Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру



КІРІСПЕ

1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының лингвистикалық негіздері

1.2. Дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастырудың дидактикалық негіздері

2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ТІРКЕСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту мақсатында сөз тіркесін оқыту мазмұнын жетілдіру

2.2. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында оқушылардың тілін дамыту


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аналитикалық форманың синтетикалық формамен парадигма құруының өзіндік ерекшелігі бар. Аналитикалық форма да сөз тіркесі сияқты, сөйлеу барысында модельдер арқылы жасалады. Бұл сөз тіркесі мен аналиитикалық фоманың тұрақты тіркестен ерекшеленетін тұсы болып тпбылады. Сөз тіркесім арқылы жасалатын басқа онологтарынан ерекшеліктерін танытудың бір жолы деп, оппозициялық талдауды алып отырмыз. Бұлай сипаттауда одан басқа қосыла түсетін біршама ұтымдылықтар бар. Олар, біріншіден, тіркесімділік заңының дедуктивтік тұрғыдан зерттелуі керек ететінін түйсінуге алып келген болса, екіншіден, сөз тіркесі мен басқа тіркес түрлерін практикалық тұрғыдан меңгерудің әдістерін жаңаша қырдан олықтыру.
Сөз тіркесінің табиғаты оның психологиямен байланысын қарастыруда кеңірек таныла түспек. «Тіл» деген ерекше жүйенің қай деңгейін алсақ та, қай бірлігінің қызметін алсақ та, оларда қандай да бір психологиялық «күштің тұратыны сзіну қиын емес. Өйткені -тіл адаммен, адамның санасымен, психикасымен байланысты құбылыс.Тіл мен ойға қолға ұстап, көзбен көретін нәрсе болмағандықтан да, оларды санада көрнекті түрінде елестетуге үйрету өте қиын. Бірақ соған қалыптасқансоң қалған ой операцияларын жүргізе алатын дағдыларды біртіндеп меңгеру мүмкіндігі ашылады. А. Байтұрсынұлының, мысалы, мына анықтамасын талдап көрейік: « Ойын айтуға тиісті сөздерді алады. Да, олардың басын құрап, біріне- бірінің қырын келтіріп, қиындастырады.. Қыры келетін сөздерді ұйымдастыру үшін қырларын өзгертіп, қиюын өзгертеміз.» бұл жерже әдістемелік немесе бір тілді зерттеу аясынан асып, жалпы тіл білімі тұрғысынан танылуы керек ойлар анық танылынып тұр. «қиындастыру», «қыры келген», «қырын келтіруге», «қиюын келтіру» деген сөздер- психолингыистикалық тұрғыдан талдауғ түсірілуі керек сөздер. Өйткені, тілдегі әрбір элементпен байланысқа түсу үшін, формалық жағынан да, мазмұндық жағынан да айтылудағы сөйлеу тілі заңдылықтары жағынан да үйлесімділікке келу керек., онсыз сыртқы тіл жасалмайды.
1. Ушинский К.Д. Таңдамалы шығармалары Алматы, 1949
2. Кішібеков Д. Филисофия Алматы, 2002
3. Тәжібаев Жалпы психология Алматы, 1996
4. Муканов М. Жас және педагогикалық психология Алматы1982
5. Шерьязданова Х.Т. Специфика восприятия и оющения у дошкольников Алматы 1989
6. Қабдоллов З. Сөз өнері Алматы, 1992
7. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді Алматы 2004
8. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті Алматы, 1996
9. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті Алматы, 1974
10. Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім тәрбиесі Алматы 1995
11. Ыбырайымов Б. Қазіргі қазақ балалар прозасы және рухани эстетикалық даму мәселелері Алматы, 2002
12. Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының ғылыми әдістемелік негіздері Алматы, 1994
13. Бегалин С. Таңдамалы шығармалары Алматы,1979
14. Мұқанов С. Балуан Шолақ Алматы,1973
15. Майлин Б. Өтірікке бәйге Алматы,1979
16. Тоқмағамбетов А. Алыптар туралы ертегі Алматы,1948
17. Соқпақбав Б. Бақыт жолы Алматы, 1953
18. Дүйсенбиев А.Бәтеңке, шұжық, балқаймақ Алматы,1984
19. Ө.Тұрманжанов Көркем әдебиетті оқудың ерекшеліктері Алматы, 2001

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:

п.ғ.д., проф. Қ.А.Аймағамбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру

Орындаған:
Б.Үсенова

Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы

Метербаева К.М.

Алматы
2007

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕРДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНДЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының лингвистикалық
негіздері

1.2. Дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастырудың
дидактикалық негіздері

2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ТІРКЕСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту мақсатында сөз
тіркесін оқыту мазмұнын жетілдіру

2.2. Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында оқушылардың тілін
дамыту

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі бастауыш мектептердегі дәстүрлі
білім беру жүйесінің оқушының ойлауы мен тілін және білім беру жүйесінің
кемшіл тұсының молайып бара жатқанын, сонысымен де жаңа заан ағымына үйлесе
алмайтынддығын айқын дәлелдеп отыр. Сол себептен зерттеу
тақырыбымыздыБастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз
тіркесінде қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз
тіркесінде қалыптастыруда теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын
анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: бастауыш сынып мектептерде дамыта оқыту
технологиясын сөз тіркесінде қалыптастыру тиімді және нәтижелі болуы
мүмкін:
- Оқушылар қазақ тілінің сөз тіркесін сананылықпен меңгеруі барысында
теориялық әдістердің табиғатын терең танып, оларды қолдану дағдыларына ие
болуы тек осы мақсатқа лайықталыпқұрылған арнаулы дамыта оқыту технологиясы
арқылы ғана жүзеге асады.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш мектептерде дамыта оқыту технологиясын сөз
тіркесінде қалыптатырудың теориялық негізін айқындау;
- Дамыта оқыту технологиясының деңгейлерін анықтау және моделін
құру;
- Сөз тіркесінде дамыта оқыту технологиясын жетілдіруді
тәжірибеліе эксперимент түрінде тексеріп, дәлеледеу.
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жамбыл
ауылы С.Әшімов атындағы қазақ орта мектебінде жүргізілді.
Дипломның құрылымы: диплом жұмысы екі тараудан қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысында оның нәтижелері
туралы мәліметтерді көрнекі түрде бейнеленген 9 кесте, 2 сурет орналасқан.

Аналитикалық форманың синтетикалық формамен парадигма құруының
өзіндік ерекшелігі бар. Аналитикалық форма да сөз тіркесі сияқты,
сөйлеу барысында модельдер арқылы жасалады. Бұл сөз тіркесі мен
аналиитикалық фоманың тұрақты тіркестен ерекшеленетін тұсы болып
тпбылады. Сөз тіркесім арқылы жасалатын басқа онологтарынан
ерекшеліктерін танытудың бір жолы деп, оппозициялық талдауды алып
отырмыз. Бұлай сипаттауда одан басқа қосыла түсетін біршама
ұтымдылықтар бар. Олар, біріншіден, тіркесімділік заңының дедуктивтік
тұрғыдан зерттелуі керек ететінін түйсінуге алып келген болса,
екіншіден, сөз тіркесі мен басқа тіркес түрлерін практикалық
тұрғыдан меңгерудің әдістерін жаңаша қырдан олықтыру.
Сөз тіркесінің табиғаты оның психологиямен байланысын
қарастыруда кеңірек таныла түспек. Тіл деген ерекше жүйенің қай
деңгейін алсақ та, қай бірлігінің қызметін алсақ та, оларда қандай
да бір психологиялық күштің тұратыны сзіну қиын емес. Өйткені -тіл
адаммен, адамның санасымен, психикасымен байланысты құбылыс.Тіл мен
ойға қолға ұстап, көзбен көретін нәрсе болмағандықтан да, оларды
санада көрнекті түрінде елестетуге үйрету өте қиын. Бірақ соған
қалыптасқансоң қалған ой операцияларын жүргізе алатын дағдыларды
біртіндеп меңгеру мүмкіндігі ашылады. А. Байтұрсынұлының, мысалы, мына
анықтамасын талдап көрейік: Ойын айтуға тиісті сөздерді алады.
Да, олардың басын құрап, біріне- бірінің қырын келтіріп,
қиындастырады.. Қыры келетін сөздерді ұйымдастыру үшін қырларын
өзгертіп, қиюын өзгертеміз. бұл жерже әдістемелік немесе бір
тілді зерттеу аясынан асып, жалпы тіл білімі тұрғысынан танылуы
керек ойлар анық танылынып тұр. қиындастыру, қыры келген, қырын
келтіруге, қиюын келтіру деген сөздер- психолингыистикалық
тұрғыдан талдауғ түсірілуі керек сөздер. Өйткені, тілдегі әрбір
элементпен байланысқа түсу үшін, формалық жағынан да, мазмұндық
жағынан да айтылудағы сөйлеу тілі заңдылықтары жағынан да
үйлесімділікке келу керек., онсыз сыртқы тіл жасалмайды.
С Аманжоловтың қазақ әдеби тілінің қысқаша синтаксистік курсы
еңбегіндегі логика-психоологиялық талдау үлгілері психолингвистикалық
талдауға жақын келеді. Ғалымның аталған еңбегіндегі сөйлеу мен
сөйлем, сөйлем мен ойлау тақырыптарына байланысты стадиялық ойлау
мен ұлттық таным ерекшеліктері ианылады. С. Аманжолов негізінен
сөйлем құраушы элементтердің байланысу табиғатын зерделей отырып,
мынадай қызықты пікр айтады: бізге керегі, сөзбен-сөздің қарым-
қатынасқа, сөйлем қалпына келгендегі түрі- бұлардағы қайшылық,
теңдестік, жалпылық, жалқылық бұл арада санның сапаға айналуы,
қиимылдың обьектіге, обьектінің қимылға айналуы т.б сөйлемдегі
сөздердің осындай қарым-қатынасқа енуін сөздердің диалектикалық
логика жолы мен байланысуы дейміз. Сөзбен сөздің тілдегі түрі
дәнекерлер арқылы байланысқа түсіп, соның негізінде түрлі
синтаксистік қатынастар мен синтаксистік мағыналар туғызуы- тілдің
психологиялық ерекше болмысына байланысты танылады. Жасалған
сина\таксистік мағыналар болса, сөйлеушінің ішкі ойлау процесінің
сыртқа шыққан процесі десек, сөйлеушінің ішкі құндылықтары мен
дамуы, білі мен білігі сол тіл арқылы сыртқа көрініп жатады.
Сонда, Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда көркі кетеді.
деген сөз тіл- терең ойды беруде мол мүмкіндікке ие болғанымен,
сөйлеу сол мүмкіндікті игеріп үлгере алмай жатқанын дәлелдейді.
Қазақ сөздерінің сөз тіркестерінің сөйлемдерінің қызмет ету
процестерін бағалай отырып, олардың жүйелік-құрылымдық болмысы сөйлеу
мәдениетінен де терең ақпараттар бере алады. Мысалы сөйлемнің
құрылымдық қабаттары мен олардың жекелеген бөлшектерінің өзара
байланысын таладау және сол жекелеген бөлшектерді одан әрі кванттай
отырып, ой үзіктерінің бірігу үрдісін барлауға болады. Ондай
барлау арқылы сөйлеушінің жалпы болмысы туралы да мәлімет алынады.
Біріншіден, айтылған не жазылған сөйлемнің табиғаты сөйлеушішің
білімін, сауаттылығын көрсетсе, екіншіден, ойлау механизмдерінің
шеберлігін немесе жеткілікті дәрежеде еместігін көрсетеді. әрбір сөз
тіркесінде, сөйлемде қатталған, қабатталған ой болмысының таңбасы
жататындықтан, ол ойды білдіруде тілдің барлық деңгейі бірдей
дәрежеде атсалыса қызмет етеді. Фонетикалық деңгейде фонологиялық,
интоноциялық, екпіндік механизмдер, лексикалық деңгейде сөз мағыналары
түрлі парадигмалық қатармен келіп, сөйлеу мақсатына сай жаңа
бейнелергей ие болып жатады.
Сөз тіркесінің бойында динамикалық күй ғана емес, сонымен
қатар, статикалық та күй бар болатыны белгілі. Сөз тіркесінің
динамикалық күйі дегеніміз, оған тән қасиет, яғни сөз тіркесіінің даяр
күйде емес, сөйлеу барысында жасалу қасиеті. Сөздердің лексикалық ,
синтаксистік тікесімділігіне, валенттілігіне байланысты олардың
комбинаторлық мүмкіндіктері танылады. Осынысымен де сөз тіркесінің
динамикалық күйі анықталады. Ал сөз тіркесінің статикалық күйі
дегеніміз, біздің ойымызша, мынадан байқалады. Статикалық күй
негізінен, сөзге тән болатыны белгілі.. ал сөз тіркесі де, сөз
сияқты, сөйлем құраудың материалдың. Сөз тіркесінің жүйе ретінде
тұтастығы болады. Ал статикалық күйі танытатын белгі- сөз
тіркесінің құрамына енетін сөздердің бей-берекет тіркесе
бермейтіндігі. Соның өзі де, сөз тіркесінің тым еркін бола
алмайтынын дәлелдейді.
Тіркесім арқылы жасалынатын тіл бірліктерін формадан-мазмұнға
принцпімен жүру арқылы танысақ, олрадың арасындағы айырмашылықтарды
мол табуға болады. Ал мазмұнынан- формаға принцпімен жүрген кезде
барлық тіркестердің ортақ желідегі болмыстары танылады. Негізінде,
тілдік механизмнің күрделі бірлігі- сөз деп танылып жүр. Сөздің
қызметі сөз тіркесіне, сөйлемге материал болуы мен ғана
шектелмейтіні белгілі. Сол сөздің сөз тіркесін құраудағы
психоолингвистикалық ерекшеліктерін бақылау- оқушылардың теориялық
ойлауын дамыту әдістемесіне мол мүмкіндіктер ашады. Сөз тіркесінің
тілдік, сөйлеу теориялары емес, сөйлеу қызметі теориясы тұрғысынан
танылуы- оқу материалын ұйымдастыруда тиімді әдістер қоса алады. Сөз
тіркесінің номинативтік табиғаты жасалу динамикасын барлай отырып,
оны тануға жалпыдан жекеге, тек пен тұр категориялары тұрғысынан
келудің маңызы зор екенін байқауға болады.
Мысалы, үлкен үй-кіші үй деген сөз тіркестерін
қарастырайық. Сөйлеу жағыдайы қандай да бір хабардың обьектісін екі
түрде бере алады: топтастырылған түрде немесе неғұрлым айқын түрде.
Алынған мысалды схема түрінде көрсеткенде былай болады.
Тек пен тұр арқылы талдау үлгісі

Үй

Үлкен үй Кішкентай үй.

Бұл үшбұрышта үй сөз жалпы, тек болып тұр. Ал үлкен
үй және кішкентай үй- жеке, түр болып тұр. Енді осылай
құрылуының психологиялық механизмдері қандай? Берілген екі сөз
тіркесінің өзара айырылысар нүктесі- ол екеуінің ортақ нүктесі
болмақ. Ол ортақ нүкте, біздің оймызша, үй деген сөз емес, сөл
сөздің бір белгісінің атауы, нақты айтсақ, ол - көлем деген сөз.
Көлем деген ұғым үй номинативінің көптеген белгілерінің бірі
ғана. Ал үлкен және кіші- көлемнің ішкі дифференциясының бір
ғана шеңбері.Үй деген сөздің анықтауыштық қатынасқа түсуіндегі бір
ғана маркердің ішкі мамұндық байлығын зерделей берсек, материал
одан да көп табылуы мүмкін. Сонда үй деген сөөздің
мүмкіншіліктері өте мол, тіркесімділік, валенттілік қасиеті берік
әрі кең екендігін осылай тани аламыз. Ал, үлкен үй деген тағы
бір, бірақ этнолингвистикалық сипаты бар, тұрақты тіркестің пайда
болуында жай ғана ауыспалы мағына жатпауы мүмкін. Ол жерде
универбация заңы іске қосылып тұр, яғни үлкен адамдар, яғни ата –
енелер тұратын үй дегенннің ықшамдалған түрі байқалады.
М. Серғалиев синтаксистік синонимдер табиғатын
зерделеу барысында мұндай сәттерді жанамалап сөз еткег. Негізінен,
стилистикалық аспектіден қарастыра отырып, ғалым синонимдес
конструкциялар туындауының механизмдерін талдайды. Мысалы : С.
Серғалиев көркем шығармадағы сөз қолданыстың ішкі ерекшеліктері туралы
қарастыра келе, сол сөз қолданыстың ішкі ерекшеліктері туралы
қарастыра келе, сол сөздерді басқа конструкциялармен алмастыру
барысында оларды жаңа қырынан тану мүмкін екенін көрсетеді:
Біреуінің анықтауышы, екіншісінің бастауышы болғанына қарамастан,
екуінің де алмастыруға бейім болып тұрған синтаксистік
конструкциялары үйірлі мүшелер емес, күрделі мүшелер (атқа мінген,
арбаға мінген) болғаны ыңғайлы, өйткені бұл арада белгілі бір
заттың кімге тиісті екені туралы емес, оның кім екенін нақтылау
мақсатын анықтау ниетіндегі тіркестер екенін ұғамыз.
Ғалымның осы ойын психолингвистикалық тұрғыдан жалғастыра
түсуге болады. Сөз тіркесінің жасалуцы номинатив жасалуындағы ерекше
жолды байқатады. Жоғарыдағы арбалы сөз дәл сол өзі берілген
крнтексте қажетті және тиісті қызметін атқарған, соған лайық
алынған. Мұны М Серғалиев те дұрыс аңғарады. Яғни, жазушының айтқысы
келген-арбасы бар адам деген ұғымды беру. Арбалы сөзінің дәл осы
жердегі туындауын біз былайша көрсетер едік:

Сөз тіркесінің сөзге қарай жинақылануы.

Көлікке мінген адам

арба деген түріне мінген адам

арбалы адам

АРЬАЛЫ.

Бұл жерде арбалы сөзіне қарай жүрудің себебі- осы сөздің
тек -лы жұрнағы жалғануы арқылы жасала салмай ,
субстантивтенудің жасалудағы бір жолын көрсеиу. Реалды немесе
потенциялды сөз тіркесі жинақылана келе, өзіне синонимдес сөз
жасауға жол ашады.

Танымдық қызметтің тілмен байланысы маңызды екені белгілі. Ол
маңыздылықты біз, біріншіден, тілдің жеке және коллективтік білім
арсындағы екіжақты байланыстан көре аламыз. Екіншіден, тіл- адамда
жаңа білім қалыптастырудағы теңдесң жоқ құрал. Үшіншіден, тіл-
кодталған ойды сыртқа шығарушы құрал. Сөз тіркесі жасалуында
номинативтік процестің жүруі- сол тіл бірлігі арқылы заттың,
нәрсенің, құбылыстың қасиеттерін жинақтап, атауға айналдыру, яғни
күрделі таным қызметінің өтуі дегенді білдіреді. Жайылған үлкен
ойдың тілдің ішкі заңдарына сай, болмысын таныта түседі.
Сөз тіркесін жүйе ретінде сипаттауда соған қажетті
элементтердің жиыны анықталып алынады. Сөз тіркесінің жасалуындағы
байланысу тәсілдері, түрлері, мағыналық түрлері, құрамына қарай
түрлері, сөздердің тіркесімділік қасиеттері, сөз тіркесінің құрылымдық
модельдері т.б мәселелер жүйелік құрылымға түсіріліп сипатталады.
Сөз тіркесі туралы жасалған ілімдерде сөз тіркесінің қандайда бір
аспектісі негізге алынған. Оқушыларға сөз тіркесін жүйелік тұрғыдан
оқыту барысында оқушыларда қалыптасуы тиіс теориялық ұғымдар мыналар:
- сөз тіркесінің моделі
- сөз тіркесі жасалуындағы синтаксистік процестер;
- сөз тіркесінің күрделенуі;
- сөз тіркесінің синтагмалық- парадигмалық сипаты.
- сөз тіркесі жасалуындағы сөз таптары валенттілігінің маңызы;
- сөз тіркесінің синонимиясы;
- сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
- сөз тіркесінің байланысу түрлері
- сөз тіркесінің грамматикалық мағыналары;
- сөз тіркесінің түрлері. т.б

Бұл көрсетілген ұғымдардың өзін жинақтай түссек,
онда былайша беруге болады.
1. Сөз тіркесі жүйесінің құраушы модельдерді кең көлемде
сипаттау.
2. сөз тіркесі модельдерінің синтагмалық және парадигмалық
табиғатын сипаттау.
3. сөз тіркесі модельдері жасалуы мен олардың түрлі
синтаксистік процестерге енудегі өзгерістер мен даму болмыстарын
сипаттау.
Сөз тіркесі грамматикалық категориясының мағыналық және
құрылымдық ерекшеліктері толыққанды болып саналады. Сөз тіркесінің
құрылымдық қырын алатын болсақ, оның құрамында түрлі морфологиялық
категориялардың тоғысқан нүктелері танылады. Ал мағыналық жағын
алсақ, қазіргі кезде сөз тіркестерінің нақты мағыналық жіктелуі
жасалып болды деп айта аламыз. Синтаксистік мағынаға тілдік
таңбалардың қарапайымынан күрделіге айналу комбинациялары жатқызылады.
Сөздердің комбинаторлық мүмкіндіктері арқасында жүзеге асатын
комбинаторлық опперациялардың түрлерін тану- сөз тіркесінің мағыналық
құрылымын тануға мүмкіндік береді. оүИ Москальская комбинаторлық
операциялардың:
- сөз тіркесінің номинативтік функциясымен байланысты
комбинаторлық операциялар.
- Сөз тіркесінің пропозициялық негізінің қалануымен
байланысты операциялар деген түрлері бар екенін айтады.
Сөз тіркесі синтаксистің жүйелілік-құрылымдық бірлігі ретінде
іштей іштей өзіндік деңгейлерге бөлінеді:

1. Анықтаушы мен анықталушының арасындағы, толықтаушы мен
толықталушының арасындағы, пысықтаушы мен пысықталушының
арасындағы қатынастар.
2. Сабақтасу, екінші деңгейдегі предикациялану қатынастары.
3. сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік- сөйлемнің
жасалуындағы қызметін танытатын қатынастар.
4. Сөйлем құрылуы мен байланысты операциялар.
Сөз тіркесін зерттеген еңбектерде, оқулықтарда, сөз
тіркесінің сөйлемге еніп, сөйлем мүшесі болуы туралы көп сөз
етілмейді. Сондықтан да бұл мәселе туралы оқушыларға терең мәлімет
берілмейді. Бірақ сөөз тіркесінің сөйлем құрау материалы болу
қызметін сөйлеу мүшелерінің байланысу ерешеліктерімен араластырмау
қажет екендігі мұғалімдерге түсінікті болуы керек. Сөз тіркесі екі
жақты бірлік: бір жағынан, ол виртуалдық, яғни тілдік бірлік, ал
екінші жағынан, ол-сөйлеу бірлігі. Сөз тіркесі тіл жүйесінде
қалыптасқан белгілі бір модельдер арқылы жасалады. Оқушыларға
мүмкіндігінше теориялық ойлауды дамыту мақсатында сол маодельдер
танытылады. Сөйлеу кезінде сөз тіркесі сол процесте жасалатын
актуалды тіл бірлігі болып табылады. Таза тілдік обьект ретінде
сөз тіркесінің формалдық құрылымы, яғни модельдері қарастырылады, ал
сөйлеу бірлігі ретінде танылуы- сөйлеу прцесінде сөйлеу мақсатына
лайық, сол модельдер арқылы жасалу ерекшелігі болып табылады.
Сөз тіркесінің компоненттерін таңбалауда О.И москальская
ұсынған символдарды негізге ала отырып, қазақша таңбаларды да
қолданамыз.
N - есім, есім сөздер
S - эат есім
Adj - сын есім
Num - сан есім
Pron - есімдік
Pron - зат есім орнындағы есімдік.

1,2 Дамыта оқыту технологиясын сөз тіркесінде қалыптастырудың
дидактикалық негіздері.
Адам танымының көкжиегі кеңейіп, талаптар деңгейі биіктеп,
ойлау дәрежесінде осыған сай шеберліктер болуы- оқу мен білім
дамуының нәтижесі және оқу мен білімнің одан әрі қарай дамуының
жолын қалауы деп түсініледі. әр заман ұрпағының алдына мынадай
міндеттер тұрады.
- Біріншіден адам баласы өзіне дейінгі игерілген білім мен
мәдениет жетістіктерін игеруі тиіс.
- Екіншіден, әрбір ұрпақ өзі өмір сүріп отырған кезде сол
білім мен мәдениет жетістіктерін қоолдана білуі тиіс.
- Үшіншіден, игерілген білім мен мәдениет жетістіктерін
дамытуды және соған үлес қосуы тиіс.
- Төртіншіден, жаңа заманына лайық жетістіктерді саралап қоса
білуі тиіс.
- Бесіншіден, өзінің бұрынғы игергені мен қосқан жетістігін
келесі ұрпаққа қалдыру керек.
Осындай келелі міндеттердің шешілуінің басында, міндетті
түрде оқу процесі тұрады. Дидактикалық ілім болса, соның шынайы
түрде жүзеге асуына негіз болады. Сөз тіркесі синтаксисін мектепте
оқыту процесі, бір қарағанда, күнделікті өтіп жатқан процесс
сияқты. Бір тұтас оқыту процесі сияқты, бір сабақтың өн бойында
танымдық прцестердің небір күрделі түрлері, өтіліп, түрлі логикалық
операциялар жасалып, соның негізінде оқушылардың рухани әлемі
қалыптасып жатады.

Қазақстан Республикасында білім берудің нәтижелілігі мәселелерін
зерттеу соңғы он жылда қарқыны дамып келдеді. Мұндай үлкен іске
психология ғылымы, ақпараттар теориясы, танымдық қызметті басқару
теориясы, негіз болып, ізденіс бағыттарын айқындауға жаңа серпіндер
беріп отыр. Осы қайшылықтардың шешімін табу қажеттілігінен іздеу
керек. Өйткені, соңғы жылдары білім мазмұнын меңгерудегі жеке
басының рөльін назарда ұстау қажеттілігі, оқушылардың танымдық
белсенділігін жетілдіру, оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту,
оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуын басты міндет етіп қоюға
мүмкіндік беретін оқу мен тәрбиелеудің процессуалдық негіздерін
рационализациялау. Осындай көптеген маңызды міндеттерді шешідің
тиімді жоолы- оқытудың жаңа формаларын енгізу болып табылады. Жаңа
педагогикалық технология жүйесі мектепте оқыту жүйесінің барлық
құраушы бөлшектерін анықтап, олардың іске қосылуы мен нәтижелі
болуына барлық компоненттер бірдей атсалысуы міндетті деп саналады.
Ол компоненттер: мақсат, оқу мазмұны, әдістер, құралдар, танымдық
қызметті ұйымдастыру формалары, оқыту нәтижелері, гуманистік
бағыттағы жеке тұлға тәрбиесі болып табылады. Авторитарлық дәстүрлі
жүйедегі педагогикадан адаптивті педагогикаға өту- қазіргі кезеңде
қазақстандық барлық мектептерге тән құбылыс болып отыр. Бұл жаңа
оқыту технологияларында тән болатын басты екі түрлі ерекшелік бар:
бірі –жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғасын
дамытуды басты міндет етіп қояды, әрбір оқушының білім алу мұқажеті
мен мүмкіндігіне байланысты өз бетімен білім алу жоолын жаңа
танымдық әдістер арқылы дағдыландырады, екіншісі- дәстүрлі мектепте
қалыптасқандай оқушыны білімді мұғаліммен қабылдаушы обьект емес, өз
бетімен білім ала алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар субьект
деп қарап, оқу үрдісін соған лайықтап ұйымдастыруға бет алады. Соңғы
жылдары осы бағытта қазақстандық педагогикалық ізденістер
тиімділікпен жүргізіліп, оқу үрдісіне енгізіліп келеді. Жаңа
технологияларды енгізу мәселелерін зерттеген М Қараев,М.Ж.Жадрина, Қ
Қадашева, К Жақсылықова, М.М Жанпейісова, Қ.Сариев, Қ.Қабдоолқайырұлы, Г.К
Нұрғалиева, С.Б Кусанова, А.С Сегізбаева, Б.Д Дыбыспаев, Ж.У Кобдикова,
Т.Қаражигитова, И.Н Шевченко, К Өмірғалиева, К.Шадиева т.б еңбектері
белгілі. Бұл зерттеулерде оқушының жеке тұлғасын дамытуға бет бұрып
отырған жаңа оқу технологияларын қазақстандық мектептерге енгізудің
тиімді жоолдары қарастырылады. Қазақстандық мектептерге енгізіліп
жатқан жаңа технологияларыдың ішініде дамыта оқыту технологиясын
зерттеу ісі көп қолға алынбай келеді. Бұл ретте оқушылардың тілін
дамытуға байланысты қазақ тілін оқыту әдістемесінде көптеген
зерттеулер бар, тілдің дамуы ойлаудың дамуына болатындықтан,
профессор С.Р Рахметованың, А Жапбаровтың, А.С Қыдыршаевтың
зерттеулерінде оқушылардың ойлауын дамыту мәселелері арнайы болғанымен
тақырыпқа қатысты қарастырылып жүр. Сөз тіркесін дамыта оқыту
технологиясын жүйе ретінде тануды мақсат еткендіктен, оның теориялық
негізін құрайтын әрбір ілім негіздері де жүйе ретінде
қарастырылады. Сөз тіркесін дамыта оқыту барысында оқушылардың
теориялық ойлауы мен тілін дамытудың дидактикалық негіздері жүйесін
құрайтын компоненттер деп, мыналар алынады:
1. СТДОТ (Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы)-ң дидактикалық
ұстанымдары
2. Сөз тіркесін оөыту барысында оқушылардың теориялық ойлауы
мен тілін дамыту әдістері мен тәсілдерінің дидактикалық
табиғаттары.
3. Сөз тіркесін оқыту сабақтары және түрлері мен ерекшеліктері
4. Оқыту мақсаты мен мазмұны.
СТДОТ жүйесіне ену үшін және әрбір компонентті өзара байланыстыру
үшін, байланыс және қатынас анықталуы керек екені белгілі. Ондай
байланыс ретінде біз оқу-танымдық қызметті алып отырамыз, ал қатынас
ретінде дидактикалық қатынас алынады. Оқу-танымдық қызмет-
дидактиканың жетекші категориясы, ол дидактиканың заңдарына бағынады.
Оқу -танымдық қызметті жақсы да нәтижелі ұйымдастыру үшін ғылыми
негіз боолып отырған дидактиканың басты ұғымдары анықталады: оқыту,
оқу-танымдық қызмет, оқытудың мақсаттары, білім алу, оқыту әдістері.
Осылардың ішіндегі дидактиканың басты ұғымы- оқыту деп ианылып
жүргені белгілі. Оқытудың белгілері ретінде мыналар көрсетіледі:
- Белгілі бір мақсатқа бағытталу;
- Жүйелілік
- Ағымдылық
- Екі жақтылық
Біздің ойымызша, оқытудың мұндай сипаттары оқу-танымдық қызметке
де тән.
В. Оконь оқытуға мынадай анықтама береді: Таким образом,
обучение этосовокупность действий, принимать участие в их
многостороннее развитие, навыков, способностей и талантов, интересов и
симпатий, убеждений и жизненных установок, а также приобретение
профессиональной квалификации. Ал Ю.К Бабанскийдің оқытуға оқытуға
берген анықтамасы оқу процесіне жақындатыла беріледі: обучение -это
целенаправленный, систематически организованный процесс взаймодействии
учителя и ученика, в результате которого прйсходить передача иусвоение
системы научных знаний, умений инавыков, образование иразвитие
личности школьника. Оқытуға В.Оконь берген анықтама жалпылықты
қамтыса, Ю.К Бабанскийдің анықтамасы жеке, яғни мектептегі оқыту
үрдісіне байланысты берілгені танылады. Бірақ екеуі не де ортақ
нәрсе.- оқытудың бір субьектінің екінші субьектіге дүниетаным, болмыс
ерекшеліктерін білу әдістерін меңгеру үрдісі екендігін анықтауы.
Бұрынғы дидактикалық әдебиеттерде, көп ретте, оқушы субьектіден
гөрі обьект ретінде анықталады. Оның өзі оқыту үрдісін бір жақты
процесс түрінде, яғни мұғалімнің оқушыға білім беруі деп түсінуге
негіз болды. Дидактикалық зерттеулерді талдау негізінде оқу-танымдық
үдерісті мынадай етіп модельдедік.

2- кесте.
Оқушының өздігінен білім алуға дағдылану процесі.
Мұғалімнің басшылығымен

2-оқушының өз бетімен ізденуі барысында

Мұнда көрсетілген бірінші байланыс мұғалім мен оның білімі
арасындағы қатынасты туғызады. Мұғалім арнайы білімнің негізінде ғана
белгілі бір мамандық иесі бола алады. Сөйтіп, мұғалім оқушыға білім
береді деп түсініледі. Ал мұғалім қызметінің түпкі мақсаты- әрдайым
оқушыға білімді хабарлай беру ғана емес. Шын мәнінде білім беру
ұ\үрдісі оқушыға дүниедегі сандаған мәліметтерді хабарлай білуден
тұрмайды, есесіне, оқушыға жаңа білім алудың әдістерін үйретуден
тұрады. Сондықтан да, екінші байланыс- оқушы және адамзат игерген
білім мен мәдениет жетістіктері арасындағы қатынасты, яғни өз
бетімен ізденіп ала білу жолдарын қалыптастырудан тұрады. Мұғалімнің
білім беруі оқушыны дамыту орнына кейде оқушыға кері әсер етпеу
жағын да ойластыру қажет. В. Оконь юылай дейді: Из факта, что
ппроцесс обучения может привести к требуемым и нежелательным изменениям
в личности учащихся, вытекает особая ответственность учителей за
руководство этим процессом. Направлению процесса служит подбор
соответствующих организации деятельности учителей и учащихся
дидактикалық қатынастар- ерекше табиғат бар, динамикалық күйде
келетін, басқа әлеуметтік жүйелермен тығыз байланыста болатын
құбылыс. Оның болмысын бір ғана СТДОТ-ны танумен байланысты шешу
мүмкін еместігі белгілі. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың
теориялық ойлауын дамыту дидактикалық қатынастардың ерекше түрін
іздеуді емес, оның ішкі комбинациялық түрлерін тиімді қоолдана
отырып, қалыптастыруды қалайды. Сондықтан да сабақ процесіндегі екі
жақты қызметтің болмыстары анықталуы керек. Төменде көрсетілген
сызбадағы мұғалім мен оқушының сөз тіркесін оқыту барысындағы іс-
әрекеттері бір мезгілде орындалады. Бірақ, дидактикалық қатынастардың
ерекшеліктері негізгі боолып қалады.

3-кесте. Сөз тіркесін дамыта оқыту процесіндегі мұғалім мен
оқушының білім беру- оқу әрекеттері.
№ Мұғалімнің қызметі Оқушының әрететі.
1 Оқушыға сөөз тіркесі Сөз тіркесі
синтаксисінен теориялық синтаксистін теориялық
деңгейде білім алудың деңгейде оқуға деген
мақсаты мен міндеттерін оң мотивациялардың
түсіндіруге бағытталған жасалуы, көрсетілген
қызмет. мақсаттарға жету үшін
қажет деп танылан оқу
әрекеттерін орындау.
2 Оқушыларға сөз тіркесі Сөз тіркесі туралы
синтаксисі туралы лингвистикалық жаңа
дәстүрлі оқытудан тыс мәліметтер мен жаңа
жаңа нәрсе, жаңа мазмұндарды тану
мазмұндарды таныстыру.
3 Сөз тіркесі синтаксисіне Сөз тіркесі туралы
байланысты болып келген теориялық ұғым
теориялық ұғымдарды қалыптасу үшін
меңгеру процесін басқару.топтастыру процесін
жүргізу.
4 Тілдің жүйелік сипатын Сөз тіркесі
танытатын, синтаксистік синтаксисін теориялық
байланыстар мен деңгейде оқып-білу
синтаксистік қатынастар барысында танылатын
табиғатын танытатын синтаксистік
заңдылықтарды меңгеру заңдылықтар мен ғылыми
процесін басқару. заңдылықтарын тану және
білімін жүйелеу.
5 Сөз тіркесін эмпирикалық Алдымен нақтылықтан
деңгейде танытуда соң, абстрактылыққа өту
абстрактылықтан нақтылыққапроцесіне қажетті
қарай өту яғни теориядан дағдыларды меңгеру,
практикаға өту процесін одан соң
басқару. абстрактылықтан
нақтылыққа қарай өту
үшін теориялық талдау
әдістерін игеру.
6 Практикалық- шығармашылық Сөз тіркесін,
сабақтар ұйымдастыру. синтаксистік
байланыстар мен
синтаксистік
заңдылықтардан өзгерту
мен жаңа нәрселер
жасау үшін қажетті
практикалық әрекеттер
атқару, тілдік
эксперимнттер жасау
7 Оқушылардың сөз тіркесін Оқу процесінде қол
теориялық деңгейде жеткен тыбыстарына
игерген білімін, өзіндік бақылау мен
дағдыларын тексеру мен тексеру жүргізу \\
бағалау. рефлексия.


Оқу үрдісі- таным үрдісінің арнайы ұйымдастырылған
түрі. Оның сәтті болуы не кері нәтижеге түсудегі сыры неде? Бұл
сұраққа жауап іддеуде білім, білімді беруші, білімді қабылдаушы
деген оқу жүйесін құраушы элементтердің байланысы туралы мәселе
туындайды. Ол байланыстар кездейсоқ заңдарға бағынбай, табиғи таным
процесіндегі заңдылықтар мен мүмкіндігінше араластырып жатуы ғана оң
нәтижеге жетелейді. В.В Давыдов педагогикалық процесті тұтас жүйе
ретінде, ал сабақты соның бір клеткасы ретінде таниды. Сабақта
мұғалім мен оқушы атқаратын әрекеттер дидактиккалық қатынас туғызушы
байланыстарды білдіреді.
Н.А Половникова танымдық қызметтің дамуына үш
деңгей бар дейді:
1. көшіруші
2. қайта өңдеушілік- шығармашылық
3 құраушылық-шығармашылық
Мұғалім қызметі аталып көрсетілмесе де осы үш деңгейді
басқарушы сол екені белгілі. Дидактикалық үрдістің тұтастығын құраушы
екі жақтың да қызметтері мен әрекеттері айқын болу керек. Н.Д.
Хмель былай дейді: Педагогический процесс, таким образом, может
проявлять себя как целое, если есть специально организованная
деятельность как взаймодействие субьектов. То есть взаймодействие
субьектов есть атрибутивнное свойство педогогического процесса.
Мұнда жүйенің басты қағидасы танылады, яғни тұтастығы құраушы екі
элементтің өзара ықпал етуге болады. Танымдық қызметтің өмірдің қай
саласында да басты мақсаты- адамзат өмірін игілікті ету, адам
баласын ізгілікті бағытқа салу. Оқытудағы гуманистік бағыттың болмысы
да осыдан туындайды. Ян Амос коменскийдің Ұлы дидактикасының
ұлттық сипат алу оның баланы даналыққа тәрбиелеу жолын айтумен
байланысты.
Оқушының танымдық қызметінің бір қыры болып табылатын оқу
процесі- өз бойында табиғи таным прпоцесінің ерекшеліктерін сақтап
тұрады. Бірақ бұл процесті ұйымдастыру, басқару қажет.. ол үшін
мақсат айқындалып, соған жетуге қажетті әдіс-тәсілдер жүйесі
іріктелінеді. Сөз тіркесін оқудың жалпы мақсаты- тіл жүйесіндегі
осы деңгейді құбылыс ретінде, заңдылықтарын тұтас құраушы байланыстар
мен қатынастар түрінде таныту. Осы мақсаттың бір қыры-сөз тіркесін
оқыту процесін оқушылардың теориялық ойлауын дамыту бағытында оқыту
бола алады. Жаңа бағыт мұғалім қолданатын жаңа әдіс-тәсілдер жүйесін,
оқушыда қалыптасуы тиіс машық- дағдылар жүйесі болатынын көрсетеді.
Мақсат уәжділікпен тығыз байланысты. Өйткені уәж (мотив)- адамның
қызметке деген саналы түрдегі ұмтылысы. Ол ұмтылыс адамның ішкі
дүниесінің қорытып жасаған жаңа таным қажеттілігінен туындайды. Сонда
сөз тіркесін теориялық тұрғыдан меңгеретінін дидактикалық процестің
біртұтас мақсатын былайша саралап белгілеуге болады:
- Сөз тіркесін танымдық әдістерді жүйелі қолдана отырып
меңгерту
- Сөз тіркесі туралы эмпирикалық білім мазмұнын оның
теориялық білімге айналуына негіз болатындай етіп меңгерту.
- Сөз тіркесі туралы алынған эмпирикалық білімін теориялық
қайта жасақталуынажағыдайдар жасау
- Оқушының сөз тіркесі туралы білімін қайта жаақталуын
практикалық тұрғыдан ұйымдастыру
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында дидактикалық
ұстанымдар маңызды орын алады. Жалпы дидактикалық принцптер туралы
мәселенің басы анықталды деуге болмайды. Дидактик- ғкалымдар өздері
ұстанған позициялар мен қолданған әдістеріне сай, дидактикалық
принцптердің түрін де, санын да өзгертіп отырады. Сөз тіркесін
оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамыту әдістемесінде
дидактикалық принцптермен қатар, қазақ тілін оқытудың өзіндік
ерекшеліктерінен туындайтын принцптер, оның ішінде, қазақ тілінің
қай саласын, қандай бірлігін оқытумен байланысты туындайтын
ұстанымдар анықталуы керек. Ғалымдар ( С.П Баранов, Г.И Щукина, Н.П
Огородников, Ю.К Бабанский, И.Ф Харламов, В.Т Лихачев, В Оконь т.б)
дидактикалық ұстанымдардың саны туралы былай дейді: Должно ли
количество принцпов, вытекающих из закономерностей процесса обучения,
быть всегда одним и тем же? На этот вопрос осторожный исследователь,
учитывающий нарастающие возможности развития исследований процесса
обучения дает негтивный ответ. Известно, что наше познание не
ограничено, можно считать, что на все уже обноруженные закономерности
нашли свое отражение в формулировке принципов. Әрине, дидактиканың
күрделі табиғаты оның негізгі ұстанымдарының уақыт дамуымен бірге
дамып, өзгеріп отыруын мүмкін етіп қана қоймайды, қажет те етеді.
Зерттеу жұмысының талабы мен өзіндік ерекшеліктері дидактикалық
ұстанымдар жүйесін төмендегідей етіп алуды қажет етеді.
Оқытудың өмірмен байланыстылығы ұстанымы. Сөз тіркесін дамыта
оқыту үрдісін оқушының өмірлік қажетіне жарайтын әліс-тәсілдер мен
машық-дағдыларды игеру үрдісі етіп ұйымдастыруда бұл ұстанымның
маңызы үлкен. Оқушының теориялық ойлауы мен тілін дамытуда оқушыға
тек сөз тіркесін терең танытып қоюды ғана емес, есесіне, өмір
сүрудегі белсенділігі мен таным әулетінің ашылуына жайлы жағыдайлар
жасауға қызмет етуі керек.
Оқу танымдық қызметінің жүйелілігі ұстанымы. Дидактикалық
әдебиеттерде жүйелілік деп, қандай да бір пәннің, не оның ішіндегі
бір курстың тұтастығы айтылады. Осыған қоса, жүйелілік деген ұғымға
біздің тарапымыздан оқушыға теориялық ойлауы, тілі дамуы үшін
қалыптастырылатын машық-дағдылар мен әдіс-тәсілдер тұтастығы деген
түсінік қосылады.
Оқу материалының ғылымиылық, түсініктілік ұстанымы..
Ғылымилық ұстаным- оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамытуда
білім мазмұнының дұрыс іріктелуі мен сұрыпталуына басшылық етеді.
Сонымен қатар, оқушының теориялық ойлауын дамытуда жаңа материалдар
енгізу қажеттілігі осы ұстанымға сүйеніп жасалады. Мысалы: қазақ
тілін оқытудағы көп жылдар ұсынылып келген фомадан- мазмұнға желісін
енді мазмұннан –формаға желісімен бірлікте қолдану қажет. Мұндай
бағытты ұстау кезінде компоненттік талдау, трансформациялық,
оппозициялық талдау т.б әдістер үйретіліп, олқушының теориялық
білімді меңгеруіндгі жаңа сатыдағы үрдістер жүзеге асырыла бастайды.
Бірақ, бұлай жүргізудің өзінде оқушыға ғылыми материалдың
бейімдеуден дұрыс өткізілуі, түсінікті болуы керек.
Оқушының жас ерекшелігін, даму ерекшелігін ескеру ұстанымы.
Оқу-танымдық қызмеииің ерекшелігі оқушының сәт сайын таны, соған
лайық, сәт сайын ой санасы дамып отыратындығымен танылады. Өйткені
сабаққа кірген оқушы мен сабақтан шыққан оқушыны бірдей деп айтуға
болмайды. әрбір қалыптастырылған теориялық ұғым мен оның мазмұнын
құрайтын жаңа ақпарат- оқушының ой санасын өзгертуші, дамытушы
үлкен құрал.
Оқушының саналықпен білім алу ұстанымы. Сөз тіркесін дамыта
оқыту барыснда оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту-
оқушылардың шығармашылық қызметін, саналы түрде білім ала білуін
қалыптастыратын үрдіс. Оқушының саналылығы сөз тіркесінің өзіндік
болмысын танып-білу барысында ғана қалыптасады. Мұғалімнің дұрыс қойған
талаптары мен тапсырманы орындату алгаритмдердің бірізіді
тәртіптелген жүйесі оқушының саналылықпен білім алуға дағдыландырады.
Оқушылардың оқу-танымдық қызметтегі мұғалімнің басшылығымен
жүретін белсенділігі және оқушының өз бетімен іздене білу ұстанымы.
Саналылық ұстанымы мен бұл ұстаным тығыз бірлікте, себебі оқушының
мұғалім басшылығымен атқаратын және өз бетімен орындайтын оқу-таным
қызметінің нәтижелі болуы оқушының саналылығына байланысты. Бұл
ұстаным оқушылардың шығармашлық әдіс-тәсілдерін меңгеруін мідеттейді.
Шығармашылық машық-дағдылар оқушыда алгоритмдік тапсырмалардан –
алгогритмдік емес тапсырмаларды орындауға қарай жүру барысында
қалыптасады. Сөз тіркесі синтаксисінің заңдарын танып-білу үрдісі
оқушының теориялық ойлауы дамуына жалғасып, оның өзі заңды түрде
оқушының тіл даму үрдісіне жалғасып, оқушының жаңа сатыдағы
дүиетанымдық аппаратын қалыпатыруға қызмет етедң. Мұғалім
басшылығымен меңгерілген танымдық әдістермен тоқтап қалмай, оларды
қолдану мен тағы басқа түрлерін іздеуі- теориялық ойлауы дамыған
оқушының модельі. Сондықтан бұл ұстанымның басшылығы зерттеу
жұмысында аса қажет.
Түрлі әдістер мен тәсілдердің, көрнекілік пен оқыту
құралдарының үйлесімді қолдану ұстанымы. Сөз тіркесін дамыта оқыту
барысында оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту әдіс-
тәсілдерінің өзара үйлесімділікпен қолданылуы арқылы оқушының оқу-
танымдық қызмет белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеуіне жасалған
игі мүмкіндіктер туады. Сөз тіркесінің өзіндік ерекшеліктерін
оқытумен байланысты болып келетін әдістер мен қазақ тілін ана тілі
ретінде оқыту әдістер, жалпы дидактикалық әдістер мен танымдық
әдістер- барлығы оқу танымдық үрдістің өн бойында бірінен бірі
туындап жататындай күйде орайласа орналасуы керек. Таным иеориясы
көрнекіоікті тек сезімдік білім деп түсіндірмейді.Теориялық білім де
көрнекілік түрінде беріледі. Негізінде, көрнекілік- өз бойында
нақтылық пен дерексіздіктің біріккен формасын танытатын құрал. Сөз
тіркесінің сана арқылы ғана түйсінуге болатын түрлі процестерімен
заңдылықтарын сызба, модель, таблица түінде беру- тек сезімге әсер
ету ғана емес. Сөз тіркесінің барлық қасиеттері дегеніміз- тілдің
жалпы қасиеттерінің жекедегі көрінісі екнін де көрнекілік арқылы
танытылады.
Білімнің беріктілігі және оның оқушылардың танымдық күш
қабілетін жан-жақты дамытумен байланыстылығы ұстанымы.Қабылданған
білімнің оқушыда берік сақталуы, ой-санасында орнығып, өмірлік күшін
дамытуға қызметтетуі осы ұстанымды басшылыққа алған оқу-танмыдық
үрдістің ғана жете алатын нәтижесі. Оқушының білімді меңгеруі
танымдық күш қабілетінің дамуы екені белгілі. Ал жүйе заңдарын
негізге ала отырып білім беру- оның беріктігін қаматамасыз ете
алады. Жүйе теориясы білімді оқушының игерген тұтас құндылығы
ретінде жинақтауға басшылық етеді.
Оқыту барысында оқушыны дұрыс тәбиелеу ұстанымы. Білім беру-
оқушыны белгілі бір бағытқа, мақсатқа лайықты тәрбиелеу екені
белгілі. Тәрбие теориясының негізгі қағидаларына біз арнайы бөлім
етіп тоқалуды жөн көргендіктен, бұл жерде көп сөз
етпейміз.Дидактикалық ұстанымдардан келіп туатындай қазақ тілін
оқытудың өзіндік ұстанымдары да жүйелік сипатта қарастырылады. Орыс
тілін ана тілі ретінде оқыту әдістемесін зерттеуші ғалым Л.П
Федоренко мынадай ұстанымдарды айтады:
1. Тілдің материясына зейін қою ұстанымы.
2. тілдік мағыналарды түсіну ұстанымы
3. Оқушының тілдік сезімін дамыту ұстанымы.
4. Ауызша сөйлеу тілін дамытуды аса ескеру ұстанымы.
Соңғы жылдары бұлардың қатарына мынадай ұстанымдар қосылғанын
байқауға болады.
1. Қатысымдылық
2. Тіл менсөйлеуді айырып таныту.
3. тілді танытудағы кешенділік
4. Функционалдықтіл мен ойлаудың тығыз байлансытылығы мен
бірлігіне сүйену
5. Тілдік форма мен мағынаның бірліг
6. Тіл мен ойлаудың тығыз байланыстылығы мен бірлігіне сүйену.
7. Функционалдық- стилистикалық
8. Тілдік материалды дұрыс сұрыптау
9. Сөйлу қызметінің негізгі түрлерінің өзара тығыз байланытылығы
10. Концентрлік
11. Морфологияны синтаксистік негізде оқыту.
12. Жүйке ұстанымы.
13. Дидактикалық жеткіліктілік. Тіл теориясынан алынатын білім
мен тіл дамыту арасындағы сәйкестікті тұрақты сақтау
принцпі.
14. Резервтілік
Әрине ұстанымдардың саны мұнымен де
шектеліп отырмағаны белгілі. өйткені, тіл-көп қырлы құбылыс, ал
таным-шексіз үрдіс. Осының ішінен біз сөз тіркесін дамытуға
байланысты ұстанымларыды іріктеп алғымыз келеді.
1. сөз тіркесі синтаксисін жүйелі оқыту.
2. тіл мен ойдың бірлігін сақтай отырып оқыту
3. сөз тіркесіеің формасы мен мағынасы бірлігін таныту.
4. сөз тіркесі синтаксисін оқытуда тілдің басқа бірліктермен
тығыз байланыстылықта оқыту.
5. тіл мен сөйлеуді дихотомиясынназарда ұстау.
6. тілдік сезімді, тілдік сананы, тілдік қабілетті дамыта
оқыту.
7. қатысымдылық
8. сөз тіркесінің функционалдық, функционалдық –стилистикалық
қызметіне назар аудару.
9. сөз тііркесі туралы теориялық материалды лингводидактикалвқ
тұрғыдан сұрыптау.
10. резервтілік
11. лингвокультуралогиялық бағытты ұстану.
Л.П Федеренко былай деген: следовательно, принцпы обучения- это
исходнные теоретичесие положения, руководствуясь которыми учитель
выберает средства обучения: 1дидактически материал, 2 методы и приомы
его изучения, 3 организация обучения... но в силу своей предельной
обобщенности дидактические принцпы допускают построение весьма
различных конкретных методик не только для разных школьных предметов,
но даже для одного и того же предмета Пути исследования в
методической науке, стоящей на обьщедидактических принципах, аткже
могут быть различными дидактикалық жіне қазақ тілін оқыту
әдістемесіне байланысты ұстанымдарға орайластыра, бірақ сөз
тіркесінің өзіндік ерекшеліктерін назарда ұстай отырып, сөз тіркесін
бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясының мынадай ұстанымдары
жүйеленеді:
1. Сөз тіркесін оқыту әдістемесін зерттеу обьектісі ретіндегі
ұғым ретінде және әдістемелік жүйе ретінде сипаттау.
2. Сөз тіркесін биік дәрежелі теориялық деңгейде оқыту.
3. Теориялық білімнің жетекші орнын белгілей отырып, соның
негізінде оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсендіру
4. Нақтылықтан – абстрактылыққа, абстрактылықтан- нақтылыққа
логикасын барлық кезде ұстану.
5. Сөз тіркесінің тіл жүйесіндегі кіші жүйе ретіндегі болмысын
таныту. Тіл –жүйелердің жүйесі (ф. Де Соммюр) қағидасын негізгі
нысан ету.
6. Сөз тіркесі модельдерінің грамматика- семантикалық мағынасы
мен құрылымын меңгерту.
7. Сөз тіркесін меңгертудегі эмпирикалық және теориялық таным
деңгейлерінің сәйкестігін сақтау.
8. Оқушының ауызша сөйлеуі мен жазбаша сауаттылығының деңгейі
жоғары болуын сөз тіркесі синтаксисі туралы теориялық білім
алу үрдісінің негізгі міндеті ету.
9. Сөз тіркесі туралы лингвистикадағы жаңа мәліметтердің
дидактикалық бейімдеуден кақытылы және сапалы өткізілуін
қамтамасыз ету

Шындығында, сөз тіркесін дамыта оқыту ұстанымдары- сөз тіркесін
мектепте оқытудың иеялданған қағидалар болып табылад. Мұндай
қағидалар- ұстанымдар сөз тіркесн оқытудың идеалданған атрибуттарына,
компоненттеріне, құрылымы мен функциясына сәйкес келуін мүмкіндігінше
қадағалайды. Сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда дамыта
оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамыту технологиясының
дидактикалық негіздері жүйесін құрайтын келесі компоненті- осы
мақсатты жүзеге асыруда қолданылатын дидактикалық және әдістемелік
әдіс-тәсілдер жүйесі. Оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін
дамытуда танымдық әдістердің рольі ерекше. Дидактикалық әдістердің
лингвистиалық әдістермен үйлесе келіп, сөз тіркесін теориялық ойлауы
мен тілін дамыту бағытында оқытуда қолданылуын қарайық. әдіс
–тәсілдерді бұлайша сипаттауда тек мен түр категорияларны
қолданамыз. Сөз тркесін оқытуды оқу- танымдық процес деп
танығандықтан, танымдық әдістер-тек, ал ҚТОӘ-нің әдістеріне қатысты
айтсақ, мұнда дидактикалық әдістер –тек, ал ҚТОӘ әдістері тү болып
келеді. Сөз тіркесін дамыта оқыту әдістерін сипаттауда ҚТОӘ -нің
әдістері-тек, ал СТДОТ әдістері- түр болып таратыла дами береді. Бұл
айтылғандарды Эйльер-Венн диаграммасы арқылы былайша көрсетуге
болады. 1сурет. СТДО әдістерінің тектерімен түрлері

Мұндағы А-Танымдық әдстер. Ә-дидактикалық әдістер
Б-ҚТОӘ әдістері. В-СТДОТ әдістері.

Оқу-танымдық қызметтің тиімді ұйымдастырылуы таным таным
әдістерінің табиғатын дұрыс танып- білуден және оларды қолдану
жолдарын жүйелі сипаттауға байланысты. Таным теориясында таным
әдістері деп, әлемді тануға әкелетін әдістер қарастырылады. Таным
әдістері дегенді П. В Кпниннің ізімен біз де ақылдың өз-өзінен жасап
шығаратын туындысы емес, бірақ теориялықтың нормативті білдірілуі,
әрекет ережелері, стандарттары деп т.сінеміз.
Анализ және синтез әдістері. Анализ әдісі- ойлаудың логикалық
тәсілі. Аналитикалық қызмет барысында ой қарапайымнан күрделгіге
қарай, кездейсоқтықтан тепе-теңдікке, бірлікке қарай жүреді. Оқушы
білім алуының аналитикалық түрі жаңа қатынастар мен байланыстарды
тануға жетелейді. Сөз тіркесін оқытуда анализ әдісін оқушыға дұрыс
үйрету арқылы сөздерді тіркесі байланыстарын өз бетімен анықтай
білу дағдылары қалыптастырылады. Сөздердің тіркесімділік қабілеті
туралы оқытуда оппозициялық талдау жасатудың маңызы зор. Оқушы екі
сөздердің тіркесуге түсуінің жаңа қатынастарын таниды: привативті
қатынас, градуалды, эквивалентті қатынас. Анализ әдісін орынды
қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында оқушының теориялық ойлау
дағдылары дамуы да жүзеге асып жатады. Синтездің негізгі мақсаты-
талдау барысында бөлшектерден ұғымдық қасиеттерді жинақтау, біріктіру.
Синтездеу барысында жалпы мен жекенің ерекше бірлігі танылады. Сөз
тркесін оқыту барысында синтез әдісі сөз тіркесі деген тіл
бірлігінің тұтастығын құрайтын жекелеген бірліктерінің тұтасып келіп,
оқушылардың топтастырылған ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады.
Сөз тіркесінің болмысы туралы жаңа аспектідегі білім мазмұнын
меңгеру механизмдері мен ұстанымдарын анытқау таным теориясын негіз
ете отырып жасалатын оқыту технологиясының кешенді проблемаларын
зерттеуге алып келеді.
Индукция жәе дедукция әдістер. Диалектика логика табиғатын
танушылардың пікірінше индуктивтік әдіс пен дедуктивтік әдіс қандай
жағыдайда қарама-қарсылықты көрсетуі тиіс. Сөз тіркесін дамыта оқыту
технологиясының тарихын зерделеу барысында оқытудың мұндай әдістері
қолднылу ізерін табу қиын мес. Сөз тіркесі туралы оқу материалы
бірнеше бөлшекке бөлініп, басында сөз тіркесі туралы дайын ереже,
соңында сөз тіркесінің жекелеген белгілері туралы мәлімет беріледі.
А. Байтұрсынұлының жалпылау және жалқылау әдісі турал еңбегін нақты
қазақ тілін оқытумен байланысты талдау әлі де күн тіртібіне
қойылмай келеді. Оқулықтардағы жаттығулар бірығай сөз тркесінің тұтас
болмысын танып көшіру, табу сияқты болып, жеке белгісін анықтау
сияқты болып берілген. Мұнда да индукция мен дедукцияның бірлігін
танымау және ол бірліктің таным үдірісіндегі маңыды рольін
бағаламаудың ізі айқын көрінеді. Оның нәтижесі болса, оқушының сөз
тіркесі туралы алған білімінің синтезделмей, сөз тіркесіеің ішкі
заңдылықтары мен сыртқы функцияларының түрлілігі арқылы тілдің
табиғаты туралы тұжырымдарға келу т.б маңызды таным процесінің
қорытындыларын жасауға кедергі келтіредді.
Эксперимент әдісі. Сөз тіркесін оқыту барыснда оқушыларға
эксперимент әдісін меңгертудің өзіндік талаптары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесін зертеушілер
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Бастауыш сыныпта лексиканы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
Компьютерлік бағдарламалар тізбегі
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Пәндер