Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі



Кіріспе
І тарау. Қытай тіліндегі сөз жасам жайында жалпы түсінік
1.1 Түбірлер мен қосымшалар арасындағы сабақтастық
1.2 Сөздердің сөз жасам жүйесі
ІІ тарау. Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдістері
2.1. Түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісі
2.2 Аффикстер арқылы сөзжасам әдісі
2.3 Қытай тіліндегі басқа да сөзжасам әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді.
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған.
Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы.
Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады.
Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның
1. Блумфильд Л. «Язык» М. , 1968.
2. Бодуэн де Куртенэ И.А. «Некоторые общие замечания о языковедении и языке» //Хрестоматия по истории языкознания ХІХ и ХХ веков М., 1956г ..
3. Бодуэн де Куртенэ И. А. «Николой Крушевский, его жизнь научные труды» //Избранные труды по общему языкознанию. Т.1.М., 1963..
4. Винокур Г.О. «Заметки по русскому словообразованию» //Избранные работы по русскому языку. М., 1959 .
5. Головин Б.Н. «Ведение в языкознание» М., 1966.
6. Горелов В.И. «Лексикология китайского языка». М. , 1984 .
7. Земская Е. А. «Интерфиксации в современном русском словообразовании // Развития грамматики и лексики современного русского языка. М., 1964..
8. Коротков Н.Н. «К вопросу об от дельности слова и его границах в современном китайском литературном языке» //морфологическая структура слова в языках различных типов. М.-Л., 1963 . .
9. Крушевский Н.Н. «Очерки науки о языке». Казань, 1989..
10 Кубрякова Е.С. «Деривация, транспозиция , конверсия» // Вопросы языкознания. 1974 №5.
11.Кубрякова Е.С. «Словообразование // Общее языкознание: Внутренняя структура языка» М., 1972.
12.Лопатин В.В. «Словообразование как объект грамматического описания // Грамматическое описание славянских языков: Концепция и методы». М., 1954.
13. Немченко В.Н. «Современной русский язык. Словообразования» М., 1984.
14. Семенас А.Л. «Лексика китайского языка». М., 2000. .
15.Солнцева Н.В. «Проблемы морфологии изолирующих языков в типологическом освещении: Автореф. дис… докт. филол. Наук». М.,1985.
16. Спешнев Н.А. «Фонетика китайского языка». Л., 1980.
17.Хаматова А.А. «К вопросу о тенденциях развития современной китайской лексики // Актуальные проблемы китайского языкознания: материалы VII Всероссийской конференции по китайскому языкознанию». – М.,1994
18. Цыкин В.А. «Именное словопроизводство в современном китайском языке»: Автореф. дис… канд. филол. наук. М.,1980
19. Шанский Н.Н. «Очерки по русскому словообразованию» М., 1968.
20. Ван Ли «Қытай тілі грамматикасының теориясы.» Т.2. Пекин,1955.
21. Жэнь Сюэлян. «Қытай тіліндегі сөзжасам». Пекин., 1981
22. Инь Биньюн. «Қытай тілі морфемасының талдану»,. //Қытай тілі 1984.№ 5.
23.Ли Цзинси, Лю Шижу. «Қытай тілі грамматикасының оқу материалы».. Пекин, 1953 Т.1.
25.Люй Шусян. «Қытай тілі грамматикасының талдау мәселесі». Пекин.,1981
26. Сунь Чаньсюй. «Қытай тілінің лексикасы».. Чанчунь 1956.
27. Цуй Фуюань «Қазіргі қытай тілі сөзжасамының мысалдары мен түсіндірмесі». Цзинянь , 1958.
28. Чжан Чжигун «Қытай тілінің морфемасы».. Пекин, 1953..

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай
тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат
қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне
Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол
халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол
тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани
өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың,
мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен
танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас
жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет
өркендейді.
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай
жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай
қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін
жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай
сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып,
байып отырған.
Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар
мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу
үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады.
Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының
дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады.
Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік
қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын
сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің
номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін
зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің
сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым,
мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған,
зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы
мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі
бір жүйелі саласы.
Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі,
әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан
туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі
жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары,
жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде
бағаланады.
Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі
грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа
мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету.
Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей
міндеттер жүктелді:
түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты
анықтау;
сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету;
сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау;
синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау;
түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау;
аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған
мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан,
тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ,
қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің Қытай тілінің лексикасы атты
еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында
жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында
мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс
тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С Сөзжасам еңбегінен сөзжасам
процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды
сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А
Қытай тілінің лексиколгиясы, Хаматова А:А Қазіргі қытай тілінің
сөзжасамы еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің
сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай
үлес қосты.
Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлімнің екі тарауынан және қорытындыдан
тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеті көрсетіліп,
қолданылған әдебиеттерге жалпы шолу жасалынды.
I тарау Қытай тіліндегі сөзжасам жайында жалпы түсінік тоқталып
өтсек, түбір мен қосымшалар арасындағы тығыз байланысты және сөзжасам
жүйесінің негізгі ғылыми ұғымдары – сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына,
сөзжасамдық тізбек және туынды сөзге ғылыми анықтама беріліп, талданды.
Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдәстері атты II тарауда сөзжасам
процессінің орындалу жолының негізгі тәсілдері ұсынылып, осы тәсілдер
арқылы жасалған туынды сөздің құрылымын тұлғалық жағынан мағыналық деңгейде
қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен
маңызы талқыланды.
Диплом жұмысымыздың қорытынды бөлімінде мақсаттарға жету мен міндеттерді
орындау барысында алынған нәтижелер мен ой түйінделеді.
Қорыта келгенде, қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу
жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін
қарастырады. Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздің қалыптасуы мен
мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі
саласы.

І тарау. Қытай тіліндегі сөз жасам жайында жалпы
түсінік
1.1 Түбірлер мен қосымшалар арасындағы
сабақтастық

Сөзжасам дегеніміз – зерттеу заты мен объектісі және бірлік пен құрылым
арасында байланысы бар тіл білімінің дербес бөлімі, ол тіл білімінің де
салаларымен тығыз байланыста болады. Әр тілде сөз жасам мен тіл білімінің
салаларының байланысы түрлі формада болуы мүмкін және сан алуан деңгейдегі
сіңісу де болуы ықтимал. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларынан
айырмашылығаның бірі ол тілдің барлық сөздерін қарастырмайды, тек туынды
сөздерді зерттейді.
Сөзжасам – сөздердің жасалу әдістерін зерттейтін, тілдің сөз жасамдық
жүйесін бейнелейтін лексикологияның бір бөлігі. Сонымен қатар, сөз жасам –
номинативті бірліктерді құрайтын механизм және тілдің номинативті әрекет
өрісі.
Жалпы сөз жүйесінің процессінде, сөзжасам – күрделі сөз және туынды сөз
болып екіге бөлінеді. Е.С. Кубрякованың пайымдауынша, “туынды сөз”
терминіне әдеттегіден әлдеқайда кең мазмұнды енгізеді: туынды сөз құрамына
күрделі сөз және аббревиатуралар, яғни қысқарған сөздер, конверсияланған
бірліктер және сөз жасам құрылымындағы басқа да барлық қосымша түрлері
кіреді. Туынды сөз ең кем дегенде бір толық мағыналы морфема мен аффикс
немесе бірнеше толық мағыналы морфемалардан құралуы тиіс [10,58 бет].
Қытай лингвисі Цюй Фуюань туынды сөзге сөздерді қосу және түбірлерді
біріктіруді жатқызып, тарихи (диахронды) және сипаттамалы (синхронды) сөз
жасамды ажыратты. Синхронды сөз жасам қарым – қатынаспен қатар жүрген
бірліктерді зерттесе, диахронды – бір бірліктің басқа бірлікке айналу
процессі [27,121 бет].
Қазіргі қытай тілі сөздерінің көп бөлігі дәрәжесі төмен бірліктерден,
яғни, өзара бір-бірімен байланысқан және белгілі бір ара-қатынаста болатын
морфемадан тұрады. Сонымен қатар, сөздің құрылымы, жасалу негіздері сөз
жасамның негізгі мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Айта кетер бір жәйт, мейлі орыс тілінде, қытай тілінде, қазақ тілінде
болсын сөз жасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысына қатысты
толық ортақ пікір жоқ. Л.А. Булахова, П.С.Кузнецов, Ф.Ф.Фортунатов, сынды
орыс лингвистері мен қытай лингвисі Лян Да сөз жасамды морфологияның бір
тармағына жатқызатын болса, А.А.Шахматова, Л.В.Щербы, Г.О.Винокура,
А.Л.Реформаторский, Н.Д.Арутюнова, В.В.Лопатина, Гао Яочи, Чжан Цзина сынды
лингвистер сөз жасамды морфология және синтаксиспен қатар грамматиканың бір
бөлімі деген пікірлерін ұсынады. Ал кейбір орыс және қытай ғалымдарының,
соның ішінде К.А.Левковская, Ван Цин, А.И.Смирнидский, Сунь Чаньсуй, У
Чжанкунь және Ло Шихон бір ауыздан сөз жасамды лексикологияға жатқыза
отырып, морфологиямен де байланысы бар деген де ұсыныстар айтты.
Алайда, соңғы жылдары қанатын кең жайған тіл білімі Ресейде болсын, шет
елде болсын мүлде басқа пікірлерді ұсынады, яғни, сөз жасам –фонетика,
морфология және лексикология, синтаксис сияқты тіл білімінің үлкен бір
тармағы. Бұл көзқарас орыстың озық ойлы ғалымдары Е.С.Кубрякова,
Б.Н.Головина, Л.В.Сахарн, Н.А.Янко-Тринидский және қытай лингвистері Лу
Чживэй, Сюэлян, Чжан Шоукуан және т.б ғалымдардың еңбектерінен көрініс
тапты.
Дәстүрлі грамматикада құрылымдық жүйе негізінде бөлінген тіл білімінің
салалары бір-бірінен мұлде ерекше бола алмайды. Өйткені негізгі зерттеу
нысаны сөз болғандықтан, оның дыбыстық жағы, құрамы, жасалуы, тіркесуі,
ойды білдіруі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ғана анықталады.
Сөзжасамдық процесс, жаңа мағыналы сөз жасауға қызиет етеді. Ал кез-
келген сөз – лексикологиянық зерттеу нысаны. Демек, сөзжасамның нәтижесі
саналатын туынды сөз лексикалық құрамды толықтырады. Сөзжасамдық процесс
нәтижесінде туындаған сөздер мағыналық дамудың барысында жаңа мағынаға ие
болады. Тіпті дамытып, жетілдіріп отыратын да осы процесс. Яғни
лексикология сөзжасамдық процесс нәтижесінде пайда болатын дайын тілдік
материалдың сөздік құрамын, мағынасын анықтаумен айналысады. Сөзжасамдық
процесс нәтижесінде барлық жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер, қос сөз
бен біріккен сөз, фразеологиялық бірліктер, тіркесті сөздер жасалады.
Сөзжасам мен морфологияның да бір-бірімен байланысы бар. Сөзжасам
сөздердің құрамын өзгертіп,оның мағыналық құрылымына өзгеріс енгізсе,
морфология сөздердің құрамын, грамматикалық сипатын зерттейді.
Морфологияның негізгі зерттеу нысаны – сөздерді сөз таптарына топтастырып
жіктеп, олардың құрамын айқындау, грамматикалық категорияларын саралау
болса, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атау туғызады.
Мұндағы ортақтық негіз сөз бен қосымшаларға байланысты. Морфологияда негіз
сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде
айқындаладыы.
Сөзжасам мен фонетиканың байланысы сөз мағыналарын анықтаудағы
дыбыстардың өзгерістерінің болуы арқылы көрінсе, ал сөздердің тіпкесуі
арқылы жаңа атау жасалу процессі синтаксиспен сөзжасамның тығыз байланысын
танытады. Яғни,синтаксис сөздердің бір-бірімен еркін байланысын зерттесе,
осы еркін тіркес мағынасы кейде бірте-бірте шектеле келе, жеке ұғымды
анықтайтын дәрежеге жетіп, лексикаланады. Соның нәтидесінде жаңа екіншілік
мағыныадлғы атау сөз жасалады.
“Сөзжасам ерекшелігі – оның байланысының жан-жактылығында, сондықтан
сөзжасам процессінің кез-келген бір жақты талқылануы істің шынайы жағын
қамтып көрсетуін тоқтатып, сөзжасамның өзіндік мәселелерін елеулі түрде
шектейді ”, – деп жазды Е.С.Кубрякова [11,176 бет]. Кубрякованың пікірінше
сөзжасамды жеке дара қарастыру пайдасының таң қаларлықтай дәлелі болып –
туынды сөз сияқты күрделі жинақты бірліктердің құрылымы мен байланысқан
белгілі бір жүйелі ұйымдасқан амал-тәсілдердің жиынтығы болып, сөз жасамның
үлгісінің бар болуы жатады. Осыған сәйкес, сөзжасамның заңдылығы мен
сөзжасам үлгісінің ерекшелігін және барлық аспектілерде, яғни, формалды
және мәнділік, біржағынан генетикалық процессуалды, сонымен қатар,
нәтежиелі, стационарлы, құрылымды - функционалды аспектілерін оқып, зерттеу
сөз жасамның ең басты мәселелерінің бірі болып табылдады.
Сөзжасам тіл ғылымының дербес саласы болып бөлінуіне қарамай тіл
білімінің басқа салалары мен соның ішінде, атап көрсететіні грамматика және
лексикология мен өте тығыз байланысты. Сөз морфология, лексикология және
сөзжасамның зерттеу объектісі ретінде, біріншіден, сөз тұлғасының
лексикалық мағынасы жағынан ұқсастығы мен жиынтығы, екіншіден, әртүрлі
мағынаның жиынтығын, морфеманың әртүрлі сападағы бірігу дәйектілігін
айқындайды.
Қытай тіліндегі сөзжасамды көптеген ғалымдар зерттеген. Мысалы, орыс
ғалымдары А.А.Драгунов, И.Н.Коротков, В.Н. Солнцев, Б.С. Ичаянко, Н.В.
Солнцев, С.Е.Яхонтов, А.Л.Семанас. Бұл лингвистер сөздер негізінің
мәселесін, сөз таптарын, сөздердің морфологиялық ерекшеліктерін талқылап,
қазіргі заманғы қытай тілі сөздерінің теориясын құрды. Сөзжасамды тек орыс
ғалымдары зерттеп ғана қоймай, сонымен бірге, қытайдың Лу Чживэй, Линь
Юйшань және Сюэлян т.б зерттеп шықты.
Алайда, қазіргі қытай тіліндегі сөзжасамды зерттеу уақыты ұзаққа
созылғанына қарамастан, оның көптеген аспектілері әлі де толық
зерттелмеген немесе мүлде зерттелмеген деп айтса да болады.
Сөз сөзжасам талдауының объектісі ретінде морфема деп аталатын өте ұсақ
бірліктерден құралады. Морфема – тілдің ары қарай бөлшектенуге келмейтін ең
кіші мағыналық бірлік. Жалпы тіл білімінде морфемаға коптеген анықтамалар
берілді. Морфеманың басты ерекшелігі оның сөздегі қызметі, яғни
интонацияға дейінгі тілдің кез-келген көмекші тәсілі морфема деп аталады.
Блумфильдтің пікірінше, морфеманың басты ерекшелігі оның минималдылығы.
Морфема – басқа бірліктерге (жай сөз, көмекші сөз, сөз бөліктері)
байланысына және тіл жүйесіндегі рөлі мен орнына қарамастан ең кіші
бірлік.[1.214 бет]
Ал Бодэнаның айтуынша, морфеманың басты ерекшелігі болып, оның басқа
бірліктермен байланысы және тіл жүйесіндегі олардың орнының көрсетілуімен
үйлесе келетін минималдылық.[2.248 бет]
Қытай лингвистерінің морфема түсігіне әр түрлі көз-қараста болды. Олар
сөзжасамдық қабілеттілігіне басты назар аудара отырып, осы сөз жасамдық
бірлікті барлығына қожалық ететін немесе барлығын игеріп отыратын бірлік
деп санайды.
Осылайша морфеманың басты үш ерекшелігін атап көрсетуге болады: 1)
Cыртқы, материалды, дыбыс шығару немесе айту тұрғысының бар болуы, 2)
Онымен мағынасының ара-қатынасының бар болуы, яғни мағына тұрғысынан,
3) Өте ұсақ мағыналы бөліктердің қолдануға қабілетсіздігі.
Кейбір орыс лингвистері сөзжасамды грамматикалық бөлімі ретінде
қарастыра отырып, сөз жасау морфемасын оқытуды атап көрсетіп, “сөз жасау
морфемикасы” терминін қолданады. Соңғы кездері лингвистер морфемиканы тіл
білімінің фонетика, лексикология, сөзжасам және морфология бөлімдері сияқты
өзіндік ерекшелігі бар болім ретінде қарастырады.
О.С.Ахматованың анықтауынша, морфемика – ол тілдің морфологиялық
үлгілерін бейнелеумен айналысатын морфологияның бір бөлімі, яғни морфема
құрылымының бейнеленуімен және олардың аса созылыңқы жүйеліктегі
орналасуының заңдылықтарын зерттейді. Әрбір тілдің морфемасы тілдің басқа
бөліктерінен, яғни, дыбыстан, буыннан, сөзден, сөз тіркесінен, сөйлемнен
ерекшеленеді. Морфологиялық дыбыстардан ерекшеленуі сөз жасамдық және
грамматикалық мағынаның бар болуы. Морфемаларды дыбыстық тұрғыда
қарастырғанда олар жеке дара фонем немесе жүйелілік фонем болып бөлінеді.
Мұндай жағдайда морфема сөз бен немесе буынмен сәйкес келуі де келмеуі де
мүмкін.
Н.В.Солнцев Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия тілдерімен қытай
тілдерінің морфемасына сипаттама бере отырып, былай деп жазды: “Зерттелетін
ареалдағы тілдерде морфема норма ретінде буынмен дыбыс тұрғысында сәйкес
келеді, сол себептен, буынға бөлудың морфологиялық маңыздылығы туралы заң
түріндегі түсіндірмеге қол жеткізді. Бұл тілдердегі буындарда өте қатаң
түрдегі айқындалған құрылым болады. Олар буын құрылымының жазылуын алдын-
ала айқындайды. Әрбір өзгермейтін буын морфеманың дыбыстық қабаты ретінде
қолданылғандықтан әрбір морфемаларда да өзгермейді. Әрбір буын қабаттарының
өзгеруі басқа буын тудыратындығы сөзсіз, яғни, басқа морфеманы немесе басқа
сөз тудыруы мүмкін” [15,17 бет]. Қытай тілінде немесе онымен типология
жағынан ұқсас тілдерде буын және морфема, морфема мен сөз арасында өзіндік
ерекшелігі бар иерархиялық байланыс бар.
Қытай тілі морфемасының еуроппа тілідерінің морфемасынан өзгешелігі бар
өзіндік көптеген қасиетке ие. Мысалы, қытай тілінде белгілі бір үлгі де
болуы мүмкін, ал басқа жағынан тек морфемалық қызметін ғана атқаруы
мүмкін. Сонымен қатар, басқа тілдердегі сияқты қытай тілі морфемасы да сөз
тіркесінен, сөйлемдерден, ең кіші мағыналық бөліктерге мүшеленбеуімен және
сөйлеммен олардың мүшелерінің қызметін атқара алмауымен ерекшеленеді.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әртүрлі болады, яғни, сөз
құрылымының мағына мен рөліне орай олар түбір морфема немесе негізгі
морфема және көмекші морфема болып бөлінеді. Жалпылама лексикалық мағынаны
білдіретін морфема түбір морфема деп аталса, ал көмекші сөздер түбір
морфеманы өзгертіп анықтайды, яғни, сөздің грамматикалық және сөзжасамдық
мағынасын ажыратады.
Д.Е.Земская түбір сөзбен көмекші сөздің айырмашылығын былай деп
түсіндіреді: Түбір морфема болмыс элементін білдіру ретінде танылады,
сондықтан да олардың мағынасы нақты айғақты болып келеді. Аффикстік морфема
ешқандай шындық элементі мен жанаспайды. Түбір морфема кейбір кезде
лексикалық немесе атаушы деп аталады. Түбір морфема сөздің әр түрлі лексика
- грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады.
Мысалы: 感морфемасы, яғни сезу, 感触,感怀- уайымдау,
感动- қобалжу, 感情- сезім деген зат есімдердің, сын есімдердің,
етістіктердің де түбірі болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды мынау:
түбір морфема – сөздердің қандай лексика- грамматикалық топқа жататындығына
қарамастан, олардың барлығына бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына
бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент. Сонымен қатар, түбір морфема
сөздердің ары қарай бөлшектенуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны
білдіретін бөлшегі болып табылады. Мысалы: сөздің грамматикалық
формаларында қайталанады. 看- көру, қарау, 看过 - көрді, 看着-
көре сала, 看了- көрді.
Түбір морфеманың ерекшеліктерінің бірі – оның сөзде орнының бекітілмеуі
болып есептеледі, яғни, сол бір ғана түбір морфема сөзде басқа морфемалар
мен байланысы турасында әртүрлі орында болуы ықтимал. Ол мүмкін сөздің
басында, яғни, көмекші сөздің аяғында көмекші морфемалардан кейін және
ортасында келуі мүмкін. Түбір морфеманы –А, көмекші морфеманы – Б деп
белгілеп алып, түбір морфемалардың қытай тілі сөздеріндегі әртүрлі
қызметтеріне мысал келтіреміз.
1. А: 风 - жел; 雪- қар
2. А.А: 山洞 - үңгір; 草木 - өсімдік; (ААА) 接力赛 эстафета;
(АААА) :输尿管炎- уретрит
3. А.Б: 木头 -ағаш;
4. А.А.Б: 接生员- аккушер; 箭靶子 - нысана
5. А.Б.Б: 学者们 - оқымысты; 记者们 - журналист
6. А.А.А.Б: 始作俑者 - ұрыс бастаушы
7. Б.А: 老乡- жерлес; 非法 - заңсыз
8. А.Б.А: 男子汉- ер адам; 果子冻 - тәтті тамақ
9. Б.А.Б:老头子 - қарт; 第三者- бөтен адам
10.Б.А.А.Б: 老百姓们 – тұрғындар

Өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір мофемаға жалғанып
қолданылғанда ғана, белгілі - бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар
аффикстік морфемалар немесе аффикстер деп аталады.
Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі келеді. Аффикстің
кейбіреуі дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі
бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы: орыс тілінде өз алдына
дербес қолданыла алмайтын оч- деген түбір морфема -ник деген аффикстің
жалғануы арқылы толық лексикалық мағынасы бар сөзге (очник) айналған. Және
де осы аффикстің (-ник) дербес сөз ретінде қолданыла алатын түбір морфемаға
жалғануы арқылы туынды сөз жасалады. Мысалы : ударник. Дербестігі
жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір морфемадан сөз жасайтын
мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер деп атайды. Сөз тудырушы
аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Деривациялық –
латынның derivato (меншіктеп бөлу) деген сөзден шыққан. Аффикстің
кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олрдың өзара қарым-қатынасын
білдіреді. Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын
білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық
мағыналарын реляциялық мағына деп аталады. Реляциялық – мағынаның relatio
(қарым-қатынас) деген сөзінен жасалған термин. Көмекші морфемалар немесе
аффикстер осылайша екі үлкен топқа бөлінеді де, әрбір жеке тілде олар сол
тілдің грамматикалық құрылысының ерекшелігіне орай бірнеше түрге ажыратылуы
мүмкін. Мысалы: 微:微薄 :-мардымсыз, 琥:琥 泊 жақұт Орыс тіліндегі
көмекші морфемалар немесе аффикстердің префикс, суффикс, флексия деп
аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс деп аталатын морфема түркі
тілдерінде, соның ішінде, қазақ тілінде жұрнақ деп аталатын морфемаға
сәйкес келеді де, түбірдің соңынан жалғанады. Орыс тіліндегі суффикстермен
барабар қызмет атқартын көмекші морфема – префикс. Суффикстер түбірдің
соңынан жалғанса, префикстер түбірдің алдында тұрады. Түркі тілдердің бірі
қазақ тілінде беймаза, бейтаныс, бейуақ, бейшара, бейхабар тәрізді
сөздердің құрамында иран тілдерінен енген бей- префиксі ұшырасады. Бірақ ол
префикстің қызметін атқармай, тек аталған сөздердің құрамында ғана
қолданылып, бөшектенбейтін бір тұтас ретіде ұғынылады.
Енді қытай тілінде көп қолданылатын префикстерді атап өтейік: 老, 阿,
弟,初,超,非,无,不,反,自,可,小
Қытай тілі префикстерге қарағанда суффикстерге бай. Негізгі сөздің
түбіріне немесе сөзге суффикстің жалғануы префикстердегідей сөз бір сөйлем
мүшесінен екінші бір сөйлем мүшесіне ауысуын білдіре алады. 教(етістік)
+员- 教员мұғалім; 胖(сын есім) + 子 - 胖子 толық (зат есім). 骗(етістік) +
子 - 骗子 өтірікші.
Суффикстердің түбірден кейін тұратындығы белгілі. Қытай сөздерінде
жалғау болмайды. Суффикстік морфема сөзде ең соңғы орынға ие, бірақ басқа
да қызметтер атқара отырып, негізгі және суффикстік морфемалар арсында
орналасады. Мысалы: АБА: 果子酱 джем
АББ: 苦头儿 - бақытсыздық.
АБББ: 石头子儿 - тастар.
Көмекші морфема сөзжасам және грамматикалық сөз түрлендіруші және форма
тудырушы болып екіге бөлінеді. Қытай тіліндегі сөз түрлендіруші морфемаға
们суффиксі жатады, яғни们зат есім мен есімдіктің көпше түрі, ал 了,过,着
етістіктің жұрнақтары. Қытай тілінде көмекші сөздердің белгіленген екі
категориясы бар.
现代汉语 “Қазіргі заманғы қытай тілі” еңбегінің авторы Ху Юйшу сөз жасам
морфемасының грамматикалық және лексикалық мағыналары өзара бір-бірімен
біріге алады. Сонымен қатар олар суффикс 员,者,性,化 (教员-
сөзінде мұғалім, 学者- ғалым,人们性халықтық, 集体化 - коллективтендіру )
лексикалық та грамматикалық та мағынаға ие.

Ал ( 反革命 - контрреволюция, 非常- өте, 不法 - заңсыз) деген
сөздердегі 反, 非, 不 префикстері тек лексикалық мағынаға ие; 老,阿(老师 -
мұғалім, және 阿姨 - апай) сөздеріндегі 老,阿 префиксі және ( 桌子 -
үстел, 花儿- гүл, 木头- ағаш) сөздеріндегі суффикстері тек
грамматикалық мағынаны береді.
Қазіргі заманғы қытай тілі морфемасының қытай лингвистикасында толық
жете талдаған Чжан Чжигун болды, яғни оның Кытай тілінің морфемасы, ал
жоғарғы оқу орындары үшін Қазіргі заманғы қытай тілі атты еңбегінде жете
талқыланды. Чжан Чжигун ең алдымен бір буындылыққа назар аударды. Автордың
пікірінше бір буындылық – қытай морфемасының ерекше боліндісінің бірі
[28,97 бет].
Инь Биньюнанаың есептеуінше, қазіргі заманғы қытай тілінің морфемасы 97%
буындылықтан құралады. Міне, сондықтан автор ең алдымен бір буынды
морфемаға тоқталады. Ол бір буынды морфеманы байланысу деңгейіне қарай
дербес, жартылай дербес, дербестігі жоқ деп бөледі. Дербес морфема деп –
сөз ретінде қызмет атқара алатын және басқа морфемалар мен байланысып жаңа
сөз тудыра алатын морфема. Мысалы: 花- гүл; 花环- гүл шеңбер, 花纹- өрнек,
跑鞋 - туфли, 跑表- секундомер, 逃跑- қашу.
Ал жартылай дербес морфемалар – олар өз бетінше сөз ретінде қызмет
атқара алмайды, бірақ басқа морфемалармен байланысып жаңа сөз тудырады.
Мысалы: 牧 :牧草 - шөп, 放牧- жаю, бағу, 游牧 - көшпелі, 牧人- малшы, 基:
基石- түбір, 基金 - капитал, 基地- негіз, 基质- субстракт.
Қазіргі қытай тілінде дербес және жартылай дербес морфемалар бір буынды
морфемалардың көп бөлігін құрайды.
现代汉语词典- да, 人 - морфемасымен байланысқа түскен шамамен 200 жуық
сөз бар. Олардың 135人- морфемасы басқа бөлігінде орналасса, 70-і сөз
соңында келеді.
Дербестігі жоқ морфемалар қазіргі қытай тілінде сөз ретінде қызмет
атқара алмайды және олардың сөзжасамдық қабілеті шектеулі. Олардың
кейбіреулері көмекші сөзге, ал қалғандары – жартылай дербес морфемалардын,
дербестігі жоқ морфемаларға айналу жолында. Дербестігі жоқ морфемаларға
мыналарды жатқызуға болады мысалы: 阿( 阿姨 - апай), 初 (初夷 - алғашқы),
们 ( 你们- сіз), 老( 老师 - мұғалім). Және қазіргі қытай тіліндегі
ерекше морфемаларды бөлек топшалаймыз оларға: 而- және, 且 - тіпті, 但 -
тек, 虽- егер, 倘- егер, 很- өте, аса, 越 - барған сайын бұл морфемалар өз
алдына жеке дара сөз бола алады, кейбіреулерінің жеке қолданылуы сирек
кездеседі және басқа морфемалармен байланысып екі буынды морфемаға ұқсайды,
бірақ оларды бөлінбейді деп атауға болмайды. Мысалы: 但是 - бірақ, алайда,
况且 - оның үстіне, 尽管 - дегенмен, 倘若 - егерде. Алайда бұл
морфемалардың басқа морфемалармен тіркесуі шектеулі. Мысалы:
морфемасы шамамен он морфемаға жуық морфемамен байланысады. 但是- бірақ,
但凡 - егерде, 但愿- тек қана, 但- емес, 非但- емес, 岂但 - тек қана.
Кейбір ерекше морфемалар екіден, бірақ қатарынан қолданылмайды. 越来越 -
ары қарай кете беру. Бұл жоғарыдағы ерекше морфемалар өз бетінше жеке-дара
қодланылуына және басқа сөздердің құрылуына септігін тигізуіне қарамастан,
сонымен бірге көмекші сөз қызметінде рөлін атқарады. Алайда, осы морфема
саны шамалы болғанымен олардың қазіргі қытай тілінде алатын орны асқақ.
Чжан Чжигун қытай тіліндегі барлық морфемаларды көмекші, жартылай
көмекші және көмекші морфема деп бөледі
Көмекші морфемаларға зат есімдер, етістіктер, сапалық морфемалар жатады.
Зат есім сөздерге 天 ,石, 木, 月, 底 , 上 , 十, 斤, 个。Көмекші
морфемалардың көп бөлігін етістікті морфемалар құрайды. Мысалы: 走 , 打,
吃, 想, 立, 念, 变, 忘, 流, 感。 және т.б. Ал сапалы морфема зат
есімдер мен етістікті морфемаларға қарағанда едәуір аз. Оған жатаны:
大,长,高,红,冷,白,难,狂,忙.[28.243 бет] Алайда, осы орайда айта
кететін жайт, қытайдаың барлық лингвистері Чжан Чжигунның көмекші
морфемаларды заттық, етістікті, сапалық деп бөлуіне қосылмайды. Ал Чжан
Шоукан жоғарыдағыдай мүмкіндік морфемаға емес, тек сөзге ғана тән деген
пікір айтты [20, 17бет].
Чжан Чжигун жартылай көмекші морфемаларға: 我,你,这,那жатқызды.
Автордың классификациясы бойынша көмекші сөздер сол ерекше морфеманың өзі
болып табылады. Қазіргі қытай тілінің бір буынды морфемасының жүйелей және
түсіндіре келе, ең бір аса көңіл қойған мәселесі – ол морфемалар мен
иероглифтер және тонды буындардың ара қатысы. Зеріттеуші осыған байланысты
алты жағдайды бөліп көрсетеді.
1. Бір буын бір морфема болып, бір ғана иерогифпен жазылады: 娃,痕.
2. Бір буын көптеген морфемаларды көрсетіп, бір иероглифпен жазылады.
白:雪白- аппақ, 明白- түсінікті, 姓白- Бай тегі, 年: 年龄 - жасы, 年会-
жылдық жиналыс, 年华 - жылы, 童年- жастық шақ.
3. Бір буын ұғымды, тек бір морфемамен ғана емес басқа морфемамен де
түсіндіруге болады: 权力- билік, 权利- құқық, 界限 - шек, 界限 - шекара
4. Айтылуы әр түрлі бір морфема бір иероглифпен жазылады. Мысалы: fang-
妨(不妨- кедергі келтірмейді, артық емес), fang -妨 (妨碍- кедергі).
5. Екі түрлі буын, екі түрлі морфемаларды құрайды, бірақ бірдей
иероглифпен жазылады. 称 (称赞- мақтау), 称 (称心 - көңілі толу).
6. Бір буын бірдей иероглифпен жазылатын екі морфемадан тұрады (а және
б), ал басқа бір буын әртүрлі иеролифпен жазылатын екі түрлі морфемадан
құралады, бірақ (в және г) морфемалары бірдей мағына береді, сондықтан сол
морфема ұқсас келеді.

行 а) 不行 - болмайды ( 行~可 )
б) 步行 - жаяу ( 行~走 ) 行走,行车 .
走 в) 走路 - жүру ( 走~行 )
г) 走样 - түрін жоғалту ( 走~变 )

Қытай тілінде екі және көп буынды морфемалар бар. Инь Баньюнаның
есептеуі бойынша, екі буынды морфемалар барлық морфемалардың 3% құрайды.
Қытай тілінің бұл екі буынды морфемалары Ляньмяньцзы - 联绵字бірігіп
жазылатын және бөлшектенбейтін сөзге және шет елден енген кірме сөздерге
бөлінеді. Ляньмяньцзылардың әрбір буыны жеке өз бетінше тұрып мағына бере
алмайды, бірақ, олар өзара бірігіп толық бір мағынаны беріп, морфема бола
алады. Осындай морфемалар көне қытай тілінде айтарлықтай көп, ал қазір
едәуір азайып кеткен. Олардың көбеюі де екі талай жағдай. Чжан Чжигун
оларды үш топқа бөлді: 1. Ляньмяньцзы - алғашқы буындары бірдей дауыссыз
дыбыстан құралған. Қытайша оларды . Мысалы: 蜘蛛 - өрмекші, 琉璃 - глазурь,
吩咐- бұйыру, 仿佛- ұқсас, 2. Ляньмяньцзы - финальдері бірдей екі буыннан
тұрады. Қытайша атауы 叠韵. Мысалы: 喇叭 laba-сырнай, сигнал, 汪洋wangyang-
жалпақ, шалқар, 苗条miao tiao-нәзік, талшыбықтай, 迷离 mili-көмескі,
күңгірт, 伶仃ling ding-жалғыз.
3. Ляньмяньцзы - сөздің екі буыныда жұпсыз, әрі әртүрлі тонмен
айтылады. Мысалы:典妯娌 zhou li - абысын, 玛瑙ma nao-агат.
Автордың пікірінше, кейбір ляньмяньцзылар біртіндеп азайып, тіпті
қазіргі кезде олардың қолдану аясы төмендеуде бірақ, олардың айтарлықтай аз
бөлігіде қолданыста болғанымен де, солардың өзінің қолданыс аясы қарқынды.
Екі буындылардың тағы бір басқа тобы шет тілден енген кірме сөздерден
құралады. Сондай морфемалардың біразы өз ареалындағы тілдерден енген көне
сөздер. Мысалы: 和尚- монах, 菩萨 - жарылқаушы 罗汗- сопы, архад. Міне,
осындай морфемалардың едәуір бөлігі жапон, ағылшын, орыс, француз және тағы
басқа тілдерден енді. Мысалы:加仑 - jiа lun-галлон, 卢比 lubi-рупия,
吉它 ji ta-гитара, 瓦特wa te-ватт, 马达ma da-мотор.
Ал қазіргі заманғы көп буынды морфемалар – олар шетелден енген кірме
сөздер. Олар үш буынды, төрт буынды, бес буынды және тағы сол сияқты
морфемалардан тұрады. Мысалы: 白兰地 - коньяк, 巧克力 - шоколад, 阿司匹林 -
аспирин, 英特纳雄奈尔 - интернационал.
Екі буынды морфеманы тағы бір топқа бөлуге болады, яғни, дыбысқа
еліктеуіш сөздер. Мысалы: 丁当 ding dang-сылдырлау, 哗啦hua la-сатыр-сұтыр,
呱呱 gua gua-бақылдау.
Қазіргі қытай тілінің екі және көп буынды морфемалары шкетеулі сөз
жасамдық қабілеттілікті игереді немесе игере алмайды. Екі немесе көп буынды
морфемалардың тілде болуы морфемалардың бір буындылығына ешқандай елеулі
әсер тигізбейді.
Нөлдік морфема деп - өзара байланысқан формалар мен салыстыру арқылы
ерекшеленген сөздің материялды бөлінбейтін бөлігі. Қытай тіліндегі нөлдік
морфема немесе нөлдік форма туралы мәселе орыс лингвистері Н. Н. Короткова,
С. Е. Яхонтова, И. В. Солнцев және тағы басқалардың еңбектерінен көрініс
тапты. Осы мәселе қытай тілінің күрделі әрі даулы мәселелерінің бірі болып
табылады.
Осы күнге дейін қытай тілін зерттеушілерінің еңбектерінде, форма
тудырушы нөлдік морфема туралы баса назар аударылып жазылған. Соңғы
уақыттарда сөз тудырушы нөлдік морфема деген термин қолданысқа түсе
бастады.
Нөлдік морфема аса шартты болғанымен көптеген кеңестік лингвистердің
еңбегінде осы мәселеге дәлелді қарсылық туындаған. Анығырақ тоқтала кетсек,
нөлдік морфеманы мойындау, морфемаға форма мен мазмұнның ортақтығын және
материялды айтылуы мен мағынасын сипаттайтын тілдің бірлігі ретінде
қарастырылып жүрген ортақ түсінікке орыс лингвистері арасында өзара
қарсылық туындады.
Морфемада тілдің басқа бірліктері сияқты белгілі бір жүйесі бар.
Морфеманың жүйелілігі белгілі бір белгілердің айырмашылығы мен ортақтылығын
сипаттайтындығымен байқалады, соның негізінде солардың класификациясы
жүзеге асады. Қазіргі замнғы қытай тілі морфемасының дифференциялды белгісі
болып қызметі табылады. Ол морфеманың жүйелілігі, семантикалық-құрылымды
байланыстың болуымен ерекшеленеді. Көне қытай тіл білімінде осындай қарым-
қатынасты ең басты үш түрге бөледі:
1. Әртүрлі морфемаларда бірдей дыбыстық құрам және әртүрлі мағына
болады.
2. Әртүрлі морфемалардың мағыналары бірдей немесе жақын, бірақ әртүрлі
дыбысты құрамды.
3. Әртүрлі пікірлер қарама-қайшы мағынада. Морфемалардың өзара құрылымды-
семантикалық қарым-қатынасының ерекшелігіне байланысты омонимиялы,
синонимиялы және антонимиялы морфема болып бөлінеді. Омонимдес морфемалар –
бір түбірден кемінде екі сөз тудыратын, дыбысталуы бірдей, мағынасы мен
қызметі басқа морфемаларды омонимдес морфемалар деп атаймыз.
Қазіргі қытай тілінің омонимдес морфемаларының көп бөлігі фонетикалық
буындармен байланысады. Қытай тіліндегі бір буынды морфемалардың шамамен
90% омонимдес морфемалар. Қытай тілі буындарының шегі морфемалар шегімен
сәйкес келгендіктен фонетикалвқ буындар омонимдес морфемаларға, соның
ішінде бір буынды морфемалардың пайда болуы мен қолданылуына тікелей әсерін
тигізді.
Қытай тілінің омонимдес морфемалары әртүрлі буындардың түбірі бола
алаатын және лексикалық омонимдермен байланыста болатын түбір морфемаларды
қамтиды. Мысалы: лексикалық омонимдер 意- мағына, 异议- қарсылық білдіру –
барлық морфемалар омонимдес: 义-мағына, мән, 意- ой, пікір, 异
-айырмашылық, ерекшелік, 议 - талқылау.
Әртүрлі дыбыстық буындар мен әр түрлі сөжасамдық құрылымның ерекшелінуі
омонимдік морфемаларда болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі дыбысталатын сөздер
伐木- ағаш дайындау және罚金- ақшалай айып, омонимдес түбір морфемалар 伐-
жару және罚- жазадау. Омонимдес түбір морфемалар 坐 - отыру және -
作жазу. Сөздердің әр түрлі сөзжасамдық құрылымдарында: 坐落- орналасу,
作者 - автор. 现代汉语词典-да омонимдік морфема yi-дің 90 түрі бар. Енді
солардың біразына мысал келтіріп өтейік谊 - байланыс, 溢 - жайылу, тасу, 挹-
пікір, 译- аудару.
Қытай тілінің екі және көп буынды морфемаларының арасында омонимдес
морфемалар болмайды. Ал көмекші сөздер омонимдес морфемалары бола алады.
Омонимдес морфемалар полисемиямен шектеседі және жалпы тіл білімінде әр
түрлі тілдік деңгейге бөлу турасында әлі күнге дейін қатаң сын жоқ.
Шындығына сайып келгенде, омонимдес морфемалар мен полисемиялардың
арасындағы шегін анықтау айтарлықтай қиын жағдай туғызды. Сонымен бірге
полисемия түбір морфемаға қалай тән болса, көмекші морфемаға да солай тән.
Қазіргі қытай тіліндегі морфемалық синонимия деп – морфемалардың
семантикалық ұқсастықтары мен тепе-теңдігі және дыбыс қабаттарының
айырмашылығын айтамыз. Синонимдес морфема түбір және көмекші болуы мүмкін.
Мысалы, келесі төмендегі екі қатардағы түбірлі морфемалар синонимдес:
1. 悲 - қайғы, мұң, шер, 哀 - қасірет, күйік, 凄- қамығу, қайғыру, 痛 -
қайғы.
2. 死 - қаза болу, 亡- дүниеден өту.
Синонимдес түбірлер сөз құрамында қолданылып, лексикалық синонимдермен
байланысады: 亡故- қайтыс болу, 丧命- өмірден өту. Екі синонимдес түбірлі
морфемалар байланысып, бір сөз құрай алады:代替- орнын басу ( 代 - орындау,
уәкіл болу, 替- орнына үшін).
Қытай тілінде екі синонимдес морфемалардан және керісінше, ретті
орналасқан сөздер тұрады: 展开 - жайылу, ашылу, 开展 - дамыту, өрістету.
Көмекші синонимдес морфемалардың қызметтері бірдей. Олар жаңа сөздердің
және синтаксисті және синтаксисті емес грамматикалық формаларын құру үшін
қолданады. Мысалы, суффиксті омонимдерге келесі морфемалар жатады: 者,员 .
Сонымен бірге синонимді префиксті морфемалар бар. Оларға:无,非жатады.
Қытай тілінің синонимдес тілдері басқа тілдер сияқты белгілі бір
мағынаны білдіріп, кейбір жағдайларда семантикамен сәйкессе, ал кейбір
жағдайларда тек жарым-жартылай сәйкеседі. Полисемантикалық синонимдес
морфемалардың басқалардан ерекшелігі бір-бірлеп немесе бірнеше мағыналармен
сәйкес келуі мүмкін. Осыған сәйкес синонимдес морфема абсалютті және
жартылай болып бөлінеді. Синонимдес байланыстағы түбірлі морфемалардың көп
бөлігі түбірлі морфемалар сияқты көп мағыналы болуы мүмкін. Мысалы: 说мен
讲 морфемалардың лексикалық мағынасы说: сөйлеу, айту, дәттеу, түсіндіру,
ұғындыру, сөгу, кінәлау. 讲: сөйлеу, баяндау, әңгімелеу, ақылдасу, мән
беру. Енлтірілген мысалдардан көрінгендей说мен讲морфемалары өзара
полисемантикалы.
Синонимдес морфемалар стилистикалықтан өзгеше болуы мүмкін.
Стилистикалық синонимдес қытай тілінің түбірлі және көмекші морфемаларына
тән. Стилистикалықтар түбірлі морфемадан ерекшеленеді.
Мысалы: 乞 - жалыну (кітаби стиль) және 请- сұрау (ауыз-екі стилі),
синонимдес сөздер乞求 - сұрау, жалыну және 请求 -өтінішпен сұрау.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы аффикстер антонимді суффикстер деп
аталады. Қытай тіліндегі антонимдес аффикстер түбір морфемалар болып
табылады. Мысалы: 爱 - жақсы көру, 恨 - жек көру, 大 - үлкен, 小 - кіші.
Қытай тілінде екі антонимді аффикстен құралған сөз бар. Ол:开关 - өшіру,
大小- өлшем.. Лексикалық антонимдері жұп антонимдес морфемалардан
құралуы сирек кездеседі. Мысалы:
1.前进 - алға басу, 后退 - артқы аяқ (前- алдыңғы, 后-артта, 进 - кіру,
退 - шегіну).
2. 强大 - күшті, 弱小 - әлсіз ( 强- күшті, 弱- әлсіз, 大- үлкен, 小-
кішкентай).
3.生存 - күн көру,тіршілік, 死亡 - өлім ( 生 – туылу,死-өлу,存-
өмір сүру,亡- қайтыс болу)
Қазіргі заманғы қытай тілі морфемалары өте күрделі семантикалық-құрлымды
қарым-қатынаста болады.
Демек, морфема – сөз құрамындағы ары-қарай бөлшектенуге келмейтін ең
кіші мағыналық бірлік. Ол екіге бөлінеді: түбір морфема және көмекші
морфема. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема – түбір морфема
деп аталса, түбір морфеманы өзгертіп анықтайтын, яғни, сөздің грамматикалық
және сөзжасамдық мағынасын ажырататын морфема – көмекші морфема деп
аталады.Бір буынды морфеманы байланысу деңгейіне қарай дербес, жартылай
дербес және дербестігі жоқ морфема деп бөлінеді.

1.2 Сөздердің сөз жасам жүйесі

Соңғы жылдары дүниежүзіндегі көптеген тілдердің сөзжасамдық
теориясының дамуы мен сөздің сөзжасамдық жүйесіне деген қызығушылықтары
күнен-күнге жандануда. Орыстың көрнекті лингвистері сөз жүйесін сөз
жасамдық түрде теңестіреді. Бұл көзқарас Н. С. Крушевский, Масловой-
Лашанскийдің еңбектерінен көрініс тапты. Әсіресе сөз жүйесін зерттеуде өз
заманының таңдай қақтырарлық лингвисі Винокураның еңбегінде жан-жақты, жете
зерттеліп, жұртшылық назарын бірден баурап әкетті. Ал, орыс ғалымы
А.Н.Тихонов сөздердің сөзжасамдық жүйесі дәл қазіргі уақытта әр түрлі
құбылыстармен түсіндіріледі. Сөздің морфологиялық жүйесі – ол сөздің
сөзжасамдық жүйесі мен сөз морфемасының құрылымы.
Барлық туынды сөздер сөзжасамдық талдаудың объектісі болып табылады.
Өйткені морфемалық жүйеге қарағанда екі негізгі элемент – сөзжасамдық негіз
бен сөз тудырушы тәсілдер және форматтар аса маңызды. Туынды сөз – сөзжасам
саласының ең негізгі ұғымы. Туынды сөздің басты белгісі – өзін негіздеп
тұрған сөз жасаушы тұлғамен мағыналық және тұлғалық жағынан
байланыстылығында. Туынды түбір термині мен туынды сөз термині бірін-бірі
жоққа шығарады. Туынды сөз бар жерде туынды түбір бола алмайды. Туынды
деген сөздің өзінің негізгі мағынасы екінші бір зат атауының пайда
болғандығын айқындап тұр. Ал түбір сөз әуелгі түбір, бастау дегенді
танытады. Демек, түбір сөздің өзі туынды бола алмайды.
Сөзжасамдық талдау мен сөздің морфологиялық құрылымы арасындағы
айырмашылық былай қорытындылады: сөздің сөзжасамдық құрылымының анализі
оның құрамында бар екі дербес сөз жасаушы элемент - сөз жасаушы негіз бен
сөз жасаушы формантқа міндетті түрде сүйенеді, ал сөздің морфемалық
құрылымының талдауында ең кіші бөлінбейтін маңызды бірліктері – түбір және
көмекші морфемалар болуы тиіс. Кубрякова Е.С. егер морфологиялық талдаудың
іздеп отырған шамасы морфема болса, яғни сөз құрастырушылардан сөзжасамдық
талдаудың іздеу шамасы- деривациялық аффикстер мен түбір сөздер болады-
деп айтады.
Қытай тілінде сөзжасамдық негіз ретінде түбір морфемада және жеке сөздер
(жай және күрделі) де бола алады.Мысалы: 非条件 - шартсыз, 非派生
- өнімсіз, 科学家 - ғалым сөздерінде сөзжасамдық негіз күрделі сөздерден ,
яғни олар条件, 派生 , 科学құралады. Ал 小子 - ер бала, 读者- оқымысты
сөздерінде сөз жасаушы негіз жай сөзден小 - кішкентай және读- оқу құралған.
Сөзжасамдық формант – ол материалды тәсілдердің құрылуы және осының
көмегінде туынды сөз жасалады, яғни сөз жасаушы негіздің құрамына кірмейтін
туынды сөздің бір бөлігі. Қытай тілінің сөзжасамдық форманты болып белгілі
бір көмекші морфемалар: префикстер, суффикстер, жартылай аффикстер және
олардың тіркестері бола алады. Мысалы, 胖子 - толық, 苦头- қайғы
сөздеріндегі сөзжасамдық форманты 子,头 суффикстері болады.. Ал
老乡- жерлес, 乌鸦- қарға, 老师- мұғалім сөздеріндегі сөзжасамдық формант
老 болады. Ал 无产者- пролетар сөзі екі сөзжасамдық форманттан құралған,
无 префиксі және 者 суффиксі .
Кейбір жағдайларда орыс тілінің сөзжасамдық мәселесімен айналысып жүрген
мамандар сөзжасамдық форманттың анық, айқын түрде айтылуы мен материалды
дайындығын немесе безендірілуін қажет етпейтіндігін айтады. Осындай туынды
сөздердің аса айқын формалды белгілері болып олардың құрамында түбірдің
екіден кем болмауы табылады. Түбірлердің қосылуы нәтижесінде пайда болған
бұл қытай тілі сөздерінің өзіндік ерекшеліктеріне тән құбылыс. Мысалы: 美丽
- әдемі және 山林 - таулы орман сөздеріндегі 美 - әдемі, 丽- сұлу,
山 - тау, 林 - орман сөздің формалды белгілері болып табылады. Бұл
мысалдағы келтірілген туындаған сөздердің формалды белгілері, яғни екі
сөзжасамдық түбірдің болуымен тығыз байланысты.
Сөзжасам негізі мен сөзжасаушы формант – бұл туынды сөздің ажырамас
сыңары әрі оның сөзжасамдық құрылымын анықтаушы.
Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында мағына сөзге жалпы қатысты
және берілген сөз табына жататын сөз бөліктерінің формалды айтылған сөз
ішіндегі тәсілдердің мағынасы ретінде қарастырылады. В.В. Сөзжасамдық
мағына – себепші негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі немесе
қосарлану, тіркесуі, жалғануы негізінде жасалатын ерекше туынды мағына.
Сөзжасамдық мағына жасалу үшін, ең алдымен, сөзжасамдық тұлғалардың
қосылуы, бірігуі, тіркесуі негізіндн сөзжасамдық процесс жүруі керек.
Сөзжасамдық прцесс негізінде туынды сөз жасалады.дәлелд Осы туынды сөз
мағынасы сөзжасамдық мағына ретінде саналады.
Б.Н. Головнин сөзжасам мағынасына берген анықтамасында былай дейді:
сөздің материалды жүйесінің бірдей ерекшеліктерімен айтылатын бірқатар
туынды сөздерге ортақ мағына [5, 476бет]. Ал, А.Е. Земскаяның айтуы
бойынша мағына ол - сөзжасаушы мен сөзтудырушының өзара сематикалық
байланысының негізінде айқындалған және берілген түрдің ортақ туындысы [ 7,
341бет ] .
Сөзжасамдық мағына сөзжасамдық форманттың көмегімен айтылатын және
берілген туынды сөздер мен сөзжасаушылардың арасындағы семантикалық
байланыс негізінде қалыптасатын белгілі бір сөзжасам жүйесінің туынды
сөздерінің жалпы мағынасы ретінде анықтала алады. Осы орайда айтып кетер
бір жайт, көптеген лингвистер сөзжасамдық мағынаның болуын және оның
деревациялық немесе сөзжасамдық мағына сонымен қатар грамматикалық (жалпы
және абстракты) және лексикалық (индивидуалды)мағына болып бөлінуінің еш
қажеттігі жоқ деп таниды. Бұл көз-қарас С.С.Кароляк және А.И.Моисееваның
еңбектерінде көрініс тапты. Алайда соңғы кездері бұл терминнің қолданылу
аясы барған сайын өрбуде, ең көңіл аударарлығы, мағынаның барлық түрі
(лексикалық, грамматикалық және сөзжасамдық) деңгей бойынша немесе қасиеті
бойынша бөлінеді.Е.С.Кубрякованың пайымдауынша грамматикалық мағынаның
қасиеті олардың облигаторлығы деп ерекшелейді. Сөзжасамдық мағыналар
осындай міндеткерліктен айырылған, яғни өзінің белгіленген шегі болуы да
болмауы да мүмкін. Сөзжасам мағынасы лексикалық экстролингвистикалық
әлемімен байланыса алады, ал деривациялық мағына лексикалық және
индивидуалды мағыналардан өзінің жалпылығымен ерекшеленеді.
Сөз жүйесінің мәселесін зерттеуші лингвистер туынды сөздің сөзжасамдық
жүйесі морфема құрылымымен өте тығыз байланысты екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Кірме терминдер ана тіліне нұқсан келтірмеуі тиіс
Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика
Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау
Қосарлы етістіктердің сөзжасам жүйесіндегі орны
Сөздің құрамы мен құрылымы
Үстеу жайында
Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Пәндер