Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
1 БӨЛІМ Шешендік сөз жанрының тарихы мен теориясы ... ... ... ... ... ... ..6.16
2 БӨЛІМ Шешендік сөз жанрының жүйелеу принциптері ... ... ... ... ... ... ..17.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған күрделі мәселелер - жанрлардың теориялық табиғатын айқындау, генезисі мен типологиялық сипатын саралау, сондай-ақ әдеби тарихи сабақтастық және дәстүр мен жаңашылдық проблемалары тұрғысынан әдеби дамудың мәнін ашу.
Әдеби мұраны игерудің ғылымы (фольклортану мен әдебиеттану) туып, дамып, калыптасқаннан бергі уақытта әдеби жанрларды жеке-жеке зерттеу ісі қолға алынып, бұл бағытта біршама еңбектер тындырылды.
Қолда бар зерттеу еңбектерде жанрлар табиғаты, олардың кейбір жекелеген теориялық мәселелері ғана ара-кідік сөз етілмей, жанр табиғатының түтас келбеті, болмыс-бітімі яғни тақырыптық-идеялық, композициялық-сюжеттік, образ және образдылық, тілдік-стильдік, әдістік-тәсілдік мәселелері өзара бірлікте карастырылып, сондай-ақ жанрлардың ұлттық дүниетаным, сыр мен сымбат секілді қритерилермен тығыз байланысты болып келетін зерттеудің психологиялық, эстетикалық категориялары жан-жақты көрініс тапты. Жалпы алғанда жанрлар поэтикасын жасау қолға алынды.
Жанр табиғатын айқындау бірер адамның қолынан келер іс емес. Жанрларды жеке дара қарастырған күннің өзінде, сандаған ғалымдардың жаппай жұмыла кірісуін қажет ететін күрделі дүние екендігін, әлі де болса жанр болмысындағы шешімін таппай жатқан түрлі ғылыми теориялық сұрақгардың туындауы растайды. Жанр табиғатын саралаудың қиындығын: "Жанр — это такая категория литературы, фольклора и искусства, которая характеризуется с одной стороны, универсальностью, а с другой стороны конкретностью", — деп атап көрсетеді С.А.Қасқабасов /16:18/.
Жанр сипатын ашу барысындағы теориялық толғамдардың кейбір жағдайда өзгермелілігі жанрдың тарихи категория екендігінде. Сана мен сезімнің, ақыл-ойдың жетілуіне байланысты көркемдік танымның белді кұралы ретінде жанрлар әр дәуірдің алға тартқан тарихи алғы шарттарына сәйкес бірін-бірі алмастырып отырады. Бұдан қандай жанр болмасын "мәңгілік" мәртебесінен айырылады деген ұғым қалыптасуы тиіс. Мәселе, әдеби-ғылыми танымның жетістіктеріне орай жанрды түстеп танудың, түрге жіктеудің, саралаудың принциптерінің өзгеруінде. Ал оның өзі жоғарыда айтқан жанрлардың типтері мен характерлерінің, әр кезеңдегі қызметінің алмасуына негізделеді.
Бұдан кейін зерттеудің әдебиет тану ғылымында фольклорлық және әдеби принциптері туындайды. Ал қазіргі кезеңде жанр мәселесін зерттеу ісінде әдебилік принциптерді жандаңдыру, өрістету кейбір тұстағы фольклорлық принциптер тұрғысынан қарастырылған ғылыми зерттеу еңбектеріндегі шешімін таппаған ғылыми-теориялық, ғылыми-сыни зерттеушілік ой-пікірді дамытып, өзіндік зерттеудің методологиясын қалыптастырады.
1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. — Алматы: Мектеп, 1973.
2. Ахметов З., Шаңбаев Т. Әдебиеттану терминдер сөздігі – Алматы: Ана тілі, 1998.
3. Адамбаев Б. Халық даналығы. - Алматы: Мектеп, 1976.
4. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. - Алматы, 1992.
5. Античные риторики. - Москва, 1978.
6. Апресян Г.З. Ораторское искусство. – Москва: Московский университет, 1978.
7. Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы, 1991.
8. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш //Ақжол. -Алматы, 1991.
9. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991.
10. Бердібаев Р. Жыршылық дәстүр. – Алматы: Ғылым, 1980.
11. Билер сөзі. – Алматы, 1992.
12. Бөлтірік шешен. – Алматы: Ғылым, 1994.
13. Досмұхамедов Х. Қазақ халық әдебиеті. – Алматы: Аламан, 1991.
14. Жармұхамедов М. Шешендік өнер. – Алматы: Мұратас, 1998.
15. Қасқабасов С.А. Казахская не сказочная проза. – Алматы, 1990.
16. Қасқабасов С.А. Жанры казахской народной (несказочной) прозы. Дис. на соиск. уч. док. .ил. наук. – Алматы, 1988.
17. Қасқабасов С.А. Қазақ халқ прозасы. – Алматы, 1984.
18. Қазақ әдебиетінің тарихы. І том, 2 кітап. – Алматы, 1964.
19. Қазақ Совет энциклопедиясы. 2 том, – Алматы, 1976.
20. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991.
21. Кузнецова Т.Н., Стрельникова И.П. Ораторское искусство в Древнем Риме. – Москва, 1976.
22. Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы: Ана тілі, 1997.
23. Лихачев Д. С. Поэтика древнерусской литературы. - Москва, 1967.
24. Монтень М. Опыт. – Москва, 1960.
25. Об ораторском искусстве. Сборник (автор-состовитель А,В.Толмачев). –
Москва, 1973.
26. Платон. Сочинения. В 3-х т. Т. 1. - Москва, 1970.
27. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. - Алматы: Қазақ
Университеті, 1992.
28. Сматай С. Қаз дауысты Қазбек би. // Үш пайғамбар. – Алматы, 1992.
29. Төрекұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. - Алматы, 1993.
30. Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985.
31. Үш пайғамбар. – Алматы, 1992.
32. Шешендік сөздер. -Алматы, 1992.
33. Шканова Б.Ә. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері. Фил. ғыл. канд. ғыл. дәреж. алу үшін жаз. дисс. -Алматы, 1994.
34. Қазақ, Алматы: Білім, 1994.
35. Радлов В.В. Из Сибири. – Москва, 1989.
36. Смағұлова Ж.Қ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары. – Қарағанды, 1995.
37. Дулатов М. Шығармалар. – Алматы: жазушы, 1991.
38. Кәрібаев Б. Поэтика современной казахской лирики. – Қарағанды,
1994.
39. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Алматы. 1993.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасы

Шайменова Жанат Шайздарқызы

Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі

(Бітіру жұмысы)

Ғылыми жетекшісі: Әбдіқұлова Р.М.

Ф.ғ.д. доц.

Пікір жазушы:
Ф.ғ.к. Ахметов М.

Норма бақылаушы:
Баянбаева Ж.
Аға оқытушы

Орындаған:
4 курс студенті.
Шайменова Ж.

Қорғауға жіберілді:
“ “ 2007 ж.
Әдебит теориясы және
Фолклористика кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Майтанов Б.Қ.

Алматы 2007

Реферат

Жұмыстың тақырыбы: Шешендік сөздердің жарлық ерекшелігі.
Жұмыстың көлемі: 51 бет.
Жұмыстық құрылымы: Кіріспе
Мазмұны
Негізгі бөлім
1 бөлім. Шешендік сөз жанрының тарихы мен
теориясы.
2 бөлім. Шешендік сөз жанрын жүйелеу
принциптері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Берілген тақырыпқа сай Бітіру
жұмысының зерттеу мақсатын былайша белгіледік. Шешендік сөздердің жанр
ретіндегі, дербес шығарма ретіндегі структурасын ашу. Ішкі жанрлық
үлгілердің нық шекарасын белгілеу, теориялық анықгамалар беру.
Жұмыстың әдіснамасы мен әдістері: Зерттеу жұмысының негізгі әдіс-
тәсіліне әдеби-теориялық және әдеби-тарихилық тұрғыда саралау әдістері,
сондай-ақ зерттеудің әдіснамасына отандық және алыс-жақын шет елдік
ғалымдардың әдеби-теориялық, сын-зерттеу еңбектері алынды.
Жұмыстың жаңалығы: Жұмыста шешендік сөздердің теориялық табиғаты
жайлы дәстүрлі тавтологиалық пікірлермен келісе бермейтін тың соны
концепциалар үсынылып, жанрға жаңа теориалық байлам-анықгама берілді. Қазақ
шешендік өнеріне тән айла-амалдардың, сонымен қатар шешендік сөздердегі
тапқырлықты туындататын тәсілдердің айқындалуы да жұмыстың жаңашылдық беті
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 39
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер: шенендік өнер, шешендік
сөз, риторика, шешен, жанр, мысал т.б.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

1 БӨЛІМ Шешендік сөз жанрының тарихы мен
теориясы ... ... ... ... ... ... ..6 -16
2 БӨЛІМ Шешендік сөз жанрының жүйелеу
принциптері ... ... ... ... ... ... ..17-
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған күрделі мәселелер -
жанрлардың теориялық табиғатын айқындау, генезисі мен типологиялық сипатын
саралау, сондай-ақ әдеби тарихи сабақтастық және дәстүр мен жаңашылдық
проблемалары тұрғысынан әдеби дамудың мәнін ашу.
Әдеби мұраны игерудің ғылымы (фольклортану мен әдебиеттану) туып,
дамып, калыптасқаннан бергі уақытта әдеби жанрларды жеке-жеке зерттеу ісі
қолға алынып, бұл бағытта біршама еңбектер тындырылды.
Қолда бар зерттеу еңбектерде жанрлар табиғаты, олардың кейбір
жекелеген теориялық мәселелері ғана ара-кідік сөз етілмей, жанр табиғатының
түтас келбеті, болмыс-бітімі яғни тақырыптық-идеялық, композициялық-
сюжеттік, образ және образдылық, тілдік-стильдік, әдістік-тәсілдік
мәселелері өзара бірлікте карастырылып, сондай-ақ жанрлардың ұлттық
дүниетаным, сыр мен сымбат секілді қритерилермен тығыз байланысты болып
келетін зерттеудің психологиялық, эстетикалық категориялары жан-жақты
көрініс тапты. Жалпы алғанда жанрлар поэтикасын жасау қолға алынды.
Жанр табиғатын айқындау бірер адамның қолынан келер іс емес. Жанрларды
жеке дара қарастырған күннің өзінде, сандаған ғалымдардың жаппай жұмыла
кірісуін қажет ететін күрделі дүние екендігін, әлі де болса жанр
болмысындағы шешімін таппай жатқан түрлі ғылыми теориялық сұрақгардың
туындауы растайды. Жанр табиғатын саралаудың қиындығын: "Жанр — это такая
категория литературы, фольклора и искусства, которая характеризуется с
одной стороны, универсальностью, а с другой стороны конкретностью", — деп
атап көрсетеді С.А.Қасқабасов 16:18.
Жанр сипатын ашу барысындағы теориялық толғамдардың кейбір жағдайда
өзгермелілігі жанрдың тарихи категория екендігінде. Сана мен сезімнің, ақыл-
ойдың жетілуіне байланысты көркемдік танымның белді кұралы ретінде жанрлар
әр дәуірдің алға тартқан тарихи алғы шарттарына сәйкес бірін-бірі
алмастырып отырады. Бұдан қандай жанр болмасын "мәңгілік" мәртебесінен
айырылады деген ұғым қалыптасуы тиіс. Мәселе, әдеби-ғылыми танымның
жетістіктеріне орай жанрды түстеп танудың, түрге жіктеудің, саралаудың
принциптерінің өзгеруінде. Ал оның өзі жоғарыда айтқан жанрлардың типтері
мен характерлерінің, әр кезеңдегі қызметінің алмасуына негізделеді.
Бұдан кейін зерттеудің әдебиет тану ғылымында фольклорлық және әдеби
принциптері туындайды. Ал қазіргі кезеңде жанр мәселесін зерттеу ісінде
әдебилік принциптерді жандаңдыру, өрістету кейбір тұстағы фольклорлық
принциптер тұрғысынан қарастырылған ғылыми зерттеу еңбектеріндегі шешімін
таппаған ғылыми-теориялық, ғылыми-сыни зерттеушілік ой-пікірді дамытып,
өзіндік зерттеудің методологиясын қалыптастырады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы қазіргі кезеңде ұлт әдебиетінің мәселелерін
терендетіп зерттеу дәрежесіне жетіп отыр. Оған М.Әуезов, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайыловтардан кейінгі М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың,
З.Ахметовтың, Е.Лизунованың, Р.Бердібаевтің, Ш.Сәтбаеваның,
С.Қасқабасовтың, Ш.Елеукеновтың Р.Нұрғалиевтің, Н.Ғабдуллиннің,
Т.Кәкішовтің, Ә.Нарымбетовтың, Ж.Смағұловтың, О.Нұрмағанбетованың,
Ш.Ыбыраевтың, Ж.Дәдебаетың, Б.Майтановтың, Б.Абылқасымовтың, Б.Мамыраевтың
және т.б. еңбектері дәлел бола алады.
"Осы уақытқа шейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни
би-шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланады да, әлеуметтік-қоғамдық
мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересек қызметті елеусіз, ескерусіз қалды"
десек те, зерттеудің тың, соны, сындарлы принциптерімен қарауды қажет
ететін сөз өнерінің қолмақты саласы - шешендік сөздер 22:3
Жұмыстың өзектілігі. Шешендік сөздер шешендік өнер аясында туып,
толысып өсіп қалыптасты. Шешендік өнер - әлемдік кұбылыс. Ерте заманда
шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендей
дамыған. Алайда осынау өнердің үзілмес тарихы көне Грециядан басталады.
Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажегтіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда
әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш
ретінде тарих сахнасьна шықгы. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-
парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет
істерінде, саясат мақсатында маңызды факторға айналды.
Қазақ қоғамында да шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ
тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине,
халықтың сан ғасырлық тәжірбиесінде қорытылып екшелген, жинақгалып
жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер
де шешен айтылатын ауызша сөздік толғамның танымдық әрі тәрбиелік мәні
айрықша.
Қазақ жұрты — жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан
қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі,
аталы да баталы, нақыл, қомақгы ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай
қағып айтудамыз. Шоқанмен бірге қазақ ауылдарында ойын-сауықтарда, ас-
тойларда болып ел өмірін, халық қадірін жақсы білген, арнайы зерттеген
ғалым Г.Н.Потанин қазақтың ақ жарқын мінезін, сауықшылдығын, білім
құмарлығын француздарға, ал жаңалыққа, әсіресе, өнер-білімге құмарлығын
және өмірге құштарлығын ежелгі афиндіктерге-грекгерге ұқсатады. "Қазақтар
жігерлі, таза жанды, өмірге құштар халық; олар ойын сауыққа құмар; киімнің
ашық түр түсін; өмірдін көңілдісін сүйеді. Өлгенді еске алудың өзі бұл
халықта ойын-сауығымен, ат жарысымен, ән-күйімен, ақындар айтысымен, өлең-
жырмен той-мерекеге айналады. Серілік пен сән-салтанат қуу, бәлкім,
қазақтарды кейбір жағдайда атақ құмарлыққа баулитын сияқгы. Бұл жағынан
олар француздарға ұқсайды. Афиндіктер секідді қазақтар да жаңалық-хабарға
әуес, әуестік жас буында білім құштарлыққа ауысуда", - деп таңданыс
білдірген 30:167. Қазақ даласын оңды-солды кезген, кей жағдайда сахара
адамдарымен істес болған батыс Европаның, орыс оқымысты-саяхатшыларының,
ориенталист ғалымдарының (В.В,Радлов, Г.Н.Потанин, В.И,Даль, А.В. Затаевич
А.Янушкевич, Н.М.Ядринцев, Н.И.Веселовский т.б.) бұл іспетті жазбалары
жетерлік.
Бөгде ұлт өкілдерінің әлгіндей тұжырымды ойлары құр еліктеуден, үстірт
бақылаудан туған нәрсе емес, керісінше, қазақ жұртының салт-санасымен, өмір
сүру дағдысымен етене араласып, қабылдап алған ақиқат шындықтан кейінгі
жүрек жарып шыққан сындарлы ой-толғақ.
Қазақ шешендік өнері - атадан балаға мирас болып, алтын баулы желісі
үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу
маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне
орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады,
айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің
көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды, керекті
жерінде жаңартып кәдеге жаратады. Қазақ шешендік өнерінің піспегі — шешен
билерде, күбісі — халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері —
шешен-би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып,
қырлап, өндеп, кұлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жұгіртіп әркімдердің
(шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық
сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер
шымырқанған қымыздай жұтылған, тандай татырлық дүниелер болып келеді.
Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың
тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би
Жаманұлы (ХІ-ХІІғ), Мөңке би( 1207-1250), Едіғе би (1354-1419), Бәйдібек би
(1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би
(1584-1642), Әсет би ( 1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Азтайлақ,
Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Сақкұлақ, Бапан, Шоң, Шорман,
Байдалы, Қараменде, Алшынбай, Асаубай секілді, сондай-ақ, Толе би, Қаз
дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ
даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады.

1.Шешендік сөз жанрының тарихы мен теориясы

Шешендік өнер бар да, сол өнер жайлы ғылым бар. Антикалық грек-рим
мәдениетінен белгілі "Риторика" ілімі шешендік өнердің табиғатын, болмыс-
бітімін, сыр мен сымбатын зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында шешендік
өнерді зерттейтін ғылымның терминдік атауы қалыптаспаған. Әдебиеттану
ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Қазақ топырағындағы шешендік өнерді зерттейтін ғылымның жеке сала
болып қалыптасуы, өзіндік терминдік атау-ұғымдарының пайда болуы, әлемдік
маңызға ие болуы — болашақтың ісі.
Сонымен, риторика, шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың
бірінен саналады. Мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым
ретінде қоғам дамуының әртүрлі кезендерінде бірде маңызы артып, еңді бірде
мәні төмендегенімен, өзінің дамуын үзбей өрістеп келеді.
Шешендік өнердегідей, басқа ғылымдармен салыстырғанда, мәдениет пен
өнер тарихындағы сабақтастық, дәстүр, мәдени тоғыс, тарихи ұлттық тіл мен
діл, сондай-ақ жалпы ортақ адами сипат наты, дәл көрінбейді.
Бүгінгі таңда шешендік өнерге деген қызығушылық артып отыр. Бұл занды
да. Өйткені кез-келген қоғамдық жұйені либерализациялау адам құқы мен
еркіне деген көзқарасты жандандырады. Ал мұның өзі сөз бостандығын
туындатады. Сөз құдіретіне ие болу құштарлығы әрқашанда болады, бірақ оның
мәні өте-мөте өтпелі кезеңдерде, демократияның саналы дәуірлеу тұсында
артады. Мұның тарих тағылымындағы айғағын шешендік өнердің гүлдену
дәуірлерінің көне грек және рим елдерінің шарықгау дәуірімен, қайта өрлеу
кезеңімен (эпоха ренессанс), Франциядағы XVIII ғасыр, Ресейдегі XX ғасыр
революцияларымен, қазақ топырағындағы XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге
дейінгі егеменді мемлекет, ел болу кезендерімен сайма-сай келуінен көреміз.
Шешендік өнер теориясысының әр дәуірдегі даму тарихын пайымдап
қадағалау қызғылықты да үйренерлігі мол нәрсе.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы кенжелеп дамыған саланың бірі шешендік
сөздерді зерттеу десек, шешендік өнер тарихын оқып-зерттеу ісінің
практикалық мәні біз үшін айрықша.
Шешендік сөздердің жанрлық табиғатын айқын танып білу үшін антикалық
шешендік өнер ғылымын білу қажеттілігі туындайды. Өйткені онда шешендік
өнердің негізгі заңдылықтары мен ережелерінің канондық негіздері жатыр. Ал
кейінгі теориялық еңбектер гректер мен римдіктердің теориялық ілімдерін
жетілдірумен, нақтылаумен болды.
Шешендік өнердің зерттеліп ғылыми жүйеленуі ерте замандардан
басталған. Мәселен, көне грек, рим дәуірінде бұл өнердің жеке пән ретінде
оқытылып, теориялық тұрғыдан зерттеле бастағанын көреміз.
Антикалық шешендік өнер қақындығы алғашқы толыққанды мәліметті бізге
Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңққа мемлекет және саясат
қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған шешен ретінде бөленді.
Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы мен шешендік өнер ілімі
пайда болды. Оның негізін Коракс, Лисий және Горгий салды. Коракс шешендік
өнерге "Шешендік дегеніміз - нандырудың қызметшісі" - деп анықгама берді.
26:548.
Көне Грециядағы софистер (б.з.д. V ғ.) шешендік өнердің нағыз
шеберлері болды. Олар әртүрлі көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз
сайыстарын өткізіп, сөз кұдіретін танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты.
Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты жастарды
қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби
шешендерді) дайындады. Софист Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты
да жазды.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі - Сократ. Сократ ғылыми
трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен
Платон еңбектерінде көрініс тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда
жиын-топқа сөйлеп, айтып отырған.
Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы
қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші ғалым
С.Негимов былайша бағалайды: "Олар риториканы -шешендік, эвристиканы —
тартыс өнері, диалектиканы — дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді" — дейді
22:10.
Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон
мен Аристотель болды.
Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: "Шешендік -нандырудың шебері,
оның маңызы мен мақсаты осында" — деп, анықтайды 26:265.
Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін тудырған атакты грек
ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика,
тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген
Аристотель творчествосы.
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің
ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда
кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында
қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық
пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия
т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.
Шешендік өнердің жалпылық мәнін, мақсатын тиянақтаған соң, Аристотель
шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді.
Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын қарастыра отырып,
Аристотель өзінің "Риторика" еңбегін үш бөлімінен түзеді. Бірінші бөлімде
шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады.
Екінші бөлім тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің
жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады.
Үшінші бөлімде Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын: сөйлеу
процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу
мәтіндерінің құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудің алғы сөз, әнгіме,
дәлелдеме, қорытынды секілді төрт түрлі бөлшегін бөліп көрсетіп,
әрқайсысының нандыруға, сендіруге қажетгі маңызын жан-жақты негіздейді
5:159-164.
Көне Грецияның маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-
322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны
болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін
болған Афина күресінің тұсындағы саясат шешен сөздері, әсіресе,
антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы
Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта қалып, тағылымдық сөздердің
қатарына енді.
Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны аталмыш өнердің
ұстазы етіп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектің арқасында "өзін-өзі
қайта туындатты", әлем шешендерінің эквивалентіне айналды. Демосфен сөйлеу
мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы арқылы Цицеронның
"Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады" деген аталы сөзін
дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптің қазақ топырағындағы көрінісін бабаларымыз
"көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады" деп ұлағатты оймен
өрнектеген.
Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланған.
Осылайша, сөздің драмалық қасиетін күшейтті. Ол нақтылы дерек көздерімен
сөйлеген, ойды түсінікті, еркін баяндаған. Сөйлеудің техникасын еркін
меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздері
сөйлеу мәнерімен туған. Қарапайым және көтеріңкі пафоспен (екі стильде)
келеді. Ол осы екі стильді де еркін игерген. "Демосфеннен 170 қолжазба
біздің дәуірімізге келіп жетті 14:13.
Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами
бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде
эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен
сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.
Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның
мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған.
Олар "адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық,
екіншісі — шешендік" деп білген 21:3. Рим мемлекеттік істерді халық
жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие
болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен
сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан
туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы
шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда "демократия
— шешендік өнердің анасы" 22:189. Бірақ Римде республикалық өкіметтің
құлауы Римдік классикалық өнердің дамуына тежеу салды. Көне Рим шешендік
өнерінің үшар шыңы деп Цицеронды танимыз. Марк Тулий Цицерон — шешендік
өнердің көне римдік теоретигі. Ол өзінің шешендік өнер қақындагы ұлы
ойларын " Шешендік өнердің үш трактаты" (" Шешен туралы", "Брут", "Шешен")
еңбегінде зерлеп қалдырды.
"Шешен" атты еңбегінде майталман шешен болудың алты шарттары,
талаптары жасақталады. Ең әуелі жан-жақты білім, жеке бас эрудициясы,
философиялық жүйелер білгірлігі, заң ісіне жетіктік, шешендік өнер
теориясына кәнігілік атап көрсетіледі. Кең ауқымдағы философиялық ойлау —
шешендік өнер үшін қажетті алты шарттың бірі. Бұл жағдайда шешенге ең
қажетгі философия ғылымының өзекті екі саласы — этика мен логика.
Цицеронның өз шығармаларында дүркін-дүркін айналып соғып отырған
мәселесі — сөздің әсерлігі үшін қажетті деп табылатын сезім күйі. Ол өзінің
"Шешен туралы" еңбегінде адамдардың әрекет үстінде ережелер мен заңдардан
гөрі көпшілік жағдайда сезім ырқына жиі беріліп, соны басшылыққа алатынын,
сондықтан шешеннің аудиторияның сезім күйіне әсер ете алуы шешендік өнерде
аса маңызды деп атап көрсетеді. Аудиторияның ерекшелігі мен қызығыушылығын
ескере білу - шешеннің биік мақсаттарға қол жеткізуінің айтулы көрсеткіші
деп есептейді Цицерон. сөйлеудің әсерлігінің астарында рим халқының: "халық
ұлылығын мойыңдаған шешен ғана ұлы" деген мақұлдауының жатқандығын көреміз.
Әрі бұл шешендік өнердің ұлы мақсаты да 21:186.
Цицеронның шешендік өнер іліміне арналған еңбектерінде шешен үшін
сөйлеу композициясы, стилі, айшықты тіл оралымдары, сөйлеудің дыбыстық
жағы, артистік қасиет сияқты тәлім алатын көптеген жақтар қамтылған.
Әйгілі шешен Цицеронның трактарттарындағы өрбітілген тұрлаулы
тұжырымдар мен мәнді пайымдаулар, міне, осындай.
Құлиленуші Рим империясының V ғасыр соңында құлдырауы жаңа феодалдық
формацияға өтумен аяқталды. Ерікті азаматтардың тең құқылы ара қатынасы
вассалдар мен мырзалардың ирархиялық ара қатынасына ауысты.
Жаңа әлеуметтік — экономикалық құрылым рухани өмірдің барлық
саласында, соның ішінде шешендік өнеріне де (риторика) өзгеріс енгізді.
Шіркеулік шешендік (церковное красноречие) үстем жанрға айналды, оның ең
маңызды ерекшелігі догматизм мен схоластика болып табылды.
Христиандық шіркеу өз сөзін елдің бәріне арнады: бай ақсүйекке де,
кедей шаруаға да. Шіркеулік уагыз ауызша қарым-қатынастың ең кең тараған
түріне және саяси үгіттің құралына айналды. Уағыздардың негізгі бөлігі
құлыктылық (нравственность) пен қоғами тәртіптердің нормаларын сақтай
отырып, тікелей идеологиялық сұраныстармен байланысты болды.
Уағыз жүргізу өте жогары деңгейдегі шешендік шеберлікті талап етті.
Уағыздың негізінде көне дәуір шешендік өнерінің негізгі қағидаларыменен
қалыпты логикасын қабылдаған. Ежелгі шешендердің тәжірбиелерімен сусындаған
ортағасырлық шешендік өнер дамыды.
Бірақ діни бояулармен боялған ортағасырлық шешендік өнері жаңа
қасиеттерге де ие бола бастады. Өзгерістердің болуы діни догма түріндегі
сөзсіз беделдің пайда болуымен байланысты болды. Уағыздаушы не туралы айтса
да, ол өзінің ойларын және тұжырымдарын "Қасиетті жазумен" байланыстырып
отырды. Мінсіз бедел алғышарттары бір жағынан сөйлеушіні терең дәлелдемелер
қолданудан қол үздірсе, екінші жағынан баяндауынан схоластика элементтерін
ендіруіне жағдай жасады.
Бірер ғасыр "жоғары күшке" табынған шешендік өнер бұл тұрғыда өз
қолтаңбасында қалдырды. Бүл белгілер белгілі мөлшерде қазір де сақталған.
Орта ғасырлық схоластика лебіздері, догматизм, бедел алдындағы аса жоғары
құрмет, әсіресе, макұлданған дәйек-сөздер, марапаттауларда, дәлелсіз
пікірлерден көрінді 21:54-57.
Бірақ бұған қарамастан қатал діни шектеулердің шеңберінде де шешендік
өнер ары қарай дами берді. Және мұнда, мысал үшін, шіркеу догматтарына
қарсы бағытталған "күпірлік қозғалыстар" едәуір роль атқарды.
Орта ғасырдың көрнекті шешені — Фома Аквинский (1225-1274). Оның
еңбектері шіркеу шешендік теориясындағы гомелетиканың негізін салды. Онда
ең бірінші болып пішін, сыртқы әдемілік, көзге ұратын қүр тұлға алға
қойылды, басты принцип көндіру емес, сендіру болып табылды. Шешендік сөздің
тиімділігі мен іске әрекеттілігі осы кезеңдерде уағыздаушының дәл осы
қасиеттеріне байланысты болды.
Шешендік өнердің бұл түрі Орталық Европа мен Батыс Европа елдерінің
мәдениетіне айтарлықгай әсерін тигізді. Өйткені мұның таралуына тілдік
кедергілердің болмауы ықпалын тигізді. Уағыздар тек қана латын тілінде
оқылатын. Құдайлық шешендік өнерге қарағанда орта ғасырлық университет
лекциясы алдыңғы қатарда болды. Ол (лекция) мағынасы аңғартып тұрғандай
(лат. Іесііо - оку, Іесіог - оқушы) кітаптан алынып оқылса да, шын өмірдегі
құбылыстар мен факторларды көрсетіп, білім заңына бағынды. Кейін ХУ-ХУІ ғ.
кітап басып шығару ісінің дамуымен
оқылатын лекция ауызша айтылатын лекциямен ығыстырылды. Оқу материалын
ауызша айту, шешендік өнер жетістіктерін пайдалану шешендік өнердің жаңа
жанрын туғызды.
"Жаңа кезең" XVI ғасыр басында тарихта жаңа дәуірдің бастауын салған
батыс европалық құйта өрлеумен басталды. Бұдан кейін ол ағартушылық
дәуірмен алмасты. Мәдениеттің барлық салада қаулап өсуі, құдайшылықты
(светский) ығыстырған жаңа дүниетанымның дамуы - осы дәуірге тән негізгі
сипаттар еді.
Осы жағдайларда шешендік әлеуметтік-саяси бағыттарды қабылдай отырып,
қарқындай түсті. Ол өзіне көне шешендік өнердің жетістіктерін дарыта
отырып, жаңа гуманистік және демократиялық идеалдармен куаттанды.
Осы кезеңнің аса дарынды шешендерінің бірі - Ян Гус (1369-1415). Ол -
Прага университетінің ректоры және діни уағыздаушы. Латын тілінің жеке
үстемдік құруына қарсы шығып, жаңа чех әдеби тілінің негізін салған адам.
Шешендік өнердің дамуына Б.Паскаль, М.Монтень, ЖЛабрюйер, Р.Бэкон,
И.Гете, Г.Лихтенберг және т.б. европалық жазушылар мен жаңа дәуір ойшылдары
ат салысқан. Олардың шығармаларынан шешендік өнер туралы көптеген терең
ойлар, шешенге қатысты пайдалы кеңестер, нақтылы нұсқаулар орын алады. Көне
дәуірдегідей қайтадан бірінші сөздің әсерлілігі, шешеннің тыңдаушыларды
қызықтыра, тарта білуі, нақтылы бір әрекетке қатыстыра алуы қойылды. Бұл
қарым-қатынасты Монтень сөзімен айтсақ "өзінің артында тұрған нәрселерге
емес, тек өзіне ғана қызықтыратын шешендік жоғалсын" 24:321,
XVII ғасырдағы фраңцуз Ж,Лабрюйер шешендік өнерге мынандай анықтама
береді: "Шешендік — бұл берілген сый. Бұл бізге сөйлесіп отырған қарсыдағы
адамның ақылы мен жүрегін жаулап, оған өзіміз қалаған әр нәрсені ұқтырып
және соған сендіруге көмектеседі" 25:51
Шешендік өнер теориясына дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты.
XVII ғасырдың өзінде шешендік өнері туралы бірнеше еңбектер белгілі болды.
Осылардың ішінде М.Усачевтің "Риторика" кітабын атап көрсетуге болады.
Бірақ осы және басқа да еңбектерде діни, яғни шіркеулік шешендіктің әсері
әлі де күшті еді. Бұл Ресейдің мемлекеттік құрылымдық жағынан демократияның
парламенттік өмір сүру арнасынан қол үзгендігімен түсіндіріледі. Бұл түр
батыс европа елдеріне тән еді. Шындығында университет қабырғаларында ғана
жанды сөздің еркін дамып, жетілуіне жағдай туды.
Бұған шешуші қадамды Мәскеу университет! мен ғылым академиясының
негізін қалаушы М.В.Ломоносов жасады. Ол қазіргі орыс әдеби тілінің негізін
қалап, орыс тілінің қиын реформасын жасады. Ломоносов "Шешендікке қысқаша
басшылық" кітабын жазып, орыс шешендік өнерінің бастауын ашты. Өзектілігін
күні-бүгінге дейін жоймаған бұл кітапта орыс шешендік өнерінің ары-қарай
даму бағдарламасы жасалынды.
М.В.Ломоносов шешендік үшін ең алдымен, рухани дарындар мен дене
дарындары керек деп көрсетеді. Алайда шешен үшін тек табиғи сапалар
жеткіліксіз. Шешендік теориясының негізгі талаптарының бірі-халықтық сөздің
элементтері мен құрылымы туралы білім. Ломоносов "Риторика" атты кітабында
сөйлеуді төрт бөлікке бөлуді ұсынады: кіріспе, түсіндіру, бекіту,
қорытынды. Әрбір бөлікке қатысты тапсырмалар, ұсыныстар берілген 25:73.
Қазақ шешендік өнері жайындағы ғылымның тарихы да шешендік өнер тарихы
секілді арыда жатыр. Бұл ретте: "Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы,
әлбетте, "Шығыстың Аристотелі" атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр әл-
Фарабиден басталады. Ол "Риторика" атты күрделі трактатында ғылыми-
теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс-мақсаттан, қолдану
аясынан туындатады", — деп жазады шешендік өнер қақында жүйелі еңбек жазған
ғалым С.Негимов 22:100.
Әбу Насыр әл-Фарабидің "Риторикасы шешендік өнерді әлеуметтік-
қоғамдық, мемлекет тағдырын шешетін өнер деңгейінде қарастыра отырып сөйлеу
процесінің қыр-сырларын нақтылады. "Нақтылып айтқанда, көз жеткізу, көкейге
ұялату, ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас, тиянақгы білім,
сөйлеушінің бет-жүзі, қимыл-әрекеті сияқгы ұғымдарды жіктеп, бажайлап
түсіндіреді" 22:100.
Әбу Насыр әл-Фараби еңбегіндегі өзекті ой жемісі шешендік өнердегі
басты нәрсе ақиқатқа қол жеткізу дегенді қадағалап отырады. Ал мұның өзі
кей жағдайдағы батыс софистері еңбектеріндегі тек пікірге нандыру, сендіру,
жүгіндіру сияқты жалаң нәрселерді ғана қуаттап кетпей, жалпы аталмыш ұлы
өнердің бастауларына қайыра соғып отыруды, төркінін еске түсіріп отыруды
нұсқайды. Яғни, шешендік өнердің пайда болуының өзі шындыкты іздеуден
басталғанын еске салады. Бұл тұрғыда жалпы шешендік өнердің мәнін ашатын
батыс софистерінен қалған мына бір дана сөз орынды айтылған деп білеміз.
"Платон — менің досым, бірақ шындық одан да қымбат" (Сократ), болмаса
"Шешеннің парызы-шындықгы айту" (Платон) .
Қазақ қоғамындағы шешендік өнердің, билердің ролін пайымдау мақсатымен
жазылған XIX ғасыр шеніндегі Ш.Уәлиханов еңбектерін атап өткен орынды.
Ш.Уәлиханов "Сот реформасын жайындағы жазбалар" дейтін еңбегінде
аталмыш өнер аясының билік-кесім айтылатын дау-дамайда туындайтынын дұрыс
пайымдау келе, бүл өнердің бүтіндей бір елдің билік жүйесін атқарып тұрған
зандық күші бар көшпелі өмірге мейлінше лайықталған қасиетті өнер екендігін
айтады. Бүл орайда Шоқаннан көп кейінде қазақ оқымыстылары шешендік өнердің
билік, заңдық сипатын жоққа шыгара қойған жоқ. Мәселен, Ә. Қоңыратбаев
шешендік сөздерді заңдык, нақылдық, философиялык, сатиралық деп жіктейді
20:61.
Ғылыми-сыни зерттеушілік ой-пікірдің оянуына мұрындық болған қазақ
баспасөзінің алғашқы қарлығаштары, әсіресе, "Дала уәлаятының газетінің"
шешендік өнер, билік өнер қақындағы ой-толғамдарын С. Негимов былайша
бағалайды: "Дала уалаятының газетінде" қазақ билерінің қоғамдағы орны,
билік-кесім шығаруы жөнінде бірнеше мақалалар берілген. Атап өтер болсақ,
"Қазак билерінің жұмыстарды тексеретұғыны турасынан", "Қазақ жұртының
тергеу хүкімі хақында", "Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы", "Бұрынғы
замандағы қазақтардың билік қылуы" дейтін материалдарда ұтымды пікірлер,
бағалы мәліметтер, құнды дерекгер бар"22:105.
Ш.Қүдайбердиев казақтың шешендік билік өнерінің терең тарихи тамырын,
өзіндік ішкі берік жүйесін ел ауызындағы мақалға айналып кеткен зандық бап-
қағидалардан көрсетіп береді.
Мәселен:
"Би екеу болса, дау төртеу болады".
"Дау кұтырса биін табар, ит кұтырса иесін қабар".
"Тапқан қуанса да, таныған алады".
"Кесімді малға өсім бар".
"Барымта алған мал болмас, қуып алған құн болмас".
"Ала арқан кеспей арылмас".
"Өзі жығылған өкінбес".
"Тағыны жеткен алады, жарлыны кеміткен алады".
"Тұлпар түп иесін табады".
"Жортуыл жолдасына, ұры серігіне күйеді" 34:157-158.
Бұл тұрғыда,сондай-ақ, дәуір өзгеріп, ата-бабадан қалған өркениетке
өзге бір елдің өктем саясаты ықпал еткен тұстағы шешендік-билік өнердің
келелі мәселелерін қаузаған материалдар қатарына Әлихан Бөкейхановтың "Би
һәм билік", "Тағы да би һәм билік" атты мақалаларын атауға болады. Бұл
мақалаларының құндылығы сол, қазақ шешендік-билік өнерінің европа және орыс
билік өнерімен салғастыра қарауында.
Ал жалпы шешендік өнер аясында туындаған сөздерді шешендік сөздер деп
атап, оны әдебиеттің дербес, жеке жанры ретінде ғылыми тұрғыдан бажайлау
үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы А,Байтүрсынов, М.Әуезов және
С.Сейфуллин т,б. ғалымдар еңбектерімен тыгыз байланысты 8.
Аталмыш ғалымдар алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің көзі
ретінде арнайы қарастырды. Мәселен, А,Байтұрсынов 1926 жылғы
"Әдебиеттанытқыш" атты еңбегінің "Шешен сөз" деген тарауында шешендік
сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз, ә)
билік шешен сөз, б) қошамет шешен сөз, в) білімір шешен сөз, г) уағыз
9:405.
Бүл тұстағы шешендік сөздердің функциональдық сипатын жазған,
Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі 30:35 ой сорабын терендеткен, дамытқан ғалым
Халел Досмұхамедов.
"Қазақ халық әдебиеті" атты зерттеуінде Х.Досмүхамедов халық әдебиетін
қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге "Билік
сөз" деп шешендік сөздерді жатқызады. "Әртүрлі сот істері кезіндегі
билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр
жауаптары, әдетте, үұқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл
түрі билік сөз (замечательные приговоры судей биев) деп аталады", — деп
атап көрсетеді 13:23.
Кең көлемде жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихын жасауға
батыл қадам жасаған еңбек М. Әуезовтың "Әдебиет тарихы" десек, автор
аталмыш еңбекте қазақтың шешендік сөздерін әдебиет тарихынан орын тептіріп,
"Билер айтысы" деген терминдік атау беріп, өзіндік пайымдаулармен ішкі
үлгілерге жіктейді. Бірақ автор бұл жанр төңірегіндегі ілімнің әлі де болса
теориялық шымырлануы қажеттігін былайша аңғартады: " Билер айтысының қазір
де барлық түрлері жиналып болмағандықтан, екінші бұл түрдегі айтыстар
ерекше көп болғандықтан, бұл күнде түгел жіктеп, бөліп қоюға болмайды.
Сондықтан, қазірде қандай түрлері кездесетінін айтамыз. Бірақ бұл жіктеу
уақытша ғана және ылғи ішкі мағынасына қарап жасалған жіктер болады" 7:
188.
Бұдан кейінгі кезенде жалпы шешендік өнер аясында пайда болған
шешендік сөздердің құлақ кесті үлгісі ретінде қандай жәдігерлер
қарастырылуы, аталуы тиіс деген көкейдегі ойдың пердесін сыпырған, бүл
төңіректегі теориялық ой-толғақтың нені шиырлауы керектігін Әуезовтен кейін
тағы да атап көрсетіп, әдебиет тарихының түтас бір дәуірін арнаған еңбек
С.Сейфуллиннің 1932 жылғы "Қазақ әдебиеті" кітабы болды.
С.Сейфуллиннің енбектегі ой-зердесі М.Әуезовтің ой-пікірлерімен
астасып, шешендік сөздердің негізі ретінде дау-дамайда, талас-тартыста
туған билер сөзі алынуы керектігін зерделеген ой-әлемі жанрға "билер
сөздері" деген термин-атау ұсынғандығынан аңғарылады. Сондай-ақ
С.Сейфуллиннің ғалым ретіндегі ой-тұжырымдарының кұндылығының тағы бір қыры
мынада: автордың қазақ билерінің болмысының халық өмірінің сан-алуан
қырларымен байланыстылығын, билердің көп қырлы функциясын айта
алғандылығында.
Әдебиетші ғалым С.Негимов бұл турасында "...бұған қоса ол әрі батыр,
әрі әнші-ақын, жыршы, сыншы, сәуегей, шежіреші, ғұлама, бір сөзбен
айтқанда, әмбебап дарын екендігін ескертеді", — деп пайымдайды 22:107.
Осылайша шешендік өнердің аясын айқындап, халықтық негіздері мен
ұлттық сипатын бағдарлап, көркем сөз ретіндегі теориялық табиғатын тексере
бастаған ғылыми-зерттеушілік ой-ағым отызыншы жылдардан кейінгі уақытта
әдебиеттану ғылымындағы бел алып кеткен "тұрпайы социологизмнің" салқынына
ұшырады. Сейфуллин зерттеулерінде табы сезіле бастаған бұл оңсыз теорияның
ықпалы 1945 жылы қорғалған Ә.Мәметованың "Қазақ билерінің шешендік сөздері
және оның әдебиеттегі тарихи орны" атты диссертациясына кері әсер етіп,
кейін 1948 жылы шыққан "Қазақ әдебиеті тарихы" атты кітапта жал-құйрығы
күзеліп, кейбір концепциялары алынып тасталды.
Ұлттық шешендік өнер, шешендік сөздер теория сының дамуының келесі бір
кезеңі тікелей әдебиетші ғалым Балтабай Адамбаев еңбектерімен айқындалады
3.
Балтабай Адамбаев М.Әуезов, С.Сейфуллин, Х.Досмухамедов ұсынған "билер
сөзі" терминін "шешендік сөздер" терминімен алмастырып, такырып аясын
айкындап, жанрдын ішкі үлгілерін мазмұнына қарай үшке, құрылысына қарай
екіге бөледі.
"...шешендік сөздердің әлеуметтік және әдеби эстетикалық мәнін, жанрлық-
көркемдік ерекшеліктерін ашып анықтау үшін сөз нұсқаларын талдаймыз және
мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш салаға
топтап зертейміз", -дейді 3:95. Б.Адамбаев жіктеуінің ғылымилық сипатының
тереңдігі аталған салалардың өзіндік ішкі түрлерін көрсетуінде, әрі
ғалымның бұл саланың теориялық толғамды мәселелерін түгел қамтуға тырысқан
адал ниетінде жатыр.
Ғалымның шешендік сөздерді құрылысына қарай пернелі және термелі деп
жіктеуі, тілдік-көркемдік сипатын екшеуі, шешендік орта, дәстүр, сондай-ақ
шешендік мектеп мәселелерін сөз етуі аталмыш саланың поэтикасын жасауға
тырысқан ғылыми сауаттығы.
Бұдан былайғы тұста айтарлықтай құнды пікірлер берген ғалымның бірі -
С.Садырбаев.
"Халық әдебиетінің тарихи негіздері" дейтін еңбегінде зерттеуші:
"қазақтардың шешендік өнерін үшке белуге болады: а) салтанатты, екпінді
сөздер; ә) нақгылы, қысқа түйінді сөздер; б) майда, биязы, сыпайы сөздер",
- деп жіктеп, олардың мәтіндері мен түрлерін де саралайды 27: 33.
Теориялық толғамдарды қалыптастыруда қазақ шешендік сөздерін жинап-
бастырып, алғы сөз жазып, жүйелеп беріп жүрген ғалымдар еңбегі де айтулы.
Бұл орайда Т.Кәкішов, Ж.Дәдебаев, С.Қорабай, Н.Төреқұлов, М. Қазбеков сынды
бұл істің үлкен жанашырларын атаған лазым.
Жалпы қазақ сөз қадірін жете ұғынған, оған өз өмірінде мейілінше мән
берген, айрықша бағалаған. Сөз өнерін дертке балаған ел "тіл тас жарады,
тас жармаса, бас жарады" деп сөз құдіретіне табынған, оның уытты күшін
"таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді" деп бағалай білген. Мән-мағынасыз,
қалай болса, солай сөйлеуге болмайтындығын ескертіп, "аңдамай сөйлеген,
ауырмай өледі ", "іріген ауыздан, шіріген сөз шығады," "жақсы сөз - жарым
ырыс" деп тыйым айта отырып жүйесін тауып сөйлей білгенді "сөз тапқанға
қолқа жоқ" деп қошамет көрсетіп отырған, Әлемдік өркениетте ең бай да
құнарлы тілді меңгерген қазақ елінің "жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз
киесін табар" деп сөйлеудің мәдени нормаларын да белгілеп, тіл білудің,
сөйлей білудің соншалыкгы қиын өнер екенін айтқан. Бұл ретте "Түгел сөздің
түбі бір, түп атасы - Майқы би" деген сөз де осыны нұсқайды. Атақты би-
шешендер өз өмірлерінде шаршы топтың алдында сан мәрте сөз жұптап,
биліктің, шешендіктің биігіне шыға алған. Бұл ретте атақты ғалым
Ш.Уәлиханов: "Би атағын беру қазақта халық, тарапынан бір сайлау арқылы
немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы емес, ел
ғұрыптарына әбден жеттік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл
құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би
болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар
екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың
атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардын аты жұрттың бәріне мәлім
болып отырған. Сонымен бұл би деген атақ келіл билік айтуға және төрелік
сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге айналған," - деуі аталмыш өнер тегінің
мейілінше қиын, күрделі екендігін аңдатады 30:56. Сонымен қатар
Ш.Уәлиханов пікірінің тағы бір құнды жағы ел аузына жүрген шешендік сөз
үлгілерінің әртүрлі дау-жанжалда билер аузынан шығуына байланысты аталмыш
сөз үлгілерін билік сөзбен қатысты анықтауымызға ой салатындығында. Қазақта
"Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен" деген нақыл бар. Бұл сөз білмеуден,
сөйлей білмеуден туған нәрсе емес. Қайта аз сөзге көп мағына сыйғызған,
ойға орын мол қалдырған ұлттық таланттың бір қыры. Осыған орай қазақ халқы
бір ауыз сөзге тоқталған бітімге келген, яғни басқаша толғасақ ұлттық
менталитеттің бір көрнісі.
Қорыта келгенде, ұлттық шешендік өнер ғылымының қалыптасуы мен
өркендеуінің жолдары басқа да халықтардың бұл іспеттес өнерінің өсіп-өну
жолымен қарайлас ғылыми-шығармашылық процесті басынан кешіріп, әлі де
жетілдіре, айқындай түсетін келелі мәселелерінің бар екендігін жұмысты жазу
мақсатымыздың өзі айқындап беретіндігін алға тартамыз.

Шешендік сөз жанрын жүйелеу принциптері.

Сөз өнері жанрларының байырғы да өміршең түрі - шешендік сөздер,
шешендік сөздердің дербес жанр (фольклорлық және әдеби) ретінде
қалыптасуының өзі шешендік өнер тарихының даму эволюциясымен тығыз
байланысты десек, шешендік өнерді зерттейтін риторика ілімінің ғана екі
жарым мың жылдай қалыптасу тарихы барлығын ескерсек, онда шешендік
сөздердің жеке жанр ретіндегі теориялық туу, даму, қалыптасу және өркендеу
кезеңдерінің мейілінше ұзақ әдеби процестерді басынан кешіріп, жанр
төңірегінде, оның табиғатын тануда әр-түрлі ғылыми бағыттар мен
методологиялық ізденістердің болғандығын, орныққандығын көреміз.
Әдебиеттану ғылымында жанр табиғатымен ол туралы ғылыми
тұжырымдамалардың кей жағдайда қабыспай бейтарап қалатын кездері болады.
Бұның өзі жанрды жікке бөлудің фольклорлық немесе әдеби принциптерін,
жанрдың ішкі мүмкіншіліктерін, табиғатын ескермеуден, айқындамаудан
туындайды.
Көркем шығармашылықта ақиқат шындықты зерлеудің амалы (тек) бар да
(эпос, лирика, драма) соны жеткізудің көркем пішіні (түр) бар (мақал-мәтел,
шешендік сөз, жұмбақ, мысал, әңгіме, т.б.) . Бұл фольклор мен әдебиетке
ортақ үрдіс.
Мәселе зерттеу көзі болатын жанрды фольклористика принциптерімен
болмаса әдебиеттану принциптерімен қарауда.
Кең мағынасындағы әдеби тарихи сабақтастықтың (фольклор және әдебиет
ауқымында) тарихын салмақтағанда, алдымен фольклорлық шығармалардың туу,
қалыптасу, өркендеу кезендерін көреміз. Бұл — әлемдік сөз өнеріне тән
құбылыс,
Ендеше әуелі қоғамда, адамзат санасында фольклорлық таным мен
фольклорлық шығармалардың стихиясы өсіп-өнді. Фольклорлық шығармалардың
стихиясы дегенде, ең алдымен бұл жанрдың тууында адамның күнделікті
тіршілігі, күнкөріс, кам-қаректі жатты. Айталық, аң аулау, терімшілік,
балық ұстау, әр-түрлі жаулық әрекеттер, "мың бір қатерден сақтану" т.б.с.с.
Кейіннен адам өмірді игерген сайын, өмірдің белгілі кезеңдерінде туған әлгі
жанрлардың түпкі кызметі ысырылып, бірінші кезекке оның рухани-эстетикалық
кызметі болмаса танымдық тәрбиелік сипаты артты. Бұл ретте С.Қасқабасовтың:
"Главном фактором в развитии, изменении или трансформации жанра является
его бытовая функция, целовая установка", — деуі ойымызды бекіте түседі 16:
51.
Бұл ой төркінін шығарманың таза әдеби белгілеріне қарай зерделейтін
ғалымдар да жоққа шығармайды. Мәселен, "Литературные жанры в той или иной
степени несут, помимо литературных функции, функции внелитературные, — дей
келіп, — жанры определяются их употреблением: в богослужением (в его разных
частях), в юридической и дипломатической практике (статейные, списки,
летописи), в обстановке княжеского быта и.т,д",- деген Д.С.Лихачев пікірі
де жоғарыдағы ой сорабын қуаттайды 23:40.
Риторика ілімнің атасы саналатын Протогордан бастап Аристотель,
Демосфен, Цицерон, Әл-Фараби, Ломоносов, Апресян, Байтұрсынов, Садырбаев
сынды шешендер мен ойшылдар, ғалымдар еңбектеріндегі "саясат шешен сөз",
"саяси-әлеуметтік шешендік сөздер", "шешендік дау сөздер", "тұрмыс-салтқа
байланысты айтылатын сөздер" немесе "социально-политические красноречие",
"богословно-церковное красноречие" деп ішкі үлгілерге жіктеу жоғарыдағы
зерттеудің фольклорлық принциптерінен туындап отыр.
Ал сонымен қатар шешендік сөздерді фольклорлық мұра деп қарастырған
күннің өзінде, оны сөз өнері туындысы ретінде әдеби мұрағаттар тұрғысынан
талдаудың әдеби принциптері көзімен қарау қажеттігі туындайды. Әдеби дәстүр
және жаңашылдық мәселелері осыны нұсқайды. Сатылы даму барысында
зерттеудің, әсіресе, жанр мәселесінде, әуелі фольклорлық кейін әдеби
принцптердің туындайтыны заңдылық. Д.С.Лихачевтің: "Для русской литературы
чисто литературные принцпы выделения жанров вступают в силу в основном в
XVII в," — деп орыс әдебиетіндегі жанрлар тарихын зерттегенде, бұл орайда
белгілі бір уақыт мөлшерін анықтауы ойымызды нақтылай түседі 23:40.
Қаншалықты шешендік сөздердің тек пен түр категорияларын
анықтағанымызбен шешендік сөздерге көпшілік жағдайда шешендік өнер
тұрғысынан, сөйлеу мәдениеті (культуру речи) ретіндегі жалпылама қызметі
түріндегі түсініктер деңгейінде ғылыми спецификалық классификациялар,
тұжырымдар жасалды.
Ал бүның өзі риторика іліміндегі оның ішіндегі қазақ шешендік өнерінде
күні-бүгінге дейін шешендік өнер (как вид искусства) және шешендік сөз
(литературный жанр) мағыналарының жете ажыратылмағандығын көрсетіп отыр.
Генетикалық жағынан алып қарағанда, шешендік сөздер тікелей шешендік өнер,
сөйлеу мәдениеттілігі қажеттігінінен туындайды, басқаша айткқада, шешендік
өнер сөйлеудің сөз сияқты бірден-бір материалы, шикізаты.
Шешендік өнер кең мағынасында өнердің өзге түрлері (сөз өнері, сәулет
өнері, музыка өнері т.б.), салалары мағыналас деңгейде сөз өнерімен
төркіндес мәнде ұғыналады. Шешендік өнер ауқымды мағынасында әрбір ұлт
мәдениетінің тарихи этногенездік ерекшеліктерін бойына жиған, сөйлеудің
мәдениетімен, сөз кұдіретімен тікелей байланысты. Бұл жағдайда аталмыш өнер
саласы әдеби жанр ұғымына симай, қоғамдық, тарихи-әлеуметтік, саяси-
экономикалық сипаттармен айқындалатын кең мағынаға ие болады.
Айталық қазақ шешендік өнері — қазақ халқының атадан балаға мирас
болып келе жатқан сөз байлығының, сөз құнарының негізінде бүтін бір ұлттың
суырыпсалмалық қасиетін бойына дарытқан, күрделі тарихи, саяси-әлеуметтік
мәселелерді шешкенде белді роль атқарған, халық кәдесіне жараған синкретті
өнер.
Жалпы шешендік өнерді туындатқан, мәдени-тарихи аренаға, сахнаға алып
шыққан нәрсе қоғамдық-әлеуметтік фактор екені даусыз. Қоғамның сұранысынан
туған рухани құндылықтардың барлығы да зор әлеуметтік мәнге ие болады
Халықтың рух категориясын түстеп тануда фольклор мен этногафияның,
әдебиеттің тағы басқа өнер салалары жетекші роль атқарған.
Мемлекет кұру жолындағы түйінді мәселелерді, келелі істерді шешетін
сот залдарында ендігі кезекте аудиторияны айтылар ойға, уәжге сүттей ұйытар
"от тілді, орақ ауызды" оратор (шешен), көшелі билік айтатын би қажеттілігі
осыдан келіп шықгы.
Яғни өмірлік күн-көріс қамы, тіршілік үшін қажетті (үй салу, мектеп-
медрессе ашу, сот залдарын, оқу-орындарын, мемлекет құру т.б.) шарттарды
адамзат баласының санасында негіздеу үшін рухани құндылық өнер қажеттілігі
осылайша туды.
Көне грек пен Римде Протогорды, Цицерон мен Демосфенді тарихи аренаға
шығарған да халықтық, елдік, мемлекеттік мүдде. Өйткені олар ел рухы үшін
аса керек болды, кейін солардың рухани азығына айналды.
Көне грек пен Римде сот залдарында публика алдында сөйлейтін арнайы
адамдар "логогрифтер" болды және оларды даярлайтын "логогрифтер" мектебі
қызмет етті. Олар алдын ала белгіленген күнге қағаз бетінде сөздерін
жұптайтынды. Бүған отырықшы елдің өмір салты мүмкіншілік туғызды. Ірге тасы
біздің жыл санауымызға дейінгі сандаған ғасырларда қаланған Европа
мемлекеттеріндегі шешендік өнердің туындауының тарихы, әрине, көшпелі өмір
салтын ұстанган, көшпелі мемлекет құрған қазақ халқының шешендік өнері
тарихымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері барлығы айқын көрінеді. Кей
жағдайда көшпелі саят ұстанған елде пайда болған казақ шешендік өнерінің
өзіндік айрықша сипатын алға тартады. Жүйелі ғылымиланған білім беру жүйесі
жоқ, қағаз қалам ұстамаған, кітап бастырмаған елде шешендік жолын үстап,
билік айтам деушілер үшін айырықша талант, ерекше дарындылық қажет... Егер
орта ғасырдағы римдіктер үшін әділеттілік жолында айнымас жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Публицистикалық стиль
Шешендік арнау сөздер
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту
Шешендік сөздер
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Пәндер