Жер төсемесі



Жер төсемесі — жер бетінен алынған топырақты өңдеу нәтижесінде жасалған құрылыс кешені. Ол жолдың үстіңгі жол құрылысын салуға арналған және жолдың орнықтылығын, сондай-ақ оны атмосфераның және жер үсті суының әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Жолды тегіс емес жердің бетіне тікелей салмайды. Жер төсемі берік, орнықты және бұзылмайтын болу керек. Оның құрылымын күту мен өңдеу жұмысына аз қаражат кететін механизмдер кеңінен қолданылуы қажет. Көрсетілген талаптарды орындау үшін жол үйіндісіне дұрыс топырақ таңдап және оны ұқыпты түрде нығыздап, жер төсеміне суға қарсы тұра алатың біркелкі кескін беріп, үйінді мен ойықтың құламасын бекіткен абзал.
Жолдың тік кесіндісі жер төсемінің көлденең пішіні деп аталады. Жер төсемінің көлденең пішіні үлгі және жеке түрлі болып бөлінеді. Сонымен қатар үлгі пішін қалыпты және арнайы болып бөлінеді. Қалыпты пішін жер төсемін кәдімгі топырақтан негізі берік жерге салғанда қолданылады. Арнайы пішін мәңгі тоңды таулы, сусыма құмды, батпақты, сары топырақты жерлерде және т.б. жағдайда пайдаланылады. Жеке пішіндер күрделі топографиялық, гидрологиялық және климаттық жағдайда және үйінді биіктігі 12 м асқанда пайдаланылады. Сонымен бірге, оның барлық мөлшерлері нақты есептермен негізделеді.
Балласт, шпалдар, релістер салынатын оның үстіңгі бөлігін негізгі жолағы деп атайды. Дара жолдарда негізгі жолақтың үстінгі ені 2,3 м, ал биіктігі 0,15 м трапеция түрінде болады, ал қос жолдарда биіктігі 0,2 м тең бүйірлі үшбұрышты түрде болады. Негізгі жолақтың мұндай көршісі балласт қабатынан өткен жаңбыр және еріген қар суының ағып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Үйінді тұрған жердегі жолақ оның негізі болып саналады. Негізгі жолақтың құламамен қиылысқан жерін-жер төсемінің жиегі, ал құламаның жермен қиылысуын – құламаның табаны деп атайды.
Жер үйіндісінің биіктігі деп оның жиегінен табанына дейінгі тік өлшемін айтады. Үйінді құлама сызығының көлденең жазықтықтағы ұзындығын құлама ені деп атайды, ал үйінді құламасының биіктігінің (һ) құламасының қатынасын құламаның тіктігі деп атап, 1:п деп белгілейді. Құламаның тіктігі оның беріктігін қамтамасыз етуге тиіс. Ол үйіндінің биіктігіне, топырақтың қасиетіне, жердің геологиялық, гидрологилық және климаттық жағдайына байланысты анықталады. Құламаның 1:1,5 тіктігі өте көп таралған, оны бір жарымдық деп атайды. Жер үйіндісінің бетіндегі суды ағызып жіберу үшін түбінің ені және тереңдігі 0,6 м бойлық арықтар пайдаланылады.
Құламаның табанынан су бұратын арыққа немесе резервке дейінгі жер жолағын берма (ернеу) деп атайды. Дара жолдың бойынан келешекте екінші жол салынатын жағында берманың ені 7,1 м, ал қарсы жағындағының ені 3 м кем болмау керек. Үйіндіден суды бұруға құлама жағынан берманың көлденең еңістігі 0,02-0,04 болғаны жөн.
Су бұру үшін ойықтағы жер төсемінің негізгі жолағының екі жағында да бойлык, арық жасалады, оны кювет деп атайды. Оның терендігі 0,6 м, түбінің ені 0,4 м және бойлық еңістігі 0,002 кем болмау керек. Жерді ойып жол салғанда алынған топырақ басқа жерде үйіндіге пайдаланбаса, оны ойықтың биік беткей жағына призма түрде үйеді, оны кавальер деп атайды. Кавальердің сырт жағынан аққан суды тоқтатып, бұрып жіберу үшін оған іргелес тау жақтан арык жасалады. Ал кавальер мен құлама еңістігі жиегінің аралығында көлденең еңістігі кавальер жағына қараған банкет үйіледі. Ол банкетке жиналған суды қасындағы арықка жіберуге арналған. Босаң топырақты жерде және де қысылтаяң жағдайда су бұратын арықтар мен кюветтер орнына науалар орнатылады. Олар темір-бетоннан, бетоннан, тастан әлде ағаштан жасалуы мүмкін, ал түрі жағынан- трапециялы, тік бұрышты, жарты шеңберлі және үшбұрышты болуы мүмкін.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жер төсемесі

Жер төсемесі -- жер бетінен алынған топырақты өңдеу нәтижесінде жасалған құрылыс кешені. Ол жолдың үстіңгі жол құрылысын салуға арналған және жолдың орнықтылығын, сондай-ақ оны атмосфераның және жер үсті суының әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Жолды тегіс емес жердің бетіне тікелей салмайды. Жер төсемі берік, орнықты және бұзылмайтын болу керек. Оның құрылымын күту мен өңдеу жұмысына аз қаражат кететін механизмдер кеңінен қолданылуы қажет. Көрсетілген талаптарды орындау үшін жол үйіндісіне дұрыс топырақ таңдап және оны ұқыпты түрде нығыздап, жер төсеміне суға қарсы тұра алатың біркелкі кескін беріп, үйінді мен ойықтың құламасын бекіткен абзал.
Жолдың тік кесіндісі жер төсемінің көлденең пішіні деп аталады. Жер төсемінің көлденең пішіні үлгі және жеке түрлі болып бөлінеді. Сонымен қатар үлгі пішін қалыпты және арнайы болып бөлінеді. Қалыпты пішін жер төсемін кәдімгі топырақтан негізі берік жерге салғанда қолданылады. Арнайы пішін мәңгі тоңды таулы, сусыма құмды, батпақты, сары топырақты жерлерде және т.б. жағдайда пайдаланылады. Жеке пішіндер күрделі топографиялық, гидрологиялық және климаттық жағдайда және үйінді биіктігі 12 м асқанда пайдаланылады. Сонымен бірге, оның барлық мөлшерлері нақты есептермен негізделеді.
Балласт, шпалдар, релістер салынатын оның үстіңгі бөлігін негізгі жолағы деп атайды. Дара жолдарда негізгі жолақтың үстінгі ені 2,3 м, ал биіктігі 0,15 м трапеция түрінде болады, ал қос жолдарда биіктігі 0,2 м тең бүйірлі үшбұрышты түрде болады. Негізгі жолақтың мұндай көршісі балласт қабатынан өткен жаңбыр және еріген қар суының ағып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Үйінді тұрған жердегі жолақ оның негізі болып саналады. Негізгі жолақтың құламамен қиылысқан жерін-жер төсемінің жиегі, ал құламаның жермен қиылысуын - құламаның табаны деп атайды.
Жер үйіндісінің биіктігі деп оның жиегінен табанына дейінгі тік өлшемін айтады. Үйінді құлама сызығының көлденең жазықтықтағы ұзындығын құлама ені деп атайды, ал үйінді құламасының биіктігінің (һ) құламасының (1)қатынасын құламаның тіктігі деп атап, 1:п деп белгілейді. Құламаның тіктігі оның беріктігін қамтамасыз етуге тиіс. Ол үйіндінің биіктігіне, топырақтың қасиетіне, жердің геологиялық, гидрологилық және климаттық жағдайына байланысты анықталады. Құламаның 1:1,5 тіктігі өте көп таралған, оны бір жарымдық деп атайды. Жер үйіндісінің бетіндегі суды ағызып жіберу үшін түбінің ені және тереңдігі 0,6 м бойлық арықтар пайдаланылады.
Құламаның табанынан су бұратын арыққа немесе резервке дейінгі жер жолағын берма (ернеу) деп атайды. Дара жолдың бойынан келешекте екінші жол салынатын жағында берманың ені 7,1 м, ал қарсы жағындағының ені 3 м кем болмау керек. Үйіндіден суды бұруға құлама жағынан берманың көлденең еңістігі 0,02-0,04 болғаны жөн.
Су бұру үшін ойықтағы жер төсемінің негізгі жолағының екі жағында да бойлык, арық жасалады, оны кювет деп атайды. Оның терендігі 0,6 м, түбінің ені 0,4 м және бойлық еңістігі 0,002 кем болмау керек. Жерді ойып жол салғанда алынған топырақ басқа жерде үйіндіге пайдаланбаса, оны ойықтың биік беткей жағына призма түрде үйеді, оны кавальер деп атайды. Кавальердің сырт жағынан аққан суды тоқтатып, бұрып жіберу үшін оған іргелес тау жақтан арык жасалады. Ал кавальер мен құлама еңістігі жиегінің аралығында көлденең еңістігі кавальер жағына қараған банкет үйіледі. Ол банкетке жиналған суды қасындағы арықка жіберуге арналған. Босаң топырақты жерде және де қысылтаяң жағдайда су бұратын арықтар мен кюветтер орнына науалар орнатылады. Олар темір-бетоннан, бетоннан, тастан әлде ағаштан жасалуы мүмкін, ал түрі жағынан- трапециялы, тік бұрышты, жарты шеңберлі және үшбұрышты болуы мүмкін.
Станса шегінде жер бетіндегі суларды бойлық және көлденең су бұрғыштармен ағызады. Оларды адамдар жұмыс істейтін жерлердегі жабық етіп жасайды. Үлкен стансаларда суды ұзына бойына ағызу үшін коллекторлар мен канализациялық құбырлар, ал жиі-жиі ылғал
түсетін аймақтарда, олармен қоса, нөсерлі жағдай үшін
арнайы канализация салынады. Жер төсемінен жиналған
суды бұрып жіберу үшін немесе оны азайту үшін арнайы құрғату құрылғыларын қарастырады, олар ашық түрдегі арық немесе науа,
түрдегі арық немесе науа, немесе жабық түрде кювет
астындағы құрғатқыштар, құрғату галареясы және
штольня есебінде болуы мүмкін.
Құрғатқыш дегеніміз -- ор. Ол құрғақ материалдармен,
яғни ірі құмдармен, ұсақталған немесе қиыршық тастармен толты

немесе жабық түрде кювет астындағы құрғатқыштар, құрғату галареясы және штольня есебінде болуы мүмкін.
Құрғатқыш дегеніміз -- ор. Ол құрғақ материалдармен, яғни ірі құмдармен, ұсақталған немесе қиыршық тастармен толтырылады. Онан төмен су кіретін тесіктері бар құрғатқыш құбыр салынып, құрғатқышқа сырттан су жетпеу үшін оның жоғарғы бөлігі сазбен нығыздалып толтырылған, ол құрғатқыш материалдармен қосылмас үшін олардың арасына екі қабат шым төселеді. Жер төсемін су жуып, жел үріп кетпес үшін оның еңісі мен бермасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірбетон құбыры құрылысының мерзімін анықтау
Автомобиль жолдары
«Алматы-Гүлшад» автомобиль жол бөлігінің құрылысын жобалау
Газ құбырының орды өткелдері
Эллипс тектес теңдеулерді шекті айырымдар және шекті элементтер әдістерімен шешудің мүмкіндіктерін зерттеу
PON желісі архитектурасы
Тас жол салуға қолданылатын бетондар
ҚАЛА СЫРТЫ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ШЕКТІ ЭЛЕМЕНТТЕР ӘДІСІМЕН MATLAB ЖҮЙЕСІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құрама темірбетон маршының есептеуі
Автомобиль жолдарын табиғаты күрделі ауданда жобалау
Пәндер