Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау



КІРІСПЕ 4.8

I.ТАРАУ. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ПАТЕНТТІҢ ҚҰЖАТ РЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ 9.42
1.1. Патент құқығының пайда болуы туралы ілімдер. 9.13
1.2. Патент қорғау құжатының түсінігі мен мазмұны 13.17
1.3. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері 18.42

II.ТАРАУ. ПАТЕНТ ЖҮЙЕСІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
43.64
2.1.Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар 43.55
2.2. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы қызметтестік бойынша Қазақстан Республикасы жасаcқан келісімдер мәні мен маңызы 55.56
2.3.Патент жүйесін қалыптастыратын халықаралық құқықтық органдар 56.64

III.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАТЕНТ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ РЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 65.74
3.1. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнама 65.69
3.2. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар 70.74

ҚОРЫТЫНДЫ 75.78
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 79.82
Өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық аренада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл–ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993–жылғы, одан кейін 1995–жылғы Конституцияларында бекітті.
Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу “Қазақстан–2030” стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және “Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясын” іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият – бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте.
1. Е.С. Аскаров. “Защита промышленной интеллектуальной собственности в Казахстане”. Учебное пособие. Алматы, 2003г.;
2. М.М. Богуславский. “Международная охрана промышленной собственности”. Москва, 1967г.;
3. Л.Борохович, А. Монастырская, М.Трохова. “Ваша интеллектуальная собственность”. Серия “ Закон и практика”. Санкт–Петербург. “Питер”. 2001г.;
4. Ю.Н.Дрешер «Организация патентно-лицензионной деятельности и авторское право», Москва , Изд. дом «Гранд Фаир пресс» 2003г.;
5. Ответ. Редактор Т.Е. Каудыров. “Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан”. Алматы. “Жеті Жарғы” 2003г.;
6. Т.Е. Каудыров. “Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан”. Алматы. “Жеті Жарғы” 1999г.;
7. И.С. Картавин: Исключительное право. М., 1998г.;
8. Зияткерлік меншік. Қазақстан Республикасының заңнамасы (2 тілде). Астана “Аударма баспасы” 1999ж.;
9. А.Минков «Международная охрана интеллектуальной собственности» Серия «закон и практика», Санкт-Петербург «Питер», 2001г.;
10. П.Б.Мэггс, А.П.Сергеев. “Интеллектуальная собственности” Москва. “Юристъ” 2000г;
11. А.П. Сергеев: Патентное право. Москва: Теис, 1994г.;
12. А.П.Сергеев «Право интеллектуальной собственности в Российской Федерации». Москва. 1996г.
Диссертациялар:
1. Амангелді А.А. Диссертация: “Современное патентное законодетельство РК”. Алматы 2002 г.
2. Каудыров Т.Е. Диссертация: “Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Какзахстан” Алматы. 2002г
Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар.
1. Абдиев Ж.Н. «Казахстан готовиться к вступлению в ВТО» «Интеллектуальная собственность Казахстана» №1/2004г. –8–10-бет
2. “Интеллектуальная собственность Казахстана” №1/ 2004. Приветствие Министра юстиции РК читателям журнала. Оналсын Жумабеков
3. Т. Қаудыров. “Қазақстанның патент жүйесі”. “Заң” 12/2001.
4. “Юрист”. Қаудыров №1 (31).
Нормативтік–құқықтық актілер.
1. 30–тамыз 1995–жылғы ҚР Конституциясы;
2. 27–қыркүйек 1994–жылғы ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);
3. 1–шілде 1999–жылғы ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);
4. 16–шілде 1999–жылғы Қазақстан Республикасының Патенттік заңы;
5. 24–шілде 1992–жылғы Қазақстан Республикасының Патенттік заңы;
6. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы ҚР заңы;
7. 16–шiлде 1999–жылғы №428-1 “Патент сұрақтары туралы кейбiр заң актiлерiнiң күшiн жоюын тану туралы” ҚР заңы;
8. 5–ақпан 1993–жылғы Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясы;
9. 22–қаңтар 2001–жылғы ҚР Президентiнiң №536 “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы” Жарлығы;
10. 29–наурыз 2001–жылғы ҚР Үкіметінің №411 “ҚР Әділет Министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет сұрақтары” Қаулысы;
11. Положение о комитете по правам интеллектуальной собственности Министерства Юстиции Республики Казахстан;
12. 20–наурыз 2002–жылғы ҚР Үкiметiнiң №345 “Интеллекеуалдық меншiк құқытарын қорғау мемлекттiк жүйесiн жетiлдiрудiң кейбiр сұрақтары” Қаулысы;
13. 11–шiлде 2002–жылғы ҚР Үкiметiнiң №756 “Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң Интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi Комитетiнiң “Интеллектуалдық меншiк ұлттық институты” Республикалық мемлекттiк қазыналық кәсiпорнын құру” туралы” Қаулысы;
14. 29–наурыз 2001–жылғы ҚР Әдiлет Министрлiгiнiң “Интеллектуалдық меншiк құқықтары жөнiндегi Комитет туралы” Ережесi;
15. 28–сәуiр 1994–жылғы ҚР Министрлер Кабинетiнiң №439 “Қазақстан Республикасы Ұлттық патенттiк ведомствосы сұрақтары” Қаулысы;
16. 21–шiлде 1992–жылғы ҚР Министрлер Кабинетiнiң №622 “Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патенттiк ведомство туралы” Қаулысы;
Халықаралық – құқықтық актiлер
1. 20–наурыз 1883–жылғы Өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы;
2. 14–сәуiр 1891–жылғы Тауар таңбаларын халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмi;
3. 14–шiлде 1967–жылғы Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы конвенциясы;
4. 18–шілде 1995–жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің №2364 Жарлығымен ратификациаланған Өндірістік меншік объектілерін қорғау туралы 12–тамыз 1995–жылғы Евразиалық патенттік конвенция;
5. 19–маусым 1970–жылғы Патент кооперациясы туралы Келiсiм шарт;
6. 28–наурыз 1994–жылы ҚР Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасында жасалған «Өнеркәсiптiк меншікті қорғау саласында әріптестік» шарты;
7. 8–сәуiр 1997–жылғы ҚР Үкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметi арасында жасалған «Өнеркәсiптiк меншікті қорғау саласында әріптестік» шарты;
8. 2–маусым 1997–жылғы ҚР Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметi арасында жасалған «Өнеркәсiптiк меншікті қорғау саласында әріптестік» шарты;
9. 23–қазан 1998–жылғы ҚР Үкiметi мен Әзербайжан Республикасы Үкiметi арасында жасалған «Өнеркәсiптiк меншікті қорғау саласында әріптестік» шарты;
10. 11–қараша 1997–жылғы ҚР Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасында жасалған «Өнеркәсiптiк меншікті қорғау саласында әріптестік» шарты.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Министрлігі
ААҚ Қазақ Гуманитарлық заң университеті
Алматы заң академиясы

Халықаралық құқық және
халықаралық қатынастар
кафедрасы

Асқарова Әсем Қанатқызы

Бітіру жұмысы

Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын
қорғау

Ғылыми жетекші
аға оқытушы:
Жарасбаева Гүлмира
Мәулетхановна

Алматы 2005 жыл
ЖОСПАР:

Кіріспе
4-8

I–тарау. Патент құқығы мен патенттің құжат ретіндегі құқықтық табиғаты

9-42
1.1. Патент құқығының пайда болуы туралы ілімдер.
9-13
1.2. Патент қорғау құжатының түсінігі мен мазмұны
13-17
1.3. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері 18-
42

II–тарау. Патент жүйесін халықаралық құқықтық реттеу

43-64
2.1.Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық меншік бойынша
әрекет ететін халықаралық конвенциялар
43-55
2.2. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы қызметтестік бойынша
Қазақстан Республикасы жасаcқан келісімдер мәні мен маңызы 55-
56
2.3.Патент жүйесін қалыптастыратын халықаралық құқықтық органдар 56-64

III–тарау. Қазақстан Республикасында патент қатынастарының реттелу
ерекшеліктері 65-74
3.1. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнама

65-69
3.2. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар

70-74

Қорытынды
75-78

Қолданылған Әдебиеттер
79-82

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы
өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық
аренада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың
әл–ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз.
Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып
келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын
нарықтық деп 1993–жылғы, одан кейін 1995–жылғы Конституцияларында
бекітті.
Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу “Қазақстан–2030”
стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер
негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына
жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды
экономиканың мықты материалдық техникалық және технологиялық базасын құруға
ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмалары және
“Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003–2015
жылдарға арналған стратегиясын” іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік[1] меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік
Сауда Ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін
басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің
елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік
меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін
сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз
байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие
болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау
саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша
саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық
бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының
ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият – бұл елдің маңызды және
ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай
мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын
зияткерлік меншікте.[2]
Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын
мәселе – тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі
таңда ұлттық өндірушіні қорғау және қолдау – өндірушінің өз қолымен деген
ұранның ұстауы – маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы
болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы
табылады.
Ғылыммен айналысушылар, экономикалық реформаны теориялық жағынан
зерттеушілер, үкімет мүшелері экономиканы дамыту жөнінде сөз қозғағанда
дамудың инновациялық жолына ерекше көңіл аударып, технологиялық жаңарту
және инновациялық факторлардың негізінде экономиканың өркендеу қажеттілігін
көрсетеді.
1992–жылы 24–шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патенттік заңы
қабылданды.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа
нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер
осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген
құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда
үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік
құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994–жылы
экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудің негізі болып табылатын
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы
интеллектуалдық меншікті құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру,
теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы
интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне ерекше құқық бекітілді.
Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға
қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, процедуралық
төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы,
патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік
жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға
мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен- ақ жағдай жасауда.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана
көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-
жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік
объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық
және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік
объектілеріне алдын-ала патент пен патент бар.[3]
Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент
иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы
кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет
болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын
жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
16 шілде 1999 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Патент заңы
қабылданды. Бұл заң бойынша патент иеленуші бола алатын субъектілердің
тізімі көрсетілді, бірақ бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға шарт және заң
бойынша берудің кейбір сұрақтары қарастырылмаған. Мысалы, студенттер,
аспиранттар жоғарғы оқу орнының тәжіребелік бөлмесі мен құралдарын
пайдаланып техникалық жетістікке жеткен кезде олардың құқықтық жағдайы
қандай болатындығы анықталмаған.
Тақырыпты зерттеу жағдайы. Кеңес социалистік республикалар одағы
кезінде патент және патенттiк құқықтарға арналған бірнеше еңбектер жарық
көрді. Ол еңбектердің авторлары болып Е.А. Богатых, В.И. Левченко, И.Э.
Мамиофа, Б.С. Антимонов, Е.А. Флейщиц, П.А. Ярослав және т.б авторлар
табылады.
Патент жүйесінің жаңа нысанына көшкеннен кейін А.П. Сергеев, В.И.
Еременко, Б. А.Лобач, А.А. Пиленко, Ю.Н.Дрешер, М.М. Богуславский,
Л.Борохович, И.С. Картавин, А.Минков, П.Б.Мэггс, ал Қазақстан
Республикасынан Т.Е. Каудыров, А.А. Амангельды, Е.С. Асқаров секілді
авторлардың осы салада еңбектері жарық көрді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының патент құқықтарын
шетел патент құқықтарымен теориялық жағынан салыстыра отырып, тәжірибеде
қолдану мәселесі мен заңнаманың одан әрі қарай халықаралық шарттарды
ескере отырып жетілдірілуін қарастыру.
Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент алдына келесідей
міндеттерді қояды:
← патенттік құқықтың пайда болуына әсер ететін фактілерді анықтау;
← Қазақстан Республикасының патент жүйесiмен барынша танысу, оның өзге
жүйелерден айырмашылықтарын ашып көрсету;
← тәжірибеде көрініс алған патенттік заңнаманың кемшіліктеріне баға
беру.
Ғылыми ұсыныстар:
1. Өкінішке орай, ҚР Конституциясында “интеллектуалдық меншік” термині
көрініс таппаған. Мысалы, 1993–жылдың 12–желтоқсанында қабылданған
Ресей Федерациясы Конституциясының әдеби, көркем, ғылыми, техникалық
және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44–бабында
“интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады” деген ережесі бар. Құқықтық
жүйенің өзге бөліктерінің құқықтық саясаты мен дамуы үшін негізгі
заңның фундаменталдық маңыздылығын ескере отырып, ҚР Конституциясы
20–бабының 1–тармағын “интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіріледі”
деген сөздермен толықтыру қажет.
2. Әрекеттегi заңнамада қорғау құжатын алуға үмiткер тұлға тиiстi органға
белгiлi бiр құжаттарды тапсырады. Осы бiтiру жұмысын жазу барысында
тапсырылатын құжаттың әр түрлi аталуына назар аудардым. Менiң ойымша,
бұл патент қатынастарымен тiкелей айналысатын тұлғаларды шатастыруы
мүмкiн. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнде бұл құжат
атауы өтiнiм, Қазақстан Республикасының Патент заңының өзiнде
өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге қатысты – өтiнiм, ал пайдалы
модельге – арыз делiнген, Қазақстан Республикасының “Тауар таңбалары,
қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары
туралы” заңда да өтiнiм сөзi қолданылған. Ескере кететiн жәйт, осы
заңдардың орыс тiлiндегi мәтiнiнде екi түрлi термин кездеспейдi. Менiң
ұсынысым – осы заңдарды бiрқалыптандыру мақсатында, бiр ғана термин
өтiнiм сөзiн енгiзу, қолдану.

I –тарау. Патент құқығы мен патенттің құжат ретіндегі құқықтық табиғаты

§1. Патент құқығының пайда болуы туралы ілімдер.
Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәнi бойынша адамның
интеллектуалдық, шығармашылық қызметi нәтижесiнде қорғауды қамтамасыз етуге
бағытталған. Бiрақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам
шығармашылығының тек ғылыми-техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен
қатар, ғылыми қызмет өнiмдерi ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн қолданудың
қолданбалы аспектiлерiне қатысты болғанда ғана, патенттiк құқық объектiсi
бола алады.[4]
Өнертапқыштық қызмет нәтижелерiн қорғау қажеттiлiгiн адамдар XVII
ғасырда патенттiк жүйе бастаулары пайда болғанда-ақ түсiндi. Алғашқы патент
заңы Англияда Яков Стюарт патшасы тұсында қабылданған. Англияда алғашқы
патенттер 1623-жылы қабылданған “Монополиялар туралы статутпен” сәйкес
берiлдi. Бұд заң техникалық жаңалықты жасаған және қолданған әрбiр адамның
патша еркiмен мұндай жаңалық әкелетiн пайда мен артықшылықты айрықша және
тәуелсiз құқығын 14 жыл бойы монополиялық пайдалану жарияланды.[5]
XVII ғасырдың соңында патент құқығы пайда болған кезде табиғи құқық
теориясы мен өндірістік меншік теориясы басшылықта болды. Табиғи құқық
теориясына сәйкес өнертапқыштардың құқығы – ажырамас. Бұл құқықты
мемлекеттік билік танымаса да, ол өмір сүреді. Бұл теорияны жақтаушылардың
ойы бойынша патентті беру өнертапқыштардың табиғи құқықтарын тану деп
саналады.
Өндірістік меншік теориясына сәйкес өнертапқыштардың құқықтары
олардың рухани шығармашылығы нәтижесінде пайда болады деп көрсетеді. Бұл
нәтижеге қоса материалдық заттарға деген меншік құқығы қоса беріледі. Осы
теорияны жақтаушылар келесідей ойлайды: адамның еңбегі материалдық
мүдделерді жасайды. Еңбектің нәтижелері оны жасаған тұлғаның меншігінде.
Себебі меншік өнертапқыштың еңбегінің нәтижесінде пайда болады. Сондықтан
да оның иесі өзінің затымен не істеймін десе де өз еркі: оны дайындайды
немесе құпияда ұстайды, пайдаланады немесе пайдаланудан бас тартады немесе
мүлдем жойып жібереді. Ешкім де автордың рұқсатынсыз өнертабысты пайдалана
алмайды. Өнертабысты шығарушыны меншік иесі ретінде теориялық түрде
негіздеу алғашқы рет француз заңнамасында: Жариялануы нәтижесінде қоғамға
пайдалы болуы мүмкін әрбір жаңа идея оны шығарған адамның меншігінде болады
және де жаңа өндірістік өнертабысты автордың меншігінде деп санамау адамның
құқығын шектеу болып табылады деп ұлттық жиналыс ойлайды деп көрсетілді.
Герман жүйесінде патенттік құқықтың пайда болуы мен дамуына Коллердің
материалдық емес теориясы әсер етті. Бұл теория табиғи құқық және
өнеркәсіптік меншік теориясын дамытты, толықтырды. Оның мазмұны бойынша
адам кез-келген өнертабысты жасаған кезде өзін салады, сондықтан да
өнертабысқа басқа адамдардың қол сұғуы, автордың жеке құқығына қол сұғу
болып табылады.
Коллердің материалдық емес теориясының жалғасы болып патенттік шарт
теориясы табылады. Бұл шарттық теорияның мәні келесідей: идея өнртабыс
иесінің меншігі болып табылады, бірақ идеяны тек қана иемдену жеткіліксіз
болып табылады, ол идеяны өмірге әкелуге мүмкіндік болуы қажет. Идея- зат
емес. Егер оны жариялап қойса, ол бір-біріне тәуелсіз әр түрлі адамдармен
пайдаланып кетуі мүмкін. Өнертапқыш оған деген құқықты тек өзі пайдалануы
үшін басқаларға бұл идеяны пайдалануға тиым салатын құқық алуы қажет. Ол
үшін өнертапқыш қоғаммен құпия ашу жөніндегі шарт жасасады. Айырбас ретінде
ол монополиялық пайдалану құқығын алады. Қоғам атынан мемлекет қатысады.
Бұл шарт екі жаққа да пайдалы болып келеді. Монополиялық құқық өнертапқышқа
пайда әкеледі, ал қоғамға ғылым мен техниканы дамытатын жаңа білім әкеледі.
Патенттің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, қоғамның пайдалануына
ерік білдіріледі. Егер патенттік монополия болмаса, өнертапқыштар
өнертабысты құпияда ұстайтын еді. Ондай жағдайда қоғамның жаңа білімге
деген қол жеткізуі тежелер еді. Патенттік келісім шарт теориясы заңды
қателерге толы екендігін көрсетуде. Тұлғаның жеке өзінің өнертапқыш болуы
қазір сирек кездеседі, көбінесе өнертабыстар ұжымдық еңбек нәтижесінде
пайда болуда. Мұндай кезде патентті кәсіпорындар алады. Кәсіпкерлер ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізуден бас тарта алмайды, өйткені бұл оларға пайда
әкеліп отыр. Басқа жағынан алып қарайтын болсақ, өнертабысты шығаруға үлкен
топ қатысады.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың барлығы да патенттік монополияның
мәнін ашпайды. Бірақ сонда да бұл теориялардың барлығы да патенттік-
құқықтық қатынастардың мәніне тереңірек қарауға мүмкіндік береді[6].
Кеңес үкіметі кезінде өнертабысқа деген құқықты куәландыратын
патент деген құжат болған жоқ деп айтуға болмайды. 21 тамыз 1973 жылғы
Жаңалықтар, өнертабыстар және рационализаторлық ұсыныстар туралы КСРО
үкіметінің бекіткен Ережесінің 2-тармағында өнертабысқа деген құқықтар
мемлекетпен қорғалып, авторлық куәліктермен және патентпен куәландырылады
деп көрсетілген еді. Бірақ, патент алу мүмкіндігі жалпы ережеге бағынбайтын
жағдай болып табылатын. Ереженің 24, 25- тармақтарына сәйкес Өнертабыс
кооперативтік, қоғамдық мекемеде жасалса, немесе осындай мекемелер
авторларға көмектессе, немесе олардың тапсырысы бойынша жасалса патент
берілмейді деп көрсетілген. Кеңес социалистік республикалар одағының
азаматтары шетел тұлғаларымен бірге өнертабыс шығарса, кеңес үкіметінің
азаматы болып табылатын авторларға патент жалпы ережеге бағынбайтын
ерекше жағдай ретінде берілетін. Бірақ патент иеленушінің құқықтары мен
жеңілдіктері авторлық куәлік иесінің құқықтары мен жеңілдіктері секілді
болатын.
Патенттелетін объектілерді өмірде біреу ғана деп қарастырғанмен, олар
қайталама болып келеді. Мысалға, мыңдаған физиктер термоядролық реакцияның
басқару мәселесін; ал мыңдаған медиктер, химиктер мен биологтар СПИД
ауруының емдеу мәселесін шешумен айналысуда. Осындай жұмыстардың
нәтижесінде бірнеше тұлғалардың бір мезетте бір- бірінен тәуелсіз
белгілі бір әдіс немесе дәрі-дәрмек түрін жасап шығаруы мүмкін. Мұндай
жағдай туған кезде мемлекет өндірістік меншік объектілеріне берілетін
құқықтың кімге тиесілі және кімнің атына бекіту қажеттілігі жөніндегі
мәселені қозғайды.
Өндірістік меншік объектісін патенттеу процедурасы мен патенттеу ұзақ
және көп еңбекті қажет ететін, біздің ойымызша – бюрократиялық әрекет.
Схема түрінде патенттеу процедурасын келесідей көрсетуге болады: патенттік
органға арыз беру–арыздарды қабылдау бөлімінде формальді сараптама жүргізу
- өнертабыстар мен пайдалы модель бөлімінде формальді сараптама жүргізу-
қорғау құжатын беру жөнінде шешім қабылдау- берілетін патент жөнінде
мәліметтерді жариялау, патент иеленушіге қорғау құжатын беру.
Арыз беру немесе қорғау құжатын патент иеленушіге ұсынудың қайсысы
құқықтық қорғаудың алғашқы кезеңі болып табылады? А.А. Амангельдінің
көзқарасы бойынша қорғау құжатын ұсыну- құқықтық қорғаудың алғашқы кезеңі
болып табылады. Себебі осы құжат негізінде ерекше құқық беріледі[7].
Әрекет ететін барлық ұлттық жүйелерді зерттей келе патенттік
құқықтардың пайда болуын екі негіз бойынша - патент иеленуші бола алатын
оның субъектісі және соның негізінде патенттік құқықтарды беру жөніндегі
мәселе шешілетін - патенттік сараптама процедурасы деп бөліп көрсетуге
болады.

§2.Патент қорғау құжатының түсінігі мен мазмұны
Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық,
сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға
болады. Қазақтан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкілдүниежүзілік
интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (ВОИС) Конвециясының 2–бабында
“Интеллектуалдық меншік” әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға,
әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазу, радио және теледидар
хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми
жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету
белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциалық көрсеткіштерге, қара ниетті
бәсекелестікке қарсы қорғану, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және
көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық
құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 961–бабында осы тақыметті, алайда анағұрлым жүйелендірілген
тізілім берілген.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы
санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды
реформалауды талап етті Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті
тұрмысқа “интеллектуалдық меншік”, “өнеркәсіптік меншік” , “патент”,
“патент иеленуші”, “айрықша құқық” ұғымдары етене енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі
авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі
бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының
негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық
куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша
жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез-
келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы
модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің
рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана
пайдалану жолға қойылған. Бұл құқық “айрықша құқық” деп аталады. Және ол ҚР
АК–нің 125, 964–баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау принциптері
түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны
қалыптастыруды талап етті.[8]
1992-жылы Ұлттық Патенттiк ведомство патенттеудiң бiрегей жүйесiн
қалыптастырды (явончно-проверочную) және оның құқықтық реттелуiн Қазақстан
Репсубликасының Патент заңында бекiттi. Бұл жүйенi кейiннен орталық Азия,
Закавказьенiң көптеген тәуелсiз мемлекеттерi және Украина да қолдады.[9]
Бұл патенттеу жүйесi бойынша қарапайым тiркеу мен сараптама элементтерi
бiрiгедi. Бiздiң жүйенiң келiмдiк және тiркелiмдiк сипаты патенттiң
формальдi сараптама жүргiзгеннен кейiн берiлетiндiгiнде көрiнедi. Қазақстан
Республикасының Патент заңының 22-бабы формальдi сараптама кезiнде қажеттi
дәлелдемелердiң болуы, оларға қойылатын негiзгi талаптардың сақталуы және
өтiнiм берiлген ұсыныстың құқықтық қорғау берiлетiн объектiлерге
жататындығы тексерiлетiндiгiн бекiтедi.
Патент мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. Оның
жүргiзiлу барысында өтiнiм берiлген шешiмнiң патентке қабiлеттiгi
талаптарына сәйкестiгi анықталады.[10]
Өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге алдын-ала патент пен патент және
пайдалы модельге патент қорғау құжаты түсiнiгiмен бiрiгедi.
Қазақстан бiр өнертабысқа екi қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы
бойынша алдын-ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсiптiк үлгi сараптамасы
қорытындысы бойынша патент берiлуi мүмкiн екенi жөнiнде соны жүйе жасады.
Бұд қорғау құжаттары осы объектiлердi пайдалану басымдығын, авторлығын
және айрықша құқықты куәландырады. Алдын-ала патент пен патент ұқсастығының
басты элементтерi осылар. Бұл айрықша құқық құжаттары, берiлетiн және
қорғалатын айрықша құқық көлемдерi бойынша айырмашылықтары жоқ. Өнертабысқа
алдын-ала патентпен және патентпен, пайдалы модельге патентпен берiлетiн
құқықтық қорғау көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге алдын-
ала патентпен және патентпен берiлетiн құқық бұйымсыз, макеттiң, суреттiң
фотосуретiмен көрсетiлген, оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен анықталады.

Бұл екi қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және
уақытша әрекет ету шегi бар. Өнертабысқа алдын-ала өтiнiмнiң патент
ведоствосына берiлген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес
жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша
бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы
керек.[11]
Өнеркәсiптiк үлгiге алдын-ала берiлетiн патент өтiнiмнiң патент
ведоствосына берiлген күннен бастап бес жыл әрекет етедi. Өнеркәсiптiк
үлгiге патент – он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша
бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.
Патент – patent – мына мән-жайларды:
1. Аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
2. Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
3. Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқығын
иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство
мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия
немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне
сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша
белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін.
Көптеген елдерде көзделген патент иесінің құқықтарын қорғау
шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза
қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап
арыз қою және т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы
нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар
қойылады: “өнертапқыштық деңгейі”, “прогрессивтілігі”, “қолданылуға
жарамдылығы” және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын
бүл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе
шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші басқа
мемлекеттерде өнертабыс жаңалағын өз мемлекетінде де, шетел елінде
де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз
мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер
жасасу қолданылады.[12]
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы
техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Патенттің негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны
қамтамасыз ету болып табылады.[13]
Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:
✓ қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
✓ патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне
құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың
берілуі;
✓ айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінің мерзімдік және аумақтық
сипаты;
✓ айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.
Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады.
Патентке негізделген құқықтар мемлекеттің берген құқықтары болып
есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет беріп
отырған құқықтарға жауап ретінде патент иесі мемлекет пен қоғамға танылмай
қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент
заңнамасында сипатталғандай болады.
Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде
түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына
айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз
құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы
заңсыз деп есептеледі.

§3. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері
Өнертабыстар
Өнертабыс түсінігі мен объектілері
Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау
қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру
мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Патент заңында бұл
түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:
✓ жаңалығы;
✓ өнертапқыштық деңгейдің болуы;
✓ өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан
Республикасының Патент заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі.
Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде
анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. “Техникалық шешім” термині
техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралы
ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер:
спорт көмекші құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-
дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларды кең мағынада
қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне
жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын
нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір
кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу
техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім
ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық,
мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады,
бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және т.б.)
техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс
объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде
көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.
Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар
клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті
жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады. [14] Өнертабыс
объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен
қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құқықтық
маңызы зор.
Құрылғы – өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде
құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-
бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл
машиналар – мысалы, “Қар жинаушы машина”; құрылғылар – “ Магнит өрісі
датчигі”; механизмдер – “шарниро-рычажный механизм”.
Жетілдірілген инструмент, мысалы, “Геологиялық балға”, “Қозғалмалы
пышақ” немесе қандай болмасын құрал, мысалы, “Тормозное устройство для
железнодорожного вагона” , “гидравлическое устройство для удержания руля
относительно рамы мотоцикла” объект – құрылғы категориясына жатқызылуы
мүмкін.
Құрылғы болып көлік құралдары, оборудование, құрылыстар, сонымен
қатар, әр түрлі бұйымдар танылады – мысалы, “Әмбебап оқу партасы”. Электр
схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.
Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек
элементтері де: түйiндерi, бөлшектерi және т.б. жатады.
Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен
сипатталады:
✓ Конструктивтік элементтердің болуы.
✓ Элементтер арасында байланыстың болуы;
✓ Элементтердің өзара орналасуы;
✓ Құрылғының немесе оның элементтерінің орындалу нысаны, атап
айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;
✓ Элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;
✓ Элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары мен олардың өзара
байланысы;
✓ Құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;
✓ Құрылғының кез-келген элементінің қызметін орындайтын аясы;
✓ Техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда
құрылғы–өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды
қамтамасыз етеді. Бұл олардың кең таралуын анықтайды.
Тәсіл – өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде
тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет
ету процестері жатады. Тәсіл – белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір
ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.
Материалдық объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдерді
былай бөлуге болады:
✓ өнім (бұйымдар, заттар және т.б.) өндіруге бағытталған әдістер,
мысалы, “Құрылыс материалын жасау тәсілі”, “Ацетилен алу әдісі”.
✓ белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне
бағытталған әдістер (тасымалдау, реттеу, өңдеу және т.б.). Мысалы,
“Жер өңдеу тәсілі”, Электромагниттік клапанды басқару әдісі”.
✓ нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын
әдістер (бақылау, өлшеу, диагностика және т.б.). Мысалы, “Аса таза
кварцтың шыққан жерін іздеу әдісі”.
Өнім алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының әрекеті тікелей осы
әдіспен алынған өнімге де таралады.[15]
Патенттер аурудың алдын-алу, диагностика және емдеу әдістеріне де
беріледі, мысалы, “Тістер кариесін алдын-алу әдісі”, “Артериальді
гипертония диагностикасының әдісі”.
Өнертабыс объектісі “Әдіс” келесі белгілермен сипатталады.
✓ белгілі бір әрекеттің немесе әрекеттер жиынтығының болуы: “...тұзды
ерітеді...”;
✓ осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір
уақытта, әр түрлі жолдармен және т.б.). “...қышқылмен өңдегеннен
кейін пленканы дистилденген сумен шаяды...”.
✓ әрекеттерді жүзеге асырудың режимдерi мен шарттары (температура,
қысым, қуаттылығы, жылдамдығы және т.б.). “...40оС-ға дейін қыздыру
кезінде ерітеді...”.
✓ заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат, реагенттер,
катализаторлар, микроорганизмдер тектері және т.б.). “...процессті
инертті газ атмосферасында жүргізеді...”
✓ құрылғыларды (құралдарды, жабдықтар және т.б.) пайдалану.
“...реагенттің электрохимиялық өңдеуін ерітілмеген электродтары бар
электролизде жүргізеді...”.

Зат өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде заттарға:

жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-
молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері
(рекомбинантты нуклеидтік қышқылдар, векторлар және т.б.). Мысалы,
“гидрохлорид-1-(2-этоксиэтил)-4-аце тил-4-ацетиксипиперидина”.

✓ Композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, “псориазды емдеу майы”,
“фурфуролды гидрирлеу катализаторы”.
✓ Ядерлік айналу өнімдері.
Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
✓ Сапалық және сандық құрам.
✓ атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық
құрылымдық формуларын сипатталған өзара орналасуы.
Бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану.
Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрі болып бұрыннан белгілі
болған құрылғы, зат, әдіс, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуы табылады.
Өнертабыстың бұл объектісі өзге өнертабыстардан қызметінің
сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеленеді.
Егер, құрылғы, әдіс, зат, тек қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудың
жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезі жасалса, онда
өнертабыстың бұл обьектісі белгілі обьектінің жаңа мүмкіндіктерін (белгісіз
қасиетін) анықтау арқылы пайда болады.
Бұл обьектінің негізінде белгілі техникалық құралды, бұл өнертабыс
пайда болған кезде қолданылған мақсатқа қарағанда, өзге мақсаттарда
қолданылуы. Бұрыннан белгілі болған құрал ол иеленетін қызметке қарағанда,
жаңаша қызметте пайдаланып, осыған байланысты өзге қажеттілікті
қанағаттандырады.
Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі “А” заты
белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін у ретінде
қолданыла алады. Белгілі заттың жаңа қасиетін анықтау нәтижесінде зиянды
бактерияларды жою үшін жаңа құрал ұсынылады.
Бұл жерде белгілі бір мақсатпен арнайы алынған заттардан басқа, яғни
белгілі бір қолданудан басқа, тәжірибеден алынған табиғи немесе аралық
қосындылар немесе өндіріс қалдықтары бар екендігін атап өту қажет. Бұндай
қасиетті анықтау алдында белгілі болған құрылғы, әдіс, зат, тектiң жаңа
мақсаттарда қолданылуына өнертабыс ретінде саралауға болады.
Өнертабыстың бұл обьектісі заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер
және т.б.) тән, себебі, олар қолданылу шарттарына сәйкес көріне алатын
қасиеттерді иеленеді, сондықтан әр түрлі мақсаттарда қолданыс таба алады.
Аталмыш обьект құрылғыларға аса тән емес, себебі олар белгілі бір
қызметті атқару үшін жасалады және олардың анық көрінетін мақсаты бар.
Сондықтан құрылғыға қандай да бір өзгеріс енгізбей өзге мақсаттарда
қолдану, көбінесе, мүмкін емес.
Белгілі әдісті жаңа мақсаттарда қолдану мүмкіндігін қарастырғанда,
әдістің материалдық обьектіге әрекетімен немесе әрекеттермен
сипатталатындығын ескеру қажет. Әрекеттер, әдетте, белгілі бір
кезектілікпен, белгілі бір тектерде, олардың орындалуы үшін қажетті заттар
мен құрылғыларды пайдалану арқылы жасалады. Жаңа мақсатты жүзеге асыру үшін
процесті немесе ол бағытталған обьектіні, яғни әдісті өзгерту керек. Осылай
белгілі әдісті жаңа мақсаттарда қолдану өнертабысы аса мүмкін емес.
Биотехнология обьектілері.
Соңғы ондаған жылдар ішінде теориялық мүддеге ғана ие ғылымнан биология
тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын ғылымға айналды. Өнеркәсіпті
“биологизациалау” өрісі байқалуда. Биотехнология ғылыми-техникалық
прогресстің басым бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибелік
мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды емдеу әдістерінен қоршаған
ортаны қорғау әдістеріне дейінгі әр түрлі биологиялық обьектілерге
байланысты өнертабыстар санының артуына алып келді.
Қазіргі кезде биотехнология саласындағы жетістіктер алдын-ала патенттер
мен өнертабысқа патенттермен де, өсімдіктер сұрыптары мен жануарлар түрлерi
патенттермен де қорғала алады. Сонымен қатар, ноу-хау ретінде қорғау және
тауар таңбалары және авторлық құқық нормалары арқылы қорғау мүмкін.
Патенттер биология және биотехнологияны “коммерциализациялау” ісінде
және биотехнологиялық өнімді сату нарығы үшін күресте аса маңызды құрал
болып жатыр. Биотехнологиялық өнертабыстарды қорғау мәселесі әлі де ұлттық
та, халықаралық деңгейде де талқыланып жатыр.
“Өнертабысқа алдын–ала патент және патент алуға тапсырысын және пайдалы
үлгіге патенттеу тапсырысын жасау, беру және қарау жөніндегі нұсқаулықтың”
9, 10–баптарына сәйкес биотехнология саласындағы өнертабыс объектілеріне
шартты түрде заттарға (жеке қоспаларға) жатқызылған микроорганизмдер,
өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері мен гендік инженерия
өнімдері жатады. Бұл өнертабыстардың табиғатын және оларсыз объект негізін
түсінуге мүмкін болмайтын арнайы терминдердің көптігін ескеріп, кейбір
түсіндірмелерді беру қажет.
Аталған объектілер тірі – тектер, тірі емес – заттар бола алады.
Тірі объектілер:
✓ Микроорганизмдердің жеке тектері;
✓ Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жеке тектері;
✓ Микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары культурасының
консорциумдары.
Тірі емес объектілер:
✓ Биотехнологиялық әдіспен алынған қосындылар, антибиотиктер,
ферменттер, вакциналар және т.б.;
✓ Гендік инженерия өнімдері – ДНК-мен РНК-кезектілігі, гендер,
плазмидтер, векторлар, белоктар және т.б.
Биотехнология саласына, сонымен қатар, микроорганизмдер тектерін,
өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері, антиботиктерді, нуклеин
қышқылдарын пайдаланумен әр-түрлі әдістер, вакциналар өндіру әдістері және
т.б. жатады.
“Тек” термині белгілі бір қайнар көзден немесе жасанды жолмен алынған
(мутация нәтижесінде) және өзіндік физиологиялық – биохимиялық белгілерімен
сипатталатын микроорганизмдердің бір түрлі мәдениетiн білдіреді.
“Микроорганизм” түсінігінің нақты таксономиялық мәні жоқ, яғни қандай-
да бір таксонға – түрге, жынысқа, семьяға және т.б. жатқызылмайды. Ол
микроскопиялық өлшемдегі әрбір организм микроорганизмге жататындығын
меңзейді. Бірақ, бұл түсінік шартты, себебі дәстүрлі микроскопиялық
объектілер арасында макроскопиялық объектілер болатыны белгілі, ал бір
тектің өлшемі культивирование және өзге факторларға байланысты өзгере
алады.
Патент процедурасы үшін “тек” объетісіне микроскопиялық өлшемдегі
өмірге қабілетті әр түрлі организмдер – бактериялар, вирустар, қарапайым
микроскопиялық омыртқасыз жануарлар және өзге де жеке тектер,
микроорганизмдердің консорциумдары, сонымен қатар, өсімдіктер мен
жануарлардың культивацияланатын соматикалық клеткалары кіреді. Тәжірибелік
(пайдалы) қасиеттері анықталған тек қана құқықтық қорғау объектісі бола
алады. Ғылыми көзқарас негізінде белгілі бір қасиеттер жиынтығымен
сипатталған тек қорғау объектісі болмайды.
Өнертабыс патент қабiлеттiгiнiң талаптары

Қазақстан Республикасының Патент зыңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа,
егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейi және өеркәсiптiк қолдануға жарамды
болса, құқықтық қорғау берiледi. Өнетабыс патент қабiлеттiгiнiң бұл
талаптары әлемнiң көптеген елдерiнiң патент заңдарында анықталған.

Жаңашылдық. Өнертабыстың жаңалығы оның патент қабiлеттiгiнiң негiзгi
және мiндеттi талабы болып табылады. Патент заңының 6-бабына сәйкес егер
өнертабыс техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiлi болмаса, жаңа болып
табылады. Техника деңгейi туралы мәлеметтерге өнертабыс басымдық мерзiмiне
дейiн әлемде жалпы қол жетiмдiк болған кез-келген мәлiметтер кiредi.
Жалпыға қол жетiмдiк мәлiметтер ретiнде кез-келген тұлға таныла алатын я
мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетiлген мәлiметтер
танылады. Қызметтiк, жабық, құпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды.
Өнертабыс жаңалығы бiтiмгершiлiк сипатты фактiсi маңызды болып табылады,
яғни техника деңгейiне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де
жалпы қол жетiмдi болған мәлiметтер жатқызылады.

Жаңашылдықты анықтау кезiнде өнертабыс басымдығы мерзiмiне дейiн
жалпыға қол жетiмдi болған мәлiметтер ғана қолдана алатындығына назар
аудару қажет. Өнертабыс мәнiн ашатын, бiрақ осы мерзiмге дейiн пайда
болған мәлiметтерге назар аударылмайды.
Жаңашылдықты анықтау кезiнде техника деңгейi туралы мәлеметтерiне
олардың ерте басымдығына қарай Қазақстан Республикасына өзге тұлғалар
берген өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтiнiмдер (керi
шақырылғандардан басқа) мен Қазақстан Репсубликасында патенттелген
өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтiнiмдер кiредi. Осы қайнар
көздердегi мәлiметтерге қарастырылып отырған өтiнiм бойынша өнертабыс
басымдығының мерзiмiне жалпы қол жетiмдiк талабы қойылмайды, бiрақ ұқсас
өнертабыстарға екi патент берудi болдырмау үшiн өнертабыстың жаңалығын
анықтау кезiнде оларға назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес
өтiнiм берушiге жаңашылдық бойынша жеңiлдiк берiледi. Бұл автордың, өтiнiм
берушiнiң немесе осы ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез-келген
тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен қатар,
Париж Конвенциясына қатысушы мемлекеттiң аймағында ұйымдастырылған ресми
немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретiнде өнертабысты
көрсету өнертабысқа өтiнiм патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе
көрмеге орналасуы күнiнен 6 ай кешiктiрмей берiлген болса, өнертабыс патент
қабiлеттiгiн тануға жол бермейтiн жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңiлдiк
өтiнiм бергенге дейiн мәнi ашылған өнертабысты қорғауға мүмкiндiк бередi.
Жеңiлдiк өтiнiм берушiге ақпаратты ашу нысанына (жариялау арқылы,
ауызша хабарлау арқылы және т.б.) қарамастан, берiледi. Өнертабыс туралы
ақпаратты өтiнiм берушiнiң өзi емес, үшiншi тұлға ашатын болса, өтiнiм
берушi бұл ақпаратты жариялауға өзi рұқсат бергенiн не бұл оның бiлуiнсiз
болғанын, бiрақ ақпараттың одан немесе өнартабыс авторынан алынғандығын
дәлелдеу керек.
Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыс патентке қабiлеттiгiнiң келесi
критерийi болып өнертабыстың сапалық деңгейiнiң көрсеткiшi болып табылатын
өнертапқыштық деңгей саналады, себебi оның көмегiмен ғылыми және техникалық
прогресске қандай да бiр зерттеменiң үлесi бағалана алады. Жаңа болып
табылатын кез-келген шешiм техника деңгейiне үлес қосады деп
есептелiнбейтiндiгi анық. Техника саласында қандай да бiр бiлмдерге
иемденiп, орта маман жасалу жолы анық және шығармашылық негiзi жоқ, белгiлi
құралдардың жаңа комбинацияны көрсететiн объектiнi жасай алады. Сондықтан
әр түрлi елдердiң патент заңдарында өнертабысты қарапайым инженерлiк
зерттемелерден немесе объектiлерден айыруға (бұл өнертапқыштық деңгей)
мүмкiндiк беретiн өнертабыстың шағармашылық сипатын анықтайтын критерий
қалыптасқан. Германияның патенттiк заңында бұл критерий өнертапқыштық
қызмет, ал АҚШ-та айқын еместiгi деп аталады.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес,
егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн
болса, өнертабыс өнертапқыштық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы
мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа
мәлiм болған кез-келген мәлiметтердi қамтиды.
Өнертапқыштық деңгей критерийi маман түсiнiгi арқылы анықталады.
Қазақстан Республикасының Патент заңында маман түсiнiгi ашылмайды, бiрақ
оның мазмұны бiрқатар елдердiң патент заңдарында берiлген. Маман ретiнде
жұмыс iстейтiн, оның өтiнiм берiлген өнертабыс саласы жататын саладағы
барлық жалпы бiлiмдерi белгiлi болған тәжiрибеленушi тұлға танылады. Маман
объектiнi жасау үшiн белгiлi шешiмдердi бiрiктiре алса, онда ұсыныс
өнертапқыштық деңгей талабына жауап бермейдi.
Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты бағалау шығармашылық
түсiнiгiнiң субъективтi болуынан қиынға соғады. Себебi, өнертабыс патентке
қабiлеттiгiнiң аясында туындайтын даулардың көбiсi осы критерий бойынша
туындайды.
Өнеркәсiптiк қолдануға жарамадылығы. Өнертабыс патентке қабiлеттiгiнiң
келесi критерийi өнеркәсптiк қолдануға жарамдылығы. Өнертабыстың
өнеркәсiпте қолданылуға жарамды болуын талап ететiн бұл критерий көптеген
елдер заңнамасында көрiнiс тапқан.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабына сәйкес, егер
өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа
да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте падалануға жарамды
деп танылады.
Өнертабыстың өнеркәсiптiк қолданылуын тану үшiн келесi талаптардың
жүзеге асуы қажет:
• өтiнiм материалдарында өтiнiм берiлген өнертабыс объектiлерiнiң мақсаты
көрсетiлуi тиiс;
• өнертабыс формуласында сипатталған түрiндегi өнертабыстың жүзеге асырылуы
мүмкiн болатын құралдар мен әдiстер өтiнiм материалдарында көрсетiлуi
тиiс (өтiнiм материалдарында ондай мәлiметтер болмаса, өнертабыс басымдық
алған күнге дейiн дүние жүзiне жалпы жұртқа мәлiм болған қайнар көзде
көрсетiле алады).
• өтiнiм берушi көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнiнде жүзеге асырылуы
мүмкiн болуы.
Өнеркәсiпте қолдануға жарамдылық түсiнiгi кең мағынада қолданылу
қажеттiлiгiн атап өту қажет, ол қандай да бiр техникалық шешiмнiң
пайдаланылуын максимальдi тиiмдiлiгiн меңземейдi. Аталған критерий мiндетi
мен мәнi өнертапқыштық қызмет салаларының бiреуiнде қолданылудың қағидалық
мүмкiндiгiн көрсету.
Өнеркәсiпте қолдану жарамдылығы талабының негiзгi мәнi белгiлi бiр
материалдық құрал түрiнде техникалық шешiмдi жүзеге асыру, сонымен қатар,
аталған өнертабыс арқылы өтiнiм берушi көрсеткен техникалық шешiмге жету,
жетпеуiн анықтау мүмкiндiктерiн тексеру болып табылады. Жаңашылдық және
өнертапқыштық деңгей критерийлерiне қарағанда, өнеркәсiпте қолдануға
жарамдылығы техника деңгейi мен басымдық күнiмен тiкелей байланысты болмаса
да, байланысты.
Өнеркәсiпте қолдану жарамдылығын бағалау үшiн өтiнiм берушi сипаттамада
ұсынған өнертабыстың өз функционалдық мақсаттарын жүзеге асыру туралы
мәлiметтер белгiлi жеке заңдарға қайшы келмеу керектiгiн ескеру қажет.

Пайдалы модельдер

Пайдалы модель түсінігі мен белгілері

ҚР Патенттік заңы өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде пайдалы
модельдің құқықтық қорғалуын көздейді. Оларды қорғау Германия, Жапония,
Италия, Қытай, Ресей және басқалары сияқты әлемнің бірсыпыра
мемлекеттерінде жүзеге асырылуда, сонымен қатар, өнеркәсіп меншігінің бұл
нысанын қорғауды қамтитын мемлекеттер саны кеңейіп жатыр.
Пайдалы модель құқықтық қорғалмайтын мемлекеттердің патенттік жүйесінде
кемістік бар. Өнертапқыштық деңгейі бар жаңа техникалық шешімдер 20 жылдық
патенттік монополиямен қорғалады, ал шығармашылық еңбек нәтижесі болып
табылатын, бірақ өнертапқыштық деңгейі жоқ жаңа техникалық шешімдер мүлдем
қорғалмады. Пайдалы модельді қорғауды енгізу бұндай әділетсіздікті жоюға
бағытталған.
Кейбір елдерде пайдалы модельді қорғау аса танымал. Мысалы, Қытайда
1985–жылдан 1996–жылға дейін пайдалы модельге 227496 патент тіркелген. Бұл
объектіні қорғау бойынша тәжірибесі мол Жапонияда жыл сайын 50 мыңға жуық,
Оңт. Кореяда – 10–12 мың пайдалы модель тіркеледі. Испанияда пайдалы модель
өнертабысқа қарағанда көп тіркеледі.
Әлемде алғаш рет пайдалы модельді қорғау туралы заң 1891–жылы
Германияда қабылданды, ал 1998–жылдың аяғына таман елімізде 104313
тіркелген және күшіндегі пайдалы модель болды, бұл патент иеленушілер,
өнеркәсіп меншігінің бұндай объектілерін қорғауда өнеркәсіптік топтардың
қызығушылығын күәландырады.
Пайдалы модельді құқықтық қорғау өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі
Париж Конвенциясының реттелу пәні болып табылады және әрекеті Қазақстанға
да таралатын Патенттік кооперация (РСТ) туралы шартқа сәйкес халықаралық
тапсырыс негізінде сұрана алады.
ҚР-да пайдалы модельге құқық патенттік ведомствоға өтiнiм берген күннен
бастап бес жыл бойы әрекет ететін және әрекет ету мерзімі патент
иеленушінің арызы бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартыла алатын
патентпен куаландырады.
Пайдалы модельге патент беретін құқықтық қорғау көлемі пайдалы модельдi
сипаттайтын және оны сызбалармен айқындайтын формуламен анықталады.
Қазақстан Республтасында қандай өнеркәсіп объектілер пайдалы модельге
жатады?
Өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың
құрамдас бөліктерін (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге
жатады.[16] Мысалы, ҚР-да “ауыспалы движителді көлік құралы”, “Медициналық
жылытқыш”. Пайдалы модель анықтамасынан оларға әдістер, заттар,
микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тектері,
сонымен бірге, бұрыннан белгілі құрылғы, әдіс, затты, текті жаңа мақсатпен
пайдалану жатпайтындығы көрінеді.
Мына шешімдер пайдалы модельдер ретінде қорғалмайды:

Жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдістер;

✓ Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;
✓ Шартты белгілер, кестелер, ережелер;
✓ Ақыл-ой операцияларын орындау ережелері мен әдістері;
✓ Есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердің өзі;
✓ Ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсілдері;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау жайлы
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты құқықтық реттеудің мәселелері
Мемлекеттік баждың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі
Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж
Материалдық есмес активтердін есебінің міндеттері
Халықаралық дербес құқық пәні бойынша дәрістер кешені
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Жеке тұлғаның жеке заңы
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Пәндер