Қылмыстық процесс



КІРІСПЕ

I.ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық іс жүргізудің демократиялық негіздерінің бірі ретінде қалыптасуы мен дамуы
1.2 Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық процестің өзге қағидаларының ішінде алатын орны мен маңызы

ІІ.ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ҚҰРАЙТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

2.1 Айыптау функциясы және мемлекеттік айыптаушының рөлі
2.2 Қорғау функциясы, қорғаушы өкілеттіктерінің шеңберін кеңейту

ІІІ.ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Тараптардың тең құқықтылығын қамтамасыз ету . қылмыстық процесс сайыскерлігінің міндетті шарты
3.2 Қылмыстық сот өндірісіндегі тұлға құқықтарының жүзеге асырылу кепілдіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ
Қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасы қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясы мен тәжірибесіндегі даулы және өзекті мәселелердің бірі. Сот қызметкерлерінің арасында сот талқылауы сатысында орын алатын сайыскерлік бастаманың қажетсіздігі туралы көзқарас кең таралған. Бұл пікірді қолдаушылар да көп кездеседі және ол сот талқылауына айыптау мен қорғау тараптарын енгізу- қажетсіз, процесті күрделендіретін, ұзартатын кедергі ретінде қарастырады. Сайыскерлік қағидасы буржуаздық сипатта болады, яғни, еркін бәсекелестікке негізделген капиталистік тауар шығарушы қоғамның әлеуметтік қатынастары ретінде көрініс табады делінген.
Алайда, қазіргі таңда бұл пікірмен мүлдем келісуге болмайды. Иә, ҚІЖК-дегі бәсекелестік қағидасы өз бастауын буржуаздық құқықтан алады, бірақ оның маңызы мен мазмұны түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Алғашқы кезде қылмыстық процесте жария бастама, жария мүдде басым болған, яғни, соттың әрекеттері басты сипатта болып, ал тараптардың әрекеттері – тек қосымша, көмекші сипатта болды.
Дегенмен, сайыскерліктің мазмұны – тек процеске айыптаушы мен қорғаушының қатысуында ғана емес, сондай-ақ айыпталушыға бірқатар процессуалдық құқықтарды ұсынуда да болып есептеледі. Нәтижесінде, айыпталушы – басқарусыз, құқығы жоқ объект емес, процестегі белгілі бір құқықтарға ие (қорғану, құжаттарды ұсыну, сот тергеуінің кез-келген уақытында түсініктер беру, соңғы сөз алу құқығы) тарап болып саналады. Сондықтан қылмыстық процестегі сайыскерлік бастама туралы мәселені шешкен кезде іс бойынша материалдық шындықты толық табу үшін айыпталушыға жоғарыда көрсетілген құқықтарды ұсыну жеткілікті бола ма ? деген сұрақ туындайды.
Бәсекелестік буржуаздық процестен бастау алғанымен, одан бас тарту және айыпталушыны құқықтарынан айыру – буржуаздық емес, ортағасырлық инквизициялық процестен туындағанын көрсетер еді; сәйкесінше, бұл алға емес, кері жылжу болады. Осылайша, бәсекелестікті жою "қылмыстық процесс сапасын өзгертіп, төмендетуге әкеп соғады."
Қылмыстық процестегі сайыскерлік бастаманы шектеудің негізгі идеясы – қылмыстық істер бойынша өндіріс жүргізудің қиыншылықтарын алдын ала тергеу сатысына ауыстыру болып табылады, ал сот талқылауы алдын ала тергеудің қосымшасы ретінде қарастырылады. Сот талқылауының осындай "қосымша" сипаты бойынша сот алдын-ала тергеуде даулы болған мән-жайларды прокурордың баяндамасын басшылыққа ала отырып шешеді.

РЕФЕРАТ

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ
ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

1. Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық іс
жүргізудің демократиялық негіздерінің бірі ретінде қалыптасуы мен
дамуы
2. Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық
процестің өзге қағидаларының ішінде алатын орны мен маңызы

ІІ-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН
ҚҰРАЙТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. Айыптау функциясы және мемлекеттік айыптаушының рөлі
2. Қорғау функциясы, қорғаушы өкілеттіктерінің шеңберін кеңейту

ІІІ-ТАРАУ. ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ ҚАҒИДАСЫН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Тараптардың тең құқықтылығын қамтамасыз ету – қылмыстық процесс
сайыскерлігінің міндетті шарты
2. Қылмыстық сот өндірісіндегі тұлға құқықтарының жүзеге асырылу
кепілдіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ

I-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫ МЕН САЙЫСКЕРЛІГІ
ҚАҒИДАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

3. Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының қылмыстық іс
жүргізудің демократиялық негіздерінің бірі ретінде қалыптасуы мен
дамуы

Қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі
қағидасы қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясы мен тәжірибесіндегі даулы
және өзекті мәселелердің бірі. Сот қызметкерлерінің арасында сот талқылауы
сатысында орын алатын сайыскерлік бастаманың қажетсіздігі туралы көзқарас
кең таралған. Бұл пікірді қолдаушылар да көп кездеседі және ол сот
талқылауына айыптау мен қорғау тараптарын енгізу- қажетсіз, процесті
күрделендіретін, ұзартатын кедергі ретінде қарастырады. Сайыскерлік
қағидасы буржуаздық сипатта болады, яғни, еркін бәсекелестікке негізделген
капиталистік тауар шығарушы қоғамның әлеуметтік қатынастары ретінде көрініс
табады делінген.
Алайда, қазіргі таңда бұл пікірмен мүлдем келісуге болмайды. Иә, ҚІЖК-
дегі бәсекелестік қағидасы өз бастауын буржуаздық құқықтан алады, бірақ
оның маңызы мен мазмұны түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Алғашқы кезде
қылмыстық процесте жария бастама, жария мүдде басым болған, яғни, соттың
әрекеттері басты сипатта болып, ал тараптардың әрекеттері – тек қосымша,
көмекші сипатта болды.
Дегенмен, сайыскерліктің мазмұны – тек процеске айыптаушы мен
қорғаушының қатысуында ғана емес, сондай-ақ айыпталушыға бірқатар
процессуалдық құқықтарды ұсынуда да болып есептеледі. Нәтижесінде,
айыпталушы – басқарусыз, құқығы жоқ объект емес, процестегі белгілі бір
құқықтарға ие (қорғану, құжаттарды ұсыну, сот тергеуінің кез-келген
уақытында түсініктер беру, соңғы сөз алу құқығы) тарап болып саналады.
Сондықтан қылмыстық процестегі сайыскерлік бастама туралы мәселені шешкен
кезде іс бойынша материалдық шындықты толық табу үшін айыпталушыға жоғарыда
көрсетілген құқықтарды ұсыну жеткілікті бола ма ? деген сұрақ туындайды.
Бәсекелестік буржуаздық процестен бастау алғанымен, одан бас тарту және
айыпталушыны құқықтарынан айыру – буржуаздық емес, ортағасырлық
инквизициялық процестен туындағанын көрсетер еді; сәйкесінше, бұл алға
емес, кері жылжу болады. Осылайша, бәсекелестікті жою "қылмыстық процесс
сапасын өзгертіп, төмендетуге әкеп соғады."
Қылмыстық процестегі сайыскерлік бастаманы шектеудің негізгі идеясы –
қылмыстық істер бойынша өндіріс жүргізудің қиыншылықтарын алдын ала тергеу
сатысына ауыстыру болып табылады, ал сот талқылауы алдын ала тергеудің
қосымшасы ретінде қарастырылады. Сот талқылауының осындай "қосымша" сипаты
бойынша сот алдын-ала тергеуде даулы болған мән-жайларды прокурордың
баяндамасын басшылыққа ала отырып шешеді.
Қазіргі заманғы ағылшындық сайыскерлік өндірістің ережелеріне
тоқталатын болсақ, сот мәжілісі айыптаушының кіріспе сөзінен басталады, ол
іс материалдарын ауызша айтып, сотталушыға тағылған айыпты негіздейді.
Мұнда тараптардың жарыссөзі орын алмайды, айыптаушыға қарсы қорғау
тарабының тұжырымдары айтылмайтындықтан, сот тергеуі негізінен алдын-ала
жиналған жазбаша материалдарға сүйенеді, олардың ішінен дау тудырған
мәселелер ғана тексеріледі, ал прокурор сотталушыны ақтайтын да, айыптайтын
да дәлелдерді келтіреді. Ағылшындық қылмыстық сот шындықты ашу мақсатында
жүргізілетін қоғамдық іздестіру болып есептеледі, бірақ ол мақсатқа жету
үшін айыптаушы мен сотталушы арасындағы қатынастар сайыскерлік нысанда
жүзеге асырылуы тиіс. Алдын ала және ақырғы сот өндірісінің негізінде
жатқан сайыскерлік қағидасы ағылшын қылмыстық процесінің негізгі бастауы
болып табылады. Ағылшындық қылмыстық сот өндірісі сайыскерлік бастаманы
айыпталушының пайдасына жүргізеді. Алдын ала өндірісінде ешбір куәдан
айыпталушының және оның қорғаушысының қатысуынсыз жауап алуға жол
берілмейді (1).
Сайыскерлік қағидасының істі ұзартады, күрделендіреді деген пікірлер
жеткілікті дәрежеде негізделмеген, себебі, процестің ұзақтығы сот
тергеуінің емес, алдын ала тергеудің кінәсі бойынша орын алады және
"сайыскерлік" іс бойынша сот тергеуін бірнеше сағат немесе күнге созды деп
шағымданудың еш себебі жоқ, өз кезегінде алдын-ала тергеу бірнеше айлар,
жылдарға созылады.
Бәсекелестіктің негізгі ережесі – айыпталушыны процесте тарап ретінде
танып, оған бірқатар процессуалдық құқықтарды беруден көрініс табады.
Профессор М.С.Строгович ұзақ уақыт бойы бәсекелестік қағидасы –
қылмыстық процестің басты, негізгі қағидасы ретінде деген көзқарасты
ұстанған. Бірқатар процессуалист-ғалымдар айыпталушының қорғану құқығын
қамтамасыз ету қағидасы бәсекелестік қағидасының элементі болып табылады
деген пікірді айтады. Бәсекелестік айыптаушы, айыпталушы және оның
қорғаушысы арасындағы дау ретінде сот талқылауы сатысында орын алады.
Айыпталушы мен оның қорғаушысының айыптан бас тартуы сот талқылауы
барысында айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етудің бір тәсілі болып
табылады. Айыпталушының қорғану құқығы сотталушы мен оның қорғаушысына
айыптаушының дәлелдемелері мен пікірлерін жоққа шығару, айыптан бас тарту
мүмкіндігін беру, сотталушыны ақтайтын немесе оның кінәсін жеңілдететін
дәлелдемелер ұсынуға мүмкіндіктер берумен қамтамасыз етіледі.
Дегенмен, сайыскерліктің маңызын арттырып, оны қылмыстық процестің
негізгі бастаулары қатарына қосу жөнінде де біраз келіспеушіліктер орын
алған. Иә, буржуаздық қылмыстық процесте істің ақырғы шешіміне сайыскерлік
әсер етеді. Буржуаздық қылмыстық процестегі сайыскерлік капитализм заңы -
бәсекелестіктің өзіндік көрінісі. Буржуаздық процесте "қарсыласты кез-
келген әдістермен жеңу" орын алады. Егер сайыскерліктің нәтижесінде кінәсіз
тұлға сотталып немесе қылмыскер ақталып кетсе, бұл "жеңген адамның"
тарапынан дұрыс болады. Мұнда іс бойынша шындықты бекітуді емес, процесте
"ұту" міндетін қояды. Сайыскерлік буржуазия өкілдеріне сотта еңбекшілерді
жеңу үшін мүмкіндіктер береді.
Сайыскерлік іс бойынша шындықты анықтауға көмектесетін әдістердің
бірі. Соңғы уақыттарда айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және
сайыскерлік арасында теңдік белгісін қоюға ұмтылудамыз. Мұнымен келісуге
тағы болмайды, себебі айыпталушының қорғану құқығы қылмыстық процестің
барлық сатыларында қамтамасыз етіледі, ал сайыскерлік тек сот талқылауы
сатысында орын алады. Бірақ сот талқылауы сатысында айыпталушының құқықтары
тек бәсекелестікпен ғана емес, басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, сайыскерлік – айыпталушының қорғану құқықтарын қамтамасыз ету
жөніндегі барлық шараларының бір ғана бөлшегі болып табылады.
Қылмыстық істерді қозғау мен тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызмет
жемісті болмайды, егер оны жүзеге асыру үшін қажетті әр түрлі функциялар
қылмыстық істер бойынша өндіріс процесінде пайда болатын құқықтық
қатынастың өзге субъектілеріне қатысты биліктік өкілеттіктерге ие
мемлекеттік органдарға жүктелсе.
Қылмыстық процесте процессуалдық функцияларды бөлудің қағидасы орын
алған және бұл үлкен саяси және тәжірибелік мазмұнға ие, себебі, ол
қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықтың кепілі болады. Қылмыстық істер
бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде істі шешу функциясының айыптау
және қорғау қызметінің бөлінгендігі қолданыстағы заңда нақты көрініс
тапқан. Кінәсіздік презумпциясы қағидасын анықтай отырып, заң істі шешу
функциясын тек бір мемлекеттік орган – соттың компетенциясына жатқызады. Ал
айыптау қызметі мемлекеттік айыптаушы – прокурорға, қоғамдық айыптаушыға,
ал белгілі бір жағдайларды – жәбірленушіге жүктеледі. Қорғау функцциясын
заңға сәйкес айыпталушы, қоғамдық қорғаушы, адвокат, айыпталушының заңды
өкілдері мен жақын туыстары, кәсіподақтардың өкілдері жүзеге асырады.
Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңдары бір тұлғаның бір мезгілде
судья, айыптаушы және қорғаушы функцияларын атқаруға жол бермейді.
Процессуалдық функцияларды бұлайша нақты бөлу және істі шешу
функциясының айыптау және қорғау функцияларынан бөлінуі қылмыстық сот
өндірісінің сайыскерлік бастамасынан көрініс табады. Бәсекелестік –
айыпталушы, сотталушы, қорғаушы, азаматтық талапкер мен жауапкерді
дәлелдемелерді ұсыну, арыз-шағымдар беру жөнінде бірдей құқықтармен
қамтамасыз етуден көрінеді.
Мұндай процеске қатысушыларды "тараптар" деп атауға да, атамауға да
болады. Алайда, олардың арасында елеулі ерекшеліктер бар екендігін
шығармауымыз қажет. Процеске қатысушылар әр түрлі мүдделерді көздейді. Дәл
осы айыпмашылықтар процессуалдық функцияларды бөлумен бірге қылмыстық сот
өндірісіндегі бәсекелестіктің негізін айқындайды.
Қылмыстық істерді қараудың бәсекелестік тәртібі, істі заңды және
негіздей отырып шешу үшін қажетті дәлелдемелерді жинауда соттың
белсенділігі мен бастамашылығына кедергі болмайды, жаңа айып бойынша
қылмыстық іс қозғауға кедергі келтірмейді. ҚІЖ заңы соттан сот өндірісінің
қатысушыларымен ұсынылған дәлелдемелерді қарап, бағалаумен шектелмей, іс
мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды
қолдануды, сондай-ақ әрбір үкімнің заңдылығы мен негізделген қамтамасыз
етуді талап етеді.
Айыпталушының, сотталушының, қорғаушының, азаматтық талапкер мен
жауапкер құқығының процессуалдық теңдігі істерді қарау және шешуде бір
жақтылық пен субъективтілікке қарсы маңызды кепіл болып табылады және әрбір
іс бойынша шындыққа жетудің қажетті шартын құрайды. Процестегі тараптың
бәсекелестігі – сотқа іс материалдарын дұрыс қарап, заңды, негізделген үкім
шығаруға көмектеседі. Бәсекелестік қағидасының тәжірибелік маңызы осында
(2).
П.И.Кудрявцевтің пікірі бойынша, кейбір авторлар соттың "айыптау
тарабынсыз" және "қорғау тарабынсыз" бәсекесіз, дау-дамайсыз өтуін
қалағанымен, сот төрелігі, әділеттік және шындықты бекіту мақсатында
айыптаушы сотта айыптаушы рөлін, қорғаушы қорғаушы ретінде қатысуы қажет.
Істерді қараудың бәсекелестік тәртібі – соттың тәрбиелік әсер етуін
қамтамасыз ететін, оның беделі мен қарапайым халықтың әділетікке сенімін
бекітудің маңызды шарты (3).
Сот талқылауына қатысушының құқықтарын қатаң сақтаудың және олардың
процессуалдық теңдігінің тәжірибелік маңызын арттыру үшін сотталушы,
жәбірленуші құқықтарын қамтамасыз ететін шаралар қабылдап, сот
тәжірибесінен қорғау рөлін дұрыс бағаламау жағдайларын жою қажет.
Қылмыстық процестегі бәсекелестік түсінігіне байланысты заңгер-
ғалымдардың пікірлеріне тоқтала кетейік.
Сайыскерлік қағидасының мәні туралы ғылыми көзқарастардың бірін
А.О.Машовец қарастырған. Ол қарастырылып отырған мәселені диалектикалық
логикамен байланыстырып, қылмыстық процестегі сайыскерлік айыптау мен
қорғау тараптарының өзара әрекет ету тәсілі, олардың бірлескен қызметін
ұйымдастыру принципі болып табылады; оның мәні – шынайылықтың кез келген
құбылысы немесе процесі дамуының неғұрлым жалпы динамикалық
заңдылықтарының бірі – қарама-қайшылықтардың күресінен көрініс табады.
Қылмыстық процестегі айыптау мен қорғау тараптары бір-біріне қарсы тұрады
және ол тараптардың күресімен сипатталатын әлеуметтік қайшылық болып
табылады.
С.И.Ожеговтың сөздігінде "сайыскерлік" сөзі былай деп түсіндіріледі:
сот процесінде екі тарап та өз құқықтарын белсенді түрде қорғауға
мүмкіндігі болады. Қылмыстық процеске қатысты белсенді болу – дәлелдемелер
ұсыну, жауап алынып отырған тұлғаларға сұрақтар қою, арыздар беру, сот
жарыссөзіне қатысуды білдіреді. А.Я.Вышинский сайыскерлік – бұл
сайыскерлікке қоса демократизм негізінде сот процесіндегі соттың белсенді
қатысуы деп көрсетіп кеткен 6 .С.
Академик А.Я.Вышинскийдің пікірі бойынша, бәсекелестік – айыптаушының
сезіктінің кінәсін дәлелдеу құқығына қарсы тұратын, айыпталушының өз
көзқарасын білдіруге құқығы. Бәсекелестік қағидасы – бұл тараптардың
сайыскерлігіне қоса әділетті сот төрелігінің маңызды кепілі болып табылатын
тараптардың теңдігі және жариялылығының, демократизмнің негізінде судьяның
сот процесіне белсенді түрде қатысуы болып есептеледі.
Бұл жөнінде профессор М.С.Строговичтің пікірі мынадай: Бәсекелестік –
бұл жалпы формальды белгілердің жиынтығы. Әрбір процессуалдық жүйеде, әрбір
тарихи кезеңде бәсекелестік қағидасының негізі – тараптар функциясының
бөлінгендігінде. Айыптау функциясы – прокурорға жүктелген, ал істі өзі шеше
алмайды, тек сот алдында айыпты қолдайды. Ал айыпталушы бұл айыптан
процестегі тарап ретінде оған заң ұсынған құқықтарды қолдану арқылы
қорғанады. Сайыскерлік яғни, айыптаушы мен айыпталушының бірдей құқықтармен
қамтамасыз етілуін қарастырады. Бәсекелестік қағидасы сот процесінің сот
пен тараптар арасында негізгі процессуалдық функцияларды – сот талқылауы,
айыптау және қорғау - өзара бөлінген, реттелетін қызмет ретіндегі құрылымын
білдіреді. Тараптардың бәсекелестігі соттың басқарушы рөлімен жүргізіледі,
мұнда тараптар тең құқықтарға ие, оны қолдана отырып, әрбір тарап өз
дәлелдемелерін негіздеп, қарсы тараптардың аргументтерін жоққа
шығарады.Сайыскерлік процесс айыптаушымен тең негізде құқықтарға ие тарап
ретінде айыпталушының жағдайымен сипатталады.
Айыпталушының айыптан қорғану құқығын қамтамасыз ете отырып,
Конституция қылмыстық процестің сайыскерлігін айқындайды. Яғни,
айыпталушының соттағы қорғану құқығы сот процесінің бәсекелестік
құрылымында қамтамасыз етіледі. Қорғану құқығы мен процестің бәсекелестігін
ажыратудың кез келген көрінісі сайыскерлік қағидасын жоққа шығарумен
бірдей болады. Шын мәнінде де, егер айыпталушының қорғану құқықтары сот
бәсекесіз-ақ қамтамасыз етілетін болса, онда бәсекелестік не үшін қажет?
Бұл жағдайда ол кей кезде қолданылатын, ал енді бір кезде қолданылмайтын
тек шартты техникалық нысан ретінде қабылданады.
Профессор М.А. Чельцовтың пікірі бойынша, іс бойынша шындыққа қол
жеткізу міндеті бар қылмыстық процесс толық сайыскерлік қағидасында құрылуы
мүмкін емес: судьялар тараптардың талаптарымен және олар ұсынған
дәлелдемелермен байланысты емес. Тараптардың көмегімен сот шындықты іздейді
және тараптар өз талаптарын қолдай ма, жоқ па, оған байланыссыз үкімді өз
ішкі сенімі бойынша шығарады. Прокурор мен қорғаушының іске қатысуы судьяны
процессуалдық тұрғыдан күрделі және технологиялық жағынан мүлдем
шешілмейтін міндет – істің айыптайтын және ақтайтын мән-жайларын толық
анықтаудан босатады. Бұл сот талқылауының жоғары деңгейдегі
объективтілігін қамтамасыз етеді және бүкіл сот қызметінің сапасын
көтереді. Міне осы – сот талқылауының бәсекелестік нысанының көрінісі болып
табылады. (4)
Профессор Н.Н.Полянскийдің пікірі бойынша, сайыскерлік қаңғидасы сот
талқылауы кезінде айыпталушыға қорғауды қамтамасыз ету талабын білдіреді.
Сайыскерлік бастама сот процесіндегі объективті шындықты орнату мақсатына
сәйкес келеді. Қылмыстық процестегі тараптардың бәсекелестігі – тараптардың
сайскерлігінен тұратын, соттың белсенді қатысуымен бақыланатын, қылмыстық
істегі шындықты табудың әдісі болып табылады. Қылмыстық процестегі
бәсекелестіктің түсінігі қалыптасатын элементтер төмендегідей:
- айыптаудың және қорғаудың сот қызметінен бөлінуі;
- тараптардың сайыскерлігі;
- тараптардың бәсекелестігінің кепілі ретінде тараптардың
процессуалдық теңдігі;
- айыпталушының қорғаушы алуға құқығы;
- тараптардың бәсекелестігіне қоса судьяның белсенді қызметі.
Заңгер-ғалым И.Р.Перловтың ойы мынадай: бәсекелестік қағидасы
мыналармен сипатталады:
1. Айыптау функциясының сот функциясынан оқшаулануы;
2. Тараптардың процессуалдық тепе-теңдігі;
3. Соттың белсенділігі;
4. Тараптардың белсенділігі және бастамашылығы;
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірлері әр түрлі. Дегенмен
бәсекелестік қағидасы қылмыстық процестің маңызды және басты қағидаларының
бірі болып есептеледі. Себебі, бұл қағида айыпталушының қорғану құқығын
қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде қылмыстық істі дұрыс, объективті
шешуге көмектеседі, іс бойынша ақиқатты айқындауға ықпал етеді.
Сайыскерлік – айыптау сот функциясынан бөлінген, айыптау мен қорғау өз
пікірін қолдауға және қарсы тараптың тұжырымдарын жоққа шығаруға тең
құқықтар берілген тараптармен жүзеге асырылатын, ал сот іс мән-жайларын
белсенді зерттеу және істі шешу міндеті болатын сот талқылауының құрылымы
(5).
Осылайша, қылмыстық процестердің бәсекелестігі келесідей элементтерден
тұрады:
1. Айыптаудың соттан бөлінуі. Істі сотқа берген және айыпты қолдайтын
прокурор сот талқылауында сотталушыны айыптайды, оны әшкерелейді,
оның кінәсін дәлелдейді, бірақ істі өзі шешпейді. Ал істі және
процесс барысында пайда болатын барлық сұрақтарды тек сот шешеді.
2. Айыптаушы мен айыптаушының тараптар ретіндегі процессуалдық жағдайы.
Тараптар деп заңмен қорғалатын белгілі бір мүдделердің өнімі ретінде
сотқа қатысатын және өз мүдделерін қолдау, қарсы жақтың тұжырымдарын
жоққа шығару үшін процессуалдық құқықтарға ие болатын процеске
қатысушыларды айтамыз.
Процестегі тараптар ретінде мыналар танылады: мемлекеттік айыпты
қолдайтын прокурор; айыпталушы; қорғаушы; жәбірленуші; азаматтық талапкер
және жауапкер, қоғамдық айыптаушы және қоғамдық қорғаушы.
3. Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы. Тараптар сот алдында өз
тұжырымдарын қолдау және қарсы тараптың дәлелдерін жоққа шығару үшін
бірдей құқықтарға ие болады. Тараптардың процессуалдық тең
құқықтылығы әрбір тараптың өз мүдделерін қорғаудағы процессуалдық
әдістердің теңдігін білдіреді.
4. Тараптарға қатысты соттың өзіндік жағдайы. Сот тек сотты шешпейді, іс
материалдарын анықтауға байланысты барлық қажетті шараларды
қолданады. Сот іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелерді белсенді
түрде зерттейді, егер істі дұрыс шешу үшін қажет болса жаңа
дәлелдемелерді өз бастамашылығы бойынша сұратады. Сот, прокурор,
қорғаушы ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қана қоймайды, іс бойынша
материалдық шындықты табу үшін қажет деп тапқан дәлелдемелерді талап
ете алады.
Міне, осылар процестің сайыскерлігінің белгілері болып табылады. Сот
процесінің осылай құрылуы істі толық және жан-жақты зерттеп, оны дұрыс
шешуді қамтамасыз етеді. Керісінше, осы үш функцияның соттың қолында
шоғырлануы сот қызметіне біржақты сипат беріп, істің барлық мән-жайларын
объективті зерттеуге кедергі туғызар еді.
Айыпталушының өзін қорғау құқығы сот мәжілісінің сайыскерлік тәртібінде
қамтамасыз етіледі, яғни, өзіне берілген құқық арқылы айыпталушы алдын ала
тергеу органдарымен оған тағылған айыпты жоққа шығаруға мүмкіндігі болады.
Айыпталушының қорғану құқығының бәсекелестікпен тығыз байланысын белгілі
заңгер П.И.Стучка көрсеткен. Оның сөзі бойынша айыптау емес, қорғау ғана
демократияның көрінісі ретінде сайыскерлік процестің ең маңызды бөлігі
болып табылады.
Н.В.Крыленко қылмыстық процестегі шындықты табуды қамтамасыз ететін
шаралардың маңызы туралы айта отырып, айыпталушыны тарап ретінде тану
кезінде белгілі бір фактіні дәлелдеу үшін жүргізілетін күресте қолданылатын
әдіс – бұл сайыскерлік деп баса көрсеткен.
Егер іс бойынша прокурор қатыспаса, процесс өзінің сайыскерлік сипатын
жоғалтпайды. Себебі, прокурор дайындаған айыптау қорытындысы бар, сол
бойынша сот істің мән-жайларын зерттейді.
Сонымен қатар, бәсекелестік объективті шындық қағидасымен де
байланысты, себебі, сот процесінің сайыскерлік тәртібі айыптар позициясынан
да, қорғау позициясынан да сотта әрбір фактіні, әрбір мән-жайларды, әрбір
дәлелдемені тексеруді қамтамасыз етеді. Осылайша, сот айыпталушыны
әшкерелеп, оның кінәсін ауырлататын немесе оны ақтап, жауапкершілігін
жеңілдететін мән-жайлардың барлығын зерттеп, қорытынды жасауға мүмкіндік
береді.
Жоғарыда сайыскерлік қағидасының буржуаздық процессуалдық құқықтан
бастау алады деген бірнеше авторлардың пікірлеріне талдау жасалды. Бірақ
буржуаздық қылмыстық процесте оның мазмұны мен маңызы мүлдем өзгеше. Ал
біздің қылмыстық процестегі бәсекелестік – айыпталушының қорғану құқығын
құқығын және істің мән-жайларын толық, жан-жақты зерттеуді, ақиқатты табуды
қамтамасыз ететін шынайы процессуалдық қағида болып табылады.
Бәсекелестіктен диспозитивтілікті ажыратып қараған жөн. Дис
позитивтілік деп тараптардың өз құқықтарын қолдану еркіндігі. Негізінен
диспозитивтілік – азаматтық процестің қағидасы , мұнда сот істі мүдделі
тараптардың арызы бойынша қарайды.
Азаматтық процестегі диспозитивтілік талапкердің талаптан бас тарту
құқықтарынан жауапкердің талапты тану құқықтарынан және тарптардың істі
бітімгерлікке келу арқылы аяқтау құқығынан көрініс табады. Азаматтық
процестегі диспозитивтілікті қолдану белгілі бір шаралармен шектеледі,
себебі, ол қағиданы шексіз жүзеге асыру бір тарапты қолайсыз жағдайда
қалдырып, істі негізссіз аяқтауға әкеп соғады. Жалпы ереже бойынша
тараптарда талап пәні және өз құқықтарымен мүдделерін қорғаудың
процессуалдық әдістеріне билік ету еркіндігі сақталады.
Ал қылмыстық процесте диспозитивтілік өте шектелген шеңберде
қолданылатындықтан, оны қағида ретінде тани алмаймыз. Қылмыстық процесс –
қылмыспен күрес жүргізудің әдісі бола отырып, жалпы құқықтық мемлекеттің
мүддесінде тергеуші, прокурор, соттармен жүргізіледі, ал бұл тараптардың
қылмыстық процестің пәні, яғни айыпқа билік жүргізу еркіндігін жоққа
шығарады.
Диспозитивтілікті тараптардың құқығы мағынасында қолдану қылмыстық
істердің кейбір категориялары бойынша ғанарұқсат етіледі: жәбірленушінің
арызы бойынша жеке және жеке жария айыптау бойынша іс қозғау, сондай-ақ
айыпталушы мен жәбірленушінің татуласуы жағдайына жеке айыптау істерін
қысқарту. Бірақ бұл істер бойынша диспозитивтілік прокурордың өз
бастамашылығы бойынша жеке айыптау ісін қозғау құқығымен шектеледі.
Өз құқықтары мен мүдделерін қозғаудың процессуалдық құралдарына билік
ету еркіндігі ретінде қылмыстық процестегі диспозитивтіліктің қолдану
шеңбері кеңірек. Арыз беру және бермеу, қандай да бір тергеу, сот
әрекеттеріне шағымдану немесе шағым бермеу – тараптардың еркіне байланысты.
Бұл жағдайда, диспозитивтілік процестің жеке қағидасы емес, тек
сайыскерлікті жүзеге асыру құралы болып саналады (6).
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі бәсекелестік қағидасының орны мен мәні
туралы ғылыми айтыстар теориялық-құқықтық ынта туғызады. 50-шы жылдардың
аяқ кезінде және 70-ші жылдардың соңына дейін бірқатар зерттеушілер
бәсекелестікті жақтаушылар көзқарастарының жөнсіз екенін бұл қағида
буржуазиялық,демек социалистік құқыққа тән емес деген негізбен дәлелдеп
келді. Атап айтқанда, М.А.Чельцов бұрын қолданылып келген заңда "тарап"
деген термин жоқ болғандықтан қылмыстық іс жүргізу құқығында ондай ұғым да
жоқ деп санады. И.Корецкийдің, Ю. Корнеевскийдің, М.Л.Якубтың және
басқалардың қарастырып отырған мәселедегі қате пікірлері М.С.Строгович,
Я.О.Мотовиловкер, И.В.Тыричев, В.М.Савицкий және басқалар тарапынан әділ
сыналды.
В.М.Савицкийдің басшылығымен бірқатар ғалымдар тобы 1989 жылы
әзірлеген Қылмыстық іс жүргізу заңының теориялық моделі бұл тұрғыдан
алғанда ерекше мәнді. Атап айтқанда, олар ұсынған Ресей Федерациясы ҚІЖК
жобасында "Сотта іс жүргізудің бәсекелестігі" деп аталатын дербес норма
алғаш рет көзделді (20-бап). Бұл норма құрылымы ерекше: процесте
бәсекелестік қағидасының орнықтырылуымен қатар онда бәсекелестік мәнін
құрайтын міндетті элементтер (айыптау, қорғау және істі шешу функцияларын
бөлектеу;айыптаушының сотта айыптауды қолдаудан айыпталушыны ақтау түрінде
бас тартуының зардаптары;процесте бәсекеге түсуші тараптарды белгілеу;
бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің құқықтық негізі) атап көрсетілген. Бұл
құрылым, біздің ойымызша, құқық өолдану қызметінде және қылмыстық іс
жүргізу құқығын қалыптастыруда бәсекелестік қағидасының бірыңғай
түсінілуіне және түсіндірілуіне себеп болды.
Қазақстан Республикасы үшін қазіргі кезде, біздің ойымызша, ең басты
мәселелердің бірі – сайыскерлік және тараптардың теңдігі негізінде сот
төрелігін жүзеге асыру қағидасын орындау болып табылады.
Сайысушылық тараптарға өз бетінше зерттеулер межелерін белгілеуді ұсыну
арқылы айыптау мен қорғаудың тең құқықтығын ұйғарады әрі бір-біріне талап
ұсына отырып, тараптар осы талаптарды негіздеу арқылы дәлелдер аясын өздері
белгілеулері тиіс. Ендеше, айыптау қорытындысы шығарылған әрбір іс бойынша
прокурордың да, сондай-ақ қорғаушының қатысуы да қамтамасыз етілуі қажет,
сол арқылы дәлелдерді зерттеу процесінде судьяны айыптаушыға айналдыруға
жол берілмейді. Судья айыптау мен қорғау арасындағы дауда әділ төрешіден
дәлелдерді жинаушыға айналған жағдайда, сайысушылық туралы сөз қозғаудың
өзі бекер 0 С.
Сайыскерлік – оған сәйкес сот мәжілісінде істі қарау тараптардың
пікірталасы нысанында өтетін сот өндірісінің демократиялық қағидасы.
Процеске қатысушылардың барлығы тең процессуалдық құқықтарға ие; сот заңды
және негізделген үкім шығару мақсатында істің мән-жайларын жан-жақты, толық
және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға
міндетті 1 .С.
Жан-жақтылық, толықтық және объективтілік туралы талаптар бір-бірімен
байланысты, бірақ әрқайсысының өзінің мазмұны бар.
Зерттеудің жан-жақтылығы – қылмыс жасауға ықпал еткен себептер, олардың
байланысын, белгілері мен қасиеттерін, заңи маңызы бар мән-жайларды барлық
қырынан зерттеуді қарастырады.
Зерттеудің толықтығы – қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын барлық
мән-жайларды анықтауды және алға қойылған міндеттерді орындау үшін іс
бойынша дәлелдемелерді табуды білдіреді.
Зерттеудің объективтілігі – айыпталушыны ақтайтын жағдайлармен қатар,
оны әшкерелейтін мән-жайларды да анықтауды қарастырады.
Өзінің тікелей бағыттылығы бойынша қарама-қайшы болатын айыптау және
қорғау функцияларын қатаң межелеу және олардың соттан бөлінуі сот қызметін
біржақтылықтан қорғайды және істі объективті қарап, шешуге ықпал етеді.
Судья, айыптаушы және қорғаушы бір тұлғада тоғысқан процесс логика мен
психологияның заңдарына қайшы келеді. Процестің мұндай құрылымында тараптар
өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылады, ал сот тараптардың
бірінің, әдетте, айыптау тарабының қамқоршысына айналады 2 .С.
Өзінің мәні бойынша сайыскерлік қағидасы сот алдында өз мүдделерін
білдіретін сот мәжілісі қатысушыларының процессуалдық тең құқықтылығын
қарастырады. Сайыскерлік құқығын тану – бәсекеге түсіп отырған тараптардың
сот алдында өз талаптарын қолдап, екінші жақтың тұжырымдарына қарсылық
білдіру үшін тең әдіс-тәсілдер қолдану құқығын тану болып табылады.
Процессуалдық тепе-теңдік айыпты дәлелдеу үшін айыптаушы қандай әдістер
қолдануға құқылы болса, оған қарсылық білдіру үшін қорғаушы да дәл сондай
тәсілдерді қолдану құқығы бар екендігін білдіреді. Процессуалдық теңдік
мұнымен шектеліп қоймайды, айыптау тарабы да, қорғау тарабы да үкіммен
шешілетін барлық сұрақтар, оның ішінде қылмысты саралау және жаза қолдануға
қатысты мәселелер бойынша өз пікірлері мен қорытындыларын айтуға құқылы.
Бұл - сайыскерлік қағидасының істің фактілік, сондай-ақ заңи қырына да
әрекет ететінін білдіреді. Сайыскерлік қағидасы сот мәжілісінің толық
құқықты қатысушыларының белсенділігін процестегі соттың басты, бағдарлаушы
рөлімен қиылыстырады. Сот іс бойынша шындықты тараптардың талаптары мен
қарсылықтарының шеңберінде емес, сайыскерлікке түсушілердің көмегімен
іздейді. Сот мәжілісінде пайда болған барлық сұрақтарды шешу кезінде ол
бейтарап және тәуелсіз болады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, айыптау мен қорғауды дербес функциялар
ретінде бір-бірінен межелеу және оларды сот қызметінен бөлу сайыскерлік
қағидасы әрекет ететін түпнегізді құрайды. Осы жағдайда ғана қорғау тарабы
өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға нақты мүмкіндікке ие болады, ал сот
қызметі субъективизм мен біржақтылықтан арылады.
Айыптаушы мен қорғаушы сотталушының кінәсіздігі туралы бірдей
қорытындыға келуі сайыскерліктің маңызын жоймайды. Олардың арасындағы
полемиканың болмауы бұл екі функцияны байланыстырмайды. Прокурор –
айыптаушы болып, адвокат – қорғаушы болып қала береді, әрқайсысы іс мән-
жайларын өз процессуалдық функциясының позициясы тұрғысынан зерделейді.
Сайыскерлік – әрбір мәселе бойынша өзара құқықтық дауға түсу міндеті емес,
бұл айыптау мен қорғау тараптарының тең негізде сот алдында өз
көзқарастарын білдіру құқығы. Айыптау мен қорғау тараптары функцияларының
қарама-қайшылығы мемлекеттік айыптаушының мүдделерін сотталушының
мүдделеріне қарсы қоймайды. Мемлекеттік айыптаушы істе мемлекеттің мүддесін
қолдайды, заң шеңберінде және заңдылықты орнату үшін шын мәнінде кінәліні
айыптайды. Айыптан бас тарта отырып, мемлекеттік айыптаушы өзіне қорғау
функцияларын иеленбейді, тек айыптау қорытындысын бекіту кезінде орын алған
қателіктерді мойындайды. Осылайша тараптардың тең құқықтылығы мен
сайыскерлігі – шындықты танудың бірден-бір әдісі, тараптардың құқықтары мен
заңды мүдделерінің кепілдігі болып табылады. Сайыскерлік бастама бүкіл сот
процесінің құрылымын анықтайды, оның құқықтық және әлеуметтік маңыздылығын
үстемдетеді 3 .С.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігі сайыскерлік
бастамаға негізделеді. Тараптар құқықтық дауды жүргізе отырып, өз
позицияларының дұрыстығы жөнінде аргументтер келтіреді. Тараптар тең
құқықтарға, яғни, бейтарап, тәуелсіз сот алдында өз құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау үшін тең мүмкіндіктерге ие болған кезде ғана пікірталас
тиісті дәрежеде өтеді. Қылмыстық процестегі сайыскерлік айыптау
функциясының істі шешу функциясынан оқшауланғанын білдіреді. Ал
инквизициялық процесте бұл функциялар біріктірілген: судья айыптауды да,
қорғауды да, істі шешу функциясын да жүзеге асырып отырған. Сайыскерлік
қағидасы айыпталушының қорғану құқығымен тікелей байланысты. Егер айыптау
билігі айыптың негізділігін дәлелдеу үшін процессуалдық мүмкіндіктерге ие
болса, онда қорғау тарабы да айыпталушыны ақтайтын не оның жауаптылығын
жеңілдететін мән-жайларды ұсыну жөнінде белгілі бір мүмкіндіктерге иеленуі
қажет.
Шындық дау, пікірталас нәтижесінде туындайтыны белгілі. Бұған қосатын
бір нәрсе – айыптау аргументтеріне қорғау тарабының қарсылық білдіруі нақты
қамтамасыз етілген, audiatur et altera pars - "екінші тарап та
тыңдалсын" деген жағдайда ғана шындыққа кол жеткізуге болады. Сотта
айыптау қорытындысын жариялау міндетін айыпты қолдауға келген прокурорға
жүктеу сайыскерлік бастаманы күшейтер еді. Сондай-ақ прокурордың қызметіне
айыптау сипатын береді. Процестің сайыскерлігін күшейту үшін айыпты
дәлелдейтін сотқа ұсынылған дәлелдемелерді алдымен прокурордың зерттегені
жөн. Ол сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және айыптау қорытындысына
қоса тіркелген тізімдегі тұлғалардан бірінші болып жауап алуы қажет.
Прокурордан кейін айыптау тарабының өзге қатысушылары, қорғау тарабының
өкілдері, содан кейін ғана төрағалық етуші жауап алуды жүргізуі тиіс 4
.С.
Тараптардың процеске қатысуы істі толығымен зерттеуге көмек береді және
сотқа шешім қабылдау үшін дайын, жан-жақты талқыланған материалдарды
ұсынады. Бұл мағынада тараптар процесте соттың маңызды көмекшілері болып
табылады, себебі, олардың әрқайсысы өзінің жеке мүддесін, емес жария
мүддені көздей отырып әрекет етеді.
Сот төрелігі үшін сайыскерлік қағидасының маңызы мынада:
- сайыскерлік – іс мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеудің,
шындықты табудың шарты болып табылады;
- сот мәжілісіне айыптаушы мен қорғаушының қатысуы іс материалдарын
тиісті дәрежеде, объективті бағалау және негізделген үкім шығару
үшін сотқа қолайлы жағдайларды туғызады;
- прокурордың сот мәжілісіне қатысуы прокурорлық қадағалауды жүзеге
асыру әдісі және сәйкесінше сот талқылауы заңдылығының кепілі
болып табылады;
- сайыскерлік айыпталушының қорғану құқығының тиісті деңгейде
жүзеге асырылуына ықпал етеді, себебі, сот мәжілісінің мұндай
құрылымы және айыпталушы мен оның қорғаушысының процессуалдық
жағдайлары сот алдында айыпқа қарсылық білдіру үшін қолайлы
шарттар жасайды;
- айыптау мен қорғау тараптарының қатысуы соттың тәрбиелік
міндеттерін жүзеге асыруда үлкен маңызы бар 5 .С.
Қылмыстық істі қарау кезіндегі сайыс – айыпталушының, сотталушының,
қорғаушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің
процессуалдық құқықтарының теңдігіне негізделеді. Сотта оларға істегі
мүдделерін қорғауда тең мүмкіндік берілуін қамтамасыз етілуге міндетті.
Қылмыстық істі қарау кезінде тараптардың сайысуы соттың істегі фактілер
мен мән-жайлардың ақиқаттығын анықтауына жәрдемдеседі. Бір сөзбен айтқанда,
таразының екі басының тепе-теңдігін, тең салмақтылығын қамтамасыз етуге
тиіс. Сот тараптардың тең қүқылығын, сайыскерлігін нақты қамтамасыз етіп,
осы теңбе-теңдіктің негізінде анықтаған мәселелер арқылы әділдікті іске
асырады 9 . С.

2. Тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының
қылмыстық процестің өзге қағидаларының ішінде алатын орны мен
маңызы

Сот билігінің қалыптасу және қызмет ету мәселелері соңғы уақытта
көптеген ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сот билігі тәрізді
құбылысты зерттеудегі ерекшеліктер осы ұғымның мазмұнын сот, сот
әділдігі, сот жүйесі, қылмыстық іс жүргізудің бастаулары категориялары
арқылы анықтауға байланысты болады. Қазіргі таңда бірқатар ұйымдастырушылық-
құқықтық қағидалардан қалыптасқан сот әділдігінің неғұрлым кеңірек
мазмұндағы анықтамасы бар: Сот әділдігі – сот шешімдерінің заңдылығын,
негізділігін, әділеттігін және жалпыға міндеттілігін қамтамасыз ететін, заң
талаптары мен бекітілген тәртіпті қатаң сақтай отырып, азаматтық және
қылмыстық істерді қарау мен шешу жөніндегі сотпен жүзеге асырылатын
қызмет.
Конституцияда биліктің тармақтары бөліну қағидасы бекітілгеннен
кейін, бұл ұғымға деген көзқарас біршама өзгерді. Осылайша мемлекет пен
құқық теориясын зерттеуші ғалымдар сот билігін құқық туралы дауларды сот
мәжілістерінде жария, сайыскерлік негізде қарау мен шешу жолымен жүзеге
асырылатын мемлекеттік биліктің тәуелсіз, спецификалық тармағы деп
анықтады.
Ал процессуалдық құқық пен сот құрылысы саласындағы мамандар сот
билігінің мазмұнын басқаша айқындайды. Олардың пікірінше, сот билігі –
олардың құзіретіне жатқызылатын, құқық қолдану процесінде пайда болатын
сұрақтарды шешу жөніндегі мемлекеттің арнайы органдары – соттарға ұсынылған
өкілеттіктер және осы өкілеттіктерді сотпен қабылданатын шешімдердің
заңдылығы мен әділеттігінің кепілдігін құрайтын процессуалдық нормаларды
сақтай отырып, конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот өндірісі
жолымен жүзеге асыру 1, 47-б. .О.П.
Сот өзге жария және жеке құқықтық құрылымдардан тәуелсіз болатын,
оның қызметі шындықты орнатуға, әділдікті қалыптастыруға, дауды шешуге және
кінәлілерді жазалауға бағытталған сот билігінің органы болып табылады. Ал
сот әділдігі – бұл барлық тұлғалар үшін орындалуға міндетті сот шешімдерін
қабылдаумен аяқталатын, тек соттарға тән, сот билігі органдарының биліктік
өкілеттіктерді жүзеге асыру нысаны.
Сот жүйесі – біртұтас мақсат-міндеттермен байланысты, әрбір буынның
нақты өкілеттіктері айқындалған, ұйымдастырумен қызметтің бірыңғай
қағидаларына негізделген, мемлекеттің сот мекемелерінің жиынтығы ретінде
дәстүрлі түрде анықталған 2 О.П.
Адам құқықтарын қамтамасыз етуде де сот билігінің рөлі өте үлкен.
Қылмыстық процесті демократияландыру – сезіктіге, айыпталушыға, сотталушыға
қосымша бірқатар конституциялық және процессуалдық құқықтарды беруді
білдіреді. Адам мен азаматтың құқықтарын тану, сақтау және қорғау –
мемлекеттің міндеті болып табылады.
Заңи әдебиеттерде қылмыстық процестің қағидасы ұғымын анықтау, оны
басқа қылмыстық-процессуалдық институттардан бөліп алу және сот әділдігі
қағидаларының универсалды жүйесін жасау тәрізді мәселелер бойынша бірыңғай
пікір жоқ. Қылмыстық процесс ғылымында неғұрлым жиі қолданылатын көзқарас
мынадай: сот әділдігінің қағидалары – бұл нормативтік-құқықтық сипатта
болатын, негізгі, басшылыққа алынатын бастаулар. Олар қылмыстық іс
жүргізудің маңызды қырларын, оның міндеттерін, процессуалдық нысандардың,
сатылар мен институттардың сипаты мен жүйесін бейнелейді.
Қылмыстық процестің қағидалары – бұл қылмыстылықпен күресуге, қоғамдық
тәртіп пен қылмыстық процестің міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, сот-
тергеу және прокуратура органдары қызметінің неғұрлым маңызды белгілерін
сипаттайтын басшы ережелер. "Сот әділдігінің қағидалары" және "қылмыстық
процестің қағидалары" ұғымдарының қатынасы жөнінде сұраққа қатысты ол
мынадай ережемен сипаттатуы мүмкін: қылмыстық процесс қағидаларынан тыс
қалыптасатын сот әділдігінің принциптері болуы мүмкін емес 3 .О.П.
Процессуалдық құқық жүйесінде принциптер басты орынды иеленеді және
әрқашанда бастапқы нормалар болып табылады. Осындай нормалардың өзара
байланысы барлық қылмыстық істер бойынша процессуалдық тәртіпті және
қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Олар
қылмыстық сот өндірісінің сапалық белгілерін анықтап, мазмұнын ашады.
Қағидалардың маңызы мыналармен анықталады: олар сот әділдігінің
демократизмі мен ізгіліктігін жариялайды; процестегі заңдылықтың сақталуын
қамтамасыз етеді; процессуалдық құқықтың негізгі бағыттарын, даму
перспективаларын айқындайды, оны жетілдіруді жүзеге асырады; азаматтарды
заңды қатаң сақтау рухында тәрбиелеудің тәсілі болып табылады.
Сот әділдігінің демократиялық қағидалары қылмыстылықпен тиімді
күресуге, тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін, қадір-қасиеті мен
бостандығын қорғауға ықпал етеді.
Қылмыстық процестің қағидалары іс жүргізудің барлық сатыларында әрекет
етеді. Алайда сот талқылауы сатысында олар неғұрлым толық, жан-жақты жүзеге
асырылады.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы болып отырған принцип тараптардың тең
құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасы болып табылады. ҚІЖК-нің 23-бабына
сәйкес, қылмыстық сот ісін жүргізу айыптау және қорғау тараптарының тең
құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасының негізінде жүзеге асырылады.
А.С.Кобликовтың пікірінше, тараптардың тең құқығынсыз-ақ,
сайыскерліктің өзі ғана қылмыстық сот процесінің қағидасы болып табылады.
Біздің ойымызша бұл дұрыс емес, себебі сайыскерлік сот алдында өз
мүдделерін білдіруі тиіс тараптардың тек құқықтығын қарастырады.
Сайыскерлікке түсу құқығын тану – бұл сайыскерлікке түсуші тараптардың өз
талаптарын дәлелдеу үшін тең мүмкіндіктер мен тәсілдер қолдану құқығын тану
болып табылады 4 .О.П.
Конституция барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігін таниды, ал
ҚІЖК-і барлық процеске қатысушылар сот талқылауында дәлелдемелерді ұсыну,
оларды зерттеу және арыз-талаптар беру жөнінде тең құқықтарды иеленеді деп
нақты көрсеткен. Аталмыш қағида қылмыстық процестің барлық принциптерімен
өзара байланысты. Дегенмен өзінің мәні мен мазмұны бойынша төмендегі
қағидалармен тікелей қатынаста болады. Оларға қысқаша тоқталып кетсек:
• Заңдылық – процессуалдық құқықтың барлық қағидалары мен нормаларында
көрініс табатын, қылмыстық сот өндірісінің барлық қырларын сипаттайтын
универсалды қағида. Заңдылық – қылмыстық процесс принциптерінің
принципі; яғни, өзге процессуалдық қағидалар заңдылықтың жүзеге
асырылуы болып табылады.
Мәселен, В.М.Чхиквадзе заңдылық - демократия элементі болып табылады
деп көрсетеді. Шынайы заңдылық билік легитимділігін қамтамасыз етуден
басталуы тиіс. Заңдылық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталады.
Бостандық, демократия және тәртіп – шынайы құқықтық мемлекетегі бір-
бірінен ажырамас элементтер болып табылады 5 .ОП.
• Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау.
Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге
сот әділдігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін
қамтамасыз етеді.
• Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. ҚР-да сот әділдігін тек
соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкілеттігін кімнің болса да иемденуі
заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Сот билігі дербес болып
табылады және заң шығарушы, атқарушы биліктерден тәуелсіз әрекет
етеді.
• Адамның жеке басына тиіспеушілік. Заңда белгіленген негіздер мен
тәртіп бойынша болмаса, ешкімді де қылмыс жасады деген сезік бойынша
ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға
болмайды.
• Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету. Аталған қағида процесс
барысында өз құқықтары мен мүдделерін қорғау, тағылған айыпқа қарсылық
білдіру үшін айыпталушыға ұсынылатын мүмкіндіктерді қамтиды, сондай-ақ
сот, тергеуші, прокурорға істі дұрыс шешу үшін айыпталушы құқықтарының
жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді міндеттейді.
• Кінәсіздік презумпциясы. Бұл қағидаға сәйкес әр адам оның қылмыс
жасағандығы үшін кінәлілігі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденгенге
және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз
деп саналады. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
М.С.Строговичтің пікірінше, "Кінәсіздік презумпциясы – айыпталушының
қорғану құқығын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктердің жалпыланған
көрінісі, негізі болып табылады" 7 .О.П.
Қылмыстық процестің барлық қағидалары бір-бірінен оқшауланбаған, олар
өзара тығыз байланысты және өзара бірлікте қылмыстық процесті демократиялық
процесс ретінде сипаттайды.
Бәсекелестік қағида ретінде Ресей Федерациясының Қылмыстық сот ісін
жүргізу жарғысында 1864 жылы орнықтырылып, ол "бәсекелестік" деген
терминмен тікелей көрсетілді. Мәселен, ҚСІЖЖ 630-бабында былай деп нақты
жазылды: "Прокурор немесе жеке айыптаушы, бір жағынан, ал сотталушы немесе
оның қорғаушысы, екінші жағынан, сот бәсекесінде бірдей құқықтар
пайдаланады", бұл қағида одан әрі 631, 632-баптарда өрбітіліп,
бәсекелестікті қамтамасыз ету кепілдіктері белгіленді.
Бәсекелестік реформаға дейінгі инквизициялық сот ісін жүргізуді
ауыстырды. Бұл жөнінде В.К.Случевский былай деп жазды: "Бәсекелестік
бастамасы қазіргі азаматтық, сондай-ақ қылмыстық процестердің дені болып
табылады, сондықтан белгілі бір процесте бәсекелестік негізін немесе оған
қарама-қарсы тергеу негізін дамыту шарасы – құқық саясатының мәселесі".
Аталған шаралармен ҚСІЖЖ процесте тараптардың теңдігін орнықтырды, яғни
оларды өз көзқарасы тұрғысында судьялардың көзін жеткізу құқығы бар
әдістерде, құралдарда,шектерде және нысандарда теңестірді. Сотталушы үшін
іс жүргізушілік елеулі артықшылық – соттағы әрбір даулы жағдай бойынша
соңғы сөз сөйлеу құқығын пайдалану мүмкіндігінен айыру заңнан елеулі түрде
ауытқу деп саналады, өйткені ол сот жарғыларында бекітілген кінәсіздік
презумпциясы принципін бұзды.
Сайыскерлік қағидасы өзге процессуалдық қағидалар тәрізді сот әділдігі
саласында сот процесіндегі демократизмді айқындайтын процессуалдық қағида
болып табылады. Сайыскерлік қағидасы айыпталушының процессуалдық
кепілдерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар қылмыстық процестегі
бәсекелестік құрылымы бойынша материалдық шындықты табудың тиімді әдісі
және маңызды кепілі болып табылады.
Сайыскерлік процесс сот төрелігін жүзеге асырудың қажетті құқықтарының
нысаны болып саналады және дәл осы бәсекелестік тәртібі соттың қарап
отырған істері бойынша ақиқатқа қол жеткізудің неғұрлым тиімді құралы.
Сайыскерлік процесте істің әрбір мән-жайының жан-жақты зерттелуі.Әрбір
дәлелдемлердің жан-жақты тексерілуі қамтамасыз етіледі, айыптау мен қорғау,
тараптардың бәсекелестігі сотқа айыптаудың барлық "иә" мен "жоқтарын"
ескеруге және істі шешуге көмек беретін ешқандай мән-жайларды қараусыз
қалдырмауға мүмкіндік береді. (7)
Қылмыстық процестегі процессуалдық кепілдіктерді сақтау – заңдылықтың
міндетті талабы, қылмыстық істерді тергеу және шешу негізінде тергеу,
прокурорға, сот органдарының қызметінде заңдылықты жүзеге асырудың қажетті
шарты болып саналады. Қылмыстық процеске сайыскерлік бастама енгізу сот
әділдігін демократияландыру үшін аса маңызды. Сайыскерліктің ізгіліктік
негізі – шындықты табу және әділ сот шешімін шығару үшін жоғары деңгейде
қолайлы жағдайлар қалыптастыратын ұйымдастырушылық және процессуалдық
қағида болып табылады.
Сайыскерлік тәртіпте сот істі айыптау және қорғау тараптарының
қатысуымен қарайды, тараптар бірдей процессуалдық құқықтарға ие болады.
Тараптардың функциялары сот қызметінен бөлінген, ал сот тарап болып
саналмайды, ол тек шешуші рөлге ие.
Сот процесінің дәл осындай құрылымының дұрыстығына қалай күмән
келтіруге болады? Дегенмен біраз ғалымдар әлі де бұл қағиданы мойындамай
келеді. Оған қоса олар – сот пен прокурордың міндеті бірдей – кінәліні
анықтау, ал соттағы прокурорлық қадағалау осы ортақ міндетті шешуге
көмектеседі деген пікірді айтады.
Иә, сот пен прокурордың ортақ мемлекеттік міндеті бар – ол құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету, заңдарды сақтау және оның сақталуын қадағалау.
Бірақ олардың нақты міндеттері мен функциялары біршама өзгеше. Осылайша,
егер өз мүдделерін қорғау үшін айыпталушының прокурорға қарағвнда құқықтары
аз болса, онда әділ үкім жөнінде сөз қозғаудың қажеті жоқ. Мұндай тәртіп
айыптаушының басымдық жағдайынан туындайтын сот қателіктеріне әкеп соғады.
Әрбір сот қателігі – заңдылық режимін төмендетеді, сот әділдігі алдында
тұрған міндеттерді орындауға кедергі болады.
Сотта істерді сайыскерлік негізде қарау тараптар құқықтарының
теңдігімен қамтамасыз етіледі. Айыптау, қорғау және істі шешу функцияларын
бір тұлғаға жүктеуге тыйым салынады.
Процесте айыптау және қорғау тараптарының болуы, ол тараптардың
процессуалдық тең құқықтылығы, соттың тараптар жүзеге асыратын
функциялардан босатылуы сайыскерліктің маңызды белгілері ретінде
қарастырылады. Айыпталушы сотта қорғаушының қызметін қолдана алады, сондай-
ақ сот процесінің барлық сатыларында, алдын ала тергеуде де өз мүдделерін
жеке өзі қорғауға мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Прокурор процеске тек
айыптау органы ғана емес, заңдылыққа қадағалау жасайтын орган ретінде де
қатысады. Бұл оны іс бойынша дәлелдемелерді объективті бағалауға
міндеттейді, тұлғаның кінәлілігі туралы дәлелдемелер болғанда ғана
мемлекеттік айыптауды қолдауға рұқсат береді, ондай дәлелдемелер болмаған
жағдайда айыптау жасаудан бас тартуға құқық береді. Соттың заңды және
негізделген үкім шығаруына көмектесе отырып, прокурор сот талқылауының
барлық қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауы тиіс.
Сайыскерлік қағидасы - бұл тараптардың сайыскерлігіне қоса жариялылық
пен тараптардың теңдігі негізінде судьяның сот процесіне белсенді түрде
қатысуы арқылы көрініс табады.
Сайыскерлік – бұл айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ететін
қағида болып табылады. Яғни, қорғау мен бәсекелестік бір-бірінің салдары
ретінде қарастырылады. Қылмыстық процестегі бәсекелестіктің көрінісі
ретінде айыптау мен қорғау тараптарының қатысуымен және сот жарыссөзімен
болатын сот тергеуін де таниды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Қылмыстық процесс принциптері
Қылмыстық процестiң қағидалары
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Заңдылық принципі
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҚАҒИДАТТАРЫ ЖОСПАР
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу түсінігі мен оның құқықтық жүйесі
Пәндер