Қаржы жүйесі туралы



1.Қаржы жүйксінің мәні мен құрылымы.
2.Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипикаторы.
3.Салық салу принциптері мен түрлері. Салық мультипикаторы.
4.Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.
Ішкі және сыртқы қарыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қаржы - бұл мемлекет, занды және жекс тұлғалардың арасында ақша құраллары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық катынастар жуйесі. Қаржы ақша кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау жэне ЖҰӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалык құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.
Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және элеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдік-терді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын иіешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.
Ұлттық экономика шеңберіндегі каржы катынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтан-дырылған, орталыктандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады.
Орталықтандырылған қаржылар - ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалиы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.
1. Бисенгазиев.М.Б. Кәсіпкерлік негіздері.-Алматы,2001.
2. Илясов.Г. Қаржы.-Алматы,2004.
3. Қаржы ресурсы.-Қаржы-Қаражат,2005.
4. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994
5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003
6. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000
7. Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Алматы, 2002
8. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003
9. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001
10. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

1.Қаржы жүйксінің мәні мен құрылымы.

2.Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар
мультипикаторы.

3.Салық салу принциптері мен түрлері. Салық мультипикаторы.

4.Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

Ішкі және сыртқы қарыз.

1. Қаржы жүнесінің мәні мен құрылымы. Қаржы - бұл мемлекет, занды және
жекс тұлғалардың арасында ақша құраллары қорларының қалыптасуы, бөлу және
пайдалану жөнінде болатын экономикалық катынастар жуйесі. Қаржы ақша
кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау жэне ЖҰӨ-нің бөлінуі
мен қайта бөлінуінің экономикалык құралы. Қаржының мәні оның қызметтері
арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.
Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында
пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары
шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын
шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың,
азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және
элеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор
және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық
өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін
жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда
қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік
береді.
Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдік-терді, салық
салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің
тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын иіешуге
ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс
орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын
ынталандырады.
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен
азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті
жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.
Ұлттық экономика шеңберіндегі каржы катынастарының жиынтығы мемлекеттің
қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтан-дырылған,
орталыктандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан
қалыптасады.
Орталықтандырылған қаржылар - ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік
несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар.
Олар ұлттық экономиканы жалиы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық
мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар ортурлі меншік формасындағы кэсіпорындар
мен фирмалардыц каржылары. Бұл заішы тұлғалар арасындағы, занды тұлгалар
мсн мемлекет арасындағы және заңды түлғалар мен жеке түлғадар арасындағы
каржы катынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің
негізін кұрайды. Мұнда қаржы ресурстарыныц маңызды бөлігі калыптасады.
Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы
қаржы жағдайы тәуелді болады.
2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік қаржылардың маңызды бөлігі. Ол арқылы
Ж¥Ө салалар мен территориялар арасында бөлініп, қайта бөлінеді. Бюджет - ол
табыстар мен шығындардын баламсы. Ұлттық экономиканың дамуында бюджеттің
ролі тарихи дамудың әртүрлі дендерінде бірдей емес. Оның екі кезеңін накты
атап көрсетуге болады. Классикалық капитализм дәуірінде мемлекет шаруашылык
іс-әрекетке белсенді араласпады. XX ғасырдын екінші жартысынан бастап
бюджет макроэкономиканың куатты реттеушісіне айналды. Салықтар мен
мемлексттік шығындардың басым бөлігі жұмыспен камту мен экономикалық өсуді
қамтамасыз етуде бюджеттің алдынғы катарлы роль ойнауына мүмкіндік береді.
Бюджет қоғамдық ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал
студің маңызды тетігі. Мемлекеттік шығындар мен салық салу деңгейін өзгерту
жолымен үкімет жиынтық сұраныс көлемін реттей отырып, экономикалық
коньюктураның қысқа мерзімді ауытқуларына ыкпал ете алады.
Сонымен бюджет - бұл мемлекеттін қаржы жоспары, мемлекеттің шығындары мен
табыстарыньщ балансы.
Қандай да бір елдің бюджеттік жүйесінің құрылымы ең алдымен оның
мемлекеттік құрылысына тәуелді. Унитарлык мемлекеттерде бюджеттік жуйе
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеральды мемлекеттерде
аралық бөліктер - штаттар мен федерация субъектілерінің бюджеттерінен
тұрады. Бюджеттік жүйе арқылы бюджеттің бөлу және бақылау қызметтері жузеге
асырылады.
Бөлу қызметі мемлекеттік максаггар мен кызметтерді орындау ушін
түсімдердін әртурлі каналдары және олардын қолданылуы арқылы мемлекетте
ақшалай кұралдардын шоғырлануын көздейді. Кейбір елдерде бұл қызметгі
өзінің аймақтық органдары арқылы мемлсксттік қазынашылык органы атқарады.
Бақылау қызметі экономиканың әртурлі құрылымдық звеноларында акшалай
құралдарды қалыптастыру мен пайдалану процестеріи бакылау шараларын
жургізудсн көрінеді.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік аппаратты үстау, қорғаныс,
денсаулык сактау, білім, әлеуметгік жәрдемакылар төлеу үшін ашалай
ресурстардың орталықтандырылған қорын кұрады. Бюджет шаруашылық
коньюнктурага ықпал ете отырып, экономиканы мемлексттік реттеудін, оны
тұрақтандыру бойынша шараларды жүзеге асырудын куатты тетігі болып
табылады. Мемлекеттің экономикаға ықпал етуі каржыландыру, субсидия беру,
трансферттер аркылы жүргізілсді. Экономикалық құжат ретінде бюджет
коғамньш саяси және әлеумсттік динамикасын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет
тек орталық үкіметтің бюджетін ғана емес, сондай-ақ барлық деңгейдегі
бюджеттердін жиынтығын көрсетеді. Бюджетке сондай-ақ әртурлі бюджеттік
емес корлар немесс мақсатты бағыты бар акшалай қаржылар жатады. Өзінін
сандық құрамы бойынша олар әркашан бюджет кұрамына қосыла бермейді. Бірақ
пайдалану және бөлу принципі бойынша олар мемлекеттік бюджеттік шығындар
үрдісіне теңестіріледі. Олар белгілі бір мақсатты қорларға
шоғырландырылыл, орталық және жергілікті билік органдарының басқарылуында
болады. Бұл зейнетакы қорлары және басқа да арнайы салықтар, қарыздар,
бюджеттік субсидия есебінен құрылатын қорлар.
Мемлекеттік шығындар мен салыктармен байланысты ретгеу жүйесі -
фискалдық саясат деп аталады. Мемлекеттік шығындар - мемлекетті
қаржыландыруға кететін шығындар, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді
мемлекеттік сатып алу жатады. Бұл сатып алулар әртүрлі болуы мүмкін; бюджет
ессбінен жолдар, мектептер, медициналық кұрылымдар құрылысы, ауыл
шаруашылық қорғаныс техникаларын сатып алу және т.б. Бұл жағдайда тұғынушы
- мемлекет болады. Сондықтан да булар не өз тұтынуы үшін, не өндіріс
факторлары, қызметтер мен игіліктер нарығында сұранысты реттеу үшін жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік шығындар бюджет шығысында көрсетіледі, сондықтан олар тиімді
және сандық сапалық экономикалык өсуді камтамасыз етуі тиіс. Бұл
мемлекетпен жүргізілетін фискалдык саясат мына мақсаттарға жауап беруі
тиіс:
* экономикалық циклдың ауытқуын бәсендетуге;
* экономикалық өсу қарқынын арттыруға;
* жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне кол жеткізуге;
* инфляцияның қолайлы қарқынына қол жеткізуге.
Фискалдык саясат дискрециондық және автоматты болып бөлінеді.
Дискрециондық фискалдық саясат тауарлар мен қызметтерді сатып алу,
мемлекеттік трансферттср және салықтар арқылы жүргізіледі. Олардын
мөлшерінің өзгеруі жиынтық шығындардың өзгеруіне алып келеді.
Дискрециондық фискалдық саясаттын кұралдары ол мемлсксттік шығындар жәнс
салықтар. Бұл саясаттың мақсаты өндірісті ұлғайту, жұмыссыздықты қыскарту,
инфляцияны төмендету, экономиканы тұрақтандыру. Дискрециондық емес саясат
ол пассивтік саясат, мұнда мемлекеттік шығындар мен салықтардын
дәрежесіндегі өзгерістер автоматты түрде ендіріледі (автоматты
тұрақтандырғыштар).
Автоматты тұрақтандырғыштар - бұл үкімет тарапынан қандай да бір арнайы
шешімдер қабылдаудын қажетінсіз іс-әрекет жасайтын нормалар.
Тұрақтандырғыштарга салык жүйссі, ең алдымен прогрессивті салықтар жатады.
Жандану кезінде жалпы ұлттык өнімнің өсуімен салықтык түсімдер автоматы
түрде өседі, бұл экономикалық өсуді тежейді, керісінше жалпы ұлттық өнімиің
құлдырау кезеңінде салыктық түсімдер автоматты түрде қысқарады және
бұл экономикалық құлдырауды бәсеңдетеді. Трансферггік төлемдср карама-
қарсы жағдайда көрінеді. Жұмыссыздық бойынша жәрдем акы, кедейлік бойынша
жәрдем ақы, фермерлерге субсидия - бұлардың барлығы экономикалык өрлеу
кезеңінде қысқарады және өндірістін кұлдырау кезеңінде өседі.
Нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде трансферггік төлемцер арқылы тұтыну
шығындары қамтамасыз стіледі, ал кұлдырау кезеңінде тұтыну шығындары жоғары
осіп, сұранысты ынталандырады. Тұрактандырғыштардың негізгі әрекеті - бұл
экономиикалык ауытқулардың кең етек алуы мен тереңдеуін шектеу.
Инфляция мен жұмысбастылық өндіріс дамуының қарқындарындағы елеулі
өзгерістер үшін дискрециондық фискалдық шаралар, яғни үкіметпен саналы
түрде қабылданатын салықтар, укімет шығындарын өзгертумен болатын шаралар
талап етіледі. Мұндай шаралардың қатарына салық ставкалары, салық
кұрылымын және шығындар шамасын өзгерту шаралары жатады. Фискалдық саясат
шараларын Кейнс негіздеген. Алайда, ол ақша-несие саясатының шараларын
ортапыктандыру кажеттігінен бас тартпайды.
Мемлекеттік шығындар мен салықтар саясаты - экономиканы мемлекеттік
реттеудің жэне оны тұрақтандырудың маңызды құралы. Ол жиынтык шығындардың
деңгсйіне тікелей ықпал етеді, демек ЖҰӨ көлемі, түрғындардын
жұмысбастылығына, сондай-ақ сұранысты рсттеуге ыкпал етеді. Демек,
мемлекеттік шығындар тұтыну шығын-дары мен инвестициялар сияқты жиынтық
сұранысқа ықпал етеді. Е
нүктесі жалпы шығындар Ж¥Ө-нің өндіріс көлеміне тең болатын тепе-теңдік
деңгейді көрсетеді. Мемлекеттік шығындардың қысқаруы макроэкономикалық тепе-
теңдік нүктесінің 45° сызық бойымен төмен жылжуына алып келеді. Бұл ЖҰӨ-нің
тепе-тендік өсімі мен жиынтық шығындардың қысқаруын білдіреді.
Сонымен мемлекеттік шығындар ұлттық өндіріс көлемі мен жұмысбастылыкқа
тікелей ықпал етеді жэне инвестициялар тәрізді мультипликациондық
тиімділікке ие.
Бұл егер мемлекеттік бюджет табысының баптарын ұлғайтпай белгілі бір
шамаға өзінің шығындарының көлемін арттыратын болса, осындай табыс өсімі
алынатынын көрсетеді. Мемлекеттік шығындар шамасының өзгеруі шығындар
шамасының өзгеруіне пропорционалды табыстың өзгеруін тудырады. Мемлекеттік
шығындар мультипликаторын инвестиция мультипликаторына теңестіруге болады.
Экономикалық позиция тұрғысынан бұл ұқсастық зандылық. Шын мәнінде, егер
мемлекет мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен тауарларға қосымша сұраныс
жасайтын болса, бұл шығындар өсіміне тең Ж¥Ө-нің өсуіне алып келеді.
Осылайша мемлекеттік шығындар көлемінің өзгерсе ұлттық табыстың
мультипликациондық процесіне алып келеді. Бұдан шығатын корытынды:
бюджеттін кіріс және шығыс бөлігі мемлекет тарапынан ресурстарды реттеу мен
тікелей ыкпал ету үрдісіне жаткызылады.
3. Салық салудың түрлері мен принциптері. Салық мультипли-каторы.
Салықтар - салық туралы заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекет
шоғырландыратын міндетті төлемдер. Салықтар реттеуші, ынталандырушы, бөлу,
фискалдык кызметтерді атқарады. Салық жүйесі белгілі заңга негізделеді, ол
салық салудың нақты әдістерін анықтайды.
Салықтын элементтеріне төмендегілер кіреді:
* салық субъектілері - заң бойынша салық төлеуге міндетті тұлға;
* салық объектілері - салық салынатын табыс немесе мүлік;
* салық ставкасы - салық объектісінің бірлігіне салық есептеулерінің
мөлшері;
* салық көзі - жалакы, табыс, кіріс, дивиденттер;
- салық мөлшері - шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік (салық
мөлшері);
- салыктық жеңілдіктер - салық мөлшерінің азаюы немесе салықтан
толық босату.
Салықтың атқаратын қызметтері:
* фискалдық - мемлекет табысын жасау;
* реттеу - экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру
немесе тежеу;
* қайта бөлу - жинақталған салықтық түсімдерді қаржыландыруды
қажет ететін бағдарламалар пайдасына сәйкес қайта бөлу;
* ынталандырушы - бұл қызмет, негізінен, салыктык женілдіктер
жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше принципті қолданады:
* жалпылай, табыс табатын барлық тұлғаларды қамту;
* тұрақтылық, салық мөлшері мсн салықтүрінің тұрактылығы;
* тең күштеу, салық салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы
керек;
* міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау,
салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі;
* әлеуметтік әділдік, яғни салық мөлшері мен салық жеңілдігін кұру.
Салыктар прогрессивті, пропорционалды, регрессивті болып
бөлінеді:
Прогрессивті салық - жоғары табыстан жоғары процент алынатындығын
көрсетеді, яғни салык молшері табыстың өсу деңгейіне байланысты.
Пропорционалды салық - табыс мөлшеріне тәуелсіз табыстан алынатын
белгілі бір процент ретінде алынады.
Регрессивті салық - өз табыстан жоғары процент алынады, ал жоғары
табыстардың проценті төмен болатын салык, яғни табыстың өсу деңгейіне карай
орташа мөлшері кемиді.
Қалыптасу механизмі бойынша салықтар тікелей және жанама деп бөлінеді.
Тікелей салық табыс алушыларға, мүлік иелсріне тікелей салынады. Оларға
халықтың табысына салык, капитал өсіміне салық мүлік салығы, мүрагерлік пен
сыйға тартуға салынатын салықтар жатады. Жанама салық тауарды тұтыну немесе
сату кезінде салынады. Оған косылган құн салығы, акциздер, кеден салығы
жатады.
Қазакстанда салық республикалык және жергілікті болып бөлінеді.
Республикалық салықтар - бұл міндетті салықтар, төлем сомасы республикалық
бюджетке түседі. Жергілікті сапықтың мөлшері жергілікті өкіметтің шешімімен
анықталады.
Қазакстан Республикасында мынадай салықтың түрлері белгіленген:
1) корпоративті табыс салығы;
2) жекс табыс салығы;
3) косымша құн салығы;
4) акциздер;
5) жер койнауын пайдаланушылар салығы мен арнайы төлемдері;
6) әлеуметтік салық;
7) жер салығы;
8) көлік салығы;
9) мүлік салығы.
Салықтың экономикаға тигізетін әсері мен салық мөлшері жөнінде
экономистер арасында біржақты пікір жоқ Бұл жөнінде экономикада екі
концепция бар:
1. Сұраныс экономикасы. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше салықтың
жоғары денгейі жалпы сұранысты төмендетеді. Демек, баға түседі, инфляция
мөлшері азаяды.
Керісінше, салықтың азаюы жалпы сұраныстың өсуіне әкеледі, баға өседі де
инфляция карқыны жылдамдайды. 2. Ұсыныс экономикасы. Бұны жақтаушылар
керісінше пікірде: салықтың жоғары болуы кәсіпкердің шығынын көтереді де
тауарын тұтынушыға жоғары бағамен сатуға тырысады, бұл инфляцияға алып
келеді.
Салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасында байланыс жасауға әрекет
жасалынып, американ профсссоры А.Лаффер ұсыныс теориясын дәлелдеген. Табыс
салығының көтерілуі іскерлік белсенділікті төмендетеді немесе кэсіпкерлік
қызмет пайдасыз болады. Ал салық мөлшерінің аз болуы жұмыска, қор жинауға,
инвестицияға, іскерлік тәуекелдік қабылдауға, ұлттық өндіріске және
табысқа ынта туғызады. Нәтижесінде салык негізі кеңейеді. Бұл салық
мөлшері төмен болса да салық түсімдерін жоғарылатады. Салық мөлшері мен
салық кірісі арасындагы байланыс Лаффер кисығы деген атпен белгілі. Егер
салық мөлшері 0-ге тең болса, мемлекет ештеңе таппайды. Егер салық молшері
100 процент болса, онда ешкім жұмыс істеуге ынталанбайды, мемлекетте
ештеңе ала алмайды.
Бюджет-салық саясаты адамдарды толық жұмысбастылық және ЖҰӨ өндірісімен
қамтамасыз етуге бағытталган салық салу мен мемлкеттік шығындарды реттеу
бойынша үкіметтің шаралар жиынтығы. Экономикада мультипликациондық
тиімділіктің бары белгілі. Нарықтық экономикада мультипликатор-көбейткіштің
тиімділігінің мәні инвестиция немесе шығындардыи ұлғаюы инвестиция мен
шығындардын бастапқы өсіміне қарағанда ұлттық табыстын ұлғаюына алып
келстіндігінен көрінеді. Жабық экономика үшін өндірістің тепе-теңдік көлемі
тұтыну, инвестиция, жоспарланатын инвестиция, мемлекепік шығындар, сондай-
ақ салыктық аударымдардын көлеміне тәуелді болады.
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік карыз. Ішкі және сыртқы карыз. Егер
үкіметтің шығындары онаң табыстарына тең болатын болса, бюджет баланс
береді. Ал шығын шамасы табыстан асып кеткен жағдайда бюджет тапшылығы
пайда болады. Оның негізгі себептері:
* экономиканың дағдарыс жағдайындағы кірістің құлдырауы;
* экономиканың көлеңкелі секторынын өсуі;
* акциз салығының азаюы;
* мемлекеттік шығындардың өсуі;
Бюджет тапшылығын төмендету шараларына мыналар жатады:
* қаржыландырудан несие беруге көшу;
* мемлекеттік заемдар;
* салық салуды қатайту;
* мемлекетті басқару жөніндегі шығындарды қысқарту.
Бюджет тапшылыгы халықаралық стандартта белгіленген бойынша ЖҰӨ-нің 5
пайызынан аспауы тиіс. Экономикалық ауытқулар кезінде

үкімет бюджет тапшылығын жою үшін көп жағдайда ақша эмиссиясына жүгінеді.
Мұндай шараның салдары бақыланбайтын инфляцияға дейін өседі. Ол ұзақ
мерзімді инвестициялардың ынтасын үзеді, тұрғындардың жинағын
кұнсыздандырады. Сондықтан да экономикалық жэне элеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесі
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметі
Пәндер