Іле Алатауының физикалық – географиялық жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Тарау. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ . ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 . 16
1.1. Географиялық орналасуы және орографиясы ... ... ...6 . 7
1.2. Іле Алатауының климаты ... ... ... ... ... ... ... 7 .10
1.3. Гидрографиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...10 . 13
1.4. Топырақ және өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... 13 . 16

2 Тарау. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ГЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... . 17 . 27
2.1. Геологиялық құрылымы мен Іле Алатауының қалыптасуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17 . 21
2.2. Геоморфологиялық құрылымы ... ... ... ... ... .. 20 . 27
2.2.1. Эрозиялық . тектоникалық таулы кешен
Аккумулятивті . тектоникалық ( жазықты) кешен

Тарау. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ МОРФОҚҰРЫЛЫМДАРЫ.. 28 . 38
3.1. Морфоқұрылымның құрылысы мен олардың даму заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... .28 . 33
3.2. Морфоқұрылымдардың қалыптасуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... 34 . 38

4 Тарау. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ 39.42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... .. 44 . 45
IлеАлатауы-Тянь-Шань таулы жүйесiнiң солтүстік жоталарының бiрi болып табылады.Ол таулардың көптеген жүйелерiнен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзiнiң пайда болуында таулы рельефтiң дамумен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушiлер бұл кең аймақты Iле өлкесi деп атаған. Оның шекараларын әр автор әртүрлi келтiредi. П.П.Семенов Тань-Шаньский \1958ж.\ жотаны шығысында Шарын өзенiмен, ал батысында Шу өзенімен шектеген. Н.Г.Кассин\1930ж.\ оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын - Шарын өзені арқылы жүргізген.
Солтүстiгiнде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстiгiндегi нақты бейнеленген шекаралары – Шелек және Шонкемен өзендерiнiң аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенiмен және сол атаудағы асумен шектеуге болады, одан кейiн ол орографиялық жағынанда, гоелогиялық құрылымдық қатынаста да, жеке массив болып есептегенде 90 км жететін Кiндiктас тауларына ауысады. Шығысында жота Шарын өзенiмен шектеледi. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260 км, Алматы қаласы меридианы бойынша енi – 45 км, ал тау етегi жазығымен қоса есептегенде 90 км - ге жетедi. Қарастырылып отырған территорияның жалпы ауданы 18000 км шаршы шамасында \1\.
Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді.жотаның ең биік шыңдары, оның орталық бөлігінде орналасқан, 130 км. ара қашықтықтағы айдары теңіз деңгейінен 4000 метрден асатын белгілерге ие. Бұл жерде биіктігі 4000 метрден асатын 170 шың, ал 22 – сінің биіктігі 4500 метрден асады. Оның қатарына – Конституция ( 4580 м.), Қантбастау ( 4647 м.), Мұзтау ( 4555 м.), Богатырь ( 4626 м.), Қопыр (4670 м.), Ақтау (4760 м.), Металлург (4800 м.) және т. б кіреді. Осы жерде, барлық жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы көтеріледі. Оның биіктігі 5017 метрге жетеді. Бұл орталық бөлікше Талғар таулы тізбегі деген атқа ие. Кіші Алматы өзенінің жоғарғы ағысынан оңтүстік – шығысқа қарай, Іле Алатауын оған параллель жатқан Күнгей Алатауымен қосатын, ұзындығы 12 км – ге жететін тар меридиандық айдар созылып жатыр. Бұл айдардың биіктіктері 4700 – 4800 метрге жетеді, беткейлері тік, шыңдары тұтастай мұзбен жамылған. Ол Шелек – Кемен су айрығы болып табылады /2/.
Батысында, Іле Алатауы орталық бөлігінен Қаракестек өзенінің жоғарғы ағысына дейін 3000 метр биіктікті сақтайды. Ал одан ары, ол шетіне қарай 2000 – 1500 метрге төмендейтін Жетіжол тауларына жалғасады. Шелек өзеніне дейінгі шығыс бөлігінде жота 3000 метрден асатын биіктікке ие болады. Ал, одан ары қайтадан төмендейді. Торайғыр тауының ең жоғарғы белгісі 2468 метр, ал Сөгеті тауынікі 1858 метр.
Іле Алатауының солтүстік тау етегі, жазықтығынан салыстырмалы биіктігі орталық бөлігінде байқалады, орташа 3500 метр, ал шығысында – 2100 метр және батыс бөлігінде 1800 метрге жетеді. Жотаны оңтүстігінен шектейтін Шелек және Шонкемен өзендерінің аңғарлары 2000 – 3000 метр биіктікке дейін көтерілген. Сондықтан, оның оңтүстік етектен көтерілуі аса үлкен емес, 1500 – 2000 метр шамасында. Жотаға тән негізгі морфологиялық ерекшеліктердің біріне, солтүстік беткейінде сөрелер деп аталатын, айқын бейнеленген екі сатының болуы. Дұрысын айтқанда, Іле Алатауы жотасы Түрген өзеніне дейін жетеді, одан кейін ол кулиса тәрізді үш сілемге тармақталады. Олардың солтүстігі, шығысқа қарай екі аса үлкен емес массивке – Сөгеті және Бұғыты тауларына ауысатын, Қараш және Бақай тауларынан басталады. Ұзындығы 100 км – ге жетеді. Орта сілеміне, жалпы ұзындығы 90 км – ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне, ара қашықтығы 50 км – ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тау аралық ойыстарын шектейді
1. Жандаев М.Ж. Природа Заилийского Алатау. Алматы, Изд-во «Казахстан», 1978.
2. Жандаев М.Ж. Вопросы геоморфологии и неотектоники Заилийского Алатау. «Чен. зап. Каз.Гос. Унив-та им. С.М. Кирова, геол. и геогр.», 1958. Выпуск 4.
3. Медоев Г.Ц. Геологическое и геомрофологическое строение гор Согаты (Заилийский Алатау). Алматы, Изд-во АН КАЗССР, 1951.
4. Жандаев М.Ж. Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин. Алматы, Изд-во «Наука», 1972.
5. Клыкова З.Д. Режим атмосферных осадков Алматы. – труды КАЗ НИГ МИ, выпуск 1, 1959.
6. Кассин Н.Г. Гидрогелогический очерк Илийского бассейна. Труды главного геолого-разведочного управления, выпуск 3 М.-Л., 1930.
7. Жандаев М.Ж. Современные процессы развития речных долин Заилийского Алатау (статья 1). Засушливые зоны Казахстана. Алматы «Наука» КазССР, 1966.
8. Отчет Казгидропроекта «Схема комплексного использования реки Чарын». Том 1, стр. 181, гидропроект. Алматы, 1968.
9. Жандаев М.Ж. Речные долины. Изд-во «Казахстан», Алматы, 1984, стр. 120.
10. Почвы Казахской ССР. Выпуск 1 – 41. Алматы «Наука», 1960.
11. Боровский В.М., Успанов У.У., Шувалов С.А. Основные черты почвенного покрова и земельные ресурсы Казахстана. / Почвенные исследования в Казахстане /. Алматы. Наука. 1964.с.11-55.
12. Жандаев М. Ж. Эрозия почв в южных предгорных районах Алма – Атинской области и борьба с нею. « Изв. АН КазССР, сер. бот. и почвов.», 1961, вып. 3(12).
13. Крестников В. Н. О связи геологических и сейсмических явлений Тянь-Шаня. «Бюль. МОИП, отд. геолологии», 1954. № 3.
14. Крестников В. Н. О влиянии палеозойского структурного плана на развитие поднятии Серного Тянь-Шаня в неогеновом и четвертичном периодах. «Бюль. МОИП, отд. геологии», 1955. № 6.
15. Шульц С.С. Анализ новейшей тектоники и рельеф Тянь-Шаня. Москва, географ. гиз., 1948.
16. Казанли Д.Н. Формирование Заилийского Алатау как орографической единицы. «Изв. АН КазССР, серия геология», 1954.
17. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии, Л., Изд-во Ленингр. Ун-та, 1965.
18. Калецкая М. С., Авсек Г. А., Матвеев С. Н. Горы Юго – Восточного Казахстана. Алматы, Изд – во КазФАН СССР, 1945.
19. Жандаев М. Ж. Геоморфология Заилийского Алатау, Алматы. Наука. 1965.
20. Дэвис В.М. Геоморфологические очерки. Перевод с англ. М., Изд-во Иностр. литер., 1962.
21. Кусайнов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы, «Қазақ универсиеті», 1998.
22. Чигаркин А.В. «Региональная геоэкология Казахстана». Алматы. «Қазақ университеті», 2000.
23. Қазақ ССР энциклопедиясы. Алматы, 1975.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
1 Тарау. IЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. Географиялық орналасуы және орографиясы

IлеАлатауы-Тянь-Шань таулы жүйесiнiң солтүстік жоталарының бiрi болып
табылады.Ол таулардың көптеген жүйелерiнен және тау аралық ойпаттардан,
сонымен қатар өзiнiң пайда болуында таулы рельефтiң дамумен байланысты
тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушiлер бұл кең аймақты
Iле өлкесi деп атаған. Оның шекараларын әр автор әртүрлi келтiредi.
П.П.Семенов Тань-Шаньский \1958ж.\ жотаны шығысында Шарын өзенiмен, ал
батысында Шу өзенімен шектеген. Н.Г.Кассин\1930ж.\ оның батыс шекарасын
Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын - Шарын өзені арқылы
жүргізген.
Солтүстiгiнде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстiгiндегi нақты
бейнеленген шекаралары – Шелек және Шонкемен өзендерiнiң аңғарлары
болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенiмен және сол атаудағы асумен
шектеуге болады, одан кейiн ол орографиялық жағынанда, гоелогиялық
құрылымдық қатынаста да, жеке массив болып есептегенде 90 км жететін
Кiндiктас тауларына ауысады. Шығысында жота Шарын өзенiмен шектеледi.
Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260 км, Алматы қаласы меридианы
бойынша енi – 45 км, ал тау етегi жазығымен қоса есептегенде 90 км - ге
жетедi. Қарастырылып отырған территорияның жалпы ауданы 18000 км шаршы
шамасында \1\.
Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді.жотаның ең биік
шыңдары, оның орталық бөлігінде орналасқан, 130 км. ара қашықтықтағы айдары
теңіз деңгейінен 4000 метрден асатын белгілерге ие. Бұл жерде биіктігі 4000
метрден асатын 170 шың, ал 22 – сінің биіктігі 4500 метрден асады. Оның
қатарына – Конституция ( 4580 м.), Қантбастау ( 4647 м.), Мұзтау ( 4555
м.), Богатырь ( 4626 м.), Қопыр (4670 м.), Ақтау (4760 м.), Металлург (4800
м.) және т. б кіреді. Осы жерде, барлық жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы
көтеріледі. Оның биіктігі 5017 метрге жетеді. Бұл орталық бөлікше Талғар
таулы тізбегі деген атқа ие. Кіші Алматы өзенінің жоғарғы ағысынан оңтүстік
– шығысқа қарай, Іле Алатауын оған параллель жатқан Күнгей Алатауымен
қосатын, ұзындығы 12 км – ге жететін тар меридиандық айдар созылып жатыр.
Бұл айдардың биіктіктері 4700 – 4800 метрге жетеді, беткейлері тік, шыңдары
тұтастай мұзбен жамылған. Ол Шелек – Кемен су айрығы болып табылады 2.
Батысында, Іле Алатауы орталық бөлігінен Қаракестек өзенінің жоғарғы
ағысына дейін 3000 метр биіктікті сақтайды. Ал одан ары, ол шетіне қарай
2000 – 1500 метрге төмендейтін Жетіжол тауларына жалғасады. Шелек өзеніне
дейінгі шығыс бөлігінде жота 3000 метрден асатын биіктікке ие болады. Ал,
одан ары қайтадан төмендейді. Торайғыр тауының ең жоғарғы белгісі 2468
метр, ал Сөгеті тауынікі 1858 метр.
Іле Алатауының солтүстік тау етегі, жазықтығынан салыстырмалы биіктігі
орталық бөлігінде байқалады, орташа 3500 метр, ал шығысында – 2100 метр
және батыс бөлігінде 1800 метрге жетеді. Жотаны оңтүстігінен шектейтін
Шелек және Шонкемен өзендерінің аңғарлары 2000 – 3000 метр биіктікке дейін
көтерілген. Сондықтан, оның оңтүстік етектен көтерілуі аса үлкен емес, 1500
– 2000 метр шамасында. Жотаға тән негізгі морфологиялық ерекшеліктердің
біріне, солтүстік беткейінде сөрелер деп аталатын, айқын бейнеленген екі
сатының болуы. Дұрысын айтқанда, Іле Алатауы жотасы Түрген өзеніне дейін
жетеді, одан кейін ол кулиса тәрізді үш сілемге тармақталады. Олардың
солтүстігі, шығысқа қарай екі аса үлкен емес массивке – Сөгеті және Бұғыты
тауларына ауысатын, Қараш және Бақай тауларынан басталады. Ұзындығы 100 км
– ге жетеді. Орта сілеміне, жалпы ұзындығы 90 км – ге жететін Сарытау және
Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне, ара қашықтығы 50 км – ге жететін Далашық
таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тау
аралық ойыстарын шектейді 3.
Жерлерде - пайдалы қазбалар кездеседi. Жотаның барлық тау алды
зонасын адамзат жақсы игерген\1\ .
2. Iле Алатауының климаты
Бұл аймақтың климаты айқын к көрсетілген континентальдығымен
ерекшеленедi. Тау етегi зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиi қоңыржай
жылы болып келедi. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да
төмендейдi, қар мөлшерi де көбейедi, ал биiк таулы зонада қарлар қатты
түрде түседi және тұрақты қар жамылғысы мен мұздықтарды құрайды. Ауа
температурасының күрт көтерілуi, нивальдi белдеуде қарқынды үгiлудiң пайда
болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар және тау
бекейлерiмен қыйыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегi жазығында да,
үгiлу процестерi белсендi жүретіндігі байқалады: шаңды дауылдар, топырақ
құрғақшылығы, құмдардың үрленуi мезгiлiмен болып тұрады, қойтасты – малта
тасты материалдар бiртiндеп бұзылуға ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан
алсақ та, қысқы терiс, яғни төмен температура су ағындары эрозиясының,
беткейлiк процестердiң, материалдардың өзендер арқылы тасымалдауын
бәсеңдете отырып, грунттың және өзеннiң қатуына қар жамылғысының пайда
болуына алып келедi \4\ .
Тау жыныстарының үгiлу процесiне өте үлкен әсерiн тигiзетiн,
климаттың негiзгi элементтерінің бiрi - ауа температурасы. Ауа
температурасына аймақтың ендiгi мен биiктiгi, күн радиациясының
қарқындылығы, атмосфера циркуляциясы және т.б. көптеген факторлар әсер
етедi. Iле Алатауының материктiк режимiне, тәулiктiк және жылдық ауа
температурасының үлкен амплитудасы, жылдың жылы мезгiлiнiң суық мезгiлде
басым болуы тән. Бiрiншi кестеден көрiп отырғанымыздай ең жылы ай тау
етегi жазығында, сонымен қатар 1950 метр биiктiкке дейiнгi тауларда шiлде
айы болып табылады, оның температурасы таулардан жазыққа қарай
жоғарылайды, яғни 14,1 \Усть-Горельник\, 23,1 дейiн \Шелек\. Аталған
биiктiкте жоғары орналасқан станцияларда тамыз айы ең жылы ай болып
табылады, 7 температура Мыңжылқыда Мыңжылқы аңғары – Кiшi Алматы өзенiнiң
жоғарғы ағысы және жоғарғы Горельникте 13 температура байқалады. Ең
төменгi орта айлық температура барлық станцияларда қантар айында
белгiленген – 3,7 бастап \ Каменка үстiртi\ - 12,7 дейiн \ Алматы
аэропорты\. Таулардағы ауаның температурасы жазыққа қарағанда төмен болып
келедi. Бұл жерде қыс бiршама жұмсақ, жылымықтар жиі болып тұрады. Мұндай
күндерi ауаның орта тәулiктiк температурасы 2500 м. биiктiктiң өзiнде 2-ден
10 –қа дейiн құбылады. Бiрақ бұл жерде, 20-30 градус - қа жететiн өте қатал
аяздар болып тұрады \ 1-кесте\. Сонымен қатар, тауларда қыста
температураның өсуiн белгiлi биiктiкке дейн қамтамасыз ететiн орографиялық
өзгерiстер дамыған. Сондықтан жартастар мен тау беткейлерiнде ойпатты
жерлерге қарағанда жылырақ болады. Мұндай өзгерiстер жиі байқалады, кейде
таулардағы көп жылдық орташа температура тау етегiне қарағанда жоғары
болады \ Алматы аэропорт – 6,6; Каменка үстiртi - 8,1\. Биiк таулы белдеуде
төмен температураға байланысты жауын - шашын тек қатты түрде болады, соған
байланысты тұрақты қар жамылғысы мен мұздықтар жиналады. Мәнгi тоң басым
болып келедi. Жылдың орташа температурасы 2500 метр биiктiкке дейiн оң
шамалы, ал одан жоғары терiс шамалы болып келедi. Тауларда күн радиациясы
өте күштi, ультракүлгiн сәулелер 2 - 4 есе көп.
Жер бетi рельефiн қалыптастыруда жауын шашынның ролi өте жоғары. Iлi
Алатауында олардың екi түрлi шығу тегi бар. Ең алдымен атмосфераның жалпы
циркуляциясы кезiнде ауа массаларымен әкелiнетiн жауын - шашын, яғни
адвектиктi жауын - шашын. Олар әдетте батыстан, солтүстiк – батыста
горизонтты ауа массаларымен алып келiнедi және жылдық балансындағы негiзгi
массаны құрайды, оларға таулар механикалық тосқауыл болатындықтан, жотаның
солтүстiк батыс беткейi қарсы беткейге қарағанда өте көп жауын - шашын
алады. Қарсы беткейге ылғалы аз ауа жетедi. Сонымен қатар жауын-шашын жылы
жыл мезгiлiнде жер бетiнiн қызуы нәтижесiнде пайда болып, жергiлiктi
циркуляциясы нәтижесiнде бiр тектi ауа массаларынын iшiнде қалыптасады.
Қызған ауа тауға көтерiле отырып, жауын - шашын бөлетiн қалың түйдек
бұлтарды құрайды. Бұл жердегi ылғал қоры өзен және су қоймаларынан алынады.
Қарастырылып отырған территорияның әр аймағындағы жауын - шашын мөлшерi
екiншi кестеде көрсетiлген. Көрiп отырғандай, минимальды орта жылдық жауын-
шашын мөлшерi жотанын тау етегi зонасының шығыс бөлiгiнде орналасқан, Шелек
\198 мм\ және Малыбай станциясында белгiленген. Батысқа қарай жауын -
шашын мөлшерi көбейедi: Түргенде - 506 мм, Алматыда – 557 мм. Сонымен
қатар, жауын - шашын мөлшерi солтүстiктен, тауларға қарай өсу сипатына ие
болады: қаланың солтүстiк шеттерiнде 420 мм түссе, Медеуде 843 мм, Жоғарғы
Горельникте - 881 мм. Одан жоғары температураның төмендеуiне және ылғалдың
азаюына байланысты жауын - шашын мөлшерi төмендейдi. Мысалы, Мыңжылқыда –
734 мм \2 кесте\. Максимальды жауын - шашын зонасы 1500 – 2300 метр
биiктiкте байқалады. Айлық жауын -шашынның iшкi жылдық тарауында екi
минимум – жазда және қыста, сонымен қатар, екi максимум: негiзгiсi –
көктемде және қосымша – күзде үш айда \сәуiр, мамыр, шiлде\ 1000 метр
биiктен жоғары орналасқан Iле Алатауының солтүстiк беткейiнде орналасқан
барлық станцияларда, сонымен қатар Алматы манында жылдық жауын - шашынның
шамамен жартысы түседi.
Iле Алатауының су балансында қар жамылғысы да негiзгi мәнге ие.
Жергiлiктi климаттық және орфографиялық жағдайлардың әр түрлiлiгi оның
қалыптасу, шөгу және бұзылу ерекшелiктерiн анықтайды. Қар жамылғысының
жазықтағы орташа биiктiгi 20 - 30 см; ал тауларда 3000 метр биiктiкте 89 см
- ге өседi \5\ .
Iле Алатауының климаттық ерекшелiктiктерi бiршама деңгейде рельеф
қалыптасуының экзогендi процестерiн анықтайды, сонымен қатар таулар да,
климатқа әсер етедi: орографияның әсерiнен ауа массаларының циркуляциясы
өзгередi, жауын - шашын мөлшерi көбейедi, жергiлiктi желдер, температураның
өзгеруi қалыптасады. Аймақтың климатына жергiлiктi ендiктен басқа, жотаның
биiк таулы рельефi әсер етедi. Аймақтың климатының негiзi ерекшелiгiне,
таулардағы нақты биiктiк дифференциациясы жатады. Тау етегi жазығында жаз
құрғақ және ыстық, ал қысы қоныржай жылы, қары аз және айқын бейнеленген
континентальдылығымен ерекшеленедi. Орта таулы белдеуде онша ыстық емес,
максимальдi жауын - шашын мөлшерi осы белдеуде түседi, ал қысы жұмсақ және
жылы болып келедi. Биiк таулы белдеудiң жазы – салқын, ылғалды, ал қысы –
қатал және суық. Бұл тұрақты аяз, қар және мұз жамылғысының зонасы болып
табылады.
Жотаның климаттық жағдайлары тау жыныстарының қарқынды үгiлуiне себеп
болады. Таулардағы жауын - шашын мөлшерiнiң көптiгi, яғни жиi болатын жауын
- шашын мен мұз бен қардың тез еруi өзендердiң тасуына алып келедi.
Олармен апатты селдер де байланысты. Сонымен қатар жауын - шашынның
бiркелкi түспеуi эрозиялық процестердi тудырады 1.

3. Гидрографиялық жағдайы

Iле Алатауының гидрографиялық торы көбiнесе Балхаш көлiне құятын Iле
өзенi алабына және жартылай ағынсыз Шу өзенi алабына жатады.
Iле Алатауының өзендерi – көлденең қимамен және белсендi түрдегi
терең эрозиямен өңделмеген, екпiнi жылдам, әдеттегi жас таулы су тасқынына
жатады. Жазық бөлiгiнде олар аз сулылығымен және бiрқалыпты ағысымен
ерекшеленедi. Iле Алатауында тұрақты ағысы бар өзендер жүздеп кездеседі,
егер мерзiмдiк су ағындарын қоса алатын болсақ, онда бұл өлшем бiршама
жоғарылайды. Олардың iшiнде негiзiнен мұздықпен қоректенетiн ең iрiлері -
18.
Бастауларының орналасуына, коректену сипатына және су режимiне
байланысты, қарастырылып отырған аймақтың барлық өзендерi үш типке
бөлiнедi: таулы, тау алды және жазықтық.
Жазықтық типке тауалды жазығында 700 - 800 метр биiктiкте ысырынды
конустар перифериясында, грунт суларының сүйiрлене тамамдалуы нәтижесiнде
қалыптасатын ұсақ өзендер жатады. Олардың жалпы жиынтық аты Қарасу. Оған
Соқырбұлақ, Балтабай, Қарасу, Жиренайғыр және т.б. өзендер жатады.
Тауалды типiне атмосфералық жауын-шашын және жер асты суларымен
қоректенетiн, Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi өзендер жатады. Көп
жағдайда олар бастауын мұздықтық белдеуден, яғни 3000 метрден төмен
орналасқан бастаулардан алады. Оларға, Қараш және Бақай тауларынан ағатын
өзндер, яғни Талдыбұлақ, Белшабдар, Қаратұрық, Теректi, Сүгiр; жотаның
орталық бөлiгiнде – Рахат, Қайназар, Қотырбұлақ, Қырғауылды; батыс
бөлiгiнде – Майбұлақ, Шатайбұлақ, Қастек, Қыртобылғы және т.б. өзендер
кіреді. Негiзiнде бұл тiк құрамалы және ағысы жылдам, аса үлкен емес таулы
өзендер. Олардың ұзыдығы 15 - 20 км, тасқындары қысқы қарлардың еруiмен
көктемде болады, өте екпiндi, бiрақ қысқа мерзiмдi. Жазда мұндай сулы
өзендер тау етегi жазығында тұйықталған сағамен бiтедi. Сонымен қатар
жотаның барлық беткейлерiнде көктемде ғана су толатын, ал жазда құрғап
кететiн мерзiмдiк және уақытша өзендер бар. Таулы өзендердiң суы мол, iрi
және бiршама су жинау алаптары бар болып келеді. Олардың бастаулары 3000
метрден астам биiктiкте жатыр. Қоректенуi негiзiнен мұздықтық, бiрақ
олардың режимiнде атмосфералық жауын - шашын және жерасты сулары өте үлкен
маңызға ие. Бұл типке жотаның ең iрi өзендерi жатады: Шелек, Түрген,
Есiк, Талғар, Үлкен және Кiшi Алматы, Қаскелең және т.б. \6\ .
Ең iрi өзен – Шелек өзенi. Ол өзiнiң бастауын, жотаның оңтүстiк
беткейiнде 3750 метр биiктiкте орналасқан Жаңғырық мұздығынан алады. 20 км
- ден төмен ол оңтүстiк Талғар өзенiмен қосыла отырып, Тоғызтарау деп
аталатын өте кең жайылманы құрайды. Төменде өзен Таушелек кең мұздық аңғар
бойымен, шығысқа қарай жылдам ағып, 40 км - де терең өткелсiз шатқалға
енедi. Жалаңаш ойысына шыға отырып, ол Шелек атуына ие болады және
солтүстiкке қарай күрт бұрылып, Суықтоғай мекенiне енедi. Екi таулы
массивтi \ Торайғыр және Сөгетi \ кесе отырып, тау етегі жағына шығады. Бұл
жерде Шелек өзенi бiрқалыпты кең аңғар бойымен ағады, суы аз болады және
шамамен таудан 45 км - де екi саламен Iле өзенiне құйады. Тауда оған 45
өзен саласы құйады, оның бiршама бөлiгi мұздықтық болып келедi, ал жазық
жерде мүлдем сала болмайды. Барлық оң жақ салалары ағыстың ендiк бағытта
жатқан бөлiгiнде шоғырланған және Күнгей Алатауы жотасының солтүстiк
беткейiнен ағады. Оған Сүтбұлақ, Күрметi, Саты және т.б.өзендер жатады. Осы
бөлiкшеде солтүстiк жағында Шелек өзенi Түлкiсай, Аманжол, Майбұлақ
өзендерi құйады. Меридиан бойынша, Шелек өзенiнiң оң жағында салалары жоқ,
ал сол жағында үш саласы бар, яғни Жiңiшке, Сарыбұлақ, Асы. Шелек өзенiнiң
су жинау алабының ауданы - 5300 км шаршы, жалпы ұзындығы - 281 км \3-
кесте\.
Шелек өзенi екпiндi ағысты, тiк құламалы таулы өзен; арнасының енi
жоғарғы ағысында 3 - 4 метр, орта ағысында 10 - 15 метр, ал кеңейген
жерлерiнде 100 метрге дейiн жетедi, максимальды тереңдiгi 1,5 - 2 метр. Бұл
өзен мұздықтық типпен қоректенедi, орта жылдық ағыны 32,7 м\сек. Шелек Iле
Алатауының ең лайлы өзенi болып табылады: таудан шығар жерiндегi орта
жылдық лайлығы 571г\метр текше.
Iле Алатауының Солтүстiк беткейiнiң барлық iрi өзендерi \Түрген,
Есiк,Талғар, Үлкен және Кiшi Алматы, Шамалған Қаскелең және т.б.\ Бiр типтi
және 3300 - 3500 метр биiктiктегі мұздықтардан бiрнеше саламен басталады.
Төменде олар жеке өзендер арналарына құйады, ал олар түпкi моренамен
бiтетiн кең трогты арналармен ағады. Орта таулы белдеуде барлық өзендердiң
ағысы екпiндi, аңғарларының тереңдiгi 800 - 1000 метрге жететiн
шатқалдарға айналады. Тау етегi жағында судың көп мөлшерi инфильтрацияға,
булануға және суаруға жiберiледi, сондықтан кейбiр өзендер \Түрген,Талғар\
Iле өзенiне тек ерекше ылғалды жылдары ғана жетедi. Созылған су
тасқындарына қарамастан, нөсерлi жаңбырлар немесе мұздықтардың тез еруi
нәтижесiнде өзендердiң деңгейi күрт көтерiледi және тасқындар су
бұзылуларына айналады. Мысалы, Н.Н. Палгованың\1947ж.\ бақылаулары бойынша
1921 жылы 8 шiлдеде Кiшi Алматы аңғарында болған нөсерлi жаңбыр орасан зор
бұзылуларды туғызған. Су тасқыны бұзған Пугасов көпiрiнде өзен 4 метрге
көтерiлген, ал оның шығыны максимальды орта айларынан 100 есе көп болды.
Аталған өзендердiң минимальды шығындары наурыз айында болады\7\. Шонкемен
- жотаның оңтүстiк беткейiнiң батыс бөлiгiнiң ең негiзгi өзенi. Оның
бастауы 3800 метр биiктiктегі Iле Алатауын Күнгей Алатауымен қосатын Таулы
мойынының оңтүстiк батыс беткейiнде орналасқан. Өзен бiршама деңгейде суы
мол, салалары шоғырланған Күнгей Алатауы ағыны есебiнен құралады. Iле
Алатауының оңтүстiк беткейiнен басталатын өзендер қысқа және суы аз болып
келедi. Төменгi ағысында Шонкемен өзенi оңтүстiкке қарай ауытқиды және
зерттелген аймақ шегiнен асып Шу өзенiне құяды. Оның ұзындығы 110 км., су
жинау ауданы 2100 км шаршы, орта жылдық шығыны 22,1м\сек, максимальды
шығыны шiлде – тамыз айларында, ал минимальдiсi наурыз айында болады
7.
Шарын өзенi орта ағысында Жалаңаш ойпатының шығыс бөлiгiн кесiп өтедi,
ал төменде Торайғыр тауларында орасан зор каньонды құрайды. Одан кейiн,
солтүстiк - шығысқа бiршама ауытқи отырып, Iле өзенiне құйады. Жалпы
ұзындығы 25 км, су жинау ауданы 8000 км шаршы. Орта жылдық шығыны
36,6м\сек. Бұл суы мол өзен атмосфералық жауын – шашынмен қоректенедi.
Сондықтан, оның режимi мұздықтық өзендер режимiнен бiршама айрықша болады.
Негiзгi шығыны атмосферлық жауын - шашынның максимальды түсу кезеңiне –
мамыр - шiлде айына келедi \8\ .
Iле Алатауының таулы өзендерi ылғалды үлкен территориядан жинйды.
Суының молдылығымен ерекшеленедi, барлық биiктiк геморфологиялық және
ландшафтық белдеулердi кесiп өтедi. Таулы бөлiкте олардың құламалылығы өте
тiк, яғни 1км. арақашықтыққа 50 - 100 метр, тау етегi жазығында - орташа 5
- 8 мкм. Мұздықтық өзендердiң сулы режимi тұрақсыз. Екi су тасу - көктемгi
және жазғы кезеңдер байқалады. Ол әртүрлi биiктiк белдеудегi қарлардың
бiркелкi емес еруiнен, сонымен қатар жаңбыр кезеңдерiмен де байланысты.
Өзендердiң ағысының орташа жылдамдығы таудан шығар кезiнде 0,5 -
1,2м.\сек., ал су тасқыны кезеңiнде –3 - 4м.\сек. төмендейдi. Сонымен
қатар, таулы өзендердi сулылығының жотаның жоғарғы белдеуiнен төменгi
бағытқа қарай ұлғаюы тән. Сондықтан қарқынды өсу көптеген салалар есебiнен
орта таулы белдеуде байқалады. Соның есебiнен тау етектерiнде өзендер
максимальды жылдамдыққа ие болады, бiрақ жазыққа шыққан кезде салаларынан
айрылады. Ысырынды конус зонасында көп болатын фильтрация және булануға
деген шығындардың орны толтырылмайды. Соңында судың өте үлкен мөлшерi
егiстiк аудандарына жұмсалып, өзендер сағаларына сусыз келедi. Өзен торының
аймақтық таулы бөлiгiндегi орташа жиiлiгi 0,8-1,0 км.\км2,ал жазықтықта
0,3м.\ км шаршы \ 9\ .

1.4. Топырақ және өсiмдiк жамылғысы

Iле алатауының топырақ және өсiмдiк жамылғысының таралуы биiктiк
ландшафтық белдеулерге бағынады. Оның қалыптасуы жотаның жоғарғы биiктiгi
мен климаттың өзгеруiмен байланысты. Iле Алатауындағы белдеулiк орталығы,
ең биiк таулы бөлiгiнде толығымен көрсетiлген Жотанаң шетiне қарай климат
құрғайды, содан белдеудiң жоғары қарай ауысуы пайда болады. Биiктiк
белдеудiң орналасуының жалпы заңдылықтарын басқа да факторлар бұзады, яғни
беткейлер экспозициясы, жотаның басым желдерге қарай орналасуы және т.б.
Iле Алатауының топырақ - өсiмдiк жамылғысы туралы алғашқы мәлiметтер П.П.
Семенов Тань - Шаньскийдiң еңбектерiнде қарастырылады, одан кейiн
жотаның топырағы мен өсiмдiгiн А.И.Бессонов\1930ж.\, М.Г.Попов\1941ж.\,
М.А. Глазовская\1964ж.\ және т.б. зерттеген \1\ .
1. Шөлдi - далалы белдеу. Шөлдi - далалы белдеу 600 – 800 метр
шегiндегi тау етегi жазығын алып жатыр. Оған таулар ( ысырынды конустар,
жер асты суларының шығуы, селдiк шөгiндiлер) өте үлкен әсерiн тигiзедi. Бұл
әсер таулардан 30 - 40 км - дегi арақашықтықта байқалады. Сондықтан
жазықтық рельефке қарамастан, оларды жазық белдеулер зонасына емес, таулы
белдеулер категориясына жатқызуға болады. Сонымен қатар, шөлдi –далалы
белдеудегi теңiз деңгейiнен 1200 – 1400 метр биiктiкте орналасқан, жотаның
шығыс бөлiгiндегi тауаралық ойпаттар жаттады. Берiлген белдеудiң топырағы
негiзiнен лесс тәрiздес саздақтардағы, сұр топырақ ретiнде көрсетiлген.
Қарашiрiндi мөлшерi 1,5 - 2% . Топырақтың құрылымы әлсiз, тiлiмделінуге
бейiм. Тауларға жақын сұр топырақтар бiртiндеп ашық каштанды топырақтармен
алмасады. Қарашiрiндi мөлшерi - 2,2 - 2,6%. Шөлдi - далалы белдеудiң
өсiмдiк жамылғысы қатты сиретiлген қалың шөптердi құрайды. Қалың шөптiң
құрамында ебелек орналасқан жусандар, сонымен қатар ксерофиттi бұталар –
баялыш, теріскен және эфемероидтар мен эфемерлер тараған. Грунт суларына
жақын релефтiң төмендеу жерлерiнде сорлар кездеседi. Сирек өсiмдiк
жамылғысы және тау етегі жазығындағы лесс тәріздес жынысты сұр
топырақтардың әлсiз дамыған шаңды құрылымы, эрозиялық, дефляциялық
процестерге қатты қарсылық көрсете алмайды. Сондықтан, бұл жерде жиi
ағын қолаттары, шұңқырлар, жыралар пайда болады. Сонымен қатар бұл зонада
адамның қарқынды шаруашылық әрекетi дамыған 10.
2. Астық тұқымдасты - әртүрлi шөптесiндi таулы шалғындар мен далалар
белдеуi. Бұл белдеудiң жоғарғы бөлiгiн астық тұқымдасты әр түрлi
шөптесiндi шалғындар, ал төменгi бөлiгiн - әртүрлi шөптесiндi - өсiмдiктер,
астық тұқымдасты далалар алып жатыр. Биiктiк шектерi 900-1700 метр. Астық
тұқымдасты - әртүрлi шөптесiндi шалғындар орманды белдеуден төмен
орналасқан және негiзiнен, жоғарғы сөрелерде немесе Асы, Шелек,
Ұзынқарғалы, Қаракестек өзендерi алаптарында кең таралған. Бұл
шалғындардың топырағының қалыңдығы 55 - 60 см-ге жететiн таулы қара
топырақ. Қарашiрiк қабатының мөлшерi 3-5%. Жеткiлiктi атмосфералық және
грунттық ылғалдану жағдайында, бұл жерде тығыз биiк шөптi шалғынды өсiмдiк
дамиды. Оның құрамында астық тұқымдастары басым: қылтанақсыз
арпабас(Bromus inermis), құрама кiрпi(Dastyeis qlomerata) және т.б.
Аңғарлар мен шатқалдарда, кейде орманды белдеулерге енiп кетедi де,
орманның шеттерiнде бай, шырынды өсiмдiк жамылғысы бар кең алаңдарды
құрайды.
Әртүрлi шөптесiндi – астық тұқымдасты далалар төменгi сөрелердi
және жотаның шығыс сiлемдерiнiң аласа таулы үстiрттерiн алып жатыр.Бұл
далаларда таулы қою каштанды топырақтар тараған. Қою каштанды топырақтың
қарашiрiндi қабатының қалыңдығы 45 – 470 см., ал қарашiрiндi мөлшерi -3-4%.
Әртүрлi астық тұқымдасты далалардың өсiмдiк жамылғысының құрамында: қылқан
(Stipa Capillata), селеу (Stipa Sareptana), бетеге басым. Биiк шөптi
шалғындардың таулы қара топырақтары эрозияға қарсы тұра алады. Нөсерлi
жаңбырлардың көп болуына қарамастан бұл жерлерде эрозия кең дамымаған.
Бiрақ тiк беткейлерде кейде топырақ қалқымалары, эрозиялық жүйектер,
жыралар пайда болады 11.
3. Орманды - шалғынды белдеу. Iле Алатауының орталық бөлiгiнде
ормандар 1200 - 1300 метрге дейiн төмендейдi, ал шығысы мен батысында
шыршалы ормандардың төменгi шекарасы климаттың құрғақтығынан 600 метрге
жоғары орналасқан, ал жапырақты ормандар таулы далалармен алмасады.
Орманды белдеудiң жоғарғы шекрасы 26000 – 3000 метр. Батысында Шамалған
өзенiнiң жоғарғы ағысында, ал шығысында Асы өзенi меридианында,
ормандар белдеуi жоғарлайды. Таулы ормандар тұтастай белдеулер ретiнде көп
таралмайды, олар жеке массивтер ретiнде солтүстiк экспозиция беткейiн
алып жатыр. Оңтүстiк экспозиция беткейi бұталы тоғайлары бар сиретiлген
өсiмдiк жамылғысымен жабылған немесе денудациялық процестерге қарқынды
ұшырып, жалаңаштанған болып қала бередi. Шыршаның астында әдетте әлсiз
күлгiнденген қою түстi таулы -орманды топырақтар дамыған. Қарашiрiндi
қабатының орташа қалыңдығы 37–66 см. Осы белдеуде өте көп мөлшерде
жауын - шашын жауады, Сондықтан, ол орманға бай және шөптесiндi
өсiмдiктермен ерекшеленедi, негізінен Тянь - Шань шыршасы басым. Тiк
беткейлерде дамыған шыршалы ормандардың арасында, беткейден төмен
орналасқан жолдар байқалады. Ол қар көшкiндерi немесе тасты құламалардың
қиратуының нәтижесi болып табылады.
Жоғарғы шекарада ормандар өте сиретiлген, аласа бойлы және
езілген пiшiндермен алмастырылады. Орманды белдеудiң төменгi бөлiгiнде,
шатқалдар мен аңғарларда жабайы алма, алмұрт, қайың бұталы тоғайлардан
тұратын жалпақ жапырақты селдiр ормандар орналасқан. Оларда таулы-орманды
қою-сұр күлгiнденген топырақтар қалыптасады. Таудың солтүстiк беткейiнде
астық тұқымдасты - әртүрлi шөптесiндi мезофиттi шалғындар таралған.
4. Субальпiлiк белдеу. Субальпiлiк белдеу альпiлiк белдеумен орманды
белдеу арсында, абсолюттiк биiктiгi солтүстiк беткейiнде –2100-2600метр,
оңтүстiк беткейiнде 2600 – 3000 метр шегiнде орналасқан. Жайпақ беткейлер
мен жазық суайрықтарда, ұсақ топырақты деллювийлiк саздақтарда субальпiлiк
таулы –шалғынды топырақтар дамыған.Бұл қышқыл топырақтар бiршама
қалыңдыққа ие және қарашiрiндiнiң көптiгiмен ерекшеленедi, яғни 20 %-ға
дейiн жетедi. Оларға аласа бойлы астық тұқымдастар, әртүрлi шөптесiндi
өсiмдiктер, түлкiқұйрық, қазоты және т.б. альпiлiк белдеуге тән өсiмдiктер
дамыған. Бiрақ альпiлiк белдеуге қарағанда шөптесінді жамылғымен қатар,
аласа бойлы, ағашты және бұталы пiшiндер таралған.
Белдеудiң төменгi шекарасы маңында Тянь - Шань шыршаларының
өзгеріске ұшыраған данасы және жайылған бұталар, яғни Түркістан аршасы
таралған. Аршалар субальпілік белдеудің кәдімгі өсімдік формациясы болып
табылады. Сонымен қатар, қалың талдар (Saliceta), қараған (caragana jubata)
кездеседi. Жотаның шығыс бөлiгiнiң субальпiлiк белдеуiнде таулы массивтiң
жазық шыңдарында, сонымен қатар батыс шеттерiнде жоғарғы қара шiрiндi
мөлшерi бар, қиыршық тасты, шалғынды – далалы топырақтарда шалғынды,
әртүрлi шөптесiндi далалар кездеседi. Өсiмдiктер құрамына Генешин бетегесi
(festuca Geneshini), шалғынды жалбыз (Poa releta) Кавказдық боз (Stipa
Cavcasia) және т.б. басым. Альпiлiк және субальпiлiк белдеуде шалғындардың
тығыз шыңдарын аллювийлiк - деллювийлiк шөгiндiлер бекiтедi, беткейлер
материалдарының қозғалысын тоқтатады, топырақты эрозиядан қорғайды 10.
5. Альпілік шалғындар белдеуі. Альпілік шалғындар белдеуі 2500 – 3000
метр биіктік шегінде орналасқан және жотаның батыс және шығыс бөлігіндегі
біршама ауданды алып жатыр. Рельеф шымдалған беткейі бар өзендердің жоғарғы
ағысымен тілімденген. Таулардың су айрық бөліктері әдетте жайпақ, тегіс,
жалаңаштанған жартастар және тасты қорымдар жиі кездеседі. Бұл жерде суық
және ылғалды климат жағдайында қиыршық тасты саздақта альпілік таулы –
шалғынды топырақ қалыптасады. Бұл топырақтар аз қалыңдықты ( 10 – 15 см.),
бірақ құрылымы жақсы және қарашіріндісінің құрамы жоғары – 12 – 15%, шымды
қабаты тығыз. Альпілік белдеуде кобрезиялы криофитті шалғындар және
альпілік көгалды жерлер дамыған. Өсімдігі тығыз, аласа болатындықтан,
өсімдік жамылғысының бай болуымен ерекшеленеді. Тянь – Шань шыршасы басым.
Сонымен қатар қыналар, папоротниктер, қырықбуын кездеседі.
6. Шыңды - мұздықты белдеу.
Жотаның 1200 метр биiктiктен жоғарғы бөлiгiн қамтитын биiк таулы
белдеу. Бұл шыңдардың, мұздықтардың басым аймағы. Жауын – шашын тек қатты
түрде жауады, климаты қатаң қолайсыз опырындылар мен шөгiндiлердiң жиi
болуы өсiмдiктердiң сирек кездесуiне себептi болады. Құздарда тек
микроскопиялық бактериялар мен қыналар кездеседi. Сонымен бiрге өзендер
аңғарларында дамыған азональды тоғайлы өсiмдiктер бар. Ол әртүрлi
бұталармен, барбарис, итмұрын, қарақатпен көрсетiлген.
Сонымен, Іле Алатауының топырақ және өсімдік жамылғысы, тау етегіндегі
шөлейтті далалардан, таулардағы альпілік шалғындармен алмасатын әртүрлі
кешендердің үйлесуімен байланысты. Топырақ және өсімдік жамылғысына,
жотаның солтүстік беткейі бай, ал оңтүстік беткейінде тасты беттер
кездеседі. Шөп жамылғысы сирек, ал ормандары тек көлеңке жақтарын алып
жатыр 12.

1. Тарау. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫН ГЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1. Іле Алатауының геологиялық құрылымы мен қалыптасуының негізгі
кезеңдері

Өзімізге белгілі, жер қыртысы - қалыңдығы 40 - 60 км жететін жер
шарының жоғарғы бөлігі, тау жыныстарының екі түрінен тұрады балқыған және
әртүрлі магмалық жыныстарды түзететін қатып қалған минералды массадан
(гранит, порфирит, диабаз) немесе шөгінді жыныстардан (саз, құм, әктас)
тұрады. Соңғылары магмалық жыныстардың бұзылу өнімдері ретінде көрінеді
немесе өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі қалдықтарының жиналуы
нәтиежесінде қалыптасады.
Барлық шөгінді жыныстар әдетте жер қыртысында қабатталып, көбіне
әртүрлі қатпарларға бөлініп немесе тектоникалық қозғалыстар және тау түзілу
процестері кезінде үзілген түрде болып кездеседі. Олар жоғарыда аталған
процестер кезінде, жер қойнауынан магманың көтеріліп, жер бетіне төгілуінен
немесе жер қыртысының жоғарғы қабаттарында қатып қалуы нәтиежесінде пайда
болады.
Іле Алатауының заттық құрамы өте күрделі және әртүрлі болып
келеді. Ең ежелгі жыныстарды жасы бойынша 550 млн. жыл бұрынғы ежелгі кезең
протерезойға жатқызуға болады. Бұл кезеңге жотаның өсьтік зонасында біршама
бөлікшелерді алып жатқан гнейстар, кристалды тақтатастар, кварциттер жатады
13.
Ал жас, яғни палеозой түзілімдеріне құмды - тақтатасты жыныстар,
конгломераттар, құмдақтар, алевролиттер жатады. Сонымен қатар, кеңінен
таралған магмалық жыныстар - порфириттер болып табылады.
Жотаның шамамен жарты бөлігін палеозойлық, жақсы кристалданған
жыныстар - граниттер, гранодиорит және сиениттер алып жатыр. Біршама
масивтері Талғар өзені, Ақсай, Қасқелең өзендерінің алаптарында кездеседі.
Жасы бойынша Медоев оларды, каледон кезеңінде пайда болған деп есептейді.
Қараш, Сөгеті тауларында, Шелек өзенінің бастауында және басқа да көптеген
жерлерде қызыл, қызғылт граниттер кездеседі.
Қазіргі климаттық жағдайларда бұл граниттер бұзылу процестеріне
оңай ұшырайды. Бұзылу өнімдері - ірі сынықты, қиыршық тасты материалдар,
таулардың беткейлерін тұтас жауып жатыр. Мұздық маңы зонасында, гранитті
сынықтар - қиыршық тас, ірі кесектер, қой тастар қазіргі немесе ежелгі
мұздық шөгінділерін құрайды 14.
Жас кайназой шөгінділеріне тек борпылдақ немесе нашар цементтелген
сынықтар түзілімдері жатады. Бұл жерде гранит немесе басқа магмалық
жыныстар кездеспейді. Іле Алатауының кайназой шөгінділері үш кешеннен
тұрады: қызыл түсті саздардан, ұсақ жұмыр тасты жентек тасты
конгломераттардан және төрттік ірі сынықты қой тасты, ұсақ жұмыр тасты
шөгінділерден тұрады. Қызыл түсті саздар барлық Тянь - Шаньда өте кеңінен
таралған. Іле Алатауының да барлық жерінде, әсіресе жотаның шығыс
бөліктерінде - Бұғыты тауларында, Түрген, Асы, Жіңішке өзендерінің
аңғарларында кездеседі. Қызыл түсті саздар құрлықта, яғни ыстық құрғақ
климаттық жағдайында және релефінің жазық болуына байланысты қалыптасқан.
Бұл саздардан далалы немесе саванналы түрдің жануарларының қалдықтары
табылғандықтан, олар миоцен жасына ие болады.
Екінші кешен Жалаңаш ойпатының солтүстік - шығыс бөлігіндегі Шарын
аңғарында анықталған. Бұл өзеннің оң жақ беткейінде ал сары сазбен және аз
цементтелген, жұмырланған жентек тастардың біркелкі алмасуымен көрінеді.
Осындай шөгінді жыныстар, жотаның тау бөктерінің батыс бөлігінде, Жіңішке
өзені аңғарында тараған. Олар жоғарыда аталған қызыл саздардың үстінде
жатыр, ал үстінен төрттік қой тастар мен женттастармен жабылған. Жасы
жануарлар қалдықтарының табылуы негізінде плиоцен дәуіріне жатқызылады. Бұл
жыныстар миоценді қызыл саздардан сұр, күңгүрт түсімен , сынықтардың ірі
өлшемімен және жұмырлылығымен, сонымен қатар макроқабаттылығымен
айырмашылық жасайды.
Шығу тегі бойынша плиоценді кешен өзендік және көлдік типтегі
шөгінділердің болуымен ерекшеленеді. Олар ылғалды, қоңыржай жылы климат
жағдайында қалыптасады.
Сондықтан, бұл кешеннің жыныстарының қасиеттерінде тау түзілу
процестерінің бастапқы кезі, климаттың аридтілігінің азаюы, ылғалдануы және
суынуы бейнеленген. Плиоцендік қозғалыстар қызыл түсті миоценді қалыңдықтың
жиналу процесін және палеозой фундаментінің пенепленденуін үзген.
Шөгінділер жиналуының полеогеографиялық жағдайы өзгерген және аймақтың
рельефі өз дамуының жаңа кезеңіне, яғни тау қалыптасу кезеңіне өтті.
Үшінші кешенге, біздің эрамыздан бір миллион жыл бұрын түзілген
ең жас шөгінділер қатарын жатқызуға болады. Ол төрттік кезеңнің
шөгінділері, адам пайда болған уақыт болғандықтан, антропогендік деп те
алады.
Антропогендік шөгінділер жотаның шығыс бөлігін алып жатқан тау
алды жазығында және тау аралық ойпаттарды тұтас жабып жатыр. Содан кейін,
олар Іле Алатауының солтүстік беткейінің аласа таулы зонасын құрап жатыр.
Биік тауларда бұл шөгінділер негізінен, өзен аңғарларында тараған. Шығу
тегі бойынша олар, өзендік мұздық және эолды түзілімдер болып табылады.
Бұл ірі қой тастар және жұмыр тастар, мұзды қойтастар және лессты жыныстар
.
Ірі сынықты қой тастар мен жұмыр тасты антропогендік шөгінділер күшті
таулы өендер, мұздықтар және қарқынды тау түзілу процестері болған жағдайда
биік таулы рельефте қалыптасады. Олар биік таулы рельеф толық қалыптасқан
жер тарихының ең соңғы кезеңіндегі, қарқынды оқиғаларға дәлел бола алады.
Антропогендік шөгінділер климаттық жағдайлардың өзгергендігін, тауларда
мұз басу процесінің болғандығын көрсетеді 15.

Іле Алатауының қалыптасуының негізгі кезеңдері

Іле Алатауы жотасы кіретін солтүстік Тянь - Шань территориясы жоғарғы
палеозойдан бастап континентальді денудация процесіне ұшыраған, соның
нәтижесінде палеогеннің соңына қарай варисс таулы құрылыстары бұзылып,
жазық түрінде көрініс берді. Орта жоғарғы миоцен жасындағы қызыл түсті
қалыңдықпен жабылған қалдықтар тауларда қазіргі кезде де кездеседі.
Миоценде, қазіргі Іле Алатауының тек орталық бөліктерінде биіктігі
300 метрге жететін үлкен емес қалдық жонды таулар сақталған, ал осы кезде
Іле ойпатында көл болған 13.
С.С. Шульц және М.Ж. Жандаев мәліметтері бойынша, Іле Алатауы
рельефінің қазігі қалыптасуы плиоценнен басталып, бүкіл төрттік кезең бойы
жалғасқан. Плиоценнің соңына қарай рельеф көтерілу сипатына ие болды. Жалпы
плиоцен дәуірі Іле Алатауының, қазіргі рельефінің қалыптасуының бастапқы
кезі болып саналады. Тау түзуші тектоникалық қозғалыстар қарқындылығымен
ерекшеленеді. Бұл процестер 13 – 14 млн. жылға созылды, осы уақыт
аралығында таулардың ұзындығы 100 км, ал ең биік абсолюттік нүктесі – 2500
метрге жетті. Ең алғашқы өзендер бастаулары пайда болды. Сонымен қатар, тау
етегі зонасы және жотаның шығыс бөлігіндегі - Сөгеті, Жалаңаш, Таушелек
тауарлық ойпаттары төмендей бастады.
Төрттік кезеңнің басында қарқынды тектоникалық қозғалыстар көптеген
теритторияларда пайда болды, таулар 3900 метр мах биіктікке жетті. Жаңа
жарылымдар пайда болды, ескілері жаңарды, Шелек және Асы өзендерінің ендік
бөліктерінде жоғарғы террассалар қалыптасты. Климат ылғалды және салқын
болды, тауларда – Іле Алатауы үшін ең ірі, 1 - ші жартылай жабылған мұз
басу процесі болып өтті. Айтылған дәуірдің бас кезінде, Іле көлінің
шығанағы Жалаңаш ойысына кірген, ал дәуірдің соңына қарай Іле көлі,
Қапшағай шатқалы болды. Шелек және Шарын өзендері бағыттарын кенет
солтүстікке бұрып, Іленің тармағына айналды. Мұздықтардың еруі Іле
Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендердің қалыптасуына себеп болды. Ол:
Түрген , Есік, Талғар, Кіші және үлкен Алматы, Қаскелең және т.б. өзендер.
Тектоникалық қозғалыстар біраз азайғанан кейін, жаңа күшпен
қайтадан, орта төрттік кезеңде пайда болады. Таулар үздіксіз көтеріледі,
кезеңнің соңына қарай биіктігі 4700 метрге жетсе, ал ұзындығы 80 – 100 км -
ге дейін созылып, ұлғаяды. Шығысында Сөгеті, Торайғыр, Жетіжол таулары
пайда болады. Жотаның солтүстік беткейінде ені 20 км - ге жететін, тауалды
сатысы қалыптасады. Жаманшы және Жіңішке ойпаттары көтерілім үстіндегі
жерлерге айнала бастады. Осы уақыттың төмендеу аймағы Алматы ойысы мен
тауалды депрессиясы болып табылады. Осы кезде тау бөктерінің батыс және
шығыс бөліктері баулап, төмендеуін тоқтатты.
Таулардың көтерілуі, өзендердің көптеген мөлшерде аллювиальды -
проллювиальді материалдың тау етектеріне шығарылуына және күшті ысырынды
конустардың қалыптасуына себеп блды. Суынуға байланысты осы кезде екінші
мұз басу процесі басталды. Мұздықтар өзен аңғарларының бас жағын ғана
алып жатты. Тау бөктерлерінде және жазықтарда қарқынды эолды процестер,
құмдардың ұшырылуы және тау етектерінде лессты жыныстардың қалыптасу
процестері жүріп жатты 15.
Көне төрттік кезеңнің басында тектоникалық қозғалыстар күшейе
бастады. Сонымен қатар, климаттық суыну және ылғалдану кезеңі басталды.
Соның нәтежесінде, Іле Алатауының жоғарғы бөлігінде үшінші рет мұз басу
процесі жүрді. Содан кейін, мұздықтар шегіне отырып, барлық қазіргі
өзендердің аңғарларын да мореналық шөгінділердің көптеген мөлшерін
қалдырған. Мұздық сулары таулардан өте көп мөлшерде сынық материалдарды
алып шығып, өзен арналарында ысырынды конус түрінде қалдырған жота 4950
метр мах биіктікке жетті. Қазіргі кезде Іле Алатауында тектоникалық
қозғалыстар әлі де жалғасуда, бұған жиі болатын жер сілкінулері дәлел
болады 16.

2. 2. Іле Алатауының геоморфологиялық құрылымы

2. 2. 1. Эрозиялық - тектоникалық (таулы) кешен

Кез - келген аймақтың геоморфологиясын нәтижелі зерттеу үшін, ең
алдымен әр түрлі және күрделі рельеф пішіндерін белгілі бір жүйеге келтіру,
яғни оларды өзіне тән белгілері бойынша жіктеу қажет. Мұндай жүйелік
пішіндердің генетикалық байланыстарын айқындап, геоморфологиялық карталар
легендасын жасауға негіз болуы керек. Бірақ әлі де мұндай жалпы қабылданған
схемалар жоқтың қасы.

Қазіргі кезде осы мәселелі сұрақ бойынша жарық көрген жұмыстар өте
көп. А.И. Спиридонов (1952-1967 ж.ж.),С.Г.Бочем және сонымен бірге, М.И.
Краснов (1958 ж.),А.Г. Доскач, Н.В. Думитрашко, В. А. Федорович, Д.В
Борисевичтің (1965 ж.) және т.б. рельеф жіктемесі жайлы ұсынған бірнеше
схемалар бар. Авторлар геморфологиялық карталарды құрастыруда рельефтің
генетикалық біртекті пішіндерін негізгі рельеф түзуші факторларға қарап
бөлу керек десе (А.И.Спиридонов, Д.В.Борисевич), ал екіншілері бұл
мақсатта карта масштабына байланысты қолданылатын морфогенетикалық
кешендерді, түрлер мен пішіндерді қолдануды ұсынады (С.Г. Боч, А.Г. Доскач)
4.

Егер, Жандаевқа сүйенсек, кешенді ұстанымға сүйенеді. Негізгі
обьектіні картаграфиялағанда жер беті бөлікшелерін біріктіретін, рельеф
бейнесін, бірдей литологиялық - құрылымдық жағдайы мен рельеф дамуының
тарихын сипаттайтын рельеф типтерін қабылдау ұсынылған. Оларды бөлген кезде
негізінен гннезисі, морфографиясы және рельеф жасы алыну керектігі
ескерілді.

Терең тілімденген мұздықты биік тау

Жер бедерінің бұл типі жотаның тік бағыттағы орографиялық қимасының
ең жоғарғы жағында абсолютті биіктігі 4000 метрден жоғары және де
салыстырмалы биіктік амплитудасы 1000 метрден де жоғары. Ол Іле Алатауының
орталық бөлігінде орналасқан, сондай-ақ ендік бағытта 130 км-дей арақашыққа
созылып жатыр. Осы жерде тау жотасының, ең биік шыңдары таралған. Олар
Талғар шыңы 5017 метр, Көпір 4600 метр, Погребецкий 4551 метр шыңдары және
т.б.4500 метрден жоғары жатқандары да кіреді. Олардың мұздықты биік таулар,
орташа тік бағыттағы диапазоны 820 м-ге жететін, қазіргі уақыттағы мұз
басу белдеуінде.
Қар сызығы деп әдетте, шегінде қар мен мұз морфогенетикалық факторға
айналатын зоналық төменгі шекарасын есептейді. ( Калецкая 1945, стр 97).
Бірақ шындығында бұл олай емес. Өзімізге белгілі, қар сызығы мұздықты фирн
барлығы құзды пирамидалар түрінде болып келеді. Терең тілімденген аймағының
шекарасында кесіп өтеді, де үлкен қирату жұмысын атқара отырып және сондай-
ақ қалдық заттардың үлкен массасын тасымалдай, айтарлықтай төмен қарай
жылжыйды.
Іле Алатаудың су айрықтық бөлігінің жер бедері альпілікке тән болып
келетін тік пішіндерге ие. Беткейлерде, табанында мұздықтар немесе
мореналар кездесетін трогтардың өте көп мөлшері таралған. Трогтардың
ұзындығы 2 - 5 км - ге тең, кей кездерде 10 - 12 км – ге де жетеді, ал ені
600 - 800 метр. Беткейлер бойымен 700 - 800 метрге жететін, ал кей уақытта
км-ге баратын, карлардың үздіксіз тізбегінің де таралғаны байқалады.
Көбіне олар өте көп саңылаулы және мұздықты болып келеді 2.
Су айрық жотаның сызығы өткір тісті сияқты болап келеді, беткейлер
бұл жерде тік (60 - 70 – градус), шыңдарыда үшкір. Нивальды белдеуде
қарқынды аязды үгілу болады және де қар мен мұздың, қиыршық тастың үлкен
көлемдегі массасы жыйналады. Бұл жерлерге негізінен солифлюкциялық
үрдістері мен беткейлер бетімен қиыршық тастардың үлкен массасының қозғалуы
тән. Жазғы уақытта қардан босайтын салыстырмалы тегіс аймақтарда,
беткейлерде тасты жолақтарға өтетін, тасты көп бұрыштар кездеседі.
Мұздықтардың соңынан жалпақ тілдер түрінде төмен түсетін тасты ағындар
үлкен мөлшерге жетеді. Олардың ұзындығы 2-2,5 км – ге жетсе, ені 0,5 - 1
км, қатардың қалындығы 20 - 30 метр. Егер жоғарыдан төменге қарасақ
(жақын маңдағы беткейлер немесе шыңдардан ) онда олар пластикалық
массалар ағындары сияқты әсер қалдырады. Яғни басқа негізгі бөлігінен тік
кертпеш пен жолақ бойында байқалатын, оған параллель жататын қой тастар
ерекше бөлінеді 4.

Орташа тілімденген ежелгі мұздықты биік таулар

Жер бедерінің бұл айтылып отырған типі салыстырмалы биіктік
амплитудасы 500 - 700 метр болатын, 3000 - 4000 метр абсолютті
биіктіктердегі және де жоғарыда айтылған типтің төменгі жағында орналасқан
жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлерінің биік таулы аймақтарын алып
жатыр. Бұл жердеде қазіргі кездің мұздықтары жоқ, бірақ ежелгі карлар
трогтар және мореналар бар жерде кездеседі.Ежелгі трогтар кей кезде
мұздықтардан қалыптасқандағы өзіне тән болатын түрін жоғалтып, кең және
тегіс аңғарлар сипатында болады. Олар бір – бірінен аздаған ара қашықтықтыр
арқылы бөлінеді. Трогтардың тереңдігі, төмен жатқан эрозиялық аңғарларға
қарағанда аздау болып келеді.
2500 - 3500 метр биіктіктердегі жотаның солтүстік және оңтүстік
беткейлерінде қазір әрекет жасамайтын көптеген карлар бар. Олар Асы,
Турген өзендерінің арналары мен Қараш тауының солтүстік беткейлерінде және
сондай-ақ үлкен Алматы, Ұзынағаш, Қарақастек, Шонкемен және т.б. өзендердің
жоғарғы ағыстарында жақсы байқалады.
Қыста оларда қалың қар жамылғысы жиналып қалады да, жаз бойы еріп үлгереді,
бірақ кей уақыттарда қар қиыршықтары келесі қысқа дейін де қалып қалады.
Бұл белдеудегі таулардың шыңы, шұғыл тік құздарсыз, тегістеу болып келеді.
Сипатталып отырған жер бедері, биік таулы аймақта орналасқандығына
қарамастан, аз тілімденген. Қазіргі кездегі трогтар мен фронттық мореналар,
ежелгі трогтарға қарағанда едәуір жоғарыда жатыр, мұндай жерлер биіктігі
200 - 300 метрлік керпеш түрінде болады. Бұндай жерлердегі өзендер кішкене
сарқырама түрінде ағады да, борпылдақ шөгінділерді шайып кетеді. Осылардың
есебінен көбіне сел ағындарының ошағы пайда болады. Су айрық қызметін,
меридиян бағыттағы жоталардың қысқа бүйірлік трогтары атқарады. Тау
беткейлері тік, жалаңаштанған және де тас тасқыны, опырықтар сияқты
әртүрлі денудациялық процесстердің қарқынды әрекеті байқалады. Бұл жер
бедері типінің сыртқы көрінісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
Алматы қорығының болашағы
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама
Іле ойысы
Ауа райына жүргізілген метеорологиялық бақылаулардың қорытындыларын өңдеу
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Пәндер