Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы қолдану ерекшеліктері



Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы қолдану балалық және ересектік белгілерді ескеретін, ерекше қарым-қатынасты қажет етеді. Жеткіншектерде ақыл-ой дамуы жасөспірімдік шаққа жақындау келеді. Олардың танымдық процестерін зерттеуде ғылыми терминдер және түсініктерге шектеу қоя отырып, ересектерге арналған тесттерді іріктеп, пайдалануға да болады.
Тұлғалық және тұлғааралық ерекшеліктерді анықтауда көптеген шектеулер ескерілуі қажет. Өйткені жеткіншектер - әлі жартылай бала болып есептеледі, оларға жартылай балалық, жартылай ересектік тест формаларын пайдалану қажет.
Тапсырмалардың негізі ойын түрінде қалып, тест тапсырмалары тікелей баланың назарын тартатындай баланың қызығушылығын тудыруы тиіс.
Тестілеу барысына жеткіншек назарының жоғары болуы өзі туралы қызықты және пайдалы мәліметтер алуға, қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туындайтынын түсінеді.
Бұл жаста өзін-өзі тану қажеттігі өте күшті болатынына орай, қызығушылығы төмен тесттердің өзі қалыпты қабылданатын болады.
Жеткіншектер психодиагностикасына арнайы ғылыми түсініктер, әлеуметтік заңдылықтар нормалары енгізіледі. Бірақ көп жағдайларда бұл нормалар нақты анықталуы қажет.
Тестілеу барысы жеткіншекте өз қажеттілігін рөльдік қатынаста, мінез-құлықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.(эксперименттік және лидерлік рөльдер).Осы жаста жеткіншектер өз білімдерін, іскерліктерін байқатады және өзін көш басшы рөлінде көрсетеді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы қолдану ерекшеліктері.

Жеткіншек жас кезеңінде психодиагностиканы қолдану балалық және
ересектік белгілерді ескеретін, ерекше қарым-қатынасты қажет етеді.
Жеткіншектерде ақыл-ой дамуы жасөспірімдік шаққа жақындау келеді. Олардың
танымдық процестерін зерттеуде ғылыми терминдер және түсініктерге шектеу
қоя отырып, ересектерге арналған тесттерді іріктеп, пайдалануға да
болады.
Тұлғалық және тұлғааралық ерекшеліктерді анықтауда көптеген
шектеулер ескерілуі қажет. Өйткені жеткіншектер - әлі жартылай бала болып
есептеледі, оларға жартылай балалық, жартылай ересектік тест формаларын
пайдалану қажет.
Тапсырмалардың негізі ойын түрінде қалып, тест тапсырмалары тікелей
баланың назарын тартатындай баланың қызығушылығын тудыруы тиіс.
Тестілеу барысына жеткіншек назарының жоғары болуы өзі туралы
қызықты және пайдалы мәліметтер алуға, қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер
туындайтынын түсінеді.
Бұл жаста өзін-өзі тану қажеттігі өте күшті болатынына орай,
қызығушылығы төмен тесттердің өзі қалыпты қабылданатын болады.
Жеткіншектер психодиагностикасына арнайы ғылыми түсініктер,
әлеуметтік заңдылықтар нормалары енгізіледі. Бірақ көп жағдайларда бұл
нормалар нақты анықталуы қажет.
Тестілеу барысы жеткіншекте өз қажеттілігін рөльдік қатынаста,
мінез-құлықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.(эксперименттік және
лидерлік рөльдер).Осы жаста жеткіншектер өз білімдерін, іскерліктерін
байқатады және өзін көш басшы рөлінде көрсетеді.

Сандарды орналастыру

Мақсаты: Бұл әдістеме ырықты зейінді бағалауға арналған.
Нұсқау: Екі минут ішінде іс-қағаздан төмендегі шаршысының бос тор
көздеріне жоғарғы шаршыда кездейсоқ орналасқан сандарды өспелі қатарда
орналастырыңыз.
Сандар қатармен жазылады, жоғарыдағы шаршыға ешқандай белгілер
қойылмайды.
Бағалау дұрыс жазылған сандар саны бойынша жүргізіледі. Орташа норма
–22 сан және одан жоғары.
Әдістеме топтық зерттеу үшін ыңғайлы.

Ынталандырғыш материал:

16 37 98 29 54
80 92 46 59 35
43 21 8 40 2
65 84 99 7 77
13 67 69 34 18

Толтыруға арналған іс-қағаз.








Қызыл –қара кесте әдістемесі
Мақсаты: Бұл әдістеме зейін қасиетін анықтауға арналған.
Орындалуы: Қатысушылар берілген кестеден қызыл және қара сандарды
ауыспалы түрде табуы керек және сол сандарға сәйкес тек әріптерді ғана
жазып отыруы қажет. Қызыл түстегі сандарды төмендегі қатар түрінде, яғни
үлкен саннан кіші санға қарай, ал қара сандарды – жоғарылаған түрде, яғни
кіші саннан үлкен санға қарай тауып жазуы керек.
Нұсқау: Сіздерге қара және қызыл сандар жазылған кесте ұсынылады.
Сіз қызыл және қара сандарды ауыспалы түрде іздеп, яғни қызыл сандарды
төмендеген (25-тен 1-ге дейін) ал қара сандарды өспелі қатар түрінде (1-ден
24-ке дейін)жазу керек. Сандардың жанында тұрған тек әріптерін ғана жазу
керек. Мысалы: РВИН
Жұмыс уақыты 5 минут.

8-к 24-у 13-м 7-ф 22-б 12-н 5-б
8-х 14-ф 14-р 17-ш 15-д 6-г 3-е
19-к 3-к 18-ч 23-к 16-р 18-х 17-р
21-р 13-а 1-р 22-ш 11-р 23-г 20-д
5-м 10-е 4-ф 25-р 21-ц 2-т 19-ж
12-ж 6-б 16-у 20-м 4-с 10-б 9-а
2-н 7-н 11-л 15-у 9-к 24-н 1-в

Оперативті ес
Мақсаты: Бұл әдістеме қысқа мерзімді есті зерттеуге қолданылады.
Қатысушыларға іс-қағаздар таратылады, кейін келесі нұсқау беріледі.
Нұсқау: Мен сіздерге сандарды оқимын – 10 қатар, әр қатарда 5 сан.
Сіздің мақсатыңыз – 5 санды айтылған тізбек бойынша есте сақтап, 1-ші мен 2-
ші, 2-ші мен 3-ші, 3-ші мен 4-ші, 4-ші мен 5-ші сандарды қосып, алынған
төрт қосындыны арнайы іс-қағаз қатарына жазу керек.
Мысалы: 6,2,1,4,2 (тақтаға немесе қағазға жазылады). 6 мен 2-ні
қосамыз –8 шығады; 2 мен 1-ді қосамыз –3 шығады; 1 мен 4-ті қосамыз –5
шығады; 4-ке 2-ні қосамыз –6 шығады.
Егер қатысушыларда сұрақтар пайда болса, экспериментатор оларға
жауап беріп, тестті жүргізуге көшеді. Сандар қатарының арасындағы үзіліс
–15 секунд.

Кілт

Дұрыс есептелген қосындылар саны есептеледі (олардың максималды саны
–40).
Әдістеме топтық тестілеу үшін де ыңғайлы. Тестілеу процедурасы 4-5
минутқа созылады. Оперативті ес көрсеткіші сенімдірек болуы үшін, басқа
сандарды қолдана отырып, тестілеуді қайталауға болады.

Ұсынылатын сандар:
Қатысушыларға берілетін іс-қағаз үлгісі

Қатар реті Қосынды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Сандық қатар заңдылығы
Нұсқау: 7 сандық қатардың орналасу тәртібін табыңыз және жетіспейтін
санды табыңыз. Ол кестеде - таңбасымен көрсетілген. Уақыты 5 минут.

Сандық қатар
№ 1 2 3 4 5
А 4 4 2 3 3
Б 3 2 4 4 2
В 2 3 3 2 4

Қорытынды

10 –13 ұпай
Сіз өзіңізге аса қатты сын көзбен қарайсыз. өзіңізге көңіліңіз толмайды.
Есіңізде болсын өзін сыйламаған адамдарды өзге де көзге ілмейді. Тым
сыпайысыз. Басты кемшілігіңіз - өзіңізге сенбейсіз. өз пікіріңізден гөрі
елдің сөзіне құлақ асқанды жөн көресіз. өміріңізді өзгерткіңіз келсе
өзіңізге көп көңіл бөліңіз.
14-17 ұпай
Өзіңізге сенімдісіз. Нәзік тартымды жансыз. Айналадағы адамдармен тіл
табыса аласыз. өзгелер сыртыңыздан қызыға қарайды, кейбіреулер тіптен сізге
ұқсағысы келеді. Ал сіз өзіңізге не қолайлы не қолайсыз, не үйлеседі, не
үйлеспейді, кімге ұнайсыз кімге ұнамайсыз әрдайым біліп жүресіз.
18-20 ұпай
Тым тәкаппарсыз. Басқаны көзге ілмейсіз. Көкірек кере берсеңіз елді мезі
етесіз. Сәл жұмсарып кіші пейіл болуға тырысасыз, қиналған адам көрсеңіз
көмегіңізді аямаңыз.

Айзенк тесті
Мақсаты: Бұл сауалнама сыналушының психикалық күйін мойындау немесе жоққа
шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және
ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Нұсқау: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0 .
Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық
сәйкес болмаса 1 санын, тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.
1 Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін
2 Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді
3 Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын
4 Әдеттерімді өзгерту қиын
5 Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын
6 Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді
7 Кей кездері әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесіне кедергі
келтіремін
8 Менің бір істен екінші іске ауысуым қиын
9 Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын
10 Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін
11 Мені ренжіту оңай
12 Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын
13 Уайымға жеңіл түсемін
14 Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді
15 Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді
16 Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын
17 Мені қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады
18 Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын
19 Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді
20 Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды
21 Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын
22 Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін
23 Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын
24 Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін
25 Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын
26 Кейде ғана көңілді жағдайда боламын
27 Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын
28 Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын
29 Мені сендіру өте оңай
30 Қиын жағдайларда абыржып қаламын
31 Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын
32 Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін
33 Мені денсаулық жағдайым мазалайды
34 Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын
35 Менің ым – ишарам тіке, дөрекі
36 Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын
37 Күткенді ұнатпаймын және қиналамын
38 Менің ойымша, мен ешқашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын
39 Мен кекшілмін
40 Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді

Кілт

1 Қобалжу шкаласы 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37
2 Фрустрация шкаласы 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38
3 Агрессия шкаласы 3,7,11,15,19,23,27,31,35,39,
4 Регидтілік шкаласы 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40,

Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар
саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай беріледі, 1
жауабы үшін –1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды
шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай -10. Одан жоғары болуы тұлға
құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.
Сауалнама бойынша зерттелетін қасиеттер сипаты:
Жекелік қобалжу - индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі
Фрустрация - шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда
болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.
Агрессия - жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты
күш көрсете отырып лидерлікке ұмтылу.
Ригидтілік-жоспарланған істі өзгертудегі қиындық.

Тест. “ Өмірлік тәжірибе туралы ойланайық”

Мақсаты: орта және жоғарғы сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиелілігін
анықтау.
Жүргізілу жолы: тест өткізілуінің сәтті болу үшін қатысушылардың ақиқат
жауаптары қажет. Бұл үшін анонимділік үлгісін таңдағаныңыз (парақтың
бұрышына ұл бала – ұ, қыз бала –қ деп белгіленсе жеткілікті.
Нәтижені өңдеу қолайлы болу үшін төмендегідей парақ дайындалады.


Сұрақ № Жауап әріптері
А б в
1
2
3
4

Дауыс ырғағы жауап таңдауға әсер етпес үшін тест сұрақтары біріңғай қоңыр
дауыспен оқылады.
Оқушылар ұсынылған жауаптардың бірін (а,б,в)* белгісімен белгілеуі қажет.

1. Сіздің жолыңызда адам тұр. Сізге өту қажет. Сіздің әрекетіңіз?
А) айналып өтемін
Б) адамды жылжытамын да өтемін
В) көңіл күйіме байланысты
2. Қонақтар арасынан сырт келбеті көріксіз жалғыз отырған қызды (ер баланы)
байқадыңыз. Не істейсіз?
А) ешнәрсе, менің жұмысым қанша,
Б) алдын-ала білмеймін, жағдайға байданысты
В) барып дереу ғңгімеге тартамын
3. Сіз мектепке асығып барасыз. Жолда бір адамға нашар болып қалды. Не
істейсіз?
А) мектепке асыығамын.
Б) егер біреу көмекке ұмтылса менде барамын
В) 03 хабарлап, өтіп бара жатқандарды тоқтатамын.
4. Сіздің таныстарыңыз жаңа пәтерге келіп жатыр. Олар жасы келген адамдар ,
сіз не істейсіз?
А) өз көмегімді ұсынамын
Б) мен біреудің өміріне араласпаймын
В) егер сұранса, әрине көмектесемін
5. Сіз құлпынай сатып алып жатырсыз. Сатушы сізге соңғысын өлшеп берді.
Сіздің артыңыздан ауруханадағы ұлына апарғысы келгенін бірақ құлпынайдың
жетпей қалғанын айтқан өкінішті дауысты естідіңіз. Не істер едіңіз?
А) әрине өкініш білдіремін, бірақ біздің қиын уақытта не істейсің?
Б) бұрылып жартысын ұсынамын
В) білмеймін, менің өзіме де қажет болатын шығар
6. Сіздің таныстарыңыздың бірі әділетсіз жазаланғанын естідіңіз. Бұл
жағдайда не істейсіз?
А) қатты ашуланып өкпелеткен адамды соңғы сөздеріммен
балағаттаймын
Б) ешнәрсе, өмір әділетсіз
В) өкпелеген адамды жақтаймын
7. Сіз кезекшісіз. Еденді сыпырып жүріп ақша тауып алдыңыз. Не істер
едіңіз?
А) мен тауып алдым, енді менікі болады
Б) ертең кім ақша жоғалтқанын сұраймын
В) мүмкін өзіме қалдыратын шығармын
8. Емтихан тапсырып жатырсыз. Неге сүйенесіз?
А) көмекші қағаздар (шпаргалка) әрине, емтихан- бұл лоторея,
Б) емтихан алушының шаршағанына
В) өз біліміме
9. Сізге кәсіп таңдау қажет. Сіз мұны қалай жасайсыз?
А) үйдің жанынан табамын
Б) жоғары жалақысы бар жұмыс істеймін
В) жер бетінде құнды нәрсе жасағым келеді
10. Ұсынылған саяхаттың 3 түрінің қайсысын қалайсыз?
А) Қазақстан бойынша
Б) экзотикалық елдерге
В) дамыған жетекші елдердің біріне
11. Сіз сенбілікке келдіңіз, бірақ еңбек құралдарының барлығы таратылып
кеткен. Сіз не істейсіз?
А) әңгіме айтып тұрамын ар жағы белгілі болады
Б) келгендерді белгілеп жатпаса дереу үйге қайтып кетемін
В) біреумен қосылып жұмыс істеймін
Сиқыршы сізге ешқандай жұмыс істемей – ақ қамтамасыз етілген өмір ұсынып
тұр. Бұл сиқыршыға сіз не деп жауап берер едіңіз?
А) алғыс айтып келісе кетемін
Б) бірінші біліп аламын қанша адамды мұндай өмірмен қамтамасыз еткенін
В) бас тартамын
13 сізге қоғамдық тапсырма берілді. Оны орындағыңыз келмей тұр. Не істер
едіңіз?
А) ол туралы ұмытып кетіп, тек талап етілгенде ғана есіме түсіремін
Б) әрине орындаймын
В) есіме түсірмес үшін себебін іздеп қашқақтаймын
14 Сіз керемет танымал емес музейде болдыңыз. Бұл туралы біреуге айтасыз
ба?
А) иә, дереу айтып оларды музейге апаруға тырысамын
Б) білмеймін
В) неменеге айтамын, әркім өзіне қажеттіні өзі шешсін
15. Ұжым үшін кім пайдалы іс орындай алатындығы жөнінде мәселе көтерілді.
Бұл сәтте сіз не істер едіңіз?
А) қолымды көтеріп жұмысты жасағым келетінін айтамын
Б) менің фамилиямды біреудің айтқанын күтіп отырамын
В) келісуге мен өз уақытымды бағалаймын
16. сіз жолдастарыңызбен шуақты жылы күнде саяжайға жиналдыңыздар. Сізге
телефон соғып маңызды, ортақ іс үшін жол жүруіңізді кейінге қалдыруды
сұранады сіз не істейсіз?
А) жоспарға сәйкес саяжайға кетемін
Б) бармаймын әрине қаламын
В) менің жолдастарымның не айтатынын күтемін
17. Сіздің ит асырағыңыз келеді. Үш нұсқаның қайсысын таңдайсыз?
А) үйсіз күшік
Б) сізге ұнайтын тамымал ересек ит
В) сирек тұқымды қымбат ит
18. Жұмыстан дем алуға жиналдыңыз. Сізге “ маңызды іс бар” - деп айтып
жатыр. Не істер едіңіз?
А) демалысқа құқым бар екенін еске саламын
Б) істеймін
В) басқалары не айтатынына қараймын
19. сізбен балағаттап сөйлесті. Бұған қалай қарайсыз?
А) солай жауап беремін
Б) мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп елемеймін
В) байланысымды үземін
20. Сіз скрипкада нашар ойнайсыз (немесе басқа музыкалық аспапта). Сіздің
ата-анаңыз сізді қайта-қайта мақтап қонақтарға ойнап беруді сұранды. Не
істер едіңіз?
А) ойнап беремін
Б) ойнамаймын
В) мақтағаны жағымды, бірақ ойнаудан қашқақтап себеп табамын.
21. Қонақ шақыруды ойладыңыз. Қай нұсқаны дұрыс көресіз?
А) барлық асты өзіңіз дайындайсыз
Б) “ кулинария” дүкенінен жартылай фабрикаттар сатып алу.
В) қонақтарды кафеге шақырамын
22. Мектепті ерекше бір жағдаймен жауып тастады деп естідіңіз. Бұл
жаңалықты қалай қабылдайсыз?
А) қатты қуанамын, қыдырамын
Б) мазасызданамын, өзіндік білім алуға жоспар құрамын
В) жаңа хабарларды күтемін
23. Сіздің көзіңізше сіздің жолдастарыңызды мақтап жатса, сіз өзіңізді
қалай сезінесіз?
А) қатты қызғанамын, маған жайсыз
Б) мен қуаныштымын, өйткені менің өзімнің де жетістіктерім бар
В) басқалары сияқты мен де қошеметтеймін
24. Сізге ерекше қызыл қаламсап сыйлады. Көшеде сізге екі бала кездесіп,
сыйлықты беруін талап етті. Не істейсіз?
А) беремін, денсалық қымбат
Б) олардан қаламсап жоқ деп қашып кетуге тырысамын
В) сыйлықты бермеймін, күресе кетемін
25. Жаңа жыл жақындағанда нені жиі ойлайсыз?
А) жаңа жылдық сыйлық туралы
Б) каникул мен еркіндік
В) қалай өмір сүрдім, енді жаңа жылда қалай өмір сүремін
26. Музыканың сіздің өмірдегі ролі
А) ол маған би үшін қажет
Б) рухани жоспарыма ләззат сыйлайды
В) ол маған қажет емес
27. Үйден ұзаққа кеткенде өзіңізді қалай сезінесіз?
А) туған жерім түсіме енеді
Б) үйде болғаннан гөрі өзімді жақсы сезінемін
В) байқамаймын
28. Ақпараттық телебағдарламаларды көргенде кейде сіздің көңіл күйіңіз
бұзылады ма?
А) жоқ, егер менің тірлігім жақсы жүріп жатса
Б) иә, қазіргі уақытта жиі бұзылады
В) байқамадым
29. Сізге алыс, таулы ауылға кітап беріп жіберу ұсынылды. Сіз не істейсіз?
А) қызықтыларын таңдап алып келемін
Б) менде қажетсіз кітап жоқ
В) егер бәрі әкеліп жатса менде әкелемін
30. Жердегі қымбат бес орынды, бес қымбат тарихи жиынды,бес қымбат ұлы
адамдардың есімін атай аласыз ба?
А) иә, атай аламын
Б) жоқ, өмірде қызық нәрсе көп
В) ойланбаппын, санау керек екен
31. Адамның жасаған ерлігі туралы естігенде басыңызға қандай ой келеді?
А) бұл адамның өзінің жеке қызығушылығы болған
Б) атын шығаруға сәті түсті
В) көңілім толып қатты таң қаламын

Шынайы жауабыңыз үшін рахмет!

Алынған нәтижелерді өңдеу: оқушылар әрбір таңдауда жасаған таңдау санын
есептеп жалпы оқушылардың санының пайызын шығару қажет. 10,17,21,25,27
нөмірлерінің жауаптары есепке қосылмайды.
Жеткілікті адамгершілікті: оқушыларда адамгершілікті тәрбиенің
жеткіліктілігі және “ басқа адамға” бағытының қалыптасуыкелесі нұсқаларда
13 санынан асқан жағдайда көрсетіледі.
А бағаны а * сұрақтары 1,4,14,15,27,29,30
Б бағаны б * сұрақтары 5,7,13,16,18,20,22,23,28
В бағаны в * сұрақтары 2,3,6,8,9,11,12,19,24,31

Кейбір өнегесіздік өзімшілдік позицияны таңдау саны келесі нұсқаларда 13
санынан асқан жағдайда көрсетеді:
А бағаны 2,3,5,7,8,12,13,16,18,20,22,31
Б бағаны 1,4,6,9,11,19,27,29,30
В бағаны 14,15

Сіздің ассоциацияңызды анықтауға әдістеме

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, белсендігін, құпия сақтай
білетіндігін,мейірімділік тік мінезді жағымсыз қасиеттерін және алға қойған
мақсатын анықтау.
Барысы: оқушылар көздерін жұмып Африкадағы Саванна аралында жүргендерін
елестету. Кенеттен алдарынан бір топ пілдер жүгіріп бара жатыр. Соның
ішінен кішкентай пілді көрдіңізде соның суретін салыңыз.

Нәтижені өңдеу:
1. Мұрны (хобот ) - қарама – қарсы жынысқа қызығушылықты білдіреді. Егер
жоғары болса онда қызығушылық бар.
2. Аяқ – бұл өміріңіздегі белсенділік. Егер жүгіріп бара жатқан тәрізді
болса, онда ол белсенді адам.
3. Сүйек – бұл адамның агрессиясы.
4. Көз – егер жай ғана көз болса онда бәрі жақсы. Ал егер адам кірпік салса
онда ол адамда бір мәселе туындап отыр, кірпік ұзарған сайын , мәселе
күрделі сипатта болады.
5. Құлақ – үлкен болса, онда ол адамда тыңдай алатын қасиет бар.
6. Ауыз – егер ауыз ашық түрде салынса онда көп сөйлейтін, көңілді жүруді
ұнататын қасиеті бар.
7. Құйрық – адамның өмірдегі мақсаты. Егер ол жоғары қарап тұрса онда ол
бұл адамның өмірлік нақты бір мақсаты бар.
8. Егер суреттің бұрыштары үшкір болмаса, онда ол адам мейірімді, ал
бұрыштары үшкір болса онда ол адам тік мінезді, жағымсыз қасиеттерге ие.

Сіздің мінезіңіз қандай?

Мақсаты: оқушылардың мінезін көңіл – күйін анықтауға арналған.
Барысы: бұл тест мінезді тез арада анықтауға мүмкіндік береді. Сұрақтарға
“иә”, “жоқ” деп жауап беру керек.
Сұрақтар:
1. Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ ұнайды ма?
2. Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе?
3. Сіз кейде қуаныштан төбеге секіріп кеткіңіз келе ме?
4. Сіз дастархан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба?
5. Сізде бас ауруы жиі болады ма?
6. Сіз кейде тіс жууды ұмытып кетесіз бе?
7. Сіз әрқашан бір прическамен жүресіз бе?
8. Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз ба?
9. Дене жаттығуларымен айналысасыз ба?
10. Сізде мелонхолиялы көңіл-күй жиі болады ма?
11. Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

Сұрақ1 2 3 4 5 6 7
1 А В Б 15 Б В А
2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика
Мюнстенберг әдістемесі
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Кәсіби біліктілікке психодиагностика
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Психодиагностика туралы
12 жылдық білім аясында жеткіншек жастағы балаларға психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері
Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы
Мектеп психолог қызметінің ерекшеліктері
Пәндер