жағдайы бар құнның жоғалуы және ұтылуын білдіреді.
Тәуекелдің түсінігінің кез келген анықтамасы заңды және құқықты болып
табылады, өйткені ол әр түрлі күтулерді сипаттайды.
Отандық және ресейлік, шетелдік экономистер тәуекелдердің пайда болу
себептері мен оларды тиімді басқара білу қажеттіліктері, бағыттары туралы
көптеген ірі зерттеулер жүргізуде.
Біздің отандасымыз Михайлов Д.М. тәуекелдің екі түрін бөліп
көрсеткен. Олар сыртқы ортамен байланысты тәуекел және ішкі банктік
тәуекел, ары қарай ол тағы бөлімшелерге бөлінеді: несиелік, нарықтық
тәуекел және өтімділік тәуекелі; операциялық тәуекелдер; қызметкерлермен
байланысты тәуекелдер; жеке операцияларға тән арнайы тәуекел түрлері деп
тұжырымдады.
Қазақстандық банктер үшін және барлық елдердегі банктер үшін де,
негізгі тәуекел түрлері банк ресурстарына салынған портфельдің құрылымымен,
қаржы активтерінің жиынтығымен байланысты.
Портфельді тәуекелдерге: несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, пайыз
ставкаларының өзгерісінің тәуекелі, валюталық тәуекелдер жатады. Мұндағы
несиелік тәуекел дегеніміз – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
қарыз сомасын және оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына
байланысты банктің толық немесе жартылай зиян шегуі.
Несиелік тәуекелдің пайда болуының түпкі себебі тарылған (ссуженный)
құнның немесе қарыз капиталының қозғалысының бұзылуы болып табылады. Қарыз
капиталы қозғалысының ауытқуы (сбой), тарылған құн айналысының бұзылуы
кезінде несиелік тәуекел пайда болады.
Несиелік тәуекел банк пен клиенттің қарым-қатынасының кез келген
кезеңінде пайда болуы мүмкін.
Банк пен клиенттің қарым-қатынас процесін қарастыра отырып, мынадай
қорытынды шығады несиені берудің әр кезеңінде несие сомасын қайтарудың
бұзылуына әкелетін несиелік тәуекелдің пайда болуының алғышарттары болады
(сурет 1). 1, 52 б.

Б 1 НӨҚ 2 ӨҚ 3 НП
7 4

НҚ 6 НПБ 5 ПА (ШБ)

Сурет 1. Несиелеу кезінде банк пен клиенттің қарым-қатынас процесі

Б – коммерциялық банктер
НӨҚ – несие өтінішін қарастыру
ӨҚ - өтінішті қанағаттандыру (несие беру)
НП – қарыз алушының несиені пайдаланылуы
ПА – пайда алу не шығынның болуы
НПБ – несиені өтеуге пайда бөлігінің жұмсалуы
НҚ – несиені қайтару

Тәжірибеде банкирлер әрқашан тәуекел дәрежесін анықтауға ұмтылады.
Бірақ уақыт ағымына қарай тәуекел дәрежесі өзгеріп отырады. Несиелік
тәуекелді нақты бағалау оның пайда болуына әкелетін факторларды бөлшектеп
талдау жүргізуде мүмкін болады.
Нарықтық жағдайда банктердегі несиелік тәуекелді ішкі және сыртқы
факторларды есепке ала отырып, зерттеу өте қажет. Өйткені несиелік тәуекел
банктің активтеріне тікелей әсер етеді. Банктің активтері – бұл банктердің
табыс табу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз иелігіндегі
ресурстарын орналастыруды жүзеге асыратын операциялар. Сонымен несиелік
тәукелдің маңызы оларды дұрыс бағалау мен басқару банк тұрақтылығына және
банк қызметтерінің сапасының жоғалмауына тікелей әсер етуінде. Несиелік
тәуекел бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне әсер еткен бірқатар
факторларға жасалынған талдаулар батыстың банкирлеріне мынадай қорытындылар
шығарылуына мүмкіндік берді: дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес
несиелер бойынша банктердің зиян шегулерінің басты себебіне 67% ішкі
факторлар, 33% сыртқы факторлар әсер етеді екен ( кесте 1). 1, 63 б
Ішкі факторлар:
1) операцияларды бақылаудың жетіспеушілігі
2) несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында мәліметтерді дұрыс
бағаламау
3) сапасыз қызмет көрсету
4) ақпараттық және технологиялық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі
Сыртқы факторлар:
1) компанияның банкроттығы
2) жұмыссыздық
3) алаяқтық, ұрлау, алдау т.б.

Кесте 1
Несиелеу барысында банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

Ішкі факторлар 67% Сыртқы факторлар 33%
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22% Компанияның 12%
банкроттығы
Несиеге деген өтінішті оқып 21% Кредиторлық қарызды 11%
үйрену барысында ақпаратты дұрыс қайтаруын талап ету
бағаламауы
Алдын ала ескерту белгісіне кеш 18% Жұмыссыздықжанұя 6%
көңіл бөлуі және операциялық мәселелері
бақылаудың әлсіздігі
Қамтамасыз етілудің сапасының 5% Ұрлықалдау 4%
нашарлығы

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар
қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығы тұруы тегін емес.
Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін.
Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк
қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге
тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді
басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер
мен бәсекеге төзе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі,
яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі,
акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің
жоғарылығы жатады.
Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілерге:
шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдында мерзімі ұзартылған
несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі (екінші рет мерзімі
ұзартылғаннан кейін несие проблемалық несиелер қатарына жатқызылады) және
басқаларды жатқызуға болады.
Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс
таңдай білуде 6 си ережесі қолданылады. Қарыз алушының сипаты оның
беделін, жауапкершілік дәрежесін қарызды өтеуге дайындығын білдіреді. Қарыз
алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілеттігін сипаттайды. Ол
оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттағы өзгеру
перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады ( сурет 2). 1, 71 б
Ақшалай қаражаты жалпы қарыз алушының алған несиені қайтарудың 3
көзі болады:
1. Нақты ақшалар тобы
2. Активтерді сату
3. Қаржыларды тарту
Нақты ақшалардың жетіспеушілігі қарыз алушылардың қаржылық жағдайының
нашар екенін көрсететін басты көрсеткіш.
Бақылау қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы фактор.
Әлемдік банк тәжірибесінде несиелік тәуекелді бағалауда 2 көрсеткіш
қолданылады:

К1 = несие бойынша зияндар несие бойынша қарыздың жалпы сомасы
К2 = несие бойынша зияндар несиелердің жалпы сомасы

Осы 2 коэффициент те банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін
қолданылады. Солтүстік Америкада К1-дің мәні 0,5-тен 1%-ға дейін. 3, 12 б

Несиелік портфельдің рентабельділігін сипаттайтын коэффициенттердің
тобына 2 түйінді коэффициентті жатқызамыз:

Пайыздық маржа
(1)
Қарыз міндеттемелерінің орташа қалдығы

Пайыздық маржа
(2)
Акционерлік капитал

Несиелерді қамтамасыз ету құнына және несиелік құжаттардың
дұрыстығына байланысты несиелік тәуекелдерді мына топтарға жіктейді:
1) ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер
(қалыпты)
2) ең жоғары тәуекелі бар несиелер
3) шектеулі тәуекелі бар несиелер
4) стандартты емес несиелер, яғни ережеден шығу барысында берілетін
несиелер

Сурет 2 - Қарыз алушының қаржылық жағдайы

Қорытындылай келгенде, нарықтық қатынастардың кең ауқым алуына,
банктердің қызмет ету аясының ұлғайғандығына байланысты, тәуекел ұғымы
банктердің іс-ірекетінде маңызды орын алуда. Тәуекелдер бактің өмірінде
міндетті түрде кездесетіндіктен, банктік қызмет оларды мүлдем жою емес,
алдын-ала болжап, ең төменгі деңгейге жеткізу аса маңызды болып табылады.
Қазақстандық банктер үшін және барлық елдердегі банктер үшін де,
негізгі тәуекел түрлері банк ресурстарына салынған портфельдің құрылымымен,
қаржы активтерінің жиынтығымен байланысты. Ал қазіргі таңда несиелік
тәуекелдер банктің активтеріне тікелей әсер ететіндіктен, оны нақты бағалау
оның пайда болуына әкелетін ішкі және сыртқы факторларды есепке алып,
зерттеу нәтижесінде қол жеткізіледі.

1.2 Банктердің нарықтық тәуекелдерді басқару әдістері

Тәуекелдің екі типін бөліп көрсетуге болады: статистикалық
(катастрофалық) және динамикалық. Статистикалық тәуекел таза
белгісіздікке, ал динамикалық тәуекел – спекулятивті белгісіздікке сәйкес
келеді (кесте 3). 7, 23 б
Статистикалық (катастрофалық) тәуекел – бұл ішкі және сыртқы ортаның
көптеген факторларының болжанбаған өзгерістерінің болуынан экономика
субъектісіне қалпына келмейтін шығындардың салдарынан активтердің
қайтарылмайтын жоғалтуларының ықтималдығы.
Динамикалық тәуекел сыртқы орта факторларының (экономикалық
конъюнктураның тербелісі) әрекеттерінен қарастырылатын объекттің құнының
болжанбаған өзгерістерінің пайда болуымен байланысты.
Статистикалық тәуекелдер инвестициялау мерзімі ағымында ғана бір рет
пайда болуы мүмкін. Олардың қызметі инвестициялық жобаның немесе қаржылық
операцияның қысқартылуын білдіреді. Оған қарағанда динамикалық тәуекелдер
жобаны жүзеге асыру уақытында жобаның қысқартылуына алып келмей бірнеше рет
қызмет етуі мүмкін.
Жалпы барлық тәуекелдер мынадай түрлерге бөлінеді: экономикалық,
саяси, заңдылық, нарықтық, қарызгердің тәуекелі, портфелдік, несиелік,
өтімділік тәуекел, операциялық тәуекел, қызметкерлермен байланысты
тәуекелдер, жеке операцияларға тән арнайы тәуекелдер тағы да басқа тәуекел
түрлері бар. 1, 75 б
Экономикалық тәуекелдерге әсер ететін факторлар:
- экономикалық өсудің нақты қарқыны;
- экономика масштабы;
- энергия көздерінің қол жетерлігі;
- елдің төлем балансы;
- жан басына шаққандағы табыс;
- ресми алтын валюталық резервтердің импортқа қатынасы.
Тәуекелдің қаржылық факторлары:
- тауар мен капитал қозғалысына байланысты шекті шаралар;
- ұлттық валютаның айырбасталуы;
- бағаларды реттеу;
- салық салу ставкалары;
- ұлттық валютаның тұрақтылығы;
- инфляция деңгейі;
- шетелдік капиталды тарту мүмкіндіктері;
- елдегі аудандардың сыртқы қарызы;
Тәуекелдің саяси факторлары:
- Үкімет құрамы немесе онымен жүргізілген саясатта болатын
өзгерістер ықтималдығы;
- меншікті қайтарымсыз алу саясаты;
- меншік құқығын реттейтін жергілікті заңдылық;
- кәсіпорынды басқаруға мемлекеттің араласуы;
- жеке секторға кері қатынастың таралуы;
- келісім-шарттарды міндетті қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- мемлекеттік басқару сапасы;
- көрші мемлекеттермен қарым-қатынас;
- белгісіз саясатты жүргізу қабілеттігі;
- жергілікті ұлттық шарттар;
- әлеуметтік-мәдени факторлар;
- бюрократизм.

Кесте 2 - Жалпы тәуекелдердің түрлері

Тәуекел түрі Қысқаша анықтамасы
Несиелік тәуекел Қарыз алушылардың өздерінің қаржылық
міндеттемелерін орындай алмауына байланысты
банктік қарыз бойынша төлемеу қаупі
Нарықтық тәуекел Векселдердің нарықтық бағасының тербелісі
нәтижесінде активтер құнының жоғалтулары.
Спекулятивті портфелде векселді иелену кезінде
немесе өтімділікті қолдау үшін инвестициялық
векселдерді тез жүзеге асыру қажеттілігі кезінде
пайда болады
Заңдылық тәуекел Жалған векселді иелену
Операциондық тәуекелі Арбитражды операция тәуекелі:
келісім-шартқа екі жақтың біреуінің қол қоюдан
бас тартуы
арбитражды келісім үшін иеленген векселді сатып
алушының сатып алудан бас тартуы
Өтімділік тәуекелі Қаржылық активтердің төлем қаражаттарына тез
айналуының мүмкіндігі тәуекелсіз мүмкін емес
Пайыз мөлшерлемелерінің Пайыз мөлшерлемелерінің күтпеген тербелістерінің
өзеруінің тәуекелі салдарынан шығынға ұшырау мүмкіндігі
Валюталық тәуекел Шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты
бағамдарының өзгерістерімен байланысты валюталық
(бағамдық) жоғалтулар қаупі
Инвестициялық тәуекел Меншікті және иеленген бағалы қағаздардан
тұратын инвестиция-қаржылық портфелдің
құнсыздануы мүмкіндігімен байланысты

Банк тәуекелдігі тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ
айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының
табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді.
Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек:
жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде
жогалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш
өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы
бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз
байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы
сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін
негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл
салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға
алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен,
бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б.
ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге
көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу
нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар
несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық
есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға
ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде
белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез
келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы
мүмкін. 1, 75 б
Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын
мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Қорыта келгенде, қазіргі таңдағы барлық тәуекелдер мынадай түрлерге
бөлінеді: экономикалық, саяси, заңдылық, нарықтық, қарызгердің тәуекелі,
портфелдік, несиелік, өтімділік тәуекел, операциялық тәуекел,
қызметкерлермен байланысты тәуекелдер, жеке операцияларға тән арнайы
тәуекелдер тағы да басқа тәуекел түрлері бар. Осы тәуекелдерді басқару банк
жұмысында күрделі қиындықтар туғызатын негізгі мәселелердің бірі болып
отыр. Себебі тәуекелдер банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің
қарсы келуіне негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін
тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп
тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің
арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі
мәселелерін құрайды.

3. Банктердің тәуекелдердің шетелдік тәжірибесі

Банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек тарап, олардың
үлесіне АҚШ-ғы барлық банкротқа ұшыраған банктердің жартысынан
астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды
қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, достық
несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының
қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.
Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз
алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлеуіне байланысты 70-
жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банкротқа ұшырауына
себеп болған.
Ішкі займдар бойынша төлемсіздік - қарыз алушының төлем
қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен
байланысты туындайды.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз
алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу
арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің
жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған
несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының
қысқаруына мүмкіндік жасайды.
2. Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу
мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі
ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық
зиянның алдын алады.
Мысалы, неміс фирмасы 180 күннен кейін аргентинаға тауар
шығарған үшін аргентина песосын алуы тиіс. Бірақ олар аргентина
песосының курстық ағымы Евро ағымының қарсы өзгеріс тәуекелділіктен
қорқады. Мұндай жағдайда неміс фирмасы болашақта сатылатын тауарға
хеджирлеу жасайды. Ол үшін ол 180 күнге форвардтық келісім шарт
жасайды. Алайда мұндай келісім шарт жасағаннан кейін, фирма 180
күннен кейін Евро эквивалент арқылы сатылған песо мөлшерін алу
керек. Егер де осы уақыт ішінде сатылған валютаның курсы түсетін
болса, онда оның шығыны мерзімді валюталық келісім шартының табысы
жабатын болады.
Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының
тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін
білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:
- абсолюттік өтімділік коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар +
бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;
- аралық өтеу коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы
қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа
мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
- жабудың жалпы коэффициенті – бұл айналым капиталы қарыз
алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көзі
ретінде ақшалай түсіндерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық
тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық
баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің
рейтингін жасауды ұсынады.
3. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны
сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды.
Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды
іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға
тиіс болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді
сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.
Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік
тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада
шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты.
Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі жіне
сыртқы.
Ішкі өтімділік – инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді
объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын
активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздар – 1,3,6,9, ай ішіндегі
қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік - оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын
кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа
банктер федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға
ауыспалы салым сертификаттарын, т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі
мүмкін.
Егер де банктер ертеректе тез іске асырылатын активтер құру
арқылы ішкі өтімділікті қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір
олар активтер мен пассивтерді біртұтас басқару есебінен баланс
өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады.
Бұл тұста ұсақ банктер өтімді активтер құруды дұрыс көрсе, ірі
банктер пассивті басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды
сата отырып, кейіннен қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу
жолымен банктік активтерді сату-сатып алу, коммерциялық бағалы
қағаздарды қолма-қола шығару және т.б.) жүргізуді қалайды.
Валюталық тәуекелдікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық
тәуекелдік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс
контрактілері, валюталық опциондар, валюталық своптар. Сонымен қатар,
несиелік келісім-шарттағы ақшалай міндеттемелердің валюта
бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем
құралы ретінде тұрақты валютаны таңдау әдісі (әрине, ұлттық валютаны
таңдауға болады егер американ доллары тұрақты пайдаланыланатын
болса) қолданылады. Сондай-ақ, мұнда үшінші бір ел валютасы немесе
халықаралық ақша бірліктері ( СДР, ЭКЮ) де пайдаланылады.
Банктік тәжірибе валютаның тәуекелдігін төмендету үшін шетел
валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бақылау (диверсификация),
сақтандыру, форвард контрактілерін жасау және басқа да әдістер
қолданылуда.
2. МетроКомбанк АҚ-ң қызметін талдау

2.1 МетроКомбанк АҚ-ң тәуекелді басқару саясаты

Қазіргі жағдайда банктің қаржылық жетістігі, оның сыртқы әсерлерге
төзімділігі, оның акционерлерінің жағдайы табыстылық деңгейіне, несиелік
портфелдің сапасына және жүргізіліп жатқан несиелік саясатқа байланысты.
МетроКомбанк АҚ-ң қаржылық жағдайының тұрақтылығына ұсынылатын
операциялар мен қызметтердің сапасы әсер етеді. Банк операцияларының
кеңеюімен жаңа тәуекелдердің пайда болу мүмкіндіктері туындайды. Қазақстан
МетроКомбанк АҚ-ң жүргізілетін келісім-шарттар ішінде несиелік
операциялар тәуекелге көп ұшырайды, себебі несиелеу табыс түсімдерінің
негізгі көздерінің бірі болып табылады.Табыстылықтың жоғары деңгейі
тәуекелдің жоғарылаған дәрежесінен көрінеді. Несиелік мекеменің қызметін
басқаруда негізгі мәселе несиелік тәуекелді минимизациялау болып табылады.
Несиелік тәуекелді басқару банк жұмысында күрделі қиындықтар
туғызатын негізгі мәселелердің бірі болып отыр. МетроКомбанк АҚ-ң
балансының жалпы көлемінде негізгі үлес салмақты қарыз алушылардың
кредиторлық қарыздары алады, оның үлесі 2009 жылы 79,1% болды, бұл кезде
берілген қарыздың 45,2%-ын проблемалы несиелер алады. Осылайша, несиелік
тәуекелді қазақстандық банктер үшін ең ірі тәуекел деп қарастыруға болады.
Себебі, тәуекелдер банкке үлкен шығын алып келеді, олар жиі несиелік
мекемелердің банкротқа ұшырауының себебі болады.
Несиелік тәуекелдерді басқаруды талдау үшін банктің несиелік жұмысының
сапасын қарастыру қажет. Оны бағалау үшін №219 2000 жылдың 1
шілде айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген
Пруденциалды нормативтер туралы жағдайға сәйкес мөлшері 0,25-ті құрайтын
бір қарыз алушыға максималды тәуекел көрсеткіші қолданылады.
МетроКомбанк АҚ-да 2009 жылдың 1 қаңтарында тәуекел мөлшері -
0,16; 1 сәуірінде – 0,10; шілдеде - 0,11 құрады, осылайша, бұл коэффициент
рұқсат берілген деңгейден аспады, яғни бұл осы банктің несиелік
операцияларының дұрыс жүргізіліп жатқанын білдіреді.
3-кестеде МетроКомбанк АҚ-ының несиелік портфелінің диверсификация
деңгейі, яғни географиялық аудандар арасында несиелерді бөлу қарастырылған.

Кесте 3 - МетроКомбанк АҚ-да несиелік портфелдің жалпы сомасы (млн.тенге)

Қала атаулары 01.06.09 01.08.09 01.10.09 01.12.09
Алматы 4887,8 4808,3 4756,0 4751,9
Астана 399,4 386,9 318,7 304,9
Ақтау 71,7 62,4 102,6 215,3
Ақтөбе 71,9 57,6 52,1 53,6
Атырау 448,7 391,5 307,8 302,9
Жезқазған 61,3 30,3 30,7 32,8
Қарағанды 31,9 36,4 49,0 48,5
Қызылорда 31,8 24,1 20,6 19,9
Көкшетау 85,3 77,4 84,7 80,2
Қостанай 87,2 83,2 80,8 73,3
Павлодар 60,4 55,0 51,8 57,9
Петропавл 83,3 79,4 70,5 63,2
Рудный 141,6 136,6 135,0 137,6
Семей 58,7 48,6 48,9 59,8
Талдықорған 97,2 92,9 82,9 71,4
Тараз 78,4 69,0 64,5 60,9
Орал 56,4 51,0 49,0 45,9
Өскемен 108,5 99,1 178,8 177,9
Шымкент 247,7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелдің деңгейі
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі
БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
Банктік тәуекелдің деңгейі
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Пәндер