Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау



Кіріспе 4

1 Халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері 7
1.1 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік орта салаларының функциялары 7
1.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу 15
1.3 Әлеуметтік қорғаудың шет елдік тәжірибесі және негізгі бағыттары 22

2 Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау 29
2.1 Халықтың өмір сүру деңгейі және өзгерту тенденциялары 29
2.2 Елдегі кедейшілік және күнкөрістің деңгейін талдау шаралары 38
2.3 Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі 52

3 Қазақстандағы әлеуметтік қорғау және ел ахуалын жоғарылату жолдары 63
3.1 Кедейшілікті төмендету мәселелері мен жетілдіру жолдарын бағалау 63
3.2 Қазақстан Республикасының болашаққа бағытталған әлеуметтік
саясаты 70

Қорытынды 79

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 83
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен тұрлаулы қамту және елдегі кедейшілікпен күресу саясаты болып келеді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, С.Қ.Тәжікенова., Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов, Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев, А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық мін¬дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер¬ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұзақ уақыт аралығында жүзеге асып келе жатқан ауқымды экономикалық реформалардың жалғасуы әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың жаңа әдістерін қолдануымен байланысты. Бұған жалпы әлемдік даму үрдісі, жаһанданудың жоғарылауы, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаңаша экономикадағы адами капиталдың маңыздылығының жоғарылауы, сонымен қатар мемлекеттің демографиялық жағдайы себепші болды.
Соңғы бес жыл аралығындағы халықтың нақты табыстарының өсуі әлеуметтік игіліктер мен қызмет көрсетулерге сұраныстың жоғарылауына себепші болды. Сәйкесінше бұл жағдай ақылы қызмет көрсету, соның ішінде ақылы медицина мен білім берудің жоғарылауына әкеп соқты. Бірақ бұл әлеуметтік сфера салаларының барлық даму мәселелерін шеше қойған жоқ. Қазіргі таңда халыққа көрсетілетін сапалы әлеуметтік қызмет тапшылығы әлі де болса сезіледі.
Мемлекеттің белсенді қатысуынсыз, әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеудің жаңа әдістерінсіз бұл мәселелерді шешу мүмкін емес. Халықты әлеуметтік қолдауды мемлекет тарапынан дамыту жүйесінің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы: Жеті жарғы, 2005. -136 б.
2. Социальная политика: Энциклопедический словарь//Под общ. ред.Н.А. Волгина. - Москва. - Академический Проект; Трикста, 2005. – 532-б, 67-б.
3. Зайниева Л.Ю. Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында. - Алматы. - Дайк-Пресс. - 2009. – 284-б.
4. Социальная политика.//Под общ. ред. Н.А. Волгина. – Москва, «Экзамен», 2004 г. – 736-б.
5. А.И. Стребков Социальная политика государства: понятный фрагмент Homo philosophans. Сборник к 60-летию профессора К.А. Сергеева. Серия «Мыслители», выпуск 12. СПб.: Санкт-Петербургское филосовское общество, 2002. – 264-б.
6. М.Б. Төреғожина «Экономиканы мемлекеттік реттеу»//Экономика, Алматы, 2008 – 138-б.
7. Әбсаттаров Р. Әлеуметтік мемлекет: мәні мен анықтамасы //Ақиқат.- 2004. №5. – 40,41-б.
8. Стратегия преодоления кризиса. Интервью Президента РК Н.Назарбаева журналистам ведущих телеканалов страны //Опубликовано: 17.10.2008 Источник: Казинформ.
9. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030»: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 1998.- 240 б.
10. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңы»– 2001 жыл, 17 шілде.
11. Қазақстан Республикасындағы «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы заңы».– 1999 жыл, 15 сәуір.
12. Исахова П.Б. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік–экономикалық тиімділігі және оны реформалау бағыттары//Аль-Пари.-2006.- №1. 179 – 182-б.
13. Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана, 2012 жыл 28 қаңтар
14. www.stat.kz – Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ресми сайты.
15. Қазақстан Республиксының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы., Алматы: Юрист, 2007, 36-б.
16. Алимбаев А.А., Алпысбаев С.Н., Ниязбекова Р.К. и др. Формирование модели социально ориентированной экономики в Казахстане (региональный аспект).– Караганда: ПК Алем. – 2001 г.
17. Қаржы Министрлігінің статистика бюллетені, 2011 ж.
18. Поташник Марк. Управление качеством образования. Вопросы и ответы // Народное образование. - 2001. - № 9. – 38-б.
19. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
20. Антропов В. Модели социальной защиты в странах ЕС//Мировая экономика и международные отношения. – 2005 год. – №11.– 70-б.
21. Егоров С. Человеческий фактор и экономический рост в условиях постиндустриализации // Вопросы экономики. – 2004. - № 5. – 93-б.
22. Смирнов Е., Щесняк Е. Источники финансирования воспроизводства основных фондов высших учебных заведений: опыт развитых стран // Российский экономический журнал. – 2008. - №2. – 84-б.
23. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – жаңа мүмкіндіктер» атты Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа жолдауы. // Егемен Қазақстан 2010 жыл, 4 ақпан
24. Алматы ауданы әкімдігі аппаратының Білім беру бөлімінен алынған ақпарат, 2010 ж.
25. Алматы ауданы әкімдігі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алынған ақпарат, 2010 ж.
26. Алматы ауданы әкімдігі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімінен алынған ақпарат, 2010 ж.
27. Алматы ауданы әкімдігі аппаратының туберкулезге қарсы диспансерінен алыңған мәліметтер, 2010 ж.
28. Алматы ауданы әкімдігі аппаратының 2011 жыл қорытындысы бойынша есебі
29. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
30. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 –2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
31. ҚР «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. // Егемен Қазақстан. 27 ақпан 2010.
32. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
33. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауы
28. Исаева М., Кенжегузин М. Концептуальные основы региональной политики РК//Азия-Экономики и жизнь.-№21.
29. Дадашев А. Занятость населения и безработицы в Росии: проблемы регулирования.-Вопросы экономики,1996.-№1
30. Жалимбетова Р., Исингалина А. Современное состояние национальных рынков труда в новых независимых государственных//Транзитная экономика.-№2.-58-61 б.
31. Казахстан в цифрах. 2011 г. Агенство РК по статистике.
32. Мамыров Н.К, Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы.-Алматы: Экономика, 1998.
33. Сураганова С.К.Рынок труда и занятость. – Астана: Елорда, 2001.
34. Мельдеханова М.К Ситуация на рынке труда Сев.Казахстана и критерий ее оценки. Сб. – Алматы: Ғылым, 1997.
35. Естественное движение населения РК на 2009 г. Агенство РК по статистике.
36. Итоги миграции населения РК за 2010 г.Агенство РК по статистике.
37. Мельдаханова М.К. Занятость населения и экономический рост: методология, стратегия и механизм регулирования. – Алматы, 1999.
Уровень жизни населения в Казахстане. Статсборник. – Астана, 2011

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау

Мазмұны

Қысқартылған сөздер

Кіріспе
4

1 Халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
7
1.1 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік орта салаларының функциялары
7
1.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
15
1.3 Әлеуметтік қорғаудың шет елдік тәжірибесі және негізгі бағыттары
22

2 Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау
29
2.1 Халықтың өмір сүру деңгейі және өзгерту тенденциялары
29
2.2 Елдегі кедейшілік және күнкөрістің деңгейін талдау шаралары
38
2.3 Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі
52

3 Қазақстандағы әлеуметтік қорғау және ел ахуалын жоғарылату жолдары
63
3.1 Кедейшілікті төмендету мәселелері мен жетілдіру жолдарын бағалау
63
3.2 Қазақстан Республикасының болашаққа бағытталған әлеуметтік
саясаты
70

Қорытынды
79

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
83

Қысқартылған сөздер

ХЕҰ
Халықаралық еңбек ұйымы
ЖҚҚ
Жалпы қосымша құн
ТМД
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ІЖӨ
Ішкі жалпы өнім
ҚР
Қазақстан Республикасы
ЖОО
Жоғарғы оқу орыны
КСРО
Кеңестік социалистік республикалар одағы
АҚШ
Америка құрама штаттары
ІҰӨ
Ішкі ұлттық өнім
ЕР
Еңбек рыногы
ҚР ҒА
Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен тұрлаулы қамту және елдегі кедейшілікпен күресу саясаты болып келеді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, С.Қ.Тәжікенова., Ү.С.Байжомартов, С.Х.Берешев, Б.А.Жүнісов, Қ.М.Жұмақанова, М.Б.Кенжеғозин, Ж.Ш.Кенжалина, Ш.К.Көпешов, Ж.К.Қорғасбаев, А.К.Қошанов, А.Қатарбаева, Н.К.Мамыров, Ө.Қ.Шеденов және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық мін - дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер - ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұзақ уақыт аралығында жүзеге асып келе жатқан ауқымды экономикалық реформалардың жалғасуы әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың жаңа әдістерін қолдануымен байланысты. Бұған жалпы әлемдік даму үрдісі, жаһанданудың жоғарылауы, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаңаша экономикадағы адами капиталдың маңыздылығының жоғарылауы, сонымен қатар мемлекеттің демографиялық жағдайы себепші болды.
Соңғы бес жыл аралығындағы халықтың нақты табыстарының өсуі әлеуметтік игіліктер мен қызмет көрсетулерге сұраныстың жоғарылауына себепші болды. Сәйкесінше бұл жағдай ақылы қызмет көрсету, соның ішінде ақылы медицина мен білім берудің жоғарылауына әкеп соқты. Бірақ бұл әлеуметтік сфера салаларының барлық даму мәселелерін шеше қойған жоқ. Қазіргі таңда халыққа көрсетілетін сапалы әлеуметтік қызмет тапшылығы әлі де болса сезіледі.
Мемлекеттің белсенді қатысуынсыз, әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеудің жаңа әдістерінсіз бұл мәселелерді шешу мүмкін емес. Халықты әлеуметтік қолдауды мемлекет тарапынан дамыту жүйесінің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.
Әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеуді теориялық және әдіснамалық негізде талдау, олардың жүзеге асырылу тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу жұмысының объектісі-елдің әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеу бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әр аймақтың қосатын үлесі мен алатын орны маңызды. Сондықтан Қазақстан Республикасының әлеуметтік салаларының, яғни, білім беру, денсаулық сақтау және де әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің қазіргі жай-күйі мен болашақта дамуына тоқталамыз.
Зерттеу пәні-қазіргі таңда әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі аса назар аударып жатқан аясы экономиканың әлеуметтік саласын дамыту және қолдау мен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін мүмкіндігінше шешу болып табылады. Жұмыста осы мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу алға қойылды:
oo мемлекеттік әлеуметтік саясат пен әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеу әдістерінің теориялық негіздерін анықтау және олардың қоғам өміріндегі өзара байланысы ерекшеліктерін сараптау;
oo Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасу ерекшеліктері мен дамуына, елдегі кедейшілікпен күресуге талдау жасау;
oo дамыған мемлекеттердің әлеуметтік саясатының жүзеге асырылу тәжірибесі мен үлгілерін талдау арқылы оның Қазақстан үшін маңызы мен тиімді үлгілерін айқындау;
oo Қазақстан Республикасының әлеуметтік саладағы ахуалды жақсарту және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімділігін одан әрі арттыру үшін ұсыныстар жасау.
Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар. Қазақстан Республикасының әлеуметтік салаларын мемлекеттік реттеу мәселелерін зерттеу нәтижесінде ұсынылған негізгі тұжырымдар:
1. Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену міндетін жүзеге асыру үшін халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік стандарттарын тұрақты арттыра отырып, бәсекеге қабілеттіліктің маңызы ретінде халықтың әлеуметтік жағдайының көрсеткіші мен тіршілік ету деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етудің маңызы зор.
2. Әлеуметтік мемлекет қоғамның қарқынды дамуын қамтамасыз етуді, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруды, лайықты өмір салтын орнатуды тұрақты ұстаным ретінде қарастырғаны жөн.
3. Әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген, әлеуметтік мүддесі мен қажеттілігі қанағаттандырылмаған жағдайда халықтың мемлекетке, билікке деген сенімі жоғалып, олар өз ретінде әлеуметтік наразылықтың бел алуына әкеледі, сол себепті қоғамдық тұрақсыздану мен ашық қақтығыстарға жеткізетін қауіп-қатерлерді болдырмаудың жолдарын айқындау керек.
4. Әлеуметтік теңсіздікке жол бермеу, саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік жарылыс қаупін болдырмау үшін барша қазақстандықтардың әлеуметтік белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыратын шаралар қолға алынуы керектігін тұжырымдау маңызды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен ұсыныстар әлеуметтік қорғауды реттеу мен кедейшілікпен күресу жолында халықты жұмыпен қамту мәселелерін шешуде теориялық жүзінде қолдануға және экономика ғылымының дамуына өз үлесін қосады.
Зерттеу нәтижелері сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесідей халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары және жүзеге асыру әдістері атты мақала жарияланды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының тақырыбы халықаралық және республикалық конференцияларда 1 мақала баспаға шықты. Жалпы көлемі 0,4 баспа табақ.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс қысқартылған сөздерден, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, тұрады.
Диссертациялық жұмыста сандық материалдар, диаграммалар көрсетілген.

1 Халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері

1.1 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік орта салаларының функциялары

Халықтың тұрмыс халі мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың тиімді жүйесінің қалыптасуына байланысты. Мемлекетке әлеуметтік қатынастар жүйесінде әлеуметтік саясат моделін жасау мен оны іске асыруда маңызды рөл беріледі, оның стратегиялық мақсаттары халықты тиімді жұмыспен қамтылуымен қамтамасыз ету, халықтың елеулі өмір сүру деңгейіне қол жеткізу, еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту аясында азаматтарға конституциялық құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.
Дамыған әлеуметтік қорғау жүйесінің болуы мемлекеттің дамығанын білдіреді. Осы елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінде азаматтарды әлеуметтік қолдауға, оларға кепілдік беруге, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған институттар мен іс-шаралар жүйесі қолданылады. Аталған шаралардың арқасында ел азаматтары үшін қолайсыз болған әр түрлі тәуекелдердің салдары жойылып, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау қамтамасыз етіледі.
Адам жер бетінде тіршілік етіп, саналы деңгейге жеткеннен бері саясаттың тиімді сырын, қоғамға тигізер пайдасы мен зиянын өте ерте заманнан түсініп, өмір сүрген ортаға тән нақтылы саясат жүргізіп, сонымен қатар өз қауіпсіздіктерін ойлауға мәжбүр болғаны белгілі. Себебі, қандай қоғамда болмасын саясат негізгі рөл атқарады және оның дұрыс немесе бұрыстығы сол қоғам мүшелерінің тағдырымен тығыз байланысты.
Әлеуметтік қорғаудың рөлі мен негізгі функцияларына сүйене отырып, оның бағыттарын атап өтуге болады:
oo Әлеуметтік сақтандыру;
oo Әлеуметтік көмек;
oo Ең аз әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.
Әлеуметтік сақтандыру - халықты әлеуметтік қорғаудың әр түрлі әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда халықты қорғауға арналған бағыты. Әлеуметтік тәуекел - еңбекке уақытша жарамсыздықтың тууы, өндірістегі қайғылы оқиға, жұмыстан және отбасындағы асыраушысынан айырылу, қарттығына байланысты еңбекке жарамдылықтан айырылу және т.б әр адамның өмірінде болады. Олар барлығы жаппай әлеуметтік құбылысқа жатады және қоғамның барлық мүшелері оны бастан кешіреді. Осыған байланысты кез-келген дамыған мемлекеттің әлеуметтік қорғауында сенімді, тұрақты әлеуметтік қорғау жүйесін құру бағыты қарастырылады.
Әлеуметтік қорғаудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандырудың тағы бір негізгі экономикалық ерекшелігі бар. Қызметкерлердің өсіп өнуі үшін қажет қаражаттың бөлігі сақтандыру жарнасынан алынады. Қазақстанда әлеуметтік сақтандыруға арналған ақшалай қаражатты Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Міндетті медициналық сақтандыру қоры деп аталатын мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар тиімді басқаруға тиіс. Бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар ҚР Үкәметі жанындағы қаржы мекемелері болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын шығыстың көбісі бірыңғай әлеуметтік салықты төлеу арқылы қалыптасатын қаражаттың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есепке алатын бөлігінен, сондай-ақ өндірістегі қайғылы жағдайлардан және кәсіби сырқаттардан мәндетті сақтандыруға төленетін сақтандыру жарналарынан төленеді.
Әлеуметтік көмек - азаматтардың жағдайының нашарлауына және олардың жеке табысының жеткіліксіз деңгейіне, отбасының жағдайына, жасына, денсаулық жағдайы мен басқа да себептерге байланысты материалдық жәрдемге мұқтаждарға қолдау көрсету. Әлеуметтік көмек әр түрлі ақшалай және заттық нысанда, қызметтер мен тауарлар түрінде жүзеге асырылуы мүмкін жеңілдіктер мен төлемдер түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттің табысы төмен адамдарға материалдық көмек көрсету мақсатында халықтың ең кедей топтарына беріледі.
Саясаттанушы және әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік саясаттың өзіне тән, оның көп бағытытылығы мен әр қырлылығын айқындап, мәнін аша түсетін аяқталған теориясы жоқ деп көрсетеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі мәні де, мақсаты да, нысаны да тек қана адам болғанындықтан, уақыт талабына сай анықтамасы, мазмұны, бағыты әрдайым жаңа идеялармен, тұжырымдармен толықтырылып, үнемі дами түсетін болады [1, 24-25].
Әлеуметтік саясат энциклопедиялық сөздігінде Ф.И.Шарковтың тұжырымдауынша Әлеуметтік саясат - кең мағынасында қоғамда қолайлы әлеуметтік ахуалды қалыптастыру, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бағытталған ұйымдар мен мекемелер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар іске асыратын практикалық шаралар мен теориялық принциптердің жиынтығы. Тар мағынасында, әлеуметтік саясат - азаматтардың қолайлы тіршілік етуіне әлеуметтік демеу көрсету, көмек беру, қорғау үшін, оларға қажетті өмірлік тұтынуларын қамтамасыз ету үшін тұрғындардың өмір сүру деңгейін, өмір сүру салтын жаңғырту, арттыру мақсатындағы қоғамның әлеуметтік аясының ілгері дамытуға бағытталған мемлекеттің, саяси және әлеуметтік институттардың, т.б. іс-әрекеттері.
Отандық саясаттанушы Л.Ю. Зайниеваның Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында еңбегінде Саясаттану энциклопедиялық сөздігіне сүйене отырып, былайша пайымдайды: Әлеуметтік саясат дегеніміз мемлекеттің ішкі саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады, бұл саясат мемлекет өзіне қолдау тауып отыратын, өзінің қызметін және қоғамдық жүйенің орнықтылығын ұлғаймалы ұдайы өндіруге арналған алғышарт жасайтын ішкі саясатының басты бағыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың аса маңызды міндеті қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің белгілі бір деңгейіне жету болып табылады, оған жеткізетін жолдар мыналар:
1) ашаршылық, аурулар, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық дүмпулер және т.б. секілді апаттардың салдарының қайталануына жол бермеу үшін мемлекеттік кепілдіктер беру;
2) белгілі бір елдің қол жеткен тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған материалдық құралдар мен ұйымдық күш жігерлерді әлеуметтік шиеленістерді төмендету бағытында сапалық тұрғыдан өзгерту үшін қайта бөлу;
3) репрессиялық құралдармен, мәселен, есірткі бизнесіне қарсы және т.б. күреспен ұштастыра отырып (салықтар, қаржы құралдары, қайырымдылықты, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу арқылы) өмір салтын реттеу 2, 32-34.
Мемлекеттің және ондағы басқа да әлеуметтік институттардың халықтың өмір сүру сапасы мен салтын, жағдайын жетілдіру, азаматтарды әлеуметтік қолдау, көмек және қорғау сияқты әлеуметтік саланың үдемелі дамуына бағытталған оның қызметін, іс-әрекетін әлеуметтік саясат деп анықтауға болады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
1. Әлеуметтік кепілдік- мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
2. Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
3. Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
4. Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
5. Жалақының минималды көлемі - квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
6. Зейнетақының минималды деңгейі - нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
oo қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру;
Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту

Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау

Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық құқықты қамтамасыз ету


Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары


Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету


Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету

Әлеуметтік салаларды дамыту

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ескерту-отандық әдебиеттерге шолу негізінде автормен құрастырылған

Сурет 1 Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары

oo халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру;
oo халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету;
oo қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету;
oo қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету;
oo әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т.б. ) дамыту;
oo еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету (1-сурет).
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
oo молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.
oo қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
oo кедейшілік - еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
oo жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: өмірге келу; өмірден кету; өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; азық-түлікті тұтыну; тұрғын үй жағдайы; жұмысбастылық; білім деңгейі немесе сауаттылық; мәдениеттілік деңгейі; демалыс; көлікпен қамтамасыз етілуі; адам құқықтарының қорғалуы.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.
Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:
oo көші-қон үрдістерін реттеу;
oo зейнетақы жүйесін жетілдіру;
oo мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі. Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздейді 3,20-25.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мынадай мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:

Ескерту-автормен құрастырылған

Сурет 2 Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік реттеу әдістері

oo құқықтық реттеу - бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
oo қаржы-несиелік реттеу - қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
oo жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы-әлеуметтік мемлекет құруды мұрат етіп отыр. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Бұл істе мемлекет көмекке шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын халықтың топтарына басымдық береді. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері-адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.
Әлеуметтік саясат энциклопедиялық сөздігінде ресейлік ғалым Н.Н. Гриценко әлеуметтік мемлекет ұғымына төмендегідей анықтама береді: әлеуметтік мемлекет - тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуын және олардың жұмыспен толық қамтылуын тұрақты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шынайы іске асырылуына, азаматтардың барлығы қамтылатын қол жетімді, осы заманғы мәдениет, денсаулық, білім жүйесін құруға, тұрғындардың мүлдем қамтылмаған немесе аз қамтылған топтарына қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған мықты әлеуметтік саясат жүргізетін, отандық әлеуметтік нарықтық экономиканы дамытып отырған құқықтық демократиялық мемлекет. Оның пайымдауынша, әлеуметтік мемлекет ұғымы алғаш рет ғылыми әдебиетте ХІХ ғасырдың орталарында, Гегель философиясы әсерінің арқасында және Германиядағы тап күресі мен капитализмнің дамуын талдау нәтижесінде неміс ғалымдарының еңбектерінде пайда болды 4,100-105.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету өзара тығыз байланысын олардың бір-бірінсіз өмір сүріп, әрекет ете алмайтындығынан көруге болады. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету арқылы әлеуметтік саясат көздеген мақсаттарына жетіп, жүзеге асып отырады. Ал әлеуметтік саясат әлеуметтік қызмет көрсетудің бағыт-бағдарын, іске асыру тетіктерін айқындап отырады.
Халықтың белгілі бір категориясына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер күші бар заңнамаға, сол күнгі қоғамның талаптарына сәйкес индивидтің жеке әлеуметтік қажеттіліктері ескеріліп іске асырылуы маңызды. Әлеуметтік қажеттіліктердің мөлшері, сонымен бірге әлеуметтік талаптанулардың деңгейі қоғамдық өндірістің сипатымен және ауқымымен, әлеуметтік-мәдени орта ерекшелігімен, өндірістік және әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктерімен, ұлттық және тарихи дәстүрлермен шектеледі.
Қоғам бір текті емес, ол күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады. Оның осал қабаты мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке ие. Дегенмен, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасы мемлекет тарапынан тікелей бақылауды қажет етеді.
Әлеуметтік мемлекет ұғымының Қазақстан ғылымында айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десек те, ол туралы түсінік тұрақтанып, тек ғылымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт-насихатта да, жарияланымдарда да көп колданылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы - гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау. Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты - қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты - саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады5,225-228.
Қоғамдық өркениетті дамудың мақсаты әлеуметтік мемлекетті құру болып табылады. Бұл мақсаттың практикалық мәні әрбір адамнының тіршілігі үшін қолайлы жағдайларды жасауда. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі адами капиталды дамыту және халықтың тұрмыс жағдайының сапасын жоғарылату болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан Үкіметтің бағдарламалары ең алдымен жұмысбастылықты сақтауға және табыс деңгейін көтермелеуге, халықтың осал тобын едәуір түрде әлеуметтік қорғауға бағытталады. Дүниежүзілік қаржы дағдарысы жағдайында мемлекет өзінің азаматтарын әлеуметтік қолдаудан бас тартқан жоқ. Керісінше, бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын ұдайы көтермелеу үшін барлық іс-шараларды атқарып келеді.
Мемлекеттің негізгі мақсаты - біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсарту. Халқымыздың әл-ауқаты Қазақстанның экономикасы осы салаға жұмсалатын қажетті қаражаттарға ие болса ғана жоғарылай түседі. Осы күнге дейін өзімнің жыл сайынғы Қазақстан Халқына жолдауларымда халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражаттардың көлемін ұлғайту жөнінде мәселе қаралады. Адамдардың денсаулығы мен білім деңгейі- бірінші орынға ие-дей келе, Елбасы экономикалық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік қызметтердің назарсыз қалмайтынын басып айтады. Бұл әлеуметтік қамтамасыз ету қызметінің қайнар көзі ретінде арнаулы әлеуметтік қызметтің аса маңызды басымдық, әрі қоғамды қолдаудың негізгі құралы екенін көрсетеді. Сондықтан, бүкіл қазақстандықтардың толыққанды, сапалы арнаулы әлеуметтік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету маңызды мәселеге айналып отыр.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің теңестіру саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта калған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады.
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму (салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік қүраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, Бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

1.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу

Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауіпсіздігін жақсартуға арналған Қазақстан - 2030 Стратегиясында Елбасы Н. Назарбаев атап өткендей, республика дамуының басым бағыттарының бірі тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады.
Осы стратегияда айқындалғандағыдай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі - аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалуынан көрінеді де, басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы - әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз.
Әр аймақтық бөлініске сай әр мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізудің өзіндік үлгілері болады. Мәселен, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жерорта теңізі және т.б. елдерінің әлеуметтік қорғау үлгілері сияқты Қазақстанның да өз үлгісі бар. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізіп, әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:
- базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер;
- міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында;
- қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру.
Осының аясында, жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Қоғамның тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі көрсетілген Мемлекеттік атаулы көмек туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мемлекеттік атаулы көмек көрсету қаржылай төлемдер арқылы атқарылады. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы төлемдерінің 4 түрін қамтиды:
- тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- кедейлік шегіне дейінгі жандарға қаржылай көмек көрсету;
- 4 балалы және 7 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін аналарға көмек;
- үйде оқытылып, тәрбиленетін мүгедек балаларға [10].
БҰҰ ның мәліметінше дүние жүзінде халықтың он пайызы, яғни алты жүз миллионнан астам адам мүгедек болса, Қазақстандағы бұл көрсеткіш төрт жүз мың адам, яғни халықтың үш пайызын құрап отыр. Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы, 2002 жылдың 11 шілдесіндегі Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау туралы ҚР Заңы және тағы басқа заңнамалық құжаттар мүгедек жандарға қолдаулар көрсетеді. Осындай заңнамалар бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек - балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған. Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі [11]. Әлеуметтік саясат - әлеуметтік медицина десек те болады. Осы тұста мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, қорғауда кейбір өзекті мәселелер бар. Мәселен, Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез - ортопедтік көмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо - тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру, емдеу шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаралар толыққанды жасалынуына бақылауды күшейту керек. Сонымен бірге мүгедектіктің алдын алу, еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және ақпараттық ортаға тиісінше қол жеткізу мәселелерін өз шеңберінде жүзеге асыру тым өзекті мәселе болып табылады. Мәселен заң бойынша мүгедек жандарды жұмысқа алуы тиіс болса да, кейбір ұйым, мекеме басшылары физиологиялық кемшілігіне байланысты мамандықтың кәсіби иесі болған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдамай жатады.
Зейнеткерлік жасына жеткен ел тұрғындарын лайықты өмір мен жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз ету - әлеуметтік саясаттың үлкен міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру); жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі - өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге - 63 жас, ал әйелдерге -58 жас [14].
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі қолданылады. 2005 жылы бірінші деңгейді құрайтын базалық зейнетақы төлемінің еңгізілуі егде адамдардың кірістерін арттырудағы маңызды шара болды. 2008 жылдан бастап оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 % деңгейінде белгіленген және осы ставканы 2011 жылға дейін сақтау көзделуде. Зейнетақымен қамтамасыз етудің екінші (міндетті) деңгейін 1998 жылы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар жағдайда ынтымақтастық жүйеден төленетін (мемлекеттік бюджет) және жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақылық жарналар есебінен төленетін зейнетақылар құрайды. Үшінші деңгей - ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақылар.
Әлеуметтік сала - бұл үздіксіз молайтуды, дамытуды, барлық әлеуметтік субъектілердің өзара іс-әрекеті мен қатынасын қамтамасыз ететін қоғамдық өмір тіршілігінің ерекше кеңістігі. Әлеуметтік сала көрсеткіштері адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:
- білім беру (мектепке дейінгі, жалпы білім беру мекемелерінің, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру, қосымша білім беру мекемлелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
- мәдениет пен өнер (мәдениет пен өнер мекемелерінің жұмысын сипаттайтын, сонымен бірге кітап, журнал, газет өнімдері басылуын көрсететін көрсеткіштер жүйесі);
- денсаулық сақтау (денсаулық сақтау статистикасының, халықтың ауыруының, мүгедектіктің, өндірістік жарақат алудың көрсеткіштер жүйесі);
- туризм, демалу, дене шынықтыру және спорт (санаториялық-курорттық мекемелердің, демалыс және туризм мекемелерінің, спорттық мекемелер желісінің жағдайын, дамуын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
- коммуналды шаруашылық (халықты сумен, жылумен, газбен, қонақ үй
және басқа да жабдықталуымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
-ақылы қызметтер (халыққа әр түрлі қызметтерді ұсынуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: тұрмыстық қызметтер, жолаушылық көліктер, байланыс, құқықтық қызметтер, банк қызметтері және т.б.) 15.
Осы жоғарда аталып кеткен әлеуметтік салалардың ішінде әлеуметтік саясатта ерекше орын алатын денсаулық сақтау мен білім беру тоқталып кеткен жөн.

1 кесте - Мемлекеттік бюджет шығысының құрамы
млн. теңге
Көрсеткіштер атауы
Жылдар
2011 ж-ды 2009 ж-ға %-бен шаққанда

2009
2010
2011

Мемлекеттік шығыстар
2678280
3394064
3746840
140
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
164744
224012
166063
100,8
Қорғаныс
166646
185358
187616
112,5
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік
240993
271467
316190
131,2
Білім беру
455430
572403
660917
145,1
Денсаулық сақтау
299381
363210
450893
150,6
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
502381
622017
758308
150,9
Тұрғын үй шаруашылығы
199937
233926
304049
152
Мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік
122210
163969
173618
142
Ауыл,су, орман, балық шаруашылықтары
100955
170365
168118
166,5
Өнеркәсіп
10465
40080
30921
295,5
Көлік және коммуникация
289654
332709
337512
116,5
Өзгелер
39166
96164
64853
165,6
Ескерту- [16] мәлімет көзі негізінде құрастырылған

Кесте мәліметтерін талдайтын болсақ, 2011 жылы жалпы алғанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 6746840 млн. теңгені құрады. Оның ішінде білім беру саласына - 660917 млн. теңге, денсаулық сақтау саласына - 450893 млн. теңге және де әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге 758308 млн. теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік бюджеттен білім беру саласына бөлінген сома 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 45,1 % - ға артқан, денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат болса, 50,6 % - ға артқан.
Мемлекеттік бюджет шығыстарының әр сала бойынша үлесіне келетін болсақ, 2011 жылы білім беру - 17,6 %, денсаулық сақтау - 12 %, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 20,3 % - ды құрады (3-сурет).

Сурет 3 Мемлекеттік бюджет шығыстарының әр сала бойынша үлесі
(2011 жыл)

Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.
Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласы институционалдық тұрғыда өзгеріп, кадрлық әлеуеті дамып, сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейіне көтеріліп келеді. Оған дәлел, Қазақстанда соңғы үш жылдың ішінде туу деңгейінің 13 %-ға өсуі, жалпы өлім деңгейінің тұрақталуы, тиісінше, халықтың табиғи өсу коэффицентінің 1,6 есе артуы. Бұл сектордың реформалары денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мен жекеменшік мекемелердің ашылуымен сипатталады.
Білім беру Қазақстан - 2030 ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы қабылданды. Білім беру жүйесі, оның құрылымына сәйкес қалыптасады, оның болашағы анықталады. Ол жүйенің құрылымы: отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, кәсіптік-техникалық, орта арнаулы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, кадрлардың білімдерін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім беру (2-кесте).

2 кесте - Білім берудің кезеңдері мен негізгі сипаттамалары



Кезең
Кезеңнің негізгі сипатттамалары

Атауы
Код

1.
Мектепке дейінгі білім беру
0
Ұйымдастырылған білімнің бастапқы кезеңі төмен жастағы балаларды мектеп жағдайына үйретуді көздейді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 3 жастан бастап қабылдайды. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы мектеп немесе балабақша негізінде жүзеге асуы керек.
2.
Бастауыш білім беру
1
Жазу, оқу, есептеуді үйрету, сонымен қатар, қоғамдық ғылымдарға, өнер мен музыкаға баулу. Мұндай мекемелерге 5-тен 7 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.
3.
Орта білім берудің бірінші кезеңі
2
Бұл кезеңнің педагогикалық міндеті адамның тұлға ретінде қалыптасуының негізін қалау болып табылады.
4.
Орта білім берудің екінші кезеңі
3
Бұл кезең тереңдетілген пәндік мамандандыруды қарастырады және жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.
5.
Орта білімнен кейінгі білім беру
4
6 айдан 2 жыл аралығында білім беруді қарастыратын мектептер мен курстар. Жоғары немесе кәсіби білім алуға қосымша дайындық.
6.
Жоғары білім берудің бірінші кезеңі - Ұзақ ағын

Негізінен теориялық сипаттағы жоғары білім беру бағдарламасы болып табылады. Қазақстан мен Ресейде бұл дәреже ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Кедейлердің әлеуметтік құрылымы мен кедейшілікті төмендету жолдарының ғылыми–методологиялық концепциялары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті
Тұтынуға шекті және орташа бейімділіктің теориялық аспектілері. Қазіргі кедейшілік жағдайы мен тұтыну бюджетін мемлекеттік реттелуін талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Пәндер