«Масғұд» поэмасындағы Абай бейнесі



Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушылардың бірі болды.
Абайға дейінгі және Абай тұсындағы ақындарда ескі араб, парсы сөздерін көп қолдану, оны қазақ сөзімен араластыра сөйлеу салтқа айналған еді. Кейін орыс сөздері араласты. Абай осыларға қарама-қарсы шет тілдер сөздерін көп қолданбай, негізгі шығармаларын қазақтың таза ұлттық тілінде жазды. Тіл, сөз мағынасын жаңартып, байытты. Сөздің халықтық үлгілерін жонып, қырнап, өзі айтқандай, «тіл ұстартты».
Бірақ жас кезінде Абайдың өзінде де сыртқы өлең түрі мен тілі жағынан Шығыс ақындарына еліктеу болғаны мәлім. Осыған дәлел ретінде ұлы үш бірдей поэмаларын «Әзім әңгімесі», «Масғұд», «Ескендірді» келтірсек болады. Бұлар шығыс ақындарынан алынса да, өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары баршылық. Мысалы, «Әзім әңгімесі» поэмасының тақырыбы «Мың бір түн» ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары дастан желісіне арқау етілген.
«Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған. Европаға Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Европа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдауси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абайдың үшінші поэмасы «Масғұд» деп аталады. Бұл поэманың оқиғасы мен тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Ақынның 1977 жылы жарық көрген шығармаларының екі томдық толық жинағының түсінігінде «Масғұд» дастаны туралы былай деп
Әдебиеттер:

1. Дүкенбай Досжан Абай айнасы,-Алматы «Қазақстан» 1994 жыл
2. Абай Құнанбаев – Шығармаларының екі томдық толық жинағы,- Алматы «Ғылым», 1977 жыл

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МАСҒҰД ПОЭМАСЫНДАҒЫ АБАЙ БЕЙНЕСІ

Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке
көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол
қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушылардың бірі болды.
Абайға дейінгі және Абай тұсындағы ақындарда ескі араб, парсы сөздерін
көп қолдану, оны қазақ сөзімен араластыра сөйлеу салтқа айналған еді. Кейін
орыс сөздері араласты. Абай осыларға қарама-қарсы шет тілдер сөздерін көп
қолданбай, негізгі шығармаларын қазақтың таза ұлттық тілінде жазды. Тіл,
сөз мағынасын жаңартып, байытты. Сөздің халықтық үлгілерін жонып, қырнап,
өзі айтқандай, тіл ұстартты.
Бірақ жас кезінде Абайдың өзінде де сыртқы өлең түрі мен тілі жағынан
Шығыс ақындарына еліктеу болғаны мәлім. Осыған дәлел ретінде ұлы үш бірдей
поэмаларын Әзім әңгімесі, Масғұд, Ескендірді келтірсек болады. Бұлар
шығыс ақындарынан алынса да, өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары
баршылық. Мысалы, Әзім әңгімесі поэмасының тақырыбы Мың бір түн
ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін Мың бір
түннің бір тарауы Әлидің Әзімі деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің
ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін
бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына
жететін оқиғалары дастан желісіне арқау етілген.
Ескендір поэмасы Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен
тараған. Европаға Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының
өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Европа
ақындарына қоса, Шығыстың Фирдауси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да
жыр еткен. Абайдың үшінші поэмасы Масғұд деп аталады. Бұл поэманың
оқиғасы мен тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Ақынның 1977 жылы жарық көрген шығармаларының екі томдық толық жинағының
түсінігінде Масғұд дастаны туралы былай деп жазылған:Мүрсейіттің 1907
жылғы қолжазбасында Тургеневтен деп көрсетілген. И.С. Тургеневтің
Восточная легенда атты қысқа әңгімесі мен Масғұд поэмасының бірінші
бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін дәл түсіп отырады. Дегенмен зерттеуші
Д. Досжан бұл туралы мынадай пікір айтады: Бұл Восточная легенда мен
Масғұд поэмасының бірінші бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін дәл түсіп
отырады деген тұжырым қате. Екі нұсқаны салыстырып шыққанда орысша текстін
Абай біршама бұрып, өзінше кеңейтіп өзгерткені белгілі болды. Поэманың
негізгі ойы – негізгі герой Масғұдты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға
ұшыратып барып, оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітіру. Және
осы арқылы қай заманның адамына болса да , үлгі боларлық ұжданды адамды
жарату. Осы ойының аясында ақын Масғұдқа Қызырды кездестіріп, оған үш
жемісті ұсындырады.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,
Масғұд ақылдылықтан да, еңбексіз табылған байлықтан да қашып, әйелзатын
адамзаттың қақ жарымы деп түсініп, қызыл жемісті алады. Бұл әрекетін ол
әйелдің достығын ерекше қадір тұтатындығымен түсіндіреді. Ер жынысы мен
әйелді адамдық алдында тең дәрежеде бағалап, қадірлейтіндігін айтады.
Осының барлығы да біз танып, білген Абай шығармаларында ақынның өзі кеңіен
жырлап, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе? Мәселен, Ғашықтық
құмарлық – ол екі жол , Жастықтың оты жалындап..., Ғашықтық тілі –
тілсіз тіл атты өлеңдерінде өрнектелген тақырыпты, яғни махаббат,
әйелзаты туралы мораль философиясын гуманист ақын жаңа түрде шартты
мазмұнға байланыстырып, осы поэмасында ұсынып отыр. Сонымен қоса, осы
поэмада қызықтыратын бір нәрсе – ол Масғұдтың бойынан көрінетін ақынның өз
бейнесі. Масғұт ақылдан қашады. Байлықтан қашады. Соның екеуін де сынап,
талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғұдтың ақылдан қашуы Абайдың өз
басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Менінше, көп наданның
арасындағы бір жалғыздың халінкешкен Абай өз трагедиясын Масғұдқа сол өз
басының аянышты күйін айтқызып отыр. Себебі, Абайдың өзі білімді, ақылды,
халыққа билік айтар көсем болған, әрі жеті атасынан дәулет дарыған
отбасынан шыққан. Солай бола тұра ол өз жырларында надан, кердең байдың
бет болмысын әшкерелейді. Сұм байлық пен елге керексіз білімнен безеді.
Жалпы поэманың мазмұнына, сюжеті, композициясы, оқиғалардың орындалу
тәртібі Абайдың басқа поэмаларынан өзгешелеу. Мысалға оқиғаның, басы
Масғұдтың Қызыр атамен кездесуімен басталса, байланысуы - Қызырдың оны
үйіне шақырып үш жемісті ұсынуы, дамуы: Масғұдтың қызыл жемісті таңдауы
болса, осыдан кейін шиеленісуде логикалық ой мүлдем жоғалады. Мәселен,
дамуында қызыл жемісті, әйелзатының достығын таңдаған Масғұд поэма
оқиғасының өрістеуі барысында басқа қырынан көрінеді. Енді Масғұд
дастанының екінші бөлігіне келейік. Екінші бөлік деген нәрсе шартты ғана,
әйтпесе дастанда ақын я тарауға, я бөлімге бөлмеген, желі біртұтас. Оқиға
екінші бір арнаға түсіп, әрі қарай жалғасын табады. Мазмұны былай: Масғұд
сол ақылмен халифке уәзір болады. Уәзірлік етіп жүргенде, бір түні, баяғы
қыдыр шал Масғұдтың түсіне еніп аян береді. Пәлен күні аспаннан жынды су
жауады, оны ішкен адам жынданады. Судың жеті күн өткен соң күші тарайды,
жұрт қалыбына келеді. Таза судан жиып алып сол жетін күнді тос дейді шал.
Бұл хабарды Масғұд әміршіге айтып, пәлелі судан ішпейтін болып тас-түйін
бекінеді. Білмейтін жұрт жынды судан ішіп алып тегіс құтырынып шыға келеді,
шуласып, дүрлігіп жүреді. Халиф пен уәзірін көріп, мына екеуі бізден
өзгеше, жынданған екеуі, өлтірейік,-деседі. әмірші сасады. Бұл жерде де
Масғұд ақыл табады: Құтылар хал болмады мына дудан, біз де ішпесек
болмайды жынды судан деп екеуі де ішіп алады. әлгі дүмеген жұртқа көздері
алақтап, екі иінін жұлып жеп жетіп барады. өңкей жынды: Байқамай
айтыппыз,- деп баяғы өлтіреміз деген сөзге кешірім сұрап тарап кетеді.
Оқиға осымен тәмам, ұлы ақын өзінің діттеген ойын үлкен пәлсапалық
оралыммен жеткізеді. Көптің бәрі осылай, мысал етсең, Көп айтты деп
алданып, уағада күтсең. Ғапіл болып көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп
сөзімен жүріп кетсең. Осынау ғаламат ойлы пәлсапаға жамаушы жапсырып
бірдеме айтудың өзі әбес. Яғни соңында Жұртың жынды болса, ақылды болма,
қоса жынды бол дейтін пікірге тоқтайды. Поэманың композициялық құрылымы
турасында қорытындылай келе Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай
толық көркем тұтас етіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың сатирасы
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Әбділда Тәжібаев шығармашылығы
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Пәндер