Инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіру



КІРІСПЕ 4
1 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Инновация туралы түсінік және оның қажеттілігі 8
1.2 Инновациялық менеджменттің ұғымы және эволюциялық дамуы 17
1.3 Инновациялық басқарудың негізгі мақсаттары мен бағыттары 23

2 ФИРМАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 29
2.1 «KazSatNet» ҰК АҚ.ның қалыптасуы мен атқаратын қызметі 29
2.2 «KazSatNet» ҰК АҚ.ндағы басқарудың қазіргі жүйесіне талдау 38
2.3 Фирманың басқару жүйесінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері 52

3 ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 59
3.1«KazSatNet» ҰК АҚ.ғы инновациялық менеджменттің ұйымдық. экономикалық үлгісі 59
3.2 Қазақстан жағдайында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктері 65
3.3 «KazSatNet» ҰК АҚ.ғы инновациялық менеджменттің стратегиясы 74

ҚОРЫТЫНДЫ 81

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 84

ҚОСЫМШАЛАР 87
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген елдер бар. Бұл елдер шикізатты қазу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамтитын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Нарықтық экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе инновациялық экономиканы қалыптастыру болып табылуда. Инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағытта көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы республиканың инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың шикізаттық емес секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының иноовациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оларды өндіріске енгізуге, Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталғын инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфракұрылым элементтері, яғни, иноовациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Дегенмен, еліміздің қазіргі қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым оның субъектілерінің өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отыр. Оның негізгі себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады: инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы; инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы; жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және өндірістік сипаты жоқ салалардағы табыстылықтың жоғары болуы; инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы; отандық инновациялық нарықтың қалыптаспауы және де ғылыми зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаттың мардымсыздығы.
1. Н. Ә. Назарбаев. «Қуат¬ы Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форум// "Егемен Қазақстан" газеті, 5 шілде 2011 жыл. - 2 б.
2. Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде//әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. -2008. –№6.-18-22 беттер.
3. Трифилова А.А. Оценка эффективности инновационного развития предприятия.М.: Финансы и статистика, 2005. - 304 б.
4. Дандон, Элейн. Инновации: как определять тенденции и извлекать выгоду/пер. с англ. С. Б. Ильина.- М. Вершина, 2006.- The seeds of innovation. Cultivating the Synergy that Fosters New Ideas. (англ.).- 304 б.
5. Вертакова, Юлия Владимировна; Симоненко, Елена Сергеевна . Управление инновациями: теория и практика: учеб. Пособие. Эксмо, 2008.- 430 б.
6. Друкер, Питер, Ф. Бизнес и инновации /пер. с англ. К. С. Головинского.- М.; СПб. ; Киев, Вильямс, 2007.- Innovation and entre-preneurship.- ISBN 978-5-8459-1195-7 (рус.): 0-88730-618-7 (англ.).- 432 б.: ил.
7. Бердалиев К. Б. Инновациялық менеджмент : [жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы] / К. Б. Бердалиев, Т. С. Сатқалиева, А. Сейітқазиева [ж. б.]. – Алматы : Экономика, 2010. – 326 б.
8. Сәбден Оразалы. Инновациялық экономика. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2011 ж.-324 б.
9. Сәбден Оразалы. Экономика. І том. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2011 ж.-324 б.
10. Сабден Оразалы. Экономика. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, 2009 ж.-304 б.
11. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV заң.
12. Information Economy Report 2007 – 2008. United Nations. New York and Geneva,2007. - 204 б.
13. Schumpeter J. The Theory of Economic Development. Cambridge – Harvard, 1934. - 400 б.
14. Oslo Manual: Guidelines for Collecting and Interpreting Innovation Data. OECD/EC, Paris, 2005.
15. Голиченко О.Г. Национальная инновационная система России: состояние и пути развития. М.: Наука, 2006. - 180 б.
16. Гапоненко А.Л. Экономика, основанная на знаниях, и перспективы
экономического роста в России // Тезисы выступления на конференции РАГС,
посвященной ее 10-летию (материал с сайта Кафедры общего и специального
менеджмента РАГС: http://www.koism.rags.ru).
17. Сайт Международного центра научной и технической информации (МЦНТИ): http://www.icsti.su.
18. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949 Жарлығы (2005.13.07 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы тұжырымдамасы.
19. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
20. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы».
21. «Бәсекеқабілетті Қазақстанға, бәсекеқабілетті экономикаға, бәсекеқабілетті ұлтқа» атты ҚР Президентінің қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ. 19 наурыз 2004ж.
22. Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва: Прогресс. 1998г.
23. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-индустриальды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы" 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлық.
24. «Ғылым туралы» 2001 ж. 9 шілдедегі № 225-II Қазақстан Республикасының Заңының (2011.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
25. 2010 жылғы19-ы наурыздың № 958 Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
26. ҚР 2020 жылғы дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысы.
27. Г. А. Курганбаева . Экономика Казахстана в XXI веке [Текст] : [моногр.] /; КИСИ при Президенте РК. - Алматы : [б. и.], 2009. - 144 с.
28. Ермухаметова, С.Р.Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының конституциялық-құқықтық негіздері: Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. 12.00.02 мамандығы бойынша/Алматы, [Б. ж.], 2009.- 34 б.
29. Жылжақсынова,Ш.П6Инновациялық даму-ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы: Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған авторефераты . 08.00.01 мамандығы бойынша /Алматы, [Б. ж.], 2009.- 30 б.
30. 50.KZ Индустриялды-инновациялық Қазақстан № 11-12(33), 2011 ж.
31. 50.KZ Индустриялды-инновациялық Қазақстан № 9-10(34), 2011 ж.
32. 50.KZ Индустриялды-инновациялық Қазақстан № 7-8(32), 2011 ж.
33. Наука и инновация в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан.- Алматы, ИЭ МОН РК, 2005
34. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов.-М.: Бизнес-школа Интел-Синтез, 2004г.
35. Аньшина В. М., Дагаева А.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов.-М.: Прогресс, 2003г.
36. Цветков А.Н. Государственный организационно-экономических, научно-технических инноведений / СПб, 1997г.
37. Н. А. Назарбаев. Задача науки – способствовать развитию экономики // Казахстанская правда, 16 апрель, 2010 г.
38. Мухамедьяров А.М. Инновационный менеджмент.-М.: ИНФРА-М, 2006
39. Балабагов. И.Т. Инновационный менеджмент. СПб Издательство «Питер», 2000г.
40. Инновационный процесс в странах развитого капитализма (методы, формы, механизмы)/ Под. Ред. И.Е. Рудаковой.-М.: Изд-во МГУ, 2002г.
41. Научный потенциал республики: формирование, структура, диамика и оценка-Уфа: УГАТУ, 2000г. - 123 б.
42. Дәуренбекова Ә.Н." Бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті дамыту-индустриялық-индустриальды-инновациялық стратегияның басты бағыты" /"АльПари" журналы, №3-4, 2004ж- 56 б.
43. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәліметтер
44. Бердашкевич А.П Оподдержке инновационной деятельности в Японии // Инновации №7. - 2002 г.
45. Бораш Қ. "Индустриальды-инновациялық процестің өрісі кең /"Егемен Қазақстан" газеті 2004 ж 20 қаңтар.
46. Ерғожин Е. "Ғылымсыз өндіріс өркендемейді"/ "Егемен Қазақстан" газеті 2006 ж 11 сәуір.
47. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари, - №6. - 2000 г.
48. Иманбекова Б. Ю."Қоғамдағы индустриальды-инновациялық саясат"/ "Саясат-policy" журналы, №3. 2005ж.
49. Шокоманов К. Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период //Вестник КазНУ, Серия экономическая.- №4.- 2001 г.
50. Сапарбаев Ә. Инновация – негiзгi қозғаушы күш// Егемен Қазfқстан, 24 наурыз.- 2004 ж.
51. www.jstor.Vladimir Zwass. International Journal of Electronic Commerce, Vol. 7, No. 3 (Spring, 2003), pp. 7-37.
52. http://www.jstor.org/discover/10.2307/
53. Defending against Rival Innovation . Richard J. Arend. Small Business Economics, Vol. 33, No. 2 (Aug., 2009), pp. 189-206.
54. www.kazsatnet.kz
55. www.inform.kz
56. www. iacng.kz
57. www. japanontop.com
58. www.stat.kz

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗІНДЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

6N0507-Менеджмент

КІРІСПЕ
4
1 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
8
1. Инновация туралы түсінік және оның қажеттілігі
8
2. Инновациялық менеджменттің ұғымы және эволюциялық дамуы
17
3. Инновациялық басқарудың негізгі мақсаттары мен бағыттары
23

2 ФИРМАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ
29
2.1 KazSatNet ҰК АҚ-ның қалыптасуы мен атқаратын қызметі
29
2.2 KazSatNet ҰК АҚ-ндағы басқарудың қазіргі жүйесіне талдау
38
2.3 Фирманың басқару жүйесінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері
52

3 ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
59
3.1KazSatNet ҰК АҚ-ғы инновациялық менеджменттің ұйымдық-
экономикалық үлгісі
59
3.2 Қазақстан жағдайында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктері
65
3.3 KazSatNet ҰК АҚ-ғы инновациялық менеджменттің стратегиясы
74

ҚОРЫТЫНДЫ
81

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
84

ҚОСЫМШАЛАР
87

Кіріспе
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары
технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете
білген елдер бар. Бұл елдер шикізатты қазу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін
қамтитын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып,
одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды
кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға
негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын
жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық
қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен
қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Нарықтық экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және
оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы
басты мәселе инновациялық экономиканы қалыптастыру болып табылуда.
Инновациялық экономиканың басты ерекшелігі – ғылыми сыйымды, технологиялық
өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және
инновациялық инфрақұрылымның болуы.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағытта көптеген
жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы республиканың
инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың шикізаттық
емес секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық
инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы, ел экономикасының иноовациялық белсенділігін көтеру
мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан
бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оларды өндіріске
енгізуге, Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды
трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталғын инфрақұрылым жүйесін құру
үрдісі басталып кетті.
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет
тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере
бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының
алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж), нәтижесінде даму институттары және
инновациялық инфракұрылым элементтері, яғни, иноовациялық қызметті жүзеге
асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Дегенмен, еліміздің қазіргі қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым оның
субъектілерінің өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым
ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отыр. Оның негізгі
себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады: инновациялық инфрақұрылым
элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы; инновациялық әлеуеті бар
аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп
салаларының біркелкі дамымауы; жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің
тым төмендігі және өндірістік сипаты жоқ салалардағы табыстылықтың жоғары
болуы; инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы; отандық
инновациялық нарықтың қалыптаспауы және де ғылыми зерттеу және тәжірибелік
– конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаттың мардымсыздығы.
Міне, мұның барлығы да отандық инновациялық дамытудың тиімді тетіктерін
қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы
қалыптасқан мемлекет қана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола
алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын
елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интелектуалдық
қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын
өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу,
ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.
Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету
еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты
талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп
білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет
болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез
қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны
белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы
еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық басқару нәтижелі жұмыс
істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Бұл пікір Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауларында да
көрініс тапқан. Мәселен, 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Жолдауында Біз
экономиканың тұрақты өсіміне жедел индустриаландыру және инфрақұрылымды
жетілдіру арқылы қол жеткізуіміз қажет. Сондай-ақ, болашақтың экономикасы
нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйеге негізделуі
тиіс. Индустриалық-инновациялық даму – еліміздің жаңа онжылдықтағы
өркендеуінің өзегі бола бермек деп атап көрсетті. Осыған орай, 2010 жылы
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-
2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, оған қоса Өнімділік 2020
бағдарламасын атап көрсетуге болады.
Осы орайда, ұлттық инновацияны дамыту бойынша сараптаулар мен
талдауларды, әдіснамалық тәсілдері, озық тәжірибелерді, аталған тетіктерді
қолдануға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми негіздеудің маңызы да
жетіле түспек. Аталған ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін
айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк
елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi
дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық
өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi.
Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.

Диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, қазіргі кезде ең ірі дамыған елдердің қарқынды өсуінің көп
үлесін экономикаға инновацияны енгізу құрап отыр. Оған Жапония, Корея, АҚШ,
Қытай, Вьетнам секілді елдерді жатқызуымызға болады. Міне осыны негізге ала
отырып, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңа технологиялар мен жаңа
идеяларды енгізу, инновациялық саясатты тиімді жүргізу арқылы дамыту
көзделіп отыр. Осыған сәйкес, диссертациялық жұмыстың тақырыбын
инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіруге қатысты
таңдадым.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011
жылғы Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз! атты форумында: Бүгінгі
қазақстандық жол - индустриялық-инновациялық дамудың кең арнасы. Мұның
мәнісі неде? Бұл үшін біріншіден, қуатты технологиялық базаны құру
қажеттігін, әлемнің қазіргі күні бесінші технологиялық төңкеріс қарсаңында
тұрғандығын жеткізді.
Осыған байланысты ақыл-ой инвестициясының, ғылыми білім мен жаңа
технологиялардың қажеттігін, ол үшін жаңашылдар мен инноваторларды іздеу
қажет. Инновацияның инноваторлар болған жерде ғана пайда болады, оларды
тәрбиелеп шығару міндет. Екіншіден ғылыми кластер мен өндірістің арасында
өзара әрекеттестіктің берік тетіктерін құру қажет деп айтып кетті[1].
Қазақстан Республикасы кәсіпорындардың инновациялық дамуы үшін, ең
алдымен, жаһандану үдерісіне сәйкестендіре отырып, кәсіпорындардың
экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік
нарықта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-
технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасауы қажет. Қазіргі таңда
өнеркәсіп кәсіпорындардың инновациялық дамуына қатысты көптеген шешілмеген
мәселелер бар. Сондықтан, бұл тақырыптың өзекті екенін айқындай түседі.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Нарықтық экономика жағдайында
инновациялық менеджментті енгізу мүмкіндігін анықтау және оның жетілдіру
бағыттарын қарастыру.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін
белгілейді:
- инновация ұғымы мен инновациялық даму туралы заманауи зерттеулердің
теориялық аспектілерін жүйелендіру;
- инновациялық менеджмент ұғымын толық қарастыру, инновациялық
басқарудың негізгі мақсаттары мен бағыттарын анықтау;
- инновациялық менеджмент негізінде басқарудың әлемдік тәжірибесіне
талдау жасау;
- кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін жан-жақты талдау және оларды
жетілдіру жолдарын анықтау.
Диссертацияның ғылыми зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде
инновация және инновациялық дамудың мәні, инновациялық менеджмент негіздері
оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген көзқарастар және
байламдар жеткілікті. Бұл ұғымдарды сараптау және дәйектеу ХХ ғасырда орын
алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез
келген инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар
эволюциялық кезеңдерден өтіп, оладың мән-мағынасы тұрақты түрде кеңейе
түсуде.
Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына
Й.А.Шумпетер, Н.Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек,
Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т.б. ғалымдардың еңбектерін
жатқызуға болады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына
үлес қосқан А. Н. Анчишкин, А.Н. Богатырев, П.А. Андреев, Г.Крутиков, Р.А.
Фатхутдинов, А.В. Барышева, К.В. Балдин, Ю.В. Яковец сияқты ғалымдардың
еңбектері бар.
С.Б. Әбдіғаппаров, Н.А.Барлыбаева, С.В. Могильный, Я.Ә.Әубәкіров, А.Қ.
Қошанов, Д.Қ. Қабдиев, Ф. М. Днішев, Ә.Ә.Әбішев, Ф. Ғ. Әлжанова және тағы
басқа отандық зертеуші-ғалымдар да инновациялық даму туралы зерттеулерге
айтарлықтай үлес қосып келеді. Аталған ғалымдардың тұжырымдамаларына осы
диссертациялық жұмыста жан-жақты талдау жүргізілді.
Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың
инновациялық дамуы, инновациялық менеджмент негізінде басқаруды жетілдіру
маңызды мәселелердің бірі болып қала береді және жан-жақты түбегейлі
зерттеу және сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.
Зерттеу обьектісі ретінде “KazSatNet” ҰК АҚ алынды.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі инновациялық даму
мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің еңбектері, шетелдік
және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары, монографиялар,
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары, оқулықтар,
басылымдар құрайды.
Өнеркәсіп кәсіпорындардың инновациялық мәселелері бойынша шетелдік
экономист-ғалымдардың еңбектері, осы саланы дамыту мен оны басқару
мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңды және нормативтік
актілері, үкіметтің аталмыш сала мәселелері жөніндегі қаулылары мен
шешімдері, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, Статистика
жөніндегі Агенттігінің, “KazSatNet” ҰК АҚ мәліметтері және басқа да есептік
ақпараттар пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын төмендегідей
нәтижелер алынды:
- инновация мен инновациялық даму ұғымдары теориялық тұрғыдан терең
зерттелді;
- инновациялық менеджмент негізінде басқаруды жетілдіру жолдарын анықтап,
әлемдік тәжірибелері қарастырылды;
- кәсіпорынның инновациялық әлеуеті жан-жақты талданып, даму мәселелері
айқындалды;
- кәсіпорындардың инновациялық даму жолдары ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады және жалпы көлемі 96 беттен, 8 кесте мен 12 суреті бар
компьютерлік парақтарды қамтиды.

1 Инновация және инновациялық менеджмент ұғымының теориялық негіздері

1. Инновация туралы түсінік және оның қажеттілігі

Инновация ұғымы мәселелерімен айналысатын ғылымдар бұл түсінікке
әртүрлі мағына береді. Сонымен, социологтар инновация түсінігін кең
мағынада талдайды. Барнет алдыңғы фирмалардан сапалы түрде ерекшеленетін,
жаңа ойлар, мінез – құлық әдістері немесе заттар ретінде инновацияны жалпы
қарастырады және шығармашылықтың рухани аспектісіне (ғылыми және ақыл-ой
қызметі) ерекше көңіл аударады.
Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл
ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа
технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына
инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар
тауарларының жаңа түрлерiн қолдану , жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен
өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша
инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады
[5].
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның
пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде
технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника
– экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк
негiздерiн ұсынды:
- экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
- экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
- интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Инновация ұғымының қарапайым және күрделі мағынасы бар. Өзінің
эволюциялық дамуында оның әртүрлі мазмұны мен нысандары бар. И.В.Афониннің
пікірінше жүзжылдық метаморфозаның жаршысы ретінде беймәлім ғалым Джон
А.Гобсонды санауға болады. Нақ Гобсон құнның жер-еңбек-капитал құн
факторына төртінші талант және білім ұғымын қосты және озық өнеркәсіп
саласы ұғымын енгізді [3].
Осы заманғы инновация тұжырымдамасының негізін қалаушы австриялық,
кейіннен американдық ғалым Й.Шумпетер өзінің Экономикалық даму теориясы
еңбегінде алғаш рет жаңашыл және жаңалық ұғымын енгізді. Бұл
тұжырымдамада ол инновацияға негізделген кәсіпкердің жаңа табиғатын –
жаңаша ұйымдастыру, өндіргіш күштерді ойната білу қабілетін бөліп көрсетті
[4]. Бұл қабілет кәсіпкерлік табысты алумен қатар, өндірістің қолданыстағы
айналымын жеделдетуге және жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік
береді. Өзінің іскерлік белсенділік айналымы теориясында ғалым болжам
ұсынды. Оған сәйкес экономикалық дамудың қозғалтқышы –құрылымдық
өзгерткіштердің айналымдық өзгерісі – кәсіпкердің инновациялық қызметі –
тәуекелді бизнес арқылы нарыққа инновацияларды жылжытудың айрықша және
сирек байқалатын қабілетін ұсынды. Тиісінше кәсіпкер экономикалық өсуді
тұрақты қайнар көзі ретінде қызмет етеді [6].
Кейіннен әртүрлі зерттеушілер бұл экономикалық категорияға өздігінше
ұғым бере бастады. Мысалы, Ф.Валента және Л.Волдачек инновация бұл -
өзгеріс десе, Э.Уткин инновацияны нақты объект деп санайды. Ф.Никсон –
іс-шаралардың жиынтығы, ал С.Валдайцев - жаңа өнімді игеру деп ұғым
берді [5].
Бұл туралы Қазақстандық мамандардың өз пікірі бар. Мәселен, 1996 жылы
С.Б.Әбдіғаппаров инновация бұл – ғылыми негізделген идеялардың шаруашылық
субъектілердің зерттеуін, әзірлеу мен енгізуін қамтитын мемлекеттік және
нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір деңгейін көтеруге бағытталған
мақсаттарға жету үдерісі деп атап өтті [7]. Ал 2006 жылы Н.А.Барлыбаева
өзінің Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: перспективасы және даму
механизмі монографиясында нарықтық табыстардың инновациялық қызметке
қатысушылардың ерекше креативті қабілеттерінен туындайтындығы туралы
қорытындыға келді. Бұл жағдайда: инновацияның өзі мәні бойынша
технологиялық түрткі не нарықтық сұраныс жүктемесі дейтін ұғым болып
табылмай-ақ, олардың бірлескен ықпалынан туындаған құбылысты білдіреді [8].

Инновация термині (ағылшын тілінде innovation) қазақ тіліне
аударғанда жаңа енгізілім деген мағынаны береді. Ал Қазіргі заманғы
экономикалық сөздікте инновация – техника, технология, еңбекті ұйымдастыру
мен басқару аясында ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделген
жаңалықтар, сондай-ақ осы жаңалықтардың әртүрлі тәжірибелік қызмет аясында
және салалaрында пайдаланылуы деп түсіндіріледі [9].
Инновация мен инновациялық инфрақұрылым төңірегінде елеулі ғылыми
зерттеу жүргізген отандық ғалым С.В.Могильныйдың бұл тұрғыда өзіндік пікірі
бар. Ол, ең алдымен, инновацияны – қандай да бір салада пайдалануына
байланыссыз ғылымның, техника мен шығармашылық жетістіктерінің тәжірибеде
қолданылуы арқылы көрініс тапқан интеллектуалдық қызметтің соңғы нәтижесі
деп түсінеді. Бұл нәтиже жаңа немесе жетілдірілген өнім, қызмет, үрдіс,
белгілі бір құбылыс, бұрын енгізілмеген тәсіл немесе басқа да сипатта болуы
мүмкін [10].
Екіншіден, инновация ерекше тауар түрі болып табылады. Ол нарықта
әртүрлі қызмет аясына енгізілу арқылы өткізіледі. Бұл жерден шығатын ұғым,
инновацияға нарықтық ортаның негізгі заңдары қолданылады, яғни бағасы,
сапалық және тұтынушылық белгілері болады, тауар сипатында сұраныс пен
ұсыныс қалыптасады, бәсекеге түседі. Алайда бұл жердегі бір ерекшелік,
инновация тауарлық сипатқа тек салыстырмалы түрде басқа тауарлардан,
қызметтерден, өнімдерден артықшылығы болғанда, идеяның нәтиже алып келетіні
дәлелдегенде, оның қолданылу аясы нақтылағанда ғана ие болады. Инновацияның
тауарлық сипаты патент, техниканың, технологияның жаңа түрі, өнім немесе
басқа да түрде болуы мүмкін.
Үшіншіден, инновация – бұл әлеуметтік құбылыс, яғни қандай да бір
қоғамның жаңалықтарға, қалыптасқан дәстүрлерді өзгертуге, бір кезеңнен
екіншісіне өту құлқын анықтайды. Басқаша айтқанда, инновация мәдениеттің
бөлшегі ретінде танылады, сондықтан да жаңалықтарға деген құлшынысты тек
экономикалық тұрғыда ынталандырып қана қоймай, оны тәрбиелеп отыру керек.
Мұның мысалы ретінде Азияның бірқатар елдерін келтіруге болады (Жапония,
Оңтүстік Корея, Сингапур және т.б.), оларда жаңалықтар ұлттық мәдениеттің
құраушы бөлігі ретінде қалыптасып, білім басты ресурсқа айналған. Аталған
мемлекеттердің басымдығы білімге, білікті еңбекке және алдыңғы қатарлы
технологияларға беріледі. Бұл құбылысқа қарама-қарсы жағдай Африка мен
Латын Америкасының бірқатар елдерінде байқалады, олар қазба байлықтарды
өндіру мен ауыл шаруашылығына иек артып, қалыптасқан дәстүр бойынша
шаруашылық жүргізуге ынталы [10].
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы 2012 жылғы 9-ы қаңтардың № 534-IV Заңында
инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сәйкес инновация -
экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті
ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар,
тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік,
коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де
қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе)
заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі деп түсіндіріледі [11].
Ендігі кезекте инновацияны негізгі сипатын оның түрлері мен жіктелу
белгілері бойынша ашамыз.
Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып
саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен
кешенді инновацияларға көбірек мән береді. Ал радикалды инновациялар терең
ғылыми зерттеулерді қажет етеді және ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді,
сонымен қатар, бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханаларды, тәжірибелік,
өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір
нәтижеге жетуі мүмкін (сурет 1).

Сурет 1 - Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар категорияларға
бөлінуі
Ескерту – әдебиет көздерінен жинақтау нгізінде автормен
құрастырылған[7]

Инновациялар пайдалану аясына байланысты келесідей жіктеледі:
- ғылыми инновациялар – жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қайдай
да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар – ұйымда бұрыннан
қалыптасқан басқару әдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру
формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
- әлеуметтік инновациялар – әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым-қатынасты
өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа әдістері мен
тәсілдерін қолданумен және осы бағыттағы басқа да іс-әрекеттерді
жақсартумен байланысты;
- технологиялық (өндірістік) – ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс
пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны,
технологиялық әдістер мен тәсілдерді өзгертуге және жаңартуға
бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық
өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға
қатысты) мен инновациялық үрдіске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен
қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
- экологиялық – қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды
тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін
инновациялық үрдістерді қамтиды;
- саяси – мемлекеттің әлеуметтік, халықаралық, сыртқы ішкі бағыттағы іс-
әрекеттерін жетілдірумен және оның халық үшін тиімділігін көтерумен
байланысты;
- мемлекеттік-құқықтық – жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық
құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тәсілдері, әділетті сот
жүйесі түрінде көрініс табады;
- рухани саладағы инновациялар – білімде, мәдениетте, ғылымда жаңа
жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.
Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей жіктейді:
- жаһандық – бірнеше мемлекеттерде немесе әлем деңгейінде өзгерістердің
пайда болуына алып келетін инновациялар;
- ұлттық – бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі
негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс және т.б. инновациялар;
- аймақтық – белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы
бар инновациялар;
- нақты – қандай да бір кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын
инновациялар [12].
Біздің ойымызша, инновацияларды белгілі бір деңгеймен байланыстырып,
оның ауқымын шектеп қоюға болмайды. Өйткені, инновацияның тиімділігі кез
келген субъект немесе қоғам үшін дәлелденгенде, оны пайдаланушылар тобы
бірден кеңейеді. Әлемдік ортаның қазіргі байланысы, ақпараттық кеңістіктің
кеңеюі, мүдделі топтардың тарату аумағын ұлғайтуға деген ұмтылысы
инновациялардың жандануына себеп болады.
Экономикалық бәсеке, қайшылықтар, қоғамдық сананың өсуі, табиғи
ресурстардың шектелуі инновациялардың туындануына бірден-бір себеп. Осы
тұрғыда, инновациялардың пайда болу ортасына ғылыми тұжырым жасап көрейік
(cурет 2).
Ең алдымен, ол экономикалық орта. Өнім өндірушілердің, қызмет
көрсетушілердің, жұмыс орындаушылардың табатын пайдаларын өсіруге
мүдделілігі. Бәсекелі нарықтың талабы да өндірушілерге неғұрлым тиімді
түрде қызмет етуін жүктейді.
Екіншіден, қоғамдағы қарама-қайшылықтар. Мәселен, белгілі бір топтың,
ұйымның қалыптасқан дәстүр мен құндылықтарға, ережелер мен тәртіптерге
қанағаттанбай немесе мойындамай, оны өзгертуге талпынысы. Бұл топ өзінше
жаңа құндылықтар мен тәртіптерді қалыптастырып, оған қалған көпшілікті
тартуға ынталанады.
Үшіншіден, табиғи ресурстардың азаюы. Бұл тауарлық, өнеркәсіптік
инновациялардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі себеп. Бұл жерде дәстүрлі
өндірушілердің, яғни табиғи ресурстарға иелік етуші топтардың басқа мүдделі
топтарға осы бағытта жұмыс істеулерін шектеуі, олардың жаңа әдістер мен
тәсілдерді пайдалана отырып, дәстүрлі немесе табиғи өнімдерді алмастырғыш
тауарларды дайындауларына түрткі болады. Қазіргі уақытта гендік
модификацияланған өнімдер деген атаумен белгілі бұл тауарлар әлемнің
көптеген елдерінде жаппай тұтынуға еніп кетті. Бұған жаңа энергия
көздерінің пайда болуын, өндірістік ресурстардың жаңа түрлерінің шығуын да
жатқызуға болады.
Төртіншіден, әлеуметтік орта немесе қоғамдық сана. Көп жағдайда бұл
орта инновацияларды жасаушыларға өздерінің талаптарын жүктейді. Яғни,
олардың қалыптасқан көзқарастары, жаңалықтарды қабылдау деңгейі, білімі мен
мәдениеті осы деңгейге сай өнімдер мен қызметтердің пайда болуын
қажетсінеді. Сонымен қатар, еңбек ету мәнері, біліктілік деңгейлері де
инновацияларды бірден қабылдауды немесе біртіндеп енгізілуді анықтап
отырады.
Бесіншіден, алпауыттардың ойыны. Бұл жерде алпауыттар қатарына
нарықтағы ірі өнім, қызмет шығарушы компаниялар мен монополистерді
жатқызуға болады. Олар, керісінше, нарыққа өздерінің талаптары мен
ережелерін енгізеді. Яғни, олар дайындалған өнім мен қызметтерін кең
көлемді жарнама, шаралар, ойындар өткізу арқылы, қажет болса мемлекеттің
ресурстарын қолдану арқылы Олар, керісінше, нарыққа өздерінің талаптары мен
ережелерін енгізеді. Яғни, олар дайындалған өнім мен қызметтерін кең
көлемді жарнама, шаралар, ойындар өткізу арқылы, қажет болса мемлекеттің
ресурстарын қолдану арқылы (бұқаралық ақпарат құралдары, әкімшілік
міндеттеу, үгіттеу) нарыққа өткізеді. Тұтынушылар өздерінің
қажеттіліктеріне сай сұраныс жасаудан гөрі, ұсынылған тауарларға
ыңғайланып, бейімделеді [13].
Бүгінгі жаһандық ортада инновацияларды қалыптастырып отырған басты
себеп дәл осы.
Инновациялардың пайда болуы олардың белгілі бір функцияларды орындауын
міндеттейді. Сондықтан да, экономикалық категория ретінде инновациялардың
атқаратын негізгі функцияларын сипаттаймыз. Олар мыналар:
- адамзат ақыл-ойынан туындаған ғылыми нәтижелерді қолданысқа енгізу;
- қызметтің, еңбектің ғылыми сыйымдылығын арттыру;
- тұтынуға өзгерістерге өндірістің құрылымын сәйкестендіру;
- қоғамның жалпы қажеттіліктері мен қоғамдағы әрбір адамның жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыру сапасын арттыру;
- өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа өндіргіш күштерді
тарту;
- бәсекелі нарыққа төтеп беретін жаңа және тиімді өнімдерді,
қызметтерді, жұмыстарды жасау.
Кез келген жаңалықты қолданысқа енгізуден бұрын оның тиімділігін
анықтайды. Экономикалық әдебиеттерде инновацияның келесіне тиімділіктерін
бөліп көрсетеді.
- Экономикалық тиімділік – инновацияларды пайдалану және тарату
нәтижесін ұлттық табыс пен қоғамдық өнімнің өсуін сипаттайды.
- Қаржылық тиімділік – шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелерін
сандық мөлшерде бейнелейді. Бұл тиімділік өткен кезеңнің
көрсеткіштерін есепті кезеңнің мәліметтерін салыстыру нәтижесінде
болған оң өзгерістермен анықталады.
- Ғылыми – техникалық тиімділік – инновацияның жаңалық деңгейімен, оны
қолдану ыңғайлылығымен, ұтымдылығымен, жинақтылығымен, эстетикалық
әсемдігімен бейнеленеді. Дәл осы тиімділік ғылыми, ғылыми-техникалық
және интеллектуалдық әлеуеттің дамуына негіз болады.
- Ресурстық тиімділік – өндірістік үрдіс барысында пайдаланылатын
ресуртарды ұтымды пайдалану деңгейімен анықталады. Оның көрсеткіштері
болып жұмыс орындарының қысқаруы, жаңа материалдар мен бөлшектерді
қолдану және кешенді пайдалану саналады.
- Әлеуметтік тиімділік – инновациялардың қоғамдық қатынастарға әсерімен
сипатталады. Негізінен жаңа идеялар мен білімдердің қалыптасуына ықпал
ететін адам капиталының жемісті жұмыс істеуіне, ары қарай жетілуіне
ыңғайлы жағдайлар жасаумен көрініс табады.
- Экологиялық тиімділік – инновацияның қоршаған ортаның ластануын
төмендетуге, пайддалануын жақсартуға, зиянды қалдықтардың көлемін
қысқартуға және басқа да табиғи шараларға тигізген оң әсерімен
анықталады [14].
Мамандардың пікірінше, инновациялық қызметті ғылыми ізденістер мен
дайындамалардың, ғылыми-техникалық жетістіктердің немесе басқа да ақыл-ой
жемісінің жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде, жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық үрдіс түрінде, жаңа немесе жетілдірілген қандай да бір іс-
әрекет, туынды түріндегі көрінісі деуге болады. Бұдан шығатын қорытынды,
инновацияны тек өндіріске немесе қызметке, тауарға немесе өнімге ғана
қатыстыруға болмайды, оның мағынасы кеңірек, ол адамзат өміріндегі барлық
қоғамдық, рухани, мәдени, шаруашылық салаларда оң нәтиже берген көрініс,
құбылыс [15].
Инновациялық қызметке әдетте мына қызмет түрлерін жатқызады:
- қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;
- экономикалық айналымда жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген
өнімді (қызметті, жұмысты), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық
үрдісті дайындауға бағытталған ғылыми-ізденушілік, жобалық,
тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға қызмет ету
және орындау;
- инновациялық өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды), өткізу нарықтарын
ұйымдастыру;
- технологиялық жарақтану мен өндірісті дайындауды жүзеге асыру;
- жаңа технологиялық процестерді, тауарларды сертификаттау мен
стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
- жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты) өндіру және
инновациялық жоба нормативті ақталу мерзімі жеткенге дейінгі оның
бастапқы кезеңінде жаңа немесе жетілдірілген технологияны қолдану;
- инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
- инновациялық қызмет нәтижелерін дәріптеу және инновацияларды тарату;
- игеру және іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне
құқықтарды беру, иемдену және қорғау;
- инновацияларды дайындауға бағытталған басқа қызмет түрлері

Сурет 2 - Инновацилардың пайда болу ортасы
Ескерту – әдебиет көздерінен жинақтау нгізінде автормен
құрастырылған[7]

Инновациялық қызметтің нәтижелі жүруі инновациялық үрдістің туындап,
оның қайталануына негіз болады. Ал инновациялық үрдіс нақты бір идеяның
соңғы нәтижеге жетуіне дейінгі іс-әрекеттен тұрады. Ол нәтиже инновациялық
өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табады.
Осыны ескере отырып, инновациялық үрдіс мынандай кезеңдерді қамтиды деп
топтауға болады:
- идеяның пайда болуы;
- идеяны өндіріске енгізу үшін оның тиімділігін негіздеу;
- инновациялық жоба жасау;
- технологиялық игеру;
- алынған өнімді жарнамалап, нарыққа ұсыну;
- оның нарықтағы өмірлік кезеңінің ұзақтылығын қамтамасыз ететін шаралар
жүргізу;
- құлдырау кезеңіндегі инновациялық өнімді жаңарту жұмыстарды.
Аталған кезеңдердің өзі бірнеше шараларды қамтиды, олар үрдістің
тізбектілігін сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Мысалы, идеяның пайда
болуы оның өміршең екендігін дәлелдеумен, нақты нәтижеге қол
жеткізетіндігіне көз жеткізумен байланысты шаралар тобынан тұрады.
- Идеяны өндіріске енгізу үшін оның тиімділігін негіздеу көптеген
есептеулерді, терең сараптаманы қажет етеді. Бұл идеяның өндіруші үшін
тиімділігі негізделгенде ғана ол техникалық өңдеуге енгізілуі мүмкін.
- Инновациялық жоба жасау қажетті қаражат көлемі мен нақты уақыт
мерзімін анықтайтын және кезектілігі көрсетілген іс-шаралар кешенінен
тұрады.
- Техникалық игеру идеяны инновацияға айналдыру жұмыстарынан тұрады.
Мұнда білікті мамандар, соңғы құрал-жабдықтармен жарақталған
өндірістік кешен, қомақты қаражат, көптеген тәжірибелер қажет етіледі.

- Алынған өнімді жарнамалап, нарыққа ұсыну өткізу каналдарын, жарнамалау
көздерінен анықтауды, тұтынушыларға таныстыру және инновацияны нарықта
өткізуге мүдделі топтарды табу шараларын ұйымдастыруды қамтиды.
- Инновацияның нарықтағы өмірлік кезеңінің ұзақтылығын қамтамасыз ететін
шараларды орындау жүйелі түрде нарықтағы өзгерістерге тез жауап
беруді, тұтынушыларға сатудан кейінгі қызмет көрсетуді (техникалық
инновацияларға), өткізуді ынталандыру әдістерге кеңінен қолдануды,
әрбір тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған позиция
ұстануды қамтиды.
- Құлдырау сипатындағы инновациялық өнімді жаңарту жұмыстары
инновациялық үрдістің соңғы кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде
инновациялық өнімді жаңартып, оның тұтынушылық немесе техникалық
параметрлерін жетілдіру, жақсарту сынды шаралар орындалады. Ол үшін
тұтынушылардың талғамдарын анықтап, бәселкелестердің мүмкіндіктеріне
сараптама жасау қажет [17].
Яғни, инновациялық үрдіс нәтижесінде алынған инновация соңғы нәтиже
ретінде өнімдік не технологиялық болуы мүмкін. Оның қайсысы экономикалық
тұрғыда тиімді екені нақты нарық немесе өндіруші үшін белгілі болады. Егер
де, нарыққа жаңа тауар қажет болғанда, онда өнімдік инновациялардың
маңыздылығы артады, ал осы нарық толығып, бәсекелестерден ерекшелену
қажеттілігі туындағанда (ресурстарды үнемдей отырып), онда технологиялық
инновациялардың орны жоғарылайды (сурет 3).
Соңғы кездері ғалымдар арасында туындаған пікірдер тиімді инновациялық
үрдіс радикалды инновацияларды қалыптастыруы тиіс дегенге саяды. Олар
арнайы және мақсатты ізденулер мен дайындамаларды қамти отырып,
экономикалық даму циклына өз септігін тигізуі тиіс. Басқаша айтқанда,
нарықтағы жаңа бағыт жаңа инвестициялардың келуіне, жаңа өндірістер мен
оларды басқару құрылымдарының қалыптасуына негіз болады [14].
Жаңа техника мен технологияларды игеру кезеңінен кейін өнеркәсіптік
өндіріс (ӨӨ) үрдісі басталады. Өндірісте білім материалға айналады, ал
зерттеу өзінің логикалық соңына келеді. ӨӨ кезеңі 2-ге бөлінеді: жаңа
өнімнің жеке өндірісі және оны тұтынушылар үшін іске асыру [5].
Экономикалық дамудың жаңа ұстанымын ғылым, инновациялық қызмет, қазіргі
ақпараттық технологиялар негізге енген инновация ретінде қарастыру керек.
О,сы себептен білім, ғылыми зерттеулер стратегиялық ресурс ретінде, өз
кезегінде ғылыми-техникалық дамуды және инновацияны игеруді жеделдетеді.
Инновациялық үрдіс өздігінше басқа сипатқа ие болады, өндірістік үрдістің
барлық тарапын қамтиды, ұйымдастыру және басқару құрылымдарына енеді.

Cурет 3. Қазіргі кездегі инновациялық үрдістің түрлері
Ескерту – әдебиет көздерінен жинақтау нгізінде автормен
құрастырылған[7]

Қазіргі уақытта өндіріске инновация мен ғылыми жаңалықты игеру
жылдамдығы мен экономикалық және технологиялық бәселестік қарқынды дамуда.
Кәсіпорындар мен фирмалар жаңа технологияны, жаңа білімді ізденуде,
іргелі зертттеулер жүргізуге қатысуға ұмтылады, өндірістік жағдайға тез
бейімделу мақсатында тікелей өндіріске инновацияны игеруді ұйымдастыруда.

2. Инновациялық менеджменттің ұғымы және эволюциялық дамуы

Инновациялық менеджментке негізгі теориялық жағдайлар мен
тұжырымдамалардың эволюциялық даму сипаты жалпы менеджмент ғылымына тән.
Инновациялар экономикалық жүйеде бірқалыпты емес, кластерлер түрінде пайда
болады деген ғылыми болжамды алғаш болып Й. Шумпетер мен Г. Менш айтты және
негізгі инновациялар туралы мәліметтерді жүйелендірді, яғни экономикалық
жүйенің дамуына айтарлықтай әсерін тигізді.
Белгілі экономикалық аймақта және белгілі уақыт аралығына негізделген
базалық инновация жиынтығы – кластер деп атьалады. Я. Ван Дейн әр түрлі
типтегі инновацияның пайда болуы ұзын толқын түрінде көрсетілген түрлі
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық фазалармен байланысты деген
ғылыми болжам айтқан. Ұзын толқын теориясы ұзақ мерзімді квази-кезеңдік
тербелісті зерттеуге көңіл аударады. Осы мақсатпен Я. Ван Дейн негізгі азық-
түлік, толықтырушы өнімдер, негізгі технологиялық және толықтырушы
технологиялық деп бөлу арқылы инновацияның түрлерін ойлап тапты. Қызметінің
бағыты бойынша инновация кеңейтугеб оңтайландыруға немесе орнына қолдануға
бағытталған, ол қазіргі заманғы теорияларда ұзын толқын деп
пайдаланылады.
Х. Фримен жаңа технологиялық жүйе (ортақ технологиялық базамен
байланысты инновациялық кешен) және технологиялық революция категориясын
енгізді (оның мазмұны техникалық-экономикалық парадигмалардың алмасуында,
ал таралуы экономикалық конъюнктураның ұзын толқын әрекетімен
байланысты).
Инновациялық ұзын толқын таралу шегі бойынша жақындататын екі
тармақтан тұрады (толқын ойлап табу, толқын инновация). Бірақ кезекті
толқындар арасындағы қашықтық (ойлап табу қалай болса инновацияларда да
солай) тұрақтылығымен ерекшеленеді және ол 55 жылды құрайды (инновация мен
ойлап табу орталықтарының аралығы). Бұны Г. Менш атап өткен және пайда болу
фазасының құлдырау фазасына дейінгі аралықтағы көптеген экономикалық
көрсеткіштердің динамикасын өзгеретін экономиканың дамуындағы кондратьевтік
ұзақ циклмен байланыстырған.
Қазіргі ғылымының, техниканың, технологияның және әлеуметтік-
экономикалық объектілердің даму тенденциясын қарап, ұзақ циклдері 35-40
жылға дейінгі уақыт бойынша қысқарады деп зерттеушілердің көбісі
тұжырымдайды.
Келешек тұрғысынан ұзақ мрзімді алып қарағанда жаңа технология
секторындағы инвестиция мейлінше пайдалы болып табылады – бұл инвестицияның
объектілері ең жоғарғы кумулятивті қайтарымдылықты береді. Сонымен қатар
жаңа технология секторына салым салудың тәуекелділігі де жоғары болады.
Оған қоса олардың көбеюінен экономика технологиялық тосқауылға жақындайды,
нәтижесінде үздік сапаны тану мүмкіндігі төмендепб жалпы сенімсіздік пен
белгісіздік өседі. Сондықтан, расында жетілген және дамушы технологияны
инвестициялау тиімді болып табылады.
Бірақ, соңғы айтқандарға ақша салу капиталдың ұлғаюына, жұмыссыздықтың
көбеюіне алып келуі мүмкін және ұзақ мерзімді келешек жағынан қарасақ,
олардың пайдасы мейлінше төмен болып келеді. Осы конъюнктураға бағытталу
көптеген инвестицияларға тән және капиталдың артылуына, еңбек өнімділігі
мен өндіріс көлемінің өсу қарқынының төмендеуіне алып келеді.
Экономикалық өсу динамикасына инновация екіжақты әсер етеді: бірінші
жағынан, экономиканың кеңеюіне жаңа мүмкіндіктер ашады; екінші жағынан,
дәстүрлі бағыттарда мұндай кеңеюдің жалғасуы мүмкін емес екенін көрсетеді.
Инновация экономикалық тепе-теңдікті жойып, экономикалық динамикаға
белгісіздік пен сенімсіздік ұялатады. Й. Шумпетердің пікірінше, инновация
экономикалық жүйені қолдан жасалған құртушылыққа, тұрақты бірқалыпты күйден
басқа жағдайға ауысуына әкеледі.
Г. Менш нарықтық экономика қызметінің ерекшелігімен инновациялық
белсенділіктің бірқалыпсыздығын түсіндіреді. Ағымдағы пайдаға бағытталу
арқылы кәсіпкерлер экономикалық конъюнктураның басқара отырып техникалық
дамудың ұзақ мерзімді баламаларын жіберіп алады. Олар түбегейлі инновацияны
дәстүрлі бағыттағы инвестицияның нәтижелілігі тез арада төмендегенде ғана
енгізе бастайды, ал ол кезде экономиканың терең созылмалы күйзеліске
түсуден қашып құтылуы мүмкін емес. Дағдарыс фазасында базистік инновацияның
енгізу табысты инвестициялаудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады және
соңында инновация дағдарыстан шығады. Ол дағдарысты инновацияның пайда болу
шартында жаңа ұзақ толқынның технологиялық негізін құрайтын генератор рөлін
атқарады.
Х. Фримен керісінше, дағдарыс инновацияның енгізілуін баяулатып,
қысымға алады деп есептеген. Дағдарыстың рөлін түсіндіруде көбінесе оның
жанама мағынасы пайдаланылады. Дағдарыс кезінде әлеуметтік ауыртпалықтар
жоғарылайды, оны шешу әр түрлі өзгерістерді қажет етеді, ал ол ұйымдық
инновацияға жақсы мүмкіндіктер тудырады. Соңғысы технологиялық инновация
үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, экономиканың технологиялық құрылымның
өзгеруіне жағдай жасайды.
А. Кляйнкнехт дағдарыс фазасында инновацияны енгізу тәуекелі және
дағдарыс кезінде табысты барынша көбейту стратегиясы шығынмен
анықталмағандықтан барынша төмендету стратегиясымен алмастырылады деп
есептейді. Бірақ тәуекелділік – салыстырмалы түсінік. Экономиканың
жоғарылау кезінде инновацияның техникалық жағынан тез дамуы байқалады,
дағдарыс кезінде мұндай мүмкіндік бола бермейді, осыған байланысты
түбегейлі инновациялық өнімнің тәуекелділігі аз болады. Ол экономиканың
даму сатысында жақсаруға бейім және технологиялық инновацияға көп көңіл
бөлінеді.
Инновациялық қызметтің механизмі түп негізінде табыста жатыр деп
көрсетіледі. Бірінші және екінші ретті инновацияны жүзеге асырудың өзіндік
ерекшелікері бар. Бірінші ретті инновацияның нақты механизміне қатысты
екіжақты көзқарас бар. Екіжақты көзқарастың ерекшелігі инновациялық
базистің негізгі бөлігі нақты жалпы экономикалық конъюнктураның дәрежесіне
келуінде болып отыр.
Бірінші көзқарас Г.Менш және А. Кляйнктехтің зерттеулерінде
қарастырылған. Олардың пайымдауынша, фирма жағдайының төмендеуіне
инновацияға ынталандыруды туғызады. Және керісінше, фирма қызметі
өркендеген кезде өндірісте ештеңені күрделі өзгертудің қажет болмайтынын
айтады. Г. Менш меншікті капитал иегердің дағдарыс фазасында табыстың
аздығына қарамастан жаңа өнім мен технологияға инвестиция салуға, икемді
және ескі технологиялық өнімге немесе қарыз міндеметтемелерге қарағанда
инновация енгізу тәуекелі аз деп біледі. А. Кляйнкнехтің айтуы бойынша,
экономикалық дағдарыс жалғасқан кезде фирмаға қолданыстағы өнім мен
технология табыс алып келеді, инновацияға бейімделу аса қажет болмағанға
дейін табысты барынша көбейту стратегиясынан тәуекелді төмендету
стратегиясына ауысады, себебі инновациялық қызмет әрқашан тәуекелмен
байланысты болады. Дағдарыс жалғасып, дәстүрлі өндірістік сала әлсірей
бастағанда, инновациялық тәуекелділік басты кедергі болып саналмайды.
Салыстырмалы түрде инвестициялық баламалар тәуекелділігі жоғарылай
бастайды. Бұл сызбаға жалпылама қорытынды жасайтын болсақ, базистік
инновация көбіне ауыр дағдарыс кезінде қолданылатынын байқаймыз.
Екінші көзқарасты Х. Фримен, Дж. Кларк, Л. Сутэ қарастырады. Олардың
пікірінше, дамушы, сенімді болашақта нарықтың кеңею және табыстың өсуі
кезінде фирма жоғары инновациялық белсенділікті көрсетеді. Егер фирма
қиындыққа ұшыраса, инновацияны енгізуге байланысты тәуекелділік жоғарылап,
инновация енгізуге мұршасы болмайды. Қорыта келгенде, бірінші ретті
инновацияның негізгі бөлігі ұзақ мерзімді конъюнктуралық құлдырау кезінде
жүзеге асырылады.
Біздің пікірімізше, екіжақты көзқарастың қарама-қайшылығы ішкі фирмалық
жоспарлау кезеңінің бағалануына байланысты. Екінші көзқарасты жақтаушылар,
бұл кезеңнің аздығын көрсетеді, ал бірінші көзқарасты жақтаушылар
керісінше, бұл кезеңді көп деп есептейді, соған байланысты фирмалар
болашақтағы сату мен табыс көлемінің өсу мүмкіндіктерін ескере отырып, бұл
өсу нақты басталмай жатып-ақ инновацияны жүзеге асырады. Табысты барынша
көбейту стратегиясынан тәуекелділікті барынша төмендету стратегиясына ауысу
кезінде ішкі фирмалық жоспардың ауқымдылығы кеңейеді, басқаша айтсақ, егер
фирма алдын ала тәуекелділік пен шығынды тек қысқа мерзімді деп
қарастырмаса онда оларды жоспарлайды.
Екінші ретте инновациялық механизм инновацияның өмірлік циклі
теориясымен байланысты. Теорияға байланысты әр базистік инновация жаңа
өндірістік саланың даумына әкеледі. Ол өзінің өмірлік циклі бойынша
бастапқы жетілген қалыптан өткеннен кейін құлдырайды. Бұл процесс
екіөлшемді болады: тік өлшемді (маңыздылығы өте жоғары инновациялардан
маңыздылығы төмен инновацияларға дейін) және көлденең өлшемді (инновацияның
аз таралуынан оның нарыққа толық енуіне дейін).
Я. Ван Дейннің зерттеулерінде инновацияның өмірлік циклін құрайтын тік
өлшем жаңа саланың дамуына төрт фазалық өлшеммен көрсеткен. 1-фазада
(нарыққа ену), әлеуетті инновациялық өнімнің көп түрлері болады, бірақ
оларды таңдауда сұраныстың төлем қабілеттілігі туралы ақпараттың аздығы
қиындық тудырады.
2-фазада өнімнің өсу негізінде сұраныс сипаты анықталып, инновациялық
өнімнің көлемі қысқарады. Бір уақытта сату көлемінің жоғарылауы және
технологияның стандартталуы технологиялық инновацияны ынталандырып, өндіріс
шығындарын азайтады. 3-фазада (кемелдену) өнімнің шығарылуы азаяды, өнімнің
саралануы нәтижесінде бәсекелестік күшейе түседі. Соңғы 4-фазада
(төмендету) сату көлемі азайып, нарық инновациялармен толтырылады.
Осылайша, саланың өмірлік циклі процесінде инновациялық өнімді
технологиялық процестер ығыстырып отырады. Көлденең инновациялық өмірлік
циклді құрастырғандар С. Девис, Э. Менсфил, А. Ромео. Инновацияны қолдану
арқылы фирмалардың өсу қарқыны оны қолданбаған фирмамен тік пропорционалды.
Инновациялық диффузия жылдамдығы оның табыстылығының өсуімен артады және
керісінше, капитал сыйымдылығының өсуімен төмендейі. Ғылым саласында
инновациялық диффузия тезірек жүреді. Диффузия жылдамдығы жоғарғы
менеджменттің біліктілігіне де тәуелді.
Бір жағынан инновациялық қызметтің біртекті емес өзара байланысын
талдау, екінші жағынан және жалпыэкономикалық конъюнктураның ұзақ мерзімді
тенденциялық өзгерісі қарастырылып отырған инновациялық теорияның соңғы
буыны болып табылады [8].
Кеңістіктік аспектінің зерттеуде біртекті емес инновация екі деңгейде
жүргізіледі – салалық және аймақтық. Салалық деңгейде көшбасшы сектор
ерекшеленеді, ол сектор екі критерийге негізделген салалар тобы:
біріншіден, базистік инновацияның өмірлік циклінің өсуін; екіншіден, өсу
қарқынының жоғары басымдылығын көрсетеді. Көшбасшы сектор – бұл ортақ
белгілері бар сала: басқару персоналының жоғары біліктілік деңгейі,
өндірістік бірліктердің жеке салаларының ірілеу өлшемдері, өндірістік
масштабтағы экономия, шетелдік фирмалардың бәсекелестігінен
қормалмағандық. Көшбасшылық сектор көп жағдайда инвестициялық өнімді
өндіруге сәйкес келеді. Өндірістік сала секторында өмірлік цикл қысқа
болады және оған нарықта ауыстырылатын өнімдер қысым жасайды.
Ұзақ уақытты экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары инновациялық
теория шеңберінде жасалынады. Қарастырылып отырған тұжырымдаманың ең тиімді
әдісі – базистік инновацияны жаппай іске асыру. Оның әдістері әр түрлі:
шынайы депрессияның аяқталуын пассивті күту (Г.Менш), инновацияны жасанды
түрде ынталадыру (Х. Фримен) институтционалдық өзгерістерді дағдарыстан
шығуды тездету мақсатында іске асырып қана қоймай, сонымен қатар
дағдарыстың әрі қарай күрделенуіне жол бермеу және де инновацияны салалық
жүзеге асыруға экономикалық жағынан мүмкіндік жасау (А. Кляйнкнехт).
Қазіргі кезде инновациялық теорияның нарықтық экономикаға жататынын айта
кеткен жөн. Инновациялық жұмыс жасау механизмінің міндетті талабы –
нарықтық ортаның болуы. Тек сондай ортада ғана инновациялық экономика пайда
болып, дамуы мүмкін.
Қарастырып отырған салада зерттеу жүргізудің қиындығын атап өту керек.
Нарықтық қатынас жағдайында өндірістік ұйымдардың инновациялық қызметіндегі
тәжірибе жеткіліксіз. Сол себепті бүгінде нарықтық экономикасы дамыған
елдердің тәжірибесін қолдану арқылы өзіндік ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды
жасап шығару инновациялық қызметпен айналысатын жеке ұйымдар мен жалпы
елдің экономикасы үшін аса маңызды.
Инновациялық менеджмент – өзгермелі кезеңдер стабилизаторы,
қайшылықтарды бәсеңдету. Инновациялық менеджмент үшін дағдарыс – оқу пәні,
қызмет мақсаты.
Қазіргі жағдайдағы инновациялық менеджер – түбіолі жаңалық енгізулердің
түрлі ұйымдық – экономикалық аспектілерімен айналысатын маман. Батыс
фирмаларында бұл – дәстүрлі менеджер, ал Қазақстанда көбінесе инженерлік
білімі бар маман болып саналады.
Осылайша, ғылыми – техникалық және экономика – психологиялық
потенциалды қолданатын маңызды міндеттер келесідей:
Бірінші міндет. Инновациялық менеджмент негіздерін білетін мамандарды
дайындауды ұйымдастыру. Жоғарғы оқу орындарында түрлі мамандықтар бойынша
жоғарғы білім мамандарын дайындаудың келесі құрылымы қолданылады. Бірінші
құраушысы – болашақ маманның қажетті фундаментальды білімдерді алатындай
теориялық жағынан дайындау. Екінші құраушысы – дәстүрлі кәсіпқой есептерді
шығару үшін қажетті дағдылар мен білімдерді игерумен тәжірибе. Үшінші –
менеджмент – мамандар ұжымы жұмысын құру мен басқару жолымен дәстүрлі және
қайта пайда болып жатқан есептерді шығаруға көмектесетін дайындық.
Екінші міндет. Жаналық енгізулерді жүзеге асыру – мамандығы болып
есептелетін инновациялық менеджерлерді дайындау. Бұл міндеттің ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент теориясы
Аграрлық жоғары оқу орындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу негізінде ауыл шаруашылығын білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді жетілдіру
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының тәжірибесіне жобалық басқару технологиясын енгізуді жетілдіру
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық менеджмент маңызы
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Сапа менеджментіндегі көшбасшылық
Дағдарысқа қарсы басқару әдістері мен құралдары
Қазіргі таңдағы инновациялық қызметтерді қаржыландыру процесстерін талдау
Пәндер