Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері



1. Кіріспе:

1. Негізгі бөлім:
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
1.1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Нарық механизмінің мәні және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Нарықтық экономиканың үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Нарық экономикасының «идеалдық» моделі ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Нарық инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.4. Нарық экономикасының әлсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар үғым. Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек эрекеттеріне сэйкес оларды бір -біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық қатынастар туады. Бірінші жағдай эр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тэуелсіздігіне үласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді жэне оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді жэне жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық эдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы жэне сатып алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық эдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801 - 1877 жж.) мен экономист А.маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. «Нарық заттар сатылатын жэне сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы көп үзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
1. Я.Әубәкіров. «Экономикалық теория негіздері». Алматы - 2003 жыл.
2. Б. Мәдешев.«Нарықтың экономика теориясына кіріспе ».Алматы -
2001 жыл.
3. Ә.Н. Нысанбаев.«Нарық жэне адамның орнықты дамуы». Алматы -
2002 жыл.
4. Б. Жүнісов, ¥. Мәмбетов, Ү. Байжомаров.«Нарықтық экономика негіздері».Алматы - 2001 жыл.
5. Ә. Әділханов.«Нарықтық экономикаға көшу». Алматы-2000 жыл.
6. Мамыров Н.К, Күлеев Ж.А, Сұлтанбекова Г.К. «Микроэкономика». Алматы, Экономика- 2003 жыл.
7. И.О. Волкова, В.К. Скляренко. «Экономика», учебное пособие. Москва - 2000 год.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе:

1. Негізгі бөлім:
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
1.1. Нарықтық механизмнің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...8
1.2. Нарық механизмінің мәні және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Нарықтық экономиканың
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Нарық экономикасының идеалдық
моделі ... ... ... ... ... ... ... . 23
2.3. Нарық
инфрақұрылымы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
2.4. Нарық экономикасының
әлсіздігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...29

3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30

Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Нарық - өте күрделі, көптеген құрылымы бар үғым. Жалпылама тұрғыдан
алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады.
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгінеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек эрекеттеріне сэйкес оларды бір
-біріне оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық
қатынастар туады. Бірінші жағдай эр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тэуелсіздігіне үласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектілерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді жэне оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді жэне
жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар - ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық эдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы жэне сатып
алушы болып бір - біріне тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
эдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно
(1801 - 1877 жж.) мен экономист А.маршалл (1842 - 1924 жж.) береді. Нарық
заттар сатылатын жэне сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол
сатып алушылар мен сатушылардың бір - бірімен өте еркін жағдайда келісімге
келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда-бірдей тауарлардың бағасы
көп үзамай тез арада теңеледі. Бұл анықтама айырбастың еркіндігі мен
бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У. Джевонс (1835 - 1882 жж.) нарықтың критериі деп
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына
назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен жэне
қандай болмасын сондай тауралар туралы келісім жасасқан кез келген
адамдардың тобы, нарық болады.
Нарықтың мэнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екендігін
бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада
өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және түтыну процестерін қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің эр алуан
формаларн, тауар - ақша байланыстарын, қаржы - несиежүйесін пайдалануға
негізделген, экономикалық іс - әрекеттердщ күрделі механизімі. Сонымен
қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
• Екі субъектің өзара байланыстары нарық
негізіндеболғанда, кэсіпорындарды жэне экономикалық басқа құрылымдарды
жалға алумен байланысты қатынастар;
• Еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
• Шетел фирмалары мен бірлескен кэсіпорындардың айырбас процестері;
• Белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
• Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын,
нарықтық инфрақү-рылымдардың іс- эрекет процестері;
Нарықтың мэні оның функциялары арқылы анықталады. Нарық мынадай
маңызды функциялар атқарады:
• Тауар өндірісінің өзін - өзі реттеу қызметі. Бул мына жағдай
арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің
өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарылатады. Нэтижесінде
өндіріс қысқара бастайды.
• Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер
өндіруді азайтады, сонымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу,
еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту
мүмкіндігін іздестіреді.
• Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын
айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында
жүзеге аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте
монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып, олар өзара бәсекелес
болғанда.
• Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі жэне
айырбастағы негізгі микро - және макропропорцмялар белгіленеді.
• Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін - өэі
басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық қүралдар эсерімен
қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден айырылып
отырады, және соның арқасында тауар өндірушілер эркелкі түрге,
буындарға бөлініеді, яғни дифференцияланады.
Нарықтың кү-рылымы өте күрделі болады жэне ол экономиканың барлық
сферасында эсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық қү_рылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді:
• Меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, үжымдық, аралас);
• Шаруашылық субъектілерінің эр түрлі формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік,
арендалық, кооперативтік, жеке меншік кэсіпорындары, т.б.);
• Тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
• Шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен
алыну жэне жекешелендіру дәрежесімен;
• Осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен;Осы жағдайлар нарық
жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Қүрылымы жағынан нарықты мынадай
критерийлері арқылы бөлуге болды: 1. Нарық катынастары объектілерінің
атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
- игіліктер мен қызметтер нарығы;
- өндіріс құралдарының нарығы;
- ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
- құнды қағаздар нарығы;
- жұмыс күщі нарығы;
Нарықтың көп түрлілігі кэсіпорындардың өзара эсер етуінің барлық
жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін
тікелей айланыс негізінде жүргізуді, сату - сатып алудағы бейнелеп-есептеу
сипатын нақты сату - сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы
серіктестіктерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына
тауар жэне қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар,
көтерме сауда орындары, жэне тағы басқарлар да жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
- өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
- халық түлынатын тауарлар, азық - түлік тауарлар нарығы;
- шикізат пен материалдар жэне т.б. нарықтары;
Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық - түлікке
жэне ауылшаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз
ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Түтыну тауарлары нарығының
қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дэрежеде өсуін, сатып
алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бэсекелестіктің кең
пайдалануын, фирмалық дүкендердің көбеюін орындайды.
3. Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша мынадай нарықтар болады:
- аймақтар ішіндегі;
- аймақаралық;
- республикалық;
- республикааралық;
- халықаралық (элемдік) нарықтар;
Осындай нарықтардың қалыпиасуы республиканың мемлекеттік егемендігін
қамтамасыз етеді.
4. Бәсекенін шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарыктар болады:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық нарықтар;
5. Нарык қатынастарынын субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
- көтерме сауда нарықтары; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып
кэсіпорындар жэне ұйымдар әрекет етеді.
- бөлшек сауда нарықтары; Бұнда сатып алушылар - жеке азаматтар.
- ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтартары; Бүнда
сатып алушы мемлекет, сатушылар - ауылшаруашылық өнімдерін
тікелейөндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер жэне тағы
басқалар.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
- заңды, ресми нарықтар;
- заңды емес, көлеңкеленген нарықтар, жэне т.б.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге
мүмкіндік береді.
7. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бү_л топқа жататын нарықтар:
- түтыну тауарларының нарықтары - азық-түлік және азық-түлік емес
тауарлар нарығы;
- қызметтер нарығы - тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
- тұрғын үй жэне өндірістік емес ғимараттар нарығы;
8. Өндіріс факторларының нарығы; бүған жататындар:
- жылжымайтын мүліктер нарығы;
- еңбек құралдарының;
- шикізат пен материалдардың;
- қуат ресурстарының;
- пайдалы қазбалар нарықтары;
9. Қаржылар нарығы:
- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
- несие нарықтар;
- құнды қағаз нарықтары - акциялар, облигациялар, опциондар,
варианттар, және фьючерстік контрактардың жэне т.б.
- валюта - ақша нарықтары;
Интеллектуалдық өнімдер нарығы - инновациялардың, ойлап табулардың,
информациялық қызметтердің, эдебиет жэне өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарығы - бұл еңбек ресурстар қозғалысының экономикалық
формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сэйкес жүмысшы күші миграция
жасап отырады.
Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі, үлттық, сыртқы, халықаралық
нарықтар.
Нарық қатынастарының даму кезеңдері, ертеден келе жатқан шаруашылықтың
жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы
айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық
қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Нарықтың элементтерінің пайда болуы;
2. Натуралдық айырбас кезең нарығы;
3. Тауарлар балама кезеңінің нарығы;
4. Тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады. Олар
өндірістің шарттары, эрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ
болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2
көрсетуге болады. Балама айырбас көбінесе көп өндірістің шарты
болабастайды. Соның нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы
қалыптасады.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе - теңдігі мына айырбас формуласы бойынша
Т1 - Т2 болады. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір тірі тэн. Ол
ерекше тұтыну қасиетіне байланысты эрдайым ортасынан ығысып шығып отырады.
Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен
біртұтас болып бірігіп кетеді.
Төртінші кезеңдегі алтынға тікелей айырбастың тоқталуы мен құнның таза
иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мэнін жоғалтады. Былайша
айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы қазіргі замандағы
нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

II. Негізгі бөлім:
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
1.1. Нарықтық механизмнің қалыптасуы.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды.
Нарық экономикасының бірінші жэне өте маңызды элементі - өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады
-біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны түлынады. Түтыну жеке тұтыну
және өндірістік түлыну болып бөлінеді. Жеке түтынуды тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік
тұтыну өндіріс процесін эрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда
тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының
әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және
көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалануды қүрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескереміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нэтижесінде қалыптасады. Бұл ардың сэйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, оратлық буыны - екі құрылымнан,
сүраныстан жэне ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудың ең тиімді әдісін қолданудың жэне
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бэсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің жэне пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бэсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мэні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып эрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның,
пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме жэне бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.
Нарық экономикасы эрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдауға;
• балама таңдау шығындарына;
• экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-
қимылы жүріп отырады. Олардың эрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нэтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту,
нарықтық бағаның өзгеру, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасына, ондағы ұсыныс пен сүранысқа, мэнді эсер етпейді. Жетілген
нарық жағдайында, яғни, үлкен жэне үнемі болатын үхыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың эрқайсының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады; сүраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді; тауар өндірушілер мен түлынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына,
тікелей шығындар жэне ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік
эрекеттердің, осыдан басқа өзгеше эдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген, табыстың жэне тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, эйтеуір күмәнсіз табысқа
жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындарының принципі
өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып
отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп түратын варианттардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде
болса да, күмэнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.
Рационалдықтың критериі - табыс төтенше қүдықтың болуымен байланысты. Фирма
неғүрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал түлынушылар - капиталды
шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің жағдайын жақсартуды көздейді.
Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-теңдік
болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық
проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді.
Бір жақтан сүраныс пен ұсынысты; екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады
сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық
құрал, эсіресе тауардың пайдалылығын дэлелдеудеқолданылады.
Демек, шекті пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі жэне
ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік
мэселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын
дэлелдеуге мүмкіндік береді. Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо,
А.Смит сиректік түсінігін қүнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша,
сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды
факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында
сиректіктің түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бүрын
сиректікті табиғи жэне элеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір
сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол
жаңа игілік бір мезетте жэне толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете
алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі
мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт
керек.

1.2. Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттің үлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен, электроникамен жэне адамзаттың басқа да
ұжымдық даналығының щыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі
кэсіпкерлік пен бэсекелестікті дамытпайыша өмір сүре алмайды. Ал бұл
меншіктің алуан түрлі формалары жэне эртүрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін, бұлда өндіріс экономикалық жағынан элсіз, өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиіиді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтық
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі
жэне ең эділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары
бар. Оның жағымсыз жақтарына элеуметтік жіктелу, элсіздерге, эсіресе,
банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жүмыссыздықтың болуы жатады.
Экономиканы бірыңғай сүранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат
ресурстарын жэне қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан
мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экономикалық жағдайда өмір сүру
қүқын реттеп отыратын шараларды жүзеге асырауы қажет.
Реттелмеген таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты элеуметтік қүқтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар
мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны
реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының
есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жэрдем ақша бөлу жэне
халықты элеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын
жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-
элеуметтік ахуалды ұстап түру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық, ғылыми
техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кэсіпорындар мен
бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нэтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-
соңды біздің терең зерттелмеген, сондықтан оның мэнін қате түсіну қазіргі
эдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нүхқау-бөлу эдістеріне негізделген
басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пэні
бола алмады. ¥зақ жылдар бойы эмірщіл-экімшіл жүйенің идеологиялық
түтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны
туралы даурықпалы көзқарас басым болды.Нарық мэселелерінің, қоғамды қайта
құру теориясы мен практикасында алатын зор мэніне қарамастан, ТМД-ға
кіретін мемлекеттердің жэне Қазақстанның ғалым-экономистерінің арасында
нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше
анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұлөндіріс факторларын немесе оның нэтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлегі
немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконмикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасында тауаржэне қызмет көрсету
процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу, сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дэлелді,
бірақ проблеманың бір жағын қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нэрсе - ол
нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың
субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар
деп көрсетілуі. Шын мэнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып
алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбаспен айналыс саласындағы
қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек,
себебі тек осы жерде ғана өнім жасалды және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін эконмикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бэсеке, ең аз
шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды
қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес,
тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тэн қайтарымдылық,
эквиваленттік, бэсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі
ретінде қарау керек. Осы тұтыыдан алғанда, нарықты эртүрлі тауар
өндірушілер мен түлынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада эңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен
тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас ғана емес, сонымен
қатар өндірушілер мен сатып алушы-түлынушылардың өздері арасындағы
байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен
байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті обьективті түрде алдын-ала
анықтайды, яғни шаруашылық серіктестіктерінің қатынас субъектісі ретіндегі
тең қүқылығын бейнелейді. Бүдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің
варианттарын жэне оңтайлы өткізу бағасын таңтаудағы, табыстарды иемденудегі
дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың
шүбэсіз салдары - бэсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де
болатын шаруашылық байланыстардыңөзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі
нарық бэсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен
эртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нэтижесінде,
өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық
бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан тиімділігі жоғары жэне болашағы
зоршаруашылық субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай
түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

1.3. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.
Жалпылама тұтыыдан алғанда нарықтың мэні оның атқаратын қызметтері
арқылы ашылады.Ең алдымен нарық экономикалық тұтыыдан бөлектенген
материалдық игіліктерді жэне қызметтерді өндірушілер мен түтынушыларды
байланыстыратын буын ретінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық
өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын
технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін
емес.
Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның үдайы өндіріс процесінің
үздіксіздігін жэне тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Нарықтың
реттеуші ролінің тікелей экімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің
тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына,
адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына
әкеліп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие жэне банк депозитінің (салымына)
процентік нарқының (ставка) т.б.үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске
қатысушыларға сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге
жүмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық қажетті сапа жэне
ассортименттуралы обьективті ақпар беріп отырады.
Сонымен бірге нарық механизмі мынадай қызмет атқарады - бэсеке
күресінің жэрдеміменқоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен
тазартады жэне керісінше олардың дамуына жағдай жасайды.
Бізді нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны
қалыпты жағдайда ұстап түру үшін біздің алдымызда бэсекелестер әлемін қүру
міндеті түр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бүндай жағдайда
тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кэсіпкерлікпен белсенді
түрде айналысуға мүдделі болады.
Осыламен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың
атқаратын қызметіне мыналар жатады: Тауардың қоғамдық мағыналылығын
мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке
деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.Нарық
күрделі экономикалык категория ретінлде өз бетінше емес, эртүрлі
факторларға байланысты белгілі бір нақты элеуметтік-эконмикалық жағдайларда
өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар
мен шарттар орындалған жағдайда ғана тиімді қалыптасатынын жэне өмір сүруін
дэлелдеп берді.
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тэуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары; өндіріс
қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы ;
- нарық инфрақұрылымын жасау ;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы ;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу қүқы ; Енді осы
шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі,
олардың келісім-шартқа отыруға жэне өздерінің тапқан табыстарына иелік
етуге қүқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы
(нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40
проценттен асқанда жоғалта бастайды), олардың өндірістегі тең қүқылығы.
Меншіктің эртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс жэне айналыс
қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне,
бэсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына
жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс экімшілдік-эміршілдік басқару жүйесін
қайта қүруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нэтижесінде
өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-
публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен
алу жэне өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Біздіңше бұл ұшқары
пікір. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір
кездегі жаппай национализациялау (өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттік
меншікке айналдыру) жэне ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты
экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе
көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі
мемлекеттік меншіксіз жэне мемлекеттің реттеуінсіз сэтті дами алмайды.
Бүгінде - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.
Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін маңызды жэйт - ол өндіріс
құрал жабдықтарына жеке меншік жэне кэсіпкерліктің толық еркіндігін заң
жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің эконмикалық
мэні болмайды.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтың тиімді жүмыс
істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос
жүмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының жэне
жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол
алаңдатушылық туғызуы қажет. Бүндай жағдайда экономиканы маневр жасау
кеңістігінен айырады, оның сүранымға икемділігін баяулатады.
Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық
игіліктерді қайта бөлуде экімшілдік эдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның
инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар жэне қор биржалары, еңбек биржасы,
коммерциялық банктер, кэсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы,
капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында
акцияларды, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып
алу және сату, валюталық келісім-шартқа отыру, акциялар мен валюталардың
нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жатады. Сөйтіп, кәсіпкерлік
үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды
кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүкіндігін қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика жалпылама негіздегі ерекше инфрақұрылым -несие
жүйесінсіз жүмыс істей алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық
(ғылыми-техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз),
(ипотекалық) жылжымайтын мүліктердің жер, құрылыс кепілдігіне ақшалай қарыз
беруші банктер, сақтандыру компаниялары, эртүрлі қоғам, ұйымдардың қоры
құрайды. Нарық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі - атқарушы
экімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы жэне салалық министірліктердің
қолшоқпарына айналар еді, ал бұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет
прбблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.
Бесіншіден, нарық механизмінд мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның
негізін қүрайтын орталық жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның
ерекшелігі неде? Бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан
да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте
болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға роынсыз араласуына жол бермеу
керек, бюджет қүралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда
жасалады, жэне де заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады.
Нарықты экономикада мемлекеттің бюджетті шығынын болдырмауды қамтамасыз ету
аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын
теңестіруге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жүмыс жасауының
көрсеткіші болар еді.
Алтыншыдан, өндірушілердің өнім өндірудегі және сатудағы монополиясына
жол бермеу. Нарықты экономиканы бэсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін
емес. Бәсекені (латын сөзі конкурро - бэсекелесу ) нарықтың тең құқылы
субъектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу немесе капиталды
белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын
экономикалық сайысдеп түсіну керек. Бэсекенің болмауы монополизмге әкеліп
соқтырады, яғни нарықта кейбір кэсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің
өздерінің қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық
сбъектілері неғұрлым көп болған сайын бэсекенің тиімділігі де соғүрлым
жоғары болады. Батыс еледрі мамандарының бағалауынша бір тауар түрінің
сатушыларының саны 4-5 тен, ал барынша тиімдірегі 8-15 тен кем болмауы
керек. Егер 4 фирма белгілі біртауар түрінің 80% өндіретін болса, онда
нарық монополияландырылған деп есептеледі.
Нарық жағдайында бэсеке күресінің бірнеше түрлері болады: а) таза
бэсеке ; б) монополиялық бэсеке ; в) олиголопиялық бэсеке ; г) таза
монополия. Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бэсеке (ол нарықтық
бағаға қарсыластардың ешқайсысы да әсер ете алмайтын) жэне жетілмеген
бэсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана ірі бірнеше
фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда
келтірілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
1. Таза бэсеке нарығын бір-біріне (бір-бірін ауыстыра алатын)
тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олрдың бірде-
біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе
оған баға қоюда үстемдік жасай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Нарықтық қатынастар туралы
Ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәлімет
Нарықтық қатынастар жайлы
Корпорация пайдалануына салынатын салық
Нарықтық қатынастар, олардың мәні, қызметтері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
САЛЫҚ САЛУ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер