Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi туралы



Кiрiспе. 1.
1. Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы. 2.
1.1. Банктiк несие мәнi және экономикалық ролi. 2.
1.2. Банктiк несиенiң функциялары мен түрлерi. 5.
1.3. Банктiк несиенiң принциптерi. 10.
1.4. Банктiк несиенiң жiктелуi. 14.
2. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына банктiк несиенiң даму тенденциясы. 19.
2.1. Банктiк несиенiң объективтiк қажеттiлiгi. 19.
2.2. Банктiк несиенiң экономикаға тигiзетiн ықпалы. 21.
2.3. Банктiк несиелеудiң өзектi мәселелерi мен даму перспективалары. 22.
Қорытынды. 24.
Пайдаланған әдебиеттер. 26.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi” өзектi тақырыптардың бiрi болып табылады. Өйткенi, қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жүзеге асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптақалы берi, көптеген экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу, т.б. үшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi пайдалануға мәжбүр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Өндiрiстiң кеңеюiне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты- ЅР-ғы қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, 1- несие түсiнiгi және оның теориясы, 2- ЅР- ның экономикалық жағдайына банктiк несиенiң даму тенденциялары, қорытындыдан тґрады.
1. Г.С. Сейтқасымов. Ақша, несие, банктер. Алматы. Экономика 2001 жыл.
2. Ш. Қашықов, О. Нұрғалиев. Экономикалық теория негiздерi. Қарағанды 1997 жыл.
3. Г.Т. Қалиева. Кредитное дело. Алматы. Қаржы-Қаражат. 1997 жыл.
4. М.Т. Давлетова. Кредитная деятельность банков в Казахстане. Алматы. Экономика. 2001 жыл.
5. С.В. Галицкая. Денежное обращение, кредит, финансы. Москва. Международные отнашения. 2002 жыл.
6. Г.С. Сейткасимов. Банковское дело. Алматы. Ѕаржы-Ѕаражат. 1998 жыл.
7. О.И. Лаврушина. Банковское дело. Москва. Финансы и статистика. 1998 г.
8. Е.Ф. Жукова. Банки и банковские операции. Москва. Банки и биржи. 1997 г.
9. И.Т. Балабанова. Банки и банковское дело. Санкт-Питербург. 2001 г.
10. А.М. Бабич, Л.Н. Павлова. Финансы. Денежное обращение, кредит. Москва. 2000 г.
11. Банки Казахстана. Номер 2-2002 г.
12. Г.Т. Калиева. Коммерческие банки в Казахстане: проблемы устойчивости. Алматы. 1999 г.
13. О.Қ. Шеденов. Жалпы экономикалыј теория негiздерi. Алматы-Ақтөбе. 2001 жыл.
14. Баймұханов С.Б., Балапанова. Бухгалтерлiк есеп. Алматы. Қазақ университетi. 2001 ж.
15. Қ.Қ. Кеулiмжаев “Қаржылық есеп”. Алматы, экономика, 2001 жыл.
16. ⅩⅪ Ғасырдағы Ұлттық экономиканық даму проблемалары мен тенденциялары. Республикалық Ғылыми конференция материалдары 14-15 Қараша 2002 жыл. Алматы.
17. Статистический бюллетень Национального банка Республики Казахстана. Алматы 2002 г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кiрiспе.
1. Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы.
1.1. Банктiк несие мәнi және экономикалық ролi.
1.2. Банктiк несиенiң функциялары мен түрлерi.
1.3. Банктiк несиенiң принциптерi.
1.4. Банктiк несиенiң жiктелуi.
2. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына банктiк несиенiң даму
тенденциясы.
2.1. Банктiк несиенiң объективтiк қажеттiлiгi.
2.2. Банктiк несиенiң экономикаға тигiзетiн ықпалы. 21.
2.3. Банктiк несиелеудiң өзектi мәселелерi мен даму перспективалары.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Кiрiспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “банктiк несие және оның экономиканың
дамуында алатын ролi” өзектi тақырыптардың бiрi болып табылады. Өйткенi,
қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру үшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз
қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жүзеге асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптақалы берi, көптеген
экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi
меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша
босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк
әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы
экономикамызға оң ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған
ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк,
қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың,
яғни экономикамыздың қозғаушы күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды.
Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын
жүргiзу, т.б. үшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын
қаржыландыру үшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу
үшiн несиенi пайдалануға мәжбүр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс
процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Өндiрiстiң кеңеюiне, ақша
айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк
несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына,
өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына,
айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық
процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты- ЅР-ғы қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу
процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты
туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, 1- несие түсiнiгi және оның теориясы, 2- ЅРның экономикалық жағдайына банктiк несиенiң даму тенденциялары,
қорытындыдан тґрады.
I.Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы.
1.1. Банктiк несие мәнi және экономикалық ролi.
ұдайы өндiрiс фазаларының бiрлiгi мен өзара әсерi тауар-ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етiледi.Ұдайы өндiрiс процесi фазаларының өзара әсерi тауарлық

шаруашылығы несиенiң орнын айқындауда және оның мәнiн ашуда елеулi мәнге
ие. Өндiрiсте несиелiк қатынас жүргiзiлмейдi. Өндiрiстiк процеске несиелiк
қатынастардың тек бiрiншi жағы –алынған несиенi өндiрiстiк мақсатқа
пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екiншi жақ– кредитор
өдiрiстiк процестiң сыртында қалады. Демек, несие бiрегей ұдайы өндiрiс
процесiнiң субъектiлерi арасындағы экономикалық байланысты бiлдiредi.
Сондықтан несиенiң мәнiн ұдайы өндiрiс процесiнiң бiр сатысымен ғана
байланыстыруға болмайды. Несие тек өндiрiсте ғана пайда бола алмайды,
өйткенi мұндай өнiм әлi жасалған жоқ, ал оның білiктерi ұдайы өндiрiс
процесiнiң сәйкес қатынасушыларының иелiгiне түскен жоқ. Сондықтан несиеге
бастаманы өндiрiс сатысы емес өнiмнiң қозғалысының келесi сатылары бередi.
Осы мағынада несиелiк қатынастар бұл өндiрiстегi қатынастар емес, оны ң
сыртындағы қатынастар болып табылады
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмiлесiнiң формасы
ретiнде құн қозғалысының үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесiнде м әмiленi ң 2
түрi ажыратылады: қарыз мәмiлесi және алу - сату мәмiлесi. Несие қарыз
мәмiлесi ретiнде тауар айналысының процесiне себепшi бола алады. қарыз
мәмiлесi тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату м әмiлесiне
қарсы қатып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкiн. Олардың арасындағы
негiзгi айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезiнде эквиваленттi ң
қайтарылуы кейiнге қалдырылады. Несие ақшаның төлем құралы
функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал, эквивалент
қайтарылуының кейiнге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу -сатудан
дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан
қарыз мәмiлесiн сатып алу-сату мәмiлесiнiң бiр түрi деп ойлауға болмайды.
Айырбастың 2 контрагентiнiң бiрегей келiсiмi ретiнде алынған сатып алусату мәмiлесi олардың арасындағы кездейсоқ, өткiншi байланысты жүзеге
асырады.
Несиенi экономикалық категория ретiнде қарыз мәселiсi негiзiнде
көрiнетiн және дамитын өндiрiстiк қатынас арқылы анықтау керек. қарыз
мәселесi несиесi экономикалық категория ретiнде өз бетiнше сипатталмайды,
оны мәлiм негiзiнде пайда болатын өндiрiстiк байланыстар немесе ж үзеге асыру
формасы мәмiлесi болып табылатын өндiрiстiк қатынастар сипаттайды.
Несие шаруашылық жүйелердiң ауысуына жағдай жасап отырып өзi де
ауысып отырады,өз мазмұнын өзгертедi.
қарыз мәмiлесi ретiнде несиенi екi көзқараста қарастыруға болады:
бiрiншiден, оның техникалық заңдылық белгiлерi көзқарасынан, екiншiден,
әлеуметтiк мазмұны, яғни осы келiсiм негiзiнде өсетiн және дамитын немесе
онда өз көрiнiсiн табатын өндiрiстiк байланыстар типiн сипаттайтын белгiлер
тұрғысынан бұл екеуi бiр-бiрiнен бөлiнгiсiз, олар өзара байланысты және
себепшi. Бiрақ экономикалық талдау үшiн маңыздысы қарыз м әселесiнi ң

экономикалық мазмұны, яғни өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр формалармен
байланысты шаруашылық әдiстерi, жұмыс тәсiлдерi емес, өндiрiстiк
қатынастардың өзi болып табылады.
Бұл жағдайда былайша түсiндiруге болады. Мысалы, машина өндiрiсiн
таза техникалық тиiмдiлiгi тұрғысынан қарастыруға болады, сонымен қатар сол
машина
өндiрiсi негiзiнде пайда болатын және дамитын өндiрiстiк
байланыстардың формалары мен типтерi тұрғысынан, бұл бiр жағынан, оларға
себепшi, ал екiншi жағынан, олар оны анықтайды. Бiрiншi жағдайда, бiз машина
өндiрiсiн техникалық-экономикалық категория, ал екiншiсi жағдайдаэкономикалық категория ретiнде қарастырамыз.
Несие-өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн экономикалық категория. Несие
экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенiн атап
өту керек. Ол өндiрiстiк күштердiң тек белгiлi бiр дамуында пайда болады.
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенiң ж әне
несиелiк қатынастардың пайда болуына табиғи негiз, тауар шаруашылығы
болып табылады.
қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретiнде тауарлар айырбасы,
қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негiз болып
табылады. Ақша қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн себептер, несие қажеттiлiгiнiң
де себептерi болып табылады.
Несие ұдайы өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету
қажеттiлiгiнен келiп шығады. Несие берiлген сайын ол шар, субъектiлердiң
өндiрiстiк капиталы ақшалай, өндiрiстiк және тауарлық формаларда болады.
Несиенiң мәнiн ашу-бұл несиенi экономикалық қатынастардың бiртұтас
жүйенiң элементi ретiнде көрсететiн, оның мәндi анықтығын бiлдiретiн
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенiң м әнi ж әне қажеттiлiгi
туралы жоғырыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырайық.
Несиелiк мәмiледе қатынас субъектiлерi қарыз берушi және алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндiрiсi мен тауар айналысы
негiзiнде жүредi.
Кредитор-несиелiк мәмiленiң қарызды ұсынушы жағы. қарыз беру үшiн
кредитордың қарамағында белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз
қорлары, ресустары, өз кезегiнде қайтарымдық негiзiнде ұдайы өндiрiс
процесiнiң басқа субъектiлерiнен алынған ресурстар бола алады. Қазiргi
уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресустар
есебiнен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебiнен
де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы
жинақталған қаражаттар есебiнен де бере алады.
Банктердiң құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүредi. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер ұжымдық кредиторлар
ретiнде
бола
отырып,
несиелеу
үшiн
шаруашылықта
уақытша

пайдаланылмайтын ресустарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай
алады. Кейбiр жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылы қтар
да қарызға берiледi. Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр
мерзiмге ресурс берушi тұлға болады. Қарыз алушы несиенi белгiленген
мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз
алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.
Қарыз алушы-несиелiк қатынастың, несиенi алушы және алған қарызды
қайтаруға мiндеттi жағы болып келедi. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiне
жақын, бiрақ шамасы бiрдей түсiнiк емес. Борыш-мiндеттi жалпы сипаттайтын
анағұрлым кең түсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз
алушы туралы айту керек.
Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелiк мәмiледе
төмендегiдей ерекшелiктерге ие. Бiрiншiден, ол қарызға берiлетiн
қаражаттардың меншiк иесi болып табылмайды, олардың уақытша ретiнде
болады; өзiне тиiстi емес бөтен бiреудiң ресустармен жұмыс iстейдi. Екiншiден,
қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндiрiс
сферасында да пайдаланылады. Үшiншiден, қарыз алушы өзiнiң
шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды
қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткiлiктi түрде есеп айырусымен қоса
қайтарымды толық өтеу үшiн ұдайы өндiрiс процесiн өркендете түсу керек.
Төртiншiден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып
қоймай, сонымен қатар қарыз пайызында төлейдi. Бесiншiден, қарыз алушы
өзiнiң кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелдi болады.
Кредитор мен қарыз алушы несиелiк қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар
шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкiн:
кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
1.2.Банктiк несиенiң функциялары мен түрлерi.
Кәсiпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен
қамтамасыз етудi ұйымдастыру, несие жүйесiнiң қызмет етуi шаруашылық
құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмi
қызмет етуiнiң үздiксiздiгi мен тиiмдiлiгiнен тек жеке шаруашылық
бiрлiктерiнен қаражаттарды дер кезiнде алуды ғана емес, сонымен қатар
толығымен мемлекеттiң экономикалық даму типтерi де тәуелдi болады.
Ең алдымен, өнiм өткiзумен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз
етуде несиенiң ролi зор.
Кәсiпорындар, ұйымдар және басқа да шаруа жүргiзушi субъектiлердiң
несиеге деген қажеттiлiгi өнiм өткiзуден түскен қаражаттардың түсу уақытының
материалдық құндылықтарды сатып алу, еңбекақы төлеу мен қызмет
көрсетулерге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес

келмегендiгiнен туады. Бұл шығындарсыз өндiрiс тоқтап қалуы мүмкiн.
Мұндай қаражаттың бар болуы мен оларды тұтыну арасындағы уақытша
қарама-қайшылық несие көмегiмен шешiледi, яғни несие арқылы өнiм өткiзу
мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Қаражаттарда уақытша қажеттiлiк маусымдық өндiрiс пен, өнiмнiң жеке
түрлерiн тұтынумен байланысты пайда болуы мүмкiн. Өндiрiстiк
шығындарында маусымдық үзiлiс өндiрiстiң маусымдық кеңеюi кезiнде өтелетiн
несиемен жабылады. Өнiрiстiң кеңеюiнде несие үлкен роль ойнайды. Несие
негiзгi қорларды сатып алу үшiн (қаражат көзi ретiнде), жетiлген жаңа
жабдықтарды сатып алу үшiн, өндiрiске жаңа техналогияны енгiзу үшiн, та ғы да
басқалары үшiн қаражат көзi ретiнде көрiнiс табады.
Белгiлi бiр бағытта несиенi қолдану бюджеттiк қаржыландырумен
салыстырғанда бiраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар үшiн
қаражаттарда қажеттiлiктi анықтау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер
барынша көп қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиiмсiз жұмсауға
ұмтылады, себебi оларды қайтаруды ешкiм талап етпейдi. Ал, несиенi
пайдаланғанда ұмтылыс болмайды, өйткенi қарызға алынған қаражаттар
пайызбен қайтарылатындықтан.
Ақша айналымы сферасында несие маңызды роль атқарады. Қолма-қол
ақшаны несиелiк операциялармен ауыстыру функциясын орындай отырып,
несие айналымдағы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерiн тигiзедi.
Нарық қатынасы қалыптасуының қазiргi жағдайында несиелiк қатынастар
сферасы, кеңеюiнде және несие салымдары көлемi ұлғайып жатыр, осылай
экономикалық дамуында несиенiң ролi жоғарлайды.
Қазiргi кезде бюджеттiк қаржыландыру көлемi қысқарып азаяды.
Мемлекеттiң (бюджеттiң), кәсiпорынның, фирмалар мен басқа да шаруашылық
субъектiлерiнiң, сонымен қатар жеке тұлғалардың өндiрiстi ұйымдастыру мен
кеңейтуге және т.б. инвестициялау, банк несиелерi арқылы ж үзеге асырылып
жатыр.
Нарықтық экономиканың дамуымен несиелiк қатынастарды кеңейту үшiн
басқа да мүмкiндiктер пайда болады. Көбiнесе коммерциялық және ипотеклы қ
несиелер, вексельдер. Сонымен қатар акциялар мен бас қа да құнды қарыздарды
кепiлге беру арқылы несие берiлетiн болады.
Инфляция кезiнде де несие ролi зор болады. Себебi несиелеу ар қылы
айналымдағы ақша массасын реттеуге мүмкiндiк туады және ақша бiрлiгiн
сатып алу мүмкiндiгiн тұрақтауға көмектеседi.
Сонымен қатар несиелiк қатынастардың кеңеюiне несиелеудiң жаңа
әдiстерiн, мысалы проекттi қаржыландыру сияқты, қолдану оң әсерiн тигiзедi.
Осының бәрi экономиканы басқарудың нарықтық әдiстерi кезiнде
несиенiң қажеттiлiгi күшейедi, оның ролi жоғарлайды және өндiрiстiң кеңеюiне
әкеледi.
Несиенiң мәнi нақты функцияларда көрiнедi. Қазiргi экономикалық

әдебиеттерде несиенiң 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта болу мен
нақты ақшаны несиелiк операциялармен алмастыру.
Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелiк
қатынастар құн айырбасы процесiнде уақытша босаған қаражатты борышқорға
берумен, сосын осы құн бастапқы иесiне қайтарылу жолымен қайта бөлу
стадиясында пайда болады.
Шаруашылық субъектiлерi мен азаматтардың уақытша босаған
ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесiн
бiлдiредi. Бұл процесс несие арқылы жүзеге асырылады. Оған осы қайта б өлу
функциясы жатады.
Қайта бөлу салалық және территориялық белгiлерi бойынша жүруi
мүмкiн. Несие арқылы құнды қайта бөлу микро және макроэкономикалы қ
деңгейде жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табыс қайта бөлiнедi.
Несиенiң екiншi функциясы нақты ақшаларды несиелiк операциялармен
алмастыру болып табылады. Бұған қолма-қол ақша сөзi келедi. Себебi
айналымда құны жоқ ақша белгiлерi жүредi. Сондықтан нақты ақша болып
табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бiрлiктерi болып табылады.
Қазiргi несие шаруашылығында осындай алмастыруға қажеттi шарттар
қолданылады. Қолма-қолсыз есеп айырысу мен байланысты бiр шоттан екiншi
шотқа ақшаны аудару (несие негiзiнде жүзеге асырылатын) айналымдағы қолмақол ақша көлемiн сақтауға мүмкiндiк бередi.
Бiздiң көз қарасымыз бойынша тек көрсетiлген осыдан басқа несие келесi
қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын
жылдамдату және бақылау.
Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы.
Несиелiк механизм қосымша құнның капиталға айналу процесiне ықпал тигiзедi
және жеке жинақтау шекарасын кеңейтедi. Өндiрiс масштабының үлкеюi үшiн
жеке шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары жеткiлiксiз, сондықтан
қосымша құнның бөлiктерi ағылып несиелiк мекемелерде жинақталады ж әне
мәндi көлемге жеткеннен кейiн ұдайы өндiрiстi кеңейту процесiне белсендi әсер
етедi. Несие капиталының орталықтануында маңызды роль атқарады. Ол жеке
кәсiпорындардың меншiктiң ұжымдық формасына айналуына ықпал тигiзедi.
Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзiне алған мiндеттi уақытында
орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын
бақылауға сәйкестендiрiледi. Сондықтан несиелiк процесс уақытында
несиелеудiң барлық принциптерiнiң сақталуы бақыланады. Сол арқылы
кредиторға қарызды беру туралы және несиелеудiң тәртiбiн қатаңдату туралы
немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешiмдi
қабылдай алады.
Мемлекет жоғарыда айтылған несиенiң функцияларын қолдана отырып
банк жүйесi арқылы бар ресурстарды үнемдi қолдануға жетуге, халық
шаруашылығы салаларын дамытуға, солай барлық қоғомдық өндiрiстiң

тиiмдiлiгiн жоғарлата алады.
Несие экономикалық категория ретiнде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бiр объектiлерге тән тұрақты, қажеттi байланыстардың жиынтығын
бiлдiредi.
Экономикалық әдебиеттерде несиенiң негiзi 2 формасы қарастырылады:
коммерциялық және банктiк. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие
формаларына: тұтыну, мемлекеттiк, халықаралық, үкiметаралық, фирмалық
және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие-бұл жеткiзушiнiң сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетiлген қызметi үшiн төлемдi кейiнгi қалдыруы. Несиенiң осы
формасының объектiсi ретiнде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Коммерциялық несиенiң ерекшелiгi мынада: қарыз капиталы өнеркәсiптiк
капиталмен бiрiккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткiзудi жылдамдату.
Коммерциялық несиенiң құрылымы версель-жазбаша қарыздық мiндеттеме
болып табылады. Ол оның иесiне белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн,
борышқордан вексельде көрсетiлген ақшалай соманы талап етуге құқық бередi.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Олардан
кейiнгi орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар
кiредi.
Банктiк несие- бұл банктердiң, арнайы несие-қаржылық мекемелердiң
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрiнде беретiн несиесi.
Банктiк несие коммерциялық несиенiң шектеулерiн жояды. Бос ақшалай
капиталдар кез-келген өндiрiс саласына берiледi және несие арқылы кез-келген
бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесi өзiнiң бос ақшалай
капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс
кәсiпорнына қарызға бередi.
Тұтыну несиесi-бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтердi төлеу үшiн коммерциялық және банктiк формада
берiлетiн несие. Тұтыну несиенiң негiзгi мiндетi-тұрғындарға тауарларды сату ға
қолдау көрсету. Тұтыну несиесi негiзiнен қымбат тұратын тауарларды сатып алу
кезiнде: автомобильдердi, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б.
пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиi қолданылады.
Дербес несиелер-бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретiн банктiк
қарыздар. Бұл несиелердi көбiнесе жас жанұялар және бiлiм алуды ң б үкiл
кезеңiне қарыздарын 5 жыл iшiнде өтеу үшiн оқуға түскен студенттер алады.
Ипотекалық несие-жылжымайтын мүлiктердi, жердi, тұрғын үй және
өндiрiстiк ғимараттарды кепiлдiкке ала отырып берiлетiн қарыз.
Мемлекеттiк несие азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретiнде мемлекет және жергiлiктi билiк органдары
болатын несиелiк қатынастар жиынтығы.
Халықаралық
несие-валюталық
және
тауарлық
ресурстарды
қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты

халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының
қозғалыс формасы.
Несиенiң түрлерi бұл белгiлi бiр түрдегi экономикалық қатынас ретiнде
несиеден келiп шығатын белгiлi бiр қасиеттерге ие оның бiр түрi.
Несие түрлерi төмендегiдей жiктеледi:
1. Мерзiмдерi бойынша: а) қысқа мерзiмдi(1 жылға дейiн); ә) орта
мерзiмдi(1 жылдан 3-5 жылға дейiн); б) ұзақ мерзiмдi (3-5 жылдан
жоғары)
2. Несиелеу объектiлерi бойынша: а) негiзгi қорларға берiлетiн несие; ә)
айналым қорларына берiлетiн несие.
3. Несиелеу әдiстерi бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә) айналым
бойынша несиелеу. Мысалы, тұтыну несиесiнiң түрлерi тауарлы ж әне
ақшалай болуы мүмкiн.
Қазақстанда несиелердiң келесi түрлерi дамыған:
1. Ұлттық Банктiң несиелерi:
-аукциондық- ұлттық банктiң ақша несие саясатының уақытша құралы
болып табылатын және екiншi деңгейдегi банктерге аукционды қ негiзде,
республика банктерiнiң 1 айдан 3 айға берiлетiн қысқа мерзiмдi
несиелерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатындағы берiлетiн
несие;
-ломбарттық- ұлттық банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздарды кепiлге ала
отырып, жоғары пайызбен берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң түрi.
-бюджеттiк-ұлттық банк ЅР Ѕаржы Министірлiгiне қайтарымдылық
шартымен беретiн несиесi:
2. Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерi:
-өз айналым қаражаттарының жеткiлiксiздiгiн уақытша толықтыруға;
-күрделi жұмсаулымдарды қаржыландыруға;
-импорттық бойынша котрактiлердi төлеу үшiн берiлетiн импорт;
-импотекалық;
-несиелiк желi негiзiнде- қарыз алушының бiрiншi талап етуi бойынша
және белгiлi бiр кезең бойында келiсiлген лимит шегiнде оған несие беру
туралы банктiң заңдық рәсiмделген мiндеттемесi;
-консорциялық- несиелiк, кепiлдiк немесе басқа да банктiк операцияларды
бiрiгiп жүзеге асыру үшiн қандай да бiр iрi банктiң қамқорлығы мен
уақытша бiрлескен екi немесе одан да көп банктер беретiн несие, б ұл
кезде бiр банктiң мүмкiншiлiгi қандай да бiр себептерге байланысты б ұл
функцияларды дербес жүргiзуге жетпеуi мүмкiн;
-тұтыну мақсаттарына;
-банкаралық.
Банкаралық несиелердiң негiзгi көлемi ұйымдастырылған банкаралық
нарықта аукциондық сатуда арқылы ұсынылады. Негiзгi кредитор ретiнде iрi
банктер (Халықтық банк, Казкоммерц банк) болады.

1.3.Банктiк несиенiң принциптерi
Несие-бiр заңды тұлғаның екiншi бiр заңды тұлғаға немесе жеке адамның
заңды тұлғаға әдетте келiсiлген мөлшерде пайыз немесе өсiм алу үшiн белгiлi
бiр уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда
болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесi болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктiк
болып екiге бөлiнедi.
Коммерциялық несие-1 субъектiнiң 2-шi субъектiге сатқан тауарының
құнынан алынатын төлемiнiң кейiнге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесi-субъектiге ақша қаражаты түрiнде өндiрiсiн ұлғайтуға,
ағымдағы қызметтерiне байланысты қарыздарын төлеу үшiн берiледi.
Банктiк несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиенi
қолдану өрiсi кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етедi, ал
банктiк несие қоғамының барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет
етедi.
Банктiк несие әмбебап болып келедi, өйткенi банк арқылы қайта бөлiнген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелiк оның жедел даму себебi қызметiн атқарады. Қарыз мәмiлесiнiң
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсiптiк капиталдан б өлектенген.
Кредитордың мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және пайыз төлеу жағдайларында қарыз
капиталын ұсынушы банктiк мекеме кредитор ретiнде көрiнедi.
Кредитор ретiнде банктердiң несиелеу үшiн белгiлi бiр шарттармен
тартылатын ресурстарға мұқтаж болады. Банк арқылы меншiктi ж әне тартыл ған
ақша қаражаттары банк несиесi келiсiм шартына сәйкес клиент шоттарында
орналасады және қайта бөлiнедi. Сонымен қатар тартылған ресурстармен б өлу
несие ретiнде болса, онда банк қарыз алушы ролiнде болады. Сол сия қты
депозиттер мен клиент шоттарындағы қаражаттар болса, онда банк ақшаны
сақтаушы және оларды қайтаратын кепiл ролiнде болады. Қарыз алушыдан
төленетiн несие үшiн төлем, банк үшiн пайданың қалыптасу к өзi б.т. Сонды қтан
банк пайыз ставкаларын максимумдеуге бағытталады. Пайыз ставкаларын
шектеушi болып несиеге орташа нарықтық пайыз ставкалары табылады.
Шаруашылық субъектiсi банк мекемесiнен несие сұрамастан бұрын несие
алудың қажеттiлiгiн, оны уақытында қайтарудың мүмкiншiлiгiн, әрбiр
коммерциялық банктердiң несие беру, өтеу, өсiм процентi ставкалармен және
басқадай талаптармен танысып алдын ала шешiп алуы қажет. Банктер әдетте
несие сұраушы субъектiнiң өтем қабiлеттiлiгiмен өтемпаздығын мұқият
тексередi. Несиенiң объективтi қажеттiлiгi - бұл, субьектiнiң өндiрiстiк және
сауда айналымы капиталының жетiспеушiлiгiнен туындайды.
Банктiк несиенiң принциптерi несиелеу жүйесiнiң негiзгi элементiн

құрайды. Олар өндiрiстiк қатынастар түрi ретiнде несие мазмұнын көрсетедi.
Сондықтан принциптер объективтi болады. Принциптердiң объективтiлiгi банк
түрiндегi қоғамның несиенiң мәнiн бiлiп, несиелеудiң тиiмдiлiгi жөнiнде ойлап,
несие саясатына зиянын келтiрмей кез-келген принциптi жоя алмайды.
Несиелеудiң принциптерi қарызға берiлетiн қаражаттардың заңды қозғалысын
қамтамасыз етуге щақырады. Кредитор мен қарыз алушының арасындағы
қарым - қатынасты несиелеудiң принциптерiн ескермеу қарызға берiлген
құнның қайтарылатын негiзiн кетiредi. Несие мекемесiнiң белсендiлiгi несиелiк
қатынастар мазмұнын терең танып бiлу негiзiнде ол несиенiң м әнiн ашатын
жаңа принциптi тұжырымдайды.
Банктiк несиелеудiң принцитерi тұрақты болады. Олар тек несиенi ң
әлеуметтiк – экономикалық мәнiнiң өзгеруiмен бiрге өзгередi.
Несиелеудiң принциптерi несие мазмұнымен байланысы (осыдан олардың
объективтiлiгi) тағы да бiр ерекшелiктi туындатады. Несие мазм ұнын жалпы
және сонымен оның ерекше белгiлерi де ашады. Егер несиенiң жалпы белгiлерi
оның басқа экономикалық категориялармен байланысын көрсетсе, онда ерекше
белгiлерi несиенi экономикалық қатынастар жиынтығынан ерекшелейдi.
Осыдан принциптердi екi топқа бөлуге болады, жалпы экономикалық ж әне
несие мәнiн ашатын деп.
Жалпы экономикалық принциптерге мақсаттылық және саралау жатады.
Несие мәнiн ашатын принциптерге несиенi қайтару мерзiмi, несиелеудi ң
материалдық қамтамасыз етiлуi, несиенi төлеу жатады.
Мақсаттылық принципi. Несиенi беру мақсатын барлық несиелеу процесi
анықтайды. Кәсiпорынды несиелеудiң әлеуметтiк – экономикалық себебi
экономикалық заңдармен анықталады. Несие мақсаты мен несиелеудiң мақсаты
тепе – тең емес. Несиенiң мақсаты несиелеу мақсатына қарағанда жалпығырақ
категория болып табылады. Ол шаруашылық ұйымдарды несиелегендегi
мақсаттарды анықтайды. Жеке категория ретiнде несиелеудiң мақсаты нақты
түрде көрiнiс табады. Несиелеген кезде банк қарыз алуға өзiнiң нақты талабын
бiлдiретiн нақты борышқормен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Банктік несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлі туралы ақпарат
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi
Несие жүйесінің қалыптасуы
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi жайлы
Банктердің қызметтері мен операциялары
Ақша саясаты
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Пәндер