Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
Вербалды экспрессивтік стилистиканың ғылыми.теориялық негіздері
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне қысқаша шолу
Қазақ тілі лингвостилистикасының логика.философиялық негіздері
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының психолингвистикалық негіздері
Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары
Фоностилистикадағы дыбыстық қайталау және фоносимволизм
Интонацияның экспрессивтік стилистикалық қызметі
Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы
Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия
Синонимдердің стилистикалық қызметі
Лексикалық құралдардың антонимиясы
Лексикалық құралдардың омонимиясы және полисемия
Лексикалық құралдардың паронимиясы және парономазия құбылысы
Тілдегі фразеологизмдердің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі
Тілдің грамматикалық жүйесінің экспрессивтік стилистикалық құрылымы
Сөз таптарының экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі
Синтаксистің экспрессивтік стилистикалық қызметі
Функционалдық стилистика мен экспрессивтік стилистиканың бинарлық бірлігі
Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың ара қатынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі құбылыс. Қазіргі ғылымның дамуындағы антропоцентристік бағыт адамды интеллектуал тұлға ғана емес, оны эмоционалды менталды қырынан да қарастырады. Жеке тұлғаның психикалық құрылым компоненттерінің бірі эмоция болса, бұл феномен стилистикада арнайы тіл құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдер арқылы объективтенеді. Тілдің адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылымдар болып саналатыны да сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан бастап мәтінге дейінгі тіл бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі эмоциясы мен көңіл-күйін жеткізуге қызмет етеді. Тіл тарихи категория ретінде өзінің дамуы барысында эмоцияны сыртқа шығарудың түрлі тілдік тетіктерін қалыптастырды. Алайда, тілдің шынайы мүмкіндігі, әлеуеті сөз әрекетінде әр қырынан ашылады, сондықтан қазіргі қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық қызметінің сөздегі (речьтегі) мүмкіндіктерін арнайы зерттеу аса өзекті болып табылады.
Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметі ғалымдардың назарын көптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым
1 Балли Ш. Французская стилистика . -Москва: Наука, 1961. -394 с.
2 Матезиус В. Язык и стиль // Парижский лингвистический урок. -Москва: Прогресс, 1967. -523 с.
3 Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. -Москва: АНСССР, 1963. -255 с.
4 Винокур Г.О. О задачах истории языка // Звягинцев В.А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. -281 с.
5 Щерба Л.В. О трояком аспекте языка и эксперимента в языкознании // Звягинцев В.А. История языкознания XIX и XX веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. - 281с.
6 Гвоздев А.Н. Избранные работы по орфографии и фонетике. -Москва: Издательство Академии педагогических наук РСФСР, 1963. -284 с.
7 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы: Атамұра, 2003. -208-б.
8 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999. -361-б.
9 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі стилистикасы . -Алматы: Ғылым, 1996. - 190-б.
10 Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. -Москва: Наука, 1984. -400 с.
11 Уорф С. Язык. -Москва: Наука, 1934. -357 с.
12 Вилюнас В.К. Психология эмоцианальных явлений. -Москва: Наука, 1976. -293 с.
13 Шаховский В.И. Категоризация эмоций в лексикосемантической системе языка. -Воронеж: Наука, 1987. -297 с .
14 Леонтьев А.Н. Психолингвистические единицы и порождение речевого высказывания. -Москва: Наука, 1969. -201 с .
15 Гридин В.Н. Семантика эмоцианально-экспрессивных средств языка // Психологические проблемы. -Москва: Наука, 1972. -211с.
16 Лукьянова Н.А. Экспрессивная лексика разговорного употребления // Проблемы семантики . -Новосибирск: Наука, 1986. - 228 с.
17 Цоллер В.Н. Экспрессивная лексика, семантика и прагматика // Филологические науки. -1996. -№6 (596 ). -55 с.
18 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -Москва: Наука, 1966. -603 с.
19 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. -439-б.
20 Арнольд И.В. Стилистика современного английского языка. -Ленинград: Прогресс, 1981. -360 с.
21 Кожина М.Н. О конструктивном принципе функционального стиля его экстралингвистической основе и критериях стилистических оценок // Вопросы стилистики. Вып. 5. -Саратов: Наука, 1972. -155 с.
22 Селях А.С. Фоностилистическая дифференциация разговорной речи (на матер. франц.яз.) Автореф... канд. филол. наук. -Минск, 1972. -30 с.
23 Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы. -Алматы: Ана тілі, 1992. -444-б.
24 Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикасы. -Алматы: Ғылым, 1996. -210-б.
25 Сыздық Р. Сөз сазы. Сөздерді дұрыс айту нормалары. -Алматы: Ғылым, 1983. -250-б.
26 Лосев А.Ф. Философия имени. -Москва: Прогресс, 1985. -271 с.
27 Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. -Алматы: Ғылым, 1998. -257-б.
28 Гальперин И.В. Модальность текста // Сб.научн.тр. МГПИИЯ им. М.Тореза. Вып. 158. -Москва, 1980. -121с.
29 Демесинова Н.Х. Синтакситическая стилистика современного казахского языка. -Алматы: Наука, 1988. -93 с.
30 Құл-Мұхамед Рақымғали Абрарұлы. Қазақ мәдениеті құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы: Философ. ғыл. канд... дис. -Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2000. -156-б.
31 Ерасов Б. Рухани құндылықтар әлемі: Әлеуметтік философиялық жолдау. -Алматы: ҚРБҒМ.ФСИ, 2000. -180-б.
32 Верещагина Е.М., Костомаров В.Т. Язык и культура. -Москва: Наука, 1990. -107 с.
33 Кеңесбаев С.К. К вопросу об эксперессивно-стилистических системах литературных языков народов СССР.-Ашхабад: Наука, 1968. -303 с.
34 Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабеков А. Философия және мәдениетттану.
-Алматы: Ғылым, 1988. -95-б.
35 Кирилина А.В. Развитие гендерных исследований в лингвистике
-Москва: Наука, 1963. -68 с.
36 Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралық қолданылуы.
-Алматы: Мектеп, 1966. -208-б.
37 Уәлиұлы Н. Қазақ сөз мәдениетінің ғылыми теориялық негіздері: Филол. ғыл. док... дисс. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2007. - 308-б.
Зерттеуге қатысты жарияланымдар мен жұмыстың мақұлдануы
Монография
1 Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. -Алматы: ЛИЦ «КИЕ», 2007. -400-б.
Мақалалар
2 Стилистика ғылымының зерттелінуінен // «Казахстанская филология: проблемы и перспективы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2002. -79-81-б.
3 Мемлекеттік тілді оқытудағы стилистика мәселелері // «Функционалдық лингвистика: қазіргі жай-күйі және болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2003. -258-262-б.
4 Тіл, қоғам және стилистика мәселелері // «Қазақстан Республикасы ғаламдық мәдениетаралық кеңістікте» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2003. -364-367-б.
5 Мемлекеттік тіл және ресми іс-қағаздар стилі // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. Профессор А.С.Аманжоловтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Түркі сөз әлемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2004. -№6. -115-117-б.
6 Әдеби тілдік норма және стилистика мәселелерінің зерттелінуінен // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. Академик Р.Сыздықованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби тілі: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2004. -№5 (77). -99-101-б.
7 Жоғары оқу ағымында мемлекеттік тілді оқыту процесіндегі стилистика ғылымының рөлі // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2004. -№1 (43). -14-20-б.
8 Қазақ тіл білімі және стилистика мәселелері // Академик Ә.Қайдардың 80-жылдық мерейтойына арналған «Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2004. -514-521-б.
9 Қазақ тіліндегі тілдік норма және функционалды стильдер // Қ.Жұбановтың 105 жылдығына арналған «Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2004. -77-83-б.
10 Қазіргі қазақ тілі және стилистика мәселелері // «Мемлекеттік тілді үйрету жолдары: теориясы мен практикасы» атты республикалық ғылыми әдістемелік семинар материалдары. -Астана, 2004. -191-198-б.
11 Стилистика пәнінің жаңа қырлары // Профессор К.Ш.Хұсайынның 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. «Тілтаным» журналы. -№1. -2005. -107-113-б.
12 Стилистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасу тарихынан // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. -№3 (85). -2005. -135-138-б.
13 Мәтін стилистикасы мен функционалды стилистиканың ара қатынасы // «Қазақ тілі – ғылым тілі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Академиясы, 2005. -89-95-б.
14 Стилистиканың құрылымы және ғылыми бағыттары // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. «Қазақ тіл білімінің мәселелері және оқыту әдістемесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. материалдары. -2005. -№4 (86). -62-65-б.
15 Тілдік құралдардың стилистикалық қызметі // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. -Алматы, 2005. -№5 (87). -21-23-б.
16 Стилистиканы оқытудың міндеттері мен маңызы // «Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары. -Қарағанды, 2005. -193-196-б.
17 Тіл білімі тарихында функционалды стиль мен мәтін стилистикасының зерттелуі // «Жас ғалым – 2005» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Тараз, 2005. -23-27-б.
18 Стильдік норма мәселелерінің зерттелу тарихынан // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -Алматы, 2005. -№4. -84-89-б.
19 Синтаксистің стилистикалық ресурстары // М.М.Копыленконың 85 жылдығына арналған «Тіл әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы: Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2005. -398-403-б.
20 Стилистикадағы лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлардың дифференциялануы // Академик Ш.Сарыбаевтың 80-жылдық мерейтойына арналған «Академик Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы, 2005. -589-599-б.
21 Қазақ тіліндегі ғылыми стиль мәселелері // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2005. -№7. -36-42-б.
22 Стилистиканы логикалық тұрғыдан талдап танудың мақсаты мен міндеті // Абылайхан атындағы ҚазХҚӘТУ Хабаршысы. Филология сериясы. -Алматы, 2005. -№4 (13). -164-171-б.
23 Функционалды стилистиканың қалыптасу тарихы // ҚРҰҒА Хабарлары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2006. -№3. -36-40-б.
24 Стилистикалық ерекшеліктерді оқытудың өзекті мәселелері // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. «Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2006. №1 (91). -104-107-б.
25 Функционалды стильдерде синонимдердің қолданылу жүйесі // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2006. -№6. -45-50-б.
26 Публистикалық стиль мәселелері // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2006. -№8. -29-36-б.
27 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын оқыту арқылы ресми стильдік ерекшеліктерді меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2007. -№2. -61-68-б.
28 Функционалды стилистикалық реңктер жүйесі // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2007. -№ 3. -31-37-б.
29 Қазақ тіл біліміндегі фоностилистика мәселелері // Академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдығына арналған «Тіл және әдебиет: кешегісі мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Қайнар университеі, 2006. -140-145-б.
30 Қазақ тіліндегі лексиканы зерттеудің стилистикалық аспектісі // «Тілтаным» журналы. -2006. -№2. -60-34-б.
31 К вопросу об основных направлениях стилистики в современном языкознании // Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературе в вузах (выпуск 11). -Ташкент: Ташкентский государственный юридический институт, 2006. -С.85-91.
32 Қазақ тілінің стилистикалық ресурстары // «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. І-том. -Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2006. -581-590-б.
33 Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ресми стильді меңгерту // «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. ІІ-том. -Алматы: Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2006. -137-143-б.
34 Мемлекеттік тіл арқылы курсанттарға ғылыми стильді меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2006. -№4 (54). -67-74-б.
35 Сөйлемде антонимдерді стилистикалық қолдану // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. Профессор А.Айғабыловтың 70 жылдығына арналған «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2006. -№4 (94). -132-136-б.
36 Система стилей в современном языкознании // JJm sarchashmalarі. Научный и научно-методический журнал. Республика Узбекистан. -Ташкент, 2006. -№3. -95-98-б.
37 Қайталау түрлерінің экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктері // Академик Ө.Айтбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институты, 2006. -135-140-б.
38 Қазақ тілі стилистикасының ішкі жүйелік ерекшеліктері // «Тілтаным» журналы. -2007. -№1. -51-55-б.
39 Көркем әдебиет арқылы курсанттарға стильдік ерекшеліктерді меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2007. -№1 (55). -62-70-б.
40 Основные направления, понятия и категории стилистики // Международный научный журнал. Международная Академия Наук. Россия. - Балашов, 2007. -№1. -С.45-48.
41 Экспрессивно-стилистические особенности книжного стиля современного казахского языка // -Украина: Черкасский национальный университет имени Б.Хмельницкого, 2007. -С. 309-313.
42 Стилистиканың психолингвистикалық негіздері және экспрессивтілік // М.Балақаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2007. -328-335-б.
43 Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу тілінің экспрессивтік-стильдік ерекшеліктері // «Қазақстан мен Түркияның ортақ мәдени құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: Түркі әлемін зерттеу қоры және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2007. -142-145-б.
44 Стилистиканың логикалық тұрғыдан танып-талдаудың мақсаты мен міндеті // ҚазҰУ Хабаршы. Филология сериясы. -2007. -№8 (107). -173-177-б.
45 Стилистикадағы экспрессивтілік пен транспозиция // І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2007. -232-236-б.
46 Өзбетінше оқыту жұмыстары арқылы курсанттарға тіл мәдениетін игерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2007. -№1 (55). -121-128-б.
47 Қазіргі қазақ тіліндегі экспрессивтік және стилистика мәселелері // «Әлемдік рухани құндылықтар және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2007. -113-119-б.
48 Жалғастырушы топтарда ұлттық танымдар арқылы сөз мәдениетін меңгерту // Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясы жинағы. -Алматы, 2008. -№2 (60). -188-200-б.
49 Троптардың экспрессивтік стилистикалық қызметі // Қайнар университетінің Хабаршысы. -Алматы, 2008. -№2. -68-73-б.
50 Қазақ тілі стилистикасының логика-философиялық негіздері // «Шығыс тілдері және қазақ тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2008. -121-129-б.
51 Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың ара қатынасы // «Ақиқат» журналы. -2008. -№5. -70-74-б.
52 Сөйлеудегі ақпаратты экспрессивтік синтаксистік мүшелеу амалдары // «Ұлағат» журналы. -2008. -№2. -19-28-б.
53 Қазақ кітаби жазба тілінің экспрессивтік стилистикалық мәселелері // «Ізденіс» журналы. -2008. -№2. -86-91-б.
54 Фразеологиялық синонимдердің экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктері // «Ұлт тағылымы» журналы. -2008. -№2. -261-266-б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.122′ 373.47 Қолжазба құқығында

ҚОЯНБЕКОВА САРА БАРИҚЫЗЫ

Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері

10.02.02 – Қазақ тілі

Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық
және қолданбалы тіл білімі кафедрасында орындалды

Ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Шалабай

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор Ж.Сәдуақасұлы

филология
ғылымдарының докторы,
профессор Б.Момынова

филология ғылымдарының докторы,
профессор С.Сатенова

Жетекші ұйым: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Диссертация 2008 жылы 15 қыркүйек күні сағат 14.00-де Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы,
Достық даңғылы, 13, 215а-кабинет) филология, педагогика ғылымдарының
докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04
диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2008 жылы 14 тамызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарынң докторы, профессор
Г.Қосымова

КІРІСПЕ

Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы
табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны
белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр
алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік
бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі –
қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін
баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді қарым-қатынастың аса маңызды
құралы қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның
саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем
туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін,
психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты
қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы,
олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл
атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның
ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз
байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана
ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің
қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-
қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй
толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Психологияда
адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі болса, олардың
әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің
басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі құбылыс.
Қазіргі ғылымның дамуындағы антропоцентристік бағыт адамды интеллектуал
тұлға ғана емес, оны эмоционалды менталды қырынан да қарастырады. Жеке
тұлғаның психикалық құрылым компоненттерінің бірі эмоция болса, бұл феномен
стилистикада арнайы тіл құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдер арқылы
объективтенеді. Тілдің адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен
бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылымдар болып саналатыны да
сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан бастап мәтінге дейінгі тіл
бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі эмоциясы мен көңіл-күйін
жеткізуге қызмет етеді. Тіл тарихи категория ретінде өзінің дамуы барысында
эмоцияны сыртқа шығарудың түрлі тілдік тетіктерін қалыптастырды. Алайда,
тілдің шынайы мүмкіндігі, әлеуеті сөз әрекетінде әр қырынан ашылады,
сондықтан қазіргі қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық қызметінің
сөздегі (речьтегі) мүмкіндіктерін арнайы зерттеу аса өзекті болып табылады.

Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметі ғалымдардың
назарын көптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына
түрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан
бері бұл бағытта көптеген еңбек жазылды. Сол кезеңдегі тілдің эстетикалық
табиғатын оның экспрессивтік қызметімен тығыз байланыста қараған тұжырымдар
бүгінде дамытылып, стилистиканың экспрессивтік стилистикасы саласының
арнайы қарастыратын мәселелеріне айналды.
Диссертациялық зерттеудің арқауы болып отырған қазақ тілі экспрессивтік
стилистиканың бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы
жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық
ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал
етіп отыр. Бұл бағыттағы ғылыми-теориялық зерттеулер мен талдаулар
психолингвистика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнопсихология,
жеке тұлғаның лингвопсихологиясы, лингвокогнитивтік психология,
лингвомәдениеттану мәселелерін анықтауға қажетті ақпараттарды береді.
Экспрессивтік стилистиканы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің
перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем шығарма тілін,
функционалды стилистика, стилистикалық ресурстар, ортология, сөз мәдениеті
т.б. мәселелерді әр қырынан және тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Халықтың ақыл-ой, дүниетанымы, өмір сүру тәсілі материалдық және рухани
мәдениеті, тарихы, сол материалдық, рухани дүниелерінің қалыптасуы, салт-
дәстүрі, әдет-ғұрыптары сияқты белгілер ұлт болмысын құраса, оны тіл арқылы
танып білу бірінші кезектегі өзекті мәселе болып табылады. Ұлт болмысы –
мазмұны кең, терең ұғым, сондықтан лингвистикалық зерттеулердің де шеңбері
кеңейіп, этнос табиғатын танытатын ғылымдармен байланысы нығаюмен қатар,
ұлт болмысын мәдени байлықтары тұрғысынан ашатын экспрессивтік стилистика
тәрізді жаңа лингвостилистикалық саланың өмірге келуіне себеп болып,
зерттеу аясының ауқымдылығы оны кең көлемде қарастырудың қажеттілігін
қалыптастырады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық
құралдары және олардың қызметі мен ерекшеліктері, қазақ тілі экспрессивтік
стилистикасының мәдени ұлттық қырлары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақ тілі экспрессивтік
стилистикасының ғылыми-теориялық негіздерін анықтау және тілдің
экспрессивтік стилистикалық жүйесін зерттеу. Мақсатқа қолжеткізу барысында
зерттеудің мынадай міндеттері анықталды:
- қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының логика-философиялық
негіздерін, танымдық тұғырын анықтау;
- экспрессивтіліктің психологиялық және лингвистикалық ортақ
мәселелері мен айырмашылықтарын анықтау;
- қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының зерттелуі мен қалыптасу
сипатына шолу жасау;
- қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мазмұны мен ұғымдарын,
жалпы стилистикалық жүйедегі орнын анықтау және жүйелеу;
- қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық жүйесінің экспрессивтік
стилистикалық қызметі мен сипатын нақты тілдік деректер арқылы
талдап, анықтау;
- қазақ тілі грамматикалық жүйесінің экспрессивтік стилистикалық
әлеуетіне сөз таптары мен қосымшалардың, синтаксистік
құрылымдардың стилистикалық ерекшелігін талдау арқылы сипаттама
беру;
- экспрессивтіліктің әртүрлі стилистикалық амал-тәсілдер жүйесі
арқылы жасалатынын троп түрлері мен фигураларды талдап, жүйелеу;
- қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мен функционалдық
стилистикасының бинарлық бірлігі мен байланысын анықтау арқылы
ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби жазба тілдің ара қатынасын көрсету;
- экспрессивтіліктің қазақ тіліндегі мәдени ұлттық сипаты мен ұлттық
танымдық қырларын зерделеу, оның қазақ тіліндегі озық үлгілерін
анықтау арқылы экспрессивтік стилистиканың сөз мәдениетіне әсерін
көрсету.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда тілдік деректер мен
ғылыми тұжырымдарды диахронды – тарихи – салыстырмалы, синхронды –
салғастырмалы, сипаттамалы талдау, жинақтау, сипаттау, топтастыру, жүйелеу,
салыстыру, модельдеу т.б. зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Зерттеудің әдіснамалық және
теориялық тұғырлары ретінде философияның таным теориясы, диалектикалық
логика, психофизиология мен психолингвистикадағы тіл және сөйлеуге
қатысты теориялық тұжырымдар, іс-әрекет психологиясының теориялық
тұжырымдары, жалпы және жеке тіл білімінің стилистика, экспрессивтік
стилистика, семантика, семиотика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика
жөніндегі зерттеулерде кездесетін пайымдаулар басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста қазақ тілі
экспрессивтік стилистикасының лингвостилистиканың бір саласы екені ғылыми-
теориялық тұрғыдан негізделді. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық
жүйесі алғаш рет кешенді түрде зерттеліп, мына мәселелер ғылыми тұрғыда
шешімін тапты:
- қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық табиғаты алғаш рет логика-
философиялық, психолингвистикалық, лингвостилистикалық тұрғыдан айқындалды;

- қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мазмұны мен ұғымдары
анықталып, жүйеленді;
- тілдік парадигмадағы бірліктердің экспрессивтік стилистикалық
құрылымдары, функционалдық-семантикалық қызметі мен ерекшеліктері
сипатталды;
- экспрессивтік стилистиканың жалпы лингвистикалық жүйедегі негізгі
орны және олармен қатынасы анықталды;
- экспрессивтілік ұғымына функционалдық тұрғыдан алғаш рет анықтама
беріліп, оның тілдік-психологиялық қырлары сараланды;
- экспрессивтіліктің эмоционалдық, образдылық, бағалауыштық
категориялары экспрессивтіктің құралы ретінде дәйектелді;
- экспрессивтік стилистика мен функционалды стилистиканың бинарлық
бірлігі қарама-қарсы қойылып, олардың бір-біріне тигізер әсері мен ықпалы
тілдік деректермен дәйектелді;
- қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мәдени ұлттық, гендерлік,
менталды болмысы мен оның тарихи қалыптасу арналары талданып, жүйеленді;
- экспрессивтік стилистика мен сөз мәдениетінің ұлттық тіл жүйесіндегі
орны және байланысы, тілдік бірліктердің стильдік қызметінің дамуы мен
қалыптасуына әсері талданды;
- қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық жүйесі қазіргі қазақ
тілінің тілдік деректері бойынша талданып, тұжырымдар жасалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысында қазақ
әдеби тілінің стилистикалық мүмкіншіліктері мен әлеуетті резервтерін
экспрессивтік стилистика тұрғысынан тану жолы зерделенді. Экспрессивтік
стилистиканың тіл мен сөйлеу жүйелері тұрғысынан танылған ерекшеліктері
қазақ тілі стилистикасының ұстанымдарын нақтылай түсуге белгілі бір
дәрежеде үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін қазақ тілінен мамандар даярлайтын
жоғары оқу орындарында Қазақ тілі стилистикасы пәні мен Сөз
мәдениеті, Көркем әдебиет стилистикасы, Нормативтік қазақ тілі т.б.
пәндерден оқытылатын теориялық дәрістер мен арнайы курстарда, арнайы
семинарларда пайдалануға болады; қазақ тілі стилистикасының мазмұнын ғылыми-
теориялық тұрғыдан толықтыра алады. Қазақ тілі стилистикасынан оқу
құралдарын жазуда, сондай-ақ, Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
мен дамыту бағдарламаларына сәйкес болашақ ғылыми ізденістерде
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- экспрессивтілік дегеніміз – бейнелеу, бағалау тілдік құралдардың
айқындығымен ерекшеленіп, сөйлеушінің белсенді сезім-күй әрекеттері арқылы
ойды әсірелеп, көркемдеп жеткізуде сөз өрнектерінің ұтымды қолданылуы, ал
экспрессивтік стилистика аталған экспрессивтік ерекшеліктердің тілде жүзеге
асу тетіктерін зерттейтін қазақ тілі стилистикасының маңызды саласы болып
табылады;
- қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасын зерттеуге лигвофилософияның
таным теориясы, тіл мен ойлау, тіл мен сана, форма мен мазмұн, қоршаған
әлем және оның тілдік бейнесі, логиканың ойлау және оның түрлеріне қатысты
теориялық тұжырымдары негіз болады. Себебі тілдің нақты қолданысының түрлі
ой мен сезімді жеткізуге бейімділігі мен мүмкіндіктерін көрсету әрбір тіл
бірлігінің бойындағы стилистикалық мүмкіндіктердің өзін сол құрылым мен
мағынаның дамуы барысында жинақталған дәндері ретінде тануға мүмкіндік
береді. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, тілдің жалпы философиялық
табиғатымен үндесіп жатады;
- қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық жүйесін зерттеу тілдің
экспрессивтілікті жеткізуде ғасырлар бойы қалыптастырған тілдік
механизмдері мен олардың сөйлеудегі, контекстегі қолданысын анықтауға,
талдауға құрылады. Бұл тұста экспрессивтік стилистикалық зерттеуде тіл мен
сөйлеудің дихотомиясы басшылыққа алынады;
- қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін анықтауда және
осы бағытта зерттеулер жүргізуде лингвостилистиканың синонимия,
транспозиция, экспрессивтілік, коннотаттық ұғымдары негізге алынады;
- қазақ тілі лексикалық жүйесінің экспрессивтік стилистикалық
құрылымына сөз және тұрақты сөз тіркесі семантикасы мен функциясы, олардың
эстетикалық ерекшелігі мен контекстегі сипаты, синонимиясы, антонимиясы,
омонимиясы, паронимиясы және троптар енеді;
- қазақ тілінің эмоцияналды, образды, бағалауыштық, лексикалық,
фразеологиялық бірліктер жүйесінде интонация, ырғақ, дыбыстық қайталаулар,
сөз таптары, қосымшалар мен грамматикалық категориялар айрықша
экспрессивтік стилистикалық қызмет атқарады;
- қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасын түрлі ғылым салаларымен
байланыста кешенді зерттеу халықтың тіл байлығын ғана емес, оның мінез-
құлқын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, наным-сенімін, ұғым-түсінігін, басқа
халықтармен мәдени байланысын, эстетикалық талғамын, ұлттық болмыс-бітімін
айқындап, ұлттық тіл мәдениетін дамытуға негіз болып табылады.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмысты жазу барысында қазақ ауызекі сөйлеу
тілінен, әдеби тілінен, көркем әдебиет стилінен алынған тілдік деректер,
халық ауыз әдебиеті үлгілері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, шешендік
сөздер, фразеологиялық тұрақты тіркестер, қазақ классикалық әдебиеті мен
қазіргі әдебиет өкілдерінің шығармаларынан дәйектеме сөйлемдер алынды.
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Аймауытов, І.Есенберлин, І.Жансүгіров, О.Бөкеев,
М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Ә.Кекілбаев т.б. жазушылардың шығармалары мен
лингвистика және экспрессивтік стилистика теориясы бойынша еңбектер
пайдаланылды.
Зерттеудің талқылануы мен жариялануы. Зерттеудегі негізгі ойлар,
диссертацияның мазмұны, ондағы негізгі тұжырымдар халықаралық және
республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамаларда
талқыланған, бақылау Комитеті бекіткен тізімдегі республикалық басылымдарда
жарияланған. Алматы, Қарағанды, Тараз т.б. қалаларда өткізілген халықаралық
және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндама жасалды.
Диссертация жұмыс Абай атындағы ҚазҰПУ-дың теориялық және қолданбалы тіл
білімі кафедрасында және қазіргі қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі
кафедрасының және Диссертациялық кеңес жанынан құрылған әдістемелік
семинардың кеңейтілген мәжілісінде талқыланған.
Диссертация бойынша 1 монография, 53 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, алты тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, негізгі мақсаты
мен міндеттері, дереккөздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, қорғауға
ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен зерттеу жұмысының жариялануы туралы
мәлімет беріледі.
Диссертацияның бірінші тарауы Вербалды экспрессивтік стилистиканың
ғылыми-теориялық негіздері деп аталды. Мұнда тілдің экспрессивтік табиғаты
мен болмысын логикалық, философиялық, психологиялық тұрғыдан тануға, оның
тілге әсері мен тілде таңбалануын, жалпы тілдің қызметіне әсерін анықтау
және осымен байланысты экспрессивтік стилистикалық мәселелердің зерттелуіне
шолу жасау көзделді. Экспрессивтілік – адаммен, оның ойлауымен, сезімдік
таным-түйсіктерімен тығыз байланыста танылатын күрделі құбылыс.
Экспрессивтіліктің психологиялық табиғаты қаншалықты күрделі болса, оның
тілдік таңбалық сипаты да соншалықты көпқырлы және сан алуан. Тілде
таңбаланатын адамның шығармашылық танымы, көркемдік ойлау жүйесі, ұлттық
дүниетанымы мен сезім-түйсіктері тілдің экспрессивтік күш-қуатын
айқындайтын факторлар болып табылады. Тіл құралдарының экспрессивтілік
нысаны болуы ақпараттық қана емес, экспрессивтік мәліметті жеткізу әлеуеті
арқылы көрінеді.
1.1 Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне
қысқаша шолу тараушасында қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының даму,
қалыптасу сипатына шолу жасалып, негізгі мәселелері талданды.
Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне
дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып,
тақырыптық-композициялық тұтастық құраған кезде тұтас мәтіннің эмоционалды-
экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Лексика адамның дүниеге, сыртқы
ортаға қатысты сезімдік дүниетанымның тілдік картинасын бейнелесе, сөздің
түрлі морфологиялық формалары, сөйлем мен мәтін және дыбыс адамның сыртқы
ортамен сезімдік қатынастарының өзара байланысын, динамикасын нақты
контекст жағдайында бейнелейді.
XX ғасырдағы Ш.Баллидің концепциясының негізінде стилистика тілдің
экспресивтік формалары туралы ілім ретінде анықталды. Стилистика тілдік
жүйе элементтерінің эмоционалды-экспрессивтік, сонымен қатар тілдің
мәнерлегіш құралдарының қалыптасуына әсер ететін тілдік деректердің өзара
әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті [1].
XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа бағыттардың
пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды дамуына әсер етіп, стилистикада
тілдің функционалдық қырлары басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех
ғалымдары әдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл
аударды [2]. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов жаңа бір кезеңнің
бастамасы болды деп айтуға негіз бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде [3]
тілдік-функционалдық концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің
халық өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет атқаруын зерттеуі
құрайды.
Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын, оның дыбыстық
құрылымын, грамматикасын, сөздігін, фразеологиясын толық қамтитын күрделі
жүйе ретінде таныла түсті. Тіл тұтас құрылымның тарихи дамуындағы іштей
байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы барысындағы
функционалды жіктелісі және әртүрлі сөйлеу құбылыстарының экспрессивтік
бояулары мен реңктерінің сәйкестілігі тұрғысынан қарастырыла бастады.
Тілдік қарым-қатынастың салалық қолданысы, сөйлеудің жекелеген қоғамдық
шектелген түрлерімен (яғни, функционалды стильдермен) байланыста алып
зерттелді. XX ғасыр басындағы және одан кейінгі орыс әдеби тілі,
стилистикасы мен тіл мәдениетін зерттеудегі ізденістер (Г.О.Винокур,
Л.В.Щерба, А.Н.Гвоздев т.б.) [4; 5; 6] осы бағыттағы зерттеулерді
тереңдетіп, одан әрі дамытты. Сөз семантикасының экспресивтік, эмоционалдық
және бағалауыштық компоненттері және олардың денотативті мағынамен
байланысына айрықша назар аударылды.
Қазақ тіл білімінде стилистикаға қарасты мәселелердің зерттелуі
А.Байтұрсынұлы [7], Қ.Жұбанов [8] еңбектерінен басталады. А.Байтұрсынұлының
Әдебиет танытқышында көркем сөз бен көсем сөзге қатысты ой толғамдары,
Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да
еңбектері бұл саладағы алғашқы қарлығаштар болды. Ал стилистиканың жеке
ғылым тармағы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен
байланысты. Алғашқы басылымы 1966 жылы жарық көрген Қазақ тілінің
стилистикасы оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде
алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының
мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе қазақ тілі
стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп қарастырылады.
Экспрессивтік стилистиканың мәселелері тілдік бірліктердің эмоционалды-
экспрессивтік қызметіне қатысты қарастырылды [9].
Кейінгі кезеңдерде қазақ стилистикасы І.Кеңесбаевтың, А.Ысқақовтың,
М.Балақаев, Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісов, С.Исаевтың, Ф.Мұсабекованың,
Н.Х.Демесинованың, М.Серғалиевтың, Н.Уәлиевтің, Р.Әмірдің,
Б.Момынованың, О.Бүркітовтың, Ж.Құрманбаеваның, Б.Хасановтың, Т.Қоңыровтың,
Х.Нұрмұқановтың, Х.Кәрімовтың, Б.Шалабайдың, Ш.Мәжітаеваның,
Д.Әлкебаеваның, Г.Әзімжанованың т.б. ғалымдардың зерттеулерімен толықты.
1.2 Қазақ тілі лингвостилистикасының логика-философиялық негіздері.
Тіл мен ойлаудың байланысы, олардың өзара әрекеттесуі барлық лингвистикалық
және философиялық бағыттарда мойындалып, қай уақытта да түрлі қырынан
қарастырылып келеді. Бірақ стилистиканың философиялық негіздері мен ол
байланыстың сипаты, маңыздылығы жөнінде қазақ тіл білімінде терең сөз
бола қойған жоқ. Ал шындығында, стилистиканың философиялық негіздерін тану
арқылы тіл мен ойлау мәселесінің тағы бір арнасы анықталып, стилистиканың
теориялық бір тамыры анықталады және аса маңызды тұсы – адамның
дүниетанымындағы тілдің түпмәні, адамзат қоғамы мәдениетінің мәртебесі
айқындалады.
В. фон Гумбольдттың тіл мен ойлаудың өзара тығыз қарым-қатынасы туралы
концепциясына сүйенетін болсақ, мынадай мәселелер ерекшелініп алынуы керек
деп санаймыз. В. фон Гумбольдт ең алғаш рет тілді тек адамдардың қарым-
қатынас құралы ғана емес, дерексіз, топтастырылған ойлаудың аса қажетті
шарты екендігін дәлелдеді. Ақыл-ой әрекеті – тек қана рухани әрекет, онда
да терең тамырдан тыныс алатын дыбыстық тілмен білінбейтін, тек сезімдік
қабылдауда ғана түсінілетін құбылыс болып табылады. Соның негізінде ғана
тіл мен ойлау әрекеті айрылмас тығыз бірлікте болып танылады. Адамның өз
ішінен ойлау барысы деген құбылыстың өзі тек қана тілдің көмегі арқылы
жүзеге асырылады. Тіл – ойлауды ұйымдастыратын орган болып табылады.
Тіл ойлауға шешімділік жағынан ықпал ететін құбылыс. Сол жағынан
қарайтын болсақ, тіл адам ойының танымдық әрекетін, оның бағыты мен
мазмұн сипатын анықтайтын күшке ие болып келеді. Сөз сыртқы заттың
(предметтің) жай ғана таңбасы емес. Сөз – сол заттың адам жанында
орналасатын бейнесі. Жеке адамның сөйлеген сөзінде сыртқы заттың тікелей
бейнесі емес, оған араласқан сөйлеушінің жан дүниесінің қабылдау
мүмкіндіктерінің нәтижесінде жаңадан дерлік пайда болған бейнелер
қолданылатынын осылай танытқан В.Гумбольдттың бұл концепциялары
стилистиканың негізгі заңдылықтарына алынуы тиіс [10].
Лингвистикалық салыстырмалылық болжамын қалыптастырған Сепир – Уорф
теориясын басшылыққа алатын болсақ, онда мінез-құлық пен ойлаудың тілге
қатысы терең тануды қажет ететін мәселе екенін айқын түсінеміз. Әрине, бір
қарағанда, Сепир – Уорф теориясы жалпыадамзаттық ойлау бірліктерінің бар
екенін жоққа шығарғандай болып көрінуі ықтимал. Ал шын мәнінде, Сепир –
Уорф болжамы бойынша, ұлттық ойлау мен ұлттық сөйлеудің қарым-қатынасын
тану арқылы ғана жалпыадамзаттық логикалық категориялар танылуы мүмкін деп
түсінуіміз керек [11].
Тілді логикалық тұрғыдан талдап-танудың негізгі мақсаты мен міндеті –
тілдің ойды құраудағы, сыртқа білдірудегі қызметі қалай, қайтіп, қандай
жолмен жүзеге асырылатынын анықтауға ұмтылу болып табылады. Жалпылама түрде
айтар болсақ, тілдегі сөздер, сөз тіркестері қалай да бір шындық
болмыстағы заттарды білдіріп, соларды таңбалауға қызмет етеді. Яғни сыртқы
дүниедегі заттардың адам санасындағы ерекше бір өкілі іспетті қызмет
етеді. Осымен де байланысты, логиканың міндеті – сол сыртқа білдірілу
процесінің ерекшеліктерін (тіл элементтері мен олардың байланысын) және
сыртқы дүниедегі заттардың өзара байланысын тану болып анықталады. Бірақ
бұл жерде ерекше есте тұтар мәселе бар, ол – тіл мен оның таңбалап тұрған
заттарының арасында тікелей байланыс бар деп саналмауы. Тілдің басты
механизмдері ойдың, оймен бөлшектеп танудың, Абайша айтқанда, тұтасты
қырыққа бөліп танудың қызметін атқаратынын мойындай отырып, сыртқы ерекше
дүниенің ішкі ерекшелікке ауысуындағы заңдылықтарды тану логикалық
талдаудың негізгі мақсаты болып келеді.
Табиғи тілді логикалық талдаудың нәтижесі арнайы формалдық тіл жасауға
алып келетіні белгілі. Сол арнаулы формалдық тіл негізінде логика мен
тілдің байланысын тануға, соның негізінде стилистиканың логикалық негізін
тануға мүмкіндік болады. Тілдің таным құралы ретіндегі қызметі
философияның, логиканың негізгі нысаны бола отырып, сол таңбалар өздері
таңбалайтын нәрселермен қандай байланыста болатыны және ол байланыстың
сипаты мен ерекшелігі неде екендігін анықтауға мүдделі болады. Табиғи тіл,
осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, таңбалар жүйесін құрайды. Сонда тілді –
таңбалар жүйесі деп қарастырғанда, тілдің стилистикасы негізгі орында
тұрады. Өйткені, адам өзінің ойын түрліше білдіруде тілді (таңбаларды)
түрлендіре қолдану арқылы өз ойын түрлендіріп отырады. Осыған байланысты
тілдік таңбалардың стилистикалық мүмкіншіліктерін тереңірек танудың
синтаксистік, семантикалық, прагматикалық аспектілерінің ерекшеліктері
айқындалады.
Адамның ойлауы мен тілдік құдіретінің арқасында ғылым да, көркем
әдебиет те дамып-жетіліп келеді. Сондықтан да стилистиканың теориялық
негіздері ретінде философия мен логика ғылымдарын алудың өзі –
стилистикалық мүмкіншіліктердің тамырларында тұнып жатқан құпиялар мен
сырларды тануға негіз болады.
1.3 Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының психолингвистикалық
негіздері. Қазақ тілі ерекше жүйе ретінде өзінің құрамындағы бірліктерінің
энергиялық қуатын сөйлеу барысында, сөйлеу әрекетінде таныта алады. Сөйлеу
барысы көптүрлі және көпбейнелі түрге ене алатын күшке ие болып келеді.
Адам баласының сөйлеуі барысында физикалық та, психикалық та, физиологиялық
та процестер қатар жүріп жататынын байқауға болады. Сол сәтте сөйлеу – әрі
индивидуалды, әрі әлеуметтік құбылыс ретінде өтіп жатады.
Стильдік ерекшеліктерді мәтінге жинап-теріп, бір арнаға ұйымдастыратын
психикалық процестердің негізгісі ретінде сөйлеу процесі барлық тіл
бірліктерінің жаңа бағдар ала ұйымдасуының жаңа сапасын танытады. Сол
болмыспен сыртқа шығарылған сөйлеу туындысы енді сыртқы ортаны өзгертуге
мүмкіндік алатын белгілі бір күшке ие екенін көрсетеді. Адамның санасында
ойлау мен қиялдау процесі сөйлеу әрекетімен тығыз байланыста болып, адам
ойлауының ерекше түрін, яғни тілдік ойлауын (сөйлеу – ойлау – речевое
мышление) қалыптастырады.
Тіл құралдарының эмоционалды-экспрессивтік қызметі лексиканың,
грамматиканың аясында зерттелгенмен, экспрессивтік стилистиканың арнайы
құралдары ретінде бірізге түсірілген жоқ. Психология мен психолингвистика
адамның іс-әрекетіндегі эмоцияның қызметін зерттеуге бағытталған. Сол
себепті адамда болып жататын психикалық процестерді талдауда эмоцияның
психикалық және іс-әрекеттік қырын бірлікте алып түсіндіру басты ұстаным
болып есептеледі. Психологияның өзінде де адамның эмоциялық сезімдерінің
қат-қабат сырларын зерттеу әлі жеткіліксіз. Бұл эмоцияны тілдік тұрғыдан
зерттеуге де қиындық тудырып отыр. Сондай-ақ, психологиядағы эмоцияның
түрлерінің топтастырылуы және оның жалпы сипаты дәл анықталды деп те айту
қиын. Адамға тән негізгі эмоция түрлері әлі психологияда да, физиологияда
да дәл анықталмаған.
Психологтардың ойынша, эмоцияға универсалдық сипат тән:
Некоторые отдельные эмоции являются универсальными, общекультурными
феноменами. И кодирование, и декодирование ряда эмоциональных выражений
одинаковы для людей всего мира, безотносительно к их культуре, языку или
образовательному уровню [12, 56 б.]. Эмоцияның универсалды қасиеті
В.А.Артемьева т.б. ғалымдардың зерттеулерінде де эксперименталды тұрғыдан
дәлелденеді. Дегенмен, ғалымдар арасында тілдегі сезім мен адамның табиғи
сезімдерінің әрдайым сәйкес келетіндігіне күмән келтіретіндері де бар.
В.И.Шаховский оған үзілді-кесілді қарсы пікір айтады: шынайы сезімдер мен
оның тілдік моделі ешқашан сәйкес келмейді [13, 90 б.]. А.Н.Леонтьев
болса, тіл бірліктері заттық өмірдің барлық қатынастары мен қасиеттерін
идеалды формада бейнелейді деген пікір айтады [14]. Адамның өзіндік
табиғатына тән универсалды эмоциялық сезімдерді негізге ала отырып, тілдің
стилистикалық жүйесіндегі универсалды экспрессивті мағыналарды анықтауға
және олардың тілдегі көрінісін анықтауға болады деген болжам жасауға
болады. Бұған тілдегі адам сезімдерінің бейнелену семантикасы негіз болады.
Лингвистикалық зерттеу еңбектерінде мұндай эмоциялық универсалдар түрліше
аталып жүр: доминант эмоциялар, негізгі эмоциялар, эмоционалды тон, жетекші
эмоциялар, базалық эмоциялар т.б. Сонымен қатар, психологтар адам баласына
тән сезімдер мен толғаныстардың табиғаты бірдей болғанмен, әр тілдің
эмоциялық сөздік қоры әртүрлі екенін айтады. В.Н.Гридиннің пайымдауынша,
барлық халықта эмоциялар универсалды, ортақ болғанымен, олардың әр тілдегі
типологиялық құрылымы бір-біріне ұқсамайды екен, себебі әр тілдің
эмоционалдық табиғатына ұлттық ерекшелік тән болып келеді.
Сонымен, эмоционалдылық пен бағалауыштық – өзара тығыз байланысты
категориялар екені даусыз. Психологиялық және лингвистикалық еңбектерде
адамның эмоциясын зерттеудің екі жолы қарастырылады: 1) алдымен адамға тән
эмоциялық сезімдерді анықтау арқылы оның тілдегі көрінісін зерттеу; 2)
тілдегі эмоциялық құралдарды анықтау арқылы адамның сезімдер дүниесіне
талдау жасау [15].
1.4 Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары қатарында
экспрессия, экспрессивтілік түсініктері әлемдік тіл білімі ғылымында көптен
бері ғалымдардың назарын ерекше аударып, тереңнен зерттеліп келеді. Тіл
туралы ғылым бұл құбылыстың тілдің әртүрлі деңгейінде жүргізілетін
зерттеулерге арналған көптеген жұмыстарды жинақтайды.
Көптеген ғылыми еңбектердің авторлары экспрессия және экспрессивтілік
терминін тек синоним түрінде ғана емес, сонымен бірге өзара алмаса алатын
лексикалық дублет түрінде де қарастырады. Бұл А.П.Горбунова, Ю.Д.Каражаева,
А.Д.Кулова, И.И.Туранский, Л.М.Васильев және басқа ғалымдардың
зерттеулерінде айтылады. Н.А.Лукьянова, В.Н.Цоллер, В.Н.Гридиннің
еңбектерінде бұл ұғымдар өзара тең емес, екі түрлі ұғымдар ретінде
анықталады.. Тілдің лексикалық бірлігінің экспрессивтік қасиетін зерттеген
Н.А.Лукьянова осы екі түсініктің ерекшеленуін былайша түсіндіреді:
экспрессивтілік экспрессия түсінігіне негізделеді. Бірақ экспрессия
объективтік шынайылық деңгейіне жатады. Экспрессия сөзінің өзі тілден тыс
нәрсені білдіретін болса, экспрессивтілік тілдік... бірліктің кейбір
қасиеттерін көрсететін лингвистикалық термин. Ғалымның ойынша,
объективтік экспрессияға іс-әрекеттің қарқындылығы, күйі, белгісі, бет-
әлпеттің, заттың, құбылыстың сандық-сапалық сипаттамасы жатады,
экспрессивтілік – тілдік бірліктің әлеуеттік мүмкіндігі, іс-әрекеттің,
құбылыстың, заттың, белгінің сипатын, оның сандық-сапалық қасиетін
білдіреді [16]. В.Н.Цоллер [17] экспрессияны функционалды, прагматикалық
категорияға және сөз деңгейіне жатқызады, ал экспрессивтілік тіл деңгейіне
жататын семантикалық категория дейді. Осындай шектеуді О.С.Ахманованың
Лингвистикалық терминдер сөздігінен көруге болады: Экспрессивтілік –
экспрессияның барлығы... Экспрессия – кәдімгі тілден ерекшелендіріп тұратын
және оған өзіндік үлгі мен эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің айқын
көркемдік қасиеті [18]. Тілтанудың энциклопедиялық сөздігінде бұл
категория төмендегідей жүйеленген: Экспрессивтілік – тіл бірлігі
белгілерінің семантико-стилистикалық жиынтығы, ол тілді коммуникативті
актіде сөйлеушінің сөз мазмұнына немесе сөз адресатына қатысты субъективті
айқындылығының құралы ретіндегі қасиетімен айқындалады. Тілдің экспрессивті
құралын, бірлестігін және өзара қарым-қатынасын белсендендіру нәтижесінде
сөз сөйлеушінің психикалық күйін айқын көрсетуге қабілеттендіретін
экспрессияға ие болады [19].
Экспрессема, экспрессив, экспрессоид, экспрессемоид. Басқа кез келген
тіл категориясы сияқты экспрессивтілік әртүрлі авторлар экспрессема,
экспрессив, экспрессоид экспрессемоид деп әртүрлі атаған сөз
қызметінің нәтижесін өзіндік білдіру құралдары бар. Бейнелеу құралдарының
аса бай қорын тілдің лексикалық деңгейі құрайды. Бұл – одағай, антонимдік
жұптар; морфологиялық туындылар негізінде пайда болатын экспрессивтілік.
Экспрессивтілікті жасауға синонимдік қатарлар көмектеседі. И.В.Арнольд
компоненттердің ерекше валенттілігінен құралатын лексикалық
экспрессивтілікті бөліп қарайды: қысқарған сөздер, лексикалық қайталау;
күрделі жеке авторлық сөздер [21].
Морфологиялық тәсілден басқа, сөз мағынасын алмастыруға негізделген
семантикалық тәсілдер де бар: метафора, метонимия т.б. Экспрессивтілік
идиомаға, афоризмге, мақал-мәтелге т.б. фразеологиялық бірліктерге тән. Сөз
айтылымның айқындылығын арттыру функциясын атқаратын фразеологиялық
синонимдер ерекше экспрессивтілікке ие. Ол экспрессивтілік синтаксис
құбылысына да тән, оған лингвистикада ХХ ғасырдың ортасында пайда болған
экспрессивті синтаксис түсінігі куә бола алады.
Қазақ тіл білімінде экспрессивтілік пен бағалаудың айырмашылығы мазмұн
межемен байланыста қарастырылады. Экспрессивтілік – лингвистикалық
универсалийлердің бірі болып табылады. Экспрессивтілік – табиғаты бойынша
функционалды және нақты бір коммуникативтік мақсатқа бағдарланған,
таңбалық мәннің динамикалық жүйесі ретінде сөйлеудің (мәтіннің)
фундаментальды имманентті қасиеті болып табылады. Сонымен,
экспрессивтілік – бейнелеу, бағалау тілдік құралдардың айқындығымен
ерекшеленіп, сөйлеушінің белсенді сезім-күй әрекеттері арқылы ойды
әсірелеп, көркемдеп жеткізуде сөз өрнектерінің ұтымды қолданылуы деп
тұжырымдай аламыз. Ал экспрессивтік стилистика аталған экспрессивтік
ерекшеліктердің тілде жүзеге асу тетіктерін зерттейтін қазақ тілі
стилистикасының маңызды саласы болып табылады.
Экспрессивтілік құбылысы транспозициямен тығыз байланысты
қарастырылады. Транспозиция сөздің стилистикалық бедерін жасауда ерекше
қызмет атқарады. Сөзге стилистикалық мәнділік беру мақсатында бір тілдік
бірліктің орнына екіншісін парадигматикалық межеге сәйкес қолдану
–транспозицияның стилистикалық мүмкіндігі деп аталады. Транспозиция, бір
жағынан, айтылымды әртүрлі және бай синонимдік құралдармен қамтамасыз
етеді, екінші жағынан, сөздің экспрессивтілігін көтеретін фактор болып
саналады. Сөйтіп, бұл құбылыс функциональдық жағынан стилистиканың екі
категориясымен – синонимия және экспрессиямен – тығыз байланысты.
Транспозиция тілдік жүйедегі тілдік бірліктер мен құрылымдардың және
олардың сөйлеудегі комбинацияларына байланысты туындайтын синонимия мен
экспрессивтіліктің сарқылмас қайнар көзі бола отырып сөздің әсерлілік күшін
күрт жоғарылататын экспрессивтік коннотацияны іске асырады. Ол көптеген
тілдік бірліктер мен құрылымдардың және олардың сөйлеудегі ықтимал
комбинацияларына байланысты стилистикалық синонимия мен экспрессивтіліктің
көзі болып табылады.
Лингвистикада жиі қолданылатын келесі әмбебап құбылыс – коннотация.
Коннотация ұғымының жан-жақты мәнін ескере келіп, Г.В.Колшанский,
М.Н.Кожинаның ізімен біз де жұмысымызда осы ұғымды басшылыққа аламыз. Оған
коннотация ұғымының мынадай ерекшелігі негіз болады: 1) оның деривативті
мүмкіншілігі кең; 2) М.Н.Кожинаның ескертуі бойынша, коннотация термині
стилистикалық мағына, стилистикалық бояу ұғымдарына қарағанда жалпы
және олардың барлығын жинақтап атайды.
Тілдегі коннотация құбылысын зерттеу тіл туралы ғылымның басым бағыты
екені анық. Бұлай деуге М.Н.Кожинаның мына пікірі негіз болады: Если
традиционное – а в общем-то и современное языкознание – было сосредоточено
на изучении денотативной (в широком смысле), чисто логико – понятийной
сферы языка (правда, с неизбежными, но побочными выходами в область
коннотации), то теперь пришла пора специального изучения этой
коннотативтной сферы посвсему разрезу языковых уровней [21]. Демек,
тілдегі коннотация құбылысы тек лексикаға қатысты ғана емес, тілдік жүйенің
барлық деңгейлерінде қарастырылуы тиіс маңызды мәселе болып табылады.
Көптеген коннотациялардың мәні коммуникацияның экспрессивті формасынан
ажыратылмайды – коннотация тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы
құрал болып табылады. Коннотацияның ғылымда белгілі мынадай түрлерін
көрсетуге болады: бағалау коннотациясы (тілдік бірліктердің экспрессивті-
стилистикалық мағынадағы кең тараған типі және құрылымы); пейоративті
(стилистикалық боялған бірліктердің параллель қолданылып, сөйлеудің
экспрессивтілігін күшейту және қоюландыру тәсілі арқылы жасалған
коннотация); бейнелік коннотация (семантикалық екі қырлы болады, яғни
абстракті бейнені сезімдік-көрнекілік фонда көрсету және айқын
коннотациялар арқылы нақты-бейнелік, сезімдік көріністерді белгілеу);
функционалды коннотациялар (функционалды-стилистикалық коннотациялар, тіл
бірліктері мен формаларын белгілі бір қоғамдық-сөйлеу тәжірибесінде қолдану
нәтижесінде пайда болады); ұлттық-мәдени коннотациялар (ұлттық өзіндік
құбылыстарды, халықтың рухани және материалды өміріндегі құбылыстарды
бейнелейді) т.б. түрлері бары белгілі.
Жұмыстың екінші тарауы Тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық
сипаты деп аталып, фоностилистикалық мәселелер, дыбыстық қайталаулар және
олардың түрлері мен сипаты, фоносимволизм мәселелері, оның тілдегі
көрінісі, дыбыстың экспрессивтік стилистикалық қызметі талданып,
жинақталды.
2.1 Фоностилистикадағы дыбыстық қайталау және фоносимволизм.
Бұл тақырып тіл білімінде тек соңғы уақытта терең зерттеле бастады.
Фонетикалық бірліктер бір уақытта бірнеше жүйенің басын біріктіріп тұратын
табиғаты күрделі таңба болып табылады. Дыбыстық таңба (дыбыс, фонема) – әрі
ментальды, әрі психикалық, физиологиялық, физикалық, лингвистикалық,
әлеуметтік, психологиялық, мәтіндік, эстетикалық және мәдени мәнге ие
құбылыс. А.С.Селях тіл дыбыстарының экспрессивтік қызметін оның
фоносемантикалық табиғатымен байланыста қарастыра келіп, адамның санасында
жалпыланған дыбыс типін – ономофонеманың тілдік жүйедегі номинативтік
қызметіне және оның сөйлеуде синтагмофонемаға, морфонемаға
трансформациялану ерекшелігіне талдау жасайды [22, 215 б.].
Академик Ә.Т.Қайдаров, Е.Қажыбеков, А.Айғабылұлының зерттеулерінде
қазақ тіліндегі моносилабтық дыбыстың құрылымы дыбыстардың фонологиясы,
дыбыс сәйкестігі, дыбыстардың алмасуы және т.б. фонетикалық құбылыстар мен
заңдылықтар жан-жақты сөз болды.
Дыбыстық символизм – дыбыстың сөз мағынасымен метонимиялық
ассоцияциялануына негізделген символизацияның бір түрі. Дыбыстық
ассоциацияның жасалуына сөздің мына бөліктері қатысады: 1) ұқсас дыбыстар;
2) екпін түскен буынның алдында тұратын дауыссыздар; 3) екпін түсетін
дауыстылар; 4) қайталанатын дыбыстар. Дыбыстық ассоциациялану шартты түрде
жүзеге асады, сол себепті оны анықтау да күрделі.
2.2 Аллитерация және ассонанс дыбыстық қайталауға негізделеді.
Аллитерация – сөз ішінде қатар немесе алшақ тұрған бірдей немесе ұқсас
дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі. Стилистикалық мәнерлілікті
күшейтудің ерекше амалы ретінде клишеге түсірілген синтаксистік
құрылымдарда, мақал-мәтелдерде, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста кең
қолданылады. Аллитерация ауызекі шығармалардан, поэтикалық шығармалардан
басқа прозалық мәтіндердің де дыбыстық ұйымдасу ырғағына, мәтінге тән
авторлық көңіл-күйді жеткізуге әсер етеді. Қатар емес, арасына дыбыс тастап
жасалатын өтпелі (сквозной) аллитерацияға пароэмион жатады. Мысалы: Төбелер
түгел өртеніп бара жатқандай,Осынау өрттен өзі бір рахат тапқандай. Бүрісіп
қыста, бүк түсіп жатушы еді олар, Батырдай бейне басына жүрген бақ қонбай
(Т.Молдағалиев).
Аллитерация құбылысы сияқты ассонанс та кең мағынада түсініледі, ол
дауысты дыбыстардың сөз ішінде үндесіп, үйлесіп келіп, фоностилистикалық
құрал болу қызметін белгілейді. Дауысты дыбыстардың үндестігі қазақ тілінде
сингармонизм заңдылығымен байланысты қарастырылады да, көп жағдайда оның
эстетикалықтан гөрі тілдік қасиет-сапасына көңіл бөлініп жатады. Бірақ
ассонанстық қайталамалар сөйлеуге әуенділік, өлшемдердің сәйкестілігін,
мәтінді нақты бір эмоциональдық күйде қабылдауға мүмкіндік береді. Ассонанс
аллитерациямен бірге қолданылып, дыбыстық мәнерлілікті күшейтіп тұрады және
осының салдарынан белгілі бір буындар қайталанып келіп, мәтіннің
стилистикалық ұйымдасуына әсерін тигізіп тұрады: Шым ете түсті өн бойым,
Көзқарасыңды байқап қап. Бөлініп кетті демде ойым, Жас көңіл қалай жай
таппақ (К.Ахметова). Мұндағы буындардың қайталануы полифониялы. Полифониялы
қайталаудың бір түрі дыбыстық параллелизм арқылы жасалады. Дыбыстық
параллелизм өзара ұқсас дыбыстардың фраза, сөз тіркесі, өлең жолдарында
симметриялы орналасуы арқылы жасалынады. Мысалы: Білмесең, ей, кімсана,
даламын мен, Көргенде кең даланы баламын мен (Қ.Шаңғытбаев).
Ассоциациялық байланыс екі жағдайда ерекше мәнге ие болады:
1. Аттрактанттар дыбысталуы жағынан тым ұқсас, бірдей болып келеді,
бірақ дыбыстардың бірізділігі әртүрлі болады. Мысалы: Бір ән бар бүгінгі
ұрпақ естімеген, Сонау бір соғыс жылы естіген ем.
2. Аттрактанттар тек бір не екі дыбыс арқылы ғана ажыратылады. Мысалы:
Мәңгі сені әлдилеп, аялайын, Жүрегімнің шуағын аямайын (К.Ахметова).
Дыбыстардың мұндай үйлесімдігі квазиомонимдерді, яғни белгілі бір контексте
айтылуы, дыбысталуы жағынан өзара ұқсас, бірақ мағыналар әр басқа сөздерді
жасайды. Аттракцияның мұндай түрлері парехезаға негіз болады. Парехеза –
сөз формаларының дыбысталуы жағынан өзара жақын болып келетін, бірақ кейбір
айырмашылықтары бар полифонияның бір түрі. Сөз формалары өзара ұқсас
болғанмен, біріншіден, дыбыстардың бірізділік реті жағынан ажыратылады
(мысалы: естімеген – естіген ем т.б.), екіншіден, бір не екі дыбыс арқылы
ажыратылады (Жүректің шыңырауында қоздайтұғын, Шыбыны бар кеудені
қозғайтұғын (М.Мақатаев), Аяп кетіп, сипадың сен бетімнен, Аумайтұғын
сияқтымын жетімнен (К.Ахметова). Диссонанс жағдайында аттрактанттар тек
дауысты дыбыстар арқылы ажыратылады: Қылығың жарасатын назым едің,
Назым едің, не деген нәзік едің (К.Ахметова). Парехеза қарама-қарсылық
мәнді жеткізу арқылы каламбур жасауға негіз болады.
Дыбыс қайталауларының көркем шығармада образ сомдауға да қызмет ететін
жайлары кездеседі. Өлеңдерде өз кейіпкерлерін өлтіре сынап, күйіне, өткір
сын айтып суреттеуінде немесе бойын билеген сүйіспеншілік, ғашықтық сезімін
жеткізуде автордың осы эмоционалдық жай-күйі орын алады: Мал мен бақтың
дұшпаны, Кеселді пысық көбейді. Күшік иттей үріп жүр, Кісіден кеммін
демейді. Қу тілменен құтыртып Қызмет қылған кісісің, Құрытуға таяйды. Қылып
жүрген өнері: Харекеті – әрекет. Өз оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет?
(Абай). Осындағы қ, к дыбыстарының аллитерациясы кеселді
пысықтардың образын орынды суреттеуде айрықша қызмет атқарып тұр. Дыбыстық
бейнелеуіштен гөрі коннотативтік мағынаға бір саты жақын тұратын
дыбыстардың көркем образ сомдаудағы қызметі олардың фоникалық құрылымдағы
стильдік қолданымының ерекше қырын танытса керек.
2.3 Интонацияның экспрессивтік стилистикалық қызметі. Кез келген
тілдің фонетикалық жүйесі тілдің күрделі суперсегменттік просодикалық
деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интоннациялық сапасын да
қамтиды.
А.Байтұрсынұлы екпіннің табиғатын және функциясын зерттесе [23, 190
б.], Қ.Жұбанов сөйлем сазының-интонацияның мән-маңызын: Адамның көңілінің
түрлі күйіне сөздің түрлі әні сәйкес келеді...,- деп тұжырымдайды [24].
Ғалымның интонация, дауыс сазы жөніндегі нақты да терең пайымдаулары
қазіргі қазақ тілі білімде семантикалық синтаксис бағытында өз орнымен
ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 40-жылдарынан интонацияны зерттеу кеңінен
өрістеп, жүйелене бастады. Интонация туралы негізгі мәселелер С.Аманжолов,
Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев,
Ә.Нұрмаханова, Н.Түркпенбаев, Ә.Хасенов, К.Аханов т.б. еңбектерінде
қарастырылады.
Р.Сыздық өз зерттеуінде: Сөз сазы сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс
айтылып, құлаққа жағымды естілуі; сөйлеу мәнерінің өзі біркелкі болмайды,
көтеріңкі, салтанатты үнмен, кейде толық әуенмен айтылады деп көрсетеді
[25]. Фоностилистканың негізгі мәселелері және сөз мәнері туралы жүйелі
зерттеулер Ә.Жүнісбек, К.Хұсайын еңбектерінде жан-жақты талданады.
З.Базарбаева, интонацияның негізгі бес функциясын жіктей келе, сөйлемнің
коммуникативтік мағынасымен бірге эмоциялық-экспрессивтік түрлерін
анықтайды.
Ал ғылыми, ресми-іскери стильдегі мәтіндерде интонация тұрақты және
біркелкі болады. Фонетикалық экспрессия – поэтикалық сөйлеудің әлеуетін
жүзеге асыру үшін қолайлы тәсіл. Дыбыс сөз сияқты поэзияның материалы болып
табылады. Сол себепті поэтикалық фоностилистиканың орталық проблемасы –
мәтіннің дыбыстық ұйымдастырылуы болып табылады.
Үшінші тарау Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы
деп аталды. Тілдегі экспрессивтілікті жеткізуші құралдардың қатарына сөз
жатады. Сөйлеу барысында сөз сөйлеуші туралы фактуалды және эмоционалды-
экспрессивтік ақпараттарды жеткізіп тұрады, қалыптасқан мағынасынан тыс
қосымша мағыналарды жеткізуге қатысады. Сөз мағынасы нақты контекст
жағдайында түрлі стилистикалық аспектіде көрініп, бағалауыштық,
мәнерлегіштік, функционалдық т.б. экспрессивтік мағыналарды жеткізу
құралына айналады.
3.1 Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия.
Тілдің синонимиялық ресурсын, олардың коммуникативтік мәнерлілік маңызын
және саралануын зерттеу лингвостилистиканың негізгі міндеті деп қарауға
болады. Кейбір зерттеушілер стилистиканы тікелей тілдің синонимиялық
құралы туралы ғылым деп қарайды. Тіл біліміндегі лексикалық синонимияға
қатысты ғылыми көзқарастарды топтастыра келе, лексикалық синонимия құбылысы
туралы анықтаманы мынадай екі топта қарастыру мүмкін болады:
1. Синонимдер дегеніміз – әртүрлі айтылатын, мағынасы жағынан жақын,
бірақ өзара тең емес сөздер (А.М.Земский, С.Е.Крючков, М.В.Светлаев,
А.М.Финкель, Н.М.Баженов, А.И.Ефимов, А.Н.Гвоздев т.б.).
2. Синонимдер дегеніміз – ақиқат өмірдегі бір құбылысты білдіріп,
мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынан айырмашылығы бар сөздер
(Р.А.Будогов, Н.М.Шанский, Е.М.Галкина-Федорук).
Лексикалық синонимияға қатысты берілген анықтамалар бір-біріне кереғар
деуге келмейді. Себебі екі анықтама да бірін-бірі толықтырып, анықтап тұр.
Алғашқы анықтамадағы мағынасы жақын болып, бірақ өзара тең болмау себебі
екінші анықтамада мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынанан тең
болмайтындығы нақты көрсетілген.
3.2 Синонимдердің стилистикалық қызметі. Бүгінде синонимдерді
топтастыру туралы теориялар жан-жақты толықтырылды. Синонимдерді анықтау
және топтастыру туралы ғалымдар көзқарасы әртүрлі. Жұмыста синонимдерді
анықтау, топтастыру туралы қазақ, орыс тілі білміндегі көзқарастар
талданады.
Синонимдердің атқаратын негізгі стилистикалық қызметі – ерекшелеп
айтылатын ойды нақтылауға көмектесу. Әдетте сөз-синонимдер мен
стилистикалық бейтарап синонимдердің қайталанып келуі ойды неғұрлым толық,
дәл жеткізуге қызмет етеді.
3.3. Лексикалық құралдардың антонимиясы. Антонимдерге қатысты айтылып
жүрген ұғымдардың бірі – энантиосемия. Бұл құбылыс көпмағыналы сөздерде
байқалады. Көпмағыналы сөздің өзі өз ішінде қарама-қарсы мәндерге ие болуы
мүмкін. Мысалы, қайту сөзінің семантикасында аурудың үшінші күн дегенді
беті қайтты дегендегі өмірге оралу мағынасы және ауру үшінші күн дегенде
дүниеден қайтты дегендегі жан тәсілім қылу мағынасы бар.
Антонимдердің сөйлеудегі стилистикалық қолданысы сан түрлі. Қай тілде
болсын бір-бірімен жұп құрайтын, өзара қарама-қарсы мағынада және қатынаста
тұрып біртұтас ұғымды жеткізетін сөздердің мол лексикалық қоры бар. Бұл
сөздердің шығу тегіне қарай табиғатында бойына біткен қарама-қарсы
дүниетанымның екі жақ қырын бейнелейді. Өмірдің өзі қарама-қайшылықтардың
күресі дейтін болсақ, осындай өмір философиясынан туған сөздер тілде
антонимдер арқылы бейнеленеді. Синонимияға семантикалық жағынан ұқсастық
тән болса, антонимияға – семантикалық айырмашылық тән. Антоним көркем
сөйлеуде көркемдік құралы ретінде қолданылады. Синонимия, антонимия,
полисемия, паронимия, парономазия арқылы берілген экспрессивтілік пен
автордың бағалау қарым-қатынасы энантиосемиялық номинацияның белгілері
болып табылады. Ол сөздің потенциалды мүмкіншіліктерін анықтап, тілдің екі
бастауының логикалық және эмоционалдық-органикалық бірлігін көрсетеді.
3.4 Лексикалық құралдардың омонимиясы және полисемия. Сөздің әртүрлі
мағыналары семантикалық бірлік құрайды, тілді зерттеушілер оны сөздің
семантикалық құрылымы деп атайды. Сөздің ауыспалы мағынасының дамуы – ереже
бойынша бір құбылысты екінші бір құбылыспен ұқсастырумен байланысты: заттың
сыртқы ұқсастығын (оның сырт формасы, түсі және т.б.) негізге ала отырып,
атау ауыспалы мағынаға ауысады, оның тудыратын әсері немесе қорғалу сипаты
негізінде ауыспалы мағына туады. Осындай жағдайда полисемиялық бастауыш
метафора, метонимия, синекдохадан тұрады. Көп мағыналылық тілдік шексіз
мүмкіндіктерін көрсетеді, өйткені тілдің сөздік құрамының байлығы сөз
санымен ғана өлшенбейді, сонымен бірге, олардың мағыналарының әртүрлілігі,
сөздердің жаңа семантикалық реңке ие болу мүмкіндігі де есепке алынады.
Сөздің жаңа мағынаға ие болу тілдің лексикалық қорын шығармашылыққа
пайдалануға мол мүмкіндік береді. Омонимия мағынасы әр басқа айтылуы мен
жазылуы бірдей сөздер, сырттай көпмағыналы сөзге ұқсас, дегенмен омонимияда
ортақ семантикасы жоқ бірақ айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
қарастырылады.
3.5 Лексикалық құралдардың паронимиясы және парономазия құбылысы.
Тілдегі паронимдер мен парономазия экспрессивтік стилистикалық қызметті
жүзеге асыруда белсенді түрде жұмсалады. Паронимдердің жасалу тәсіліне
қарай мынадай топтарды көрсетуге болады: жұрнақтар арқылы ажыратылатын
паронимдер: жамандық – жаманшылық, адамдық – адамшылық т.б.; түбіріне қарай
ажыратылатын паронимдер. Паронимдер түбірлес және әртүбірлі болады.
Түбірлес паронимдер: егін – егіс, еліктегіш - еліктеуіш т.б. Әртүбірлі,
сырттай дыбыстық жағынан ғана ұқсастықтары бар сөздер: эскалатор –
экскаватор, білім – бөлім, т.б.;
Паронимдердің семантикалық ерекшелігіне қарай екі тобы анықталады:
1) өзара мағыналық реңкі бойынша ажыратылатын паронимдер (дүниелік –
дүнияуи, қазақшыл – қазақы, т.б.); ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Стилистиканы оқыту әдістемесі
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Сөз мәдениеті
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Ситилистика және жалпы халықтық тіл
С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
Публицистикалық стиль
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
Пәндер